Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Қоянбаев «өшірген» шындық: блокқа кеткен бір пікірдің тағдыры...

Танымал продюсер әрі шоумен Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіде өзіне сын айтқан қолданушыны бұғаттап тастаған деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қазақтың әлемжелісіне айналған threads-те Elya Bai атты қолданушы Қоянбаевтың халыққа пайдасы жоқ екенін, тек жазылушылар санын көбейтуді ғана ойлайтынын айтып, шоуменнің шамына тиіпті.

«Осы Қоянбаевтан не пайда? Тек «подписчик» жинайды өзіне. Бірде-бір маңызды проблеманы көтермейді», – дейді желі белсендісі.


Автордың пікірінше, әрбір азамат, әсіресе ел алдында жүрген танымал медиа тұлғалар әлеуметтік әрі саяси мәселеде белсенді болуы қажет.

«Олар халықтың арқасында табыс тауып отыр. Ал біздің медиа тұлғаларымыз тек өздерін ғана ойлайды. Оларға тыныш отырса, өздеріне зиян тимесе болды. Сендер осыны қолдап отырсыңдар. Бұлай ешқашан салауатты қоғам құра алмаймыз», – дейді Elya Bai өз жазбасында.

Қолданушының осы сын пікірінен кейін көп ұзамай оның аккаунтын Нұрлан Қоянбаев бұғаттап тастаған.


Автор осы жағдайды: «Қоянбаев көкеміз блокқа тықты, көтере алмады менің пікірімді», – деп әзіл-шыны араластырып жазған екен. Жазба әлемжеліде қызу талқыға түсіп, оқырмандар арасында түрлі пікір тудыруда.

Бұған дейін біз 2026 жылы қазақтарды күтіп тұрған тосын өзгерістерге шолу жасаған едік.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏33❤12👍2🔥1
⚡️Каракастағы хаос: Мадуроны түн жамылып әкеткен Трамптың торы...

Каракас ұйқыда жатқанда Әмірика Венесуеланың билігін төңкеріп тастады. Президент сарайы бос қалды. Дөкең бастаған АҚШ әскері Мадуроны төсегінен жұлып әкетіпті. Әйелін де сүйрей жөнелген екен...

Мән-жайы осы тұста: https://ertenmedia.kz/karakas-haos-maduro-tramp/
👏34😱8👍4🤯4❤1👎1
⚡️Ақордадан айтылған алғыс: 75 үздік пен руханиятқа салынған инвестиция...

Мәдениеттің мәртебесі елдің мәртебесі. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекет жыл үздіктерін елорда төрінде салтанатпен марапаттады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Биыл Президенттің арнайы стипендиясына мәдениет пен өнер әлемінің 75 таңдаулы өкілі ие болды.

Көпшіліктің көзайымына айналған аңыз актриса Меруерт Өтекешова, қазаққа тұңғыш «Канн» сыйлығын алып берген Самал Ісләмова мен Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтер марапатталғандардың алдыңғы сапында тұр.


Мемлекет басшысының ыстық ықыласын Үкімет басшысының орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жеткізді. Ол мәдениет қайраткерлеріне берілген құрмет елдің рухани кеңістігіне қосқан ерекше үлеске деген алғыс екенін атап өтті.

Салтанатты рәсім жас буын мен ардагер тұлғалардың басын қосты. Өнер жолын жаңадан бастаған таланттар осы арқылы шабыт алып, жаңа белестерді бағындыруға серпін алды.

Ұлттық мәдениетке жасалған қамқорлық елдің болашағына құйылған инвестиция. Мемлекеттік қолдау арқылы қазақ мәдениеті тек өркендеп қана қоймай, әлемдік биіктерге жол ашары сөзсіз.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤11👏3👎1🔥1
⚡️ Тоқаевтың тоқетері: Қаңтар оқиғасындағы сатқындық пен саботаж...

Президент Тоқаев осыған дейін бұл тақырыпқа дәл бұлайша терең тоқталмаған еді. Мемлекет басшысы "революция техниктері" туралы сөз қозғапты.

Қаңтардағы дүрбелең кімнің сценарийімен іске асқанын астарлап жеткізіпті...

Ең мәнді жері осында: https://ertenmedia.kz/toqaev-qantar-oqigasy-satqyndyq/
👍24🤮7❤6🔥5👎4
⚡️ Тоқаев Путиннің алдына бара беретін экс-президент туралы пікір білдіріпті...

