Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
А иә, ұмытыппын. Соңғы жылдары маманның, эксперттің кәсібилігін табысымен өлшеп кеттік, иә?
“Көп табысы болса = кәсіби, мықты, білікті маман” деп сене бастадық.

Енді табысты бір бөлек, кәсіби білікті бір бөлек қылып, бір-бірінен ажыратамыз-ау.
Кәсіби сауатты болсаң, табысты болатыныңды білдірмейді. Табысты екенің сауатыңның/біліктілігіңнің мықтылығын білдірмейді. Екеуін ұштастыра алсаң, ұзаққа шабасың, қаражат бонус боп жүреді.

Табыс ішкі импульс, ішкі шешім, энергия, ресурс, себеп-салдарға байланысты.
👏23❤10👍6
Forwarded from Zhansaya B
Менде үрей себебінен көөп курстар оқып тастаппын, бірақ біреуіменде табыс таппадым, тек өз маманыдығыма қатысты курс болмаса оның өзінде тірек команда болды, әлі де сол қалыпта жүрген сиақтымын квантвой скачок жасауға шақ қалып, өзімнің әлімді білмей, өзім жайлы искажонный көзқараста екенімді аңғарып жүрмін сіздің осындай посттарыңыз, біраз көзімді ашты, енді осы жағдайдан қалай шықсақ екен, я как белка в колесе осы сөздің парқын енді түсініп, өз басымда өтіп жатқанын аңғарудамын. Истаграмға кірмесем тынышталып қалам, кірсем как будто только я отсатала от жизни. Ішіне кірсең жанталас әйтеуір, сатып ал, алып қал. Осы теманы қозғайтын психологтар көп емес сиақты, бір сізді көріп тұрмын, жалпы керек кезде керек темаларды қозғайсыз
👍1
Телеграмдағы подкаст, мәтін, ойымды көңілім ауғанда бөлісіп қоям. Ұнайтын процесс болғандықтан.

Былай арнайы контент-план, стратегия құрып, тақадай етіп контент жасамағалы біраз болыпты. Маркетингтің м деген әрібі де қалмады-ау, статистика, просмотрды да түгелдемеппін. Тым еркін жібере салдым ба екен?

Соның өзінен керегіңізді алып, игілігіңізге жараса, қуаныштымын🫶🏻
❤39
“Аудитория қандай контент тұтынып жүр, ел назары қайда, кім қандай контент/жоба өндіруде” деген сұрақпен әлеуметтік желілерді ақтарып ем… миым шатасып кетті))

Түсінгенім: біреудің кемшілігін көрсету, біреудің контентін сырттан жамандау не қатесін көрсету арқылы “өзінікін сату” трендте сияқты, иә?

Яғни “біз - бір жақпыз, ана тарап - жауымыз”. Дұрыс түсіндім бе? Қазіргі продажа жақ-жақ боп соғысу арқылы боп жатыр ма?

Сонда аудитория, клиент, тұтынушы “үшбұрышты қатынастың” ішінде жүр ме? Ұрысып қалған әке-шешенің дауында: “мама жақта болсам ба, папа жақта болсам ба” деген сияқты?

Түсінбей отырмын-ау. Сырттан бақылағаныңыз болса, бөлісіңізші. Қалай боп жатыр өзі?) Не боп жатыр?)
❤16👍8
📲 Интернет, әлеуметтік желіге блогер боп келдім ғой алғаш.

Сол “блогер бөлшегім” әстін-әстін нарыққа қарап: “кім не істеп жатыр, не болып жатыр”, деп анализге кірісіп тұрады.

Әйтпесе, біраз болды, блогерден бұрын маманмын. Ішкен-жеген, жүрген-тұрғанымды контент етпей, өз саламда, клиентке керек ақпар беріп жүргеніме біраз болды. Бұрынғыдай қайда бардым, не істедім, кіммен не сөйлестім, тізіп шығу жоқ.

Бүкіл тіршілігімді, әр қадамымды жалтылдата берсем, клиенттің өз күйіне саралау жасайтын фокусы ыдырап, өзін менімен біріктіріп тастайды. “Слияние” болады, шекарасын таппай қалады. Сондықтан жеке өмірім/тіршілігім туралы инфоның бәрін қымтап тастадым.

Сонда да нарыққа назар бұрып тұрамын. Халықтың сұранысын түсінгім келгені шығар.

Қазір ұғып отырмын… Инфобизнестің ауаны басқа, тактикасы басқа. Маған өзімдікін жасау керек-ау. Өз жүйемді құру. Өз адамдарымды жиып, бір бағытқа жүру.

