Forwarded from RINAT R
Эйфория басылып қалады.
Бір күнделікті дүние сияқты сезіледі.
Тіпті кейін ұмытып кетуің де мүмкін, ол сезімді.

❤7
Мақсатына, көздегеніне, арман-қалауына жеткен адам әрине қуанады. Эмоциясы атқылайды, біраз уақ эйфорияда жүреді.
Эмоция тез басылады. Сосын жан-дүниесінде “опустошение” бола бастайды. Құлазу, өмірден мән кеткендей сезіну. “Енді ары қарай не болады?” деген сұрақ басталады.
“Осыған жетсем, бәрі өзгеріп, бәрі ғажап боп кетеді” деген иллюзиясы болса, онда депрессияға ұшырайды.
Неге мұндай болатыны қызық болса, тарқатайын👇🏻

❤19🥰2
Адамның психикасы көп нәрсеге “үйреніп алады”, айналаның бәрі тұрақты болғанына ұмтылады.
Күнде армандап, сәт сайын ойлайтын арман-мақсатқа да үйренеді. Оның “кеткенін” аса көздемейді.
Ал арман-мақсатқа жеткен соң ол “ұшып кетеді” емес пе? Ол орындалған соң бұрынғыдай ойыңда, жоспарыңда, әр әрекетіңде болмайды. Ол орындалды, галочка ұрылды✅
Міне, осы сәтте психикада ауыс-түйіс процесі жүреді. “Енді жоқ нәрсенің” орны мен маңызы тым үлкен болса, “жоғалту травмасына” ұласуы мүмкін.
Мысалы: “күйеуге шықсам, бәрі ғажап болады” деп ойлаған қыз бойдақтығын, тағы көп нәрсесін жоғалтқанын елемейді. Бірақ көңілде құлазу қылаң береді.
Бала босанған әйелде неге депрессия болады? Баяғы еркіндігін, өзіне ғана тиесілі уақытын, мүсінін, балалы болу туралы қиялын көп нәрсені “жоғалта бастайды”.
Арман-мақсат, қалау деген де сол сияқты. Бір нәрсеге жеткенмен “жоғалтқаның” да біршама болады.
Бұл үнемі болатын процесс, тек бейімделу қажет. Қоштасып үйренбегендер, осындайда болатын сезімдермен кездесуден қашатындар бір орында қалуды көздейді. Жетістікке жету, жаңа деңгей, жұмыс ауыстыру сияқты аса маңызды қалауларын орындаудан бас тартуы мүмкін.
Ақшамен қоштасудан қорқатындар да жиі кездеседі. Яғни ақша жаратқан сайын ол мүлде жоқ боп, қайта келмеске кететіндей көрінеді.

❤21🔥10👍2
Арман, мақсат, қалауға жетуді көздеу, соны аңсау ғажап. Бірақ ең бірінші “қоштасуды” үйрену қажет.
Сонда келесі деңгейге шыққанда өткен деңгеймен қоштасасың, сезімдерді өткересің, ары қарай жылжисың.
Қоштасудың басы - балалықтағы сезімдер, ата-анамен сепарация. Құрсағынан шыққан анаға қатысты көп сезімді “жіберіп”, қоштаса алсаң, ары қарай жеңілдей береді. “Маманы іздеу” не “маманың проекциясы” болмайды не аз болады.
Дініміздің өзі “қоштасуға” бейімдейді, байқайсыз ба? “Садақа, зекет беру, т.б.” амалдар арқылы бейімдейді. Қолда барды беталды тарата беру емес, “қоштасуды үйрену”.

