Erteńmedia
11K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.08K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Банктер мен биліктің арасындағы "махаббат": Базарбек ашқан Pandora жәшігі...

Депутат Базарбек банктерді жемқорлыққа жол беріп, мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсап, жауапкершіліктен жалтарып отыр деп айыптады. Таяқтың бір ұшы экс-премьер Асқар Мәминге де тиіп кетті деп жазады Ertenmedia.

Депутаттың айтуынша, Қазақстандағы банк жүйесі ұзақ жыл бойы айрықша мәртебеге ие болып, «банк құпиясы» деген желеумен талай заңсыз әрекетке жол берілген.

"Банктерді бюджеттен қаржы бөліп құтқарып келдік. Олардың капиталды шетелге шығаруына ешкім кедергі келтірмейді. Банктік ақпараттың қолжетімділігі әдейі шектеліп, бақылаушы органның жұмысына тосқауыл қойылды. Банк лоббиі биліктің дәлізінде талтаңдап жүрді", – дейді депутат.

Базарбек банктердің талай шұрайлы жерді жамбасына басып жатқанын жеткізді. Заң бойынша, банктер кепілге алынған учәскіні алты ай ішінде игермесе, жер мемлекетке қайтарылуы тиіс.


Бірақ банктер әлгі талапты айналып өтіп, жерді «Проблемалық кредиттер қорына» өткізіп, кейіннен жеке тұлғаларға сатып жібереді екен.

«Мемлекетке қайтарылуы тиіс жерді банктер білдірмей «Проблемалық кредиттер қорына» өткізіп, кейін оларды жеке саудаға шығарып сатады. Бұл ма, бұл Жер кодексіндегі қағиғадаға қайшы.

Мысалы, Halyk Bank-тің меншігінде және кепілінде жалпы аумағы 2 млн 589 мың гектар болатын 2153 жер телімі бар. Олардың құны 166 млрд 884 млн теңге. Ал «Проблемалық кредиттер қорында» жалпы аумағы 1 млн 159 мың гектар болатын 1298 жер телімі жатыр, құны 53 млрд 126 млн теңге.


Немесе 2020 жылы Асқар Мәмин қол қойған хаттамаға қараңызшы, Алматыда мектеп, аурухана, балабақша салуға арналған 383 гектар жер осы қорда кептеліп, ақыры құрылыс компанияларының қолына өтіп кеткен», – деді депутат.

Сондай-ақ Базарбек банктердің дағдарыс кезінде мемлекеттен алған миллиардтарды әлі күнге шейін толық қайтармағанын қатаң сынады.

«10 жыл бұрын банктерге бюджеттен қомақты қаражат берілді. Енді оны шым-шымдап қайтарып жатыр. Мысалы, «Нұрбанкке» 46 млрд теңгені 2030 жылға дейін қайтаруға мүмкіндік берілген. «Еуразиялық банкке» 150 млрд теңгені 2032 жылға дейін. Ал «Алатау Сити Банкке» мүлде керемет жағдай жасалған, оларға берілген 950 млрд теңгені үш кезеңге бөліп, 2034, 2034-2035 және 2040-2045 жылдар аралығында қайтарады. «Банк ЦентрКредитке» де 176 млрд теңгені 2032 жылға дейін қайтаруға рұқсат еткен. Осы ақылға сия ма?» – дейді ашуға мінген Базарбек.

Айтуынша, банктерге берілген мұндай артықшылық тап-таза лоббидің көрінісі.


«Қарапайым қазаққа осындай жеңілдік жасалар ма еді? Ел күйзеліп жүргенде, банктердің көңіліне қарап отырудың қажеті жоқ. Оларға кеңшілік жасауды тоқтатып, мемлекеттің қаржысын дәл қазір қайтартуға кірісу керек», – деп түйіндеді депутат.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍96❤19🔥13👏6😢4
⚡️Гүл ұсынған қыздан туған ұлдар: Депутат Құспан тоқал институтын неге заңдастырғысы келеді...

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстанда тоқал алуды заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында депутат елде көп әйел алуға ресми тыйым болғанымен, ауқатты азаматтардың арасында бұл құбылыстың кең тарағанын айтты.

«Заң жүзінде тыйым салынғанымен, іс жүзінде елде екінші, тіпті үшінші-төртінші әйел алған азаматтар жетерлік. Бұлар тек мемлекеттік қызметкерлер емес, қарапайым қалталы жігіттер де солай өмір сүріп жатыр. Демек, заңның қауқары жоқ, ешкім тыйымға мән бермейді», – деді Құспан.


Депутаттың өзі көп әйел алуға қарсы екенін, алайда осы бір әлеуметтік құбылысты заңмен реттеу қажет екенін жеткізді.

«Жеке көзқарасым бойынша көп әйел алуға қарсымын. Бірақ сіз бен біздің қарсы болғанымыздан бұл құбылыс жойылмайды. Заң жұмыс істемей тұр. Сондықтан тоқал институтын ресми түрде заңдастырып, шеңберін айқындап берген дұрыс. Әйтпесе, тыйымның өзі құр формализмге айналып, азаматтар оны елемейтін болды», – деді депутат.

Абзал Құспанның пікірінше, ер адамдардың біразы, әсіресе дін жолын ұстанатындар, көп әйел алуды қолдайды. Дегенмен қазіргі жағдайда бұл көбіне дәстүрге емес, жас қыздарға «аңшылыққа» ұқсап кеткенін де жасырмады.


Айта кетейік, Қазақстанда көп әйел алуды бейресми қолдағандардың бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі. Ол екінші әйелі Әсел Құрманбаевадан екі ұлы бар екенін «Менің өмірім» атты естелік кітабында егжей-тегжейлі жазған болатын.

