Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
🎤Подкаст: КІТАПТЫ ОҚЫҒАН СОҢ АШУ КӨТЕРІЛІП, ЖЫЛАУ КӨБЕЙДІ. НЕГЕ?
❤15👍3
Forwarded from Adina К.
Эльвира ханым, кеш жарық!
қалыңыз қалай? 🌷

осы каналыңыздың ссылкасын жібере аласыз ба?
басқалармен бөліскім келіп еді, осынша құнды ақпараттардың көп адам білгенін қалаймын🥹🫂
❤9
Вааай!🥹

Каналға спам-шабуыл болғасын құлыптап алғам.

Каналды өзгелермен бөлісем десеңіз, міне сілтемесі. Рақмет!🫶🏻

https://t.me/+UTrTMfoejiUaXIxi
❤1👍1
Forwarded from Дина
Сәлеметсізбе! Мен бүгін кітапті сатып алдым бірден оқуға кірістім. Керемет ұнап жатыр, бірақ Тепрапиялар Qr -ды ашалмай отырмын.
Пайдалы, жанға дауа кітап болсын!🫶🏻

QR-код ашпаса, басқа телефонмен де қарап көріңізші. Редми сияқты телефон камерасы ашпайды екен. Оқырмандардан ондай хат келді.

Бәлкім, гуглден QR ашудың жолын іздеп көру керек шығар. Телефонның мүмкіндігіне де байланысты екен. Көп жан оңай ашып жатыр.

Бұл мәселемен алғаш кездесуіміз. Барлық смартфон ашады деген ой болған.

Жолын тапқандар, QR-ашудың басқа тәсілі болса, бөлісіңізші. Жалпыға хабарын беретін🙏🏻
Forwarded from RINAT R
Көптеген соңғы жылдардың телефондары QR code ті, өз фотокамерасы арқылы сканерлейді,
Болмаса Xiaomi телефондарында(Xiaomi, Poco) Сканер деген арнайы приложения болады
❤2
‼️“КӨЛЕҢКЕ-ЖАРЫҚ” кітабын оқыған жандар!

Бұл қандай кітап екен?
Бес сөзбен сипаттаңызшы.

Мысалы: сериалды алмастыратын кітап, ұйқы шақырмайтын кітап, өзіңді өзіңмен қауыштыратын кітап, т.б.

Сіздің нұсқа қандай?👇🏻
👍2
💰“АҚШАМДЫ (табысымды) ҚАЛАЙ КӨБЕЙТЕМ?” деген сұрақ бар. Көптің жанын жейтін сұрақ.

Ақша аспаннан жаумайды, білеміз. Көпке ҚЫЗМЕТ ЕТУ арқылы келеді. Біліммен, уақытпен, энергиямен, қабілетпен, өнермен адамзатқа қызмет етесің ➡️ өмірін/проблемасын жеңілдетесің ➡️ сәйкесінше, қолыңа көк қағаз түседі.

Алайда! ҚЫЗМЕТ ЕТУ деген - құйтұрқы әрекет өзі. Бұлыңғыр. Өзіңе айқындап алмасаң, бір қазықты шыр айналып жүруің мүмкін.

“Қызмет етіп жүрмін” дегеннің бәрі қызмет етіп жүрген жоқ! Жо, қызмет етіп жүр… тек жанының жарасына. Адамзатқа, өзгеге емес, өзінің жаралы бөлшегіне.

Оны анықтау өте оңай. “Көп ақша не үшін керек? Жұмысыңды не үшін жасап жүрсің?” деген екі сұрақты қойсаң болды. Арғы жағы ақтарыла салады.

Бойыңда талант/қабілет/білім болуы бір бақыт. Жаралы бөлшегіңді емдеп, сол қабілет/біліммен өзгеге қызмет ете алу мың бақыт.

(тавтология жүйкеңізге тисе, айып етпеңіз)
❤31👍1
Қайырлы түн! Қалдарыңыз қалай?

“Көлеңке—Жарық” кітабын оқып, сезім-эмоциясын өткеріп жатқандар бар ма? Қалай боп жатырсыздар?

Онлайн/оффлайн жиналып, кездесу ұйымдастырып, күйді/ойды талқылауға дайынсыздар ма?

