Erteńmedia
11K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.08K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️ Pepsi Ілеге қонды: Алматы облысында әлемдік брендті құтыға құятын зауыт салынады...

Carlsberg Kazakhstan Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа зауыттың құрылысын қолға алды деп хабарлайды Ertenmedia.

Kazakh Invest-тің мәліметінше, жобаға қатысты инвестициялық келісімге қол қойылып, зауыттың іргетасы қаланды.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1 млрд литрге жуық сусын шығаруға жетеді.


«Жобаның жалпы инвестиция көлемі 344 млн долларды құрайды. Мұнда PepsiCo лицензиясымен өндірілген сусындар Қазақстан мен Қырғызстан нарығына жеткізіледі», – деп хабарлады Kazakh Invest өкілдері.

Жаңа зауыт Іле ауданында 17 гектар аумақта орналасады. Құрылысты 2026 жылы аяқтау көзделген. Кәсіпорында 230-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың қыркүйегінде Carlsberg Group және PepsiCo компаниялары Қазақстан мен Қырғызстан нарығында алкогольсіз сусындарды бірлесіп өндіру, сату және дистрибуциялау бойынша келісімге қол қойған болатын.

Осы келісім негізінде Carlsberg Kazakhstan 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап PepsiCo-ның Қазақстандағы ресми серіктесі ретінде сусындарды өндіруге кіріседі.

Сол кезде Carlsberg Қазақстанда жаңа өндірістік кәсіпорын салуға үш жыл ішінде 100 млн еуродан астам инвестиция құюға ниетті екенін мәлімдеген еді. Компанияның болжамынша, жаңа өндіріс орны Carlsberg Kazakhstan-ның қазіргі бизнес ауқымын екі есеге ұлғайтады.


Қазіргі таңда Carlsberg Group пен PepsiCo Норвегия, Швеция, Швейцария, Камбоджа және Лаос елдерінде табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстан нарығында Carlsberg компаниясы 1998 жылдан бастап жұмыс істейді.

#әріптестікнегізде

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍30❤11👎1🔥1👏1
⚡️ Мінбердегі мерейтой: депутат Назаров "анасын құрметтемейтіндерді" орнына қойды...

Мәжілістің мінберінен анасының 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, жұрттың сынына ұшыраған депутат Ардақ Назаров өз әрекетін дұрыс деп санайды.

Ол әлемжелі мен қоғамда өзін сынға алғандарды "анасын құрметтемейтін адамдар" деп айыптады деп хабарлайды Ertenmedia.

"Мені қаралап, қарсы пікір жазғандар анасын құрметтемейтін, қадірлемейтін жандар. Анаға құрметті қоғам алдында жеткізу айып емес. Мен осы әрекетіммен керісінше ана қадірін түсінбейтіндерге үлгі болғым келді", – деді Назаров Мәжіліс кулуарында.


Депутат өз сөзінің қоғамда резонанс тудырғанын аса маңызды деп есептемейді. Оның ойынша, ананың орны барлық мінберден биік тұруы тиіс.

"Менің әрекетім ешқандай шу тудырған жоқ деп санаймын. Ананың мәртебесі ең биік мінберден де жоғары тұруы керек. Ана әрқашан ардақты болуы тиіс", – деп өз пікірін білдірді ол.

Сынға аса мән бермейтінін айтқан Назаров әлемжеліде жазылған пікірлерге бейжай қарайтынын жеткізді.

"Кім не жазса да, не айтса да оған бола көңілім түспейді. Әркімнің деңгейі әртүрлі. Мен өзімнің қандай ұл, қандай әке, қандай жар екенімді білемін. Сондықтан айтқанымнан кері шегінбеймін", – деді депутат.


Депутат осы тұста Тараздағы жан түршігерлік жағдайды мысал етті. Оның айтуынша, жақында 22 жастағы жігіттің өз анасына жасаған зорлығы және басқа да ұқсас оқиғалар оның жанына қатты батуда.

"Осындай оқиғалар елдің болашағына деген уайымымды күшейтеді. Мен қазақтардың бәрі маған қарсы деп есептемеймін. Әркімнің пікірі әртүрлі, бірақ анаға деген құрмет өзгермеуі керек", – деп қорытындылады депутат.

Айта кетейік, депутаттық сауалын анасының мерейтойынан бастаған Назаров көпшілік тарапынан қатты сынға ұшыраған. Желідегі жұрт депутаттың қызметінен кетуін талап еткен еді.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🤡41🤮29👍12😁8❤7🔥7
⚡️Сатыбалдының соңғы «сәлемдемесі»: Алматының ірі базары аукционға қойылды...

Алматыдағы ең ірі базарлардың бірі «Байсат» сауда орталығындағы мемлекеттің үлесі саудаға шығады деп хабарлайды Ertenmedia.

Бұған дейін аталмыш актив бұрынғы президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдының меншігінде болған еді.


Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның мәліметінше, аукцион 2025 жылдың 18 қарашасында E-Qazyna электронды сауда алаңында өтеді.

Сауданың бастапқы бағасы 28,6 млрд теңге. Ашық форматтағы аукционға онлайн порталға тіркелген кез келген қатысушының қатысуына мүмкіндік бар.

Нысанды сату мемлекет меншігіне қайтарылған активтерді ел игілігіне жұмсау бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Саудадан түскен қаражат толығымен Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, әлеуметтік жобаларға бағытталмақ.


Ertenmedia бұған дейін Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген құны жарты миллиард теңгеге жуық зергерлік бұйымдардың саудаға шығарылғанын жазған еді.

2024 жылы Бас прокуратура экс-президенттің немере інісімен жасалған процестік келісім нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 783 миллиард теңгенің активі қайтарылғанын мәлімдеген.

Оның арасында элиталы көліктер, жылжымайтын мүліктер, бизнес орталықтары, сирек кездесетін сағаттар мен бағалы монеталар бар.

