⚡️ Қазынаны толтырамыз деп, кассаны жаптық. 208 мың кәсіпкер нарықтан шықты...
2026 жылдың бірінші тоқсанында 207,9 мың жеке кәсіпкер (ЖК) өз жұмысын біржола тоқтатқан. Бұл ма, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ресми органдар мұны жұрттың «өзін-өзі жұмыспен қамтушылар» режиміне ауысудың нәтижесі деп ақтауда. Алайда нақты сандар басқа шындықты жайып салды.
Депутат Олжас Нұралдинов реформаның басты соққысы микробизнеске, әсіресе дүкендер мен асханаларға тигенін ескертуде. Ірі алпауыттар салықты заңгерлер мен аудиторлар арқылы реттеп алса, маржасы шағын қарапайым кәсіпкердің алдында үш-ақ таңдау қалған: бағаны шарықтату, қызметкерді қуып қолма-қол есепке көшу немесе есігіне қара құлып ілу.
Арнамызға пікір білдіріп тұратын танымал экономист Арман Бейсембаевтың пайымынша, реформаның ең қауіпті тұзағы жеңілдетілген режимдегі кәсіпкерлердің B2B мәмілелері бойынша шығындарын шегере алмауы.
Бұл дегеніміз шағын өндірушілер ірі компаниялармен жұмыс істей алмай, тапсырыс берушілерінен айырылды деген сөз. Үкімет фискалдық тәбетін тежей алмаса, жаппай жабылу науқаны жалғасады. Сарапшылардың болжамынша, нағыз дағдарыстың екінші толқыны 2027 жылдың көктемінде анық сезіледі.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia

«Ақ жол» партиясының талдауынша, сегіз айдың қорытындысы бойынша еліміздің 20 өңірінің 13-інде жергілікті салық жинау жоспары орындалмаған. Ал 18 өңірде түсім тіпті өткен жылғыдан да төмендеп кеткен. Яғни салықты қысқан сайын, түсім көбеймей, керісінше азайған.
Депутат Олжас Нұралдинов реформаның басты соққысы микробизнеске, әсіресе дүкендер мен асханаларға тигенін ескертуде. Ірі алпауыттар салықты заңгерлер мен аудиторлар арқылы реттеп алса, маржасы шағын қарапайым кәсіпкердің алдында үш-ақ таңдау қалған: бағаны шарықтату, қызметкерді қуып қолма-қол есепке көшу немесе есігіне қара құлып ілу.
«Respublica» партиясынан Руслан Ыдырысов үй іргесіндегі дүкендердің таза маржасы небәрі 8–12% екенін айтып, арнайы салық мөлшерлемесін 2%-ға дейін түсіруді және әлеуметтік тауарлар бойынша эквайринг комиссиясын 0,5%-дан асырмауды талап етуде.
Арнамызға пікір білдіріп тұратын танымал экономист Арман Бейсембаевтың пайымынша, реформаның ең қауіпті тұзағы жеңілдетілген режимдегі кәсіпкерлердің B2B мәмілелері бойынша шығындарын шегере алмауы.
«Мәселен, мен диван жасау үшін басқа компаниядан шикізат аламын. Бірақ жаңа ереже бойынша ол шығынды есептен шығара алмаймын. Яғни қалтамнан ақша шығарып материал алғаным аздай, сол жұмсалған шығыным үшін де мемлекетке салық төлеуге мәжбүрмін», — дейді сарапшы.
Бұл дегеніміз шағын өндірушілер ірі компаниялармен жұмыс істей алмай, тапсырыс берушілерінен айырылды деген сөз. Үкімет фискалдық тәбетін тежей алмаса, жаппай жабылу науқаны жалғасады. Сарапшылардың болжамынша, нағыз дағдарыстың екінші толқыны 2027 жылдың көктемінде анық сезіледі.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯24😱14❤7🤮3😢1
⚡️ Ресейліктердің еркін дәурені бітті ме: Шетелдіктерге ЖСН беру ережесі қатаңдайды
Қазақстанда шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) рәсімдеу тәртібі түбегейлі өзгермек, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ішкі істер әзірлеген жаңа бұйрыққа сәйкес, енді шетелдікке (ресейлік дей берейікші, ред.) ЖСН беру кезінде оның Қазақстан аумағында заңды жүрген-жүрмегені қатаң тексеріледі. Бұл үшін өтініш берушілердің барлық дерегі иммигранттардың эталондық базасымен салыстырылады.
Өзгерістің саяси және қоғамдық астары айқын. Кремльде соғыс пен мобилизация басталғалы жүздеген мың релокант Қазақстанды паналап қана қоймай, жергілікті ЖСН арқылы банк картасын ашуға, халықаралық санкцияларды айналып өтуге жаппай тырысты. Салдарынан ЦОН-дарда ұзын-сонар кезек пайда болып, көлеңкелі делдалдардың «бизнесі» қызған еді.
Біздіңше, бұл кеш те болса қолға алынған ұлттық қауіпсіздік фильтрі. Бұған дейін ЖСН алу ресейліктер үшін түкке тұрмайтын процесс еді. «Келдім, карта аштым, тайып тұрдым» деген релоканттардың қарапайым схемасына тосқауыл қойылады үміт бар.
Министрліктің түсіндіруінше, жаңа ереже ЖСН беру кезіндегі мәліметтердің шынайылығын арттырып, жүйедегі шикіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Құжат қазіргі уақытта цифрландыру және дербес деректерді қорғау заңнамасы аясында қаралып жатыр.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia

Яғни, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ІІМ әрбір ресейліктің шекарадан қалай өткенін, визалық немесе тіркеу мерзімін бұзбағанын цифрлық түрде көріп отырады. Заңсыз жүргендерге бұдан былай ЖСН берілмейді.
Өзгерістің саяси және қоғамдық астары айқын. Кремльде соғыс пен мобилизация басталғалы жүздеген мың релокант Қазақстанды паналап қана қоймай, жергілікті ЖСН арқылы банк картасын ашуға, халықаралық санкцияларды айналып өтуге жаппай тырысты. Салдарынан ЦОН-дарда ұзын-сонар кезек пайда болып, көлеңкелі делдалдардың «бизнесі» қызған еді.
Көрші елден келгендер есіктен кірмей жатып ЖСН алып, карта ашып, пәтер бағасын көкке ұшырғанда ішіміз күйгені жасырын емес.
Біздіңше, бұл кеш те болса қолға алынған ұлттық қауіпсіздік фильтрі. Бұған дейін ЖСН алу ресейліктер үшін түкке тұрмайтын процесс еді. «Келдім, карта аштым, тайып тұрдым» деген релоканттардың қарапайым схемасына тосқауыл қойылады үміт бар.
Министрліктің түсіндіруінше, жаңа ереже ЖСН беру кезіндегі мәліметтердің шынайылығын арттырып, жүйедегі шикіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Құжат қазіргі уақытта цифрландыру және дербес деректерді қорғау заңнамасы аясында қаралып жатыр.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
👏35🔥6❤5💯4👍2
⚡️ForteBank: бірнеше несиені біріктіріп, ай сайынғы төлемді азайтуға болады
ForteBank бірнеше несиені біріктіріп, ай сайынғы төлем жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретін кепілсіз қайта қаржыландыру бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Соның нәтижесінде бірнеше несие бойынша төлемдердің орнына бірыңғай төлем кестесі қалыптасып, отбасылық бюджетке түсетін жүктеме азаяды. Сонымен қатар қажет болған жағдайда қосымша қолма-қол қаражат алуға болады.
Бірыңғай төлем және ай сайынғы салмақты азайту
Бірнеше банкте несиесі бар азаматтар үшін әр айда түрлі күндері төлем жасау қосымша қолайсыздық тудыруы мүмкін. Қайта қаржыландыру құралы барлық міндеттемені біріктіріп, айына бір рет қана төленетін ыңғайлы кестені таңдауға мүмкіндік береді.
Соның нәтижесінде ай сайынғы төлем азайып, отбасылық бюджетке түсетін жүктеме жеңілдейді. Босаған қаражатты күнделікті қажеттіліктерге немесе басқа маңызды мақсаттарға жұмсауға болады.
Бағдарламаның шарттары мен ерекшеліктері
❤️ Қайта қаржыландыру сомасы 9,5 миллион теңгеге дейін, ал несие мерзімі 60 айға дейін.
❤️ Рәсімдеу үшін жылжымайтын мүлік немесе автокөлік кепілі қажет емес.
❤️ Несиені ұйымдастырғаны және қолма-қол ақша бергені үшін комиссия алынбайды.
❤️ Қолданыстағы несиелерді жабумен қатар, қажет болған жағдайда қосымша қаражат алуға мүмкіндік бар.
Өтінімді онлайн рәсімдеу тәртібі
Қызметті пайдалану үшін банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Өтінімді толықтай онлайн рәсімдеуге болады. Қайта қаржыландыруға өтінім ForteBank мобильді қосымшасы арқылы беріледі. Өтінім жіберілгеннен кейін клиент шешім туралы ақпаратты қосымша арқылы алады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
ForteBank бірнеше несиені біріктіріп, ай сайынғы төлем жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретін кепілсіз қайта қаржыландыру бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Банк қазақстандықтарға басқа банктердегі қарыздарын жалпы сомасы 9,5 миллион теңгеге дейін қайта рәсімдеуді ұсынып отыр.
