Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Жангелдиндегі жұт: «Күйеубала» бүтін бір әулетті қалай жалмады?

Атырауда бүтін бір отбасыны қырып салды деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті жоспарын бірнеше сатыға бөліп жүзеге асырған. Алдымен әйелінің туған бауыры Наурыздың өмірін қиған. Араға жарты жыл салып ата-енесі мен қайын әпкесін өлтірген. Әулеттің ет жақындары соттың басталуын сарыла күткенін айтады. Олар соттан тек әділ шешім талап етіп отыр.

«Бізге керегі? Бізге керегі әділдік. Осы күнді өте ұзақ күттік. Ол (Сәрсемәлиев, ред.) кінәсін толық мойындады. Бәрі әділ әрі таза өтсе екен», – дейді қаза тапқан Мақсұт Мұқанғалиевтің әпкесі Әсила Мұқанғалиева.


Ағайын-туыстарының айтуынша, әлгі оқиғадан кейін «күйеубаланың» отбасы олармен байланысқа шықпаған, алдына жығылып, кешірім де сұрамаған. Сараптама нәтижесі бойынша, Сәрсемәлиевтің ақыл-есі дұрыс деп танылған.

Мақсұт Мұқанғалиевтің тағы бір әпкесі Әдемі Шалмағамбетова айыпталушының жұбайы Ақбаянның қазіргі хәл-ахуалы туралы ақпарат берді.

«Қазір психиатриялық ауруханада ем-дом алып жатыр. Оған ешкімді кіргізбейді. Тек ас-суы мен қажетті заттарды ғана беріп жібереміз», – деді ол.

Туыстары азаппен өлген отбасының қоңыртөбел өмір сүргенін айтады. «Мал ұстап, зейнетақымен күн көрген қарапайым отбасы-тұғын. Елден ілгері де емес, кейін де емес, орташа тірлік кешіп еді», – дейді олар.


Сот процесінің ә дегендегі алғашқы отырысын судья Зәрема Хамидуллина жүргізуде. Сәрсемәлиев? Тергеу дерегінше, «күйеубала» отбасы мүшелерін тегіс өлтірген соң, қорадағы ұсақ мал мен ірі қараны сатып, банктегі азын-аулық ақшаны шешіп, елден қашқан. Оған екі немесе одан көп адамды өлтіру; ұрлық-қарлық жасау; алаяқтық әрекеттер дейтін бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр.

Ал оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның қылмысқа қатысы бары дәлелденбеген, оның үстінен әзір бөлек тергеу жүруде. Полиция оның психикалық жай-күйіне қатысты сараптама нәтижесін күтуде.

Айта кетейік, Атырау облысы Жангелдин ауылында тұратын Қарабалиндер отбасы 2025 жылдың соңында із-түссіз жоғалып кеткен. Кейін 66 жастағы Мақсұт Қарабалин мен әйелі Нәсіп Өтешқалиеваның сүйегі үйінің ауласындағы сарайдың астынан табылған еді.

Сәрсемәлиев әйелімен бірге халықаралық іздеуге жарияланып, осы жылдың ақпанында Индонезияның Бали аралында ұсталған. Қазақстанға қайтарылған Сәрсемәлиев марқұмдардың ұл-қызының сүйегі жасырылған орынды да көрсетіп берген.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱24❤7🔥2😡2👍1🤔1
⚡️Атырауды дүрліктірген іс: Сұлтан Сәрсемәлиев сотта өз шындығын айтты...

Атырау облысында төрт адамның өліміне басты күдікті ретінде айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиев сотта қылмысқа бару себебін егжей-тегжейлі баяндады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Өткен жылдың желтоқсанында Жангелдин ауылының тұрғындары Қарабалин әулетінің түгелдей жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. Марқұмдардың туысының айтуынша, оның ағасы, жеңгесі және олардың екі ересек баласы қараша айынан бері хабар-ошарсыз кеткен.

Жедел іздестіру барысында күдікті ретінде отбасының күйеубаласы Сұлтан Сәрсемәлиев анықталған. Ол әйелі Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге 24 ақпан күні Индонезия аумағында ұсталған-ды.

«Тергеу таққан айыпты толығымен мойындаймын. Ешқайда қашқым жоқ, ең ауыр жазаға да дайынмын», – деді сотталушы.

Сәрсемәлиевтің айтуынша, қолын қанға малуының басты себебі қайын жұртының отбасылық өміріне тұмсық тығып, нәтижесінде жұбайымен заңды түрде ажырасуына итермелеуі болған. Дегенмен, айыпталушы ажырасқаннан кейін де әйелімен бірге тұрып, қарым-қатынасын сақтап қалуға тырысқанын алға тартып отыр.


«Қылмысқа отбасымды сақтауға деген талпынысымның түбегейлі сәтсіздікке ұшырауы себеп болды. Жұбайыммен 10 жыл тату-тәтті өмір сүрдік.

Егер басынан бастап арамызда шешілмейтін кикілжің болғанда, бес баламыз дүниеге келмес еді. Алайда оның ет-жақындары отбасылық мәселемізге шектен тыс араласып, ақыры ажырасуға жеткізді. Ажырассақ та біз бір шаңырақ астында өмір сүрдік. Соған қарамастан олар маған қысым көрсетіп, балаларыммен қорқытып, әйелімді тартып алуға тырысты. Олардың сөздері мен әрекеттері менің ар-намысымды таптады.