Бізге жеткен мәлімет бойынша билік ескі Қазақстанға қатысты позициясын өзгерткен жоқ. Тоқаевтың түнеукүнгі мәлімдемесі Назарбаев әулетіне кеңшілік жасалады дегенді білдірмейді.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
❤11🔥11👏8👍2🤔1
⚡️ Шұғаның белгісі: Шалқарда қаралып жатқан іске аудан әкімінің есімі араласты...

Ақтөбе облысындағы Шалқар аудандық сотында пара дауына қатысты шулы іс қаралып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.

Айыпталушы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасова. Тергеу мәліметінше, шенеунік жергілікті мердігерлерден пара алып, орындалған жұмыс актісіне қол қою үшін ақша бопсалаған.

Қылмыстық істің екі эпизоды бар. Біріншісінде, Сәдуақасова «Дәнекер» ЖШС директорынан атқарылған жұмыстар актісіне қол қою үшін 5 млн теңге талап еткен. Екінші жағдайда «Азия строй проект 777» серіктестігінен жалпы сомасы 8 млн теңге пара алған. Ақша бөліп-бөліп Kaspi арқылы жеке адамдардың есепшотына аударылған.

Сот барысында Шұға Сәдуақасова бұл әрекетке аудан әкімі Жанболат Жидехановтың тікелей нұсқауымен барғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, әкімнің өзі мердігерлерден ақша талап етіп, кейбір соманы тікелей қолма-қол алған.


«Маған қорықпа, үндеме, өзім алып шығамын деп айтты. 2024 жылдың қазанында әкім мені кабинетіне шақырып, ақша керек деді. Менде ақша жоқ болғандықтан, өз қалтамнан 700 мың теңгені бердім. Кейін Ақтөбедегі құрбымның есепшотына мердігерлерден шамамен 12,5 млн теңге аударылды. Бұл ақшаның бір бөлігін Жидеханов тікелей өзі алып отырды», – деді айыпталушы сот отырысында.

Сотта айыпталушы мен аудан әкімінің арасындағы әңгіменің аудиожазбасы жарияланды. Сарапшылар жазбаның түпнұсқа екенін растады. Сонымен қатар әкімдік кабинеттерінде жасырын бейнежазбалар да жүргізілгені белгілі болды.

Сәдуақасованың адвокаттары соттан әкім Жанболат Жидехановты куәгер ретінде шақыруды талап етуде. Оқиға өте қызық бағытта өрбуі мүмкін...

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍17❤3🔥3🤔1💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Боқаевтың «түнгі рейді»: Алматы өзенінің тоналған граниттері жеке цехтан табылды...

Алматыда Үлкен Алматы өзенінен гранит тастарын заңсыз алып кетіп, құлпытас дайындайтын жеке шеберханаларға сатып отырғаны әшкереленді деп хабарлайды Ertenmedia.

Бұл туралы қоғам белсендісі Санжар Боқаев мәлімдеді.

Белсендінің айтуынша, өзен арнасын қайта жөндеуден өткізу желеуімен ірі гранит тақталарын түн мезгілінде білдірмей алып кеткен. Кейін оларды жеке цехтарға жеткізіп, саудаға салып отырған.


Боқаев аталған жағдайды мемлекеттік мүлікті ұрлау деп санайды.

Боқаев өз сөзінің дәлелі ретінде әлеуметтік желіде бейнежазбаны жариялады. Видеода үлкен тастарды жүк көлігіне тиеп, түнделетіп әкеткені анық көрінеді.

«Оқиға орнына жеткенде бір көлік кетіп үлгеріпті. Біраздан соң тағы бір жүк көлігі келді. Біз артынан аңдуға шешім қабылдадық.

Ол Бесағаш ауылы арқылы Талғар жаққа бет алып, ақыры әкімдіктің емес, құлпытас шығаратын жеке кәсіпкердің ауласына кірді.


Мемлекет меншігіндегі мүлікті осылай заңсыз сатып жатыр», – дейді белсенді.

Қазір бұл оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған. Тергеуді Алматының Бостандық аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍54😱11👏10❤8🔥6
⚡️Астана - Париж - Ұлан-Батыр: Кремльдің "артқы ауласына" енген француз агенттері...

Франция барлау қызметі Орта Азияға назар аударып, Мәскеудің аймақтағы ықпалын азайтуға әрекет етуде деп хабарлайды Ertenmedia.

Украинадағы соғыс басталғалы Франция Ресеймен іргелес елдермен байланысын нығайтып, барлау және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп жатыр. Intelligenceonline-ның дерегінше француз барлаушылары Орта Азия, соның ішінде Қазақстан мен Моңғолияға екпін беріп отыр екен.

Әзірге аймақ елдері Ресей мен Қытайдың ортасында қысылып, сыртқы саясатта еркін көсіле алмауда. Париж стратегиялық әріптестікке қолайлы деп бірінші кезекте Астананы қарастырып отыр екен.

4 қыркүйекте француздың қорғаныс саласындағы беделді IHEDN институтының делегациясы елордаға арнайы келіп, стратегиялық әріптестікті тереңдету жолын талқылап кеткен.


Қазақстан мен Франция арасындағы тығыз ынтымақтастық сонау 2009 жылы басталған. Сол кезде біздің ел Airbus компаниясынан екі жерсерік сатып алып, бейнелік барлау саласындағы серіктестік орнаған. Бүгінде бұл байланыс шекара қауіпсіздігі мен уран өндірісі саласындағы ортақ мүддеге негізделіп, өзекті болып отыр.

Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты дау екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсуі мүмкін.

Қазақстан Байқоңырдың бір бөлігін бақылауға алуға тырысса, Кремль 2028 жылы ғарыш кешенін Сібірдегі «Восточныйға» көшіреміз деп ескертіп, жыл сайынғы жүздеген миллион доллар төлемақыны өзімен бірге әкетпек.

Осындай жағдайда Астана батыстық New Space немесе Қытай тәрізді жаңа серіктестерді шақыруға мүдделі болуы ықтимал.