"Өзі білсін" деуі бекер емес, Нұрекеңе деген өкпенің белгісі байқалып тұр. Ашық айтпаса да сезіліп тұрған ызғар бар.

Кремльге барғыштай беретін экс-президенттен көңілі әбден суыған секілді.


Мәлімдеме астарында біршама зіл жатқандай әсер қалдырды...

Ең мәнді жері осында: https://ertenmedia.kz/toqaev-putin-nazarbayev-kezdesuler/
❤15👍9🤮9🔥4
⚡️Астананың ақылды амортизаторы: Тоқаев экс-президенттің жолын неге жаппай отыр...

Тоқаевтың Мәскеуге жиі барғыштап жүрген экс-елбасының жолын неге жаппай отырғаны белгілі болды деп жазады Ertenmedia.kz.

Бейресми кездесулер Мәскеудің күдігін сейілтіп, Ақорда осы сәтті геосаяси бағытты тыныш өзгертуге пайдаланып отыр екен.


"Назарбаевтың Мәскеудегі шай ішуі Қазақстан үшін "стратегиялық бүркеніш". Тоқаев бұған суық ақылмен қарайды. Бірі ескі дәуірдің жұмсақ амортизаторы, екіншісі жаңа дәуірдің салқынқанды стратегы", - дейді танымал сарапшы.

Екі саясаткердің жасырын симбиозы жайлы толығырақ осы тұста: https://ertenmedia.kz/toqaev-nazarbayev-putin-kreml/
👍18🔥5❤4🤮4👎3👏2🙏1
⚡️Атырауды дүрліктірген іс: жоғалған отбасы туралы суық хабар жетті...

Оқиға орнынан табылған екі мәйіт із-түзсіз кеткен отбасының тағдырына қатысты ең үрейлі болжамды растап отыр.

Мән-жайы осы тұста:

https://ertenmedia.kz/atyrau-zhogalgan-otbasy-suyq-habar/
😱34😢10❤7🙏2
⚡️ Соловьевтің сандырағы: Ақорда Кремльге емес, Анкараға қарай бұрылды...

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев ресейлік пропағандист Соловьевтің Орта Азияға қатысты даулы мәлімдемесін сараптап берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Айтуынша, Соловьев шын мәнінде халықаралық құқықты елемеуге ашық шақырып отыр. Сарапшы оның әрекетін бірнеше тұрғыдан түсіндірген екен.

Біріншіден, Соловьевтің сөзі АҚШ-тың Каракастағы әрекетіне Кремльдің жанама жауабы болуы мүмкін («оларға рұқсат болса, біз неге шет қаламыз?»).

Екіншіден, Орта Азия мен Қапқаз елдеріне ескерту сипаты бар («асыра сілтемеңдер, әйтпесе қылышымызды қынаптан суырамыз»).


Үшіншіден, көптен бері көзге түспеген пропаганистің жеке пиары болуы да ғажап емес («жылы студияда отырып, батыр болған түрім осы»).

«Тіпті, үшеуі де қатар келуі ғажап емес», — дейді Әбішев. Саясаттанушының пікірінше мұндай арсыз мәлімдеме одақтас елдердің арасындағы сенімге селкеу түсіріп, Мәскеудің сүйкімін одан сайын кетіре түседі. Володя осы арқылы түнеукүнгі Тоқаев пен Путиннің арасындағы уағдаластықты еш кетірген.

«Мемлекет өзінің геосаяси мүддесін ашық білдірсе ол қалыпты жағдай. Ал өз халқын іргедегі көршілерімен әскери қақтығысқа дайындап, агрессияға шақыру мүлде бөлек әңгіме», – дейді Әбішев.

Сарапшының пікірінше, Соловьев секілді сарай бұлбұлдарының қауіпті мәлімдемесі аймақ елдері тарапынан жауапсыз қалмайды. Ақорда Қытай мен Түркияға толық бұрылып, Кремльмен арадағы байланысты бырт-бырт үзе бастайды. Бұл үрдіс қазірдің өзінде қарқынды жүріп жатыр.


Орыс пен қазақты бір-біріне айдап салып отырған Соловьев секілділер шын мәнінде Ресейге қарсы жұмыс істеп жатқанын өздері де сезбейді.