“Өз адамдарымды жиюдың” алғашқы қадамы сол: психолог мамандарға арналған курсымды аштым. Аяқталған соң клуб, қауымдастыққа ұласады. Жабық кеңістікте талдаудың да, талқылаудың да түбін түсіреміз, бұйырса. Қауіпсіздігімізді жасап алып))

Сіздерге де мызғымайтын бір жүйелі контентті жасап алу керегін ұқтым бүгін.
❤23👍7
✅ Орыстар “святое место пусто не бывает” демекші...

Аудитория инфоөнім, қызмет тұтынғысы келеді. Керек. Қажет. Маманға, экспертке, білімге сұраныс бар. А сол “маман/эксперт” деген “святое место”-да кім отыр?

Кәсібиі, сапалысы, біліктісі келмесе, басқасы келе салады. Бастысы, святое место пусто не бывает…

“Инфосығандар қаптады, алаяқ/сапасыз/білімсіздер көбейді” деген шағымның көбеюіне нағыз біліктілердің “өз орнына ие болмауы”, қызметте болмауы да ықпал етеді. Білімділердің үнсіз не әрекетсіз қалуы да, заман көшіне ілеспеуі де бір себеп.

Тағы қайталайыншы: святое место пусто не бывает…
🔥20❤4
🌓 Бүгін. 22-қыркүйек - күн мен түн теңелетін күн.

Көлеңке мен жарық бірдей болады, ары қарай күн қысқарып, түн ұзара түседі.

Бүгіннен күз басталады. Жалпы осы алтын мезгіл - молшылықтың уақыты. Табиғатта жыл бойы өсіп-піскен астықтың, жеміс-көкөністің пісіп, жинақталатын уақыты. ТМД елдері ауыл-аймақта сабантой жасап жатады.

Табиғаттың цикліне ілессек, біз үшін де жыл бойы еткен еңбектің нанын жинап, қысқа дайындық процесі жүріп жатуы қажет. Жоқ дегенде, жылы киім алып, әзірленеміз.

Осы жыл мезгілі, мезгіл циклдеріне ілесу дегенге мән бермеуші ем бұрын. Соңғы кездері назар аударып жүрмін.

Сізде қалай? Мұндай кездері арнайы жасайтын әрекет, “ритуалдарыңыз” бар ма?
❤33🔥3
Туған күніме жасаған ерекше сыйлығым!✨

Ертең психологиядан әлемдік деңгейде мықты ұстаз келе жатыр Алматыға. 3 күн семинар өтеді. Нидерландыға арнайы іздеп барсаң, ұстай алмайтын мастер.

Сол семинарға бара жатырмын. Туған күніме сәйкес келгенін айтсаңызшы.

Ал несімен ерекше? Өзім психологиядан білім алған, супервизиясын өткен бірнеше ұстазым сол семинарға қатысушы боп келуде. Әлемнің түкпір-түкпірінен. АААА!🤩

Ойлаңызшы, ұстаздарыммен бір топта, қасында тұрып практика өтемін. Бір кеңістікте, бір толқында боламыз. Әрине сөйлесеміз, алғысымды көзбе-көз айтам✨

Ізденісімді, білім алуымды, дамуымды тоқтатпастан ұстаздарымның артынан еріп келем. Солар салған жолмен жүріп, өсіп жатырмын. Міне, жан-жақтан жиналған “алыптардың” ортасына ілесе бастаппын.

Қуандым. Ұстаздарымның білімін құмарлана сіміріп, сана деңгейім өсіп, соларға ілесе алғаныма қуандым🙏🏻

Бұйырса, бұл толыққан біліктілігімді “Психолог-практик” курсында міндетті түрде қолданам. Жиған-тергенімді ары қарай жалғаймын. Сіздерге де жеткіземін❤️
❤50🤩6👍2
Қайырлы кеш!
3 күндік семинарды аяқтадық кеше кешке. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын терең процесті өттік үш күнде. Әлемнің жан-жағынан келген мықты мамандардың топ болып жиналған энергиясының өзі ұшырып әкетті.

Бүгін тынышпын. Үнсізбін. Ішкі настройкамда біраз нәрсе ауысып жатқандай. Тәнім ілесе алмай кетті: ауырлап, ісініп, біресе жіберіп, біресе шойындай жерге тартып.

“Тым жоғары вибрация, тым жоғары энергияға тән дайын болмаса, көтере алмай қалады” дегенді жиі естігем. Соны сезіндім де. Бойдағы потенциалды ашумен қатар тәннің дайындығын да қамтамасыз ету керек екен.