Сіздер оқып алсын деп, әзірге үнсіз жүрмін. Біраз жерге кеп қалсаңыз, менің тарапымнан күйіңізге қолдау қажет болса, жазыңыз. Кездесулер ұйымдастырамыз🫶🏻
❤19
Жақында бір подкастқа бардым. Өзім сұранып түскен алғашқы подкаст.

Неге өзім сұрандым? Себебі подкаст иесімен қызық естеліктер, арада қатынас бар.

Әдемі әңгіме болды. Ойымыз түйіскен де, түйіспеген де сәт бар мұнда.

Көруге ұсынамын. Біраз ой түйерсіз

https://youtu.be/xygS-0eZnbI?si=MKShVmUJNPp0hyYV
❤14💋3
Тіл үйренушілерге практика алаңы бар - арнайы приложение ғой.

Бұрын қолданушы ем. Соңғы кездері есіме түсіп, қайта тіркелдім.

Мықты дамып кетіпті. Арнайы комнаталары бар: тек аудио арқылы да, видео арқылы да тікелей эфирге қосылуға болады. Үйреніп жүрген тіл аясында түрлі тақырып өрбітесің. Бұл жаңалығы ұнаДДы.

Қолданбай жатқан түрікшемнің шаңын қағып, сөйлесе бастадым (енді ағылшынша еркін сөйлесе алатын деңгейге жетсем).

Бүгін қызық тақырыпта пікір алмасу болды. Ирак, Корея, Түркия, Ресей, Малайзия, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан қыз-жігіттері ер мен әйел қатынасын қозғадық.

Сонда ұққаным… “маған күйеуге шықшы” деп, жүрегі мен жүзігін ұсыну процесі, оның ерекше әдемі болуы тек қыздарға ғана арман емес екен. Жігіттер де армандайды екен. Бұл маған жаңалық болды.

“Тосынсый жасау сәтін жіберіп алдым; ойыма неге келмеді екен” деген сияқты өкініштерін де білдірді жігіттер. Нақтысы, үйленген ерлер.

“Қазір әйеліңізге қайта жасауға болады ғой” деген аргументке: “Қайта жасау алғашқыдай сезім, қуаныш бермейді. Моментті жіберіп алдық деп қабылдаймыз” деген жауап алдық.

Қызық… қатынаста тек әйелдің қалауы мен эмоциясы, оны қанағаттандыру жетелемейді екен. Романтика жайлы ерлердің де аңсары болады екен. Бүгін ашқан жаңалығым🥰
❤41👍6
Осы уақытқа дейін мені әкеден көп мұра алған байдың қызы, олигархтың әйелі еш қызықтырмапты. Дайынға топ еткендерді елемегем. Тек өзі еңбектенген, өзін өзі жасаған қыз-келіншектер шабыттандыратын. Сүйсінетінмін.

Кітабым шыққаннан кейін “енді қандай проект жасасам екен” деген ойымды “қағып алдым”.
Так! Стоп! А неге проект жасай бергім келеді? Иә, қалауым, а оның артында не тұр?

Осы оймен біраз жүрдім. Қалағанымды жасай алатыныма разымын. Неге қалауым тек бірдеңе жасау? Жасамау деген қалауды неге танымаймын? Бұл өмірде ештеңе жасамауға бола ма?

Сонда байқадым, мектеп программасынан бастап “бірдеңе жасағандардан” шабыт алып үйренген екем. Қару алып соғысқа шыққан Әлия, Мәншүктен бастап, тізбектесең, Тұмар патшайымға жетесің.

Оның арысы анамнан, әжемнен, нағашы әжемнен басталады. Біздің әулетте әйелдер білекті түріп жіберіп, шаруаны жапыратын іскер. Сауда-саттықпен, қызметпен белсене ақша тапқан. Қарттық жетсе де, үй тірлігімен амалдаған әжелерім.
Қаннан, геннен асып мен қайда барам? Әрине “бірдеңе жасап жүрем”.

Ата-тектің тартып кететін ықпалы қалай, ә? Жанталас, қорқыныш, үрей емес, қалаудың, алатын ләззатыңның өзіне негіз болады.

