Осы жексенбіде Астана қаласы Astana Half Marathon жарысына қосылады.
Егер жолға шығуды жоспарлап отырсаңыз, жарыс күні бағытыңызды Яндекс Карталардан алдын ала қарап алғаныңыз жөн — кейбір көшелер уақытша жабылады, ал қосымша жол қозғалысындағы шектеулерді ескере отырып, бағытты автоматты түрде құрады.
Егер жарысқа қатысатын болсаңыз, маршрут бойындағы су мен тамақтану пункттерін де Картадан таба аласыз.

❤17👍7👏1
⚡️Мәжілісте Қытайдан келетін көліктерге уақытша тіркеу мен алым енгізу ұсынылды...
Қазақстан мен Қытай арасында автотуризм қарқыны өскенімен, шетелдік көліктерді бақылауға қатысты қос мемлекет арасындағы талаптарда тепе-теңдік сақталмай отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлының айтуынша, қазақстандық автокөліктер Қытай аумағына кірерде ақылы уақытша әкелу рәсімінен өтіп, арнайы тіркеу нөмірін алып, сақтандыру жасатып, кепілдік және бақылау механизмінен өтеді.
Ал Қазақстанға кіретін қытайлық автокөліктер көбінесе тегін әрі қарапайым рәсімдермен ғана шектеледі. Соңғы бір жыл мен биылғы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанға 8 мыңнан аса Қытай көлігі өткен.
Алайда олардың жол ережелерін бұзған жағдайда айыппұлдардың қалай өндірілетіні, сақтандыру және басқа да төлемдердің толық жүзеге асырылатыны белгісіз күйде қалып отыр.
Осыған байланысты депутат бірнеше өзекті мәселені көтеріпті:
⚫️ Қазақстанға кірген қытайлық көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ІІМ жүйесі толық анықтап отыр ма?
⚫️ Ақылы жол жүйесі шетелдік көліктердің габариті мен салмағын анықтап, төлемдерін толық алып отыр ма?
⚫️ Жол ережесі бұзылған жағдайда айыппұлды қалай өндіреді?
⚫️ Неліктен уақытша тіркеу, уақытша мемлекеттік нөмір беру және әкімшілік алымдар енгізілмейді?
– Шетелдік көліктерге көрсетілетін қызметтер мен бақылауға Қазақстан бюджеті қанша қаражат шығындайды және бұл шығындар неге тегін атқарылып отыр?
Қытайдан келетін көліктердің еселеп артып жатқаны рас болса, демек бұл елімізге туристік, іскерлік және басқа да мақсатпен келетін қытайлардың көбейіп жатқанын білдіреді. Бізге жеткен мәлімет бойынша Астанадағы Бейжің елшілігі депутаттың сөзін сараптан өткізіп, қарымта жауап қайтаруды көздеп отыр.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қазақстан мен Қытай арасында автотуризм қарқыны өскенімен, шетелдік көліктерді бақылауға қатысты қос мемлекет арасындағы талаптарда тепе-теңдік сақталмай отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлының айтуынша, қазақстандық автокөліктер Қытай аумағына кірерде ақылы уақытша әкелу рәсімінен өтіп, арнайы тіркеу нөмірін алып, сақтандыру жасатып, кепілдік және бақылау механизмінен өтеді.
Мұның бәріне шамамен әр көлік үшін 560-600 мың теңгедей шығын жұмсалады әрі ресми табыс көзіне айналып отыр.
Ал Қазақстанға кіретін қытайлық автокөліктер көбінесе тегін әрі қарапайым рәсімдермен ғана шектеледі. Соңғы бір жыл мен биылғы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанға 8 мыңнан аса Қытай көлігі өткен.
Алайда олардың жол ережелерін бұзған жағдайда айыппұлдардың қалай өндірілетіні, сақтандыру және басқа да төлемдердің толық жүзеге асырылатыны белгісіз күйде қалып отыр.
Осыған байланысты депутат бірнеше өзекті мәселені көтеріпті:
– Шетелдік көліктерге көрсетілетін қызметтер мен бақылауға Қазақстан бюджеті қанша қаражат шығындайды және бұл шығындар неге тегін атқарылып отыр?
Депутат Қазақстан да Қытай қолданып отырғандай шараларды енгізсе, бюджетке кемінде 5 млрд теңге түсіп, бақылау сапасы да артар еді дейді.
Қытайдан келетін көліктердің еселеп артып жатқаны рас болса, демек бұл елімізге туристік, іскерлік және басқа да мақсатпен келетін қытайлардың көбейіп жатқанын білдіреді. Бізге жеткен мәлімет бойынша Астанадағы Бейжің елшілігі депутаттың сөзін сараптан өткізіп, қарымта жауап қайтаруды көздеп отыр.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍47💯11❤7🔥4👎2🤔2
⚡️1,3 млрд теңгенің активі мемлекетке қайтты: «Қазақ энциклопедиясы» Мұхамедиұлының меншігінен шығарылды....
Алматы прокуратурасы атышулы Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар компания заңсыз иемденген «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100% үлесін мемлекетке қайтарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Әңгіме 2015 жылғы жекешелендіру туралы болып отыр. Сол кезде «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100% үлесі, сондай-ақ Алматының Әуезов ауданындағы ауданы 2108,3 шаршы метр ғимарат пен оған тиесілі жер учаскесі жекенің қолына өткен.
Әуезов ауданының прокуратурасы келісімді заңсыз деп танып, сотқа талап арыз түсірген-тін. Жоғарғы сот прокуратураның талабымен келісіп, нарықтық құны 1,3 млрд теңге болатын активтерді мемлекет меншігіне қайтаруға шешім шығарыпты.
Сонымен қатар Мұхамедиұлына Қазақстанның сакралды нысандарын 3D-сканерлеу мен ұлттық киноколлекцияны цифрландыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген де айып тағылған. 2023 жылдың маусым айында сот Арыстанбекті сегіз жылға бас бостандығынан айырды.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Алматы прокуратурасы атышулы Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар компания заңсыз иемденген «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100% үлесін мемлекетке қайтарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Әңгіме 2015 жылғы жекешелендіру туралы болып отыр. Сол кезде «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100% үлесі, сондай-ақ Алматының Әуезов ауданындағы ауданы 2108,3 шаршы метр ғимарат пен оған тиесілі жер учаскесі жекенің қолына өткен.
Әуезов ауданының прокуратурасы келісімді заңсыз деп танып, сотқа талап арыз түсірген-тін. Жоғарғы сот прокуратураның талабымен келісіп, нарықтық құны 1,3 млрд теңге болатын активтерді мемлекет меншігіне қайтаруға шешім шығарыпты.
Еске салайық, экс-мәдениет министрі әрі Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Оған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесіне бөлінген 146 млн теңгені жымқырды деген айып тағылған. Кейінірек жалпы залал көлемі 7 млрд теңгеге дейін өсті.
Сонымен қатар Мұхамедиұлына Қазақстанның сакралды нысандарын 3D-сканерлеу мен ұлттық киноколлекцияны цифрландыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген де айып тағылған. 2023 жылдың маусым айында сот Арыстанбекті сегіз жылға бас бостандығынан айырды.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍27🔥7👏4❤2🤔1
⚡️Ұлттық банк инфляцияны ұтты: базалық мөлшерлеме бір сатыға төмендеді...
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұған мамырдағы инфляцияның жылдық көрсеткішінің 10,4%-ға дейін төмендеуі себеп болған.
"Биыл экономикалық өсім де жаман болмайды. 4,5-5,5%-ға жетуі мүмкін. Бұған мұнай бағасының жоғары болуы ($90/баррель), сондай-ақ ішкі экономикалық белсенділіктің өсуі ықпал етуі тиіс", - дейді Тимур Сүлейменов.
Бас банкир мөлшерлеменің төмендеуі экономика үшін несие алу құнын азайтып, бизнесті қаржыландыруға жол ашады деп отыр. Ал шілдедегі келесі отырыста мөлшерлемеге қатысты жаңа шешім қабылданады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұған мамырдағы инфляцияның жылдық көрсеткішінің 10,4%-ға дейін төмендеуі себеп болған.
Ұлттық банктің болжамы тіпті күшті. Биыл инфляция 9-11%-ға дейін төмендеп, бір таңбалы деңгейге түседі деген үміт бар. Орта мерзімді перспективада инфляцияның мақсатты көрсеткіш 5%-ға дейін тұрақталатыны күтіледі.
"Биыл экономикалық өсім де жаман болмайды. 4,5-5,5%-ға жетуі мүмкін. Бұған мұнай бағасының жоғары болуы ($90/баррель), сондай-ақ ішкі экономикалық белсенділіктің өсуі ықпал етуі тиіс", - дейді Тимур Сүлейменов.
Бас банкир мөлшерлеменің төмендеуі экономика үшін несие алу құнын азайтып, бизнесті қаржыландыруға жол ашады деп отыр. Ал шілдедегі келесі отырыста мөлшерлемеге қатысты жаңа шешім қабылданады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23🤔6👎3🔥3❤1👏1
⚡️«Абсурд» тариф: атышулы экономист LRT жолақысын реформалауды ұсынды...
Атышулы Олжас Байділдинов LRT жолақысын есептеу жүйесін түбегейлі өзгертуді ұсынып, жұрттың табасына ұшырады деп жазады Ertenmedia.kz.
Сарапшы әзіргі 200 теңгелік тарифті экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп отыр. Пайымдауынша, Жеңіс Қасымбек Дұбай мен Ыстамбұл сияқты мегаполистердің тәжірибесіне сүйеніп, дифференциалды (сараланған. ред) тариф жүйесін дереу енгізуі тиіс.
Экономис ұсынған механизм бойынша, қысқа қашықтыққа қатынайтындар үшін жолақы құны төмен болып, ал ұзақ бағытқа, айталық, сол жағалаудан оң жағалауға өтетіндер үшін тариф әлдеқайда жоғары болуы тиіс.
