Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Құрбанәлінің гаремі: әйелін шәкіртіне «тарту еткен» имам полиция назарына ілікті...

Алматы полициясы өзін имам деп таныстырып, көп әйел алуды ашық насихаттаған Құрбанәлі Ахметтің тараған сұхбатына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Еске салайық, журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Құрбанәлі Ахмет көп әйел алуды дәріптеп, тіпті екінші әйелін өзінің шәкіртіне бергенін айтқан. Оның орнына үшіншісін алып төсек жаңғыртқан екен. Сөзінше, бірінші жұбайы қартая бастағандықтан, орнына жас келіншек алған.

«Екінші әйелім? Ол ма, ол өзі қалады. Мен оған шәкірттерімнің бірін таңда деп айттым. Некесін қиып, тойын жасап беретінімді жеткіздім», – деген Ахмет сұхбат барысында.


70 жастағы Ахметтің айтуынша, оның 9 баласы бар.

Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы сұхбаттың мазмұнын тексеріп, заң талаптарына қайшы пікірлер айтылғанын мәлімдеді.

Әсіресе әйелін басқа адамға беру туралы мәлімдемелер қоғамның діни сеніміне, әлеуметтік тұрақтылығына кері әсер ететіндігі айтылды. Сондай-ақ, тексеріс барысында Құрбанәлі Ахметтің Қазақстандағы ресми дін өкілі еместігі анықталды.

Алматы полициясы аталған материалдың таралуына қатысты құқықтық баға беріп, сұхбатты жариялаған адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.


«Әрине, айтылған пікір үшін автордың өзі жауапты болғанымен, құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды тарату да заңмен жазаланады», – деп атап өтті Алматы қалалық полиция департаменті.

Осыған байланысты полиция өкілдері дін саласындағы заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертіп, дінаралық татулыққа нұқсан келтіретін контенттің таралуына жол берілмейтінін ескертті. Айта кетелік, бұған дейін танымал продюсер Баян Алагөзова діни радикалдарға қарсы жорыққа шыққан болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁13❤10😱10👍5👎4🔥4🤔1😡1
⚡️Еркебұлан Тоқтардың Еревандағы жеңілісі: Марсель қазақ жұлдызын қалай «оқып» қойды...

Қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде күтпеген жерден қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулудан жеңіліп қалды. Аралас жекпе-жек жұлдызы саналатын Еркебұлан қарсыласына үш раунд бойы бірде-бір қарсы әрекет жасай алмады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бокс ережесі бойынша ММА қолғаптарымен өткен айқаста Тоқтар айқын фаворит ретінде аталған еді.

Дегенмен, жекпе-жектің алғашқы минутынан-ақ қырғыз спортшысы оның қимыл-әрекетін толық бақылап, тактикалық тұрғыда үстемдік танытты. Еркебұлан өзіне тән агрессивті стилін іске асыруға тырысқанымен, қарсыласының мықты қорғанысынан ешқандай нәтиже шығара алмады.


Алғашқы екі раунд Еркебұлан үшін өте ауыр өтті: ол Марсельдің соққыларына лайықты жауап бере алмай, жылдамдық пен дәлдіктен қатты ұтылды. Үшінші раундта Тоқтар жағдайды өзгертуге әрекеттенгенімен, Нұрланбек уулу еш мүмкіндік бермей, кездесу соңына дейін басымдықты сақтап қалды.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыз шешімімен Марсель жеңімпаз атанды (3:0). Осылайша, Тоқтардың бұған дейінгі қатарынан жеті жеңістен тұратын сәтті сериясы тоқтады. Ал қырғызстандық спортшы өзінің рекордын мінсіз сақтап, жеңістер санын 14-ке жеткізді.

Жекпе-жектен кейін Еркебұлан желідегі парақшасында жанкүйерлеріне арнап эмоционалды видео жариялады.

«Құрметті жанкүйерлерім, кешіріңіздер, бүгін басымды төмен түсірдім. Хейтерлер болса, рахаттанып күле беріңіздер. Үш жыл бойы жеңілмеген едім, міне сіздердің қуаныштарыңызға орай тағы жеңілдім», – деді Тоқтар.


Сонымен бірге ол жекпе-жектің толық видеосын кейіннен асықпай қарап, қателіктерді саралайтынын айтты. Спортшы алдағы уақытта үзіліс алатынын және демалып, қайта күш жинауы қажет екенін жеткізді. Қазақтілді аудитория төрешілер шешімі әділетсіз болғанын айтып жатыр. Сіз қалай ойлайсыз?

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18❤10😱6🤡5🔥1💯1
⚡️Гүл ұсынған қыздан туған ұлдар: Назарбаевтың екінші әйелі ел алдына шықты...

Елордадағы «Астана Балет» театрының сахнасында экс-президент Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Исабаева қатысқан ерекше фотосессия өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әлемжеліде фотограф жариялаған суреттер көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Ал Исабаеваның жеке аккаунты көпшілік үшін жабық тұр.