Соның нәтижесінде бірнеше несие бойынша төлемдердің орнына бірыңғай төлем кестесі қалыптасып, отбасылық бюджетке түсетін жүктеме азаяды. Сонымен қатар қажет болған жағдайда қосымша қолма-қол қаражат алуға болады.
Бірыңғай төлем және ай сайынғы салмақты азайту
Бірнеше банкте несиесі бар азаматтар үшін әр айда түрлі күндері төлем жасау қосымша қолайсыздық тудыруы мүмкін. Қайта қаржыландыру құралы барлық міндеттемені біріктіріп, айына бір рет қана төленетін ыңғайлы кестені таңдауға мүмкіндік береді.
Соның нәтижесінде ай сайынғы төлем азайып, отбасылық бюджетке түсетін жүктеме жеңілдейді. Босаған қаражатты күнделікті қажеттіліктерге немесе басқа маңызды мақсаттарға жұмсауға болады.
Бағдарламаның шарттары мен ерекшеліктері
Өтінімді онлайн рәсімдеу тәртібі
Қызметті пайдалану үшін банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Өтінімді толықтай онлайн рәсімдеуге болады. Қайта қаржыландыруға өтінім ForteBank мобильді қосымшасы арқылы беріледі. Өтінім жіберілгеннен кейін клиент шешім туралы ақпаратты қосымша арқылы алады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12👏4❤3💯1
⚡️ РФМШ-да жаппай улану: 47 оқушы ауруханаға түсіп, мектеп жабылды
Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) 47 оқушысы өткір ішек инфекциясы белгілерімен балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар 12 және 13 қазан күндері ауруханаға жеткізілген. Тағы сегіз оқушы интернатта оқшауланып, дәрігерлердің тікелей бақылауына алынған. Барлығы - 55 бала.
Айғай-шу әлемжеліде ата-аналардың дабыл қағуынан басталды. Ауруханаға түскен баланың ет жақыны ашық мәлімдеме жасап, мектеп әкімшілігінің мәселені жасырып қалуға тырысқанына наразылық білдірді:
РФМШ 1972 жылдан бері келе жатқан, еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік балаларды іріктеп оқытатын бренд мектеп. Осындай деңгейдегі оқу орнында бала-шағаның астан улануы білім саласындағы санитарлы бақылау мен мемлекеттік сатып алу жүйесінің қаншалықты осал екенін көрсетеді.
Балалардың өмірі мен денсаулығы таразыға түскенде, мектеп басшылығы мен асхананы жалға алған мердігер компания жауапкершіліктен құтылып кетпеуі тиіс.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) 47 оқушысы өткір ішек инфекциясы белгілерімен балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар 12 және 13 қазан күндері ауруханаға жеткізілген. Тағы сегіз оқушы интернатта оқшауланып, дәрігерлердің тікелей бақылауына алынған. Барлығы - 55 бала.
Оқиғадан кейін қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шұғыл қаулы шығарып, РФМШ мектебінің, интернаты мен асханасының қызметін уақытша тоқтатты. Қазір мамандар зертханалық зерттеулер үшін сынамалар алып, уланудың нақты ошағын анықтауға кірісті.
Айғай-шу әлемжеліде ата-аналардың дабыл қағуынан басталды. Ауруханаға түскен баланың ет жақыны ашық мәлімдеме жасап, мектеп әкімшілігінің мәселені жасырып қалуға тырысқанына наразылық білдірді:
«РФМШ Алматы позор! Қайда қарап отырсыздар?! Менің жиендерім ауруханаға түсті, тек менің ғана емес, басқа да ата-аналардың балалары жатыр. Улану деп жатыр, кейбіреуінде ішек таяқшасы табылған! Мектепті үш күнге карантинге жапқан. Неге еш жерде тіс жармайсыздар? Ауырғандардың көбі интернат балалары!»
РФМШ 1972 жылдан бері келе жатқан, еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік балаларды іріктеп оқытатын бренд мектеп. Осындай деңгейдегі оқу орнында бала-шағаның астан улануы білім саласындағы санитарлы бақылау мен мемлекеттік сатып алу жүйесінің қаншалықты осал екенін көрсетеді.
Балалардың өмірі мен денсаулығы таразыға түскенде, мектеп басшылығы мен асхананы жалға алған мердігер компания жауапкершіліктен құтылып кетпеуі тиіс.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱20👍9❤5😢4🙏2🤯1🤬1
⚡️ Мұнай 50 долларға құласа не болады: Үкімет «қаралы күннің» сценарийін ашты
Қазақстан билігі алдағы жылдары экономикалық өсімді 5,4 пайыз деңгейінде межелеп отырғанымен, шикізат бағасы күрт төмендеп, жағдай ушыққан сәтке арналған пессимистік жоспарын жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Құрылтайда үшжылдық бюджет жобасын талқылау кезінде депутат Гүлназ Атамқұлова Үкімет пен халықаралық ұйымдардың болжамы арасындағы жер мен көктей айырмашылықты алға тартты. Айталық, министр Жұманғарин 5,4 пайыздық өсімге сенсе, 2027 жылға қарай Халықаралық валюта қоры 4,4%, Дүниежүзілік банк 3,9%, ал Ұлттық банк небәрі 3,5% өсім болатынын айтып отыр.
Вице-премьер әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұған қарсы уәж айтып, негізгі серпін мұнайдан емес, өңдеу өнеркәсібі (күтілетін өсім 5,9%) мен жылына 2 трлн теңге бөлініп жатқан агросектордан келеді деп сендіруде. Ал халықаралық ұйымдарды тым сақ, көбіне қателесетін құрылымдар ретінде бағалады:
Министр күтпеген дағдарыс болған жағдайда Үкіметтің не істейтінін ашық айтты.
«Не істеуші едік? Жағдай күрт нашарласа шығыстарды азайтып, бюджетті қысқарту қажет болады. Бізде пессимистік сценарий де бар. Егер мұнай бағасы барреліне 50 долларға дейін төмендесе, барлық жағдайды есептей келе, экономикалық өсім 3,2 пайыз болады деп болжап отырмыз», - деді Жұманғарин.
Үкімет оптимист көрінгісі келсе де, 30 триллион теңгеден асқан бюджет шығыстары мемлекеттің тәуекелге белшеден батқанын көрсетеді. Мұнай 50 долларға түскен сәтте әлеуметтік немесе инфрақұрылымдық шығындарды қысқартудан басқа амал қалмайтыны айқын көрініп тұр.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қазақстан билігі алдағы жылдары экономикалық өсімді 5,4 пайыз деңгейінде межелеп отырғанымен, шикізат бағасы күрт төмендеп, жағдай ушыққан сәтке арналған пессимистік жоспарын жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Құрылтайда үшжылдық бюджет жобасын талқылау кезінде депутат Гүлназ Атамқұлова Үкімет пен халықаралық ұйымдардың болжамы арасындағы жер мен көктей айырмашылықты алға тартты. Айталық, министр Жұманғарин 5,4 пайыздық өсімге сенсе, 2027 жылға қарай Халықаралық валюта қоры 4,4%, Дүниежүзілік банк 3,9%, ал Ұлттық банк небәрі 3,5% өсім болатынын айтып отыр.
Оның үстіне, Жоғары аудиторлық палатаның дерегінше, 2027 жылға жоспарланған 30,2 триллион теңге көлеміндегі бюджет шығыстары шекті деңгейге толық жеткен. Яғни, сыртқы соққы бола қалса, мемлекетте қаржылық резерв жоқтың қасы.
Вице-премьер әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұған қарсы уәж айтып, негізгі серпін мұнайдан емес, өңдеу өнеркәсібі (күтілетін өсім 5,9%) мен жылына 2 трлн теңге бөлініп жатқан агросектордан келеді деп сендіруде. Ал халықаралық ұйымдарды тым сақ, көбіне қателесетін құрылымдар ретінде бағалады:
«Бұлар әдетте жылдың басында өте пессимистік әрі төмен болжам жасайды да, кейін жыл бойы оған ревизия жүргізеді. Мәселен, мұнайдың бағасын бірі барреліне 85 доллар, енді бірі 57 доллар, ал Американың энергетика министрлігі тіпті 64 доллар деп көрсеткен. Сол себепті біз жағдайды жан-жақты саралап, болжамды өзіміз жасаймыз».
Министр күтпеген дағдарыс болған жағдайда Үкіметтің не істейтінін ашық айтты.
«Не істеуші едік? Жағдай күрт нашарласа шығыстарды азайтып, бюджетті қысқарту қажет болады. Бізде пессимистік сценарий де бар. Егер мұнай бағасы барреліне 50 долларға дейін төмендесе, барлық жағдайды есептей келе, экономикалық өсім 3,2 пайыз болады деп болжап отырмыз», - деді Жұманғарин.
