⚡️Есік көліне "есік ашқандар". Туристерден заңсыз ақша жинаған компанияның әрекеті әшкере болды...
Алматы облысындағы Есік көліне баратын жолда туристерден заңсыз төлем алынып келгені анықталды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, туристерден ақы жинаған «Хабель» ЖШС-нің әрекеті заңға қайшы.
🫣 Ешқандай чек берілмеген.
Оған қоса, Іле-Алатауы ұлттық паркінің ресми экопостында да әр көліктен 1 179 теңге, автобустардан 11 009 теңге алынған.
Алматы облысының әкімдігі «Хабель» ЖШС-не сенімгерлік басқару бойынша берілген аумақта туристерден қосымша ақы жинау туралы ешқандай келісім жоқ екенін ресми мәлімдеді.
Қазіргі уақытта, 17 тамыздан бастап шлагбаумдар алынып, жол туристерге қайта ашылды. Халықтан жиналған ақшаға қатысты әкімдік ләм-лим демеген екен...
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia

Аталған компания Есік көліне барар жолда қосымша шлагбаум қойып, әрбір туристен 2 мың теңге, жеңіл көліктен 1,5 мың, шағын автобустан 5 мың, орта автобустан 15 мың, ал үлкен автобустан 20 мың теңгеге дейін ақша жинаған.
🫣 Ешқандай чек берілмеген.
Оған қоса, Іле-Алатауы ұлттық паркінің ресми экопостында да әр көліктен 1 179 теңге, автобустардан 11 009 теңге алынған.
Алматы облысының әкімдігі «Хабель» ЖШС-не сенімгерлік басқару бойынша берілген аумақта туристерден қосымша ақы жинау туралы ешқандай келісім жоқ екенін ресми мәлімдеді.
Сондықтан компанияға шлагбаумдарды алып тастау және туристерден заңсыз ақша жинауды тоқтату туралы ескерту жолданды.
Қазіргі уақытта, 17 тамыздан бастап шлагбаумдар алынып, жол туристерге қайта ашылды. Халықтан жиналған ақшаға қатысты әкімдік ләм-лим демеген екен...
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱63👍18🤯11❤8😢1💯1
⚡️Қытайлар құрған монополия: «СНПС-Ақтөбемұнайгаздың» заңсыз әрекеті сотпен тоқтатылды
Ақтөбеде қытайлық "СНПС-Ақтөбемұнайгаздың" заңсыз әрекеті әшкере болды.
Компания нарықтағы үстемдігін пайдаланып, білгенін істеген. Бұған қоса, газды цистерналарға толық құймай, тасымалдаушылардың жұмысын қиындатқан.
Толығырақ: https://ertenmedia.kz/qytajlar-qurghan-monopoliya-snps-aqtoebemunajgazdyng-zangsyz-aereketi-sotpen-toqtatyldy/

👏31😱14🔥5❤3
⚡️ Отбасылық мәселе оқпен шешілмейді, жастарға осыны жеткізгім келеді - Ернар Жиембай
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасады деп айыпталған Ернар Жиембай сотта ішінара кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді деп жазады Ertenmedia.
Дегенмен ол адам өлтіруді мақсат етпегенін, тек қорқытқысы келгенін алға тартып отыр.
"Мен жасаған ісімді ақтамаймын. Жәбірленушінің операциядан кейінгі суретін көргенде, жаным қиналды. Одан тағы бір мәрте кешірім сұраймын және денсаулық тілеймін.
Жастарға айтарым: егер әйеліңізге байланысты мәселе туындаса, мұндай жағдайға жеткізбей, ажырасқан дұрыс. Адамның өмірін қию туралы ойым болған емес және ешқашан болмайды да", – деді Жиембай.
Оның айтуынша, сол күні ол Руслан Берденовті көргенде, әкім орынбасары қаша жөнелген. Жиембай қаруын қайта оқтау үшін көлігіне жақындағанымен, қайта оқ ату ниеті болмағанын айтты.
"Кісі өлтіретін ойым болса, ол жерде-ақ атып тастауға немесе көлікке отырып қашып кетуге болар еді. Бірақ олай істемедім. Берденов өз сөзінен шатасып отыр. Алдымен "арқама атты" дейді, кейін келіп "басымды көздеді, бірақ жалтарып үлгердім" деп мәлімдеді. Мұндайды тек🦇 Бэтмен ғана істей алады", – деді айыпталушы.
Жиембай өз ісіне өкінетінін жеткізіп, соттан әділ шешім шығаруды өтініп отыр.
"Тағылған айыппен ішінара ғана келісемін. Ешкімді өлтіру немесе ауыр жарақат салу ниетім болған жоқ. Оқ қалай тиіп кеткенін өзім де түсінбеймін.
Себебі менің балаларым өсіп келеді. Олар әкесін қылмыскер деп танығанын қаламаймын. Қазақстанның барлық азаматтарынан кешірім сұраймын", – деп сөзін аяқтады ол.
Ертең сағат 15:00-де Ернар Жиембай сотта соңғы сөзін айтады.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасады деп айыпталған Ернар Жиембай сотта ішінара кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді деп жазады Ertenmedia.
Дегенмен ол адам өлтіруді мақсат етпегенін, тек қорқытқысы келгенін алға тартып отыр.
"Мен жасаған ісімді ақтамаймын. Жәбірленушінің операциядан кейінгі суретін көргенде, жаным қиналды. Одан тағы бір мәрте кешірім сұраймын және денсаулық тілеймін.
Сөйте тұра осыған дейінгі айтқанымда қаламын. Оны өлтіру туралы ойым болған емес. Ер адам ретінде Құран ұстап тұрып та, детектордан өтіп те осыны дәлелдеп бере аламын.
Жастарға айтарым: егер әйеліңізге байланысты мәселе туындаса, мұндай жағдайға жеткізбей, ажырасқан дұрыс. Адамның өмірін қию туралы ойым болған емес және ешқашан болмайды да", – деді Жиембай.
Оның айтуынша, сол күні ол Руслан Берденовті көргенде, әкім орынбасары қаша жөнелген. Жиембай қаруын қайта оқтау үшін көлігіне жақындағанымен, қайта оқ ату ниеті болмағанын айтты.
"Кісі өлтіретін ойым болса, ол жерде-ақ атып тастауға немесе көлікке отырып қашып кетуге болар еді. Бірақ олай істемедім. Берденов өз сөзінен шатасып отыр. Алдымен "арқама атты" дейді, кейін келіп "басымды көздеді, бірақ жалтарып үлгердім" деп мәлімдеді. Мұндайды тек
Жиембай өз ісіне өкінетінін жеткізіп, соттан әділ шешім шығаруды өтініп отыр.
"Тағылған айыппен ішінара ғана келісемін. Ешкімді өлтіру немесе ауыр жарақат салу ниетім болған жоқ. Оқ қалай тиіп кеткенін өзім де түсінбеймін.
Егер 11 жыл отыру керек болса, амалсыз көнемін, бірақ соттан айыпты Қылмыстық кодекстің 106-бабына ауыстыруды сұраймын.
Себебі менің балаларым өсіп келеді. Олар әкесін қылмыскер деп танығанын қаламаймын. Қазақстанның барлық азаматтарынан кешірім сұраймын", – деп сөзін аяқтады ол.
Ертең сағат 15:00-де Ернар Жиембай сотта соңғы сөзін айтады.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍28❤11😱11🤡7👏6💯4🤔1
⚡️ Рубльдің ырқындағы Қазақстан: Ресей валютасы елдің қаржы жүйесін қалай күйретуде...