«Бірде Талдықорғанға жолым түсті. Өңірлерге жұмыс сапары кезінде мемлекет басшысын ұшақ баспалдағынан гүлмен күтіп алады. Мұндай салтанатты шара үшін жергілікті қыздардың ішінен ең әдемілерін таңдайды. Әдемі шара, бұған біз де үйреніп қалғанбыз. Көз қуанып, жаның жылынады.

Бірақ осы жолғы жағдай қатты әсер қалдырды. Маған гүл ұсынған қыз ерекше сұлу еді. Жанары жанып тұрған құлынмүсін аққұба сұлуды біраз уақытқа дейін ойлап жүрдім…


Біз мұсылман дәстүрі бойынша некемізді қидық. Әсел маған екі ұл туып берді. 2005 жылы Тауман өмірге келді, 2008 жылы Бәйкен туды», – деп жазған еді экс-елбасы.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏22❤11😱8🤡6👎3😁3🤮1
⚡️Уашингтонның қазақ картасы: Ақ үйдің Астанаға ұсынған батыл бартері...

АҚШ Мемхатшысы Марко Рубио келесі жылы Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ertenmedia.

МемДеп-те Орта Азияның Сыртқы істер министрлерін қабылдаған Рубио Әміриканың аймаққа қатысты ұзармерзімді жоспарымен бөлісті. «Алдағы жылы Орта Азиядағы бес елдің барлығын аралап шығамын. Сапар бір аптаға, бәлкім одан да ұзақ мерзімге созылуы мүмкін», – деді ол.

Айтуынша, Уашингтонның өңірге қатысты ұстанымы мен саясаты өзгеру үстінде. Ұзақ уақыт бойы тасада қалып келген Орта Азия әзір Ақ үйдің ұлттық мүдделерімен тығыз қабысады.


«Экономикалық өсім, тұрақты дамуға келгенде аймақ елдері мен АҚШ-тың мүддесі үйлеседі. Жер қойнауындағы қазба байлықты сіздермен бірлесе игеріп, осы процеске барынша атсалысуға әзірміз», — деген Рубио әмірикалық компаниялардың өңірдегі пайдалы қазбаларға қызығып отырғанын жасырмады.

Ertenmedia бұған дейін Әмериканың Қазақстандағы вольфрамға көзі түскенін жазған еді. АҚШ еліміздегі ірі вольфрам кен орындары «Жоғарғы Қайрақты» мен «Солтүстік Қатпарды» игергісі келіп отыр. Вольфрам қорғаныс өнеркәсібінің басты шикізаты. Әсіресе, зымыран, тәнкі снаряды мен оқ-дәрі өндірісінде кеңінен қолданылады.

Уашингтон жобадан үлес сұрамайды, керісінше инвестиция тартуға және жеңілдетілген несие ұсынуға дайын екенін жеткізген екен.


Кездесуде АҚШ-пен тұрақты сауда жасауға қолбайлау болып келе жатқан атышулы «Жексон-Вэник» түзетуін алып тастау мәселесі сөз болыпты.

Сенатор Стив Дейнс Конгреске әлгі түзетуді алып тастау туралы заң жобасын ұсынатынын хабарлаған екен. Бірақ бартер сұрап отыр. Орнына құрылымдық деңгейдегі жақындасуды, сөз жүзінде емес, нақты, заңдық әрі саяси тұрғыда орнықтыруды талап етуде.

Рубионың өзі де Астананы әлгі шектеуден босату керектігін бірнеше рет мәлімдеген. Оның сөзінен ұққанымыз, Астана әмірикалық технология мен инвестицияға, бейресми дипломатиялық арналар мен саяси кепілдікке жол ашатын стратегиялық әріптестікке батыл баруы тиіс.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏37❤8🤔5👍3🔥3
⚡️Ақ үйдегі ақжарма әңгіме: Тоқаевтың Трамп әкімшілігімен тілдесуі қалай өтті...

Тоқаевтың Уашингтон сапары АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Трамп әкімшілігі өкілдерімен кездесуден басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Ақ үйдегі жүздесуге АҚШ-тың сауда министрі Гоуард Латник пен президенттің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор да қатысты.

Тараптар екіжақты және аймақтық әріптестіктің негізгі мәселелерін талқылап, стратегиялық серіктестікті тереңдетудің жаңа мүмкіндіктерін ортаға салды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Құрама Штаттар арасында экономикалық байланысты нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға басымдық берілетінін атап өтті.

Президент Әмірикамен түрлі деңгейдегі саяси диалогты белсенді жүргізіп келе жатқан Ақорданың жан-жақты әріптестікті одан әрі дамытуға әзір екенін жеткізді.

Айта кетелік, бұған дейін Марко мырзаның Астанаға келетіні белгілі болған. МемДеп-те Орта Азияның Сыртқы істер министрлерін қабылдаған Рубио Ақ үйдің аймаққа қатысты ұзармерзімді жоспарымен бөліскен еді.

«Алдағы жылы Орта Азиядағы бес елдің барлығын аралап шығамын. Сапар бір аптаға, бәлкім одан да ұзақ мерзімге созылуы мүмкін», – деді ол. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍27❤6🔥6👏4😁1
⚡️Ақ үйдегі астарлы қолтаңба: Қазақ минералына құда түскен Уашингтон...

Уашингтонда Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар бойынша әріптестік орнатуға уағдаласты, деп жазады Ertenmedia.

Президент Тоқаевтың қатысуымен өткен рәсімде тараптар арасында аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Құжатқа Қазақстан атынан Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ал америкалық тараптан Сауда министрі Говард Латник қол қойды.