Үкімет оптимист көрінгісі келсе де, 30 триллион теңгеден асқан бюджет шығыстары мемлекеттің тәуекелге белшеден батқанын көрсетеді. Мұнай 50 долларға түскен сәтте әлеуметтік немесе инфрақұрылымдық шығындарды қысқартудан басқа амал қалмайтыны айқын көрініп тұр.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱16❤4🔥3💯3🤔2😁1
⚡️ РФММ-дегі жаппай улану: асханадан құжатсыз өнімдер табылып, мектеп жұмысы уақытша тоқтатылды
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебіндегі (РФММ) ондаған оқушының жаппай ауруханаға түсуінен кейін жүргізілген ресми тексеріс асханадағы өрескел былықтарды әшкереледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тексеріс барысында асханадан тиісті сапа және қауіпсіздік құжаттары жоқ сүт өнімдері тәркіленді. Санитарлық дәрігерлер қауіпті деп танылған жекелеген тағам түрлерін сатуға дереу тыйым салды.
Қазіргі уақытта ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен 48 оқушы дәрігерлердің бақылауында. Министрлік балалардың жағдайы тұрақты екенін, ешқайсысы реанимацияда жатпағанын хабарлады. Ал науқастармен байланыста болған өзге балаларға медициналық бақылау орнатылып, интернатта тұратын кейбір оқушылар уақытша оқшауланды.
Еліміздің маңдайалды мектептерінің бірінде санитарлық нормалардың бұлайша аяққа тапталуы балалар тамағына жауапты жеке компаниялардың бақылаусыз қалғанының айқын көрінісі.
Қазір мамандар су, азық-түлік және ас үй жабдықтарының сынамаларын зерттеп, нақты инфекция ошағын іздеп жатыр.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебіндегі (РФММ) ондаған оқушының жаппай ауруханаға түсуінен кейін жүргізілген ресми тексеріс асханадағы өрескел былықтарды әшкереледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Денсауминнің мәліметінше, мектеп асханасын сенімгерлікпен басқарып отырған «Master Food» компаниясының жұмысынан көптеген заңбұзушылық анықталған. Тексерушілер азық-түлікті сақтау ережелері сақталмағанын, дайын тағамдардың тәуліктік сынамалары дұрыс алынбағанын және тамақтандыруды ұйымдастыруда өрескел кемшіліктер барын тіркеді.
Тексеріс барысында асханадан тиісті сапа және қауіпсіздік құжаттары жоқ сүт өнімдері тәркіленді. Санитарлық дәрігерлер қауіпті деп танылған жекелеген тағам түрлерін сатуға дереу тыйым салды.
Ең бастысы мектеп пен оның асханасының қызметі уақытша толық тоқтатылды. Барлық жиналған құжаттар құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
Қазіргі уақытта ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен 48 оқушы дәрігерлердің бақылауында. Министрлік балалардың жағдайы тұрақты екенін, ешқайсысы реанимацияда жатпағанын хабарлады. Ал науқастармен байланыста болған өзге балаларға медициналық бақылау орнатылып, интернатта тұратын кейбір оқушылар уақытша оқшауланды.
Еліміздің маңдайалды мектептерінің бірінде санитарлық нормалардың бұлайша аяққа тапталуы балалар тамағына жауапты жеке компаниялардың бақылаусыз қалғанының айқын көрінісі.
Қазір мамандар су, азық-түлік және ас үй жабдықтарының сынамаларын зерттеп, нақты инфекция ошағын іздеп жатыр.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱18❤7😢3🤯1🤬1🙏1💯1
⚡️ Қарағандыға көшкен дене, Мәскеуде қалған ми: Депутат «Яндекс» деректерін тексеруді талап етті...
«Яндекс» сервистерінің жаппай істен шығуы мен жеке деректердің қорғалмауы Құрылтай қабырғасында өткір мәселе болып көтерілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«11 қазанда қазақстандықтар «Яндекс» қызметтеріне қол жеткізе алмады. Компания мұны шетелдегі инфрақұрылымның ақауымен түсіндірді. Министрлік отандық қолданушылардың деректері ел аумағындағы серверлерде сақталады дегенімен, кейбір компоненттердің Қазақстаннан тыс жерде екенін растады. Азаматтардың телефон нөмірі, мекенжайы, жүріп-тұру бағыты мен төлем мәліметін өңдейтін сервис шетелдегі бір ақауға бола тоқтап қалатын болса, мәліметтер нақты қай елде және қандай құқықтық режимде өңделетінін анықтау қажет», — деп мәлімдеді депутат.
Бұған қоса, ел ішіндегі деректердің қорғалуы да сын көтермейді. Шиелі ауданында 7 білім беру мекемесі мемлекеттік сатып алу порталына 529 қызметкердің мәліметін, ал Семейде 344 кәмелетке толмаған баланың жеке деректерін ашық жариялап жіберген.
• Жүйені бұзудың да қажеті болмаған: қорғауға тиіс мекемелер ақпаратты өздері желіге жайып салған;
• Балалардың денсаулығы, отбасылық жағдайы мен мекенжайы кез келген қаскөйдің қолына түсуі әбден мүмкін.
Біздіңше, «барлығы ел ішінде сақтаулы» деген министрліктің есебі мен шынайы цифрлық тәуелсіздіктің аражігі жер мен көктей. Егер көрші елдегі кез келген жарылыс біздің таксиімізді тоқтатып, төлемімізді бұғаттайтын болса, бұл ұлттық қауіпсіздіктің тікелей осалдығы.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
«Яндекс» сервистерінің жаппай істен шығуы мен жеке деректердің қорғалмауы Құрылтай қабырғасында өткір мәселе болып көтерілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Депутат Ләззат Жылқыбаева Бас прокурор пен Цифрлық даму министріне дат айтып, азаматтардың жеке ақпараты қай елде, қандай құқықтық режимде өңделіп жатқанын ашық жариялауды талап етті.
«11 қазанда қазақстандықтар «Яндекс» қызметтеріне қол жеткізе алмады. Компания мұны шетелдегі инфрақұрылымның ақауымен түсіндірді. Министрлік отандық қолданушылардың деректері ел аумағындағы серверлерде сақталады дегенімен, кейбір компоненттердің Қазақстаннан тыс жерде екенін растады. Азаматтардың телефон нөмірі, мекенжайы, жүріп-тұру бағыты мен төлем мәліметін өңдейтін сервис шетелдегі бір ақауға бола тоқтап қалатын болса, мәліметтер нақты қай елде және қандай құқықтық режимде өңделетінін анықтау қажет», — деп мәлімдеді депутат.
Мәселенің төркіні тіпті тереңде жатыр. Ресейлік БАҚ мәліметінше, 8 және 9 қазан күндері дрон шабуылынан кейін «Яндекстің» Рязань және Калуга облысындағы дата-орталықтарында өрт шығып, нысандар істен шыққан. Іле-шала компания пайдаланушы келісіміне соғыс қимылдары мен дрон шабуылына қатысты форс-мажор тармағын енгізген. Демек, Қазақстанның ішкі цифрлық қызметі көрші елдегі оқиғаларға тікелей байлаулы болып шықты.
Бұған қоса, ел ішіндегі деректердің қорғалуы да сын көтермейді. Шиелі ауданында 7 білім беру мекемесі мемлекеттік сатып алу порталына 529 қызметкердің мәліметін, ал Семейде 344 кәмелетке толмаған баланың жеке деректерін ашық жариялап жіберген.
• Жүйені бұзудың да қажеті болмаған: қорғауға тиіс мекемелер ақпаратты өздері желіге жайып салған;
• Балалардың денсаулығы, отбасылық жағдайы мен мекенжайы кез келген қаскөйдің қолына түсуі әбден мүмкін.
Біздіңше, «барлығы ел ішінде сақтаулы» деген министрліктің есебі мен шынайы цифрлық тәуелсіздіктің аражігі жер мен көктей. Егер көрші елдегі кез келген жарылыс біздің таксиімізді тоқтатып, төлемімізді бұғаттайтын болса, бұл ұлттық қауіпсіздіктің тікелей осалдығы.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯27👍10🔥7😱5❤4😡4
⚡️«Байлар өзіне сенсін»: Бектенов 500 мыңнан астам азаматты жәрдемақыдан қағудың астарын ашты
Қазақстанда ауқатты азаматтар енді мемлекет қазынасынан әлеуметтік көмек пен жәрдемақы дәметпеуі тиіс, олар өз күнін өзі көруге міндетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Үкімет басшысы қолданыстағы жүйесің уақыты әлдеқашан өткенін ашық айтты. Айталық, бүгінде төрт немесе одан да көп баласы бар отбасы бай болсын, кедей болсын, бюджеттен дәл бірдей көлемде жәрдемақы алып отыр.
Премьердің уәжінде әлеуметтік масылдыққа қарсы нақты ескерту бар. Жәрдемақы адамның өмір бойы күн көретін тұрақты қаржы көзі болмауы керек. Үкімет көмекті қиындықтан шығуға серпін беретін уақытша баспалдақ ретінде ғана қарастырмақ.
Цифрларға қараңыз:
• Тек 2027 жылдың өзінде ауқаттыларға төлемді тоқтату есебінен қазына 700 миллиард теңге үнемдейді;
• Ал 2027–2029 жылдар аралығындағы үш жылдық экономикалық тиімділік 2,5 триллион теңгеге жетпек;
• Бұл қаржы тапшылықты азайтуға және инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім салаларына бағытталады.