Қазақстанда рубльдің еркін айналымы теңгені тәлтіректетіп, капиталдың елден кетуін күшейтуде деп жазады Ertenmedia.
Экономист Рахымбек Әбдірахманов Digital Business Finance-қа берген сұхбатында Ресей валютасының Қазақстанның қаржы нарығын қалай күйретіп жатқанын ашып айтты.
Оның айтуынша, еліміздегі инвестиция ағынының кері көрсеткіші былтыр тарихи рекорд орнатқан.
Елге келген тікелей инвестиция көлемі сыртқа кеткен капиталдан 2,6 миллиард долларға аз болды. Мұндай жағдай тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет тіркелген.
"Инвесторлардың елден кетуіне бірнеше себеп бар. Біріншісі саяси тәуекелдің артуы. Екіншісі макроэкономикалық тұрақсыздық. Үшіншісі және ең маңыздысы санкция астындағы🇷🇺 Кремльмен экономикалық байланыстың тым күшейіп кеткені.
Ресей валютасы еліміздің қаржы нарығын билеп-төстеп тұр", – дейді экономист.
Әбдірахманов ресейлік компаниялар Қазақстан қор биржасынан🏦 (KASE) рубльге доллар сатып алып жатқанын, бұл ішкі нарықта валюта тапшылығын тудырып отырғанын атап өтті.
"Ресей компаниялары жанталасып биржадан рубльге доллар сатып алуда. Осылайша елдегі валютаға сұраныс артып, оның қоры азайып жатыр. Ұлттық банк теңгенің бағамын ұстап тұру үшін өзінің валюта қорын сарқуға мәжбүр. Осыдан соң нарықта артық теңге айналымға шығып, қаржы жүйесінде теңгерімсіздік пайда болады. Жүйеде жиналған рубль санкциялық қауіп төндіреді", – деді сарапшы.
Рубль айналымының көлемі қазақтар күнделікті қолма-қол ұстап, сауда-саттықта қолданып жүрген теңге көлемінен екі есе асып кеткен. Қорқынышты....
Сұхбаттың толық нұсқасын сайтымыздан оқыңыз 👈👈👈
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Қазақстанда рубльдің еркін айналымы теңгені тәлтіректетіп, капиталдың елден кетуін күшейтуде деп жазады Ertenmedia.
Экономист Рахымбек Әбдірахманов Digital Business Finance-қа берген сұхбатында Ресей валютасының Қазақстанның қаржы нарығын қалай күйретіп жатқанын ашып айтты.
Оның айтуынша, еліміздегі инвестиция ағынының кері көрсеткіші былтыр тарихи рекорд орнатқан.
Елге келген тікелей инвестиция көлемі сыртқа кеткен капиталдан 2,6 миллиард долларға аз болды. Мұндай жағдай тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет тіркелген.
"Инвесторлардың елден кетуіне бірнеше себеп бар. Біріншісі саяси тәуекелдің артуы. Екіншісі макроэкономикалық тұрақсыздық. Үшіншісі және ең маңыздысы санкция астындағы
Саяси интеграция туралы сөз қозғамай-ақ қояйын, бірақ экономикалық интеграция қарқынды жүріп жатыр. Оның дәлелі Қазақстандағы жаппай рубльдену процесі.
Ресей валютасы еліміздің қаржы нарығын билеп-төстеп тұр", – дейді экономист.
Әбдірахманов ресейлік компаниялар Қазақстан қор биржасынан
"Ресей компаниялары жанталасып биржадан рубльге доллар сатып алуда. Осылайша елдегі валютаға сұраныс артып, оның қоры азайып жатыр. Ұлттық банк теңгенің бағамын ұстап тұру үшін өзінің валюта қорын сарқуға мәжбүр. Осыдан соң нарықта артық теңге айналымға шығып, қаржы жүйесінде теңгерімсіздік пайда болады. Жүйеде жиналған рубль санкциялық қауіп төндіреді", – деді сарапшы.
Салыстыру үшін айтсақ, 2021 жылы Қазақстан экономикасындағы рубль айналымы 174 млрд теңге болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1,3 трлн теңгеге жеткен.
Рубль айналымының көлемі қазақтар күнделікті қолма-қол ұстап, сауда-саттықта қолданып жүрген теңге көлемінен екі есе асып кеткен. Қорқынышты....
Сұхбаттың толық нұсқасын сайтымыздан оқыңыз 👈👈👈
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯89😱38❤13😢11😡2🤯1
⚡️ «Қиял әлемінен» Мұз сарайына дейін: Тоқаевтың алдына барған Сыздықбеков қайтарылған активтің есебін берді...
Президент Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдап, биылғы жылдың алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін тыңдады, деп хабарлайды Ertenmedia.
Әкімнің айтуынша, негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 31%-ға артып, 360 миллиард теңгені құраған. Өнеркәсіп саласында 680 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.
Ғабит Сыздықбеков өнеркәсіп әлеуетін арттыру мақсатында қала аумағында «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтары іске қосылғанын атап өтті.
Шымкенттегі шағын және орта бизнес нысандарының саны 139 мыңнан асып, осы салада 245 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Президентке инфрақұрылымды жаңғырту шараларының барысы да таныстырылды. Атап айтқанда, әуежайдың жаңа терминалының құрылысы аяқталып, теміржол вокзалы толық жаңартудан өткен. Ұлттық «Келешек мектептері» жобасы аясында 12 мектеп, жаңа Оқушылар сарайы, сонымен қатар шағын футбол орталығы мен спорт кешені бой көтерген.
Жол-көлік инфрақұрылымында да айтарлықтай өзгеріс бар. Қалада оңтүстік айналма жолы мен екі ірі көлік жолайрығы қолданысқа берілді.
Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында өткен жылы 2270 көше, биыл тағы 2743 көше толықтай жарықтандырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен активтерді мемлекеттік меншікке қайтару жұмысы да қарқынды жүргізілуде.
Кездесу соңында Тоқаев қала экономикасын әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту, әуежайға жаңа ұшу-қону жолағын салу, мектептердегі орын тапшылығын жою, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту және жол инфрақұрылымын жетілдіру жұмысын жалғастыруды тапсырды.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Президент Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдап, биылғы жылдың алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін тыңдады, деп хабарлайды Ertenmedia.
Әкімнің айтуынша, негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 31%-ға артып, 360 миллиард теңгені құраған. Өнеркәсіп саласында 680 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.
Құрылыс қарқыны күшейіп, биылдың өзінде 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.
Ғабит Сыздықбеков өнеркәсіп әлеуетін арттыру мақсатында қала аумағында «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтары іске қосылғанын атап өтті.
Шымкенттегі шағын және орта бизнес нысандарының саны 139 мыңнан асып, осы салада 245 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Президентке инфрақұрылымды жаңғырту шараларының барысы да таныстырылды. Атап айтқанда, әуежайдың жаңа терминалының құрылысы аяқталып, теміржол вокзалы толық жаңартудан өткен. Ұлттық «Келешек мектептері» жобасы аясында 12 мектеп, жаңа Оқушылар сарайы, сонымен қатар шағын футбол орталығы мен спорт кешені бой көтерген.
Жол-көлік инфрақұрылымында да айтарлықтай өзгеріс бар. Қалада оңтүстік айналма жолы мен екі ірі көлік жолайрығы қолданысқа берілді.
Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында өткен жылы 2270 көше, биыл тағы 2743 көше толықтай жарықтандырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен активтерді мемлекеттік меншікке қайтару жұмысы да қарқынды жүргізілуде.
Соның нәтижесінде Мұз сарайы, Орталық су спорт кешені, №2 қалалық емхана, «Қиял әлемі» технопаркі мен «Кең баба» саябағы мемлекеттің қарамағына қайтарылды.