Еске сала кетсек, күні кеше Соловьев Ресейдің «әскери операциясын» тек Украинаға емес, іргедегі елдерге де бағыттауына болады деп, Орта Азияны «Мәскеудің артқы ауласына» теңеген еді. Бұған дейін Тоқаев Путиннің алдына бара беретін экс-елбасы туралы пікір білдірген болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22❤18🔥7
⚡️Құсайыновтың құлазу теориясы: Май орнына маргарин жейтін заман келе жатыр...

Биыл Қазақстан экономикасының жүріс-тұрысы ауырлап, қазақтардың нақты табысы төмендей бастайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Танымал экономист Айдархан Құсайынов экономикалық ахуалға қатысты осындай көңіл көншітпейтін болжам жасап отыр. Forbes-пен сауалдасқан сарапшының пікірінше, биылғы жылы халықтың нақты табысы бұрын-соңды болмаған деңгейге құлдырайды.

«Қазірдің өзінде шықпа жаным шықпа деп отырмыз. Биылғы жыл да бұрынғы рекордтарды жаңартып, халықтың нақты табысын құлдырататын түрі бар», – дейді экономист. Оның сөзінше, азаматтардың кірісі азайған сайын тұтыну нарығында да өзгеріс байқалып жатыр. Қымбат тауардан арзан өнімге көшкен қазақтардың күнделікті әдеті өзгере бастаған.


«Өмір сапасы құлдыраған соң, амал жоқ, арзан-құрзан тауар іздейміз. Жуырда Алматыдағы АДК сауда үйіне барғанда 90-жылдары сұранысқа ие болған Rama маргаринін көзім шалып қалды. Сол тұстағы жұрт май орнына маргарин жейтін. Демек арзан өнімге деген сұраныс қайта оралып жатыр. Бұл ма, бұл тек бастамасы ғана», – дейді сарапшы.

Құсайынов қазіргі жағдайды 2008 жылғы дағдарыспен салыстырған екен. Бірақ бір кілтипан бар…

«2008 жылы сіз бен біз өмір сапасының күрт нашарлағанына куә болдық. Ал бүгінгі құлдырау бір мезетте емес, бірнеше жылы бойы жалғасып келеді», – дейді ол. Экономистің пікірінше, елдегі күнкөріс деңгейі, тұрмыс сапасы соңғы төрт жыл бойы төменге қарай құлдырауда, бұл үрдіс алдағы уақытта да байыздамайды.

«90-шы жылдар? Сол тұстағы тоқырау қайта келеді деген ойдан аулақ болайық. Ол кезде свет жоқ, дүкен сөрелері бос жататын еді. Қазіргі жағдай ондай емес. Дегенмен, дағдарыс бір сәтте бүткіл дүниенің қирап қалуы емес. Біз біртіндеп, жылдан-жылға жұтап жатырмыз. Бектенов? Үкімет ауруды емдеудің орнына экономиканы ақшамен көміп жатыр. Ахуал нашар, бірақ оны көрмеуге тырысамыз», – дейді Құсайынов.

Оның пайымдауынша, ел экономикасы 2020 жылдан бері кібіртіктеп, дағдарыс жағдайында өмір сүріп келеді. «Шын мәнінде біз бұған (кризиске) 2020 жылы тап болдық. Абырой болғанда COVID бірталай дүниені бүркемелеп жіберді. Дағдарыс емес, COVID-тің кесірі дедік те, бюджеттен мол ақшаны төге салдық. Осы үрдіс әлі жалғасып жатыр», – дейді ол.


Экономист еңбек нарығының да қысымға түсіп жатқанын алға тартты. «Екі жылдан бері мұғалімдердің жалақысы нақты есеппен төмендеп жатыр. Биылғы жыл қорытындысында елдегі нақты жалақы мен табыс шамамен 15%-ға төмендейді», – дейді Айдархан Құсайынов.

Оның пікірінше, еңбек нарығында Үкімет мойындағысы келмейтін жаңа ақиқат, жаңа ахуал қалыптасуда.

«Қазақтар жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр болады. Қазіргі істеп жүрген жұмысынан қысқарып қалатындар көбейеді, мамандық ауыстыруға тура келеді. Алдағы уақытта таксист, курьер болып жұмыс істейтіндердің саны күрт артпақ. Жұмыс па, жұмыс табылады ғой, бірақ табысы мен комфорты көңіл көншіте ме мәселе осында», – дейді экономист.

Айта кетелік, бұған дейін Құсайыновтың әріптесі Алмас Шөкин дәл осыған ұқсас болжам жасаған еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱24👍18❤4🔥2🤬1
⚡️Қара теңіздегі қауіпті ойын: Ақорда дипломаттары қазақ мұнайын қорғауға кірісті...