Айта кетелік, Тоқаевтың АҚШ сапары қарсаңында Washington Post Қазақстанға арналған көлемді сараптама әзірлеген. Басылымға пікір білдірген беделді сарапшылар:

«Қазақстанда әмірикалық компаниялардың экономикалық мүддесі болса, Мәскеудің қолы байланып, агрессиясы қиындайды. Уашингтон сирек метал мен энергетика саласындағы келісім арқылы Астананың аймақтағы ықпалын арттырып, солтүстіктегі тұрақтылықты күшейте алады», – деген болатын. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
❤29👏21🔥6💯1
⚡️ Кремльді қапы қалдырған келісім: Ақ үйден Астанаға аттанған 17 млрд доллар...

Уашингтонға ресми сапармен барған президент Тоқаев Ақ үйде Дональд Трамппен кездесіп, тарихи келіссөз өткізді деп жазады Ertenmedia.

Жүздесуде тараптар екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету жолын талқылап, жалпы құны 17 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Инвестиция авиация, энергетика, цифрлық технология мен инфрақұрылым саласын қамтиды.

Трамптың әлемжелідегі жазбасына сәйкес, келіссөз барысында Астананың Авраам келісіміне қосылатыны мәлім болған. Осылайша, Қазақстан Трамптың екінші президенттік мерзімінде аталған келісімге қосылған алғашқы мемлекетке айналды.


«Жақын арада ресми қол қою рәсімі өтеді. Клубқа қосылғысы келетін елдер көп», – деді Дөкең.

Тоқаев Авраам келісіміне қосылу арқылы Қазақстан халықаралық тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтуға нақты үлес қосатынын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл Қазақстанның ешбір мемлекетпен екіжақты қарым-қатынасына әсер етпейді, керісінше көпбағытты дипломатияның жалғасы.

Тоқаев келіссөз кезінде Трамптың «Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу бағытындағы Трамп маршруты» (TRIPP) атты бастамасын қолдайтынын білдірді. Жоба Қазақстанның Орта дәліз бастамасының дамуына қосымша серпін беруі мүмкін.

Орта Азия – АҚШ саммитінде Тоқаев екі елдің ынтымақтастығының жаңа кезеңі басталғанын атап өтіп, Трамптың әлемдік саясаттағы рөліне жоғары баға берді.

«Алғашқы президенттік мерзіміңізде Қазақстан мен АҚШ-тың байланысы кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде заңды түрде бекіді.

Әмірика Қазақстан экономикасының мәңгі қозғалтқышына айналып, біздің елге 100 млрд доллардан астам инвестиция салды. Екіжақты сауда айналымы екі есеге өсіп, 5 млрд долларға жетті. АҚШ-тың ішкі нарығындағы уран сұранысының төрттен бірін қамтамасыз етеміз.


Бүгінде елімізде 600-ден астам әмірикалық компания табысты жұмыс істеп жатыр», – деді Тоқаев.

Өз кезегінде Трамп Қазақстанның ерекше әлеуетін атап өтіп, біздің президентті «көреген, аса көрнекті лидер» деп сипаттады. Ол журналистердің «Астанаға ресми сапармен келетін алғашқы АҚШ президенті боласыз ба?» деген сауалына:

«Мұндай мүмкіндікті жоққа шығармаймын. Бір жылдан кейін не болатынын кім білсін?! Сіздің елдің табиғи байлығы орасан, басшыларыңыз да көреген саясаткер», – деп жауап қатты.

Кездесу барысында Тоқаев Трамптың «Әміриканы қайтадан ұлы ету» тұжырымдамасынан шабыт алатынын жеткізген екен.


«Сіздің саясатыңыз әлемдегі тұрақтылыққа зор ықпал етті. Құрама Штаттар сіздің басшылығыңызбен жаңа алтын дәуірге аяқ басты. Мен «Әміриканы қайтадан ұлы ету» ұстанымыңыздан шабыт алып, Қазақстанды әділетті әрі қуатты ел ретінде дамытуға кірістім. «Заң мен тәртіп» қағидаты біздің басты бағдарымыз», – деді Тоқаев.

Кездесу соңында Трампты Қазақстанға ресми сапармен шақырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі күшейетініне сенім білдірді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🔥25❤17👏9👍6😁1
⚡️ Әлтхаустың әрекеті: Ақ үй қазақ вольфрамын Бейжіңнен бұрын қармап кетті...

Уашингтонның вольфрамға деген тәбеті ашылды. Cove Capital Қазақстанға $1 млрд құяды деп жазады Ertenmedia.

Трамп әкімшілігі Ақордамен экономикалық әріптестікті күшейту аясында Cove Capital инвестициялық компаниясы мен «Тау-Кен Самұрық» бірлесіп, еліміздің шығысындағы ірі вольфрам кен орындарын игеру туралы келісімге қол жеткізгенін жариялады.

Reuters-тің мәліметінше, жалпы құны 1,1 млрд долларлық жоба бойынша Cove Capital бірлескен кәсіпорынның 70 пайызын иеленіп, өндірілген металды сатумен айналысады.


«Тау-Кен Самұрыққа» қалған 30 пайыз тиесілі. Жобаны қаржыландыруға АҚШ-тың Экспорт-импорт банкі (EXIM) 900 млн доллар бөлуге әзір.

Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кенішінен алынатын вольфрам АҚШ үкіметі мен өнеркәсіп саласының аса маңызды қажеттілігін өтеуге бағытталады. Әмірика 2015 жылдан бері осы металды өндірмейді, ал әлемдік нарықтағы басым үлес Қытайдың қолында.

Cove Capital басшысы Пини Әлтхаустың айтуынша, келіссөзге Дөкең, Доналд Трамп пен сауда министрі Говард Латник тікелей араласып, аталған активті Бейжіңнің қолына түсірмеуге ықпал еткен.


«Осынау келісім Әмірика үшін сенсациялық жетістік», – дейді Әлтхаус.