«Егер мен әрі кетсе, екі аялдама жүрсем 100 теңге төлеуім керек. Ал алысқа жүретіндердің тарифі мүлде бөлек, қымбат болуы қажет», — дейді ол.
Байділдинов 1,8 миллиард долларға салынған LRT-ның шығыны орасан зор екенін, қазіргі 200 теңгелік баға тіпті оператордың ағымдағы шығынын да жаппайтынын алға тартуда. Есептеуінше, LRT-ға мемлекет тарапынан берілетін жылдық субсидия көлемі 100 миллиард теңгеге жуықтайды, бұл Елордада жылына 10 жаңа мектеп салумен пара-пар қаржы.
Байділдиновтың мәлімдемесі желідегі қауымның жынына тиіп жатыр. Көпшілік экономисті елдегі тұрмыстық ахуалдан алшақ өмір сүреді деп айыптауда.
Бұдан кейін де сөзінен бас тартпай, бензин бағасы мен коммуналдық тарифті күрт көтеріп, әлеуметтік көмекті сап тию керектігін айтып, айлық табысы төмен қарапайым бұқараның қаһарына іліккен.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Атышулы Олжас Байділдинов LRT жолақысын есептеу жүйесін түбегейлі өзгертуді ұсынып, жұрттың табасына ұшырады деп жазады Ertenmedia.kz.
Сарапшы әзіргі 200 теңгелік тарифті экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп отыр. Пайымдауынша, Жеңіс Қасымбек Дұбай мен Ыстамбұл сияқты мегаполистердің тәжірибесіне сүйеніп, дифференциалды (сараланған. ред) тариф жүйесін дереу енгізуі тиіс.
«Жолаушы көлікке мінгенде де, түскенде де картасын валидаторға басып, жүрген қашықтығы үшін ғана ақша төлеуі қажет. Бүкіл қаланы басып өтіп, теміржол вокзалынан әуежайға дейін баратын адам мен небәрі бір-екі аялдама ғана жүретін жолаушының бірдей 200 теңге төлеуі барып тұрған абсурд», — дейді ол.
Экономис ұсынған механизм бойынша, қысқа қашықтыққа қатынайтындар үшін жолақы құны төмен болып, ал ұзақ бағытқа, айталық, сол жағалаудан оң жағалауға өтетіндер үшін тариф әлдеқайда жоғары болуы тиіс.
«Егер мен әрі кетсе, екі аялдама жүрсем 100 теңге төлеуім керек. Ал алысқа жүретіндердің тарифі мүлде бөлек, қымбат болуы қажет», — дейді ол.
Байділдинов 1,8 миллиард долларға салынған LRT-ның шығыны орасан зор екенін, қазіргі 200 теңгелік баға тіпті оператордың ағымдағы шығынын да жаппайтынын алға тартуда. Есептеуінше, LRT-ға мемлекет тарапынан берілетін жылдық субсидия көлемі 100 миллиард теңгеге жуықтайды, бұл Елордада жылына 10 жаңа мектеп салумен пара-пар қаржы.
Байділдиновтың мәлімдемесі желідегі қауымның жынына тиіп жатыр. Көпшілік экономисті елдегі тұрмыстық ахуалдан алшақ өмір сүреді деп айыптауда.
Сарапшы бұған дейін қоғамдық көлік жолақысын 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынып, Қаңтар оқиғасы тұсында газ бағасын көтеруге қарсы шыққан қауымға «ұнамаса, автобусқа ауысыңдар немесе жаяу жүріңдер» деп ақыл айтқан-тұғын.
Бұдан кейін де сөзінен бас тартпай, бензин бағасы мен коммуналдық тарифті күрт көтеріп, әлеуметтік көмекті сап тию керектігін айтып, айлық табысы төмен қарапайым бұқараның қаһарына іліккен.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱22👎15❤9🔥4👏4🤡4😡4👍1
⚡️Жұмадағы жүздесу немесе Amanat-тың ақырғы аялдамасы...
Amanat пен су жаңа «Әділет» партиясының бірігетіні туралы гу-гу әңгіме толастар емес. Мәжіліс ыдырап, орнына партиялық тізіммен сайланатын Құрылтай келетін тұста, екі ұйымның «некелесуі» туралы қауесет тегін тарап жатқан жоқ. Мұны олардың съезд өткізу кестесі де аңғартып тұр деп жазады Ertenmedia.kz.
12 маусым, жұма күні Amanat жиын өткізіп, бірігу туралы ұсыныс айтса, араға екі күн салып «Әділет» өзінің съезінде бұған жауап қататын болады. Қос тарап та әзірге үнсіз, біздіңше осы үнсіздік үлкен интриганың алдындағы тыныштыққа ұқсайды.
Мақсат тек күш біріктіру емес, астарында Amanat-тың репутациясын тазалап, ел алдындағы жағымсыз имиджінен арылу айласы жатқандай. Алып саяси машинаның ішінде «жаңа ұйымды жұтып қойды» деген сөзге қалмайық деп сақтанып отырғандар да бар деседі. Сол себепті одақты «елдің ертеңі, болашақ үшін бірігу» деп көрсетуге тырысып бағады деген болжам бар.
Басты сауал осы процесс кімнің шартымен жүреді дегенге тіреліп тұр. Сөз салатын тарап Amanat болғанымен, кімнің қолы үстінен, кімнің қолы астынан ұстайтыны әзірге белгісіз.
Біздіңше осы жерде2️⃣ түрлі сценарий бар:
Алғашқысы, Amanat «Әділеттің» іш-құрылысына толық кіріп, барлық тізгінді өз адамдарына ұстатады. Осылайша, ескі Қазақстаннан мұраға қалған саяси ұйым жаңа атпен өз ықпалын сақтап қалады.
Саяси ойында кімнің жеңіске жеткенін білудің төте жолы бар. Ол «Әділет» партиясының сайлауға сайлап отырған 188 адамдық тізімі. Егер осы тізімде қазіргі «аманаттықтар» қаптап жүрсе, демек алып партия жаңа брендті қоластына қаратып алды деген сөз. Ал егер тізімде жаңа есімдер көп болса, онда елде шынымен де тың саяси күш қалыптасты деп пайымдауға болады. Қалай болғанда да, алдағы аптаның соңында осы жұмбақтың жауабы белгілі болуы тиіс.
Анығы, Amanat үлкен үйдің қалауымен «жұмсақ» түрде саяси алаңнан ығысуда. Ақорда брендтің саяси тұрғыдан әбден шаршағанын кеш те болсын түсінген сыңайлы, президентшіл екі партияның бір электоратқа таласуы да шыны керек логикаға сыймайды. Сондықтан жұмадағы жүздесу Amanat-тың ақырғы аялдамасы болуы әбден мүмкін.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Amanat пен су жаңа «Әділет» партиясының бірігетіні туралы гу-гу әңгіме толастар емес. Мәжіліс ыдырап, орнына партиялық тізіммен сайланатын Құрылтай келетін тұста, екі ұйымның «некелесуі» туралы қауесет тегін тарап жатқан жоқ. Мұны олардың съезд өткізу кестесі де аңғартып тұр деп жазады Ertenmedia.kz.
12 маусым, жұма күні Amanat жиын өткізіп, бірігу туралы ұсыныс айтса, араға екі күн салып «Әділет» өзінің съезінде бұған жауап қататын болады. Қос тарап та әзірге үнсіз, біздіңше осы үнсіздік үлкен интриганың алдындағы тыныштыққа ұқсайды.
Екі партияның артында тұрған саяси архитекторлар бірігу жоспарын жарияламай тұрып-ақ реттеп қойғаны сезіледі.
Мақсат тек күш біріктіру емес, астарында Amanat-тың репутациясын тазалап, ел алдындағы жағымсыз имиджінен арылу айласы жатқандай. Алып саяси машинаның ішінде «жаңа ұйымды жұтып қойды» деген сөзге қалмайық деп сақтанып отырғандар да бар деседі. Сол себепті одақты «елдің ертеңі, болашақ үшін бірігу» деп көрсетуге тырысып бағады деген болжам бар.
Басты сауал осы процесс кімнің шартымен жүреді дегенге тіреліп тұр. Сөз салатын тарап Amanat болғанымен, кімнің қолы үстінен, кімнің қолы астынан ұстайтыны әзірге белгісіз.
Біздіңше осы жерде
Алғашқысы, Amanat «Әділеттің» іш-құрылысына толық кіріп, барлық тізгінді өз адамдарына ұстатады. Осылайша, ескі Қазақстаннан мұраға қалған саяси ұйым жаңа атпен өз ықпалын сақтап қалады.
Кейінгісі, «Әділеттің» қазіргі басшылығы "аманаттықтардың" ырқына бағынбайды. Олар партияның бүткіл елдегі дайын ғимараты мен ресурстарын иемденіп, сайлауға түсетін тұлғаларды өте-мөте қатаң іріктеуден өткізеді.
Саяси ойында кімнің жеңіске жеткенін білудің төте жолы бар. Ол «Әділет» партиясының сайлауға сайлап отырған 188 адамдық тізімі. Егер осы тізімде қазіргі «аманаттықтар» қаптап жүрсе, демек алып партия жаңа брендті қоластына қаратып алды деген сөз. Ал егер тізімде жаңа есімдер көп болса, онда елде шынымен де тың саяси күш қалыптасты деп пайымдауға болады. Қалай болғанда да, алдағы аптаның соңында осы жұмбақтың жауабы белгілі болуы тиіс.