Ақыры мені адам ретінде де, азамат ретінде де сындырды. Шыдамым таусылды, басқа амал таппадым. Осының бәрі мені жантүршігерлік әрекетке итермеледі», – деп түсіндірді Сұлтан Сәрсемәлиев.

Оқиғаның хронологиясын осы арадан оқуыңызға болады.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱15👍8❤3😢2🤡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️«Заявщица» атанған мұғалім: Ақтөбелік ұстаз мектептегі былықты жайып салды...

Ақтөбедегі Ә.Марғұлан атындағы №71 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжан Әділова бірнеше жыл бойы басшылық тарапынан қысымға ұшырап, әділетсіздік көргенін ашық айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Айжанның айтуынша, мектеп әкімшілігі тарапынан болған қысымның салдарынан оның денсаулығына айтарлықтай зиян келген. Тіпті, сабақ үстінде бірнеше мәрте жедел жәрдем шақыруға тура келген кездер де болған.

«Мен бірнеше жыл бойғы әділетсіздіктен шаршадым. Өз құқығымды қорғап, сотта жеңіске жеттім. Президент Тоқаевқа да арыз жолдап, нәтижесінде көптеген заңсыздық пен қысым фактілері анықталды. Алайда әлі күнге дейін толық әділдік таппадым. Өз пікірімді ашық білдіргенім үшін мектеп басшысының көзқарасына сай келмей, үнемі қысымға ұшырап келемін», – дейді мұғалім.


Айжан Әділоваға жергілікті журналистер хабарласып, видео түсіргенімен, кейін түсініксіз себептермен жариялаудан бас тартып, байланысқа шықпай қойған.

«Менің ар-намысым тапталды. Үздік сынып жетекшісі атанып, ата-аналармен қарым-қатынасым жақсы болса да, басшылықтың әділетсіздігі кесірінен «проблемная, заявщица» деген атқа қалдым. Қаншама жыладым, қорландым. Өз беделімді қалпына келтіргім келеді, тек әділдік талап етемін», – дейді Айжан Әділова.

Оқиға бойынша әлі де анықталмаған тұстар көп. Бірақ видеодағы мәліметтер жаға ұстатады.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱26👏11❤5🔥5💯3
⚡️Ақорда араласқан атышулы іс: Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты тың деректер айтылды...

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты шу тудырған іс бойынша тың мәлімет тарады. Отбасы адвокаты күдіктінің қазір қайда отырғанын және жәбірленуші тараптың қандай талап қойып отырғанын айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Адвокат Аянхан Омаровтың сөзінше, күдікті психсараптамадан өткеннен кейін мамырдың басында қайтадан тергеу изоляторына «оралған».

«Денсаулығында дым жоқ, сараптама оны ақыл-есі сау деп таныды», – деді адвокат.


Сәуір айында күдікті Алматы облысы Ақтас ауылындағы «жындыханаға» ауыстырылған. Марқұмның ет жақындары күдікті мұны түрмеге түспеу үшін әдейі жасады деген тұспал айтқан.

Әзір не белгілі?

Жәбірленуші тарап күдікті ғана емес, оның туыстарына да іс қозғалуын талап етіп отыр. «Ағайын-туысын алдын ала келісіп, қызды некеге мәжбүрлегені үшін жауапқа тартуды сұрап отырмыз», – деп қысқа қайырды Аянхан Омаров.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстегі «Некеге мәжбүрлеу» бабын ауырлатуды талап етуде. Іс қазір 125-1 баптың 1-бөлігімен қаралуда. Ал жәбірленуші тарап оны 3-бөлікке ауыстыруды сұрайды. Дәл осы бөлімде ауыр зардапқа әкелген әрекет үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Нұрай Серікбайдың қазасы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Іс Ақордаға дейін жеткен. Тоқаев Ұлттық құрылтай кезінде полиция әрекетін қатаң айыптаған. Кейін Шымкент полициясының басшылары жұмыстан қуылып, біразының үстінен іс қозғалды.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21❤9😢4🙏3
⚡️Бес президенттің батасын алған қазақ қызы: Әсел Робертстің Балқандағы миссиясы...

АҚШ Сенаты Қазақстан тумасы Әсел Робертсті (Әсел Төленова) Словениядағы Әміриканың елшісі етіп бекітті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Сенаттың ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, дауыс беру 18 мамырда өткен. Әселдің кандидатурасын 46 сенатор қолдаса, 43 сенатор қарсы дауыс берген.

Осылайша, Әсел Робертс АҚШ тарихында елші қызметіне бекітілген алғашқы қазақ қызы атанып отыр.


Осы уақытқа дейін Робертс АҚШ Мемдеп-інің протокол басшысы басқармасында 20 жылға жуық тер тегіп, аға кеңесші қызметін атқарған. Дип.миссиялармен өзара қарым-қатынасты үйлестіріп, халықаралық саммит мен жоғары деңгейдегі кездесулер ұйымдастырған.

Сондай-ақ Әсел Робертс протокол басшысының міндетін уақытша атқарушы, іссапарларға жауапты басшының көмекшісінің орынбасары болып еңбек етті, тіпті АҚШ вице-президентінің аппаратында да қызмет атқарды. Байден? Өз мансабында 5 бірдей президент әкімшілігімен тығыз жұмыс істеген.