Әсел Исабаева «Мисс Қазақстан – 1999» байқауының жеңімпазы, қазір театрда арт-менеджер болып қызмет етеді әрі шығармашылық ұжымның негізін қалаушының бірі.

Айта кетейік, Қазақстанда көп әйел алуды бейресми қолдағандардың бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі еді. Ол екінші әйелі Әсел Құрманбаевадан екі ұлы бар екенін «Менің өмірім» атты естелік кітабында егжей-тегжейлі жазған болатын.

«Бірде Талдықорғанға жолым түсті. Өңірлерге жұмыс сапары кезінде мемлекет басшысын ұшақ баспалдағынан гүлмен күтіп алады. Мұндай салтанатты шара үшін жергілікті қыздардың ішінен ең әдемілерін таңдайды. Әдемі шара, бұған біз де үйреніп қалғанбыз. Көз қуанып, жаның жылынады.

Бірақ осы жолғы жағдай қатты әсер қалдырды. Маған гүл ұсынған қыз ерекше сұлу еді. Жанары жанып тұрған құлынмүсін аққұба сұлуды біраз уақытқа дейін ойлап жүрдім…


Біз мұсылман дәстүрі бойынша некемізді қидық. Әсел маған екі ұл туып берді. 2005 жылы Тауман өмірге келді, 2008 жылы Бәйкен туды», – деп тебіренген-тұғын экс-елбасы.

Бұған дейін Депутат Абзал Құспан Қазақстанда тоқал алуды заңдастыруды ұсынған.

«Заң жүзінде тыйым салынғанымен, іс жүзінде елде екінші, тіпті үшінші-төртінші әйел алған азаматтар жетерлік. Бұлар тек мемлекеттік қызметкерлер емес, қарапайым қалталы жігіттер де солай өмір сүріп жатыр. Демек, заңның қауқары жоқ, ешкім тыйымға мән бермейді», – деген-тін мәжілісмен.


Абзал Құспанның пікірінше, ер адамдардың біразы, әсіресе дін жолын ұстанатындар, көп әйел алуды қолдайды. Дегенмен қазіргі жағдайда бұл көбіне дәстүрге емес, жас қыздарға «аңшылыққа» ұқсап кеткенін де жасырмаған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎17❤14🤮6🔥3🤔3😁2💯1
⚡️ Әл-Фарабидегі форсаж: «Сергекке» сенген Қабдулдинов, санға алданбайтын Сатыбалды...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 21 наурызда Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына араға бір апта салып пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қала басшысы әкімдікте өткен жиналыста апат салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, қайғылы оқиға жол қауіпсіздігін бақылау жұмыстарының осалдығын көрсеткенін атап өтті.

«Осы оқиға қаладағы полиция тарапынан жол қозғалысын қатаң бақылаудың қажет екенін дәлелдеп отыр. Енді полиция барлық құқық бұзушылыққа, тіпті тұрақ ережесін бұзғандарға да қатаң шара қолдануы тиіс», – деді әкім.


Сатыбалды қаладағы жағдайды жеке өзі қадағалайтынын және жұмыстардың орындалуын бақылап отыру үшін үнемі тексеріс жүргізетінін жеткізді.

Алайда…

Полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдулдинов баяндамасында нақты шаралардың орнына, қаладағы 9 мыңнан астам «Сергек» камерасының бар екенін атап, Алматыда жол-көлік оқиғасынан қаза табу көрсеткіші ел бойынша ең төмен деп есеп берді.

«Статистиканың төмен болуы ештеңені білдірмейді, бір адамның өлімі орны толмас қайғы. Біздің басты мақсатымыз жолдар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі. Қанша цифрлық жүйе енгізсек те, егер тәртіп сақталмаса, нәтиже болмайды. Полиция бұдан былай барлық ереже бұзушылықтарға қатаң шара қолдануы керек», – деді әкім полицияның есебіне жауап ретінде.


Осы оқиға аясында полиция департаменті басшысының орынбасары Ержан Ұзабаев қызметінен шеттетілген болатын. Сонымен қатар, оның жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сәденовтың пәрменімен Алматы полициясының басқа да басшылары жұмыстан қуылған.

Еске салсақ, 21 наурызда Әл-Фараби даңғылында Zeekr автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан еді. Жол апаты салдарынан қазақтың өрімдей жастары тіл тартпай кетті. Кейін анықталғандай, Zeekr жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16❤5👎4🔥4👏2
💥 Шымкент тұрғындары жедел жәрдемнің қозғалысын картадан нақты уақытта көре алады

Бұл шешімді Yandex Qazaqstan Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және Шымкент қаласының әкімдігімен серіктестікте іске асырды. Енді тұрғындар жедел жәрдем бригадасының қозғалысын браузердегі картадан бақылай алады, ал болашақта бұл мүмкіндік Яндекс Go қосымшасында да қолжетімді болады. Жоба диспетчерлерге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуы тиіс. Бұл туралы Тимур Шалекенов Шымкентте өткен Digital Qazaqstan 2026 форумында мәлімдеді.