❤20💯5
2020-шы жылы аз уақытта 9,5 млн теңге таптым. Оған дейін мұндай сома сұмдық арман болатын. Ақшаға қатысты түрлі практика жасап, ізденіп, көп әрекет жасаған арманым еді.
Соған бір күні жеткенде не болды? Құлазу, енді ештеңе қызық еместей, ақшаның өзі еш маңызды еместей күй басталды.
Әрине ол кезде менде мұндай процесс болып жатқанын білмеймін. Ол туралы әлі білім жоқ.
Ештеңеге зауқым соқпай, басқа нәрсе іздегім кеп кетті. Карантин, аяқ-қолың матаулы. Сонда өзімді жазғыра бастадым: “қанағатсызсың, шүкірің жоқ, сенде бірдеңе дұрыс емес, Эльвира” деп. Психикамда маңызды процесс жүріп жатқанын қайдан білейін.
Сосын Астанадан Алматыға көшу, бей-берекет қыдыру, көөөп бейтаныс жандарды жан досыңдай жекеңе кіргізу басталды. Шекара ашылғанда басқа елге көшу… Өзімдегі күйден қашқам. Жан-дүниемдегі құлазуды әрнемен толтыруға тырысқам. “Қоштасу, жоғалтудағы” сезіміммен кездескім келмеген. Тіпті соңы депрессияның симптомдарын бұрқ еткізді. Мұны кейін білдім ғой.
Мұндай жайт бұған дейін де болған. Тек осы оқиғадан кейін “неге бұлай” деген ізденіс басталды.
Психиканың реакциясын, процесін білмесең, өзіңді жанталаспен түтіп жеп қоясың. Тоздырып жібересің.

❤25👍6
Дәл қазір де менде “қоштасу процесі” болып жатыр. 2 күн болды жатам, көөп ұйықтаймын. Ешқайда шыққым келмейді.
“Кітабыммен” қоштасу процесі қазір. Қанша жыл көкейімде тасыған арманыммен қоштасып жатырмын. Өзің қолмен жазып, әр деталын айлап-жылдап дайындаған соң жаныңның бір бөлшегіне айналады екен.
“Ой, шаршадым, енді демалуым керек” деп, шетелге, саяхатқа тартып кетуіме болады. Ондай вариантты бәріміз білеміз. Бірақ онда сезімдерімді түкпірге тығып тастап, ішкі процесімнің толық өтуінен қашқан болар ем. Түбі тән ауруы не депрессия боп шығып тынар еді.
Осы сәтке, осы күйді өткеруге дайындалдым. Бұ жолы жеңілдеу өтуде. Ұйқы арқылы қалыпқа келіп жатырмын. Ұйқы бейімдеп жатыр.
“Кітабым шықты, бәрі ғажап боп өзгеріп кетті. Бақыттымын. Өмірім жеңіл, күйім жеңіл” деп, өзімді де, өзгені де алдай алмаймын. Арман-қалауға, мақсатқа жетудің артында осындай маңызды процесс тұрады.

❤25👍7👏2
Психиканың жұмысы, сезімдер басқаша жүреді. Оны санамен ұға бермейміз. Ойға, санаға, логикаға салсақ, бәріне шүкір етіп, қуанып, шаттанып, бақытты боп жүруіміз қажет. Сосын өзін оймен жеп, кінәлауға ұласады: “тәкаппарсың, қанағатсызсың, шүкірің жоқ” деп. Айналаның қысымына қоса, адам өзін-өзі жазалап, шаршатып жібереді.
Жоқ, құрметтім, шүкірмен, қанағатпен, жалпы сөзбен бәрі шешіле салмайды. Өзіңізге, жаныңызға, психикаңызға күтім жасау ең үлкен “шүкір”, ең үлкен құрмет.
Қысты жібермесек, көктем келмейтіні сияқты өткен деңгейді іштей жібермесек, келесі деңгейге өте алмаймыз. Психикаға сұмдық ауыр жүк болады. Ресурс таусылып, энергия жетпеудің көкесі сонда болады.

❤27
“Үздік оқушылар” сол баяғы… мектеп қабырғасындағы “жетістіктерімен” қоштаса алмауы мүмкін. Жаңаны басынан бастау үшін “дымбілмес” күйге түсесің емес пе? “Позор!”
Қоштасуды, жіберуді, одан кейін болатын қайғыруды меңгеру аса маңызды екен. “Көлеңке—Жарық”-ты оқығандар түсінеді. Қоштасудың, қайғырудың қаншалықты маңызды екенін жазғам. Әсіресе, өз иллюзияңмен қоштасуды.