АҚШ Мемдеп-і Әселдің кандидатурасын жоғары бағалап, оның басқарушылық тәжірибесін, дипломатиялық шеберлігі мен түрлі мемлекетпен байланыс орнатудағы тәжірибесін ерекше атап өткен екен.


Әсел Жамбыл облысында дүниеге келген, балалық шағы Алматыда өткен. 15 жасында білім алмасу бағдарламасымен Әмерикаға аттанып, Аризона мен Вермонттағы мектепте оқыпты. Кейіннен Жорджтаун университетінің Эдмунд Уолш атындағы дипқызмет мектебін «халықаралық құқық және халықаралық ұйымдар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол қазақ, ағылшын және жапон тілін жетік біледі. Отбасылы, бір қызы бар.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥35👏11❤10👍4🤮1
⚡️Дариға детективі: Назарбаева вице-президент болуы мүмкін бе?

Депутат Абзал Құспан Қазақстанда вице-президентке қандай талап қойылатыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Айтуынша, вице-президентке көзге шұғып, қолмен ұстап көрсететін нақты талаптар қойылмайды. Министрлерге қойылатын шарт сияқты, белгілі бір мамандық иесі болу да міндеттелмейді.

«Вице-президентке немесе президентке нақты бір мамандық бойынша талап жоқ. Мұндай талап негізінен сала министрлеріне қатысты қойылады. Айталық, Әділет министрі заңгер болуы қажет. Ал вице-президентке ондай арнайы ереже белгіленбеген», – деп нақтылады Құспан.


Сондай-ақ, депутат вице-президент креслосына әйел адамның келіп қалуы да ғажап емес деп отыр. Осы тұста ел ішінде тарап жатқан «атышулы Дариға Назарбаева вице-президент болуы мүмкін» деген гу-гу әңгімеге қатысты да пікір білдіре кетті.

«Әлемжеліде әрқилы болжам, тосын тұспалдар айтылып жатады ғой, бұл енді қалыпты құбылыс. Сөз бостандығы бар жерде, жұрт өз ойын бүкпесіз айта алады. Дариға? Дәл осы кандидат туралы менде ешқандай инсайд жоқ. Шыны керек, өз басым о кісіні бұл қызметке лайық деп санамаймын», – деді депутат.

Айта кетейік, Парламент әзір ғана «Президент туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда мақұлдап, вице-президент қызметін ресми түрде енгізді. Заң жаңа Ата заңмен бірге 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Назарбаева қазір қайда жүр?

Ал Дариғаның саяси кеңістіктен ұшты-күйлі жоғалғанына біраз уақыт болды. Қаңтар оқиғасы әулеттің саяси амбициясына біржолата нүкте қойған болатын. Дегенмен, Әбішұлының тұңғыш қызына қатысты түрлі-түрлі қауесет әлі күнге дейін толастаған жоқ.

Бұған дейін Құспанның әріптесі Ермұрат Бапи «50-дің ар жақ-бер жағындағы «ескі Қазақстан» өкілдері жоспар құрып жатқанын» мәлімдеген болатын.


«Технологияны пайдаланып, коммуникацияны пайдаланып, осындай әрекеттерді бастап жатыр. Нақты тұлғалардың атын атап, түрін түстемей-ақ қояйын. Олардың арасында 50-дің ар жақ-бер жағындағы (Дариға? ред.) жастары бар . Олар биліктен кеткенімен, үйінде бос жатқан жоқ», — деген-тұғын Бапи.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱13🔥9❤5🤮2🤔1💯1
⚡️«Өте сүйкімсіз саясаткер». Депутат Сарым экс-президенттің қызы туралы пікір білдірді...

Депутат Айдос Сарым желіде желдей есіп тұрған «Дариға Назарбаева вице-президент болуы мүмкін» деген қауесетке пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Мәжілісмен Дариғаның саясатқа оралу мүмкіндігін толық жоққа шығарып, оған ешқандай негіз жоқ екенін айтты.

«Меніңше, Дариға Нұрсұлтанқызының дәуірі өтті. Ол, ол ма саяси тұрғыда өте-мөте сүйкімсіз тұлғаға айналып кеткен саясаткер. Әрине, ешкім оған қоғамдық не саяси іспен айналысуға, қандай да бір партияға мүше болуға тыйым сала алмайды.

Ал партиялар оны өз қатарынан көргісі келе ме, келмей ме, бұл енді басқа мәселе. Сондықтан Дариға вице-президент немесе премьер болады деген әңгімеге мүлде иланбаймын. Ел арасынан «Дариға Нұрсұлтанқызы, келіңіз, бізді құтқарыңыз…» деп айтатын адам табылады деп те ойламаймын.


Шынымды айтсам, мұндай жағдайдың орына аларына сену қиын», – деді Айдос Сарым.

Ол экс-президенттің үлкен қызының саясатқа қайта оралу ықтималдығын «есеп-қисапқа шағып, нөлге жуық, жоққа тән» деп бағалады. Тілшілер депутатқа «Дариға Назарбаева «Халық кеңесінің» мүшесі бола ала ма?» деген сауал да қойды.

«Оның оған не қажеті бар? Сіздер оны қазір нашар өмір сүріп жатыр деп ойлайсыздар ма?» – деп жауап берді депутат Айдос Сарым.