Жұманғарин? Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, Отбасының цифрлық картасы бойынша жәрдемақының 10 түрінен қағылатын ауқатты адамдар саны қазір 522 мыңнан асады. Оның 70 мыңы ең жоғары әл-ауқат санатына кіретіндер. Олардың барлығына арнайы хабарлама жіберіледі.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қазақстанда ауқатты азаматтар енді мемлекет қазынасынан әлеуметтік көмек пен жәрдемақы дәметпеуі тиіс, олар өз күнін өзі көруге міндетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Премьер Бектенов Құрылтай отырысында осындай батыл мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі әлеуметтік қолдау жүйесі түбегейлі өзгеріп, көмек тек шын мұқтаж жандарға ғана бағытталады.
Үкімет басшысы қолданыстағы жүйесің уақыты әлдеқашан өткенін ашық айтты. Айталық, бүгінде төрт немесе одан да көп баласы бар отбасы бай болсын, кедей болсын, бюджеттен дәл бірдей көлемде жәрдемақы алып отыр.
«Біз ақыры адамның қай санатқа жататынына емес, оның мұқтаждығына қарайтын қағидатқа көшіп жатырмыз. Бұрыннан бері бай мен кедейге бірдей жәрдемақы төленіп келді. Біздің ойымызша, бұл әділетсіздік. Ауқатты, өзін-өзі асырай алатын адамдар мемлекеттен көмек алмауы керек. Олар өз күшіне сенуі қажет», – деп қадап айтты Бектенов.
Премьердің уәжінде әлеуметтік масылдыққа қарсы нақты ескерту бар. Жәрдемақы адамның өмір бойы күн көретін тұрақты қаржы көзі болмауы керек. Үкімет көмекті қиындықтан шығуға серпін беретін уақытша баспалдақ ретінде ғана қарастырмақ.
Біздіңше, мұның артында әлеуметтік әділдік қана емес, республикалық бюджеттің қысылып тұрған жағдайы да анық сезіледі.
Цифрларға қараңыз:
• Тек 2027 жылдың өзінде ауқаттыларға төлемді тоқтату есебінен қазына 700 миллиард теңге үнемдейді;
• Ал 2027–2029 жылдар аралығындағы үш жылдық экономикалық тиімділік 2,5 триллион теңгеге жетпек;
• Бұл қаржы тапшылықты азайтуға және инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім салаларына бағытталады.
Жұманғарин? Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, Отбасының цифрлық картасы бойынша жәрдемақының 10 түрінен қағылатын ауқатты адамдар саны қазір 522 мыңнан асады. Оның 70 мыңы ең жоғары әл-ауқат санатына кіретіндер. Олардың барлығына арнайы хабарлама жіберіледі.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯12❤6🔥4🤔3👏2😡1
⚡️ «Құжатқа қалай қол қойған?»: Сыртқы істер соғысқа кеткен қазақстандықтарды қайтару неге қиын екенін түсіндірді...
Ресейге жұмыс істеуге кетіп, кейін Украинадағы соғыс аймағынан бір-ақ шыққан Қазақстан азаматтарын елге қайтару процесі өте күрделі кезеңде тұр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Журналистер Қазақстанның Ресейдегі консулдығы өз деңгейінде жұмыс істемеді ме деген сауал қойғанда, дипломат әлгі айыппен үзілді-кесілді келіспеді:
Еске салсақ, қазан айының басында Астанаға Ресейге нәпақа табуға барып, артынша майдан шебінен хабар берген жігіттердің аналары мен туыстары келіп, араша сұраған еді.
Жігіттердің сөзінше, оларды күзет агенттігіне, ет комбинаты мен құс фабрикасына жұмысқа шақырған. Алайда қарапайым еңбек шартының орнына әскери келісімшартқа қол қойғызып жіберген. Бастапқыда 15 адам болған топтан қазір 9-10 адам ғана қалған, қалғандары алғы шепке жіберілген.
Шыны керек, Астана әзір өте нәзік әрі ауыр дипломатиялық тығырыққа тіреліп тұр. Бөтен юрисдикцияға барып, құжатқа мөр басып, қол қойған азаматты Кремльдің темірдей тәртібінен суырып шығу оңай емес. Алдау болғаны рас шығар, бірақ өз өміріне немқұрайлы қарап, алдындағы қағазды оқымаудың құны осындай сұмдық трагедияға әкеп соқты.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Ресейге жұмыс істеуге кетіп, кейін Украинадағы соғыс аймағынан бір-ақ шыққан Қазақстан азаматтарын елге қайтару процесі өте күрделі кезеңде тұр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Сыртқы істерді бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың айтуынша, басты кедергі өзге мемлекеттің заңы мен азаматтардың өз қолымен бекіткен келісімшарттары.
Журналистер Қазақстанның Ресейдегі консулдығы өз деңгейінде жұмыс істемеді ме деген сауал қойғанда, дипломат әлгі айыппен үзілді-кесілді келіспеді:
«Азаматтардың жеке жауапкершілігі бар. Олар қол қоятын құжатымен толық танысуы керек. Біз мұнда құқықтық сауаттылық туралы айтып отырмыз. Қалай ғана оқымай қол қоюға болады? Әрине, адамдардың алданып қалған жағдайын жоққа шығармаймыз. Дегенмен қазір әрбір іс бойынша ол қандай құжат, олар онда қай негізде тап болды деген мәселені анықтап жатырмыз», — деді Ашықбаев.
Еске салсақ, қазан айының басында Астанаға Ресейге нәпақа табуға барып, артынша майдан шебінен хабар берген жігіттердің аналары мен туыстары келіп, араша сұраған еді.
Жігіттердің сөзінше, оларды күзет агенттігіне, ет комбинаты мен құс фабрикасына жұмысқа шақырған. Алайда қарапайым еңбек шартының орнына әскери келісімшартқа қол қойғызып жіберген. Бастапқыда 15 адам болған топтан қазір 9-10 адам ғана қалған, қалғандары алғы шепке жіберілген.
Шыны керек, Астана әзір өте нәзік әрі ауыр дипломатиялық тығырыққа тіреліп тұр. Бөтен юрисдикцияға барып, құжатқа мөр басып, қол қойған азаматты Кремльдің темірдей тәртібінен суырып шығу оңай емес. Алдау болғаны рас шығар, бірақ өз өміріне немқұрайлы қарап, алдындағы қағазды оқымаудың құны осындай сұмдық трагедияға әкеп соқты.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15🤬12😢8❤4💯2🤔1
⚡️ Алматының туризмін дамытып жүргендер марапаталады
Алматыда қаланың туристік әлеуетін ашып, оның табиғаты мен мәдениетін қазақстандық және шетелдік аудиторияға насихаттап жүрген блогерлер мен сала мамандарына арналған ICONIC Tourism Award арнайы сыйлығы тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Марапаттау рәсімі 11 қараша күні Almaty Arena сахнасында, ауқымды ICONIC 2026 салтанаты аясында өтеді. Бұл бастаманы қалалық Туризм басқармасы Visit Almaty және EACI серіктестігімен бірлесе қолға алып отыр.
Жоба аясында бақ сынай алатындар:
• Саяхат блогерлері мен цифрлық контент авторлары;
• Гидтер, туроператорлар мен туристік ұйымдар;
• Оқиғалы, гастрономиялық және экологиялық туризм жобаларының авторлары.
Өтінімдерді қабылдау theiconicawards.com ресми сайтында басталды.

❤9😁6👍4👎3💯2
⚡️Банкирлердің ескі абоненттері: бизнеске бөлінген ақшаның қызығын кімдер көріп жүр?
Биылғы тоғыз айда бизнеске берілген несие бірден 19,6 пайызға артып, 15,8 триллион теңгеге жетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ә дегенде, елде іскерлік белсенділік оянғандай әсер қалдырады. Алайда Қаржыгерлер қауымдастығының соңғы талдауына үңілсеңіз, таңғаларлық парадокске куә боласыз.
Шын мәнінде, берілген қыруар қаржының 85 пайызы небары үш-ақ саланың аузына түскен:
• Өнеркәсіп секторы – өсімнің 42%-ы;
• Сауда саласы – 31%-ы;
• Құрылыс секторы – 12%-ы.
Бұл нені білдіреді? Компаниялар зауыт-фабрика ашып, өндіріс қуатын кеңейтіп жатқан жоқ. Айналым қаражатын толықтыру, яғни күнделікті шығынын жауып, жұмысын тоқтатпау үшін қысқа мерзімді несиені жиі-жиі алып, тез-тез өтеуге көшкен.
Турасын айтқанда, банктер қауіпсіз жолды таңдап алған. Таныс-біліс болып кеткен ірі компанияларға миллиардтарды қайта-қайта айналдырып беруде. Нақты экономиканы алға сүйрейтін стартаптар мен жаңа бастамалар үшін бұлардың есігі әлі де тарс жабық.
Фото:Ұлттық банк
Бізге жазылып алыңыз👇

Нарықтағы «өсім» жаңа кәсіпорын есебінен емес, бұрыннан кредит алып келген көзтаныс әрі ірі қарыз алушылардың банкті қайта-қайта жағалауынан туындап отыр екен. Банктер сіз бен біз секілді кәсіп бастағысы келетін қауымға есік ашудан гөрі, ескі клиенттеріне лимитті еселеп арттырып жатыр.
Шын мәнінде, берілген қыруар қаржының 85 пайызы небары үш-ақ саланың аузына түскен:
• Өнеркәсіп секторы – өсімнің 42%-ы;
• Сауда саласы – 31%-ы;
• Құрылыс секторы – 12%-ы.
