Эльвира Ерғалина | ПСИХОЛОГИЯ
2.68K subscribers
336 photos
71 videos
2 files
120 links
Психикасын, сезім-эмоциясын сау қылып, жанын емдеп;
сапалы, бақытты әрі табысты өмір сүргісі келетіндерге арналған канал❤️
Download Telegram
🎤Подкаст: ӨЗІҢМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ, БОЛЬДАН ҚАШУ НЕ БЕРІЛУ
❤10👍4🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бұл жобаммен, студенттеріммен мақтанамын❤️

“Психолог-Практиктің” келесі легі 17-ақпан күні басталады.

Ақпарат керек, қатысқым келеді десеңіз, пікірге жазыңыз👇🏻
🔥3
❤️ Мектепте валентинка алғандар, күткендер, алсам ғой деп аңсағандар, естеліктің бір жаңғыратын күні екен.
Мектеп кезін еске алайықшы. Қандай қызық оқиғалар болды?
❤4🥰1
БЛОГЕРЛЕРДІҢ САЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

2022-жылы Блиновсксая салық бойынша ұсталғанда маған қатты әсер еткен. Өзім салықты уақтылы төлеймін, құжаттарым түгел, қорқатын себеп жоқ. Бірақ Ресейдегі жағдай қатты шайқады, қорықтым, шошыдым. Тіпті паническая атака басталды. Тәнім дір-дір етіп, арасында қалтырап тұрып қалатын да болдым.

Осы мәселеге назар аударып, іздене бастадым. Неге көрші елдегі жағдай қатты әсер етіп жатыр? Маған не болды?

2022-жылы ата-тек бойынша білім алып, өзім көп практика-терапиядан өтіп, “род”-қат қатты кіріскен кез еді. Жауабын да ата-тек қабатынан таптым.

Ата-тегімде репрессияға ұшыраған жан бар. Бір атамды билік өкілі ұстап әкетіп, қамаған, соңында атқан. Тәні көмусіз қалған, қайда екенін нақты білмейміз. Отбасы ойран болып, әйелі АЛЖИР-ға түспес үшін құрсақтағы балаға қарамастан қашқан. Үй-жайынан айрылған дегендей. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін үлкен, ойсыраған трансгенерациялық травма бар.

Сұрастыра келе соны анықтадым. Көрші елдің билігі әп-сәтте тас төбеден түскенде мендегі осы үрей көтерілген. Ұйықтап жатқан травманың ошағы оянған.

Содан бері ата-тектің қалай ықпал ететінін білем, сездім, көрдім. Тереңдеп білім іздедім, әлі де сіңірудемін. Өзімдегі түрлі қабатты аршып келем.

Заңды, билікті, мемлекетті, жалпы үлкен жүйелерді құрметтеу, үлкен жүйемен санасу, заңдылығына бағынуға аса мән беруді қолға алдым. Құжаттарымды түгелдеп, жүйедегі орнымды нақтыладым. Салықты әу бастан түгендеп жүрем, қайта тексертіп, бәрін “прозрачно” қылуға ұмтылдым. Өйткені менде ата-тектің программасы бар, кез келген уақта динамикасы қосылып кетуі мүмкін екенін білдім. Өзім үшін жасап жүргем.

Жақында қазақстандық блогерлердің салыққа берешегі бар деген тізім шықты ғой. Интернеттен көрдім алдымен. Бухгалтеріме хабарласып, мені тексеруді сұрадық. “Тазамыз” деді.

Қызығы, алдындағыдай қорқыныш, паника, тәнімдегі заряд болмады. “Спокойно”, қалыпты қабылдадым. “Мен құтылдым, басқалар тұтылды” деген масаттану да болған жоқ.

Кезінде әкеме қатты ренжитінмін. Мықты тергеуші болды, қолынан қандай қылмыстар өтетін. Ісін шешу үшін үлкен сомада ақша ұсынатын. Бір тиын пара алмады ғой. Тек айлығымен өмір сүрді. Нанға ақша жетпей, қиналған сәтінде де айлығын ғана алып жүрді. “Отбасын неге ойламайды, балаларын жақсы көрмей ме, достарының (бір салада істеді) балалары шалқып жүр, өте бай, күшті өмір сүреді. Әкем неге бүйтеді” деуші ем. Біз білмейтін, бірақ ықпал ететін бейсаналық сценарий-программалар барын қайдан білейін?! Сонда әкем просто ақшадан, тексерістен өлердей қорыққан ғой.