Айта кетелік, осының алдында ғана Сарымның әріптесі Абзал Құспан «вице-президент креслосында Дариғаның көлеңкесі көрінбей ме» деген сауалға жауап қатқан-тұғын.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13💯11❤4👏1🤔1
⚡️«Мақтан жәрмеңкесіне» айналған мектеп кештері: Аймағамбетов артық шығынды тоқтатуды талап етті...

Қазақстанда мектеп бітіру кешін дүркіретіп атап өтуге шектеу қою тойшыл қауымға жақпай жатыр. Осыған қатысты пікір білдірген депутат Аймағамбетов тыйымның арғы жағында әлеуметтік мәселе тұрғанын жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

«Мектеппен қоштасу өмірдегі маңызды белес. Түлектер мен ата-ананың толқуын толық түсінемін. Бәріміз осы жолдан өттік. Әйтсе де, әр нәрсенің шегі болуы керек», – деді Аймағамбетов.

Айтуынша, Ішкі істер мен Оқу-ағарту министрлігі қабылдаған шешімнің артында екі себеп жатыр: бірі әлеуметтік теңсіздік, екіншісі бала-шағаның қауіпсіздігі.

«Шын мәнінде, мектеп бітіру кешіне бола қып-қызыл шығынға батуды құп көрмейтін ата-аналар өте көп. Солардан түсіп жатқан арыз-шағым алдымызда жатыр. Кей мектепте оқу бітіру кешіне 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша жинайды екен. Мұны қалтасы көтермейтін жанұялар бар. Қатарынан қалғысы келгісі келмейтін бала ата-анасын қинайды, бұл айналып келіп отбасының бюджетіне салмақ түсіреді», – дейді депутат.


Аймағамбетов шектеу мектептегі соңғы қоңырау, түлектер вальсі сияқты ресми шараға мүлдем әсер етпейтінін атап өтті.

«Соңғы қоңырауды, түлектердің қоштасу кешін ешкім тоқтатпайды. Бірақ қымбат мейрамхана жалдап, құр босқа шашылудың қажеті жоқ», – деп түсіндірді ол.

Әйтсе де, депутат шектеуге бағынғысы келмеген қауымның бірнәрсе бүлдіруі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Пікірінше, тыйымға құлақ асқысы жоқ кейбір түлектер мен ата-аналар коттедждерді жалға алуы ғажап емес.


Бұдан бөлек, депутат бастауыш мектеп пен балабақшадағы «мақтан жәрмеңкесіне» айналған қымбат кештерге де шүйлікті.

«Балабақшадан бастап қымбат альбомдарға жүздеген мың теңге жұмсап, сол үшін ата-аналарды шығынға батыру дұрыс емес. Телепонға түскен бір-екі суретті өңдеп жіберсең, дайын альбом шығады. Осыны түсінбей-ақ қойдым, мәнсіз шығынды тоқтату керек», – деп түйіндеді ол.

Мектептегі қоштасу кешінің тәртібіне қатысты түпкілікті шешімді Оқу-ағарту министрлігі қабылдауы тиіс.

Бұған дейін Алматыда 11-сынып оқушысының анасы президент Тоқаевқа үндеу жолдап, мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитетінің былығын жайып салған. Шағым авторының айтуынша, әр түлектен мектеп бітіру кешіне 200-300 мың теңге көлемінде ақша жинау қалыпты жағдайға айналған.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯26👏19❤8🔥5👍4
⚡️«Әдеміліктің» арғы беті: Сәуле Базарханның өліміне кім жауапты?

Танымал қазақтілді блогер, кәсіпкер Сәуле Базархан Алматыдағы Smart Beauty Clinic клиникасында жоспарлы липосакция отасынан кейін көз жұмды. Бұл жайлы марқұмның қызы желіде жанұшыра жазды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Базархан осыдан төрт-бес күн бұрын аталған клиникада жергілікті анестезиямен операцияға түскен екен. Дәрігерлер отаның ұзақтығы бір-екі сағаттан аспайды деп сендіргенімен, туыстары бірнеше сағат бойы анасының жағдайы туралы ақпарат ала алмаған.

«Арада екі сағат, үш сағат өтті. Бізге ешқандай хабар берілмеді. Анамыздың қайтыс болғаны туралы тек кешкі алтының шамасында естідік. Жедел жәрдем сағат жетіде жетті. Үш сағат бойы анам жабық есіктің ар жағында жалғыз жатты. Осы уақытта не болды, дәрігерлер оны құтқаруға тырысты ма, неге бізге бірден хабарламады?!», – деп жазды марқұмның қызы.


Ол сондай-ақ клиника басшылығының қайғылы оқиғаға қарамастан жұмысын тоқтатпағанына ашулы.

«WhatsApp арқылы хабарласып, жұртты келесі аптаға жазып жатыр. Анамыздың өлімінің мән-жайы толық анықталмай тұра, жаңа клиент қабылдауды жалғастыруда», – деп ашынды ол.

Оқиға бойынша Алматы қаласы полициясы қылмыстық іс қозғаған екен. Желідегі қауым оқиғаға қатысты клиникаға жаппай сын айтып, 2GIS-те төмен баға мен теріс пікір қалдыруда.

Кейбіреулер клиникада бұдан бес жыл бұрын дәл осындай қайғылы жағдай орын алғанын еске салуда. Айтуынша, 2021 жылы көп балалы Жәмила Жылқайдарова дәл осы клиникада липосакциядан кейін қайтыс болған. Сол кезде мекеме жабылып, кейін атауын өзгертіп қайта жұмыс істей бастаған деген ақпарат тарауда.