Француз барлаушылары көршілес Моңғолиямен де серіктестікті нығайтуда.

Францияның әскери барлау қызметі (DRM) 2019 жылы Моңғолияның Жалпы барлау агенттігімен (GIA) ынтымақтастық туралы маңызды келісім жасаған. Нәтижесінде Ұлан-Батырда екі елге ортақ пайдаланатын заманауи техникалық бақылау жүйесі орнатылған.

Моңғолия соңғы жылдары Батыспен, әсіресе АҚШ-пен қарым-қатынасын нығайту үстінде. Бұған АҚШ мемлекеттік хатшысы Ентони Блинкеннің 2024 жылғы жазда Ұлан-Баторға жасаған сапары дәлел бола алады.

Париж үшін Моңғолияның сирек кездесетін металы мен уран кеніштері қызықты болып отыр. Осы бағытта Франция президенті 🇫🇷 Еммануэль Макрон 2023 жылы мамырда Моңғолияға арнайы сапармен барып, кейін сол жылдың қазанында моңғол президенті Ухнаагийн Хурэлсух Парижді аралап қайтқан еді.

"Мәскеу мен Бейжіңдегі контр-барлау қызметінің әсіре белсенділігі Францияның DGSE (сыртқы барлау қызметі) мен DRM қызметін Орта Азия сияқты аралық аймақтар арқылы жұмыс істеуге мәжбүрлеп отыр. Аймақта жұмыс істеудің тәуекелі аз, ал алынған ақпараттың сапасы жоғары болуы мүмкін", - дейді осы тұста Intelligenceonline.


Айта кетелік, бұған дейін Bloomberg Қазақстанды Ресейдің "артқы ауласына" теңеген еді.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥20❤17😱5👏4
⚡️ Тау басындағы зауыт, етектегі қасірет: Маралдының малы неден өлгенін ешкім айтпай отыр...

Шығыс Қазақстандағы Маралды ауылының тұрғындары ірі қараның белгісіз себеппен қырылып жатқанына алаңдаулы деп хабарлайды Ertenmedia.

Ауыл халқының айтуынша, ірі қара жергілікті өзен суын ішкен соң өле бастаған. Өзеннің жоғарғы тұсында алтын өндіретін кәсіпорын орналасқан.

Бағалы металл өңдейтін зауыттың құрылысы төрт жыл бұрын басталған-тын. «ВСАМ Продакшн» ЖШС кәсіпорынды ауылдың дәл үстіндегі тау басына тұрғызған. Ашық дереккөздерге сәйкес, компанияны Айбек Әлібекұлы басқарады.


Әуел баста жергілікті тұрғындар зауыттан шығатын улы зат ауыз суды бүлдіріп, ауаны ластайды және көшкін болады деп қауіптенген. Кәсіпорын басшылығы өз кезегінде жоба барлық экологиялық талапқа сай, ешқандай зиян келмейді деп сендірген-тұғын.

Зауытта алтынды кеннен бөліп алу үшін цианид секілді аса қауіпті улы зат қолданылатыны белгілі. Дегенмен компания басшылығы зиянды заттың жер астындағы суға түспейтініне кепілдік беретін, арнайы көпсатылы қорғаныш жүйесі орнатылғанын айтқан.

Алайда соңғы уақытта тұрғындардың күдігі қайта күшейуде. Экологиялық мәселемен айналысатын Ecounion ұйымы Instagram парақшасында қырылып қалған ірі қара малдың видеосын жариялады.

«Цианид аса улы зат. Ертеректе оны кеміргіштерді өлтіруге қолданған. Қазір оны кеннен алтын алу үшін пайдаланады. Бірақ Маралдыдағы жағдайдың жөні бөлек. Себебі зауыт ауылдың түбіндегі тауға, халық тұтынып отырған өзен суының бойына салынған», – дейді экологтар.


Ауыл халқы бірнеше жыл бұрын Секисовка елді мекенінде болған цианид төгілген апатты алға тартып отыр. Сол кезде билік мұндай қауіпті жобаларды мұқият қадағалауға уәде еткен еді. Сөйте тұра халық қарсылығына қарамастан, дәл осы Маралдыда зауыттың құрылысына рұқсат берілген.

Жергілікті тұрғындар мал өлімінен бөлек, басқа да күдікті жайттардың көбейгенін айтады. Биыл ауылда аралар жоғалып, халық бал жинай алмай қалған. Оның себебін жұрт кен өндірісінен шығатын шаң мен үнемі үзілмейтін шудан көреді.

Маралды тұрғындары мал мен табиғаттың апаты ертең адамдарға жетпей тұра, шұғыл шара қабылдауды талап етуде.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🔥18😱17🤬7❤5🤔2💯1
⚡️Алматыдағы «гранит-гейт»: Сатыбалды тас ұрлығына тосқауыл қоюдың тәсілін тапты...

Үлкен Алматы өзенінің бойынан қолды болған гранит тақтайшалардың төңірегіндегі дау толастамай тұр, деп хабарлайды Ertenmedia.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды оқиға орнына арнайы келіп, істі тікелей өз бақылауына алды. Мердігерлер бұдан былай жұмыс күші мен техника жайлы қалалық құрылыс басқармасына күн сайын есеп беріп отыруы тиіс.

Айғай-шу саясаткер Санжар Боқаевтың "түнгі рейдінен" басталған еді. Айтуынша, өзен жағасындағы жөндеу кезінде жұлып алынған гранит тақтайшалар әкімдік қоймасына емес, жеке кәсіпкердің құлпытас цехына жеткізілген. Сөйтіп бюджеттен алынған бағалы тастардың жеке бизнестің тауарына айналып кету қаупі туған.


Бізге жеткен мәлімет бойынша Сатыбалды түнеукүнгі оқиғаны осы нарықтағы жүгенсіз кеткен ықпалды топтардың өзіне жасаған қасақана әрекеті ретінде бағалаған. Әлгі оқиғадан кейін іле-шала бірқатар қауырт шара қабылданған еді.