Бұл үш күн ұзаааақ әрі лезде өтті. Алғаным, сезінгенім тым көп. Алда біраз ауыс-түйіс күтіп тұрғанын да білем. Бәрімен келісемін.

Енді маған қызмет ету керек. Сіздерге. Адамдарға.

Осы жолы көзіме анық көрсеткені - мендегі метаболизмнің ақсайтыны. Тәндегі емес, энергиядағы. Білімді (білім де - энергия, ақпарат та - энергия), түрлі инструментті жан-жақтан әбден жиып алыппын да, оны ары қарай халыққа таратпайды екем. Алғанымды жеткілікті шығармаймын. Проводник (өткізуші) болмаппын. Соны қолға алу қажет.
❤33🥰3
Халықаралық семинар Алматыда өтті. Әлемде алып компаниялар, саяси ұйымдар қызметіне жүгінетін мықты маман Алматыға келді.

Германия, Австрия, Норвегия, Украина, Тайланд, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. сияқты жан-жақтан мамандар семинарға қатысуға арнайы жиналды. Залда 200-ден астам қатысушы болдық.

Ал Қазақстаннан қатысқан жандар онға жетпеді. 7-8 ғана.

“Маман осында келіп тұр. Біз сияқты жол, жатын орны, қосымша шығын жоқ. Неге келмейді мұндағылар?” деп таң қалысты. Қайта-қайта сұрайды.

Себебін нақты білмеймін. Тек топшыладым. Бізде білімнің жаңа лебін әкелетін, тарататын батыл мамандар жетпей жатыр, меніңше. Білікті мамандар өз шаруасымен, кабинетінде, онлайнның контентіне уақыты да болмауы мүмкін. А мүмкіндігі барларда білім жете бермейді дегендей…

Инста, тик-ток, ютубты ашсам, психология бір ғана ракурстан кең тарапты: дінмен араласып ғана.

Өзге елдің мамандары біздің нарық бос жатқанын көріп, жайнап кетті. “Қазақстанға келем, оффлайн шаралар өткізем” деп, ду етті әрқайсысы. Тіпті “осында тұруға келем” дегендері де бар.

Сол орекеңдер “святое место пусто не бывает” деген өз сөзін тағы еске алды-ау…
👍19❤4🏆1
Біздегі ілім-білім, ғылымның дамуына не кедергі деп ойлайсыз? Ой тарқатып көрейікші.

Менде мынадай нұсқалар бар:

• Бізде мамандар клиент/аудиторияға емес, бір-біріне қарайды. “Сенікі дұрыс, сенікі қате, сен қателестің” деп, бір-бірін тексерумен болады (бұл тек топшылағаным). Жұмыс жайына қалады.

• Бізде “бір рет алған білім мәңгілік жетеді” деп ойлайды-ау. Біліктілік арттыру, супервизия, үнемі жаңа білім алу жағы ақсайды. Баяғыда алған білім уақыт өте жарамай жатады. Иә, білім де ескіреді.

• Бізде реализация, білім-потенциалыңды бизнеске айналдыра алу, система құру соңғы орындарда. Басты орында отбасын құру, үй-жай болу, туған-туыспен араласу (той-томалақ, жиын, т.б.). Соларға назар аударып жүріп, ісіңе ресурс та, ақша да жетпей қалады.

• Өзіңді, ісіңді көрсету, батыл насихаттау ішкі еркіндікті талап етеді. Ал бізде репрессия құрбаны көп, даламызда білім-байлық үшін қырылғандар, жан-жаққа тым-тырақай қашқандар көп. Трансгенерациялық травма өзінікін жасайды-ау, “тыныш ғана ісімді жасап жүре берейін” дейтін мықтылар болуы мүмкін.

• Әрине халықтың сұранысы да ықпал етеді. Базалық қажеттілік, күнкөріс, ойын-сауықты сұрап тұрғанда, білім-ғылым сырт қалады.

Мұның бәрі топшылағаным. Әрі “біз” дегенім қазақтілді, “коренной” қазақтар.

Сіздің ой қандай? Тағы қандай себеп бар?
👍13❤5
Forwarded from Жансая Мырзагулова
Мүмкін: Жаңа не береді дейсің, сол баяғы мен білетін ақпаратты берер-деп, ақшаны "босқа жаратпау"
Топтық терапия өткізгенде түрлі “тылсым” болып кетуші еді. Бүкіл кеңістік тіріліп, ақпарат беріп жатқандай.