Бұл нені білдіреді? Компаниялар зауыт-фабрика ашып, өндіріс қуатын кеңейтіп жатқан жоқ. Айналым қаражатын толықтыру, яғни күнделікті шығынын жауып, жұмысын тоқтатпау үшін қысқа мерзімді несиені жиі-жиі алып, тез-тез өтеуге көшкен.
Ең қауіпті сигнал – сауда саласынан келіп тұр. Мұнда уақытылы төленбеген, проблемалық қарыз көлемі бірден 85,4 миллиард теңгеге жетіп, жалпы үлесі 3,8-ден 5,8 пайызға дейін ыршып кеткен. Халықпен тікелей байланысты саланың қарызға белшеден батуы ішкі сұраныс пен төлем қабілетінің сыр бере бастағанын аңғартады.
Турасын айтқанда, банктер қауіпсіз жолды таңдап алған. Таныс-біліс болып кеткен ірі компанияларға миллиардтарды қайта-қайта айналдырып беруде. Нақты экономиканы алға сүйрейтін стартаптар мен жаңа бастамалар үшін бұлардың есігі әлі де тарс жабық.
Фото:
Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14😱9❤3💯3🤬2🔥1
⚡️Бурабайдағы бюджет ақшасын опыратын жоба: Қымбат курортта тағы бір дәу кешен кім үшін салынып жатыр?
Қазақстанның ең қымбат курорттық аймағы Бурабайда құны 21,27 миллиард теңге болатын көпбейінді конгресс-орталық салынбақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Protenge-дегі әріптестерге сілтеп.
Мемсатып алу порталындағы мәліметке қарағанда, Жібек жолы көшесінде бой көтеретін нысан жобалаудан бастап «кілтке дейін» толық тапсырылуы тиіс. Құрылыс жұмысы 2028 жылдың тамызына дейін аяқталуы керек. Тапсырыс беруші - Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы дейді.
Бір қызығы, үкімет бекіткен Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған жоспарында 1 000 орындық дәл осы конгресс-орталыққа бастапқыда 15 миллиард теңге ғана қарастырылған еді.
Алайда мемсатып алу карточкасында әлгі сома 21,27 миллиард теңгеге жеткен. Айырма 6,27 миллиард теңге немесе бірден 42%-ға дерлік өсім. Мерзімі де бастапқы 2027 жылдан 2028 жылдың соңына шегерілген.
Мұның сыртында инфрақұрылымдық сұрақтар тағы бар:
• Бурабайда онсыз да қыс мезгілінде жылу тапшылығы байқалады;
• Экологиялық тыңдау құжатында жаңа кешенді қосу үшін кенттегі қазандықтың қуатын 21-ден 34,76 Гкал/сағатқа дейін ұлғайту қарастырылған;
• Демек, қосымша желі мен инфрақұрылымға кететін шығын жобаның соңғы бағасын одан сайын қымбаттатуы әбден мүмкін.
Шыны керек, бір күндік демалысың 200 мың теңгеге дейін жететін қымбат курортта бюджеттің ондаған миллиардына алып ғимарат тұрғызу не үшін қажет болды деген сауал еріксіз туындайды.

Қоғамдық тыңдау құжаттарында жобаның бас жобалаушысы ретінде «Alem Qurylys AQ» ЖШС көрсетілген. Компания бұрын BI Global деп аталып, BI Group құрылыс холдингіне тікелей қатысы болғаны белгілі. Shishkin_like жобасының дерегінше, оның мажоритарлық иесі құрылыс магнаты Айдын Рахымбаев болған.
Бір қызығы, үкімет бекіткен Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған жоспарында 1 000 орындық дәл осы конгресс-орталыққа бастапқыда 15 миллиард теңге ғана қарастырылған еді.
Алайда мемсатып алу карточкасында әлгі сома 21,27 миллиард теңгеге жеткен. Айырма 6,27 миллиард теңге немесе бірден 42%-ға дерлік өсім. Мерзімі де бастапқы 2027 жылдан 2028 жылдың соңына шегерілген.
Мұның сыртында инфрақұрылымдық сұрақтар тағы бар:
• Бурабайда онсыз да қыс мезгілінде жылу тапшылығы байқалады;
• Экологиялық тыңдау құжатында жаңа кешенді қосу үшін кенттегі қазандықтың қуатын 21-ден 34,76 Гкал/сағатқа дейін ұлғайту қарастырылған;
• Демек, қосымша желі мен инфрақұрылымға кететін шығын жобаның соңғы бағасын одан сайын қымбаттатуы әбден мүмкін.
Шыны керек, бір күндік демалысың 200 мың теңгеге дейін жететін қымбат курортта бюджеттің ондаған миллиардына алып ғимарат тұрғызу не үшін қажет болды деген сауал еріксіз туындайды.
Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱24❤4😁4💯3👍2🔥1🤔1
⚡️Судьяның шипажайы, ананың жөргекпұлы: Біртанов жәрдемақы дауына араласты...
Қазақстандықтарды әл-ауқатына қарай бөліп, жәрдемақыны отбасының табысына қарап тағайындау қоғамда үлкен резонанс тудырды. Мәселеге экс-Денсаумин Елжан Біртанов та үн қосып, төлемдердің табиғатын түсінбей жатқандарға нақты жауап берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Айтуынша, бала туғаны үшін немесе көпбалалы отбасыларға берілетін төлем адамның табысына байланысты болмауы тиіс. Мұны азаматтық мәртебеге сай берілетін халықтың өз атынан ұсынылатын сыйлығы деп қабылдау қажет.
Біртанов денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз жандар мен ауыр науқас балаларды бағып отырған ата-аналардың мәселесін бөле-жара атады. Мұны масылдық емес, басқа түскен өмірлік ауыртпалық және қоғамның оларға лайықты өмір сүруге жағдай жасауы адамгершілік парыз деп отыр.
Экс-шенеунік шын мәнінде реформаланатын тұстарды да атап көрсетті. Пайымынша, дені сау, бірақ әдейі жұмыс істемей жүргендерге жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуді тоқтату қажет. Өйткені сау адамға елде еңбек етуге мүмкіндік көп.
Ең бастысы, Біртанов Үкіметтің көзіне ілінбей келе жатқан элиталық кастаның артықшылығын еске салды:
• Қазіргі және отставкадағы судьялардың өмір бойы мемлекет есебінен қамтамасыз етілуі;
• Олардың отбасы мүшелерінің Президент Іс басқармасының Медициналық орталығында тегін емделуі.
Біртановтың уәжі биліктің үнемдеу саясатында шикілік бар екенін дөп басқандай. Бюджетті қысқартуды мұқтаж аналардан емес, жеңілдікке шомылған элитадан бастау керек емес пе?
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қазақстандықтарды әл-ауқатына қарай бөліп, жәрдемақыны отбасының табысына қарап тағайындау қоғамда үлкен резонанс тудырды. Мәселеге экс-Денсаумин Елжан Біртанов та үн қосып, төлемдердің табиғатын түсінбей жатқандарға нақты жауап берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Айтуынша, бала туғаны үшін немесе көпбалалы отбасыларға берілетін төлем адамның табысына байланысты болмауы тиіс. Мұны азаматтық мәртебеге сай берілетін халықтың өз атынан ұсынылатын сыйлығы деп қабылдау қажет.
«Егер бұл азаматтық құқық пен белгілі бір қоғамдық мәртебеге байланысты төлем болса, ол табысқа қарамастан берілуі керек. Мәселен, бала туғанда берілетін жөргекпұл отбасының байлығына байланбай төленуі шарт. Бұл мемлекеттің атынан күллі халықтың беретін сыйақысы», — дейді ол.
Біртанов денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз жандар мен ауыр науқас балаларды бағып отырған ата-аналардың мәселесін бөле-жара атады. Мұны масылдық емес, басқа түскен өмірлік ауыртпалық және қоғамның оларға лайықты өмір сүруге жағдай жасауы адамгершілік парыз деп отыр.
Экс-шенеунік шын мәнінде реформаланатын тұстарды да атап көрсетті. Пайымынша, дені сау, бірақ әдейі жұмыс істемей жүргендерге жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуді тоқтату қажет. Өйткені сау адамға елде еңбек етуге мүмкіндік көп.
Ең бастысы, Біртанов Үкіметтің көзіне ілінбей келе жатқан элиталық кастаның артықшылығын еске салды:
• Қазіргі және отставкадағы судьялардың өмір бойы мемлекет есебінен қамтамасыз етілуі;
• Олардың отбасы мүшелерінің Президент Іс басқармасының Медициналық орталығында тегін емделуі.
Экс-министрдің пікірінше, жоғары табысы мен мол зейнетақы жинағы бар сот саласының өкілдеріне мұндай артықшылық беру балалы отбасылар мен науқас жандарға төленетін тиын-тебеннен әлдеқайда орынсыз әрі даулы көрінеді.
Біртановтың уәжі биліктің үнемдеу саясатында шикілік бар екенін дөп басқандай. Бюджетті қысқартуды мұқтаж аналардан емес, жеңілдікке шомылған элитадан бастау керек емес пе?