АҚШ Мемхатшысының орынбасары Кристофер Ландау келісімнің маңызына тоқталып, 🇰🇿Астана мен 🇺🇸Әмірика арасындағы әріптестіктің бұрын-соңды болмаған белеске шыққанын атап өтті.

Жоспар бойынша, кен орындарында құрылыс жұмысы екі жыл ішінде басталып, алғашқы өнім 3,5 жылдан соң беріледі. Ең бастысы, шикізат Қазақстан аумағында өңделмек.

Айта кетелік, Тоқаевтың АҚШ сапары қарсаңында Washington Post Қазақстанға арналған көлемді сараптама әзірлеген. Басылымға пікір білдірген беделді сарапшылар:

«Қазақстанда әмірикалық компаниялардың экономикалық мүддесі болса, Мәскеудің қолы байланып, агрессиясы қиындайды. Уашингтон сирек метал мен энергетика саласындағы келісім арқылы Астананың аймақтағы ықпалын арттырып, солтүстіктегі тұрақтылықты күшейте алады», – деген болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1❤32👍17👏2🔥1😁1🤔1😡1
⚡️Бейжіңнің берекесін алған келісім: Қытай қолынан сусып кеткен сирек олжа...

Бейжіңнің ақпарат құралдары Қазақстанның вольфрам кеніштеріне "құда түскен" Ақ үйдің амбициясынан үрейленіп отыр, деп жазады Ertenmedia.

Қытайдағы танымал CTIA сайтының сараптауынша, Уашингтонның Қазақстандағы маңызды минералдарға көз салуы коммерциялық шеңберден шығып, Бейжіңнің осы нарықтағы монополиясын бұзуға бағытталған.

"Қазақстандағы Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кенішіне инвестиция құйған Әмірика Қытайдың стратегиялық үстемдігін шайқалтқысы келеді», – дейді басылым.


CTIA-ның дерегінше, Қытай бүгінде әлемдегі вольфрам өндірісінің 83 пайызына және жалпы қордың жартысынан астамына (52%) иелік етеді. Халықаралық хаос мен нарықтағы ахуал осы минералдың бағасын аспандатып, аммоний паравольфраматының құны тоннасына 435 мың юаньға (32 млн теңге) жеткен.

Аммоний паравольфраматы вольфрам кенінен өндірілетін негізгі аралық химиялық қосылыс. Ол болат өндірісі, әскери өнеркәсіп, электроника, мәшіне жасау секілді стратегиялық салада кеңінен пайдаланылады.

"Бейжінің осы саладағы ықпалын әлсірету үшін 🇺🇸 АҚШ Ақорданың көңілін аулады. Cove Kaz Capital компаниясының Қазақстандағы жобалары осы стратегияның айқын көрінісі. Әмірикалық компания "Самұрық-Қазынамен" бірлесіп, аталған кеніштерді игеруге дайындалып жатыр. Уашингтон осы жобаны федералды қаржы институттары арқылы қолдап, саяси деңгейде демеуге ниетті", - дейді қытай басылым.

Қытай сарапшылары үрдістің ұзақмерзімді салдарына алаңдап, Құрама Штаттардың минералдық ресурстар бойынша белсенділігі Бейжіңге соққы болып тиерін жасырмайды.


Айта кетелік, елімізде жалпы көлемі 2 млн тоннадан асатын вольфрам қоры бар. Соның ішінде Солтүстік Қатпар пен Жоғарғы Қайрақты секілді екі ірі кеніштің үлесі 1,3 миллион тонна шамасында. Кен орындары толық қуатына көшкенде Қазақстан жылына 12 500 тоннадан астам аммоний паравольфраматын өндіретін деңгейге жетіп, әлемдегі екінші ірі вольфрам өндірушісіне айналатын болады.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥34❤9👍5🤔2💯1
⚡️ Он миллионның ойраны: Ақорданың Шымкенттен бастаған «тазалығы»

Шымкенттік шенеунікті бопсалаған блогер ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Белгілі журналист әрі блогер Арай Есенбек әкімдік қызметкерінен 10 млн теңге талап етіп, айтқанына көнбеген жағдайда әлемжеліде компромат жариялаймын деп қорқытқан. Құқық қорғау органдары осындай айып тағып отыр.

Полиция журналистің үйі мен кеңсесін тінтіп, электронды құрылғылар мен өзге де заттай айғақты тәркілеген. Есенбекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Күдікке ілінген Арай Есенбек AMANAT партиясының экс-мүшесі екен. Kungei дейтін порталға иелік ететін көрінеді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы болып та қызмет атқарған. Оған дейін қаладағы Ақпараттық коммуникация орталығын басқарған.

Еңбек жолын «Хабар» агенттігінен бастап, кейіннен AMANAT-қа қарасты “Азаттық рухы” басылымының тілшісі болған. Жергілікті жұрт оны Шымкент әкімдігінің жұмысы мен спорт тақырыбын жазатын журналист ретінде біледі. Ұсталарынан бір күн бұрын ғана ол әкімдікте өткен брифингке қатысып, шенділерге сауал қойған.

Айта кету керек, бұл блогерлерге қатысты бопса айыбымен қозғалған алғашқы іс емес. Осының алдында тағы сол Шымкентте Рүстем Әшетаев есімді блогердің бір пәшкі доллармен ұсталғанын хабарлаған едік.


Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша, бетімен кеткен блогерлердің дәуірі келмеске кетейін деп тұр. Билік осы арқылы бопсаны табыс көзіне айналдырған қауымға ескерту жасауда. Ақорданың идеологиялық блогы бопсалағыш блогер, ақыл айтқыш коуч пен әсіредіншілдердің кислородын жабуға шешім қабылдаған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🔥21❤10👏6😱2🤔1
⚡️Тоқаевтың тосын ишарасы: Путин бұдан әрі шегіне алмайды...