Жедел жәрдем шақырылғаннан кейін жүйе автоматты түрде картаға сілтемесі бар SMS жібереді. Осы сілтеме арқылы пайдаланушы бригаданың қозғалысын нақты уақытта бақылай алады. Шешім Яндекс Карталар JavaScript API технологиясы негізінде жүзеге асырылған.


Жаңа мүмкіндік жедел қызметтердің жұмысын ашық етуге, диспетчерлердің жүктемесін азайтуға және тұрғындармен өзара әрекеттесу сапасын арттыруға бағытталған. Алғашқы кезеңде функция Шымкент қаласы бойынша шақыртулардың бір бөлігіне ғана қолжетімді болады, кейіннен жобаны барлық шақыртуларға кеңейту жоспарланып отыр.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22❤6👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Әл-Фарабидегі форсаж: апаттың анық-қанығын айтқан танымал заңгер қамауға алынды...

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апат туралы мәлімдеме жасап, полицияның қатысы болуы мүмкін деген болжамды алғаш жариялаған заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Заңгердің ұсталғаны туралы оның әріптесі Нұртуған Өмірзақ желідегі парақшасында жазды.

«Түнгі сағат 23:45. Біз қазір полиция департаментінің алдында тұрмыз. Әл-Фараби көшесіндегі көлік апаты жайында ашық мәлімдеме жасап, біраз адамның атын айтқан Әділетхан бауырымызды тергеуге шақырған еді. Енді оны ешқандай себепсіз қамауға алды. Біз адвокат куәлігін көрсетсек те, ішке кіргізбей, еш түсініктеме бермей отыр», – деп жазды Нұртуған Өмірзақ.


Бұған дейін Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ірі жол-көлік апаты орын алып, үш адам қаза тапқан болатын.

Осы оқиғаға байланысты Әділетхан Молдахан алғашқылардың бірі болып резонансты мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, сол түні Zeekr және басқа бірнеше автокөлік Достық даңғылынан бастап заңсыз жарыс ұйымдастырып, Әл-Фарабимен сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүйткіген.

Сондай-ақ, заңгер кейбір көліктердің жалған нөмірмен жүргенін және олардың арасында полицияның жоғары лауазымды қызметкеріне тиесілі болуы мүмкін екенін де атап өткен еді.

Қазірге дейін полиция департаменті заңгердің ұсталуы туралы ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬45😱8❤3😡3👍2🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ағама ауыр айып тағылды: Әділетхан Молдаханның інісі елге үндеу жолдады...

Кеше түнде тұтқындалған танымал заңгер Әділетхан Молдаханның туған інісі үндеу жасап, қазақтілді қауымнан қолдау сұрады деп жазады Ertenmedia.kz.

Әзімхан Молдаханның айтуынша ағасының еш жазығы жоқ. Біреулер оның сағын сындыруды көздеп отырғандай.

"Ағамды екі қылмыстық іс бойынша жауапкершілікке тартқалы жатыр. Алғашқысы атышулы 174-ші бап, әлеуметтік-ұлттық араздықты қоздыру. Түсінгенім, түнеукүні қазақ қыздарына тіл тигізген Ресейден келген блогерлердің ісі бойынша. Екінші бап, Қылмыстық кодекстің 274 бабы, жалған ақпарат тарату. Ағам Әл-Фарабидегі ауыр апаттың астарына үңіліп, анық-қанығын анықтаған еді. Ол жерде ешқандай жалған ақпарат жоқ. Тек шындық қана жұртқа жария болды. Бұл іс оны қамап тастауға себеп болмауы тиіс", - деді ол.


Заңгердің інісі қалың орман қазақтілді қауымнан барынша қолдау күтіп отыр. Айтуынша, мұндай мамандарды аяқтан шалған ақылға сыймайды.

Айта кетелік, Алматыдағы жантүршігерлік апат туралы мәлімдеме жасап, полицияның қатысы болуы мүмкін деген болжамды алғаш жариялаған заңгер Әділетхан Молдахан болатын. Оның айтуынша, сол түні Zeekr және басқа бірнеше автокөлік Достық даңғылынан бастап заңсыз жарыс ұйымдастырып, Әл-Фарабимен сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүйткіген.

Сондай-ақ, заңгер кейбір көліктердің жалған нөмірмен жүргенін және олардың арасында полицияның жоғары лауазымды қызметкеріне тиесілі болуы мүмкін екенін де атап өткен еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱48👍22❤10🤔3🙏3💯1
⚡️Боқаев ісіндегі екі ауыр бап: прокуратураның мәлімдемесі нені меңзейді...

Алматыда ұсталған қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Редакциямыздың ресми сауалына жауап берген Бас прокуратура Боқаевқа сот шешімімен екі айға қамауда ұстау шарасы белгіленгенін растады.

«Алматының тергеу сотының қаулысымен күдікті Боқаевқа екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», – делінген прокуратура хабарламасында.