Қаладағы асфальттың опырылуы мен орынсыз ауыстырылған жол жабындары үшін Әуезов, Медеу ауданы әкімдері мен Экология басқармасының басшысына қатаң сөгіс берілген. Бостандық ауданы әкімінің орынбасары жұмысынан қуылған-тұғын.

Қала билігі алдағы уақытта осы саладағы күмәнді схемаларды түбірімен жоюды көздеп отыр.


Дархан Сатыбалды Үлкен Алматы өзеніндегі жөндеу жұмысы кезінде қолды болған гранит тақтайшаларға қатысты қатаң бақылау енгізіп, істі құқық қорғау органдарына тапсырмақшы.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
❤32👏18🔥5
⚡️Нұрболдың жұмбағы: Назарбаев әулетінің қай мүшесі құрыққа ілінді..

Астанада Назарбаев әулетіне қатысты тағы бір іс қозғалды. Бас прокуратураға қарасты Активтерді қайтару комитеті Назарбаев Н.Б. есімді азаматты сотқа беріп отыр.

Жауапкердің Болат Назарбаевтың ұлы, 41 жастағы Нұрбол Назарбаев болуы мүмкін деген болжам айтылды, деп хабарлайды Ertenmedia.


Әзірге сот талқысына түскен істің мән-жайы ашылған жоқ. Сот та, комитет те істің құпиялығына сілтеп, нақты мәлімет бермеген. Әдетте мұндай құпиялық активтің құны ауқымды болғанда ғана қолданылады.

Бізге жеткен мәлімет бойынша, Б.Н-ның мұрагеріне қатысты қозғалған іс жылжымайтын мүлік, кәсіпорындар, акциялар және бағалы заттардың төңірегінде (шамамен 105 млн доллар) өрбиді.

Айта кетейік, 8 қыркүйектегі Жолдауында президент Тоқаев Активтерді қайтару комитетінің атқарған жұмысына жақсы баға берген болатын.

Сонымен қатар бұл органды Инвесторлар құқығын қорғау комитеті етіп қайта құруды ұсынған еді.

Сарапшылар осы мәлімдемені билік элита арасындағы «ескі» және «жаңа Қазақстанның» өзара текетіресі аяқталып, енді келіссөз кезеңіне өтуі мүмкін деп бағалаған.

Нұрбол Назарбаев 2011-2017 жылдары Алматы облыстық ішкі істер департаментінде, соның ішінде департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2017 жылдан бастап Prime Capital Holding инвестициялық қорын құрып, бақылау кеңесін басқарған.


Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысы жер ресурстарын басқару департаменті Бурабай курорт аймағындағы элиталы жер телімдерін қайтару бойынша соттасып жатқан болатын. Бұл аумақтар арасында Назарбаев әулетіне тиесілі жерлер де бар екені айтылған еді.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏32❤17🔥3😱1💯1
⚡️Зеленскиймен ағылшынша тілдескен Тоқаев: Мәскеудің мазасын қашырған мезет...

Трамптың Ақ үйге қайта оралуы Орта Азия мен Қапқаздағы бұрынғы саяси тепе-теңдікті түбегейлі өзгертті деп хабарлайды Ertenmedia.

Саясаттанушы Аркадий Дубновтың пайымдауынша, Уашингтонның аймаққа ықпалы артып, Мәскеудің геосаяси сахнадағы рөлі әлсірей бастаған.


Оның айтуынша, бұған дейін Ресейдің сателлиті ретінде саналып келген елдер енді Мәскеудің тасасынан шығып, АҚШ-пен ірі келісімшарттарға қол қойып жатыр.

"Трамптың келуімен Орта Азиядағы жағдай күрт өзгерді. Мәскеудің "мәмілегерлік монополиясы" жойылып барады", – дейді Дубнов.

Тамызда Уашингтонда өткен келіссөзде Армения премьері Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Трамптың арағайындығымен бейбіт келісімге қол қойды. Аймақтың инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жобалар АҚШ-тың қолдауымен іске асады.

Осылайша, Ресей талай жыл «бас мәмілегер» болған аймақта қазір шетке ығысып қалған.


Орталық Азия осы өзгерістің ортасында тұр. БҰҰ Бас Ассамблеясы кезінде Қазақстан мен Өзбекстан АҚШ-пен бұрын-соңды болмаған ауқымды келісімдер жасасты. Қазақстан америкалық компаниядан 4 миллиард долларға локомотивтер алса, Өзбекстан 8,5 миллиардқа Boeing 787 Dreamliner ұшақтарына тапсырыс берді.

Дубнов бұл үрдістің әрі қарай тереңдей түсетінін меңзейді.

"Тоқаевтың Зеленскиймен ағылшын тілінде сөйлесуі символдық мәні зор көрініс. Мұның өзі біраз нәрсені аңғартады", – дейді ол.


Сарапшы Мәскеуде жақында ғана ашылған солтүстіккореялық «Пхеньян» мейрамханасын мысалға келтіріп, Ресейдің сыртқы саясаттағы бүгінгі деңгейін мысқылдай жеткізген.

"Мейрамханаға кіргенде Солтүстік Корея телеарналарының үгіт-насихаты көрсетіледі, фондағы музыкасы да соған сай. Келушілерді төлқұжатпен кіргізеді және "Оңтүстік Кореяда болған жоқсыз ба?" деп сұрайды", – дейді саясаттанушы.

Айта кетейік, бұған дейін Нью-Йорк сапары аясында Тоқаев Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, сирек металдар экспортын, энергетика саласындағы инвестициялар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалау туралы ұсыныстарын талқылаған.

Сонымен қатар Goldman Sachs, PepsiCo, Amazon және Chevron басшыларымен кездесіп, Қазақстан экономикасына жаңа инвесторлар тартудың жолдарын пысықтады.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍54❤19🔥3👏3
⚡️ Киевке қарай бет бұрған қазақ бизнесі: Қазақстан соғыстан кейінгі Украинаны қалай көтермек...