Анығы, Amanat үлкен үйдің қалауымен «жұмсақ» түрде саяси алаңнан ығысуда. Ақорда брендтің саяси тұрғыдан әбден шаршағанын кеш те болсын түсінген сыңайлы, президентшіл екі партияның бір электоратқа таласуы да шыны керек логикаға сыймайды. Сондықтан жұмадағы жүздесу Amanat-тың ақырғы аялдамасы болуы әбден мүмкін.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔19❤7🔥6👏3💯3😁1
⚡️Назарбаевсыз Amanat: экс-президенттің партияға қатысы бар-жоғы ашық айтылды...
Экс-президент Назарбаевтың тарих қойнауына кеткелі тұрған «Аманат» партиясына түк қатысы жоқ. Бұл туралы Әбішұлының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Үкібайдың мәлімдемесі соңғы уақыттағы «Аманат» пен жаңадан тіркелген «Әділет» партиясының бірігуіне қатысты гу-гу әңгіме аясында жасалды.
Назарбаев 2019 жылы президенттіктен кетсе де, 2022 жылдың қаңтарына дейін Қауіпсіздік кеңесі мен бұрынғы «Нұр Отан» партиясының орынтағын ешкіммен бөліспей, бір өзі билеп-төстеп отырған. Қаңтар оқиғасынан кейін «Нұр Отанға» ребрендинг жасалып, атауын «Аманатқа» өзгерткен еді. Партияның қазіргі төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.
Бұған дейін біздің дереккөзіміз екі партияның бірігуі туралы маңызды инсайдпен бөліскен. 12 маусым, жұмадағы жүздесу Amanat-тың ақырғы аялдамасы болуы әбден мүмкін.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Экс-президент Назарбаевтың тарих қойнауына кеткелі тұрған «Аманат» партиясына түк қатысы жоқ. Бұл туралы Әбішұлының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Нұрсұлтан Әбішұлының әлгі партияға қандай қатысы бар? Ол өзінің президенттік өкілетін 2019 жылы толық тапсырған болатын. Ол зейнеттегі адам. Қазір саясатпен айналыспайды, партиядағы шешімдерге араласпайды», – деді Үкібай Азаттық тілшісіне берген жауабында.
Үкібайдың мәлімдемесі соңғы уақыттағы «Аманат» пен жаңадан тіркелген «Әділет» партиясының бірігуіне қатысты гу-гу әңгіме аясында жасалды.
Назарбаев 2019 жылы президенттіктен кетсе де, 2022 жылдың қаңтарына дейін Қауіпсіздік кеңесі мен бұрынғы «Нұр Отан» партиясының орынтағын ешкіммен бөліспей, бір өзі билеп-төстеп отырған. Қаңтар оқиғасынан кейін «Нұр Отанға» ребрендинг жасалып, атауын «Аманатқа» өзгерткен еді. Партияның қазіргі төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.
Бұған дейін біздің дереккөзіміз екі партияның бірігуі туралы маңызды инсайдпен бөліскен. 12 маусым, жұмадағы жүздесу Amanat-тың ақырғы аялдамасы болуы әбден мүмкін.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔17❤8👍3👏2🙏1
⚡️Астанадан жеткен тосын сый: Тоқаев Пашинянды құттықтап, Мәскеудің мысын қалай басты?
Еревандағы сайлау Кремль фиаскосымен аяқталды. Никол Пашинянның мансабындағы ең ауыр дода Мәскеудің бұрынғы айбарынан айырылғанын біржола дәлелдеді деп жазады Ertenmedia.kz.
Сарапшы Нұрлан Жұмаханның пікірінше, Кремль Әрмениядағы билікті ауыстыру үшін ақша аямаған. Солай бола тұра, Ереванның Батысқа бет түзеуін бұғаттау жоспары күл-парша болған. Айта кетелік, премьердің «Азаматтық келісім» партиясы 49,8 пайыз дауыспен жалғыз өзі көпшілік орынды сақтап қалды. Сарапшы аталған нәтижені көршінің астамшыл саясатының күйреуі деп бағалауда.
Сарапшының сөзінше, Кремль шешуші сәтте экономикалық шантажға көшкенімен, Батыс Ереванды жалғыз қалдырмай, ресейлік бұғаттауға тап болған тауарларға өз нарығын айқара ашқан. Дональд Трамп та Пашинянның қолтығынан демеп, TRIPP («Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолындағы Трамп бағыты») стратегиялық келісіміне қол қою арқылы қолдау көрсеткен.
«Мәскеудің басты үміті болған «Қуатты Армения» 23,3 пайыз, Путиннің жандосы Роберт Кочарянның «Армения» блогы 9,9 пайыз жинағанымен, аталған көрсеткіш билікті басып алуға жетпейді. Дауыс беру қорытындысы халықаралық деңгейде мойындалды. Ең қызығы, тосын сый Астанадан жетті. Президент Тоқаевтың Пашинянды алғашқы болып құттықтауы Кремльді есеңгіретіп тастағандай әсер қалдырды. Ақорда осы арқылы Ереванмен ерегесе беруді қаламайтынын аңғартып, Ресейдің арынын тежеді», — дейді Жұмахан.
«Референдум ойдағыдай өтсе, Мәскеудің ықпалын біржола жойып, Арменияның Еуроодаққа жолын ашады. Кремль мұны бұғаттаудың барлық амалын қарастыруға тырысады, неше түрлі айла-шарғы қолданады. Сайлаудың аяқталуы финал емес, Кремльмен текетірестің жаңа, анағұрлым шиеленісті фазасына өтуі ғана», — деп түйіндеді Нұрлан Жұмахан.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Еревандағы сайлау Кремль фиаскосымен аяқталды. Никол Пашинянның мансабындағы ең ауыр дода Мәскеудің бұрынғы айбарынан айырылғанын біржола дәлелдеді деп жазады Ertenmedia.kz.
Сарапшы Нұрлан Жұмаханның пікірінше, Кремль Әрмениядағы билікті ауыстыру үшін ақша аямаған. Солай бола тұра, Ереванның Батысқа бет түзеуін бұғаттау жоспары күл-парша болған. Айта кетелік, премьердің «Азаматтық келісім» партиясы 49,8 пайыз дауыспен жалғыз өзі көпшілік орынды сақтап қалды. Сарапшы аталған нәтижені көршінің астамшыл саясатының күйреуі деп бағалауда.
«Путин пропагандасы Пашинянның партиясын «соғыс партиясы» деп, қоғамды стресске түсіргісі келді. Халықтың жаңа қақтығыстан қорқу сезімін саудаға салып, армяндарды «украин сценарийімен» сескендірді», — дейді Нұрлан Жұмахан.
Сарапшының сөзінше, Кремль шешуші сәтте экономикалық шантажға көшкенімен, Батыс Ереванды жалғыз қалдырмай, ресейлік бұғаттауға тап болған тауарларға өз нарығын айқара ашқан. Дональд Трамп та Пашинянның қолтығынан демеп, TRIPP («Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолындағы Трамп бағыты») стратегиялық келісіміне қол қою арқылы қолдау көрсеткен.
«Мәскеудің басты үміті болған «Қуатты Армения» 23,3 пайыз, Путиннің жандосы Роберт Кочарянның «Армения» блогы 9,9 пайыз жинағанымен, аталған көрсеткіш билікті басып алуға жетпейді. Дауыс беру қорытындысы халықаралық деңгейде мойындалды. Ең қызығы, тосын сый Астанадан жетті. Президент Тоқаевтың Пашинянды алғашқы болып құттықтауы Кремльді есеңгіретіп тастағандай әсер қалдырды. Ақорда осы арқылы Ереванмен ерегесе беруді қаламайтынын аңғартып, Ресейдің арынын тежеді», — дейді Жұмахан.
Алайда Путиннің аймақтағы бақылауды оңай бере салмасы анық, сайлау Кремль үшін ұтылған майдан болғанымен, даудың көкесі әлі алда. Ереванды бұдан да қатерлі сынақ, Ата заңды өзгерту жөніндегі референдум күтіп тұр. Маңызды науқан Бакумен бейбіт келісімге келудің басты шарты.
«Референдум ойдағыдай өтсе, Мәскеудің ықпалын біржола жойып, Арменияның Еуроодаққа жолын ашады. Кремль мұны бұғаттаудың барлық амалын қарастыруға тырысады, неше түрлі айла-шарғы қолданады. Сайлаудың аяқталуы финал емес, Кремльмен текетірестің жаңа, анағұрлым шиеленісті фазасына өтуі ғана», — деп түйіндеді Нұрлан Жұмахан.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏40❤9🔥9💯2👍1
⚡️Биліктегі ағам елден қуды: атышулы Асаубаева Ресейге кетуінің шынайы себебін айтты...
Шахматшы Бибісара Асаубаева спорттық азаматтығын ауыстыруының нақты себебін ашық айтып, қазақ тілі туралы тосын пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Асаубаеваның айтуынша, спорттық азаматтықты ауыстыруына қаламақының аздығы емес, туыс ағасы түрткі болған. Ол кезде әлгі ағасы Президент әкімшілігінде жұмыс істеп, Бибісараның спорттық, тұлғалық дамуына тосқауыл қойған көрінеді.
Шахматшы қыз қазақ тілін үйрену мәселесіне де тоқталған екен.
«Желтоқсанда үйде тек 12-15 күн ғана болдым. Дегенмен, осы қысқа мерзімде де қазақ тілін үйренуге тырыстым. Алайда қоғамдағы сын мен негативті пікірлер әркез жігерімді құм етеді», – деп жазды Асаубаева.
Мырзабосынов? Сөзінің соңында Бибісара министрлікке де сын айтып үлгеріпті.
«Спорт министрлігі шахматтың маңыздылығын мойындай алмай, желідегі парақшама боттар жіберуден басқаға шамасы келмесе, онда ондай министрліктің құны көк тиын», – деді шахматшы. Бұған дейін шахматшы айлық жалақысының әжептәуір қысқарғанын айтып, президент Тоқаевқа шағым жолдаған еді.