Қысқасы, үлкен жүйелердің заңы бар, ертелі-кеш айналып келеді. Әр жүйенің динамикасы бар. Трансгенерациялық травмалар бар. Дәуірдің қайталанатын циклі бар. Қазір өзі әлемде, дәуірде өзгеріс боп жатыр. Көп жүйелер қозғалуда.

Біреу үнемі көзге түсіп қала береді. Біреу көп “олқылық” жасаса да, құтылып кетеді. Оның себебі тереңде жатуы мүмкін.

Білім алған сайын өмір қызық әрі түсінікті, қауіпсіз бола түседі.

Блогерлердің салық қарызы туралы білгенде қандай ой болды сізде?
❤25👍3💯1
Бүгін “Психолог-Практик” курсымның алғашқы түлектері, алғашқы қарлығаштары ұшты.

Кеше Алматыға жиналған, топпен терапия, кездесу, қорытынды өтіп ек.

Бүгін дипломдық жұмысын қорғады. Білім алғанын растайтын құжатын алды. Сезім-эмоцияға толы күн болды.

Әрқайсысы қандай зерттеу жұмысын әкелгенін көрсеңіз ғой?! Әлі бөлісемін. Қазір ресми бөлімді аяқтап, кешкі ас ішуге, банкетпен аяқтауға кетіп барамыз.

Бүгінгі атмосферадан ауыз тиіңіз❤️

Сәттілік тілеп қойыңызшы студенттеріме💐
🎉17❤6🏆2👍1👏1
Шәкірттерімнің дипломдық жұмыстарында Көлеңке бар. Кездескен қараңғылық пен суық бар. Ал бітіргенде өздеріне тиесілі Жарықты құшақтап келіпті.

Бейсаналық таңдау ма екен? Әлде түстердің сәйкестігі ме?)
❤7
❗️ТОПТЫҚ ТЕРАПИЯМДЫ КҮТІП ЖҮРГЕН ЖАНДАР!

МЕРЕКЕГЕ СЫЙЛЫҚ ДАЙЫНДАДЫМ - ТОПТЫҚ ТЕРАПИЯ

Көктеммен бірге оянып, жыл бойы ұстанатын бағытты нақтылау үшін, біраз уақыттан соң жемісін жию үшін терапиялық топ ашамын. Онлайн.

Тақырыбы өте актуал: көлеңкеге тығылған ЖАСЫРЫН РЕСУРСымыз туралы.
Тұрақты топпен:
🔑 жасырын ақ$hа
🔑 жасырын потенциал
🔑 жасырын қалау
🔑 қатынастағы жасырын динамика
🔑 “самооценканың” төмендігіне жасырын себеп
🔑 ұят, кінә, қорқыныш
🔑 қарыздың жасырын себебі
🔑 энергияны алып тұрған құпия себептер
… деген тақырыптағы көлеңкелі құпияларды ағытамыз. Себеп-салдарын тарқатамыз.

1 айдан астам уақыт тұрақты:
📌 8 терапия + 1 арт-терапия
📌 аптасына 2 рет (2-3 сағаттан) zoom арқылы
📌 жалпы 20 сағаттан астам терапия
📌 запросқа диагностика, талдау болады.

📍Топта адам саны шектеулі - 20 орын ғана.

Топтық терапияма 1 рет қатысу құны 50 мың тг екенін ескерсек, бұл жолғысы өте үлкен сыйлық боп тұр.
💰8 терапия + 1 арт-терапия құны - 150 мың теңге.
⚠️ Терапияның 1 сағаты 7500 теңгеге түсіп тұр.

13.03.2025 күні бастаймыз


Қатысам десеңіз, өз орныңызды алып қойыңыз. Топта 20 орын бар екенін ескересіз ғой.

Менеджеріме хабарлассаңыз, бәрін түсіндіреді, тіркейді: +7775 975 4541
❤4👍2
Өзгенің көңілінен шығатын емес, өз таңдауыңызбен, өз қалауыңызбен құрылған ғұмыр тілеймін!💜
❤60🔥7👍1👏1
💐 Құрметті аудиториям!
Наурыз мерекесіне менен “наурыз көже”!

📍23.03 күні топтық терапия өткіземін. Ақысын, қанша төлеуді өзіңіз шешесіз.

🌱Жаңару, осы жылға дән отырғызу, мақсаттарға стратегия құру, қадамдарын нақтылау тақырыбында.