Өткен 3 күнде ондай х1000-мен болды😁

Топтық терапия өткізуді сағындым. Графикті реттеп алып, оффлайн шараларыма кірісем-ау.
Қысқасы, бәрін қайта қарап, сөзден іске көшеміз енді. Уақыт келді.
❤18🔥2🏆2
Forwarded from Гуля
Ренжімеңіз, бір кітап шығарып тоқтап қалдыңыз, баяу ойға батып кеттіңізбе, көрінбейсіз, сізде мықты білім бар, бірақ өзгелер сияқты тақылдап желіге шыға бермейсіз, өзіңізге сенімсіздікпе, қорқасызба? білімі жоқтар желіде сапырып отырады, сіз неге жиі жиі шықпайсыз! Артық кетсем кешіріңіз
❤2🤔1
Адамның ресурсы шектеулі, нақтырақ айтсам, менікі точно шектеулі)

Әлеуметтік желілерде сампылдап отыра берсем, уақытымды сонда арнасам, басқаға уақытым/ресурсым қалмайды.

• Әлеуметтік желіге шықпағаның ештеңе жасамай жатқаныңды білдірмейді.
• Әлжеліде жабысып отыру, үнемі назарға ұмтылу сенімді, қорқынышсыз, еркін екеніңді білдірмейді. Керісінше, тәуелділік пен үрейдің бір көрінісі болуы мүмкін.
• Әлжеліде тым белсенді, контентпен “қатты айқайлайтындар” мықты жұмыс жасап жатқанын білдірмейді. Керісінше, бос уақыты тым көп болуы мүмкін.

Иә, әлжеліге жетпей жатырмын. Бос емеспін. Сондай-ақ, контентті жүйелейтін командам жоқ. Енді болады.

Бүкіл нәрсе тек сенімсіздік, қорқынышпен өлшенбейді.
❤18👍8❤‍🔥1🦄1
Forwarded from Гуля
Идея ои келсе сол моментте желіге салып отырсаңыз, керек адамға жетеді, атақты болар едіңіз, ініңізден шықпайтын сияқтысыз
😱6❤1
Ойбууу, біліктілік атақпен, статистикамен өлшеніп жатыр екен. Қой, ініме кіріп жата берейін😅

P.S. Құрметтім, бүгін пікіріңізді, сұранысыңызды, сұрағыңызды жеңіл қабылдап отырмын. Келесі жолы мәдениет, жеке шекараға құрмет болмаса, бір шара қолдануға мәжбүр боламын.
👍17
Аудитория байқамайтын қауіпті тұсты айтайын. Психологтардың этикалық кодексі бар. Бұзбау керек заң деп біліңіз. Себебі психологта адамды арбап алатын, санасын басқарып алатын түрлі инструмент болады. Бір гипнозды қолданғанның өзі былай да былай жетіп жатыр.

Сол этикалық кодексті бұзуға тыйым салынған. Яғни қарапайым халыққа манипуляция жасауға, білімін асыра сілтеп пайдалануға, жан жарасын басуға (тізім ұзақ) болмайды.

Әлеуметтік желіде контентпен “қатты айқайлайтындар” сол кодексті бұзып жүрген болуы да мүмкін. Оның бар екенін білмеуі де мүмкін.

“Мынау жестко айтты, батырып айтты, өзіне сенімді екен, қорқынышы жоқ, мықты екен” деп ойласаңыз, қателесесіз. Көбіне “көкбеттік” сенімділіктен емес, білімсіздіктен боп жатады.
❤25🔥3
Forwarded from Жансая Мырзагулова
Мен де "інде отырғандардың" бірімен. "Не мешайте, я кайфую!"- деймін, сұрағандарға.
Но, инстаграммды жәй табыс көзіне апаратын құрал ретінде, өзіме салмақ салмай, керек жерінде пайдалануды жөн деп санаймын. Көңілім қалағанда кіремін
👍7
Кімде алып потенциал бар, “көңілім қалағанда жасаймын, өзім үшін өмір сүремін” деген ой жарамайды)) Жатқызбайды🥸

Ол потенциал жайдан-жай берілмейді және сұрауы болады. Қабілет үнемі қозғалысқа ұмтылады, тыныш жатпайды.

“Өзім үшін” деп жүргеннің бірімін ғой. Енді баланс ұстау керегі айқындалды өзіме.

Өмірімде түрлі треш болды ғой, анда да соғылдым, мында да соғылдым. Психология, дамуға бет бұрғанда ол дауыл басылды да қалды. Бойдағы қабілетті басқарып, керек арнаға бұрмасаң, быт-шытыңды шығарады екен)
❤15🔥2