«Қазақша бірауыз сөз білмейді. Қазақстанда тұрмайды. Командалас қазақ қыздарымен басы піспейді. Бірақ Қазақстанның ақшасын жақсы көреді. Коммерциялық турнирлердегі жеңісін бұлдамасыншы, шахмат олимпиадалық спорт емес. Бір өзі бір федерацияның ақшасын алып отыр», — дейді осы тұста танымал спорт журналисі Ақырыс Сейітқазы.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Шахматшы Бибісара Асаубаева спорттық азаматтығын ауыстыруының нақты себебін ашық айтып, қазақ тілі туралы тосын пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Асаубаеваның айтуынша, спорттық азаматтықты ауыстыруына қаламақының аздығы емес, туыс ағасы түрткі болған. Ол кезде әлгі ағасы Президент әкімшілігінде жұмыс істеп, Бибісараның спорттық, тұлғалық дамуына тосқауыл қойған көрінеді.
«Мен Ресей атынан 12-15 жас аралығымда ғана өнер көрсеттім. Қазақстанға 2019 жылы, Қаңтарға дейін, үлкен жарыстарға қатыса бастағанға дейін оралдым. Ресейге кетуімнің түпкі себебі ақша емес еді. Туған ағам мансапты қызметте болып, жолыма бөгет жасады. Ол қызметінен кеткен соң ғана елге оралдық. Бұл жайында ашық айтсақ та, кейбір адамдар мән-жайды толық түсінбей, ақымақтар секілді орынсыз пікір айтты», – дейді ол.
Шахматшы қыз қазақ тілін үйрену мәселесіне де тоқталған екен.
«Желтоқсанда үйде тек 12-15 күн ғана болдым. Дегенмен, осы қысқа мерзімде де қазақ тілін үйренуге тырыстым. Алайда қоғамдағы сын мен негативті пікірлер әркез жігерімді құм етеді», – деп жазды Асаубаева.
Мырзабосынов? Сөзінің соңында Бибісара министрлікке де сын айтып үлгеріпті.
«Спорт министрлігі шахматтың маңыздылығын мойындай алмай, желідегі парақшама боттар жіберуден басқаға шамасы келмесе, онда ондай министрліктің құны көк тиын», – деді шахматшы. Бұған дейін шахматшы айлық жалақысының әжептәуір қысқарғанын айтып, президент Тоқаевқа шағым жолдаған еді.
Бұған лезде жауып қатқан Ербол Мырзабосынов Асаубаеваны «асырауға» биылдың өзінде 100 млн теңгеге жұмсалғанын айтқан. Ал қазақтілді қауым Бибісараға жеке-дара демеуші іздеуі керектігін әрі мемлекеттік тілді үйренетін жасқа жеткенін еске салуда.
«Қазақша бірауыз сөз білмейді. Қазақстанда тұрмайды. Командалас қазақ қыздарымен басы піспейді. Бірақ Қазақстанның ақшасын жақсы көреді. Коммерциялық турнирлердегі жеңісін бұлдамасыншы, шахмат олимпиадалық спорт емес. Бір өзі бір федерацияның ақшасын алып отыр», — дейді осы тұста танымал спорт журналисі Ақырыс Сейітқазы.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30🤡8❤4🤔4👏2😱2💩2🤮1
⚡️Есіктен шыққан «Аманат» терезеден қайта кіріп келе жатыр...
Ширек ғасырлық тарихы бар, талай сайлауда топжарған «Аманат» туғанына ай толмаған «Әділеттің» етегінен ұстап кете барды.
Ertenmedia.kz күні бұрын болжаған саяси сахнадағы «ребрендинг» (бәлкім, рестайлинг) апай-топай, апыл-ғұпыл өткендей әсер қалдырды.
Алдымен Астанадағы съезде Ерлан Қошанов өзі басқаратын партияға қатысты жағымсыз ассоциация барын айтып, халықтың өкпе-назынан шаршаған алып құрылым «күнәдан тазару» ритуалынан өтуі керектігін меңзеді.
Қош, сонымен кім-кімді жұтты өзі?
Содан болар, тақтайшадағы атауының өзінен Назарбаевтың сұлбасы көрінетін партияның жаназасын шығару рәсімі құдды бір той секілді, шат-шадымен көңіл-күйде өтті.
Сахнаға жаңа кәстүм киіп шыққан ескі партия «Әділеттің» молекуласын өзгертуге ертеңнен бастап-ақ қызу кірісе бастайды. Ал Айбек Дәдебай үлкен әкімшілік аппаратқа айналып үлгерген құрылымды түгел тазартып, әдетін түзейді дегенге әй, сену қиын.
Бастысы маңдайшадағы жазу өзгерді. Қабырғадағы жарық пен едендегі сызатқа тым құрығанда косметикалық ремонт жасала ма, жоқ па, ол жағын уақыт көрсетеді.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Ширек ғасырлық тарихы бар, талай сайлауда топжарған «Аманат» туғанына ай толмаған «Әділеттің» етегінен ұстап кете барды.
Ertenmedia.kz күні бұрын болжаған саяси сахнадағы «ребрендинг» (бәлкім, рестайлинг) апай-топай, апыл-ғұпыл өткендей әсер қалдырды.
Алдымен Астанадағы съезде Ерлан Қошанов өзі басқаратын партияға қатысты жағымсыз ассоциация барын айтып, халықтың өкпе-назынан шаршаған алып құрылым «күнәдан тазару» ритуалынан өтуі керектігін меңзеді.
Қош, сонымен кім-кімді жұтты өзі?
Формалды түрде «Әділет» «Аманатты» өзіне серік қылды. Ал іс жүзінде Назарбаев дәуірінің сарқыншағы іспетті алып машина жаңа брендтің ішіне емін-еркін жайғасты. Алдағы бес-алты айда партияның бүкіл аппараты «Әділеттің» қойны-қонышына еніп, тегіс көшіп келеді. Ашығын айтқанда, есіктен шыққан «Аманат» терезеден қайта кіріп келе жатыр.
Содан болар, тақтайшадағы атауының өзінен Назарбаевтың сұлбасы көрінетін партияның жаназасын шығару рәсімі құдды бір той секілді, шат-шадымен көңіл-күйде өтті.
Сахнаға жаңа кәстүм киіп шыққан ескі партия «Әділеттің» молекуласын өзгертуге ертеңнен бастап-ақ қызу кірісе бастайды. Ал Айбек Дәдебай үлкен әкімшілік аппаратқа айналып үлгерген құрылымды түгел тазартып, әдетін түзейді дегенге әй, сену қиын.
Бастысы маңдайшадағы жазу өзгерді. Қабырғадағы жарық пен едендегі сызатқа тым құрығанда косметикалық ремонт жасала ма, жоқ па, ол жағын уақыт көрсетеді.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯18👍9🔥4🤮4❤3🤔1
⚡️Ақордаға жолданған хат: депутат «Айранкөлді» Құлыбаевтың ықпалынан шығаруды талап етті...
Ақордаға Атыраудың астындағы қара алтынды олигархиялық уыстан шығарып, қазынаға қайтару туралы талап жолданды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Атырау облыстық мәслихатының депутаты Сырымбек Сәрсембаев Президент әкімшілігіне ресми сауал жолдап, «Айранкөл» мұнай кен орнын мемлекет меншігіне алуды сұрапты.
Қазіргі таңда стратегиялық нысан экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Joint Resources» компаниясы арқылы «Каспий мұнай» акционерлік қоғамының иелігінде отыр.
«Кезінде осы «Айранкөл» тікелей «Ембімұнайгаздың» құрамдас бөлігі «Құлсарымұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының есебінде тұрған-ды. Алайда, Назарбаевтың тұсында күмәнді әрі бүркемеленген жағдайда жекеменшік секторға, соның ішінде Құлыбаевтың меншігіне өтіп кетті», — дейді Сәрсембаев .
Заңға сәйкес, АП депутаттың сауалына 26 маусымға дейін ресми жауап беруі тиіс. Мұнайлы өңірдегі ірі активтің тағдыры жақын күндері белгілі болады деп болжап отырмыз.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Ақордаға Атыраудың астындағы қара алтынды олигархиялық уыстан шығарып, қазынаға қайтару туралы талап жолданды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Атырау облыстық мәслихатының депутаты Сырымбек Сәрсембаев Президент әкімшілігіне ресми сауал жолдап, «Айранкөл» мұнай кен орнын мемлекет меншігіне алуды сұрапты.
Қазіргі таңда стратегиялық нысан экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Joint Resources» компаниясы арқылы «Каспий мұнай» акционерлік қоғамының иелігінде отыр.
Тек өткен 2025 жылдың өзінде кәсіпорын 56,8 миллиард теңге таза пайда тапқан. Депутат өндіріс ошағын мемлекеттік «Ембімұнайгаз» құрамына қайта қосу керек деген ұстанымда.
«Кезінде осы «Айранкөл» тікелей «Ембімұнайгаздың» құрамдас бөлігі «Құлсарымұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының есебінде тұрған-ды. Алайда, Назарбаевтың тұсында күмәнді әрі бүркемеленген жағдайда жекеменшік секторға, соның ішінде Құлыбаевтың меншігіне өтіп кетті», — дейді Сәрсембаев .
Айтқандай, «Каспий мұнайдың» Айранкөлді игеруге алған 25 жылдық келісімшарт мерзімі 2029 жылдың қазан айында аяқталады. Қазіргі уақытта Құлыбаевтың құрылымы келісімді тағы 10 жылға ұзарту үшін қауырт әрекетке көшкен екен.
Заңға сәйкес, АП депутаттың сауалына 26 маусымға дейін ресми жауап беруі тиіс. Мұнайлы өңірдегі ірі активтің тағдыры жақын күндері белгілі болады деп болжап отырмыз.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30❤7🔥4👏1
⚡️Құрылтайдағы абсолютті үстемдік: «Әділет» 120 мандатты жұлып алғысы келеді...