Кездесу соңында Тоқаев қала экономикасын әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту, әуежайға жаңа ұшу-қону жолағын салу, мектептердегі орын тапшылығын жою, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту және жол инфрақұрылымын жетілдіру жұмысын жалғастыруды тапсырды.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍86👏15❤8🤔4👎2😱1
⚡️Әйел, ақша, саясат: Ернар Жиембай соттағы соңғы сөзін айтты...
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке «қастандық жасады» деп айыпталған Ернар Жиембай соттағы соңғы сөзінде істің саясиланып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.
Ол сонымен қатар, Берденов лауазымы мен таныс-тамырын пайдаланып, істі саясиландыруға тырысып жатқанын айтты.
"Оқиға өздігінен болмағаны анық. Есі дұрыс, ақыл-ойы сау адам екеніме сараптама қорытындысы дәлел. Жайдан-жай біреуге барып қару кезенетін адам емеспін. Берденов мырза сотта мені тек өзіне емес, "бүкіл саяси мемлекеттік лауазым иелеріне қарсы оқ атты" деп айыптап, істі саясиландырып отыр. Бұлай болғаны дұрыс емес. Ол бастапқыда ем-домға ақшасы жеткілікті екенін, ештеңе сұрамайтынын айтып, мәрттік танытқан еді. Ал кешегі отырыста менен 25 миллион теңге өтемақы талап ететінін мәлімдеді.
Осы әрекеттері мені қылмысқа итермелеп, енді соның кесірінен сотталып отырмын", – деді Ернар Жиембай.
Дей тұрғанмен, өз ісіне өкінетінін жеткізіп, Руслан Берденовтен кешірім сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін өткен сот жарыссөзінде прокурор Ернар Жиембайға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Ал қорғаушы тарап жаза мерзімін жеңілдетуді, тіпті бас бостандығынан айырмайтын шара қолдануды өтінген еді.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке «қастандық жасады» деп айыпталған Ернар Жиембай соттағы соңғы сөзінде істің саясиланып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.
Жиембай әуелгі сөзінде тұратынын, Берденовтің адамның жеке басын қорлайтын ауыр сөз айтқанын, әйеліне (Луиза) қатысты және басқа да әдепсіз әрекетке барғанын атап өтті.
Ол сонымен қатар, Берденов лауазымы мен таныс-тамырын пайдаланып, істі саясиландыруға тырысып жатқанын айтты.
"Оқиға өздігінен болмағаны анық. Есі дұрыс, ақыл-ойы сау адам екеніме сараптама қорытындысы дәлел. Жайдан-жай біреуге барып қару кезенетін адам емеспін. Берденов мырза сотта мені тек өзіне емес, "бүкіл саяси мемлекеттік лауазым иелеріне қарсы оқ атты" деп айыптап, істі саясиландырып отыр. Бұлай болғаны дұрыс емес. Ол бастапқыда ем-домға ақшасы жеткілікті екенін, ештеңе сұрамайтынын айтып, мәрттік танытқан еді. Ал кешегі отырыста менен 25 миллион теңге өтемақы талап ететінін мәлімдеді.
Берденов қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, менің әйеліме қатысты жағымсыз сөздер айтып, өзімнің жеке басымды қорлап, мұндай лауазымдағы адамға лайықсыз қылық көрсетті.
Осы әрекеттері мені қылмысқа итермелеп, енді соның кесірінен сотталып отырмын", – деді Ернар Жиембай.
Дей тұрғанмен, өз ісіне өкінетінін жеткізіп, Руслан Берденовтен кешірім сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін өткен сот жарыссөзінде прокурор Ернар Жиембайға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Ал қорғаушы тарап жаза мерзімін жеңілдетуді, тіпті бас бостандығынан айырмайтын шара қолдануды өтінген еді.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁57😢30👏19❤7🤔4🤡4💯2🙏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен Түркістан тұрғыны FlyArystan-ды тәубесіне түсірді...
17 тамызда Түркістан халықаралық әуежайында FS7162 рейсіне жолаушылар отырғызу кезінде күтпеген жағдай орын алды.
Сөзден сөз шығып, дау ушығып, жолаушы әуежай қызметкерін итеріп жібергені хабарланды.
Әдеттегі пікірталас тез арада үлкен дауға айналып, рейстің ұшуына үш сағатқа жуық уақытқа бөгет болған.
FlyArystan өкілдері куәгерлерден түсірілген видеоны өшіруді талап еткеннен кейін, наразылық одан әрі күшейе түскен. Алайда әуекомпания оқиғаның мән-жайын басқаша түсіндірді:
«Оқиға орнына тиісті қызметтер шақырылды. FlyArystan-ның жердегі қызмет өкілі мәселенің мән-жайын анықтау үшін ұшақ бортына отырғызу аяқталар сәтте келген болатын. Ол жолаушыға тәртіп ережелерін түсіндірмек болды. Әлемжеліде тарап жатқан видео толық оқиғаны көрсетпейді, жағдайдың тек бір бөлігін ғана қамтыған. Әуежай қызметкері түскен бейнежазбаны өшіру туралы өтініш тек жағдайды ушықтырмауға бағытталған еді», – делінген компания мәлімдемесінде.
Кейін әуекомпания өкілі жолаушылардан кешірім сұрап, ұшақ Алматыға бет алған.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
17 тамызда Түркістан халықаралық әуежайында FS7162 рейсіне жолаушылар отырғызу кезінде күтпеген жағдай орын алды.
Ұшаққа мінгелі тұрған әйел жолаушы әуекомпания қызметкерінен қазақ тілінде жауап беруді талап еткен.
Сөзден сөз шығып, дау ушығып, жолаушы әуежай қызметкерін итеріп жібергені хабарланды.
Әдеттегі пікірталас тез арада үлкен дауға айналып, рейстің ұшуына үш сағатқа жуық уақытқа бөгет болған.
Әйел жолаушының айтуынша, әуежай қызметкерлері өзіне мемлекеттік тілде жауап беруден бас тартқан. Осы сәтті өзге жолаушылар видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде таратқан.
FlyArystan өкілдері куәгерлерден түсірілген видеоны өшіруді талап еткеннен кейін, наразылық одан әрі күшейе түскен. Алайда әуекомпания оқиғаның мән-жайын басқаша түсіндірді:
«Оқиға орнына тиісті қызметтер шақырылды. FlyArystan-ның жердегі қызмет өкілі мәселенің мән-жайын анықтау үшін ұшақ бортына отырғызу аяқталар сәтте келген болатын. Ол жолаушыға тәртіп ережелерін түсіндірмек болды. Әлемжеліде тарап жатқан видео толық оқиғаны көрсетпейді, жағдайдың тек бір бөлігін ғана қамтыған. Әуежай қызметкері түскен бейнежазбаны өшіру туралы өтініш тек жағдайды ушықтырмауға бағытталған еді», – делінген компания мәлімдемесінде.
Жолаушылардың айтуынша, рейстің үш сағатқа жуық кешігуіне дәл осы жанжал себеп болған. Тараған видеода әйелдің мемлекеттік тіл мәселесімен қатар рейстің кешігуіне байланысты да ашуланғаны көрінеді.
Кейін әуекомпания өкілі жолаушылардан кешірім сұрап, ұшақ Алматыға бет алған.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍106👏35❤9🔥4😱2
⚡️ Үржардағы жантүршігерлік жол апаты: зардап шеккен балаларға арнайы медициналық бригада аттанды...