Енді бай-бақуаттының мұрагер қыздарын, әйелдерін зерттеп бастадым. “Олардың болмысы қалай болады екен өзі, дүниетанымы қандай” сияқты сұрағым көп🫠

Қазір маған еңбектеніп ақша табу оп-оңай, өте таныс. Ал әлем ұсынған байлықты “просто так” алу - жаңа бағыт.

Сізді қандай қыз-келіншектер шабыттандырады?
❤43👍12🏆1
Forwarded from Камшат Жумабай
Маған да бұрын өзін жасаған танымал тұлғалар, бизнесмен қыз-келіншектер қызықтыратын. Бұрын байқамаппын, алайда ойланып қарасам, жүрегімнің түкпірінде байдың қызы, олигархтың әйелі болу да қызықтырады екен.Бұл бір жаңалық болды…
❤6
Мәселе тек ақшада ғана емес. Өмір сүру салтында. Өзін сезінуінде. Бос уақытын немен толтырады, қызығушылығы неде, өмірлік қозғалысын неге сүйеніп таңдайды, т.б.

Билік, контроль, басқару (адамды емес) сияқты ішкі қалау да болады, әсіресе, шығармашыл жандардың қалауы. Көңілің толып, масаттанатын күй. Сол бар ма бұл жандарда?
Айттым ғой, мұндай санат бүтін бір әлем боп тұр. Себебі бәрі ақшамен шешіле салмайды, жанның да, көңілдің де қанағаттанғаны маңызды.
❤29👍4👏2
• “Эксперт Эльвираның отпускісі аяқталсын. Эксперттік контент келсін” дегендер - ❤️,
• “Түрлі ойыңмен бөлісе бер, эксперт Эльвира демала тұрсын” дегендер - 🔥 басыңыздаршы.

Аудиториямның қалауын да естиін. Бұл каналда сіз де барсыз, біздің қатынасымыз бар.
❤91🔥59
🎤Подкаст: ЖАҢАНЫҢ БӘРІ — ҮЛКЕН-КІШІ СТРЕСС
❤18🔥3
👏6❤1👍1
Өмірде бәрі деңгейден, этаждан, этаптан тұрады, байқадыңыз ба?

Перзентхана👉🏻Балабақша👉🏻Мектеп👉🏻Универ👉🏻Жұмыс👉🏻Зейнет, т.б.

Ана құрсағы👉🏻ата-ана үйі👉🏻жатақхана👉🏻жалдамалы пәтер👉🏻жеке баспанаң👉🏻зәулім үйің, т.б.

Жыл мезгілдері, уақыт, көпқабатты үй, қолдағы смартфон, тіл үйрену, бізді қоршағанның бәрі деңгеймен, этаппен.

Адам санасы да, интеллекті де, психикасы да деңгей-деңгеймен өседі. Жоғарыға шығуға болады не бірінде қалуға болады. Бізде үнемі таңдау бар.

Өсу үшін: қазір қай деңгейде екеніңді және қай деңгейге бара жатқаныңды айқындау маңызды.
🔥30❤7💯4
Құрметті кедейлер!

Жаңылтпаш/шырмауық ойға тап боп жатырмын түн ішінде.

Айналасында кітап жазған (бірнеше) дос-құрбысы, ұстаздары бар жанның кітап оқудың жаман керексіз екенін айтуы анти-солидарность (осылай әдемі сөзбен жаба салайық) па?

Ал сол кітап жазған дос-құрбысының, ұстаздарының (осы сөзіне) үнсіз қалғаны солидарность па?

Харакири жасаған жанға қандай реакциям шыққанын түсіне алмай жатырм. Шын айтам, мүлде түсініксіз сезім🤷🏻‍♀️
❤26
“33 жас - ең қауіпті жас” екенін айттым ба?

Жоғарыда жаздым-ау.

Жан-дүниеңмен емтихан тапсыратын жас. Ата-тектегі бүкіл сценарий-программа бірден іске қосылып, психикаң да, эмоцияң да атылып кететіндей күй кешетін жас.

Бұл емтиханнан өте алмасаң, келесі емтиханға қаласың. А ол қатаңырақ болады.

Қызық.
❤29