«Әділет» партиясы алдағы додада парламенттегі мандаттың басым бөлігін иеленіп қалуды көздеп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Партияның саяси кеңес мүшесі Марат Шибұтовтың мәлімдеуінше, «Аманатпен» некелескен жаңа құрылым Құрылтайдағы 100-ден 120-ға дейінгі депутаттық орынды жұлып алмақ.
Сарапшының пайымдауынша, қос тараптың бір-біріне ұсынары бар. «Әділеттіктер» әлі былғана қоймаған беделі мен әдемі атауын бұлдаса, экс-аманаттықтар дайын аймақтық филиал мен мәслихаттағы ықпалын кеңінен пайдаланбақ.
Жаңа Парламенттегі 145 орынның 80 пайызына жуығын Айбек Дәдебай басқаратын жетекші күш иеленсе, өзгелерге орын жетпей қалуы әбден мүмкін.
Шибұтовтың айтуынша «Әділетке» жұтылған Amanat-тың репутациясы жаңа ұйымның беделіне сызат түсірмеу үшін партиялық тізімде бастан-аяқ жаңарту жүреді.
«Партияның сайлауалды бағдарламасы мен үміткерлер тізімінде ескі жүйені еске салатын есімдердің көлбеңдемеуіне көбірек көңіл бөлеміз», — дейді ол.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
«Әділет» партиясы алдағы додада парламенттегі мандаттың басым бөлігін иеленіп қалуды көздеп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Партияның саяси кеңес мүшесі Марат Шибұтовтың мәлімдеуінше, «Аманатпен» некелескен жаңа құрылым Құрылтайдағы 100-ден 120-ға дейінгі депутаттық орынды жұлып алмақ.
Сарапшының пайымдауынша, қос тараптың бір-біріне ұсынары бар. «Әділеттіктер» әлі былғана қоймаған беделі мен әдемі атауын бұлдаса, экс-аманаттықтар дайын аймақтық филиал мен мәслихаттағы ықпалын кеңінен пайдаланбақ.
«Су жаңа партия Amanat-тың дайын электорына ортақтасып отыр деген пікір қисынсыз. «Әділеттің» сапында бұрын ешбір саяси ұйымның қатарында болмаған жаңа адамдар жетіп артылады. Бізде ме, бізде бренд бар, танымалдық бар, ресурс бар. Amanat біздің арқамызда «Нұр Отан» деген ауыр жүктен арылып, Құрылтайға күнәдан тазарып кіреді», — дейді Шибұтов.
Жаңа Парламенттегі 145 орынның 80 пайызына жуығын Айбек Дәдебай басқаратын жетекші күш иеленсе, өзгелерге орын жетпей қалуы әбден мүмкін.
Шибұтовтың айтуынша «Әділетке» жұтылған Amanat-тың репутациясы жаңа ұйымның беделіне сызат түсірмеу үшін партиялық тізімде бастан-аяқ жаңарту жүреді.
«Партияның сайлауалды бағдарламасы мен үміткерлер тізімінде ескі жүйені еске салатын есімдердің көлбеңдемеуіне көбірек көңіл бөлеміз», — дейді ол.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁22🤡11❤10🤯4👎2
⚡️Асхат Аймағамбетов екі апталық курс оқыған психологтардың жоспарын күл-талқан қылды...
Психологиялық көмек көрсету саласын жабайы нарықтан кәсіби арнаға бұратын, маңызды қадам жасалды. Депутат Асхат Аймағамбетов өзінің авторлық заң жобасына Тоқаевтың қол қойғанын сүйіншілеп жеткізді деп жазады Ertenmedia.kz.
«Ендігі жерде екі апталық жеделдетілген курс оқып, өзін «психолог» немесе «психо-коуч» деп жарнамалап жүргендердің заңсыз қызметіне толықтай тыйым салынады. Сананы саудаға салған мамансымақтардың дәуірі аяқталып, алаң тек дипломды кәсіби мамандар мен бірыңғай мемлекеттік реестрге тіркелгендерге ғана бұйырмақ», — деп жазды Аймағамбетов.
Адамның жан дүниесімен жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті қажет ететіндіктен, әлгі заң халықтың психологиялық қауіпсіздігін қорғаудың берік қалқаны болмақ.
Аталған жаңалық әлемжеліде де қызу талқылануда. Желі қолданушылары заңның дер уақытында қабылданғанын айтып, сан соғып қалған таныстарының хикаяларымен бөлісуде.
Сонымен қатар желідегі жұрт дәл осындай қатаң бақылау мен талаптарды бала болашағына тікелей әсер ететін дефектологтар мен логопедтердің, тіпті сырттай оқитын стоматологтардың да қызметіне енгізу қажеттігін алға тартып отыр.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Психологиялық көмек көрсету саласын жабайы нарықтан кәсіби арнаға бұратын, маңызды қадам жасалды. Депутат Асхат Аймағамбетов өзінің авторлық заң жобасына Тоқаевтың қол қойғанын сүйіншілеп жеткізді деп жазады Ertenmedia.kz.
«Ендігі жерде екі апталық жеделдетілген курс оқып, өзін «психолог» немесе «психо-коуч» деп жарнамалап жүргендердің заңсыз қызметіне толықтай тыйым салынады. Сананы саудаға салған мамансымақтардың дәуірі аяқталып, алаң тек дипломды кәсіби мамандар мен бірыңғай мемлекеттік реестрге тіркелгендерге ғана бұйырмақ», — деп жазды Аймағамбетов.
Оның атап өткеніндей, осындай бастама қоғамның жан жарасын емдеуді бизнеске айналдырып, «сәттілік сырымен» жұрттың санасын улаған псевдомамандарға қарсы бағытталған пәрменді соққы.
Адамның жан дүниесімен жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті қажет ететіндіктен, әлгі заң халықтың психологиялық қауіпсіздігін қорғаудың берік қалқаны болмақ.
Аталған жаңалық әлемжеліде де қызу талқылануда. Желі қолданушылары заңның дер уақытында қабылданғанын айтып, сан соғып қалған таныстарының хикаяларымен бөлісуде.
Сонымен қатар желідегі жұрт дәл осындай қатаң бақылау мен талаптарды бала болашағына тікелей әсер ететін дефектологтар мен логопедтердің, тіпті сырттай оқитын стоматологтардың да қызметіне енгізу қажеттігін алға тартып отыр.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍57❤13👏5🔥4
⚡️Оқу-ағарту министрлігінде не болып жатыр? Тоқаевқа ұжымдық шағым жолданды...
Оқу-ағарту министрлігінде кадр саясатына қатысты шу шықты. Белсенді Гүлнар Мансұрқызы желіде тараған ұжымдық шағымға назар аударып, ведомствода кәсіби мамандар қысымға көріп жатыр деген мәселе көтерді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Сүлейменова? Оқу-ағарту министрлігінде не болып жатыр өзі? Желідегі үндеуге қарағанда, ведомство мүлде басқа стандартқа сырғып кеткен. Сын айтушылар қазіргі жағдайды «ұнамағанды кетір, айтқаныңа көнетінді ал» деп қысқа-нұсқа сипаттап отыр», — деп жазды ол.
Сөзінше, министрлік қызметкерлерінің Тоқаевтың атына жолдаған шағымында жұмыстан шығарылған немесе кетуге мәжбүр болған жетекшілердің тізімі келтірілген.
Пікірінше, мәселе тек ауыс-түйісте емес. Шағымда кейбір адамдарды қызметке қою үшін біліктілік талабы төмендетіліп жатыр деген ауыр аргумент келтірілген. Жазбада «Өрлеу» және оның екі филиалындағы басшылық қызметке ғылыми дәрежесі жоқ, талапқа сәйкес келмейтін адамдар келгені де жазылған екен. Авторлар мұны жаңа стандарт нақты кандидаттарға ыңғайланып қайта әзірленіп жатыр деп топшылап отыр.
Шағым авторлары уәкілетті органдарға тікелей жүгінуден қауіптенетінін де жеткізген. Олар арыз-шағым формалды жауаппен жабылып қала ма деп алаңдайды. Сондықтан анонимді сауалнама өткізіп, тәуелсіз аудит жүргізуді және министрлік басшылығына қатысты сынды әділ бағалауды сұрап отыр.
Арызды мән-жайын айтып берген Гүлнар Мансұрқызы жасанды интеллектке қатысты жеке мысалын да жаза кетіпті. Айтуынша, өткен жылдың соңында министрлік бұйрығымен жасанды интеллект жөніндегі жұмыс тобының құрамына ресми кірген.
Алайда осы уақыт ішінде бір ғана отырыс өткен. Содан кейін жұмыс тобы қайта жиналмаған, ұсыныс қабылданбаған, сарапшылармен жүйелі талқылау жүрмеген.
Әзірге Оқу-ағарту министрлігі желіде тараған шағым мен белсенді көтерген мәселеге қатысты түсініктеме бергені туралы мәлімет жоқ. Редакция ведомство ұстанымын жариялауға дайын.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Оқу-ағарту министрлігінде кадр саясатына қатысты шу шықты. Белсенді Гүлнар Мансұрқызы желіде тараған ұжымдық шағымға назар аударып, ведомствода кәсіби мамандар қысымға көріп жатыр деген мәселе көтерді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Сүлейменова? Оқу-ағарту министрлігінде не болып жатыр өзі? Желідегі үндеуге қарағанда, ведомство мүлде басқа стандартқа сырғып кеткен. Сын айтушылар қазіргі жағдайды «ұнамағанды кетір, айтқаныңа көнетінді ал» деп қысқа-нұсқа сипаттап отыр», — деп жазды ол.
Сөзінше, министрлік қызметкерлерінің Тоқаевтың атына жолдаған шағымында жұмыстан шығарылған немесе кетуге мәжбүр болған жетекшілердің тізімі келтірілген.