Президент Тоқаев Уашингтон сапары барысында Украинадағы ахуалға қатысты пікір білдірді деп жазады Ertenmedia.

New York Times-тың мәліметінше Тоқаев саммиттің вайбын жоғары бағалап, Ақ үйдегі кездесудің былтыр Байден өткізген жиыннан бөлек болғанын атап өткен. «Осы жолғы жиында Орта Азияның рөліне тереңірек мән берілді», – депті Қазақстан басшысы.

Жо ақсақал аймақ басшыларымен Нью-Йорктегі БҰҰ-ның кеңсесінде ғана кездесе салған еді.


Саммит барысында Ақ үй мен Ақорда «аса маңызды минералды бірлесіп игеру» бойынша меморандумға қол қойған. Жақын күндері 🇺🇸 Әмірикамен бірлескен кәсіпорын құру туралы ірі келісімнің егжей-тегжейі жариялануы тиіс.

«Байденнің тұсында аймақ елдеріндегі адам құқығы мәселесіне екпін берілсе, осы жолы прагматикалы әрі бизнеске бағытталған мәмілелер алға шықты. Бұрынғыдай демократияны талап ететін бірбеткей позиция артта қалып, табысты келісімшартқа қол жеткізу маңызды бола бастады», – дейді New York Times.

Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша Тоқаев командасы Әмірикаға қомақты инвестиция мен озық технологияға қол жеткізуді көздеп барған. Және сол мақсат толық орындалған. Ақорда идеологтары Трамп әкімшілігінің аймақтың стратегиялық маңызын жақсы түсінетінін аңғарған.


Бұдан бөлек Тоқаев 🇺🇸 Дөкеңнің Ресейге қатысты икемді саясатын оң бағалаған екен. Екі ел арасындағы ортақ шекараның ұзындығы 7.5 мың шақырым екенін еске салған ол, көршімен сыйластықты сақтай отырып, Украина мәселесінде бейтарап ұстанымда екенін де ескертіпті.

Қыркүйек айында Тоқаев Украина президенті Зеленскиймен кездескен болатын.

«Украинадағы қақтығысты тоқтату, атысты доғару әлі де мүмкін. Астана келіссөзге алаң ұсынуға әзір. Дегенмен, бір кілтипан бар. Путин қазірдің өзінде территориялық талапқа қатысты мүмкін болған ең үлкен шегіністі жасады. Тамызда оның Донбасстағы фронт сызығын қазіргі шекарада бекітіп, Киевке осы ұсынысты қабылдауға шақыруы айтарлықтай алға жылжу. Ол бұдан артық шегінуге «ішкі қоғамдық пікірді» ескере отырып бара алмайды», – депті Тоқаев.

Оның пікірінше, Кремль көсемі келіссөз мәселесінде айтарлықтай икемділік танытып отыр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20👍10😱5👎3🤔3
⚡️Затулиннің зары: Кремль Орта Азиядағы ықпалын жоғалтпау үшін жанталасуда...

Мәскеу Орта Азия елдері АҚШ-пен қанша жақындасса да, Кремльден іргесін аулақ сала алмасына сенімді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Ресей Мемлекеттік думасының ТМД істері жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулин Уашингтондағы «Орта Азия – АҚШ» саммитінің қорытындысына қатысты пікір білдірді.

Оның сөзінше, 🇺🇸 Әмірикамен қол қойылған келісімдер мен миллиардтаған долларлық инвестиция аймақ елдерінің Мәскеумен ынтымақтастығына түбегейлі әсер етпейді.

«Ресей Батыс пен АҚШ-тың қыспағында тұрған қазіргі жағдайда Орта Азия мен Қапқаздағы ықпалын сақтау үшін күресуге мәжбүр.

Арнайы әскери операция жалғасып жатқандықтан, біз осы өңірде аса мұқият, байқатпай әрекет етуге тырысамыз. Дегенмен, аймақтағы беделіміз үшін барымызды салып күресуіміз керек.


Арнайы операцияның сәтті аяқталуы біздің ықпалымызға жаңа серпін бермек. Ал оған дейін іштен, төзуге тура келеді», – деген екен Затулин.

Сарапшылардың айтуынша, Мәскеу мен Уашингтон арасындағы геосаяси текетірес күшейген сайын, Орта Азия елдерінің көпвекторлы саясаты да күрделене түседі. Аймақ үшін екі алыптың арасында теңгерімді сақтау стратегиялық маңызға ие болып отыр.

Ertenmedia-ған осыған дейін Мәскеу жақын уақытта іргедегі көршілерін түртпектей бастайтынын жазған еді.

Киевті үш күнде басып алмақ болған Кремльдің басқа елге соғыс ашуға дәрмені жоқ. Сол себепті арандатудың астыртын амалдарына көшеді. Орыстар дезинформация, іштен іріту, барлау қызметі арқылы тұрақсыздық туғызуды мақсат тұтып отыр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20👍16🔥3👏2🤔2🤮1
⚡️Табысыңды табамын: Қаржыминнің қазақтарға жасаған соңғы ескертуі...

Қазақстанда жаңа жылдан бастап азаматтардың жасырын табысы жанама әдіспен тексерілетін болады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Қаржымин Мәди Тәкиев қол қойған бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаңашылдық жаңа Салық кодексінің негізгі бағытының бірі.

Жанама тәсілдің түпкі мәні азаматтың ресми табысы мен оның шынайы шығындарын салыстырып, жасырын табысты әшкерелеу.


Қарапайым тілмен айтқанда, салық органдары адам көрсеткен ресми кірісі оның шығындарымен сәйкес келмесе, жылжымайтын мүлік, автокөлік және өзге де активтерінің құнына қарап, нақты табысын анықтайды.