Абай облысы Үржар ауданында болған жол апатында жарақат алған балаларға шұғыл көмек көрсету үшін президент Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көлік ұшағы аттанды.
Ұшақтың бортында реаниматолог, нейрохирург және травматолог мамандар бар медициналық топ бар.
Салдарынан үш бала қаза тапты, тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жағдайдан хабардар етіп отырамыз.

Қайғылы оқиға Бестерек ауылында тіркелді. 55 жастағы Toyota жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдан он метр қашықтықтағы үйдің қақпасы алдында тұрған балаларды қағып кетті.
Салдарынан үш бала қаза тапты, тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жағдайдан хабардар етіп отырамыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱33😢18❤10🙏3🕊1
⚡️ Ұлттық қауіпсіздікке араласқан аудит: "Қазақтың Әлиханына" жаңа құзырет берілді...
Жоғары аудиторлық палатаның құзыреті кеңейтіліп, мәртебесі күшейтілді. Бұдан былай палата мемлекеттік бюджет жобаларын бақылаумен ғана шектелмейді.
Президенттің арнайы жарлығына сәйкес, Жоғары аудиторлық палата бюджеттің әр теңгесіне дейін түгендеп, қажет болса, қаражаттың заңсыз жұмсалуына байланысты сотқа талап-арыз түсіре алады.
Палата бюджет қаржысын орнына қайтару, келген шығынды өтеу және берген нұсқаулықтарының орындалуын да сот арқылы талап ете алады.
Жаңа ережеге сай, ведомство Үкімет ұсынатын республикалық бюджет жобасын негізгі шығын бағыттары бойынша алдын ала сараптайтын болады. Сонымен қатар облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар, елорда бюджеттерін қалай жоспарлау керектігі туралы ереже әзірлеу де палатаның міндетіне жүктелді.
Әкімдіктер мен мәслихаттарға бюджеттік бағдарламалар бойынша қажетті құжаттарды жинап, сараптама қорытындысын ұсыну да палата мойнында.
Құжаттағы ең маңызды өзгерістердің бірі Жоғары аудиторлық палатаның бюджеттен тыс қорлардың қаржысына да тексеру жүргізетіні.
Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата ғылым саласына бөлінген бюджет қаражатының мақсатсыз және тиімсіз жұмсалғанын анықтаған еді. Ғылымға бөлінген 219 млрд теңгенің елеулі бөлігі нақты нәтижесіз жұмсалған, ал қаржылық заң бұзушылық көлемі 1,7 млрд теңгеге жеткен болатын.
Сарапшылардың айтуынша, "қазақтың Әлиханы" басқаратын палатаның құзыретінің күшеюі бюджет қаражатын жұмсауда тәртіпті нығайтып, мемлекеттің қаржы саясатының ашықтығын арттыруға ықпал етуі тиіс. Ұлттық қауіпсіздікке қатысы бар мәселелердің аудитіне араласу палатаның саяси салмағын арттырады.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Жоғары аудиторлық палатаның құзыреті кеңейтіліп, мәртебесі күшейтілді. Бұдан былай палата мемлекеттік бюджет жобаларын бақылаумен ғана шектелмейді.
Ведомство ұлттық қауіпсіздік жүйесінің бір бөлігі ретінде қызмет атқаратын болды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Президенттің арнайы жарлығына сәйкес, Жоғары аудиторлық палата бюджеттің әр теңгесіне дейін түгендеп, қажет болса, қаражаттың заңсыз жұмсалуына байланысты сотқа талап-арыз түсіре алады.
Палата бюджет қаржысын орнына қайтару, келген шығынды өтеу және берген нұсқаулықтарының орындалуын да сот арқылы талап ете алады.
Жаңа ережеге сай, ведомство Үкімет ұсынатын республикалық бюджет жобасын негізгі шығын бағыттары бойынша алдын ала сараптайтын болады. Сонымен қатар облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар, елорда бюджеттерін қалай жоспарлау керектігі туралы ереже әзірлеу де палатаның міндетіне жүктелді.
Әкімдіктер мен мәслихаттарға бюджеттік бағдарламалар бойынша қажетті құжаттарды жинап, сараптама қорытындысын ұсыну да палата мойнында.
Құжаттағы ең маңызды өзгерістердің бірі Жоғары аудиторлық палатаның бюджеттен тыс қорлардың қаржысына да тексеру жүргізетіні.
Бұған қоса, ведомство мемлекеттік құпияны қорғау мен мобилизациялық дайындық ісіне тікелей қатысады. Осылайша, палата тек қаржы ревизоры емес, ұлттық қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.
Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата ғылым саласына бөлінген бюджет қаражатының мақсатсыз және тиімсіз жұмсалғанын анықтаған еді. Ғылымға бөлінген 219 млрд теңгенің елеулі бөлігі нақты нәтижесіз жұмсалған, ал қаржылық заң бұзушылық көлемі 1,7 млрд теңгеге жеткен болатын.
Сарапшылардың айтуынша, "қазақтың Әлиханы" басқаратын палатаның құзыретінің күшеюі бюджет қаражатын жұмсауда тәртіпті нығайтып, мемлекеттің қаржы саясатының ашықтығын арттыруға ықпал етуі тиіс. Ұлттық қауіпсіздікке қатысы бар мәселелердің аудитіне араласу палатаның саяси салмағын арттырады.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍115👏29❤6🔥3🤔3😢1
Erteńmedia
⚡️ Қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен Түркістан тұрғыны FlyArystan-ды тәубесіне түсірді... 17 тамызда Түркістан халықаралық әуежайында FS7162 рейсіне жолаушылар отырғызу кезінде күтпеген жағдай орын алды. Ұшаққа мінгелі тұрған әйел жолаушы әуекомпания қызметкерінен…
⚡️ Қазақстанға сыймаған "Русская казашка" Ресейдегі бюрократияға тап болды...
Петерборға қоныс аударған, әлемжеліде "Русская казашка" есімімен әйгілі блогер Әлия Толстых Ресейде бала-шағасын мектепке орналастыра алмай, әуре-сарсаңға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.
Толстыхтың айтуынша, балаларының құжаттары талапқа сай, заңды тіркеуде болса да, Петербордағы мектеп әкімшілігі оларды бірден қабылдамапты.
"Құжат жағынан мін жоқ. Бірақ мектеп әкімшілігі біздің елде заңды тұрып жатқанымызды дәлелдейтін ІІМ анықтамасын күтіп отыр. Осы анықтама келмейінше балаларымды емтиханға жібермейді. Жағдай қиындап барады. Тамыз айы аяқталды, 1 қыркүйек таяп қалды. Бұл күн оқушы мен ата-ананың ортақ мерекесі емес пе?! Мектеп әкімшілігі балаларымды тіпті салтанатты жиынға қатыстыруға да қарсы болып отыр", – деп түсіндірді Толстых.
Айта кетейік, блогер Әлия Толстых Қазақстанда әлемжеліде резонансты әрі даулы пікірімен танымал. Ол талай мәрте Қазақстанда орыс тілінің өрісі тарылып жатқанын айтып дабыл қаққан.
"Қазақстанда кейбір орталықтарда сабақ тек қазақша жүреді. Тіпті дүкенге кірсең де, сатушылардың біразы орысшаға шорқақ, сұрағыңа жауап берудің орнына, теріс айналады. Осындай жағдайды түсіне алмай-ақ қойдым, мен үшін бұл ақылға сыймайды", – деген-тұғын блогер.
Сонымен қатар ол қазақ тілінің басымдығына қарсы шығып, "орыс тілін қазақтарға бесіктен бастап үйрету қажет" деп мәлімдеме жасап, желі қолданушыларының ашуын тудырған.