Белсенді жазбасында министрліктен кеткен немесе қысым көрген адамдардың ұзын саны 22-ден асқанын алға тартып отыр. Арасында қаржы блогы, цифрландыру, инклюзивті және орта білім, Ы.Алтынсарин атындағы академия, «Өрлеу», «Талдау», «Дарын», «Талап», «Балдәурен» секілді маңызды құрылымдарға қатысы бар тәжірибелі мамандар бар екен.
Пікірінше, мәселе тек ауыс-түйісте емес. Шағымда кейбір адамдарды қызметке қою үшін біліктілік талабы төмендетіліп жатыр деген ауыр аргумент келтірілген. Жазбада «Өрлеу» және оның екі филиалындағы басшылық қызметке ғылыми дәрежесі жоқ, талапқа сәйкес келмейтін адамдар келгені де жазылған екен. Авторлар мұны жаңа стандарт нақты кандидаттарға ыңғайланып қайта әзірленіп жатыр деп топшылап отыр.
Бұдан сырт, ұзақ жыл еңбек еткен кәсіби мамандар қысым көріп жатқанда, ведомствоға күні кеше келген кей қызметкер мемнаградаға ұсынылғаны да айтылған екен.
Шағым авторлары уәкілетті органдарға тікелей жүгінуден қауіптенетінін де жеткізген. Олар арыз-шағым формалды жауаппен жабылып қала ма деп алаңдайды. Сондықтан анонимді сауалнама өткізіп, тәуелсіз аудит жүргізуді және министрлік басшылығына қатысты сынды әділ бағалауды сұрап отыр.
Арызды мән-жайын айтып берген Гүлнар Мансұрқызы жасанды интеллектке қатысты жеке мысалын да жаза кетіпті. Айтуынша, өткен жылдың соңында министрлік бұйрығымен жасанды интеллект жөніндегі жұмыс тобының құрамына ресми кірген.
Алайда осы уақыт ішінде бір ғана отырыс өткен. Содан кейін жұмыс тобы қайта жиналмаған, ұсыныс қабылданбаған, сарапшылармен жүйелі талқылау жүрмеген.
«Жақында цифрландыру бағытына жауапты вице-министр келді. Бірақ ол да сарапшылар қауымдастығымен бірде-бір рет байланысқа шыққан жоқ. Жұмыс чатында толық тыныштық. Түптеп келгенде, Тоқаевтың тапсырмасы бюрократияның ішінде көміліп жатыр», — деп жазыпты Гүлнар Мансұрқызы.
Әзірге Оқу-ағарту министрлігі желіде тараған шағым мен белсенді көтерген мәселеге қатысты түсініктеме бергені туралы мәлімет жоқ. Редакция ведомство ұстанымын жариялауға дайын.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤17🤯12🤔9🔥4💯1
⚡️Мәжілістен кеткен өткір дауыс: Бақытжан Базарбек депутаттық мандатымен қоштасты...
Мәжілісте талай даулы мәселені көтеріп, көптің көңілінен шыққан Бақытжан Базарбек Парламенттегі қызметін аяқтағанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Заң шығарушы органда үш жарым жылға жуық еңбек еткен халық қалаулысы желідегі парақшасында оқырманмен ой бөлісті.
Саясаткер өз сөзінде алдағы уақытта өмірлік жаңа кезең басталатынын, кез келген өзгеріс жолдың соңы емес, тек жаңа белес екенін алға тартты. Сондай-ақ осы уақытқа дейін өзіне қолдау көрсетіп, сенім білдірген барша азаматтарға шынайы алғысын білдірді.
Депутат тұсында Алматы, Астана сияқты ірі шаһарлардағы бейберекет құрылыстарды, сейсмикалық қауіпті аймақтар мен тау бөктеріндегі заңсыз нысандарды салуды тоқтатуды талап етті. Ірі латифундистер мен олигархтардың қолында заңсыз кеткен жайылымдық және ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару мәселесін тұрақты көтерді. Осы бағыттағы заңнамалық өзгерістерге ұйытқы болды.
Желідегі қауым Мәжілістегі ең белсенді әрі принципшіл депутаттың Құрылтай тізімінен тыс қалғанын қайран қалуда.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Мәжілісте талай даулы мәселені көтеріп, көптің көңілінен шыққан Бақытжан Базарбек Парламенттегі қызметін аяқтағанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Заң шығарушы органда үш жарым жылға жуық еңбек еткен халық қалаулысы желідегі парақшасында оқырманмен ой бөлісті.
"Парламенттегі үш жарым жылдық қызметімде еліме және халқыма адал әрі принципті түрде қызмет етуге тырыстым. Мәжілістің беткеұстар депутаттарының біріне айналдым. Егер халықтың сенімі мен құрметіне ие бола алсам, демек, жүріп өткен жолым зая кетпегені", - деді Базарбек.
Саясаткер өз сөзінде алдағы уақытта өмірлік жаңа кезең басталатынын, кез келген өзгеріс жолдың соңы емес, тек жаңа белес екенін алға тартты. Сондай-ақ осы уақытқа дейін өзіне қолдау көрсетіп, сенім білдірген барша азаматтарға шынайы алғысын білдірді.
"Енді мен еркінмін. Өмірімде жаңа кезең басталады. Бір есік жабылса, екіншісі ашылады", - деген Бақытжан Базарбек негізінен, өзінің кәсіби саласы жер заңнамасы, қала құрылысы және сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында өзекті мәселелерді көтерген еді.
Депутат тұсында Алматы, Астана сияқты ірі шаһарлардағы бейберекет құрылыстарды, сейсмикалық қауіпті аймақтар мен тау бөктеріндегі заңсыз нысандарды салуды тоқтатуды талап етті. Ірі латифундистер мен олигархтардың қолында заңсыз кеткен жайылымдық және ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару мәселесін тұрақты көтерді. Осы бағыттағы заңнамалық өзгерістерге ұйытқы болды.
Желідегі қауым Мәжілістегі ең белсенді әрі принципшіл депутаттың Құрылтай тізімінен тыс қалғанын қайран қалуда.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37😢9👍8🔥8🤯3😱2🤔1
⚡️Сүлейменованы сүріндіру операциясы: депутат Әбенов домалақ арыздың түпкі мақсатын айтты...
Оқу-ағарту министрінің үстінен жазылған «ұжымдық хаттың» төңірегінде дау көбейді. Депутат Мұрат Әбенов Ақордаға жолданды делінген құжаттың АП-ға түспегенін айтып, министрге қарсы ақпараттық шабуыл жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Cөзінше, Сүлейменованың жұмысын сынау мен қоғамда қасақана теріс пікір туғызудың арасы жер мен көктей. Әлгі домалақ арызды кім жазғаны да белгісіз екен. Құжаттың Тоқаевқа ресми түрде жолданғанын растайтын айғақ та жоқ. Соған қарамастан, хат бір мезетте бірнеше блогер мен ақпарат құралының уысына түскен.
Депутат хатқа қол қойды делінген азаматтардың авторлықтан басын ала қашқанына назар аударған екен. Пайымынша, негізгі мақсат шағымды Президентке жеткізу емес, ел алдында министрдің масқаралау болуы мүмкін.
Атышулы хатта Сүлейменованың бірқатар маманды қызметтен шеттеткені негізгі уәж ретінде көрсетілген. Әбенов бұған болса, қара аспанды төндірудің қажеті жоқ деп есептейді.
«Осы салада миллионға жуық адам тер төгіп жүр. Соның 600 мыңы мектепте жұмыс істейді. Оған балабақша, колледж, қосымша білім беру орталығы мен түрлі мекеме қызметкерін қосқанда, жарты жыл ішінде 20-30 адамның ауысуы қалыпты дүние. Арасында министрдің талабына сай болмағандар да болуы мүмкін. Тізімдегі адамдардың бәрін шетінен қудалады деген дәлел жоқ», — деді депутат.
Әбенов? Депутат министрліктегі ауыс-түйіске жеткілікті негіз бар деп есептейді. Соңғы жылдары білім саласында былық-шылық күрт көбейген. Президент Тоқаев Жұлдыз Сүлейменованы осы олқылықтың жолын кесу үшін арнайы тағайындаған.
«Жұлдыз ба, Жұлдыз еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, мектеп директорына дейін өскен, білім саласын бүге-шүгесіне дейін білетін тұлға. Ол қолға алып жатқан өзгерістер осы саланы сүлікше сорып келген кейбіреулердің құтын қашырып отыр. Әлгі ұжымдық хатқа осы тұрғыдан қарау керек», - дейді ол.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Оқу-ағарту министрінің үстінен жазылған «ұжымдық хаттың» төңірегінде дау көбейді. Депутат Мұрат Әбенов Ақордаға жолданды делінген құжаттың АП-ға түспегенін айтып, министрге қарсы ақпараттық шабуыл жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Cөзінше, Сүлейменованың жұмысын сынау мен қоғамда қасақана теріс пікір туғызудың арасы жер мен көктей. Әлгі домалақ арызды кім жазғаны да белгісіз екен. Құжаттың Тоқаевқа ресми түрде жолданғанын растайтын айғақ та жоқ. Соған қарамастан, хат бір мезетте бірнеше блогер мен ақпарат құралының уысына түскен.
«Әзір ғана Президент әкімшілігіне мұндай хат түспегені жөнінде ақпар алдым. Сонда Тоқаевқа жетпеген хат әлемжеліге қалай тарады?» — дейді таңғалған Әбенов.
Депутат хатқа қол қойды делінген азаматтардың авторлықтан басын ала қашқанына назар аударған екен. Пайымынша, негізгі мақсат шағымды Президентке жеткізу емес, ел алдында министрдің масқаралау болуы мүмкін.