Марқұмның қызы мен отбасы істің ақиқатын ашып, кінәлілердің әділ жазасын алуы үшін соңына дейін күресетінін мәлімдеді.

Липосакция – артық майды хирургиялық жолмен алып тастайтын косметикалық операция. Ол дененің белгілі бір бөлігіндегі май қабатын вакуумдық сорғыш арқылы сорып алу әдісімен жасалады. Әдетте фигураны реттеу немесе дене контурын жақсарту үшін қолданылады.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱22❤6👍6😢5🤬4🤮1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Жергілікті өнімге жерік емес жүйе: Жаңбыршин Атыраудың ащы шындығын жайып салды...

Депутат Жаңбыршин Мәжілістегі жиында Ұлттық экономика министрлігін ұлттық бизнесті ұмытып кетті деп айыптады. Бұл туралы Ertenmedia.kz хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, Атыраудағы кәсіпкерлер өңірдегі мұнай-газ зауыттарына тауарын өткізе алмай зар илеп жүр.

"Облыстағы Қытайдың компанияларына өз елінен де, біздің тараптан да барынша жеңілдік жасалған. Ал Атырауда, Маңғыстауда өндірілген өзіміздің тауарларды аймақтағы жұмысы мұнаймен байланысты зауыттар қабылдамайды. Бұл барып тұрған сорақылық", - деп ашынды депутат.


Жаңбыршиннің пікірінше Ұлттық экономика министрлігіндегі ақ жағалылар отандық бизнестен мүлде алыстап кеткен.

"Жергілікті өнімді қолдау деген түсінік сіздердің сөздік қорыңызда мүлде жоқ секілді. Бизнесті көтереміз деп құр көпіре бергеннен не пайда?", - дейді халық қалаулысы.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏36👍21💯7❤6
⚡️Мен ештеңені ұмытпаймын! Депутат Базарбек Жұманғариннің орынбасарын сұрақтың астына алды...

Депутат Бақытжан Базарбек Ұлттық экономика министрлігі енгізген жаңа Салық кодексін сын садағына алды. Айтуынша өзгерістер қосылған құн салығын (ҚҚС) әділетсіз бөліп, шын мәнінде салықтан босамауы тиіс компанияларды жеңілдікпен қамтыған. Сорақысы, салықтық жүктеме басқа кәсіпкерлерге артылған деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бұған дәлел ретінде Базарбек әуе билетінің бағасын мысалға келтірді.

«Жаңа норма бойынша сіздер ҚҚС төлеуі тиіс компанияларды тайраңдатып, керісінше, салықтан босатылуы тиіс компанияларға салмақ салдыңыздар. Мысалға, әуе жанармайын ҚҚС-тан босаттыңыздар. Ойбай, әуе билеті су тегін болады деп уәде бердіңіздер. Арзандаған билет қайда? Керісінше, қаңтардан бері бағасы шарықтап шыға келді», – деп шамданды Бақытжан Базарбек.


Сондай-ақ депутат министрлік өкілдерін жұмыс тобында берілген сөзінен тайып, мерзімді орындамады деп айыптады.

«Салық кодексі? Сіздер жарты жыл ішінде толық талдау жасап, мамыр-маусым айында нәтиже мен мүмкін болатын түзетулерді ұсынуға уәде бердіңіздер. Міне, мамыр келді. Маусым басталайын деп жатыр, сіздерде ешқандай талдау да, түзету де жоқ. Енді сіздер тағы бір жыл сұрап отырсыздар. Сөзіңіз бен ісіңіз мүлдем қабыспайды», – деді депутат.

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин мәселені Мәжіліс тарқап, Құрылтай құрылған кезде толықтай пісіріп әкелуге уәде етті. Базарбектің сырғытпа жауапқа көңілі толмағаны сезіліп тұрды.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥25👏18❤8👍3💯3
⚡️Ертістен ескен леп: Павлодар облысы инвестиция тартудан көш бастады

Павлодар өңірі Қазақстанның экономикалық жүрегі ғана емес, әлеуеті зор, серпіні қуатты аймақ. Президент Тоқаев аймақ басшысы Асайын Байхановпен кездесуде облыстың қазіргі жағдайын саралап, келешек жоспарды талқылады деп жазады Ertenmedia.kz.

Байхановтың айтуынша, Павлодар былтыр рекордты нәтижеге қол жеткізіп, ел экономикасына үлкен үлес қосқан. Өңірге тартылған инвестиция көлемі 1,3 триллион теңгеден асып, республика бойынша көш бастаған.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі де ауыз толтырып айтарлық деңгейге жеткен. Өткен жылы осы көрсеткіш 4,1 триллион теңгені құрады.

Елдегі көмір мен ферроқорытпаның жартысынан көбі, электр қуатының жартысына жуығы осы облыстан шығады.


Аграрлық сала да аймақта ерекше дамып келеді. Ылғалды үнемдейтін жаңа технологияны енгізген павлодарлық шаруалар картоп, күнбағыс, қарақұмықты молынан жинапты. Былтырдың өзінде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 571 миллиард теңгеден асып түскен.

Облыста әлеуметтік мәселеге де басымдық берілуде. Өткен жылы 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, қалаларда 2 жаңа мектеп, ауылдарда тағы 3 білім ошағы пайдалануға берілген. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалмады – 30 медициналық нысан ел игілігіне ұсынылды. Биыл тағы 2 мектеп пен әлеуметтік маңызы бар 5 ірі жоба іске қосылады.