Біраздан соң толық ақпаратты саламын. “Наурыз көжеге” келесіз бе?👇🏻
❤28
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
НАУРЫЗҒА СЫЙЛЫҚ - ТОПТЫҚ СЕССИЯ

Ескіні тастап, жаңаратын, жаңа стратегия құратын, дән отырғызатын, жаңа цикл басталатын кезең жақындады. Осы Наурыз мерекесінің құрметіне аудиторияма сыйлық жасамақпын.

📌 Топтық сессияға қатысасыз және соңында ақысын өзіңіз төлейсіз. Қанша төлеу керегін өзіңіз шешесіз.

Сессия не туралы? Қозғалатын тақырыптар:
🌱 Нені артта қалдырғым келеді?
🌱 Өмірдің жаңа этабында қайда қадам басамын?
🌱 Осы жылымда қандай жеміс жиғым келеді? Қандай дән отырғызамын?
🌱 Ресурсымды шашпай-төкпей, мақсатыма қолданудың стратегиясы
🌱 Маған қандай ресурс, қолдау, ішкі жаңару қажет?
🌱 Өсудің осы жылға жаңа программа-сценарийі.

Сессияда ішкі күй, сезім-эмоция, сценарий-программа, образдармен жұмыс істейміз.

📌 Сессия 3-3,5 сағатқа созылады.

📆 23.03.2025 күні
⏳сағат 19:30
📍онлайн, zoom-да өтеді
💰 ақысын өзіңіз шешесіз (ақылы өтеді)

Бұл сессия қажет деп сезсеңіз, келіңіз. Осы жылымыздың стратегиясын бірге құрайық.

📌 Телеграмда арнайы топ ашып, сілтемесін беремін.

Қалай сізге “наурыз көже”?👇🏻
🥰11❤9👍1
Бүгін 19:30 топтық сессия болады.
Жаңару, өсу, мақсат, стратегия тақырыбында.
Есіңізге салып қояйын🥰
❤18
🌱Топтық сессияны аяқтадық. Терең, күрделі, бірақ өте түсінікті жұмыс болды.

Сессияға немен кіріп, нені тастап, нені алып шықтыңыз? Бөлісіңізші👇🏻
❤8
Сәлем, құрметтім!
Телеграмға контентім сирек шығып жүр. Есесіне, инстамда түрлі тақырыпты қозғаймыз, онда контент тұрақты.

Ал топтық терапия, “Психолог-Практик” курсымда аптаның белгіленген күндерінде қызық, терең сабақтар мен терапиялар өтуде. Жеке терапияға келетін клиенттеріме де уақыт арнап жүрмін.
Қозғалыс тоқтамайды.

Жақында ұйымдастырған “наурыз көженің” кері байланысы да келіп бастады. Бөлісейін, өзіндегі процесті әдемііі жеткізіпті👇🏻
Forwarded from Аizhan Yernazar
Топтық терапиядан кейін 5 күн өтті. Сол кезде ашылған қабаттардан біраз ой түйген едім. Бүгін жаңа қабаты ашылып отыр. Оған себеп: жұмысымда 3 сыныбым бар еді. Шаршауымның себебімен, күндерді ауыстырып, бір сабағымды өтпегеннен басшылық менен толық бір сыныпты алып қойды. Жоғалттым. Осы сезімді қорту ауыр болды, қайғырдым, оны қазбалай келе, 4-5 жасымда Қытайдан Қазақстанға көшіп келген кезімде барлық туыстарыммен қарым-қатынас үзіліп, олардан жырақта, туыстарымды жоғалтқан күйде болғаным қайта қалқып шықты.

Осыған дейін көп терапияларда “чувство покинутости, чувство неважности, чувство, что я “второй сорт” деген сияқты көп шығатын. Бірақ түпкі тамырына еш жеткен емеспін. Бүгін соны түсініп отырмын. Қытай менің туған жерім, онда менің әке жақтан да, ана жақтан да бар туыстарым қалды. Олар қалып, біз көшіп кетсек те, менде “мен туыстарыма маңызды емеспін, олар мен үшін көшіп келгісі келмейді” деген сияқты сезім қалыптасқан сияқты.
Эльвира ханым, осы терапия үшін үлкен алғыс! Ішімде жабық жатқан терең қабаттардың беті ашылды. Туған еліме, туыстарыма сағыныштың әсерінен неге піскен кукуруза жақсы көретінімді, неге лапша, дапанджи, лагман деген тамақтарды жегім келіп тұратынын түсіндім. 4-5 жасар кішкентайымды ақыры көрдім! Онымен контакт орнағандай, ақыры оны түсінген адам пайда болды. 🫂🫂🫂🫂🫂🫂🫂🫂
❤14