Тергеу органы оған екі бап бойынша айып таққан:

⚫️ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Аса ірі көлемдегі алаяқтық»);

⚫️340-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы («Ағаштарды заңсыз кесу, адамдар тобы болып жасаған әрекет»).

Қадағалау органы атап өткендей, сот шешімі прокурормен келісілген.

Тергеу болжамынша…

Санжар Боқаев әлемжеліде саябақ аумағында ағаштардың заңсыз кесілгені және құрылыс алаңдарынан ұрлық жасалғаны жайлы видеолар жариялап отырған. Тергеушілер бұл әрекеттерді қоғамдық пікірді манипуляциялау әрекеті деп санайды. Дегенмен басты айып басқада – Боқаевтың осы заңсыз әрекеттерді өзі ұйымдастырғаны айтылуда. Тергеу мәліметтері бойынша, ол табысы төмен азаматтарды жалдап, аталған жұмыстар үшін ақы төлеп отырған.

Еске сала кетсек, Санжар Боқаев 2025 жылдың тамызында Алматы орталығындағы бюджет есебінен сатып алынған жаңа брусчатканың жеке аулаларға әкетілгенін айтып, полиция шақырған болатын. Белсенді сол кезде осы деректерді Антикорға тапсыратынын мәлімдеген еді.

Санжар Боқаев кім? Ол кімдерге қарсы күрес жүргізді? Белгілі журналист Гүлжан Ерғалиева осы туралы тың инсайдпен бөліскен болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱16❤8🤔5👍3😢2🤬1
⚡️Toyota Camry және 20 млн теңге дауы: Жақсылық Омар ісінің мән-жайы сотта ашылды...

Өскеменнің бұрынғы әкімі әрі ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі жалғасуда деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

31 наурыз күні сот отырысы тараптардың жарыссөзімен жалғасты. Прокурор Жақсылық Омарға алаяқтық пен пара алу бойынша айып тағып, оны 6 жылға бас бостандығынан айыруды, сонымен қатар мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару және квазимемлекеттік секторда лауазым иелену құқығынан айыруды сұрап отыр.

Дегенмен…

Прокурор айыпталушының бұрын сотталмағанын, жеті баланың әкесі екенін ескеруді өтінді. Алайда мемлекеттік қызметкер антын бұзу жағдайы айыпталушының кінәсін ауырлататын фактор ретінде аталды.

Істің бірінші эпизоды Жақсылық Омар Өскемен әкімі болған тұсқа тиесілі. Тергеу дерегіне сай, ол мәдени мекеме басшысынан ірі кәсіпорынға хат жазып, қызметтік автокөлік сұратуды өтінген. Нәтижесінде, Toyota Camry автокөлігі қала әкімдігіне жеткізіліп, кейін үшінші тұлға атына қайта рәсімделген. Соңында көлік trade-in бағдарламасы арқылы жаңа модельге ауыстырылған.


Екінші эпизод бойынша Жақсылық Омардың ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тұрған кезіндегі әрекеттері қаралуда. Айыптау тарапының мәліметінше, ол қала әкімдігінің жоғары лауазымды қызметкерінен 20 млн теңге талап еткен.

Ақша бірнеше бөлікпен берілмек болған, алғашқы транш ретінде 6 млн теңге беріліп, күдікті ұсталған сәтте одан 5,6 млн теңге тәркіленген. Бұл әрекеттер ҰҚК бақылауымен жүзеге асқан.

Сонымен қатар жәбірленуші соттан айыпталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Жақсылық Омардың қорғаушылары айыпталушы кінәсін толық мойындағанын, тергеуге жан-жақты көмектескенін, мемлекет қаржысын жымқырмағанын және барлық шығынды өтегенін алға тартуда. Сондай-ақ оның қарт ата-анасы мен жеті баласының бар екендігін айтып, бас бостандығын шектемейтін, айыппұл түріндегі жазаны сұрады. Адвокаттар бұрынғы әкімнің қаланы дамытуға қосқан үлесін де ескеруді өтінді.

Келесі сот отырысы сәуір айының басында өтеді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎9❤5👍5😱3🔥2😁2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Әйелін шәкіртіне «сыйлаған» имам: Депутат Бапи әсіредіншілдердің былжырағына тосқауыл қоймақ...

Депутат Ермұрат Бапи қоғамға радикалды әрі ұлттық дәстүрге жат көзқарасты тықпалап жүрген жалған имамдар мен псевдодіншілдерді түйреп өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Мәжілісмен әйелін шәкіртіне сыйға тартқан атышулы имамның атын атап, әлгіндей әрекет зайырлы мемлекетің қағидасына қайшы екенін еске салды.