❤30
Болып жатқан күйіммен бөлісіп қояйын дедім. Бір иллюзияңыздан арылуға көмектесер🥰
Мақсатқа жетудің артында қажырлы еңбек тұрады. Тек физикалық еңбек емес, менталды, эмоциялық, психикалық еңбекті де қосыңыз.
Осында жазып, бөлісіп жатсам, демек, бетім бері қарап келеді-ау🥰

❤36
А айтпақшы… “Ажырасу мәселені шеше салмайды, одан кейін басқа процесс басталады” дейтінім осы.
Ажырасқан адамда “жоғалту травмасы” болады. Статусты жоғалту (мемлекеттік статусы өзгереді “ажырасқан” деп), қоғамдағы ықпалын не беделін жоғалту, тұратын мекенін жоғалту, болашаққа үмітін жоғалту, қалыптасқан күн тәртібін не комфортын жоғалты, көөөп… кете береді.
Ажырасқан адамдар құлазудың түр-түрін өткереді. Әрине күйімен кездесіп, “проживать” етсе. Проживать етуден қашса, “ажырасып, әдемі, күшті боп кетіпті” деген комплимент естиді)
Біз өмірде жақынымыз қайтыс болғанда ғана қоштасып, қайғырмаймыз. Кездесу мен қоштасу күн сайын, сәт сайын болып жатыр…

❤27💯5
Forwarded from Гуля
Қоштасу небір түрлі психикалық процестер эмоция бұндай нәрселерді сізден оқуым бірінші рет, мүлде хабарым жоқ екен, біз қараң адам болғанымызба? Психология білсен керемет нәрсе екен ғой! Күшті күшті ақпараттарға рахмет Эльвира
👍4
Бірінші рет естіп тұрсаңыз, бірден “қараң адаммын, бұрын неге білмегем” деп, өзіңізді жазғыра жөнелу қажет емес-ау.
Бұл ақпараттар психологияда жіті оқытылады. Білім енді жетіп жатқаннан енді кездесіп тұрсыз да. Қалыпты нәрсе ғой.
Жеке/топтық терапиямнан, терапия-курстарымнан өткен жандар бұл күйді өте жақсы біледі. Қоштасу, қайғыру кезеңін. Ұзаққа созылмайды. Айлап-жылдап емес, дұрыс өтсе, бірнеше күнде өтіп кетеді.
“КӨЛЕҢКЕ—ЖАРЫҚ” кітабым да терапия. Оқып, аудиотерапия жасау процесінде де бұл күймен кездесу болады. Өтеді.
Ескіні арқалап, ауырлықпен жылдап жүргенше… өткенге тиесілі жіберіп, сезім-эмоцияны өткеріп, жаңа деңгейге қадам басқа әлдеқайда маңызды. Сонда өмірде, “реальността” қозғалыс, өзгеріс болады🥰
Адамның асқазаны белгілі бір сыйымдылықтан тұрады. Ыдыс сияқты. Ағза да солай. Ішкен-жеген тамақты сыйғызып, қорытып, шығарып отырады. Психика мен сезім-эмоцияның да сондай ыдысы бар. Ыдысты босатып отыру маңызды👌🏻

❤42👍2
Forwarded from Айнур Адайхан
Кітапқа заказ беріп қойдым. Ертең келеді бұйырса. Өзім сапардан қайтып келе жатып, сізді оқып бір демалып қалам. Әр кез сайын жаңа инсайт алам сізден. Осы телеграмм канал бір керемет ше🫰
❤21
Осындай жып-жылы ортамыз болғанына мен де қуанамын. Осы каналымның “басқа жақтардан” вайбы бөлек.
Мұнда өзіміз отырып әңгіме айтатындаймыз🥰🫶🏻