Нью-Йоркке сапары аясында президент Тоқаев Украина басшысы Владимир Зеленскиймен маңызды келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ertenmedia.

Forbes Kazakhstan-ға пікір білдірген Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко келіссөздің мән-жайын жіліктеп жеткізген екен.

Оның сөзіне қарағанда, Тоқаев пен Зеленскийдің ресми түрде бетпе-бет жүздеспегеніне алты жыл болған. Бірақ бір ай бұрын телефон арқылы сөйлескен екі ел басшысы осы жолғы кездесудің жоспарын алдын ала пысықтап қойған.


"Кездесу кездейсоқ өткен жоқ. Ол алдын ала келісілген әрі ресми бағдарламаға енген маңызды басқосу болды. Екі тарап та кездесуді бірінші кезекке қойды", – деп атап өтіпті елші.

Келіссөздің басты тақырыбы Украинадағы соғыс және оны аяқтаудың жолын талқылауға арналған. Майконың айтуынша, Зеленский Қазақстанның соғыс басталған күннен бастап Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдағанына ерекше алғыс білдірген.

"Біздің елдердің ұстанымы халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына негізделген, бұл мәселеде екі тараптың позициясы толық сәйкес келеді", – дейді Украина елшісі.

Зеленский Киевтің бейбіт келіссөзге дайын екенін, алайда қазіргі таңда Кремльдің осы келіссөздің өтуіне мүмкіндік бермейтін шарт қойып отырғанын жеткізген. Тоқаев өз кезегінде қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін баса айтыпты.


"Украина қол жеткізгісі келетін бейбітшілік әділ, ұзақмерзімді болуы керек, әрі барлық тараптың мүддесін қамтуға тиіс. Біз Қазақстан басшысын осы бейбіт бастамаларды қолдауға шақырдық", – дейді Майко.

Екінші бір маңызды мәселе соғыстан кейін әлсіреп қалған экономикалық байланыстарды қалпына келтіру. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты қайта жандандыру, жаңа логистикалық және көліктік бағыттар қалыптастыру жолдарын талқылаған.

Кездесудің нақты нәтижесі ретінде Қазақстан-Украина үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық комиссиясының жұмысын қайта бастауға уағдаластық жасалыпты.

Қазақстан жағынан комиссияға премьер-министрдің орынбасары Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық етсе, Украина тарапынан жаңадан тағайындалған вице-премьер Алексей Кулеба басқаратын болады.

❗️Ақорданы ерекше қызықтырған мәселенің бірі Украинаны қалпына келтіру жұмысына қазақстандық бизнестің қатысуы.

"Қазақстандық компаниялардың ұсынысын қарастыруға дайынбыз. Украинада тұрғын үй, әлеуметтік сала, энергетика мен инфрақұрылымда атқарылатын шаруа өте көп. Біз осы жұмыстарға қатысуға ниетті Қазақстан компанияларына есігімізді айқара ашамыз", – деп түйіндепті Виктор Майко.


Айта кетейік, кездесу барысында желіде тарап кеткен Зеленскийдің арандатушылық мәлімдемесі фейк болып шыққан. Украина елшісі мұндай жалған ақпараттың пайда болуының өзі кездесу маңыздылығын көрсетеді деп отыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍41👏10❤5🔥5
⚡️ Дүйсеновтың жабылмайтын ауызы Қожамжаровтың түбіне жеткелі тұр...

Алманияда Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.

Экс-прокурорды Қазақстанның Интерпол арқылы берген сұрауы негізінде Фюрт қаласында неміс құқық қорғау органдары қолға түсірген.


Ішкі істер министрлігі Дүйсеновтің халықаралық іздеуде болғанын және Интерпол желісі бойынша әріптестермен бірлескен жұмыс нәтижесінде ұсталғанын растады.

«Іздестірудегі азамат Алманияның Фюрт қаласында анықталып, қамауға алынды. ІІМ шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен қылмыскерлерді жазасыз қалдырмау үшін белсенді жұмыс жүргізуде», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің Қытайға сапары кезінде Интерполдың Бас хатшысы В. Уркизамен кездескені хабарланған еді.

Айта кетерлігі, Мақсат Дүйсенов бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың командасында істеген лауазымды тұлғалардың бірі.

Ertenmedia осыған дейін Қожамжаров кланының мүшелері түгелге жуық шатылып, арты-артынан істі болып жатқанын егжей-тегжейлі жазған-тұғын.


Неміс жерінде қолға түскен Дүйсенов осының алдында әлемжелі арқылы қарсы шабуылға шығып, өзінің бұрынғы әріптестері мен бүкіл құқық қорғау жүйесін сынға алған болатын.

Дүйсеновтің айтуынша, 2009 жылы Алматының қаржы полициясына басшы етіп тағайындағанда, төрағасы Қайрат Қожамжаров бірден: "Қытайдан келетін контрабанда мәселесіне аралассаң өзіңе ор қазғаның", – деп ескерткен екен.

Қожамжаровқа келер болсақ, соңғы рет ол Қазақстанда осыдан екі жыл бұрын Болат Назарбаевтың асында көрінген-ді. Қазіргі уақытта (екі дереккөздің мәліметінше) экс-бас прокурор Мәскеуде тұрып жатыр.


Бас прокуратура Қайрат Пернешұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Тергеу оның Финполды басқарған кезеңі мен басқа да жоғары лауазымды қызметтерде болған уақытын толық қамтиды.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏34❤17🔥3🤔3
⚡️ Қонаевтың көлеміндей. Логутовтар әулеті Іленің 10 мың гектарын қалай иемденген...

Депутат Базарбек Алматы облысындағы жер былығына қатысты Бас прокурорға сауал жолдады деп хабарлайды Ertenmedia.

Оның сөзінше, Қапшағай су қоймасы мен Іле өзені жағасындағы 80 жер телімінің заңсыз жолмен жекеменшікке өтіп кеткені анықталған. Соның кемінде 50-інде жер және су кодексінің талаптары өрескел бұзылған.