Негізі баяғыдан сөйту керек еді ғой. Киев қазақ мұнай көзір қылып алған әсер қалдырады. Шыдамы таусылған Ақорда ва-банкке барғалы отыр екен.

Күні кеше Тоқаевтың АҚШ-тағы өкілі болған Ержан Қазыхан Трамптың есігін тоқылдатып жатса, таңғалмаймыз.


Зеленскийге айтылар әңгіме дипломатиялық шеңберден шығып бара жатқан сияқты...

Ең шұрайлы тұсы осында:

https://ertenmedia.kz/qara-tengizdegi-qawipti-ojyn-aqorda-diplomattary-qazaq-munajyn-qorghawgha-kiristi/
👍18❤7🔥5😁3👎2👏1💩1
⚡️МӘМС деген монстр: премьер Бектенов депутат Базарбекпен тандем құрмақ...

Премьер Бектенов медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің басқаруына өткізу туралы шұғыл тапсырма берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бұған қордың қаржылық қызметінен анықталған жүйелі кемшіліктер мен миллиардтаған шығын себеп болған.

Қаржымин салық органдарының көмегімен медициналық мекеме басшыларының кіріс-шығыстарын тексергенде жаға ұстатарлық жайттар ашылыпты.


2024–2025 жылдары 1465 медициналық басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік сатып алған. 912 басшының меншігінде 1416 автокөлік бар екені белгілі болды. Арасында 2 жылда 50-ден 120-ға дейін пәтер мен ғимарат, 20-дан астам көлік жинап үлгергендері де кездеседі.

Алайда бұл анықталған былықтың бір парасы ғана.

Мысалы, елордалық жеке клиниканың бір дәрігері бір тәулікте 1442 пациент қабылдаған болып шыққан. Тағы бір маман бір айда 4832 адамға «қызмет көрсеткен». Мұның сыртында дүниеден өткен адамдарға да медициналық қызмет жазылып келген.

Ал жүз мыңдаған скринингтік тексерулер пациенттің жынысына мүлдем сәйкес келмеген ер адамдарға маммография (!) жүргізілгені көрсетілген. Бұдан бөлек, балаларға жүздеген препараттар негізсіз жазылған жағдайлар да жетіп артылады.

Депутат Базарбек үшін әлгі фактілер жаңалық емес. Базарбек МӘМС-ті «өз қолымызбен жасаған монстырға» теңеген болатын.


Пікірінше жемқорлық осынау жүйенің өне-бойына тарап кеткен...

МӘМC-тегі бардак туралы толығырақ осында.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥39👏20❤9😁2🤔2
⚡️Үкіметтен жеткен инсайд: Бектенов ел мүддесін құпия тактикамен қорғауда...

Премьер Бектенов бастаған министрлер «елдің мүддесін қорғауға дәрменсіз» деген айыптауға жауап қатты
, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бектеновтың айтуынша, ел аумағындағы экологиялық заңбұзулар тек ішкі заң шеңберінде қаралып, салынатын айыппұл теңгемен есептеледі. Осы себепті, экологиялық айыппұлды шетелдік валютаға шаққан депутаттардың мәлімдемесі заң талабына сай келмейді әрі тәжірибеде қолданылмайды.

Үкімет басшысы нақты мысал ретінде Атырау облысы экология департаментінің «Солтүстік Каспий» жобасына жүргізген тексерісін атады. 2022 жылы осы тексеру барысында экологиялық заң талабы бұзылғаны анықталған. Алайда компания шешімге қарсы сотқа жүгініп, 2025 жылы тамызда Астана соты экология департаментінің шешімін рәсімдеу кезінде кеткен процедуралық қателік үшін заңсыз деп таныған.

Осыған қарамастан, департамент анықталған кемшілікті түзеп, қайтадан тексеру өткізіп, айыппұл санкциясын қайта күшіне енгізген.


Сонымен қатар Үкіметбасы Қазақстанның мүддесін қорғау мақсатында халықаралық арбитраждарға қатысу жұмысы қызу жүріп жатқанын жеткізді.

Әсіресе, «Солтүстік Каспий» және «Қарашығанақ» жобасы бойынша жүріп жатқан дау коммерциялық сипатта болғандықтан, өте күрделі әрі бірнеше сатыдан тұрады. Сондықтан халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, шетелдік сарапшылар мен консултанттар тартылған. Қазір қажетті дәлел жиналып, жан-жақты аудит жүргізіліп жатыр.