"Әлдебір “имам-сымақ” үш әйелі барын сөз етіп, соңғысын өзінің шәкіртіне “сыйға тартқанын” жайбарақат жария етіпті. Бұл адами моральға жат қылық қана емес, сонымен бірге азаматтық неке жөніндегі заңнаманы көпе-көрнеу бұзу. Қазақстандағы дәстүрлі дінді мансұқ ету және оның құндылықтарына қаса-қана нұқсан келтіру деп түсіну керек. Адамды сыйға тарту бұл адам сату, адам саудасы санатындағы қылмыс!", - деді Бапи.


Түнеукүні Наурызды тойлауға қарсы шыққан "сақалы бар, мұрты жоқ" біреудің сөзі де депутат назарынан тыс қалған жоқ.

"Наурыз мерекесі ислам дініне жат мейрам деп жаниялаған сақалы бар мұрты жоқ біреудің видео-былжырағын тыңдадым. Бұларға салсақ туған күн, шілдехана, тұсау кесу, беташар - харам, ешқайсысын тойлауға болмайды. Мұндайларды әкімшілік жазамен ғана ауыздықтау аздық етеді! Әсіресе, әлемжелі арқылы теріс діни насихат жүргізетін тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін заң қабылдау керек", - деді Бапи.

Мәжілісмен мұның бәрін «ақпараттық террөризім» деп бағалап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әрекетсіздігін қатаң сынға алды.

"Аталған қос дүмшенің пікіріне қатысты басқарма тарапынан қарсы пікір айтылғанын естімедім. Мүфтият әсіре діндарлардан қаймығатын тәрізді", - деді ол.


Осыған орай депутат мүфтият жұмысының тиімділігін қайта қарап, қоғамдағы зұлым уағыздарға қарсы шығуға шақырды. Айта кетелік, бұған дейін танымал продюсер Баян Алагөзова да дәл осы сарында сөйлеген-тұғын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏38❤5👍5🔥3🤔2👎1
Erteńmedia
⚡️Әйелін шәкіртіне «сыйлаған» имам: Депутат Бапи әсіредіншілдердің былжырағына тосқауыл қоймақ... Депутат Ермұрат Бапи қоғамға радикалды әрі ұлттық дәстүрге жат көзқарасты тықпалап жүрген жалған имамдар мен псевдодіншілдерді түйреп өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.…
⚡️Әділетхан ісінің астары: Мұрат Әбеновтің тосын мәлімдемесі нені білдіреді...

Депутат Мұрат Әбенов қамауға алынған танымал блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханның ісіне қатысты ұстанымын білдірді. Мәжілісмен ұсталған азаматқа ешқандай қолдау көрсете алмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бұған дейін депутат осы істі «бақылауына алғанын» айтқан еді. Алайда, бүгін ол қоғамдағы дүрбелеңге қарамастан, Әділетхан Молдаханды ұстауға нақты әрі жеткілікті заңдық негіздер бар екенін баса айтты.

«Мен оған көмектеспеймін және көмектесе де алмаймын. Бұған менің ешқандай құқығым жоқ. Қоғамнан өтініш түскеннен кейін, оның қаншалықты заңды түрде ұсталғаны жөнінде сауал жолдадым. Маған берілген ақпарат бойынша, оны ұстаудың нақты әрі заңды негіздері бар. Бұл істің бүге-шүгесіне дейін хабардармын, бірақ жария етуге қақым жоқ. Оның заңсыз ұсталғаны туралы ешқандай дерек келіп түскен жоқ», – деді Мұрат Әбенов.

Еске сала кетсек, танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 30 наурызда Алматыда «көрінеу жалған ақпарат таратты» деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Тергеу амалдары жалғасуда.


Күдіктінің әлеуметтік желілердегі жарияланымдары, әсіресе Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған резонансты жол-көлік оқиғасы жайлы жазбалары оның ұсталуына себеп болған деген болжам бар. Әзірге құқық қорғау органдары заңгер жазбаларындағы нақты қандай деректердің «жалған» деп танылғанын ресми түрде жариялаған жоқ.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎37😱8❤6👍3🤔3😢3
⚡️Досаевтың дәуірі бітті ме? Экс-әкім «Самұрық-Қазына» мен «Бәйтеректен» де шеттетілді

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінен шығарылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Досаев қордың директорлар кеңесінің құрамына былтыр желтоқсанда ғана енген болатын.

Бұған қоса, оның аты-жөні «Бәйтерек» холдингінің ресми сайтындағы директорлар кеңесі құрамынан да алынып тасталған.


Айта кетерлігі, осы кезге дейін шешімге қатысты ресми хабарлама жарияланған жоқ. Досаев «Бәйтерекке» биылғы қаңтар айында ғана тағайындалған еді.

Еске салсақ, бұған дейін наурыздың соңында президент Тоқаев Ерболат Досаевты Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатқан болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏36👍9🔥4❤2😢2
⚡️Танымал заңгер Әділетхан Молдаханның туыстары маңызды мәлімдеме жасады...