"Бұл жерде заңның бұзылғаны емес, заңды кімнің бұзғаны алаңдатады. Қапшағай әкімдігінде қызмет еткен шенділер Жер және Су кодексінің талабын белден басып, аталған телімдерді экс-президенттің жақындарына, жоғары лауазымды тұлғалар мен Forbes тізіміндегі олигархтарға үлестіріп берген", – дейді депутат.

Жер инспекторлары заңсыз алынған учаскелерді мемлекетке қайтару туралы ескерту бергенімен, экс-шенеуніктер мен ықпалды кәсіпкерлер тарапынан қысым көрген.

❗️Базарбек Іле ауданындағы ауыл шаруашылығына арналған жер телімдері де талауға түскенін мәлімдеді.

Айтуынша, ауданның бұрынғы әкімі Николай Логутов 14 жыл бойы жерді өзінің ағайын-туысына бөгде адамдар арқылы рәсімдеп, бөліп берген. Қазір осы шұрайлы жерлерді оның ұлы Константин Логутов бірқатар компаниялар, соның ішінде DALA INVEST GROUP және AL-AGRO GROUP арқылы басқарып отыр.

Жергілікті жұрттың мәліметіне сәйкес, Логутовтар иелігіне өткен жердің жалпы көлемі 10 мың гектардан асып кеткен, бұл Қонаев қаласының аумағынан да үлкен.

Тұрғындар тоқымдай жерге қол жеткізе алмай жүргенде, Логутовтарға тиесілі аумақ игерілмей, саудаға шығарылып, коммерц.мақсатта ғана пайдаланылып отыр.

"Тоқаев 2024 жылғы жолдауында тайға таңба басқандай айтты: егер жер заңсыз бөлінген болса әрі мақсатқа сай пайдаланылмаса, оны мемлекет меншігіне қайтарудың жеңілдетілген тәртібі іске қосылады", – деді осы тұста депутат.


Бас прокурор Берік Асыловқа базына айтқан Базарбек Қапшағай мен Іледегі заңсыз жер бөлінісі бойынша тексеруді өз бақылауына алып, жер инспекторларына жасалатын қысымды тоқтатуды және ауыл шаруашылығы жерін заңсыз иемдену фактісі бойынша рейд жүргізуді талап етті.

Айта кетейік, депутат бұған дейін Қапшағай маңындағы 82 жер телімінің заңсыз бөлінуіне экс-президент Назарбаевтың жақын туыстары қатысы бар екенін айтқан болатын.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
😱42👍23❤8🔥1🤔1💯1
⚡️ Тіл ұшындағы сарказм. Тоқаев Путиннің сүйікті риторикасын өзіне қарсы қолданды...

Президент Тоқаев Астана Ресей мен Украина арасындағы соғыста арағайындық миссияны мойнына алмағанын және осы қақтығыста өзін медиатор ретінде көрсетпейтінін мәлімдеді деп жазады Ertenmedia.

Оның айтуынша, Мәскеу мен Киев барлық даулы мәселені өзара талқылауға және түрлі деңгейде келіссөз жүргізуге қабілетті.

"Украинадағы соғыс өте күрделі мәселе, оны тым қарабайыр түсіндіріп, жеңіл шешуге болмайды. Қақтығыс жалғасқан сайын территориялық, тарихи, ұлттық, тілдік және саяси түйткілдер де көбейе түсуде. Әрине, қазір басты әрі күрделі мәселе территория.

Келіссөз үстеліне Киев Русінен бастап, "сыйға тартылған территорияға" дейінгі (Кремль пропагандасы жиі қолданатын, ред.) мәселелер шығып жатқандықтан, нақты нәтижеге қол жеткізу қиын болып тұр.


Дегенмен, келіссөздерді жалғастыру керек. Мұны БҰҰ Бас Ассамблеясында да айттым", – деп атап өтті Тоқаев.

Президенттің сөзінше, Ресей мен Украина басшылары Қазақстанға келіп келіссөз жүргізгісі келсе, біздің тарап қажетті жағдайды жасайды.

Алайда жоғары деңгейдегі кез келген кездесу дипломаттар мен сарапшылардың ұзақ дайындығын қажет етеді. Сондықтан екі ел арасындағы басты мәселелер бойынша келісім мен нақты бітім болмай тұрып, нәтиже күту қисынсыз.


"Қазақстан жоғары деңгейдегі тікелей келіссөздердің басталуын қолдайды, бірақ алдын ала дипломатиялық дайындықсыз өзара мәмілеге қол жеткізу мүмкін емес. Біз арағайын емеспіз, алайда тараптарға кездесуге қажетті қолайлы алаң мен мүмкіндіктерді ұсынуға әзірміз", – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Владимир Зеленский Астананы келіссөз алаңы ретінде қарастыруға дайын екенін жеткізген. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков іле-шала "Ресей үшін ең тиімді орын Мәскеу" деген мәлімдеме жасаған еді.

Песковтың құлағына сыбырлап отырған Путин келіссөздің Мәскеуде өтуін қауіпсіз деп санайды.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏73👍23❤11🔥7💯2😱1💩1
⚡️ Мәсімовтің бұғалтыры: Айгүл Нұриеваның экстрадициядан қашқан экзотикалық маршруты...

Кәрім Мәсімовтің бұғалтыры болған Айгүл Нұриеваның Дубайда элиталы пентхаусы және Тынық мұхиттың төріндегі аралда ықтиярхаты бар екені анықталды деп жазады Ertenmedia.

“Выход к морю” мәлім еткеніндей, Нұриева бұған дейін Кипр паспортын, Ұлыбритания мен Гонконгтың ықтиярхатын алған болса, енді әмерикалық Самоа аралының ықтиярхатымен құжат коллекциясын толықтырған екен.

Әлгі құжат оның алдағы уақытта АҚШ азаматтығын алып, Қазақстан билігіне экстрадицияланбауына мүмкіндік бермек.