Оның айтуынша, "орыс тілі даму мен ұлтаралық қарым-қатынас тіл", сондықтан "қазақтардың бәрі орысша білуі тиіс".
Қазір сол орыс тіліне ерекше басымдық беруді талап еткен Толстыхтың өзі Ресейде балаларын мектепке орналастыра алмай, тіл мен құжат мәселесі бойынша қиындыққа тап болып отыр.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Петерборға қоныс аударған, әлемжеліде "Русская казашка" есімімен әйгілі блогер Әлия Толстых Ресейде бала-шағасын мектепке орналастыра алмай, әуре-сарсаңға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.
Толстыхтың айтуынша, балаларының құжаттары талапқа сай, заңды тіркеуде болса да, Петербордағы мектеп әкімшілігі оларды бірден қабылдамапты.
Мектеп басшылығы әуелі Ішкі істер министрлігінен Толстыхтың Ресейде заңды тұрып жатқандығы туралы анықтама талап еткен. Тек содан кейін ғана балаларын орыс тілінен емтиханға жіберетінін айтыпты.
"Құжат жағынан мін жоқ. Бірақ мектеп әкімшілігі біздің елде заңды тұрып жатқанымызды дәлелдейтін ІІМ анықтамасын күтіп отыр. Осы анықтама келмейінше балаларымды емтиханға жібермейді. Жағдай қиындап барады. Тамыз айы аяқталды, 1 қыркүйек таяп қалды. Бұл күн оқушы мен ата-ананың ортақ мерекесі емес пе?! Мектеп әкімшілігі балаларымды тіпті салтанатты жиынға қатыстыруға да қарсы болып отыр", – деп түсіндірді Толстых.
Айта кетейік, блогер Әлия Толстых Қазақстанда әлемжеліде резонансты әрі даулы пікірімен танымал. Ол талай мәрте Қазақстанда орыс тілінің өрісі тарылып жатқанын айтып дабыл қаққан.
Қазақстанда ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікке іліккен ресейшіл блогер Аслан Төлегеновті жақтап, оған араша түскені есімізде.
"Қазақстанда кейбір орталықтарда сабақ тек қазақша жүреді. Тіпті дүкенге кірсең де, сатушылардың біразы орысшаға шорқақ, сұрағыңа жауап берудің орнына, теріс айналады. Осындай жағдайды түсіне алмай-ақ қойдым, мен үшін бұл ақылға сыймайды", – деген-тұғын блогер.
Сонымен қатар ол қазақ тілінің басымдығына қарсы шығып, "орыс тілін қазақтарға бесіктен бастап үйрету қажет" деп мәлімдеме жасап, желі қолданушыларының ашуын тудырған.
Оның айтуынша, "орыс тілі даму мен ұлтаралық қарым-қатынас тіл", сондықтан "қазақтардың бәрі орысша білуі тиіс".
Қазір сол орыс тіліне ерекше басымдық беруді талап еткен Толстыхтың өзі Ресейде балаларын мектепке орналастыра алмай, тіл мен құжат мәселесі бойынша қиындыққа тап болып отыр.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍130👏23😁18❤15💩10🔥3😱1
⚡️Аманбаевтың "әдемі" нөмірі: Lexus мінген AMANAT депутаты төрт тәулікке қамалды...
Шымкентте жалған нөмір тағып, жол ережесін өрескел бұзған депутат Ерғали Аманбаев төрт тәулікке қамалды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Жүргізуші жол ережелерін өрескел бұзып қана қоймай, көлігіне жалған «777» мемлекеттік нөмірін орнатқан.
Оқиға бойынша әкімшілік сот депутат Ерғали Аманбаевты төрт тәулікке қамау туралы үкім шығарды. Сондай-ақ ол көлік басқару құқығынан бір жылға айырылды.
Сотта анықталғандай, депутат көлігіне жалған мемлекеттік нөмір орнатылғанын білмегенін айтып, кінәні ағасына артқан. Ол судьядан жазаны жеңілдетуді сұраған. Алайда сот оның бұл өтінішін қанағаттандырмады.
Бұған дейін Шымкент қаласының полиция департменті Аманбаевқа бірнеше бап бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлаған болатын. Оның ішінде көлікке жалған мемлекеттік нөмір орнату, жолдың қарсы бағытына шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, міндетті сақтандырудың болмауы және қозғалыс басталар алдында сигнал бермеу сияқты бірнеше құқық бұзушылық бар.
Әлемжелі қолданушылары видеодағы заң бұзған жүргізушінің AMANAT партиясының мүшесі әрі «Қарабатыр» ЖШС директоры, мәслихат депутаты Ерғали Аманбаев екенін бірден таныған.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Шымкентте жалған нөмір тағып, жол ережесін өрескел бұзған депутат Ерғали Аманбаев төрт тәулікке қамалды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Күні кеше әлемжеліде жолдың қарсы бетіне шығып, қауіпсіздік белдігін тақпай, жолаушыны жол ортасында түсіріп кеткен Lexus автокөлігі туралы видео тараған еді.
Жүргізуші жол ережелерін өрескел бұзып қана қоймай, көлігіне жалған «777» мемлекеттік нөмірін орнатқан.
Оқиға бойынша әкімшілік сот депутат Ерғали Аманбаевты төрт тәулікке қамау туралы үкім шығарды. Сондай-ақ ол көлік басқару құқығынан бір жылға айырылды.
Сотта анықталғандай, депутат көлігіне жалған мемлекеттік нөмір орнатылғанын білмегенін айтып, кінәні ағасына артқан. Ол судьядан жазаны жеңілдетуді сұраған. Алайда сот оның бұл өтінішін қанағаттандырмады.
Депутатқа қатысты істі AMANAT партиясының Түркістан облыстық филиалы да талқылап, оған ресми түрде сөгіс жариялады. Ерғали Аманбаев Бәйдібек аудандық мәслихатының өзін-өзі ұсынған депутаты әрі партия мүшесі.
Бұған дейін Шымкент қаласының полиция департменті Аманбаевқа бірнеше бап бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлаған болатын. Оның ішінде көлікке жалған мемлекеттік нөмір орнату, жолдың қарсы бағытына шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, міндетті сақтандырудың болмауы және қозғалыс басталар алдында сигнал бермеу сияқты бірнеше құқық бұзушылық бар.
Әлемжелі қолданушылары видеодағы заң бұзған жүргізушінің AMANAT партиясының мүшесі әрі «Қарабатыр» ЖШС директоры, мәслихат депутаты Ерғали Аманбаев екенін бірден таныған.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍83👏35❤14😁2🔥1
⚡️Ардақұлының арпалысы. Алматыда қазақ мектебін талап еткен мұғалім 15 сөткіге қамалды...
Алматыда №215 жаңа мектептің төңірегіндегі дау ушығып барады.
Білім ордасын таза қазақ тілінде ашуды талап еткен мәтематика мұғалімі әрі тіл жанашыры Дархан Ардақұлы «митингіге шақырды» деген айыппен 15 тәулікке қамалды деп жазады Ertenmedia.
Әкімдік ұстаздың әлемжеліде жазған «мектепке барамыз» деген сөзін «заңсыз жиынға шақыру» деп тапқан.
"TikTok желісінде 20 тамызда №215 мектепке барайық деп жазғаным рас. Осы үшін маған митинг ұйымдастырмақ болды деген айып тағылды. Ешнәрсеге өкінбеймін. №215 мектеп тек қазақ тілінде болуы керек деген талабымнан таймаймын", – дейді Ардақұлы.