🖱Әлгі әдіс мынадай жағдайда қолданылады:

Азамат декларацияда көрсеткен табысы өз иелігіндегі мүлікке жұмсалған шығыннан аз болса;

Есеп жүргізу тәртібін бұзса немесе қажетті құжаттарын жоғалтса;

Кәсіпкер ретінде тіркелмегенімен, іс жүзінде кәсіпкерлікпен айналысса.


Салық қызметкерлері азаматтың банктегі есепшотына түскен қаражат айналымын, жылжымайтын және жылжымалы мүлікке жұмсаған шығындарын, оқу ақысы, медицина, сақтандыру, бағалы қағаздар секілді қаржы операциясын мұқият тексереді. Бұған қоса шетелдегі табысы мен меншігі, өзге мемлекеттік органдар мен халықаралық құрылымдардың мәліметі де назарға алынады.

«Егер азаматтың салық есебінде көрсетілген табысы 🫠 жеке тұтыну шығыны мен мүлік сатып алуға кеткен қаржысымен сәйкес келмесе, мемкірістер органдары шығындар негізінде оның шынайы табысы мен тиісті салығын есептейді. Бұл ретте бұрынғы жылдағы табыс та есепке алынады», – делінген құжатта.

Егер азаматта иелігіндегі мүлікке қатысты ешбір құжат болмаса, нарықтағы орташа бағасы негізге алынады. Бұл бағаны тәуелсіз бағалаушылар бекітеді.

Айта кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі толыққанды күшіне енеді. Соңғы уақытта халық салық заңнамасына қатысты ақпаратты жиі іздей бастаған. Google жүйесінде ҚҚС төлеу тәртібі, есепке тұру ережесі секілді сұрақтар көбейген.


Ұлттық экономика министрлігі бекіткен 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында халықтың табысы өсетіні айтылған. Құжатқа сәйкес, 2028 жылы елдегі орташа жалақы 604 963 теңгеге жетуі тиіс. Салыстыру үшін айтсақ, биыл осы көрсеткіш 423 133 теңге деңгейінде.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎30👍14❤9😁5😱2🤡2
⚡️Кремльдегі қаралы қараша: "Лукойл" Бұрғас пен Басрадан айырылуда...

АҚШ санкциясы "Лукойлға" ес жиғызбай жатыр. Ирактағы ірі жоба тоқтап, Бұлғария Бұрғас мұнай өңдеу зауытын бақылауға алмақ, деп хабарлайды Ertenmedia.

Әміриканың Кремльге қарсы санкциясы "Лукойлдың" халықаралық жобаларын тығырыққа тіреп, компанияның Ирактағы ең құнды активі "Батыс Курна-2" кен орнындағы жұмысын тоқтатты.


Reuters агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада ресейлік компания Ирактың мұнай министрлігіне хат жолдап, форс-мажор жағдайында жобаны жалғастыру мүмкін еместігін мәлімдеген.

Басра портынан 65 шақырым жерде орналасқан "Батыс Курна-2" әлемдегі ең ірі мұнай кен орнының бірі, Ирак мұнай өндірісінің 9%-ын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта тәулігіне 480 мың баррель мұнай өндіріліп отырған осы кен орнындағы жұмыс алты ай ішінде қайта жанданбаса, "Лукойл" жобадан толық кетуі мүмкін.

Ирак санкцияға байланысты "Лукойлға" төлемдерді де тоқтатқан. Елдің мемлекеттік мұнай компаниясы (SOMO) қараша айында ресейлік тарапқа берілуі тиіс болған 4 млн баррель мұнай жеткізілімін де доғарған.


Ирактың мұнай министрлігі өкілінің айтуынша, санкцияға байланысты "Лукойлмен" жасалған келісімшарт қайта қаралуы қажет, оған дейін барлық төлем мен шикізат тасымалы тоқтап тұрады.

Компания қызметкерлеріне жолдаған хатында "Лукойл" кен орнындағы шетелдік жұмысшыларды босатып, жобада тек ресейлік және ирактық мамандарды қалдыратынын хабарлаған.

Ал Бұлғария үкіметі "Лукойлға" тиесілі Бұрғас мұнай өңдеу зауытын өз бақылауына алуға дайындалып жатыр.


Ел премьер-министрі Росен Желязков зауытта қауіпсіздік шарасы күшейтілгенін, үкіметтің кәсіпорынды мемлекеттік бақылауға алып, жаңа инвесторға сатуға құқылы екенін айтты. Өткен аптада бұлғар парламенті тиісті заңды бекіткен болатын.

Айта кетейік 🇺🇸 Дөкең, Доналд Трамптың Мәскеуге салған санкциясының басты мақсаты Украинадағы соғысты тоқтату. Шектеу нәтижесінде орыс компаниясының тынысы тарылып, халықаралық деңгейдегі операциясы толық тоқтаудың алдында тұр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍59❤10🔥3
⚡️Бір шәугім шайдың сыры: Путиннің пәтеріндегі протоколсыз кеш...

«Коммерсанттың» арнайы тілшісі Әндрей Кәлесников Қазақстан мен Ресей президентінің Кремльдегі кездесуінің вайбын егжей-тегжейлі суреттеп берді деп жазады Ertenmedia.

Оның айтуынша, осы жолғы жүздесу бұрынғыдан өзгерек болған. Күні кеше 🇺🇸 Ақ үйдегі Сопақ кабинетте Трамппен тілдескен Тоқаев Астанаға қоржыны да, көңілі де тоқ оралған еді.