Атышулы хатта Сүлейменованың бірқатар маманды қызметтен шеттеткені негізгі уәж ретінде көрсетілген. Әбенов бұған болса, қара аспанды төндірудің қажеті жоқ деп есептейді.
«Осы салада миллионға жуық адам тер төгіп жүр. Соның 600 мыңы мектепте жұмыс істейді. Оған балабақша, колледж, қосымша білім беру орталығы мен түрлі мекеме қызметкерін қосқанда, жарты жыл ішінде 20-30 адамның ауысуы қалыпты дүние. Арасында министрдің талабына сай болмағандар да болуы мүмкін. Тізімдегі адамдардың бәрін шетінен қудалады деген дәлел жоқ», — деді депутат.
Әбенов тізімде аты аталған бірнеше адаммен жеке-дара сөйлескен екен. Көпшілігі ешкімге өкпесі жоқ екенін, қызметтен өз еркімен кеткенін жеткізген. Пікірінше, министрді хатпен қорқыту арқылы кейбіреулер бір орында жылдар бойы тапжылмай отырған кадрларға тиіспейтін жағдай орнатқысы келуі әбден мүмкін.
Әбенов? Депутат министрліктегі ауыс-түйіске жеткілікті негіз бар деп есептейді. Соңғы жылдары білім саласында былық-шылық күрт көбейген. Президент Тоқаев Жұлдыз Сүлейменованы осы олқылықтың жолын кесу үшін арнайы тағайындаған.
Ауа жайылып кеткен жекеменшік мектептермен ымырасыз күрес жүргізіп, заңсыз лицензияның жолын кескен министрдің әрекеті осы бизнеске орта жолдан қосылғандардың ызасына тиуі де ғажап емес.
«Жұлдыз ба, Жұлдыз еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, мектеп директорына дейін өскен, білім саласын бүге-шүгесіне дейін білетін тұлға. Ол қолға алып жатқан өзгерістер осы саланы сүлікше сорып келген кейбіреулердің құтын қашырып отыр. Әлгі ұжымдық хатқа осы тұрғыдан қарау керек», - дейді ол.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍39❤14💯9🤔2
⚡️Құрылтайға өтпеген өткір үн: Базарбекке қойылған шлагбаум кімдерге ескерту болды...
Жаңа саяси маусымнан бастап қызу іске кірісетін Құрылтайдан ережеге көне бермейтін, өз бетінше күн тәртібін қалыптастыра алатын бірнеше азамат сырт қалды. Желідегі қауым, соның ішінде Бақытжан Базарбектің тұлғасына ерекше екпін беруде деп жазады Ertenmedia.kz.
Ақорда идеологтарына Мәжілісті дебат алаңы ретінде қарастырған Базарбектің стилі қауіпті сезілсе керек. Жер мәселесі, құрылыс олигополиясы, есімі ескі Қазақстанмен байланысты тұлғаларға үш жыл бойы тыным бермеген экс-депутат саяси элита ішіндегі «статус-квоны» бұзғандай әсер қалдырады.
Иә, әуел баста ол қоғамның буын шығаруға қызмет қылды. Бірақ, бұл рөлдің жарамдылық мерзімі бар-тын. Билік халықтың наразылық энергиясы осы бір тұлғаның төңірегіне тым қатты шоғырланып кеткенінен шошып қалғандай.
Сондықтан қазіргі саяси дизайн үшін Базарбекті уақытында шектеу өте маңызды болды.
Біздіңше, Базарбектің Құрылтайдан шеттеуі оның саяси салмағының қаншалықты артқанын көрсететін барометр. Иә, әзір асығыс үкім шығаруға болмас. Қазіргі беталысқа қарасақ, біреулер Базарбекті шешім қабылдау тетіктерінен толық ажыратып, «жай ғана блогер немесе белсенді заңгер» деңгейіне түсіріп тастауды көздеп отырғандай. Ресми мінберсіз кез келген саясаткердің ықпалы уақыт өте келе әлсірейтінін жүйе жақсы біледі.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Жаңа саяси маусымнан бастап қызу іске кірісетін Құрылтайдан ережеге көне бермейтін, өз бетінше күн тәртібін қалыптастыра алатын бірнеше азамат сырт қалды. Желідегі қауым, соның ішінде Бақытжан Базарбектің тұлғасына ерекше екпін беруде деп жазады Ertenmedia.kz.
Ақорда идеологтарына Мәжілісті дебат алаңы ретінде қарастырған Базарбектің стилі қауіпті сезілсе керек. Жер мәселесі, құрылыс олигополиясы, есімі ескі Қазақстанмен байланысты тұлғаларға үш жыл бойы тыным бермеген экс-депутат саяси элита ішіндегі «статус-квоны» бұзғандай әсер қалдырады.
Базарбекті саяси тізімнен сызып тастауға осы бір ықпалды топтың ұжымдық реакциясы да әсер еткені анық. Мәжіліс трибунасында жүріп жеке брендін тым қатты күшейтіп жіберген білікті заңгердің мәлімдемелері соңғы кезде ресми риторикадан да өтімдірек болып кеткені өтірік емес.
Иә, әуел баста ол қоғамның буын шығаруға қызмет қылды. Бірақ, бұл рөлдің жарамдылық мерзімі бар-тын. Билік халықтың наразылық энергиясы осы бір тұлғаның төңірегіне тым қатты шоғырланып кеткенінен шошып қалғандай.
Сондықтан қазіргі саяси дизайн үшін Базарбекті уақытында шектеу өте маңызды болды.
Заңгер ретінде мықты болғанымен, саяси маневрге, кулуарлық келісімдерге бара бермейтін Базарбектің принципшілдігі өзіне таяқ боп тиген тәрізді. Оны сыртқа тебу арқылы қазіргі жүйе өзге депутаттарға да «шектен шықпау» туралы белгі беріп отыр.
Біздіңше, Базарбектің Құрылтайдан шеттеуі оның саяси салмағының қаншалықты артқанын көрсететін барометр. Иә, әзір асығыс үкім шығаруға болмас. Қазіргі беталысқа қарасақ, біреулер Базарбекті шешім қабылдау тетіктерінен толық ажыратып, «жай ғана блогер немесе белсенді заңгер» деңгейіне түсіріп тастауды көздеп отырғандай. Ресми мінберсіз кез келген саясаткердің ықпалы уақыт өте келе әлсірейтінін жүйе жақсы біледі.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔23👍7❤5💯4😱3
⚡️Мәжілістегі маңғыстаулық мінез: Жаңбыршинсіз Құрылтай кімге жайлы болмақ?
Құрылтайда сырт қалған тағы бір танымал есім - Еділ Жаңбыршин. Жүйенің өз ішіндегі «ревизияға» ілігіп кеткен Жаңбыршин қазақтілді қауымның үдесінен шыға білген депутат-тұғын. Соңғы айда Аружан Сайынмен салғыласып, елге қажет заңды қабылдауға мұрындық болған Едекең тек Маңғыстау емес, бүкіл Батыс өңірінің «амбассадорына» айналып үлгерген еді.
Батыс өңіріне сіңіп алған қытайлық инвесторларды да қара терге түсірген сәтін ұмыта қойған жоқпыз.
Елдегі жылу электр стансылары мен энергі инфрақұрылымның тозуына қатысты өткір сауалдары Үкіметтің бүйіріне қанжардай қадалған. Ол, ол ма Риддер, Екібастұздағы апатты мемдеңгейдегі қылмыс деп санап, стратегиялы нысандарды меншіктеп, халық есебінен байыған нақты олигархтардың атын атап, түсін түстеп берген.
Біздіңше, Құрылтай құрамының тізімін жасаушы ат төбеліндей топ «бұдан былай Парламент ішінде тек келісілген дебат жасайық» келіскен тәрізді. Мұндайда Жаңбыршин мен Базарбек сынды процесті кулуардан шығарып, тікелей ел талқысына салатын харизматтар өзінің ескі, консервативті қалыбына қайта оралып жатқан жүйеге сәйкеспейтіні түсінікті.
Соңғы жылдары әдепкі депутат емес, халық комиссарына айналып кеткен Жаңбыршиндердің Құрылтайдан аласталуы әзіргі саяси архитектураның «мазасыз элементтерден» арылу процесіне ұқсайды.
Мұнай-газ секторы мен энергі алпауыттардың көп жыл бойы көзден таса ұстап келген келісімдерінің пердесін түріп, нақты схемаларды ашық айтқан экс-депутат ұжымдық лоббидің қарсылығына да ұрынып қалғандай әсер қалдырады.
Едекеңнің, Базарбектің өткірлігі басқа депутаттардың фон болып, көлеңкеде қалып қоюына әкелгенін де мойындау керек. Құрылтайға іріктелген тұлғаларға қарап-ақ үлкен үйдегі қауымның саяси сахнаны тегістеп тастаған аңғарасыз. Солай. Енді ешкім орта деңгейден суырылып, жарқырап алға шықпайды. Құрылтайды «нотариаттық кеңсеге» айналдырғысы келгендер мақсатына жеткендей.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Құрылтайда сырт қалған тағы бір танымал есім - Еділ Жаңбыршин. Жүйенің өз ішіндегі «ревизияға» ілігіп кеткен Жаңбыршин қазақтілді қауымның үдесінен шыға білген депутат-тұғын. Соңғы айда Аружан Сайынмен салғыласып, елге қажет заңды қабылдауға мұрындық болған Едекең тек Маңғыстау емес, бүкіл Батыс өңірінің «амбассадорына» айналып үлгерген еді.
Батыс өңірдің психологиясын дөп басып танитын саясаткер ретінде Жаңбыршин Жаңаөзен мен Маңғыстаудағы кез келген ереуіл мен наразылықты «сыртқы күштердің арандатуы» деп сипаттайтын ресми риторикаға да қарсы шықты. Мәселенің әлеуметтік-экономикалы сипатын, биліктің халықпен диалог құра алмай отарғанын Мәжіліс төрінен ашық айтуы желідегі жұртқа жаққан-тын.