Арнаның атап өткеніндей Нұриева Дубайдағы қазақ элитасының сүйікті локациясы Palm Jumeirah аралында жалпы ауданы 490 шаршы метр пентхаус сатып алған. Ауданды «ескі Қазақстанның» өкілдері ерекше жақсы көреді.


Бұл араны шарлап шықсаңыз, экс-премьер Серік Ахметовтің бала-шағасын, атышулы Асқар Мәминнің жақындарымен ұшырасып қалуыңыз әбден мүмкін.

Айгүл Нұриева экс-мем. хатшы Қанат Саудабаевпен көрші тұратынға ұқсайды. 2,2 млрд теңгеге бағаланған апартаменті экс-шенеуніктің пәтерінен әлдеқайда үлкен. Пентхауста төрт жатын бөлме, бірнеше қонақ бөлме, жеті бірдей жуынатын бөлме бар дейді.

Нұриева 2000 жылдың басында Назарбаев әулетінің бақылауындағы компаниялардың есеп-қисабын жүргізген. Кейін «Қазақтелеком» мен «Қазкомның» ірі акционері атанып, аяқасты жүздеген миллион долларлық активке ие болған.


Шотындағы ақша 1 млрд долларға жетіп, шекесі шылқыса да, Мәсімовтің қолбаласы қызметінен қол үзбеген. «Мұрттының» ұсақ-түйек жұмысын атқару Нұриеваның мойнында болған.

Шетелге шығарылған қаражатқа Нұриева өзінің тікелей кураторының тапсырмасымен Ұлыбритания, Франция және Гонконгтан жалпы құны 90 млн доллардан асатын вилла мен пәтер сатып алған.

Әмерикалық Самоа аралынан алған ықтиярхат Нұриеваның жазадан жалтару жоспары болуы мүмкін. Айгүл АҚШ паспортын алса, Астананың сұрауымен экстрадициялау мүмкіндігі мүлдем жойылады.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍38❤18🤔7🔥5😱4💯2
⚡️ Сөреден сырғыған Mazmundama: Қазақ баспасын қарызға батырған Меломан...

Қазақтілді ортаға кеңінен танымал Mazmundama баспасының кітаптары "Меломан" дүкендер желісінің сөресінен алынып тасталмақ деп жазады Ertenmedia.

Бұл туралы баспа жетекшісі Шыңғыс Мұқан мәлімдеді. Mazmundama әлем әдебиетінің үздік туындыларын қазақша сөйлетіп жүрген санаулы баспаның бірі.

Осы күнге дейін дүкендерге, соның ішінде "Меломанға" баспадан басылып шыққан кітаптар қарызға беріліп, түскен табыстың есебінен типография шығыны өтеліп, қызметкерлер еңбекақысы төленіп келген.


Алайда соңғы үш айда "Меломан" ақша аударуды доғарып, баспа аса қиын жағдайда қалған.

Күні кеше компания басшысы Шыңғыс Мұқан осы жайында әлемжеліде мәселе көтеріп, өздеріне тиесілі ақшаны талап еткен еді. Осыдан кейін ғана дүкен баспаның берешегін толық өтеген болатын.

Ең қызығы, ізінше "Меломан" басшылығы баспамен арадағы келісімшартты үзетіні туралы тілдей хат жіберген. Шыңғыс Мұқанның айтуынша, "Меломан" осылайша өзіне қарыз беріп, кітап жеткізіп отырған отандық баспаларға қысым көрсетіп отыр.


"Меломан" сияқты дүкендер біз секілді баспалардың көз майын тауысып шығарған кітабын қарызға алып-сатып, сол арқылы табыс табады. Берешегін уақытында қайтармайды. Ақшаңды талап етсең, өзіңді кінәлап, серіктестікті бұза салады. Ақшасын бермей қорлайтын, талап етсең, тауарыңнан бас тартатын дүкенге неге кітап беруіміз керек? Бермесек, Ресей баспаларының орысша кітаптарын ғана саудалай берсін. Олардан, меніңше кітапты қолма-қол, нақ ақшаға сатып алады", – дейді баспа иесі.

Шыңғыс Мұқан Mazmundama кітаптарын бұдан былай "Меломан" емес, тікелей Kaspi-ден әлдеқайда қолайлы бағаға алуға кеңес беріп отыр.

Баспа жетекшісі "Меломанның" келісімшартты үзу туралы хатты тек орыс тілінде жолдағанына назар аударған екен. Компания осы арқылы мемлекеттік тілге немқұрайлы қарайтынын көрсеткен.


"Біз бұдан әлсіреп қалмаймыз, керісінше күшті, мықта бола түсеміз. Енді, көрмегенім “Меломан” болсын" – деп түйіндепті сөзін Шыңғыс Мұқан.

Желідегі оқырман өз кезегінде баспаға қолдау білдіріп, "Меломанға" бойкот жариялау мәселесін қызу талқылау үстінде.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
😱64❤36👍29🤬7🔥5💯4👎2😢2👏1🤔1
⚡️ Жамбылдың жаңа бет-бейнесі: қытай капиталы қант пен тракторға айналған күн...

Жамбыл облысында бір күнде екі бірдей ірі зауыт іске қосылды деп хабарлайды Ertenmedia.

Президент Тоқаевтың тапсырмасы аясында облыста инвестиция тарту мен жаңа өндіріс орындарын ашу ісі қарқын алған.

Соның дәлелі ретінде Байзақ ауданында егемендік алғаннан бергі алғашқы ірі қант зауытының құрылысы басталды.

Қытай инвесторы 200 млн доллар қаржы құйған жаңа кәсіпорын жылына 1 млн тоннаға дейін қант қызылшасын өңдеп, 120 мың тонна таза қант шығарады.


Өнімнің сапалы болатыны өз алдына, жаңа зауыт аймақта 350-ден астам адамды жұмыспен қамтымақ. Жергілікті диқандар да шикізатты зауытқа тікелей жеткізуге дайын отыр дейді.