«Мұндай процестердің ұзаққа созылуы қалыпты жағдай. Себебі, оларда өте күрделі техникалық әрі қаржылық мәлімет жан-жақты талданады. Үкімет халықаралық құқық талаптарын қатаң сақтай отырып, ел мүддесін құқықтық алаңда табанды түрде қорғауда. Бұл ма, бұл жұмыс ерекше бақылауда», – деп түйіндеді Бектенов.


Бұған дейін…

«Ақ жол» депутаттары 90-жылдары жасалған өнім бөлісу келісіміндегі олқылықтарға тоқталып, Үкіметті халықаралық дауда елдің экономикалық һәм экологиялық мүддесін қорғай алмай отыр деп сынға алған еді.

Олар триллиондаған көлемдегі экологиялық айыппұлдың өндірілмегенін, арбитраж процесінің сағыздай созылып кеткенін және ұлттық валютаның девальвациясы салдарынан елдің шығынға батқанын айтқан болатын.


Перуашев бастаған ақжолдықтар осы мәселеде меморгындардың кәсібилігіне күмән келтіріп, айыппұлды қайта қарау мен халықаралық процесте жіберілген кемшіліктерге мұқият талдау жүргізуді талап еткен.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20👍16👏6🔥4😁1
⚡️ Kcell жылдамдығы: Қазақстандағы ең үздік мобильді интернет

Жыл қорытындысы бойынша Kcell Қазақстандағы ең жылдам мобильді интернеті бар оператор ретінде танылды, деп жазады Ertenmedia.kz.

Интернет қосылымының сапасын талдауға маманданған SpeedGeo платформасы байланыс нарығына арналған жыл сайынғы зерттеу нәтижелерін ұсынып, рейтингті пайдаланушылар жасаған нақты өлшемдер негізінде қалыптастырған.

SpeedGeo-ның 2025 жылғы есебіне сәйкес, орташа жүктеу жылдамдығы көрсеткіші бойынша көшбасшылық Kcell компаниясына тиесілі. Оператор желісіндегі download speed 61, 1 Мбит/с деңгейіне жетіп, осы нәтижемен елдегі мобильді байланыс операторлары арасында бірінші орынға шыққан.

Зерттеу SpeedGeo платформасының V-SPEED мобильді қосымшасы арқылы жиналған краудсорсингтік деректерге сүйенеді. Қосымша интернет жылдамдығын пайдаланушылардың өз құрылғыларында өлшейді. Лабораториялық тесттерден айырмашылығы, өлшемдер абоненттердің күнделікті қолданатын ортасында – үйде немесе жұмыс орнында жүргізіледі. Мұндай тәсіл нақты пайдаланушы тәжірибесін көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы мобильді интернет сапасын бағалау аясында смартфондар мен планшеттерден 59 214 тест тіркелген. Сымды интернет бойынша Ethernet және Wi-Fi қосылымдары арқылы 111 807 өлшем жасалған. Операторларды салыстырудағы негізгі индикатор ретінде деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы алынған.

SpeedGeo әдістемесі интернеттің абоненттер тарапынан қалай қолданылатынын барынша шынайы көрсетуге бағытталғанымен, бірқатар шектеулерді де ескертеді. Нәтижелерге пайдаланушылар құрылғыларының техникалық мүмкіндіктері, үй желісінің жағдайы және байланыс арналарының жергілікті жүктемесі әсер етуі ықтимал.

Сонымен қатар, деректер көлемі жүз мыңдаған және миллиондаған өлшемдерді қамтитын ірі халықаралық платформалармен салыстырғанда шектеулі. Осы себепті зерттеу нәтижелерін бүкіл нарықты толық сипаттайтын әмбебап рейтинг ретінде емес, нақты пайдаланушы тәжірибесіне негізделген краудсорсингтік бағалау ретінде қарастырған жөн.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁18👎10🔥6👍5❤4💩2
⚡️Базарбек ашқан былық: Қазақстанның букмекер нарығына Кремлевтің «ставкасы» жасалды...

Қазақстанның букмекер нарығына Кремльдің көлеңкесі түсті. "Агентство. Новости" порталының инсайды бойынша, елдегі ойын нарығын енді ресейлік компания бақылайтын болады деп жазады Ertenmedia.kz.