«Оның Дөкеңе айрықша құрмет көрсеткеніне куә болдық. Трампты «әлемдік деңгейдегі көшбасшы, сегіз бірдей соғысты тоқтатқан сарабдал саясаткер» деп мадақтап, тіпті «Әмірика мен бүкіл әлемге ауадай қажет ұлы қайраткер» ретінде сипаттады», — дейді «Коммерсант» тілшісі

Кәлесниковтың пайымынша, Тоқаевтың бұлайша тебіреніп сөйлеуі тегін емес. Мақтауды жаны жүйетін Трамп әлгі лебізге тәнті болып, кәдімгідей масайрап қалған. Алайда Путиннің жөні бөлек көрінеді…


«Кремль көсемі өзіне қатысты көпірме мақтауды аса жақтыра бермейді. Мұны Қазақстан президенті да жақсы біледі. Путин? Ол Тоқаевты Ақ үйдегі қабылдаудан әлдеқайда әсерлі күтіп алды. Президент ұшағын Ресей шекарасынан бастап екі Су-35 жойғыш ұшағы арнайы күтіп алып, Мәскеудің осы кездесуге айрықша мән беретінін аңғартты. Әуежайда Қазақстан президентін Ресейдің бірінші вице-премьері Денис Мантұров қарсы алды. Бұл Кремльдің Тоқаевқа көрсеткен ерекше ықыласының көрінісі», — дейді Колесников.

Айтуынша, Кремльдің өкілдік залында Путинмен емін-еркін тілдескен Тоқаев мұндай құрметке ризашылық білдіріп, таңғалғанын жасырмаған екен.

Қазақстан басшысы екі ел арасында айтарлықтай мәселе жоқ екенін, қандай да бір түйткіл туындаса, екі президент тез арада шешім тауып жүргенін жеткізген. Сонымен қатар, ол Путинмен бейресми жағдайда пікірлесіп, Ақ үйден алған әсері және 🇺🇸 Трамппен кездесуден кейінгі ой-пайымымен бөліскісі келетінін жеткізіпті.

Кәлесниковтың айтуынша, Путинмен пікірлескен Тоқаев әңгіме арасында «аға жолдас» деген тіркесті қолданған.

Кремль көсемінің әлгі сөзге іші жылып қалса керек. Кездесудің екінші, бейресми бөлігінде Путин Тоқаевты жеке пәтеріне шақырып, әрі қарайғы әңгімені шай үстінде жалғастыруды ұсынған.


«Путиннің пәтеріндегі бір шәугім шәйдің дәмін татқан басшылар некен-саяқ. Бұған дейін мұндай құрметке Қытай көсемі Си Зинпин ғана ие болған еді. Басшылар жатар алдында кофе іше қоймас. Кремльде айранның да түр-түрі бар», — дейді «Коммерсант» тілшісі.

Ресейдің өзге де пропаганда құралдары осы нақыштағы контентке екпін беріп жатыр. Олардың айтуынша Тоқаевтың тұсындағы Қазақстан «дипломат мемлекетке» айналған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤32👍14👎9🔥4😁2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Теңсіздіктің телекомы: Мусинді тығырыққа тіреген ақтаулықтардың ашық хаты...

Ақтауда «Қазақтелекомның» Маңғыстау филиалының қызметкерлері компания басшысы Бағдат Мусинге үндеу жолдап, жалақының төмендігін айтып шағымданды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Қызметкерлер елдегі қымбатшылық пен коммуналдық төлемнің күрт өсуінен жалақы күнделікті күнкөріске жетпейтінін айтып отыр.

Олардың мәлім еткеніндей, қатардағы жұмысшылар мардымсыз айлықпен жан сақтап жүргенде, компанияның топ-менеджерлері үйіп-төгіп сыйақы алған.


«Басқарма мүшелері он айлық еңбекақы көлемінде сыйақы алыпты. Ал барлық ауыр жұмысты атқарып жүрген біз секілді қарапайым қызметкерлерге небәрі 20 мың теңге берген. Бұл барып тұрған әділетсіздік», - дейді қызметкерлер.

Сондай-ақ компания жұмысшылары елдегі экономикалық жағдайдың күрделі екенін, ал жалақы индексациясы инфляция қарқынына ілесе алмай жатқанын атап өтті.

Мәселе Мусинге жетсе керек. «Қазақтелеком» аталған мәселе бойынша ресми жауабын әзірлеп жатыр екен.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍57🔥13❤7💯7
⚡️Қазақстанды ауыр қыс күтіп тұр: Шөкин болжаған қытымыр қаңтар...

Қазақтарды алда ауыр сынақ күтіп тұр. Жаңарған салық саясаты, қымбат несие және сарқыла бастаған бюджет халықтың тұрмыс сапасын төмендетіп, онсыз да жұқарған жүйкеге салмақ салмақшы деп жазады Ertenmedia.

Сөй деген экономист Алмас Шөкин елдегі жағдайға баға беріп, Үкіметтің қазіргі аяқалысын «ірі қараның жартысын жемдемей, бірақ барлығын бірдей саууды жалғастырып жатқан шаруаның» әрекетіне ұқсатты.

Ол экономикалық саясаттағы сауатсыз шешімдер түбі үлкен дағдарысқа әкелуі мүмкін деп ескертуде.


«Сырт көзге көрсеткіш керемет өсіп жатқандай көрінеді. Бірақ түпкі нәтижесін бағалау қиын, өйткені нәр татпаған сиырлар тәжібире соңына дейін шыдамай өліп жатыр», – дейді сарапшы әзіл-шыны аралас.

Шөкиннің пікірінше, еліміз қазір күрделі өзгерістің табалдырығында тұр. Тәуелсіздіктен кейінгі ширек ғасыр бойы қалыптасқан даму моделі өміршеңдігін жоғалтып, әбден ескірген. Бұрын кейінге шегеріліп келген реформалар еріксіз алға шыққан. Экономикалық саясаттағы кемшіліктер мен шешілмеген түйткілдердің сазайын енді тартамыз.