Жаңа мектептің төңірегінде дау шығарған ата-аналар мен белсенділер әкімдіктің бастапқы уәдесін бұзғанына наразы.
Осы ауданда қазақ тілінде оқытатын бір ғана мектеп бар, ал орыс тілінде білім беретін үш бірдей мектеп орналасқан. Жергілікті тұрғындар бала-шағасын қазақ мектебіне орналастыра алмай әлек. Аудандағы қазақ тілінде білім беретін мектептердің жетіспеушілігі күн өткен сайын тереңдеп барады.
Тізгін порталындағы әріптестерге пікір білдірген қалалық білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов жаңа мектептің оқыту тілі ата-аналардың сұранысына сәйкес анықталады дейді.
"Соңғы 12 жылда Алматыда 24 жаңа мектеп ашылды. Соның 19-ы, яғни 80 пайызы қазақ тілінде білім береді. Биылғы 1 қыркүйекте 12 жаңа мектеп ашылады. Соның тоғызы мемлекеттік тілде оқытады. Өзге үшеуінің оқыту тіліне қатысты шешімді алдағы аптада ата-аналардың өтініш-тілегін ескере отырып қабылдаймыз", – дейді Сайфеденов.
15 сөткіге сотталып кеткен тіл жанашыры Дархан Ардақұлы "1-қыркүйекке дейін әрекет етпесек №215-ші мектеп аралас мектепке айналып тынады" деп дабыл қағуда.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Алматыда №215 жаңа мектептің төңірегіндегі дау ушығып барады.
Білім ордасын таза қазақ тілінде ашуды талап еткен мәтематика мұғалімі әрі тіл жанашыры Дархан Ардақұлы «митингіге шақырды» деген айыппен 15 тәулікке қамалды деп жазады Ertenmedia.
Әкімдік ұстаздың әлемжеліде жазған «мектепке барамыз» деген сөзін «заңсыз жиынға шақыру» деп тапқан.
Дархан Ардақұлы ешкімді көшеге шығуға үндемегенін, бар болғаны өз пікірін ортаға салғанын алға тартып отыр.
"TikTok желісінде 20 тамызда №215 мектепке барайық деп жазғаным рас. Осы үшін маған митинг ұйымдастырмақ болды деген айып тағылды. Ешнәрсеге өкінбеймін. №215 мектеп тек қазақ тілінде болуы керек деген талабымнан таймаймын", – дейді Ардақұлы.
Жаңа мектептің төңірегінде дау шығарған ата-аналар мен белсенділер әкімдіктің бастапқы уәдесін бұзғанына наразы.
Бұған дейін Бостандық ауданы тұрғындарына жаңа мектептің тек қазақ тілінде оқытатыны айтылған. Кейінірек жергілікті әкімдік шешімін өзгертіп, аралас мектеп болатынын хабарлаған.
Осы ауданда қазақ тілінде оқытатын бір ғана мектеп бар, ал орыс тілінде білім беретін үш бірдей мектеп орналасқан. Жергілікті тұрғындар бала-шағасын қазақ мектебіне орналастыра алмай әлек. Аудандағы қазақ тілінде білім беретін мектептердің жетіспеушілігі күн өткен сайын тереңдеп барады.
Тізгін порталындағы әріптестерге пікір білдірген қалалық білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов жаңа мектептің оқыту тілі ата-аналардың сұранысына сәйкес анықталады дейді.
"Соңғы 12 жылда Алматыда 24 жаңа мектеп ашылды. Соның 19-ы, яғни 80 пайызы қазақ тілінде білім береді. Биылғы 1 қыркүйекте 12 жаңа мектеп ашылады. Соның тоғызы мемлекеттік тілде оқытады. Өзге үшеуінің оқыту тіліне қатысты шешімді алдағы аптада ата-аналардың өтініш-тілегін ескере отырып қабылдаймыз", – дейді Сайфеденов.
15 сөткіге сотталып кеткен тіл жанашыры Дархан Ардақұлы "1-қыркүйекке дейін әрекет етпесек №215-ші мектеп аралас мектепке айналып тынады" деп дабыл қағуда.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱100😡42❤6🔥4💯2
⚡️ "Қырғыздардан қалып қойғанымызды ашық айттым". Бизнес-омбудсменнің президент Тоқаевпен әңгімесі жария болды...
Түнеукүні Тоқаев елдегі кәсіпкерлер құқығын қорғаушы бизнес-омбудсмен Қанат Нұровты арнайы қабылдаған еді.
Жабық есік жағдайында өткен кездесуде бизнес өкілі елдің экономикалық ахуалы мен бизнестің жай-күйіне қатысты ащы шындықты бүкпесіз жайып салған деп жазады Ertenmedia.
"Президент экономиканы ашық, бюрократиясыз дамытқысы келеді. Бірақ ол саясатқа мемлекеттік органдар іштей қарсы шығып, саботаж жасауда. Егер осы саботаж болмаса, бізде көршілес Қырғызстандағыдай 11 пайыз емес, одан да жоғары экономикалық өсім болар еді", – деп ашық айтты бизнес-омбудсмен.
Нұров президентке кәсіпкерлерге қысымның көбейгенін, мемлекеттік тексерулердің саны соңғы кезде 75 пайызға өскенін жеткізген. Оның айтуынша, тексерулердің басым бөлігі кәсіпкерге көмектесу емес, жазалап, құртуға бағытталған.
"Қателік әркімнен кетеді, оны түзеуге уақыт берілуі тиіс. Қазір кәсіпкерлер әрбір тексеруден кейін "енді бизнесім жабылады" деп үрейленеді. Мұндай жағдайда экономиканың өсуі мүмкін бе?" – дейді Нұров.
"Президент өте орынды сұрақ қойды, бірақ мен сәл тосылып қалдым. Сол кезде Президенттің көмекшісі Қанат Шарлапаев араша түсіп, «елде транзиттік жүктерге басымдық беріліп, шағын кәсіпкерлердің тауары ұзақ уақыт теміржолда тұрып қалады» деп түсіндіріп берді", – дейді ол.
Сонымен қатар Нұров «бизнестің азаматтық сипаттағы істері еш себепсіз қылмыстық іс болып кететінін» ашына айтқан.
«Кәсіпкер мен кәсіпкер, тіпті кәсіпкер мен мемлекеттік орган арасындағы дау азаматтық мәселе бола тұра, бірден қылмыстық іске айналады. Бұлай жалғаса берсе, бизнес банкрот болады», – дейді омбудсмен.
Кездесудің ең өткір сәті жаңа заң жобаларына қатысты өрбіген. Нұров Жаңа Қазақстанның кейбір популист депутаттары ұсынған заңдарға алдын-ала тәуелсіз сараптама жасалуы керек деген ұсыныс білдірген.
Оның айтуынша, заңдардың экономикалық салдары егжей-тегжей талданбай, салдары ескерілмей қабылдануда.
Қызығы сол, осы әңгіме туралы Нұров әлеуметтік желіге ашық пост жариялап, кейін оны дереу өшіріп үлгерген.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Түнеукүні Тоқаев елдегі кәсіпкерлер құқығын қорғаушы бизнес-омбудсмен Қанат Нұровты арнайы қабылдаған еді.
Жабық есік жағдайында өткен кездесуде бизнес өкілі елдің экономикалық ахуалы мен бизнестің жай-күйіне қатысты ащы шындықты бүкпесіз жайып салған деп жазады Ertenmedia.
Нұровтың айтуынша, президент қолға алған жаңа экономикалық саясатты (НЭП) орындауға мем.органдардың өзі кедергі келтіріп отыр.