Жалған ақпарат таратты деген күдікпен 10 тәулікке қамалған заңгер Әділетхан Молдаханның туыстары президент Тоқаевқа, Бас прокуратура мен Ішкі істерге ашық хат жолдап, әділ әрі объективті тергеу жүргізуді сұрады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Үндеу авторларының айтуынша, блогер қазір Алматыдағы СИ-8 тергеу изоляторына ауыстырылып, арнайы сараптама нәтижесі 9 сәуірге дейін шығуы тиіс. Сараптама қорытындысы бойынша Әділетханның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар-жоғы анықталады.

«Біз Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінен әділдікті талап етеміз. Мемлекеттік ұстанымға қайшы пікір білдіргені үшін ғана оны жалған ақпарат таратушы қылмыскер ретінде соттап жіберуге жол берілмеуі керек. Менің бауырым жауапкершілікті терең сезінетін адам. Ол миллиондаған аудиториясы бар блогер ретінде ешқашан тексерілмеген мәліметті таратып, көпшілікті адастырған емес», – делінген хатта.


Туыстарының сөзінше, Әділетхан бұрын полиция қызметкері болған әрі заңгерлік білімі бар, сондықтан жалған ақпарат таратудың заңдық жауапкершілігін жақсы түсінеді.

Заңгерге қатысты іс Қылмыстық кодекстің 274-бабы (жалған ақпарат тарату) бойынша тергелуі мүмкін. Бұл бап бойынша ірі көлемде айыппұл немесе үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қарастырылған.

«Бауырымызды билік белсенділерге ескерту жасау үшін жазалайтын құралға айналдырады ма деп қорқамыз. Осылайша, басқа пікір көшбасшыларына «Үкіметке қарсы сөз айтсаңдар, сендерді де түрмеге қамаймыз» дегенді көрсеткілері келеді ме деген қауіп бар. Осы он күнде тергеудің әділ және ашық өткенін қалаймыз», – дейді күдіктінің бауыры.

Хат соңында автор президент Тоқаевтан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Әділетханның ісін жеке бақылауға алуын сұрады.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥35❤11💯9👍6👏4
⚡️Дариғаның кеңесшісі, Шәріпбаевтың серіктесі: Боқаев ісіндегі құпия құжаттар...

Алматыда наурыз айының ортасында ұсталған саясаткер Санжар Боқаевқа аса ірі көлемде қаржы жымқыру және тал-теректі заңсыз отауды ұйымдастыру баптары бойынша айып тағылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтің айтуынша, Боқаевтың іс-әрекеттері оның ұлттық компанияда қызмет істеген кезеңімен байланысты болып отыр.


«Оған алаяқтық жолмен аса ірі көлемде ақша жымқыру және орманды заңсыз кесуді ұйымдастыру бойынша айып тағылуда. Тергеу аяқталған соң, барлық мән-жайды толық ашып көрсетеміз», – деді Өтегенов.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Прокуратура өкілі тергеу барысында куәгерлер мен айғақтар, сараптама қорытындылары жан-жақты зерделенетінін айтты. Өтегенов істің сотта ашық қаралуына прокуратура тарапынан ешқандай кедергі жоғын да жеткізді.

«Қылмыстық іс сотқа түскеннен кейін тараптардың пікірі ескеріліп, шешім қабылданады. Бас прокуратура істі ашық түрде қарауға қарсы емес», – деді ол.

Еске сала кетейік, Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 наурызында ұсталған болатын. Ол бұған дейін 2015-2018 жылдары «ҚазТрансГаз» компаниясында кеңесші болып қызмет атқарған.

Бұған дейін танымал журналист Гүлжан Ерғалиева «Санжардың АҚШ-тан оралуы бекер емес» деген болжам жасаған.

Ерғалиева саясаткердің Дариға Назарбаеваның және оның бұрынғы күйеуі Қайрат Шәріпбаевтың қасында кеңесші қызметін атқарғанын еске салған-тұғын. Шәріпбаев басшылық еткен «ҚазТрансГазда» кейінірек ірі жемқорлық схемалары әшкереленген еді. Осыған байланысты Боқаев Назарбаева әулетінің былықтарына тікелей қатысы болуы немесе олардан хабардар болуы ықтимал деген пікір бар.


«Боқаев стратегиялық фигура емес, бірақ ол Назарбаеваның айналасындағылар туралы маңызды ақпарат көзі болуы мүмкін. Сондықтан АҚШ-тан Қазақстанға оралды, себебі оған келісімге келу ұсынысы түскен», – деген еді Ерғалиева.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱22👍8👎8❤7🤔3🔥2💩2
⚡️Соңғы тиынға дейін бұғаттау заңсыз: депутат Әбенов банк шоттарын ашуға кірісті...

Қазақстанда сот орындаушыларының қатаң әрекетінен жаппай бұғатталған банктік шоттарды қалпына келтіру басталды.

Депутат Мұрат Әбенов пен Әділет министрлігі бірлесіп, айлық жалақысы, жәрдемақысы немесе зейнетақысы толығымен ұсталып қалған азаматтардың есепшоттарын қайта ашуды қолға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Мәжілісменнің айтуынша, қазір бір жарым миллионға жуық қазақстандық өзінің банктік шоттарын пайдалана алмай отыр. Заң бойынша сот орындаушысы жалақының тек жартысын ғана бұғаттай алады, алайда іс жүзінде азаматтар соңғы тиынына дейін айырылып, қарапайым күнкөріс заттарына да қол жеткізе алмай қалды.