Букмекерлерді «Единая система учета» (ЕСУ) деп аталатын ортақ құрылымға байлаған жүйенің артында Кремльге жақын, аты-жөні талай даулы іске шатылған Ұмар Кремлевтің тұрғаны анықталып отыр.


Жаңа тәртіп бойынша букмекерлер барлық қаржылық операцияны «Nomapay» компаниясы арқылы жүргізуге міндетті. Компанияның құрылтайшысы, блогер Айтым Жақұпов Ұмар Кремлевті «бауырым» деп атайтын, онымен талай рет дәмдес-тұздас болған адам.

Депутат Бақытжан Базарбек жүйені ашық түрде Кремлевтің бақылауындағы ресейлік «ЦУПИС» жүйесінің қазақстандық көшірмесі деп атаған болатын.

«ЕСУ жай ғана бетперде. Оның артында тұрған Nomapay мен Ұмардың командасы Қазақстандағы букмекерлік бизнестің бір триллион теңгелік ақша айналымын толық қолына алмақ», – деген еді депутат.

Жүйені Қазақстанда енгізу әрекеті 2020 жылы жасалған. Мәдениет және спорт вице-министрі пара үстінде ұсталып, жоба жемқорлық жанжалымен аяқталған. Араға төрт жыл салып билік бастаманы қайта көтерді.

Жоба талқыланып жатқанда, депутаттар белгісіз лобби-топтар заңды өзгертіп, оны букмекер нарығын толық бақылауға арналған тетікке айналдырғанын ашық айтқан еді. Nomapay-ді құруға Кремлевтің қатысы бары белгілі болғанда, қоғам мен букмекерлер қауымдастығы бірден дабыл қаққан.


Олар мұны Қазақстандағы букмекерлік нарықты Мәскеуге тәуелді қылу деп қабылдайды. Депутат Бапи осы туралы шағым жазғанымен, кейін белгісіз себеппен сөзінен бас тартқан.

Елдегі сарапшылар ЕСУ деп аталатын жаңа ереженің енгізілуі Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төндіреді деп санайды. Нарықтың Мәскеуге жақын адамдардың қолында кетуі саланы жақсы білетін қауымды қатты алаңдатып отыр. Көпшілік көкейінде бұған қатысты сұрақ көп, бірақ оған жауапты тұлғалар жұмған аузын ашпай отыр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱34🔥8❤6👍5🤬1
⚡️Тоқаевтың «скальпелі»: МӘМС-тегі жемқорлық ісі хирургиялық үстелге түсті...

Президент Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөз алып, елдің денсаулығын саудаға салғандардың әрекетін қатаң сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Президенттің айтуынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) қордаланған жемқорлық пен заңсыздықтың ауқымы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірер деңгейге жеткен.

Мемлекет басшысы миллиардтаған қаржының «қағаз жүзінде» ғана халыққа жұмсалып, іс жүзінде біреулердің қалтасына кеткенін баса айтты.


«Ел экономикасы үшін жұрт болып жұмылып жатқанда, әлеуметтік саланың қазынасындағы қаражатты тонап, құжаттарды қолдан жасағандар шықты. 2024-2025 жылдары медицинаға 7,8 триллион теңге (15,5 миллиард доллар) бөлінді. Ал сол қаржының басым бөлігі азаматтардың денсаулығын жақсартудың орнына, әлдекімдердің жеке мүддесіне қызмет еткен», – деді Президент.

Тоқаев осы былыққа жол бергендердің ешқайсысына аяушылық болмауы керектігін ескертті.

Ол құқық қорғау органдарына жемқорлық схемаларынан пайда тапқандардың барлығын тез арада анықтап, заңмен жазалауды тапсырды.


Президент сонымен бірге үкіметтің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігіне беруге қатысты ұсынысын да қолдап отыр. Оның пікірінше, мұндай масқараның орын алуы мемлекеттік мүддеге салғырт қараудың көрінісі.

«Халықтың денсаулығымен ойнауға ешкімнің қақысы жоқ. Бұл ма, бұл тек жемқорлық емес, мемлекетке қарсы жасалған сатқындық. Мұндайға енді жол берілмейді», – деп қорытындылады Тоқаев.

Айта кетелік, бұған дейін премьер Бектенов те дәл осындай сарында сөйлеген болатын. Соған қарағанда жақын күндері аталған салада атышулы тұтқындаулар болатын тәрізді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍60❤18🔥7👏3
⚡️Тоқаев Назарбаев жойған креслоны не үшін қайта тірілтті...