❤46👍3
Біраз дүниені қызымнан “қайта үйреніп жүрмін”.
Әсіресе, ерінбестен боянып, шашты түрлі құралмен әрлеп, көйлек киіп, сылаң қағатын “пісіп тұрған бойжеткен” шағымды еске салуда. Жоқ, еске салу емес, “болмаған бойжеткен шағымды” қайта сүруге болатынын көрсетуде.
Қызым өте сұлу. Талғаммен киінеді, талғаммен сыланады. Түсініксіз киінетін түрлі-түсті “өтпелі кезеңнен” өтті. Қазір үлбіреген қызға тән талғамы қалыптасты. Ісі де ширақ. Кәсіп жасап көріп, болашаққа қажет қабілеттерді қалыптастыруда.
Бүгін “мына сөмкеге анпакинг түсірейік” деді. “Былай әдемі көрінеді” деп, кадр түгелдеп жатқанда сүйсіндім. Өз жасына сай өсіп жатқанына сүйсіндім.
Иә, бойжеткендерге осындай дүниелер қызық. Сырт келбет, сыртқы көрініс қызық. Маңызды. Қажет.
“Болмаған бойжеткен шағымды” тірілтуге кірісем-ау. 18-імде күйеуге шығып, 19-ымда ана атанып, ары қарай шырғалаңмен шырмалған “пробельдерімді” толтырғым кеп кетті.
Міне, кітаптан кейін жаңа мақсат пайда боп келеді🥰

❤49👍9🤩5🥰2
“Анасы мен қызының арасындағы осындай жып-жылы қатынасқа қызығамын. Осыны оқып, жылап қалдым” деген пікірді оқып ем. Таппай қалдым. Авторы өшірген сияқты.
Мұндай қатынасты мен де көрмегем. Мен де қызығатынмын. Кітапты оқығандар түсінеді, боянсам - “бұзылып кеттің”, сылансам - ж*леп боласың” деген “тәрбиемен” өстім… көбіңіз сияқты. Ана/әжеміз де солай өскен (шығар).
“Бұл шынжырды ары қарай жалғамаймын, менімен тоқтайды” деп шешкем. Үйренуге болады. Сол кезеңдерде миға құйылған қағидалар мен жан сіңірген сезімдерді өзгертуге болады. Маған терапия көмектесті.
Ендігі мақсатым “қоқыс төгуге де боянып, сыланып, сәнденіп” шығу😅
Ондай кезең болды ма сізде? Сыланбай, үйден шықпайтын?

❤27🔥5😁5👍2
Forwarded from Гуля
Эльвира! Анамен қалай жақсы қарым қатынас бастауға болады? Арамыз алшақ
“Сұмдық” бір ақпарат айтайын…
“Анамен қатынас жақсы болу керек” деген иллюзия орындалмай кетуі де мүмкін. Ол - сырттың талабы. Сол үшін өзіңізді қинамауды ұсынамын, алдымен.
Яғни анамен қатынас жақсы емес екенімен келісу, жақсармауы да мүмкін деген вариантты қабылдау.
Өйткені, ана өзгермейді. Өзгені өзгерте алмаймыз.
Біз тек… анаға қатысты түрлі сезімді, ойды өзгертеміз. Ананы, оның тағдырын, жан-жарасын, таңдауын еш өзгертпестен, қалай бар, солай қабылдауды меңгереміз. Қиялымыздағы “идеал ана” болмадың деген шағымнан арыламыз. Идеал ана болмағанын, болмайтынын мойындаймыз. Келісеміз.
Анамен қатынас, ана образына терапия ауыр болатыны - шындықпен кездесу ауыр. Бірақ содан өтеміз.
Сонда ғана “перзент” деген орнымызға түсеміз. Өзімізге өзіміз “қамқор ата-ана” болуды меңгереміз.
Реалдағы анаға шағым-талап, өкпе реніш көп кезде “жақсы қатынас” құру мүмкін емес.
“Көлеңке-Жарық”-ты оқуды ұсынамын. Бәрін қадам-қадаммен түсіндіріп, терапиялар бергем. “Кітап оқи алмайм” десеңіз, терапия-курстарыма, терапияма келіңіз. Басқа маманға жүгініңіз. Қадам жасап көріңіз.

❤48👍8💔3👏1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ата-ана бізге барын береді. Өзінде жоқты, біздің қиялымыздағыны бере алмайды.
Бергенін аламыз. Рақмет айтамыз, құрмет көрсетеміз. Ал бермегенін (қалағанымызды) өзіміз жасап аламыз. Өзгеруге де, (ата-ана бергенін) өзгертуге де қазір құрал көп, молшылық замандамыз.
Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін “мұраларды” сұраптауға да болады, еш өзгертпестен ары қарай жалғауға да болады.
Видеоны инстадан көрдім, осында тұрсыншы🫶🏻

❤39👍5🥰1