"Президент экономиканы ашық, бюрократиясыз дамытқысы келеді. Бірақ ол саясатқа мемлекеттік органдар іштей қарсы шығып, саботаж жасауда. Егер осы саботаж болмаса, бізде көршілес Қырғызстандағыдай 11 пайыз емес, одан да жоғары экономикалық өсім болар еді", – деп ашық айтты бизнес-омбудсмен.
Нұров президентке кәсіпкерлерге қысымның көбейгенін, мемлекеттік тексерулердің саны соңғы кезде 75 пайызға өскенін жеткізген. Оның айтуынша, тексерулердің басым бөлігі кәсіпкерге көмектесу емес, жазалап, құртуға бағытталған.
"Қателік әркімнен кетеді, оны түзеуге уақыт берілуі тиіс. Қазір кәсіпкерлер әрбір тексеруден кейін "енді бизнесім жабылады" деп үрейленеді. Мұндай жағдайда экономиканың өсуі мүмкін бе?" – дейді Нұров.
Мемлекет басшысы осы кездесуде Қанат Нұровтан «шағын және орта бизнес теміржол мәселесіне неге алаңдайды?» деп тосын сұрақ қойған. Осы тұста бизнес-омбудсмен біраз тосылып қалғанын да жасырмады.
"Президент өте орынды сұрақ қойды, бірақ мен сәл тосылып қалдым. Сол кезде Президенттің көмекшісі Қанат Шарлапаев араша түсіп, «елде транзиттік жүктерге басымдық беріліп, шағын кәсіпкерлердің тауары ұзақ уақыт теміржолда тұрып қалады» деп түсіндіріп берді", – дейді ол.
Сонымен қатар Нұров «бизнестің азаматтық сипаттағы істері еш себепсіз қылмыстық іс болып кететінін» ашына айтқан.
«Кәсіпкер мен кәсіпкер, тіпті кәсіпкер мен мемлекеттік орган арасындағы дау азаматтық мәселе бола тұра, бірден қылмыстық іске айналады. Бұлай жалғаса берсе, бизнес банкрот болады», – дейді омбудсмен.
Кездесудің ең өткір сәті жаңа заң жобаларына қатысты өрбіген. Нұров Жаңа Қазақстанның кейбір популист депутаттары ұсынған заңдарға алдын-ала тәуелсіз сараптама жасалуы керек деген ұсыныс білдірген.
Оның айтуынша, заңдардың экономикалық салдары егжей-тегжей талданбай, салдары ескерілмей қабылдануда.
Мұны естіген Тоқаев терең ойға шомған екен. Президент кәсіпкерлердің мәселесіне құлақ түріп, бизнес-омбудсменнің ұсыныстарын қолдап, нақты тапсырма берген.
Қызығы сол, осы әңгіме туралы Нұров әлеуметтік желіге ашық пост жариялап, кейін оны дереу өшіріп үлгерген.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍89🔥25❤11👏10💯3
⚡️ Тоқаев Макронды қазақша сөйлетіп жіберді...
Франция президенті Еммануел Макрон Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ertenmedia.
Әңгіме француз тарапының бастамасымен өткен.
Макрон әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінде жазба жариялап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселеcі талқыланғанын атап өтті.
"Президент Тоқаевпен былтыр қарашадағы менің Қазақстанға жасаған сапарым және Қазақстан президентінің Францияға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізген келісімдерді жалғастыру жолдарын талқыладық. Әсіресе, энергетика мен көлік-логистика салаcындағы әріптестікті нығайтуға ерекше екпін бердік", – деп жазды Макрон.
Екі ел басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де сөз еткен.
Әңгіме соңында екі ел президенті Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастың дамуына оң баға беріп, сауда-экономикалық байланысты әрі қарай нығайтуға уағдаласқан.
Макронның қазақ тілінде арнайы жазба қалдыруы Париждің Ақорданы Мәскеу мен Бейжіңнің ықпалынан тыс, дербес және толыққанды стратегиялық серіктес ретінде мойындағанын аңғартады.

Атап айтқанда, Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп соғысы мен Оңтүстік Кавказдағы келіссөздер барысы талқыланды.
Әңгіме соңында екі ел президенті Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастың дамуына оң баға беріп, сауда-экономикалық байланысты әрі қарай нығайтуға уағдаласқан.
Макронның қазақ тілінде арнайы жазба қалдыруы Париждің Ақорданы Мәскеу мен Бейжіңнің ықпалынан тыс, дербес және толыққанды стратегиялық серіктес ретінде мойындағанын аңғартады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏83❤11🔥11🤮2👍1
⚡️ Сахнадағы саяси барлау. Гәгәринаның Қазақстанға қайта оралуының сыры неде...
Атышулы Полина Гәгәринаның Астанада жоспарланған гәстролі қазақ қоғамының саяси һәм ұлттық ұстанымына жасалып отырған астыртын сынақ болуы мүмкін, деп пайымдайды Ertenmedia.
Былтыр Алматыда дәл осындай даудан кейін Гәгәринаның концерті өтпей қалған болатын. Ол тұста осы салаға жауапты органдар жұрттың талабына құлақ асқандай көрінген. Алайда араға уақыт салып, әншіні Қазақстан қайта сүйреудің амалы жасалып жатыр. Мұның ар жағында біз ойлағаннан әлдеқайда терең саяси есеп жатуы мүмкін.
Бұл тек табыс табуды көздеген продюсердің пиғылы емес, қазақ аудиториясының саяси иммунитеті мен ұлттық ұстанымын сынау әрекеті.
Гәгәрин жай ғана сахна жұлдызы емес. Оның есімі Кремльдің Украинадағы басқыншылығын ақтаған саяси үгіт-насихатпен тығыз байланысты. Соғысқа дейін қазақ аудиториясы ресейлік әншілердің саяси ұстанымына салғырт қарайтын. 2022 жылдан кейін осы көзқарас күрт өзгерді.
«Курилка Байтерека» телеграм-арнасы мұндай концерттер қоғамның наразылық градусын өлшеп, қазақтардың Кремль ықпалына қаншалықты төзімді екенін тексеру үшін әдейі ұйымдастырылатынын айтады.
Арнаның пайымдауынша, мұның артында ықпалды топтардың есеп-қисабы жатыр. Олар қоғамды біртіндеп саяси енжарлыққа үйретіп, өздеріне ыңғайлы идеологиялық климат қалыптастыруды көздейді.
✓Гәгәринаның гастролі Мәскеу үшін қазақ қоғамының саяси тамырын басып көру тәсілі. Концерт өтсе де, өтпесе де, мақсат орындалмақ. Кремль идеологтарын қазақ аудиториясының саяси иммунитеті қаншалықты мықты екендігі қызықтырып отыр.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Атышулы Полина Гәгәринаның Астанада жоспарланған гәстролі қазақ қоғамының саяси һәм ұлттық ұстанымына жасалып отырған астыртын сынақ болуы мүмкін, деп пайымдайды Ertenmedia.
Ресей әншісінің қараша айында елордада концерт беретіні белгілі бола сала, әлемжелідегі белсенді қауым дүр көтерілді.
Былтыр Алматыда дәл осындай даудан кейін Гәгәринаның концерті өтпей қалған болатын. Ол тұста осы салаға жауапты органдар жұрттың талабына құлақ асқандай көрінген. Алайда араға уақыт салып, әншіні Қазақстан қайта сүйреудің амалы жасалып жатыр. Мұның ар жағында біз ойлағаннан әлдеқайда терең саяси есеп жатуы мүмкін.
Бұл тек табыс табуды көздеген продюсердің пиғылы емес, қазақ аудиториясының саяси иммунитеті мен ұлттық ұстанымын сынау әрекеті.