Саяси алаңда ширек ғасыр бұрын жоғалған вице-президент лауазымы қайта тіріліп, билік дәлізіндегі мұрагерлік ойын жаңа серпін алуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, билік мұндай лауазымды енгізу арқылы тұрақты саяси құрылымнан гөрі уақытша конъюнктураға негізделген осал жүйе құрып жатыр. Вице-президенттің пайда болуының өзі билік жүйесіндегі тепе-теңдікті сақтау мен президенттің ықпалын күшейту мақсатында ғана жүзеге асады дейді ол.

«Кезінде Қазақстанда вице-президент болды. Алғашқы және соңғы болып осы креслода отырған Ерік Асанбаев еді.

Назарбаев 95 жылғы Конституциядан соң әлгі қызметті қажетсіз деп тапты. Президентке орынбасар немесе болашақ бәсекелес керек болмады. Тоқаев? Қазіргі президент керісінше, вице-президентті болашақ мұрагерлік жүйенің маңызды элементі ретінде қарастырып отыр.


Демек, бәсекеден гөрі, билік транзиті мен саяси теңгерімді сақтау маңыздырақ», – дейді Сәтпаев.

Саясаттанушының айтуынша, әдетте вице-президент саяси құрылымда 3 негізгі міндет атқарады:

⚫️Президентке қандай да бір төтенше жағдай болса, билікті қабылдайтын резервтегі көшбасшы рөлі;

⚫️Жүйедегі саяси балансты ұстаушы тұлға

⚫️Президенттің арнайы тапсырмаларын орындаушы сенімді өкілі.

«Қазақстанда вице-президент Тоқаевтың Парламенттегі көз мен құлағы міндетін атқаратыны анық көрініп тұр. Бұрын Сенат спикері президенттен кейінгі ықпалды тұлға болса, енді оның орнын осы вице-президент басады. Бір қызығы, әлемдік тәжірибеде вице-президент Сенатты басқарады. Бәлкім, бізде де сол сценарий қайталанар», – деп болжайды саясаттанушы.

Сәтпаев сонымен қатар, билік бір палаталы Парламентке көшу арқылы депутаттар санын 147-ге дейін қысқартқанымен, мұның бюджетке айтарлықтай жеңілдік әкелмейтінін алға тартты.


Пікірінше, әзірде ғана құрылған Халық кеңесі архивке кеткен Ассамблея сияқты биліктің халық атынан шешім қабылдауын заңдастыру құралы болып қала беруі ықтимал.

«Кез келген саяси жүйе халықтың мандатына емес, жеке тұлғаларға, уақытша саяси қажеттіліктерге негізделсе, ондай құрылым ерте ме, кеш пе күйрейді. Бірақ саяси тақ үшін жүретін тартыс қызған сәтте бұл туралы ешкім ойламайды», – дейді Досым Сәтпаев.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29❤13🔥4🤔4👏3🤮1
⚡️Фармацевтикалық тәуелсіздік: Қазақстан дәрі-дәрмек импортының күретамырын үзбек...

Қазақстан импортқа тәуелділіктен құтылу үшін фармацевтика саласына үлкен серпіліс бермек: ел аумағында жалпы құны 173 млрд теңгені құрайтын төрт алып дәрі-дәрмек зауыты салынады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Президент тапсырмасы бойынша, отандық дәрі-дәрмек өндірісін күшейтіп, халықты сапалы әрі қолжетімді препараттармен қамту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі төрт ірі фармацевтикалық компаниямен келісімге қол қойды. Олар – «АлтИНФАРМ», «МСП-РОМФАРМ», «Абди Ибрагим Глобал фарм» және «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы».

Аталған жобалар арқылы елімізде 675 жаңа жұмыс орны ашылып, 356 түрлі дәрі-дәрмек шығарылатын болады. Заманауи фармацевтикалық кәсіпорындар Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында орналасады.


Жаңа зауыттарда онкологиялық аурулар мен қант диабетіне қарсы препараттардан бастап, иммунобиологиялық, вирусқа қарсы, қан аздыққа, тұмау мен суық тиюге арналған дәрілер, қабынуға қарсы және микробқа қарсы медикаменттер шығарылмақ.

Сонымен қатар, GMP халықаралық стандарты бойынша белсенді фармацевтикалық ингредиенттер мен биологиялық препараттарды өндіру де жоспарланған.