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍95💯19❤11🔥8🙏2
⚡️ Азияны бағындыру: Алматы тоғыз айда бес халықаралық жүлдені жеңіп, жүздеген келісім жасады
Алматы биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында Азияның ең беделді халықаралық туристік көрмелерінде бес мәрте топ жарып, нақты 284 іскерлік келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мегаполистің туристік бренді Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Жапония және Гонконг сынды салмақты нарықтардың 7 бірдей алаңында қорғалды. Нәтиже көңіл көншітерлік:
• Мумбайда — қалалық туризмді үздік ілгерілеткені үшін бас жүлде;
• Гуанчжоуда — ең танымал мәдени бағыт номинациясы;
• Сеулде — көрме стендінің үздік мазмұны;
• Гонконгта — ұйымдастыру сапасына берілген арнайы марапат;
• Куала-Лумпурда — қаланың мәдени бағдарламасы үздік деп танылды.
Ең бастысы, сапарлар тек салтанатты марапаттаумен әрі әдемі стенд қоюмен шектелген жоқ.
Шыны керек, Қазақстан үшін Азия бүгінде ең майлы әрі перспективалы туристік трафик көзі. 284 келісімшарттың соңы жақын арада елімізге келетін мыңдаған төлем қабілеті жоғары саяхатшыға, толыққан қонақүйлер мен қосымша әуе рейстеріне ұласуы тиіс.

Отандық турбизнес өкілдері шетелдік туроператорлармен, халықаралық қонақүй алпауыттарымен және әуе тасымалдаушыларымен 500-ден астам бетпе-бет B2B кездесу өткізді.
Шыны керек, Қазақстан үшін Азия бүгінде ең майлы әрі перспективалы туристік трафик көзі. 284 келісімшарттың соңы жақын арада елімізге келетін мыңдаған төлем қабілеті жоғары саяхатшыға, толыққан қонақүйлер мен қосымша әуе рейстеріне ұласуы тиіс.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14👏3❤2🔥2🤔1💯1
⚡️ «Люстрацияны қоя тұрыңыз деді»: Ермұрат Бапи Назарбаев мұрасы, тоқтатылған заң және «сатқындық» айыбы туралы ашық айтты...
Экс-депутат, әйгілі журналист Ермұрат Бапи «Decaf» подкастында бүкпесіз сұхбат беріп, саяси элитаны тазарту, шетелдегі заңсыз актив, Назарбаев әулетінің байлығы және өзінің билікпен ымыраға келу себептері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бапидің айтуынша, қазіргі күрделі геосаяси жағдайда және реваншистік күштердің қаупі сейілмеген шақта президент Тоқаев ұсынған саяси бағытқа ел ішінде ешқандай балама жоқ. Жақында жаңадан құрылған Халық кеңесіне қоғамдық негізде мүше болған саясаткер билік пен бұқара арасында шынайы диалог орнату үшін осы қадамға барғанын жеткізді.
Ең қызығы, экс-депутат өзінің депутаттық сауалдары мен бастамаларына жоғары жақтан қалай тоқтау салынғанын да жайып салды:
Қоғамды дүрліктірген заңсыз активтерді қайтару мәселесінде де қиындықтар шаш-етектен.
Бапи кезінде парламент мінберінен Қайрат Шәріпбаев, Қайрат Боранбаев, Дариға Назарбаева және Тимур Құлыбаевтың атын атағанымен, шетелдегі қаражат оффшорлар мен қорларға жасырылғандықтан, оларды сотпен қайтару жылдарға созылатынын мойындады. Сондықтан билік оларды тікелей тартып алмай, ел ішіне инвестиция құйғызу тактикасына көшкен.
Әбішұлы? Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке мүлкі жайлы саясаткер мынадай дерек келтірді.
Өзіне тағылған «билікке сатылып кетті» деген айыптарға Ерекең үзілді-кесілді жауап берді. «Дат» газетін шығару жолында 3 бірдей журналисі мерт болып, кеңсесі өртелгенін, өзі 5 жыл мақала жазу құқығынан айырылғанын еске салды.
Біздіңше, Бапидің мәлімдемесі елдегі радикалды оппозициялық күрестің прагматикалық саясатпен алмасқанының айқын белгісі. Төңкеріс пен жаппай тазартудың орнына жүйемен келісе отырып жұмыс істеу таңдалды. Десе де, әулет активтін қайтарудың «жұмсақ инвестицияға» айналуы әділдік күткен қоғамның көңілінен қаншалықты шығады, бұл әзірге басы ашық сұрақ.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Экс-депутат, әйгілі журналист Ермұрат Бапи «Decaf» подкастында бүкпесіз сұхбат беріп, саяси элитаны тазарту, шетелдегі заңсыз актив, Назарбаев әулетінің байлығы және өзінің билікпен ымыраға келу себептері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бапидің айтуынша, қазіргі күрделі геосаяси жағдайда және реваншистік күштердің қаупі сейілмеген шақта президент Тоқаев ұсынған саяси бағытқа ел ішінде ешқандай балама жоқ. Жақында жаңадан құрылған Халық кеңесіне қоғамдық негізде мүше болған саясаткер билік пен бұқара арасында шынайы диалог орнату үшін осы қадамға барғанын жеткізді.
Ең қызығы, экс-депутат өзінің депутаттық сауалдары мен бастамаларына жоғары жақтан қалай тоқтау салынғанын да жайып салды:
«Люстрация туралы заң жобасын дайындаған кезімде Парламент бюросы арқылы «уақыты келген жоқ, әзірге қоя тұрыңыз» дегендей әңгімелер болды. Мен саяси жағдайды түсініп, оған дес бердім. Өйткені мемлекеттік элитаны жаппай тазарту қоғамда үлкен дағдарыс тудыруы мүмкін еді. Қазір байқасаңыз, билік бұл мәселені байсалды түрде, жұмсақ сүзгі арқылы шешіп жатыр».
Қоғамды дүрліктірген заңсыз активтерді қайтару мәселесінде де қиындықтар шаш-етектен.
Бапи кезінде парламент мінберінен Қайрат Шәріпбаев, Қайрат Боранбаев, Дариға Назарбаева және Тимур Құлыбаевтың атын атағанымен, шетелдегі қаражат оффшорлар мен қорларға жасырылғандықтан, оларды сотпен қайтару жылдарға созылатынын мойындады. Сондықтан билік оларды тікелей тартып алмай, ел ішіне инвестиция құйғызу тактикасына көшкен.
Әбішұлы? Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке мүлкі жайлы саясаткер мынадай дерек келтірді.
«Экс-президенттің өз атына тікелей жазылған дүние-мүлікті құжат түрінде табу мүмкін емес, бәрі туыстары мен сенімді адамдарында. Менің Назарбаевқа жеке өшпенділігім жоқ, бірақ халық қазынасы тоналып, босқа өткен 30 жыл үшін өкініш зор. Майқапшағай мен Омбы тасжолының құрылысы 2006-2008 жылдары басталған еді, ақшасын Назарбаевтың жақындары тонап, 20 жыл бойы бітпей тұрды», - дейді Бапи.
Өзіне тағылған «билікке сатылып кетті» деген айыптарға Ерекең үзілді-кесілді жауап берді. «Дат» газетін шығару жолында 3 бірдей журналисі мерт болып, кеңсесі өртелгенін, өзі 5 жыл мақала жазу құқығынан айырылғанын еске салды.
«Мен ешкімге ант берген жоқпын, ешкімнен ақша алмадым. Осындай тар жол, тайғақ кешуді өткерген адамды бүгін диванда жатып алып даттау әділетсіздік. Бүгінде құр байбаламнан гөрі, мемлекетті аман сақтап қалу үшін билікпен ымыраға келу әлдеқайда маңызды», - деді ол.
Біздіңше, Бапидің мәлімдемесі елдегі радикалды оппозициялық күрестің прагматикалық саясатпен алмасқанының айқын белгісі. Төңкеріс пен жаппай тазартудың орнына жүйемен келісе отырып жұмыс істеу таңдалды. Десе де, әулет активтін қайтарудың «жұмсақ инвестицияға» айналуы әділдік күткен қоғамның көңілінен қаншалықты шығады, бұл әзірге басы ашық сұрақ.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏10💯5❤3👍3🤔3🔥2🤮2😁1😱1
⚡️ Ағаш отату, гранит ұрлығы және ұлттық компанияның қаржысы: Санжар Боқаевтың соты басталды
Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаев пен оның екі сыбайласына қатысты басты сот процесі басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жеті айдан бері тергеу изоляторында отырған белсендімен бірге оның жиені Мадияр Қалменов пен жеке мобилографы Ұлан Нүсіпқожа да сотталып жатыр. Айыптау актісі ауыр.
Соттың бірінші күні техникалық келеңсіздіктермен есте қалды. Тілшілер негізгі сот залына кіргізілмей, бөлек бөлмедегі мониторға қарап отыруға мәжбүр болды. Алайда отырыс бастала салысымен экранда жиырма минут бойы «Сигнал жоқ» деген жазу тұрып, дауыс мүлде естілмеген. Адвокат Айман Омарованы онлайн қосудан да сот бас тартты.