«Сәуір сөздің емес, нақты істің айы. Есепшоттары заңсыз бұғатталған миллион жарым азаматқа нақты көмек көрсетеміз. Қазір көптеген адам автобусқа міне алмай, нан алуға қаражаты болмай отыр. Бұл жағдай заңға қайшы», – деді Мұрат Әбенов.

Депутат бұғатталған есепшотты сотсыз-ақ жылдам ашудың нақты жолын көрсетті:

⚫️zhso.kz порталынан өзіңізге қатысты жеке сот орындаушысының байланысын табу;

⚫️adiletgov қосымшасы арқылы ресми өтініш жолдау;

⚫️Есепшотқа жалақы, жәрдемақы немесе зейнетақы түсетінін дәлелдейтін анықтамаларды тіркеу.

«Өтініште нақты талап қою керек: «Жалақының тек 50 пайызын ұстаңыздар, қалған бөлігін дереу ашыңыздар». Әлеуметтік төлемдерді толық бұғаттауға мүлде болмайды. Сот орындаушысы 5 күн ішінде жауап беріп, есепшотты ашуға міндетті», – деп түсіндірді депутат.

Мұрат Әбенов аталған шараны өз бақылауына алатынын айтты. Осы айдың аяғына дейін жүздеген мың отбасының өз қаржысына қол жеткізуіне нақты мүмкіндік тумақ.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍58👏6🔥4🤔1
⚡️Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кешіне қатысты қатаң талап қойды...

Қазақстанда мектеп бітіру кешіне қойылатын талаптар нақтыланды. Енді аттестат табыстау рәсімі тек білім беру мекемесінің өз ғимаратында өтуі тиіс деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мектеп бітіру кешін ұйымдастыру тәртібіне нақты өзгеріс енгізді. Осынау өзгерістер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қабылданған.

Министрлік мектеп бітіру кештерін білім мекемесінен тыс жерде өткізуге қатаң тыйым салды. Сондай-ақ түлектерден, олардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен қаржы немесе басқа да материалдық құндылықтар жинауға үзілді-кесілді жол берілмейді.


Жергілікті атқарушы органдарға ешқандай қаржылық шығынды қажет етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру міндеті жүктелді. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстары күшейтілмек.

Ал ішкі істер органдары бітіру кештері кезінде қоғамдық тәртіп пен түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауы тиіс.

Айта кетелік, бұған дейін алматылық ата-ана президент Тоқаевқа үндеу жолдап, мектеп бітіру кешіне қатысты масқараны жайып салған еді.


Шағым авторының айтуынша, әр түлектен бітіру кешіне 200-300 мың теңге көлемінде ақша жинау қалыпты жағдайға айналған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍39❤13👏3🔥2🤯1
⚡️Қазақ мұнайы Сеулге бет алды: Ормуздан кейінгі жаңа маршрут қалай іске асады...

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Қазақстаннан мұнай жеткізу мәселесінде айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оңтүстік Кореяның өнеркәсіп министрі Ким Чон Гванның айтуынша, келесі аптада нақты көлемдер мен тасымал туралы толық ақпарат жарияланады. Министрдің сөзінше, Астанамен келіссөздер табысты өтіп, маңызды нәтиже берген.

Сәуір айының басында президент әкімшілігінің басшысы Кан Хүн Сик пен өнеркәсіп министрі Ким Чон Гуан Ормуз бұғазы арқылы тасымалдау мәселесінің қиындауына байланысты мұнай және нафта жеткізу келісімдерін жасау үшін Қазақстанға арнайы келіп қайтқан еді.

«Астана географиялық жағынан алыста көрінгенімен, мұнай тасымалы АҚШ-тан жеткізілетін уақытпен шамалас 50-60 күн. Сапардың негізгі мақсаты энергия көздерін ұзақ мерзімде әртараптандыру», – деді министр Ким.


Қазіргі таңда Оңтүстік Корея энергия қажеттілігінің 70%-ын Таяу Шығыстан импортталатын мұнай есебінен өтеп отыр. Сонымен қатар ел өткен айда Біріккен Араб Әмірліктерінен 24 миллион баррель мұнай жеткізу туралы келісімге де қол жеткізген.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30🔥4❤3👎1😁1🤔1
⚡️Атырау полициясындағы тазарту: бірнеше басқарма бастығы бір күнде жұмыстан қуылды...

Атырау облыстық полиция департаментіндегі қызметтік тексерістен кейін бірнеше жоғары лауазымды басшы қызметінен шеттетілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ішкі істер министрлігі тұрақты түрде жүргізетін жоспарлы тексеріс барысында Атырау облысы полиция департаментінің жұмысында бірқатар өрескел кемшіліктер анықталды. Нақты айтқанда, қызметтік-әскери тәртіпті сақтау мен жұмысты ұйымдастыруда және бақылауда айтарлықтай заң бұзушылықтар болған.