«Жамбыл облысының климаттық және экономикалық жағдайы өңдеу саласын дамытуға өте қолайлы. Жобаның келешегі зор», – дейді инвестор компанияның бас директоры Сәо Анбао.

Дәл осы қуанышпен бір уақытта Тараз қаласының индустриалды аймағында екінші жаңа зауыттың іргетасы қаланды. Бұл ауыл шаруашылығына арналған техника шығаратын заманауи кәсіпорын.

Инвестор ретінде тағы бір қытайлық компания тартылып, жобаға 10 миллиард теңге инвестиция бөлінген.

Зауыт іске қосылғанда жыл сайын түрлі модификациядағы 2 мыңға жуық трактор мен ауыл шаруашылығына қажетті тіркемелі техникалар шығарылып, ел игілігіне ұсынылады. Жаңа кәсіпорын 60-қа жуық жергілікті маманды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.


Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, мұндай өндіріс орындарының ашылуы өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына тың серпін беріп, фермерлердің өнім өндіру мүмкіндігін арттырады.

"Ауыл шаруашылығының өркендеуі отандық машина жасау саласымен тығыз байланысты", - дейді аймақ басшысы.

Биылғы жылдың өзінде аймаққа тартылған инвестиция көлемі өткен жылғыдан 32,4 пайызға өсіп, 391 миллиард теңгеден асып жығылған.

Жалпы 2025-2027 жылдары Жамбыл облысында құны 300 миллиард теңгеден асатын тағы 20 ауқымды жоба іске қосылмақ.


Осының бәрі өңірдегі өндірісті жаңартып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталып отыр.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍42❤19👏5🔥2🙏2
⚡️ Ақордадағы ауыс-түйіс: Тоқаев Нұртілеуді орнынан алып тастады...

Еліміздің сыртқы істер министрі болып бұған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған Ермек Көшербаев тағайындалды деп хабарлайды Ertenmedia.

Тоқаевтың Жарлығымен осы күнге дейін сыртқы істер министрі болып келген Мұрат Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі лауазымына ауысты.


Ермек Көшербаев бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстанның Ресейдегі және бірқатар елдердегі елшісі қызметін атқарған.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде және ұлттық компанияларда жауапты лауазымдарда болған тәжірибелі дипломат. Жаңа министр қазақ, орыс, ағылшын және корей тілдерінде еркін сөйлейді.

Айта кетейік, Ермек Көшербаев 2025 жылдың ақпан айынан бері Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарып келген болатын.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍70🔥18❤11🤔6👎5👏1
⚡️ Нью-Йорк сапарынан кейін: Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін ауыстырды...

Президент жарлығымен Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды деп жазады Ertenmedia.

Ол бұл қызметті 2021 жылдың сәуірінен бері атқарып келген еді.

Бізге жеткен мәлімет бойынша, келер жылдан бастап екі елдің қарым-қатынасы айтарлықтай қарқын алады.


Осыған байланысты дип.корпуста өзгеріс болып, Уашингтондағы өкілдік қызметін күшейту үшін жаңа команда жасақталмақ.

Бұл бүгін таңертеңнен бергі дипломатиялық корпуста болған үшінші үлкен ауыс-түйіс.


Бұған дейін Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі қызметінен босап, оның орнына Ермек Көшербаев тағайындалған еді.

Ең қызығы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметі бірнеше айдан бері бос тұр. Осы орынға ұсынылған Жули Стафт әлі ресми түрде жұмысқа кіріскен жоқ. Оның елімізге қатысты мәлімдемесі қазақтілді қауымның көңілінен шыққан болатын.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
💯119👍20❤5🔥5😱2😁1
⚡️ Сатыбалдының сарқылған сабыры: Алматының ақшасын жұтқан мердігерлерге тықыр таянды...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы құрылыстың сапасы мен мерзімін сақтамаған компанияларды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ertenmedia

Бұл туралы қала басшысының кеңесшісі Ілзат Ақчурин мәлімдеді.

Жиында Дархан Сатыбалды бюджеттен миллиардтаған қаржы алып отырған құрылыс компанияларының жұмысын сынға алып, олардың жауапсыз әрекеттері қаланың дамуын тежеп отырғанын айтты.

«Бюджеттен ондаған миллиард теңге алған мердігерлер құрылысты созып, жұмысты тоқтатып қойып, оның үстіне сапасыз істеп жатыр.

Жоспар бойынша нысандарда кем дегенде 15 техника мен ондаған жұмысшы болуы тиіс болса, іс жүзінде екі-үш адам мен бір-екі ғана техника жүреді.


Соның салдарынан жолдар бұзылып, айнала шаң-тозаңға көміліп, тұрғындар зардап шегуде. Бұл жауапкершіліктің жоқтығы», – деді қала әкімі.

Дархан Сатыбалды бірқатар мердігер компанияның қаржы тапшылығын сылтауратып, технологиялық талапты сақтамай, жұмысты негізсіз созып, құрылысты мүлдем тоқтатып қойғанын атап өтті.

Жаз бойы қазылған жол мен бұзылған аумақтар, инженерлік желілер дер кезінде қалпына келтірілмей ашық-шашық жатыр.

Әкімнің айтуынша, тек бірнеше компанияның өзі 38 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын игерген. Мұндай ірі көлемдегі қаржы жұмсалғанда, қаланың нақты нәтиже талап етуге толық құқы бар.


«Кемшілікті сыртқы себептерге сілтеудің керегі жоқ. Егер мердігер жұмысты уақытылы әрі сапалы орындай алмаса, Алматыдағы жобаларда оларға орын жоқ. Салғырттыққа жол бергендерді лицензиясынан айырып, заң алдында жауапқа тартатын боламыз», – деп түйіндеді Сатыбалды.

Әкімдік қаладағы бірнеше ірі мердігер ұйымға бөлінген ілгерідегі 38 млрд теңгенің әр тиынына дейін тексеруге бекініп отыр.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍56👏21❤12🔥4👎1😱1