Тергеу таққан айып2️⃣ түрлі кезең мен мүлдем басқа екі оқиғаны біріктіріп отыр:
• Біріншісі - Боқаев 2015–2018 жылдары «ҚазТрансГаз» (қазіргі QazaqGaz) басшысының кеңесшісі болып тұрғанда ақша жымқыру схемасын жасап, қаржыны туыстары арқылы заңдастырған деген күдік;
• Екіншісі - өткен жылғы Бауым тоғайы мен Үлкен Алматы өзені жағалауындағы даулы роликтер. Тергеу болжамынша, Боқаев қала әкімдігіне қара күйе жағу үшін адам жалдап,ағаштарды әдейі кестіріп , гранит плиталарды өз адамдарына ұрлатып, мұны қойылым ретінде видеоға түсірген.
Шыны керек, бір іске мемкомпанияның жүздеген миллион теңгесін, әрі саябақтағы ағаш кесуді тоғыстыру тосын көрінетін гибридті айып. Қорғаушылар болса, істің негізгі себебі белсендінің утильалымға қарсы күресі мен қалалық бюджетті аяусыз сынға алғанында деп отыр.
Боқаев өзіне тағылған бірде-бір айыпты мойындаған жоқ.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаев пен оның екі сыбайласына қатысты басты сот процесі басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жеті айдан бері тергеу изоляторында отырған белсендімен бірге оның жиені Мадияр Қалменов пен жеке мобилографы Ұлан Нүсіпқожа да сотталып жатыр. Айыптау актісі ауыр.
Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы қамтылған: аса ірі көлемдегі алаяқтық, ақшаны заңдастыру, ұрлық, ағаштарды заңсыз кесу және жалған ақпарат тарату.
Соттың бірінші күні техникалық келеңсіздіктермен есте қалды. Тілшілер негізгі сот залына кіргізілмей, бөлек бөлмедегі мониторға қарап отыруға мәжбүр болды. Алайда отырыс бастала салысымен экранда жиырма минут бойы «Сигнал жоқ» деген жазу тұрып, дауыс мүлде естілмеген. Адвокат Айман Омарованы онлайн қосудан да сот бас тартты.
Тергеу таққан айып
• Біріншісі - Боқаев 2015–2018 жылдары «ҚазТрансГаз» (қазіргі QazaqGaz) басшысының кеңесшісі болып тұрғанда ақша жымқыру схемасын жасап, қаржыны туыстары арқылы заңдастырған деген күдік;
• Екіншісі - өткен жылғы Бауым тоғайы мен Үлкен Алматы өзені жағалауындағы даулы роликтер. Тергеу болжамынша, Боқаев қала әкімдігіне қара күйе жағу үшін адам жалдап,
Істегі жәбірленушілер тізімі де қызық. Мұнда «QazaqGaz» кәсіподағы, «Павлодар өзен порты» АҚ және ашық деректерде аты-жөні мүлдем кездеспейтін Мұхтар Әмірханов есімді беймәлім тұлға бар.
Шыны керек, бір іске мемкомпанияның жүздеген миллион теңгесін, әрі саябақтағы ағаш кесуді тоғыстыру тосын көрінетін гибридті айып. Қорғаушылар болса, істің негізгі себебі белсендінің утильалымға қарсы күресі мен қалалық бюджетті аяусыз сынға алғанында деп отыр.
Боқаев өзіне тағылған бірде-бір айыпты мойындаған жоқ.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱16🙏6🔥5🤬2❤1😁1🤔1😢1
⚡️ «Ақша керек емес»: Қазақстандықтарға eGov арқылы жәрдемақыдан өз еркімен бас тарту ұсынылды
Еңбекмин eGov Mobile-де ауқатты азаматтарға мемлекеттен берілетін жәрдемақыдан онлайн түрде бас тартуға мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Премьер Бектенов өткізген кеңесте әлеуметтік көмектің нақты мұқтаж жандарға ғана берілуі қатаң тапсырылды. Қазірдің өзінде «Отбасының цифрлық картасына» 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйе біріктіріліп, 20 млн азаматтың тұрмыс-тіршілігі бақылауға алынған екен. Бектенов базаға екінші деңгейлі банктердің жүйелерін шұғыл түрде қосуды талап етуде.
Ауқатты азаматтар бойынша әкімдіктермен бірлесе арнайы тексеру өткізілген.
Айта кетелік, мемлекет енді атаулы әлеуметтік көмек (АСҚ) тағайындауда адамның сөзіне емес, ЖИ пен компьютерлік көру технологиясына сүйенбек. Жүйе комиссиялардың ұйғарымын тұрғылықты мекенжайға бармай-ақ үйлестіріп, 89%-дық дәлдікпен шешім шығарып үлгерген. Қазірдің өзінде 183 мыңнан аса өтініш осылай сүзгіден өткен.
Ауқаттыларды «асыраудан» бас тартқан Үкімет бюджет ақшасын барынша оптимизациялауға тырысуда. Бұрын бай-бағланға да, қарапайым жұртқа да бірдей беріліп келген көмекке нақты сүзгі қойылды. Қазірдің өзінде жәрдемақы алып жүрген ауқатты 522 мың азамат 2027 жылдан бастап осы бонустан қағылады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Еңбекмин eGov Mobile-де ауқатты азаматтарға мемлекеттен берілетін жәрдемақыдан онлайн түрде бас тартуға мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Үкімет мәліметінше, әзірге 200-ден астам қазақстандық мемлекеттік көмекке мұқтаж емесін айтып, төлемнен ресми түрде бас тартқан. Енді осы механизм автоматтандырылып, меморгандардың табалдырығын тоздырмай-ақ, бір батырма арқылы жүзеге асады.
Премьер Бектенов өткізген кеңесте әлеуметтік көмектің нақты мұқтаж жандарға ғана берілуі қатаң тапсырылды. Қазірдің өзінде «Отбасының цифрлық картасына» 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйе біріктіріліп, 20 млн азаматтың тұрмыс-тіршілігі бақылауға алынған екен. Бектенов базаға екінші деңгейлі банктердің жүйелерін шұғыл түрде қосуды талап етуде.
Ауқатты азаматтар бойынша әкімдіктермен бірлесе арнайы тексеру өткізілген.
Реформа нәтижесінде ауқатты топ үшін 36 түрлі әлеуметтік төлемнің 14-і қайта қаралып, шектелуі мүмкін. Ал қалған 22 төлем бұрынғыдай сақталады. Үкімет мұқтаж азаматтар үшін барлық көмек түгел сақталатынына сендіруде.
Айта кетелік, мемлекет енді атаулы әлеуметтік көмек (АСҚ) тағайындауда адамның сөзіне емес, ЖИ пен компьютерлік көру технологиясына сүйенбек. Жүйе комиссиялардың ұйғарымын тұрғылықты мекенжайға бармай-ақ үйлестіріп, 89%-дық дәлдікпен шешім шығарып үлгерген. Қазірдің өзінде 183 мыңнан аса өтініш осылай сүзгіден өткен.
Ауқаттыларды «асыраудан» бас тартқан Үкімет бюджет ақшасын барынша оптимизациялауға тырысуда. Бұрын бай-бағланға да, қарапайым жұртқа да бірдей беріліп келген көмекке нақты сүзгі қойылды. Қазірдің өзінде жәрдемақы алып жүрген ауқатты 522 мың азамат 2027 жылдан бастап осы бонустан қағылады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁12😱8👏4❤3💯2🤔1
⚡️ Воронежден жеткен жылы хабар: Украинадағы соғыс шебінен 7 қазақстандық шығарылды
Ресейдегі құс фабрикалары мен күзет агенттігіне жұмысқа барамыз деп, соғыстың алғы шебінен бір-ақ шыққан қазақстандықтардың бір бөлігі ажал тырнағынан құтқарылды. Ұрыс даласында жүрген 7 азамат Ресейдің Воронеж қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл туралы жігіттерді елге қайтару үшін күресіп жатқан танымал заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді.
Ulysmedia-ға пікір білдірген Шекеевтің нақтылауынша, қазіргі таңда нақты тоғыз қазақстандық туралы сөз болып отыр. Әзірге олардың нақты қай күні елге жететіні белгісіз, алайда қазақстандық дипломаттар дамылсыз келіссөз жүргізіп жатыр.
Еске салсақ, қазан айының басында Астанаға Ресейге нәпақа табуға барып, артынша майдан шебінен хабар берген жігіттердің аналары мен туыстары келіп, араша сұраған еді.
Бір қызығы, бұған дейін Сыртқы істердің бірінші орынбасары жігіттердің құйтырқы келісімшарттқа өз қолымен қол қойғанын мәлімдеген. Оларды елге қайтаруға дәл осы фактор тежеу болып тұрғанын мойындаған еді. «Біз мұнда құқықтық сауат туралы айтып отырмыз. Қалай ғана оқымай қол қоюға болады?», - деген-тін Ержан Ашықбаев.
Әлбетте, жігіттердің майдан шебінен суырып алынғаны ақжолтай жаңалық. Дегенмен Сыртқы істерден ресми растау күтеміз.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Ресейдегі құс фабрикалары мен күзет агенттігіне жұмысқа барамыз деп, соғыстың алғы шебінен бір-ақ шыққан қазақстандықтардың бір бөлігі ажал тырнағынан құтқарылды. Ұрыс даласында жүрген 7 азамат Ресейдің Воронеж қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл туралы жігіттерді елге қайтару үшін күресіп жатқан танымал заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді.
«Алла қалап, балалардың қазіргі таңда жетеуі соғыс шебінен алдырылып, Воронежге жеткізілді. Алла қаласа, елге келер күн де алыс емес сияқты», – деп жазды адвокат.