Осыған байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметінен шеттетілгендер:

⚫️Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы;

⚫️Атырау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы;

⚫️Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік өз қатарындағы заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау жұмысын қатаң бақылауда ұстап келеді.

«Министр бұған дейін бірнеше мәрте атап өткендей, ішкі істер органдарында тәртіп орнату бойынша ұстанымымыз берік әрі өзгеріссіз қалады», – делінген министрліктің ресми хабарламасында.


Алдағы уақытта осы іске қатысты қосымша ақпарат жарияланады деп күтілуде. Айта кетелік, бұған дейін Ішкі істер басшысы Ержан Сәденов әл-Фарабидегі апатқа қатысты тың мәлімет берген-тұғын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏23❤8🤔6🔥5💯2😁1🤡1
⚡️Телефоны өшірулі, кабинеті жабық: Жамбыл облысының шенеунігі қайда жоғалып кетті...

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов ұсталды деген ақпарат тарады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Шенеунік өз кабинетінде шамамен 4 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталған болуы мүмкін.

Әзірге құқық қорғау органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми түрде бұл ақпаратты растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Жағдайға жақын дереккөздерден түскен мәлімет бойынша, лауазымды тұлғаны жұмыс орнынан арнайы қызмет өкілдері жетектеп алып кеткен. Қазір оның кабинеті жабық, ал телефоны жауап бермейді. Әкімдік те осы оқиғаға байланысты тіс жармай отыр.


Келесов туралы не белгілі?

Еркін Келесов Тараз қаласының тумасы, мамандығы бойынша бұғалтыр. Шымкенттегі кәсіптік училищені, кейін Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын салық органдарында бастаған, басшылық қызметтерде де болған.

2016 жылдан бастап әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылық қызмет атқарған. 2023 жылы мемлекеттік сатып алу басқармасына аз уақытқа ауысып, кейін әлеуметтік салаға қайта оралған.

Жағдайдың қоғам назарын аударуы тегін емес

Себебі өңірдің әлеуметтік қорғау саласы бұған дейін де ірі жемқорлық дауына ілінген. 2021 жылы бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің ағасы Тимуржан Нұрымбетов сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сол істе облыс әкімдігі мемлекеттік құпиялар бөлімінің басшысы Нұрзипа Романова, ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс бөлімінің жетекшісі Аида Өтеулина және екі кәсіпкер де жазаға тартылған.

Келесовке қатысты күдік жалғыз эпизод ретінде емес, әлеуметтік сала төңірегіндегі ескі жараның қайта ашылған көрінісі ретінде қабылданып отыр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱14👍9❤4👏2🤔2
⚡️Салық органы кімді тексереді: мобильді аударымдардың құпиясы ашылды...

Қазақстандық банктер азаматтардың биылғы алғашқы тоқсандағы ақша аударымдары туралы деректі 15 сәуірге дейін Қаржы министрлігіне тапсырады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Алайда әрбір аударым емес, тек бизнес белгілері анық байқалғандары ғана бақылауға ілігеді. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов кәсіпкерлік сипаты бар аударымдардың нақты критерийлері белгіленгенін айтты. Осы талаптар негізінде банктер «қызыл жалаушалар» түзіп, тиісті мәліметті мемлекеттік органдарға ұсынады.

«Заңға нормалар енгізілді, ережелерді Ұлттық банк бекітті. Белгіленген шарттарға сәйкес, бірінші тоқсандағы мәліметті банктерден 15 сәуірге дейін аламыз. Банктер сол «қызыл жалаушалар» бойынша ақпараттарды жинақтап, бізге береді. Әрі қарай сол деректер негізінде камералдық бақылау жүргізіп, азаматтарға хабарлама жібереміз. Салық есебін тапсырған немесе тиісті түсініктеме берген жағдайда мәселе шешіледі. Сіз мысал етіп келтірген, біреуге кофе немесе түскі ас алып беріп, кейін ақшасын аудару жағдайлары кәсіпкерлік әрекетке жатпайды», – деді Біржанов.

Министрлік өкілі тексерудің басты мақсаты күнделікті төлемдер емес, жасырын кәсіпкерлікті анықтау екенін атап өтті.


«Кофе мен түскі ас секілді күнделікті шығындар бизнестің белгілеріне жатпайды. Критерий көп, олар бір мезетте іске асуы тиіс. Барлығымыз да достарымызбен тамақ ішеміз, сондай төлемдер есепке алынбайды. Тіпті бір адам бүкіл ұжымның атынан 150 адамның туған күніне ақша жинап жүрсе де, алдымен оған хабарлама жолдаймыз. Ол түсініктемесін берсе жеткілікті», – деп сендірді Біржанов.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🤔8❤3🔥3🤡3👏1