Жобаның ерекше әлеуметтік маңызы бар: шығарылатын дәрілердің ішінде 72 атауы әлеуметтік мәні зор дәрілік заттарға жатады. Бұл елдің дәрі-дәрмек қауіпсіздігін нығайтып, халықтың препараттарға қолжетімділігін түбегейлі жақсартуға бағытталған қадам.

Осы инвестициялардың арқасында Қазақстанның фармацевтика нарығындағы импорт үлесі азайып, отандық өндірістің мүмкіндіктері еселеп артады. Нәтижесінде халық қолжетімді бағада сапалы әрі қауіпсіз қазақстандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍41❤13😁8👏4🔥3🤡2😱1
⚡️Сәпиевтің жыртылған жағасы: Қарағандыдағы шенділер жанжалы неден басталды...

Қарағандыда олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасында шатақ шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оқиға 21 қаңтар күні облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында болған.

Алдымен басшы мен орынбасар сөзге келіп, кейін шиеленіс күшейіп, соңы қан-жоса төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде Сәпиевің тұмсығы қанап, кәстүмі мен көйлегі жыртылған дейді.


Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аймақтық полицияның мәліметінше 42 жастағы қала тұрғынының (Сәпиевтің, ред) шағымы бойынша тергеу басталған. Пәлцейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қосымша ақпаратты тергеу құпиясына сілтеп, жария етпей отыр.

Дегенмен кейбір дереккөз жанжалдың қағаз-құжатқа байланысты тұтанғанын жарыса жазуда. Есімханов кейбір құжатқа Сәпиевтің рұқсатын күтпей қол қойған көрінеді.

Серік Сәпиев 2012 жылғы олимпиада чемпионы, бокстан екі дүркін әлем чемпионы. Қазір ол Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.


Орынбасары Дәурен Есімханов та осал емес. Самбо мен жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионатының жүлдегері, жиу-житсудан әлем чемпионы. Сондай-ақ, World Games жарысында күміс медаль алған танымал спортшы.

Айта кетейік, Сәпиевтің мұндай оғаш оқиғаға ілігуі алғаш рет емес. 2023 жылы Batyrball ойыны кезінде спортшының қарсыласы Зелимхан Мусихановпен арада қақтығыс туындап, ойын алаңында от шыққан. Әріптестері спортшыларды әрең ажыратқан еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱17😁10❤4🔥2🤡1
⚡️Ақордадан шеттетілген шенеунік «Атамекенге» аялдады...

«Атамекен» төріне жаңа төраға келді. Бұған дейін Тоқаевтың уәзірі болған Қанат Шарлапаев кәсіпкерлер палатасына басшы болып сайланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бертінге дейін Райымбек Баталов басқарған ұйымның жаңа жетекшісі XIII съезде ресми бекітілді.

Шарлапаевтың еңбек жолы қаржы саласымен тығыз байланысты. Ресейдің Саратов қаласында дүниеге келген ол Ұлыбританияның Cranfield менеджмент мектебінде білім алып, қаржы мен басқарудың қыр-сырын меңгерген. «Сити» инвест банкінде басшылық қызмет атқарып, Чехия мен Ұлыбританиядан тыс, Таяу Шығыс пен Африка нарығын да шарлап шыққан.

Қазақстанға оралғасын да осы деңгейден түскен жоқ. «Бәйтерек» холдингін басқарды, кейін Президенттің экономика жөніндегі көмекшісі атанды.

Өнеркәсіп министрі болған тұста утиль алым үшін халықтан оңбай сөз естігенін ұмыта қойған жоқпыз.


2025 жылдың қыркүйегінде Тоқаевтың көмекшісі қызметінен қуылған Шарлапаев артынша «Самұрық-Қазына» мен «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіндегі орнынан айырылған.

Сарапшылар Шарлапаевтың «Атамекенге» келуін құлдырау деп бағалап отыр.

Ресейден келген қандас Тоқаевтың Уашиңтон сапарынан кейін барлық маңызды креслодан айырылып тынған. Президенттің экономика бойынша кеңесшісі ретінде ол инвестиция тартуға және шетелдік әріптестермен маңызды мәміле жасауға жауапты-тұғын.


Министр қызметіне тағайындалғанда тарихи Отанына оралған тәжірибелі қандас ретінде оған үлкен үміт артылған-ды. Амал нешік...

Баталов? Райымбек мырза «Атамекендегі» миссиясының аяқталғанын күні кеше хабарлап қойған болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡20❤13👎8🔥4👏2😱2