Ulysmedia-ға пікір білдірген Шекеевтің нақтылауынша, қазіргі таңда нақты тоғыз қазақстандық туралы сөз болып отыр. Әзірге олардың нақты қай күні елге жететіні белгісіз, алайда қазақстандық дипломаттар дамылсыз келіссөз жүргізіп жатыр.
Еске салсақ, қазан айының басында Астанаға Ресейге нәпақа табуға барып, артынша майдан шебінен хабар берген жігіттердің аналары мен туыстары келіп, араша сұраған еді.
Жігіттердің сөзінше, оларды күзет агенттігіне, ет комбинаты мен құс фабрикасына жұмысқа шақырған. Алайда қарапайым еңбек шартының орнына әскери келісімшартқа қол қойғызып жіберген. Бастапқыда мұндай топта 15 қазақстандық болғаны айтылған.
Бір қызығы, бұған дейін Сыртқы істердің бірінші орынбасары жігіттердің құйтырқы келісімшарттқа өз қолымен қол қойғанын мәлімдеген. Оларды елге қайтаруға дәл осы фактор тежеу болып тұрғанын мойындаған еді. «Біз мұнда құқықтық сауат туралы айтып отырмыз. Қалай ғана оқымай қол қоюға болады?», - деген-тін Ержан Ашықбаев.
Әлбетте, жігіттердің майдан шебінен суырып алынғаны ақжолтай жаңалық. Дегенмен Сыртқы істерден ресми растау күтеміз.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏32❤10🔥9🙏3💯3
⚡️ LEGO-ның ішіндегі қазақ коды: Қазақ қызы киіз үйді әлемге танытудың жолын тапты
Қазақтың ұлттық ойындарын зерттеп, жаңғыртып жүрген креатор Айнұр Полатова киіз үй үлгісіндегі LEGO жиынтығын әлемдік деңгейде шығаруға өте жақын қалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оның LEGO Ideas алаңына ұсынған концептісі финалдық шепке жетті. Ендігі меже - жобаны дат компаниясының ресми директорлар кеңесі мен сарапшыларының қарауына өткізу. Ол үшін бар болғаны 10 мың дауыс қажет, ал қазір жиынтықты өндіріске жіберуге небәрі 1750 дауыс жетпей тұр.
Айнұр Полатова - Германияда білім алған, қазақ тілі мен фольклорын заманауи тілде ұсынып жүрген маман. Мәселе ойыншықта ғана емес. Бұл бүтін бір елдің миллиондаған қаржы шашпай-ақ әлемдік аренада ұлттың имиджін қалыптастыратын нағыз софт-пауэр құралы.
Ашығын айтқанда, осындай тарихи жүкті бүгінде қаршадай қыз өзі жалғыз сүйреп жүр. Уақыт аз, ал бір адамның бір дауысы киіз үйді дүниежүзілік трендке айналдыруға жетіп жатыр.
Мына сілтемеге өтіп, дауыс беру жеткілікті: https://ideas.lego.com/product-ideas/298829d4-334c-4f26-bc22-7fcdd2d74c31

Егер осы меже бағынса, LEGO киіз үй дизайнын бекітіп, ресми жиынтық ретінде дүниежүзі бойынша саудаға шығара алады. Яғни миллиондаған шетелдік бала үшін қазақ мәдениеті ұсақ бөлшектерден құралатын қарапайым әрі сүйкімді құбылысқа айналмақ.
Айнұр Полатова - Германияда білім алған, қазақ тілі мен фольклорын заманауи тілде ұсынып жүрген маман. Мәселе ойыншықта ғана емес. Бұл бүтін бір елдің миллиондаған қаржы шашпай-ақ әлемдік аренада ұлттың имиджін қалыптастыратын нағыз софт-пауэр құралы.
Ашығын айтқанда, осындай тарихи жүкті бүгінде қаршадай қыз өзі жалғыз сүйреп жүр. Уақыт аз, ал бір адамның бір дауысы киіз үйді дүниежүзілік трендке айналдыруға жетіп жатыр.
Мына сілтемеге өтіп, дауыс беру жеткілікті: https://ideas.lego.com/product-ideas/298829d4-334c-4f26-bc22-7fcdd2d74c31
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥33👍21👏7💯7❤1👎1
⚡️ Тоқаев БҰҰ-ға кете ме? Батыс медиасы жаһандық дағдарыстың шешімін Ақордадан іздей бастады
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жаңа Бас хатшыны сайлауда геосаяси тығырыққа тіреліп, халықаралық басылымдар мен сарапшылар осы қызметке Тоқаевты басты үміткердің бірі ретінде қайта атай бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ұйымның қазіргі басшысы Антониу Гутерриштің өкілеттігі биыл 31 желтоқсанда аяқталады.
Дәл осы тұста The Guardian басылымы инсайд жариялап, егер алпауыттар өзара келісе алмаса, соңғы сәтте бейресми «компромистік тұлғалар» алға шығатынын мәлімдеді. Басылым бірнеше тілді меңгерген кәсіби дипломат Қасым-Жомарт Тоқаевты осы тізімнің басына қойған екен. Бұған дейін наурызда Reuters те дипломатиялық дереккөздерге сүйеніп, осыған ұқсас ақпарат таратқан еді.
Тақырыптың қызу талқылануына конституциялық реформа түрткі болып тұр. Ата заңға вице-президент лауазымының шұғыл енгізілуін саясаттанушы Досым Сәтпаев транзитке дайындық ретінде түсіндірген.
Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пайымынша да, ресми кандидаттармен салыстырғанда Тоқаевтың салмағы оқ бойы озық! Өйткені ол БҰҰ-ның төрт тілін еркін меңгерген, 2011–2013 жылдары ұйымның Женевадағы кеңсесін басқарған және барлық алпауыт астаналармен тіл табыса алады.
Мұндай күбір-сыбыр Тоқаевтың қызметінен кеткісі келетінінен гөрі, жаһандық саясатта алпауыттардың бәріне бірдей қолайлы бітімгер дипломаттардың тым азайып кеткенін көрсетеді.
Әйтсе де Ақорда мұндай қауесетті бірнеше рет ресми түрде жоққа шығарған. Мемлекет басшысының өзі де отандық басылымдарға берген сұхбатында халықаралық ұйымға бармайтынын мәлімдеген еді.
Тоқаев 2029 жылға дейін ел ішіндегі реформалармен айналысатынын ашық айтқан. Десе де, БҰҰ тарихында дағдарыс кезінде күтпеген кандидаттардың билікке келген сәті аз емес.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жаңа Бас хатшыны сайлауда геосаяси тығырыққа тіреліп, халықаралық басылымдар мен сарапшылар осы қызметке Тоқаевты басты үміткердің бірі ретінде қайта атай бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ұйымның қазіргі басшысы Антониу Гутерриштің өкілеттігі биыл 31 желтоқсанда аяқталады.
Алайда ресми ұсынылған жеті үміткердің ешқайсысы үш бірдей жабық дауыс беруде вето құқығы бар 5 алпауыттың - АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Францияның ортақ қолдауына ие бола алмады. Уашингтон, Бейжің мен Мәскеу арасындағы қайшылық соншалық, ресми үміткерлерден қайыр болмай тұр.
Дәл осы тұста The Guardian басылымы инсайд жариялап, егер алпауыттар өзара келісе алмаса, соңғы сәтте бейресми «компромистік тұлғалар» алға шығатынын мәлімдеді. Басылым бірнеше тілді меңгерген кәсіби дипломат Қасым-Жомарт Тоқаевты осы тізімнің басына қойған екен. Бұған дейін наурызда Reuters те дипломатиялық дереккөздерге сүйеніп, осыған ұқсас ақпарат таратқан еді.
Тақырыптың қызу талқылануына конституциялық реформа түрткі болып тұр. Ата заңға вице-президент лауазымының шұғыл енгізілуін саясаттанушы Досым Сәтпаев транзитке дайындық ретінде түсіндірген.
«Вице-президент лауазымы Тоқаевқа қызметінен мерзімінен бұрын кеткенге дейін өзінің ізбасарын тағайындап кетуге мүмкіндік береді», – деген болатын Сәтпаев.
Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пайымынша да, ресми кандидаттармен салыстырғанда Тоқаевтың салмағы оқ бойы озық! Өйткені ол БҰҰ-ның төрт тілін еркін меңгерген, 2011–2013 жылдары ұйымның Женевадағы кеңсесін басқарған және барлық алпауыт астаналармен тіл табыса алады.
Мұндай күбір-сыбыр Тоқаевтың қызметінен кеткісі келетінінен гөрі, жаһандық саясатта алпауыттардың бәріне бірдей қолайлы бітімгер дипломаттардың тым азайып кеткенін көрсетеді.
Әйтсе де Ақорда мұндай қауесетті бірнеше рет ресми түрде жоққа шығарған. Мемлекет басшысының өзі де отандық басылымдарға берген сұхбатында халықаралық ұйымға бармайтынын мәлімдеген еді.
«Маған БҰҰ Женева кеңсесін үш жылға жуық басқару бұйырды. Осының өзі жеткілікті. Менің елді дамыту бойынша алдағы көп жылға арналған үлкен жоспарларым бар, соларды жүзеге асыруға ниеттімін», - деген-тін ол.

🔥20❤6🤔4💯2👎1