Байхановтың сөзінше, аймақтағы барлық ауылдар таза ауыз суға қол жеткізген. Үш қаланың қоғамдық көлігі түгел жаңартылып, жол сапасы айтарлықтай жақсарды: 621 шақырым жол жөнделіп, жағдайы жақсы тас жолдың үлесі 96 пайызға жетті. Биыл перспективті ауылдардың кіреберіс жолдары толық асфальтталмақ.


Президент Тоқаев Екібастұздағы әуе қатынасын дамытуға ерекше көңіл бөліп, облыс басшысына жаңа әуежай құрылысы мәселесін жеделдетіп шешуді тапсырды. Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік бермек.

Аймақ басшысына өңірді дамытуда инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру, инженерлік-коммуналдық жүйені жаңғырту бағытында нақты міндеттер жүктелді.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1👍23❤4👏3💯1
⚡️Руслан Желдібай Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының экс-көмекшісі, баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Руслан Желдібай бұған дейін Тоқаевтың баспасөз қызметін басқарып, мемлекет басшысының ақпараттық жұмысын үйлестірген болатын.


Енді ол жаңа қызметте мемлекет басшысына ақпараттық-талдау мәселелері бойынша кеңес беретін болады.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥15👍8👏2😱2❤1👎1
⚡️Колледждегі күмәнді қонақ: Сатыбалдының дәрісін тыңдаған басшылық жұмыстан қуылды...

Алматыдағы Момышұлы атындағы әскери колледж басшылығы оқу орнына бас сұққан Қайрат Сатыбалдының сапарынан кейін жұмыстан қуылды. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Айтуынша, Қорғанмин аталған іс-шараны ұйымдастыруға атсалыспаған. Сатыбалдының колледжге баруы оның оқу орнын тәмамдағанына 40 жыл толуына орай, түлектердің бастамасымен ұйымдастырылған.

«Ол колледжге осы оқу орнын бітірген түлек ретінде барған. Оның студенттерге дәріс оқығаны туралы ақпаратты алғаш рет естіп отырмын. Лекция оқыған жоқ, оқымайды да! Дәріс оқу үшін ол колледждің профессорлық-оқытушылық құрамына енуі керек», – деді Дархан Ахмедиев.


Бұған дейін әлемжеліде атышулы Сатыбалдының колледж студенттері алдында сөз сөйлегені туралы хабар тараған еді. Оның колледжге барған сәті қоғамда қызу талқыға түсті, себебі Сатыбалды қазіргі уақытта сот үкімімен шартты бақылауда жүр. Желідегі қауым оның «ескі Қазақстанның» белді өкілін екенін де еске салған.

Журналистердің «жемқорлық ісі бойынша сотталған адамның жастардың алдына шығуы дұрыс па?» деген сауалына министрлік өкілі колледж басшылығы осы үшін жұмысынан айырылғанын айтты. «Басшылық жазаланды. Қателеспесем, қызметінен босатылды», – деді Ахмедиев.

Қайрат Сатыбалды 2022 жылғы Қаңтардан кейін «Қазақтелеком» және «Көліктік сервис орталығындағы» қаржы жымқыру айыбымен ұсталған. Сол жылдың қыркүйегінде ол алты жылға бас бостандығынан айырылған.

2024 жылы сот оның қалған жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырды. Тергеу мәліметінше, Сатыбалдыұлы мемлекетке жалпы сомасы шамамен 783 млрд теңге болатын активтер мен мүліктерді қайтарған.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤12😱5🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Сатыбалдының сақалды нөкерлері: Депутат Бапи Алматыдағы Hilton-ға араша сұрады

Депутат Ермұрат Бапи Алматыдағы Hilton қонақүйін заңсыз жолмен тартып алу әрекеті туралы даулы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Мәжілісмен мұның артында «ескі Қазақстанның» атышулы олигархтары тұрғанын мәлімдеп, Бас прокурор Берік Асыловтың араласуын сұрады.

Депутаттың айтуынша, әзірде Алматы қаласының әділет департаменті Hilton қонақүйіне сау етіп кіріп келген. Оқиға қонақтардың, оның ішінде шетелдік туристердің көз алдында болған. Қазіргі уақытта қонақүйде 250 адам жұмыс істейді.

«Қонақүйді әккі схема арқылы мемлекет меншігіне алып, артынша Мемлекеттік мүлік комитеті арқылы аукционға қойып, қайтадан су тегінге Қайрат Сатыбалдыға жақын компанияға сатуға әрекет жасалуда. Бұдан бөлек, мұның артында Capital Bank иесі Орифджан Шадиев пен Qazaq Banki иесі Дінмұхамед Идрисов тұрғаны туралы мәлімет бар», – деді депутат.


Бапидің айтуынша, төрт жыл бұрын осы қонақүйді Қайрат Сатыбалдының сыбайластары басып алуына байланысты мәселе көтергенімен, меморгандар сырғытпа жауаппен шектелген. Кейіннен заңсыз активтерді қайтару аясында қонақүй мемлекет меншігіне өткен. Бірақ қазір қонақүйді қайтадан заңсыз жолмен иемденудің күрделі схемасы іске асырылуда.