«Алдағы желтоқсан, қаңтар мен ақпан айы өте-мөте күрделі болады. Қазақстан бірнеше үлкен қысымның астында қалады», – дейді ол.


2026 жылдың басында экономиканы бірнеше фактор алқымнан алмақшы. Толығырақ осы тұсқа жарияладық.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯23😱12🔥6👍4❤3🤡2
⚡️Балушкиннің ресейлік бекінісі: Қазақстанның талабы тағы да тартпада қалды...

Мәскеу Қазақстан іздеу салған «Азия Автоның» экс-басшыларын беруден бас тартты, деп хабарлайды Ertenmedia.

Еске салсақ, «Азия Авто» компаниясының бұрынғы топ-менеджерлері Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаев аса ірі көлемде алаяқтық жасап, салық төлеуден жалтарды деген айыппен сотталған еді. Биылғы сәуір айында Балушкин 9 жылға, ал Сағымбаев 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Үкім сырттай оқылды.

Бас прокурор Берік Асылов Мәскеуде бой тасалап жүрген тандемді елге қайтару туралы хат жіберген-тұғын. Алайда Ресейдің Әділет министрлігі әлгі өтінішті қараудан бас тартыпты.


Бас прокуратураның мәліметінше, Ресей тарапы шешімді 2002 жылғы Минск конвенциясын негізге ала отырып қабылдаған-мыс. Аталған конвенция бойынша орыстардың өз азаматтарына қатысты шетелдік соттың үкімін мойындамау құқығы бар екен.

«Балушкин мен Сағымбаев халықаралық іздеуден алынған жоқ. Ресейден өзге мемлекет аумағында ұсталған жағдайда, экстрадиция бойынша жұмыс жалғасады», – деп түсіндірді Бас прокуратура.

Сондай-ақ прокуратура әлгі екеудің ресейлік төлқұжат алуына байланысты Қазақстан азаматтығынан айырылғанын да мәлімдеді.


Бұған дейін ШҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі соты Балушкин мен Сағымбаевты кінәлі деп тану туралы үкімді күшінде қалдырған. Айыпталушылардан мемлекет пайдасына 115,98 млрд теңге материалдық шығын өндіріледі. Шешімде келтірілген залалдың орнына өндірілетін дүние-мүліктің тізімі 18 парақтан асып жығылыпты.

Астана ресейлік органдарға екі сотталушының Мәскеу, Петербор, Сочи, Новосібір және Краснодардағы жылжымайтын мүлкін бұғаттау туралы өтініш жіберген. Көршіміз бұл өтінішті де қарастырмай, тартпаға тастай салыпты.


«Бүйтер болсақ, елдің қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келуі мүмкін» деп түсіндірген екен Мәскеу.

Атышулы Балушкин 2021 жылдан бері іздеуде жүр. Оған 230 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылған. Әзір еліміздің Әділет министрлігі аталған залалды өндіру мәселесімен айналысуда.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡24👍13❤7🔥3😱2
⚡️ ОДКБ-ның отына күйген Тасмағамбетов: Иманғалидың имиджі мен Украинаның үкімі...

Иманғали Тасмағамбетов украиналық «Миротворец» сайтының «қара тізіміне» енді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Украинадағы қақтығыс басталғалы бері Ресейдің әскери әрекетін қолдағандарды әшкерелеп жүрген «Миротворец» сайты бұл жолы ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовке айып тақты.

Украиндар Тасмағамбетовті «соғысты насихаттап, Кремль агрессиясын қолдады» деп айыптап отыр.


Сайт авторларының жазуынша, Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы ретінде ұйымға мүше елдердің әскерін Мәскеуге көмек ретінде Киевке жіберуге дайын болған.

«Тасмағамбетов Ресейдің Украинаға жасаған зымыран шабуылдарын ақтап сөйлеген. Сондай-ақ ол Батыстың Киевке қару жеткізуіне қарсы шығып, ресейлік агрессияны толық қолдап келеді. Бұған қоса, Выборг кеме жасау зауытының акционері және КамАЗ-дың директорлар кеңесінің мүшесі», – делінген «Миротворец» жариялаған материалда.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың қаңтарынан бері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметін атқарып келеді. Оған дейін Қазақстанда премьер-министр, Қорғаныс министрі, Атырау облысының, Алматы мен Астананың әкімі, сондай-ақ Ресейдегі елші қызметін атқарған.

Қазақтілді ортада Тасмағамбетовті «ресейшіл саясаткер» деп айыптайтын қауымның шоғыры ұлғайып келеді. Бұған қатысты Имекең: «Әр мәселенің әділдігін адам көрмесе де, Алла көріп тұр», — деп жауап қатқан еді.


Тасмағамбетов сөй дей келе, әлгіндей пікірдегі аудиторияға өзінің өкпе-ренішін жасырмай жеткізген.

«Кейбір бақытсыз жандар мені «ресейшіл», «орысшыл» деп қаралап жүр. Келіссөздің күші емес, зымыранның мысы басып тұрған заманда, ОДКБ-ға туған елімнің атынан барып, мемлекеттің мүддесі үшін от пен суға түскенім үшін сатқын болғаным ба?.. Қадірімді білмегендердің арасында еңсемді түсіргім келмейді», — деген-тұғын саясаткер.

Айтуынша, Украина мен Ресейдің арасындағы қантөгісте жеңімпаз болмайды. Бәрі де жеңіледі. Мұндай жағдайда біреудің сойылын соғу нағыз соқырлық. Ал өз ұлтына соғыс тілеу нағыз қаніпезерлік…

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍43❤8👏4🤔4💩3😱2😢2💯1