Гәгәрин жай ғана сахна жұлдызы емес. Оның есімі Кремльдің Украинадағы басқыншылығын ақтаған саяси үгіт-насихатпен тығыз байланысты. Соғысқа дейін қазақ аудиториясы ресейлік әншілердің саяси ұстанымына салғырт қарайтын. 2022 жылдан кейін осы көзқарас күрт өзгерді.
Орыстың Зы пропагандасын ұлықтайтын "шегірткелерді" шекарадан өткізбеу мұқым бір мемлекеттің саяси кемелдігі мен ұлттық ұстанымын көрсететін индикаторға айналып отыр.
«Курилка Байтерека» телеграм-арнасы мұндай концерттер қоғамның наразылық градусын өлшеп, қазақтардың Кремль ықпалына қаншалықты төзімді екенін тексеру үшін әдейі ұйымдастырылатынын айтады.
Арнаның пайымдауынша, мұның артында ықпалды топтардың есеп-қисабы жатыр. Олар қоғамды біртіндеп саяси енжарлыққа үйретіп, өздеріне ыңғайлы идеологиялық климат қалыптастыруды көздейді.
"Гәгәрина сияқты артистер кездейсоқ келмейді. Олар қоғамның саяси температурасын өлшейтін құрал. Осындай шаралар арқылы қоғамдық пікірдің принципшілдігі тексеріледі. Қазақ қоғамы нақты саяси ұстаным таныта ма, әлде үнсіз келісіп, үйреншікті бағытына қайта ма мәселе осында», – деген екен арна дереккөзі.
✓Гәгәринаның гастролі Мәскеу үшін қазақ қоғамының саяси тамырын басып көру тәсілі. Концерт өтсе де, өтпесе де, мақсат орындалмақ. Кремль идеологтарын қазақ аудиториясының саяси иммунитеті қаншалықты мықты екендігі қызықтырып отыр.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍95💯31😡21❤15🔥5
⚡️ AMANAT-тағы үлкен сілкініс. Партиялық билеттің қадірін кетіргендер кетеді...
AMANAT партиясы алдағы уақытта қатарын қатаң сүзгіден өткізіп, ішінара тазалау науқанын жүргізбекші, деп хабарлайды Ertenmedia.
Бұған дейін мандатты бизнестің құралы, партиялық билетті "қолшатыр" етіп жүрген жергілікті депутаттардың дәуірі аяқталады.
Шымкентте жол ережеcін өрескел бұзып қана қоймай, көлігіне жалған "777" мемлекеттік нөмірін тағып алған депутат Ерғали Аманбаевтың әрекеті партия қатарын тазалауға триггер болған.
Күні кеше дейін мұндайға үнсіз төзіп келген партия енді төтенше рейд жүргізуді жоспарлап отыр.
Партия ішіндегі сенімді дереккөздің хабарлауынша, бұл жолғы науқан бұрынғыдай формалды емес, керісінше өте қатаң түрде өтеді. Ешкімнің қызметіне, абыройына немесе ықпалына қарамайды. Саяси ұйымның абырой-беделін жеке бас мүддесіне пайдаланып жүрген мәслихат депутаттары партбилетін тапсыруға мәжбүр болады.
Партия осы процесте осалдық танытса, оның орнын өзге саяси ойыншылар басуы әбден мүмкін. Елдің бүгінгі саяси атмосферасы бұрынғыдай немқұрайлылық пен көзбояушылықты көтермейді.
Ertenmedia AMANAT-тың әр қадамын мұқият бақылап отыр. Партияға деген соңғы үміт осы тазартуға тікелей байланысты. Тазартудан кейінгі босаған орынға кімдер келеді?
Бұл туралы алдағы уақытта айтамыз. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

Осы арқылы саяси ұйымның төбе басындағы топ қоғамдағы наразылықты басып, партия беделін құтқарып қалуға тырысуда.
Шымкентте жол ережеcін өрескел бұзып қана қоймай, көлігіне жалған "777" мемлекеттік нөмірін тағып алған депутат Ерғали Аманбаевтың әрекеті партия қатарын тазалауға триггер болған.
Күні кеше дейін мұндайға үнсіз төзіп келген партия енді төтенше рейд жүргізуді жоспарлап отыр.
Партия ішіндегі сенімді дереккөздің хабарлауынша, бұл жолғы науқан бұрынғыдай формалды емес, керісінше өте қатаң түрде өтеді. Ешкімнің қызметіне, абыройына немесе ықпалына қарамайды. Саяси ұйымның абырой-беделін жеке бас мүддесіне пайдаланып жүрген мәслихат депутаттары партбилетін тапсыруға мәжбүр болады.
"AMANAT-тың өйтпеске амалы жоқ. Партия қоғам алдындағы имиджін қалпына келтіріп қана қоймай, Мемлекет басшысымен байланысты нығайтқысы келеді. Осы тұрғыдан алғанда AMANAT-тың тазалық операциясы Ақорда тарапынан берілген нақты тапсырма деуге толық негіз бар", - дейді дереккөзіміз.
Партия осы процесте осалдық танытса, оның орнын өзге саяси ойыншылар басуы әбден мүмкін. Елдің бүгінгі саяси атмосферасы бұрынғыдай немқұрайлылық пен көзбояушылықты көтермейді.
Ertenmedia AMANAT-тың әр қадамын мұқият бақылап отыр. Партияға деген соңғы үміт осы тазартуға тікелей байланысты. Тазартудан кейінгі босаған орынға кімдер келеді?
Бұл туралы алдағы уақытта айтамыз. Бізге тіркеліп алыңыз 👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍56👏22👎12❤6🔥2🤡2😁1🕊1
⚡️ Байбек әулетіндегі дау: бухгалтерді абақтыға түсірген 281 млн теңгенің хикаясы...
Экс-әкім Бауыржан Байбектің әпкесі Айгүл Байбекке тиесілі «Aray Media Group» бухгалтері Ризагүл Махметова 281 млн теңге жымқырды деген айыппен 7 жылға сотталды.
Алайда оның жақындары бұл істің артында ықпалды әулеттің есебі жатыр деп санайды.
Толығырақ: https://ertenmedia.kz/bajbek-aewletindegi-daw-bwhgalterdi-abaqtygha-tuesirgen-281-mln-tenggening-hikayasy/

💯77😱22❤6👍3
⚡️ Бағанашылдағы детдом дауы: Алматы облысында білім басқармасының басшысы ауысты...
Алматы облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл орынға бұған дейін Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімін басқарған Арайлым Төлеубекова отырды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Жаңа басшыны 21 тамызда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ресми түрде таныстырды.
Осы кезеңде аудандағы №41 мектепте мұғалімдерден үш жыл қатарынан заңсыз ақша жиналып, мектеп басшылығы қысым көрсеткені жайлы шу шыққан еді. Кейіннен іс антикордың тексеруіне ұласып, мектеп директоры қызметінен алынды. Бірақ сот директорды қызметіне қайта келтірген болатын.
Алматы облысы білім басқармасының басшысы қызметіне Төлеубекованың келуі аймақтағы үлкен ауыс-түйістің жалғасы.
Бұған дейін Баганашылдағы балалар үйіндегі дау-дамайдан соң, облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков, ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбитов және білім басқармасының бұрынғы басшысы Салтанат Беспаева қызметтен босатылған еді.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Алматы облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл орынға бұған дейін Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімін басқарған Арайлым Төлеубекова отырды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Жаңа басшыны 21 тамызда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ресми түрде таныстырды.
Төлеубекованың еңбек жолында Іле ауданында білім бөлімінің басшысы болған тұсы да бар.

👍22😱10❤3👏2