Депутаттың дерегінше, активтерді қайтару жөніндегі комиссия Hilton-ды 4,5 миллиард теңгеге бағалаған, алайда қонақүйдің нарықтық құны шамамен 12 миллиард теңгені құрайды. Бапидің болжамынша, бағаны әдейі төмендетіп, кейін арзан бағаға сатып алу көзделген.


«Қонақүйді тартып алумен шектелмей, оның иелеріне 4,5 миллиард теңге қарыз іліп қойған. Бұл барып тұрған әділетсіздік», – деді Ермұрат Бапи.

Депутат Бас прокуратурадан осы жағдайға байланысты жан-жақты тексеріс жүргізуді, алаяқтық схемаға қатысты қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр. Даты Тоқаевтың назарына ілігіп, әділетті шешім табады деп үміттенеді.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏30😱12❤11👍2🤬2🔥1💯1
Yandex Ads зерттеуі: ЖИ негізіндегі сервистер қолданушылардың сатып алу жолына қалай әсер етеді

Yandex Ads компаниясы елдің 1800 тұрғыны арасында жүргізген зерттеу нәтижесінде қазақстандықтардың ЖИ негізіндегі сервистер мен қосымшаларды белсенді қолданатыны анықталды. Оның ішінде сатып алуды жоспарлау кезінде де кеңінен пайдаланылады.

ЖИ негізіндегі қызметтердің ішінде респонденттердің 41%-ы жеке қосымшаларды, 37%-ы іздеу жүйелеріндегі ЖИ мүмкіндіктерін, ал 22%-ы смартфондағы дауыстық көмекшілерді қолданады. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен үші бұрынғыға қарағанда ЖИ сервистерін жиірек пайдаланатынын айтқан. Ал 27%-ы іздеу жүйелері мен ЖИ қосымшаларын қатар қолданады.

Пайдаланушылар ЖИ-ге көбіне кеңес, нұсқаулық пен ұсыныс алу үшін (53%), жұмысқа қатысты міндеттерді орындау үшін (43%), денсаулық пен медицина мәселелері бойынша (37%), сондай-ақ білім алу және жеке даму мақсатында (35%) жүгінеді.

Респонденттердің 57%-ы өздерін ЖИ сервистерін қолдануда бастаушы деңгейдеміз деп есептейді, ал 27%-ы тәжірибелі қолданушылар қатарына жатқызған. 18–24 жас аралығындағы жастар арасында тәжірибелі қолданушылар үлесі жоғары — 41%. ЖИ-ге деген сенім деңгейі әртүрлі: қатысушылардың үштен бірі сервистерге толық сенсе, жартысынан көбі тек жекелеген жағдайларда ғана сенім білдіреді.

Сауалнамаға қатысқандардың 80%-ы ЖИ-іздеудегі жарнама пайдалы болуы мүмкін деп есептейді. Әсіресе, егер ол қосымша пайда ұсынып немесе қажетті тауар мен қызметті тезірек табуға көмектессе.
🤔11❤5
⚡️Соростың садақасы: Қазақстанда шетелден ақша алатын тұлғалардың есімі жарияланды...

Қазақстанда алғаш рет шетелдік донорлардан қаражат алған ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізімі жарияланды. Мемкірістер комитеті шетелден түскен қаржының көлемін ғана емес, ақшаның кімнің қолына тигенін де ашық көрсетіпті деп жазады Ertenmedia.kz.

2025 жылдың екінші жартысында сырттан келген ақшаның жалпы сомасы 12 млрд теңгеден асқан.

Ең ірі сома құқық қорғау бағытындағы «Қазақстанның халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросына» тиесілі. Евгений Жовтис, Инга Иманбай секілді белсенділер жұмыс істейтін ұйымға 6 айда 350 млн теңгеден астам қаражат берілген.


Ақша атышулы Жорж Соростың Ашық қоғам институтынан түскен.

MediaNet ұйымы да айтарлықтай қаржы алған (жарты жылда 300 млн теңгеге жуық). Ұйымның донорлары арасында тағы сол Сорос жүр.

Сорос-Қазақстан қорының негізінде пайда болған CAPS Unlock қоғамдық қоры (басшысы А.Айдарқұлова) 175 млн теңге алған.

Ал «Әділ сөзге» (Қ.Джаманқұлова, Д.Уткин, Т.Калеева) 97 млн теңге аударылған. Қазақ тілін қолдай бермейтін «Крылья свободы» қорына (Р.Реймер, Е.Швецова) Соростың тарапынан 61 млн теңге аударылыпты.


Белгілі белсенді Бақытжан Төреғожина жетекшілік ететін «Ар Рух Хак» ұйымының шотынан 44 млн теңге түскен. Гендерлік мәселелерді көтеретін FemAgora қоры (Лейла Зулейха Махмудова, Ксения Удод және Дария Касмамытова) шетелден әжептәуір қаржы алған.

Желідегі қазақтілді қауым шетелден түскен қаражат қазақтың мүддесіне қарсы жұмыс істеді ме деп қауіптеніп отыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥20😱15❤9🤯8🤔2👎1🤬1💩1
⚡️ЛҒБТ белгілері мен Кремль контенті: Зайытов ашқан балабақша ақиқаты...

Депутат Ринат Зайытов балабақшадағы ұлттық тәрбие мәселесін көтеріп, Оқу-ағарту министрінің орынбасарын сұрақтың астына алды. Айтуынша, елдегі балабақшаларда ұлттық тәрбиеден гөрі Кремль контенті мен жат мәдениеттің ықпалы басым болып тұр деп жазады Ertenmedia.kz.

Мәжілісмен бірінші кезекте мемтапсырыспен жасалған мүлтиктердің нақты тізімін сұрады.

«Бұлай деуіме өте-мөте маңызды себеп бар. Балабақшадағы ойыншықтар арасында бөтен белгілерді, соның ішінде ЛҒБТ символикасын көзім шалып жүр. Бұл ма, бұл аса қауіпті үрдіс», – деп ескертті депутат.

Оның айтуынша, өзіміздің төл өнім болмағасын, балабақшадағы бала-шаға ресейлік «Маша мен аю», «Фиксики» сияқты мультфильмдерге телміруге мәжбүр. Ал көршіден келетін контенттің түпкі мақсаты белгілі.


Зайытов әсіресе жеке меншік балабақшаларға қатаң мониторинг жүргізуді, ондағы оқу құралы мен ойыншықтарды толық тексеруді талап етті. Сонымен бірге ауылдық жердегі балабақша жағдайына қатысты министрлік жұмысын сын тезіне алды.

«Ауылда бала-шаға жоқ па осы? Баяндамада осы мәселені аттап-бұттап өтіп кеттіңіздер, қала мен аудан ғана көрсетілген», – деп ашынды Зайытов. Осыған байланысты ол соңғы 3 жылда ауылдық жерде ашылған мемлекеттік балабақшалардың нақты санын ұсынуды талап етті.


Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекованың жауабына Зайытовтың көңілі толмады. Оның үстіне вице-министр мемтапсырыс аясында түсірілген ұлттық мультфильмдердің нақты тізімін айта алмады, ақыр соңы ақпаратты жазбаша түрде беруге уәде етті.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯41👏12❤5🔥2
⚡️Әбеновтың ақтық шайқасы: Нотариустардың астыртын әрекетін ашқан депутатқа лоббистер тап берді...

Банктер мен микрокредит ұйымдардан қысым көрген депутат Әбенов көпшілікке үндеу жолдады. Айтуынша, қаржы ұйымдарының лоббистері Мәжілісте елдің құқын қорғайтын заңды қабылдатпау үшін астыртын әрекетке көшкен. Мәселе бір жарым миллион адамның бұғатталған есепшотында болып тұр деп жазады Ertenmedia.kz.

Даудың төркіні нотариустардың сот шешімінсіз-ақ азаматтарды «борышкер» деп танып, олардың есеп-шотын бұғаттайтын «атқарушылық жазба» деген күмәнді механизмде жатыр. 2019 жылы енгізілген жүйе несие берушінің өтініші бойынша азаматтың сыртынан шешім шығарып тастайды екен. Нәтижесінде борышкердің есепшоты бұғатталып, шетелге шығуға және басқа да құқығына шектеу қойылады.

«Микрокредиттік ұйымдар бейберекет қарыз үлестіреді. Кейін сол қарызды қайтару үшін нотариусқа жүгініп, борышкердің сыртынан шешім шығартып алады. Бір нотариустың екі күн ішінде 36 мың шешім шығарғанын көріп, екі көзім атыздай болды! Бұл ма, бұл барып тұрған сорақылық әрі елдің құқығын көпе-көрнеу таптау» – деді депутат.


Әбенов әлгі талапты тез арада түзету үшін арнайы заң жобасын ұсынған. Ол бойынша нотариустың «атқарушылық жазбасы» арқылы қарызды өндіріп алу азаматтың нотариалды расталған келісімімен ғана жүзеге асырылуы керек. Барлық басқа даулы мәселе тек ашық сотта қаралуы тиіс.

«Кредитор нотариуске жүгінгенде, борышкер қарызды мойындайтынын нотариалды түрде растап, келісімін беруі шарт. Коллекторлар да қарызды сатып алғанда, азаматқа жеке хабар беріп, оның келісімін алуға міндетті. Микрокредиттік ұйымдар өсірген айыппұл мен өсімдерді азамат мойындамаған жағдайда, кредитор сотқа жүгінуі тиіс», – деп түсіндірді Әбенов.

Депутаттың бастамасын Жоғарғы сот та қолдап, атқарушылық жазба бойынша жаппай заң бұзушылықты растаған-тын. Дегенмен заң қабылданар тұста Мәжілісте күбір-сыбыр көбейіп, түрлі кедергілер пайда бола бастаған. Депутаттың айтуынша, МҚҰ мен банктердің мүддесін қорғайтын лоббистер заң жобасын кейінге қалдыруды сұрап, қысым көрсетуде.

«Әзірде ғана әріптестерім хабарласып, заң жобасынан бас тартуымды сұрады. Егер ертең де осылай жалғасса, азаматтардың құқығын қорғауға қарсы шыққан лоббистердің, әріптестердің, басқа да тұлғалардың есім-сойын елге ашық жариялаймын. Халықтың мүддесін банктер мен коллекторларға сатқандарды ел біліп жүруі керек. Мен райымнан, соңына дейін барамын», – деп қорытындылады Мұрат Әбенов.


Қоғам назарын аударған заң жобасының тағдыры енді Мәжілістің алдағы пленарлық отырысында шешіледі. Бізге жеткен мәлімет бойынша алдағы уақытта әлемжеліде Әбеновқа қарсы ақылы посттар жазылып, провокация күрт күшейуі мүмкін.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏41❤21👍7🔥5😱1💯1