Батыс өңіріне сіңіп алған қытайлық инвесторларды да қара терге түсірген сәтін ұмыта қойған жоқпыз.
Елдегі жылу электр стансылары мен энергі инфрақұрылымның тозуына қатысты өткір сауалдары Үкіметтің бүйіріне қанжардай қадалған. Ол, ол ма Риддер, Екібастұздағы апатты мемдеңгейдегі қылмыс деп санап, стратегиялы нысандарды меншіктеп, халық есебінен байыған нақты олигархтардың атын атап, түсін түстеп берген.
Біздіңше, Құрылтай құрамының тізімін жасаушы ат төбеліндей топ «бұдан былай Парламент ішінде тек келісілген дебат жасайық» келіскен тәрізді. Мұндайда Жаңбыршин мен Базарбек сынды процесті кулуардан шығарып, тікелей ел талқысына салатын харизматтар өзінің ескі, консервативті қалыбына қайта оралып жатқан жүйеге сәйкеспейтіні түсінікті.
Қарапайым бұқара алдындағы сөзі шенділердің уәдесінен салмақтырақ естіле бастаған Едекеңе бюрократиялық аппарат іштей кек сақтауы да ғажап емес. Әкім-қаралар мен министрлер өзін Парламент алдында әлсіз, дәрменсіз сезінгенді ұнатпайды. Әлгілерді тікелей эфирде тықсырып, кәсіби деңгейіне күмән келтіретін Жаңбыршинді Құрылтайға жолатқысы келмегендердің шоғыры көп болуы мүмкін.
Соңғы жылдары әдепкі депутат емес, халық комиссарына айналып кеткен Жаңбыршиндердің Құрылтайдан аласталуы әзіргі саяси архитектураның «мазасыз элементтерден» арылу процесіне ұқсайды.
Мұнай-газ секторы мен энергі алпауыттардың көп жыл бойы көзден таса ұстап келген келісімдерінің пердесін түріп, нақты схемаларды ашық айтқан экс-депутат ұжымдық лоббидің қарсылығына да ұрынып қалғандай әсер қалдырады.
Едекеңнің, Базарбектің өткірлігі басқа депутаттардың фон болып, көлеңкеде қалып қоюына әкелгенін де мойындау керек. Құрылтайға іріктелген тұлғаларға қарап-ақ үлкен үйдегі қауымның саяси сахнаны тегістеп тастаған аңғарасыз. Солай. Енді ешкім орта деңгейден суырылып, жарқырап алға шықпайды. Құрылтайды «нотариаттық кеңсеге» айналдырғысы келгендер мақсатына жеткендей.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍44❤12🔥6🤔5😢3🤡2💯2😁1
⚡️Теңге тиыннан құралады: ForteBank депозиті 19,5 пайызға дейін табыс ұсынады...
Қазақ «теңіз тамшыдан құралады» дейді. Аз-аздан жиналған қаражатты үйде не картада ұстай бергеннен гөрі, табыс әкелетін іске жаратқан әлдеқайда ұтымды. ForteBank жинақ депозитінің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 19,5 пайызға дейін жетеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
ForteBank ұсынған депозитті 100 мың теңгеден бастап ашуға болады. Салым тек теңгемен қабылданады. Номиналды мөлшерлеме мерзіміне қарай 5,6 пайыздан 17,95 пайызға дейін, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,75 пайыздан 19,5 пайызға дейін белгіленген.
Депозитті кез келген уақытта толықтыруға болады. Ай сайын табыстың белгілі бір бөлігін аударып отырған адам жинағын біртіндеп молайтады. Қаражат көбейген сайын есептелетін сыйақы көлемі де арта түседі. Яғни салымшының ақшасы бос жатпай, өзіне жұмыс істейді.
Депозиттің жоғары мөлшерлемесі жинаққа тәртіппен қараған адамға тиімді. Салымнан ақшаны ішінара алу қарастырылмағандықтан, қаржы белгіленген мерзімге дейін шотта сақталады. Мұндай талап көздеген мақсатына жеткенше жинағын шашпай ұстағысы келетін клиентке қолайлы.
Қажет болған жағдайда депозитті мерзімінен бұрын жабуға мүмкіндік бар. Ондай кезде сыйақы жылдық 0,1 пайыз мөлшерлемемен қайта есептеліп, қаражат өтініш берілгеннен кейін кемінде 32 күнтізбелік күн өткен соң қайтарылады.
Сондықтан салымға күнделікті шығыннан артылған, жақын арада қажет болмайтын ақшаны орналастырған жөн.
Жинақтың үлкен-кішісі жоқ. Ең маңыздысы алғашқы қадамды жасау және бастаған істі жолда қалдырмау. ForteBank депозиті ақшасын сақтап қана қоймай, одан қосымша табыс тапқысы келетін адамға осындай мүмкіндік ұсынып отыр.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қазақ «теңіз тамшыдан құралады» дейді. Аз-аздан жиналған қаражатты үйде не картада ұстай бергеннен гөрі, табыс әкелетін іске жаратқан әлдеқайда ұтымды. ForteBank жинақ депозитінің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 19,5 пайызға дейін жетеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
ForteBank ұсынған депозитті 100 мың теңгеден бастап ашуға болады. Салым тек теңгемен қабылданады. Номиналды мөлшерлеме мерзіміне қарай 5,6 пайыздан 17,95 пайызға дейін, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,75 пайыздан 19,5 пайызға дейін белгіленген.
Клиент ақшасын 3, 6, 12 немесе 24 айға орналастыра алады. Мерзімді таңдауға еркіндік берілген. Бірі күзгі оқу маусымына қаржы жинаса, енді бірі көлікке, баспанаға немесе отбасылық сапарға деп қор құрады. Әркім өз жоспарына қарай қолайлы уақытты таңдайды.
Депозитті кез келген уақытта толықтыруға болады. Ай сайын табыстың белгілі бір бөлігін аударып отырған адам жинағын біртіндеп молайтады. Қаражат көбейген сайын есептелетін сыйақы көлемі де арта түседі. Яғни салымшының ақшасы бос жатпай, өзіне жұмыс істейді.
Депозиттің жоғары мөлшерлемесі жинаққа тәртіппен қараған адамға тиімді. Салымнан ақшаны ішінара алу қарастырылмағандықтан, қаржы белгіленген мерзімге дейін шотта сақталады. Мұндай талап көздеген мақсатына жеткенше жинағын шашпай ұстағысы келетін клиентке қолайлы.
Қажет болған жағдайда депозитті мерзімінен бұрын жабуға мүмкіндік бар. Ондай кезде сыйақы жылдық 0,1 пайыз мөлшерлемемен қайта есептеліп, қаражат өтініш берілгеннен кейін кемінде 32 күнтізбелік күн өткен соң қайтарылады.
Сондықтан салымға күнделікті шығыннан артылған, жақын арада қажет болмайтын ақшаны орналастырған жөн.
Жинақ депозитіне 20 млн теңгеге дейін кепілдік беріледі. Оны банк бөлімшесіне бармай-ақ Forte мобильді қосымшасы арқылы ашуға болады. Қосымшаға кіріп, мерзімді таңдап, шотты толықтыру жеткілікті.
Жинақтың үлкен-кішісі жоқ. Ең маңыздысы алғашқы қадамды жасау және бастаған істі жолда қалдырмау. ForteBank депозиті ақшасын сақтап қана қоймай, одан қосымша табыс тапқысы келетін адамға осындай мүмкіндік ұсынып отыр.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍60❤9👏7🔥4💯1
⚡️Дариға мен Тимурды тергеген депутат: Ермұрат Бапидің ескі Қазақстан миссиясы аяқталды ма?..
Қаңтардан кейін билікке Ермұрат Бапи ауадай қажет болды. Тәуелсіз журналистиканың аңызы, жылдар бойы оппозициялық шепте шыңдалған Бапидің Мәжіліске келуі Жаңа Қазақстанның «біз өзгердік, ескі гвардия келмеске кетті» деген риторикасының тірі айғағы еді деп жазады Ertenmedia.kz.
Жаңа билік қалыптасып, ескі элитаның реваншистік амбициясы өте жоғары болған өтпелі кезеңде Ақордаға ескі жүйенің кез келген рефлексін бірден басып тастайтын, олардың заңсыз активтері мен кулуарлық қадамдарын қоғамға жария ететін «ақпараттық қару» керек болды. Бапи осы міндетті мінсіз атқарды.
Біздіңше, Бапидің Құрылтай тізімінен табылмауы билік транзитінің екінші фазасы басталғанын білдіреді.
Ақорда үшін «Қаңтар оқиғасы» мен оның зардабы, ескі кланның қылмыстары туралы риторика өзінің саяси өтімділігін жоғалта бастағандай. Саяси элита өзара мәмілеге келіп, бейбітшілік келісіміне қол қойған сәтте, Бапи сияқты ымыраға көне бермейтін фигуралардың қажеттілігі азаяды. Ерекең әлгіндей келісімге қарамай, ескі кланды аяғына дейін төпелеуді тоқтатпас еді. Ол бар жерде элитааралық реваншизм тақырыбы күн тәртібінен түспес еді.
Ерекеңнің сөзі жүйе жазған сценарийден шығып кеткенін де мойындау керек. Оның бойындағы отыз жылдық шынайы оппозициялық табиғат пен журналистік инстинкт осы жасанды шеңбердің ішінде ұзақ тұра алмады. Ол тек Назарбаев кланын емес, қазіргі атқарушы биліктің де сол ескі жүйенің сарқыншағын әлі күнге дейін сақтап отырғанын, кадрлық саясаттағы дәрменсіздікті де сынай бастады.
Депутаттың кез келген резонансты мәселені, мейлі ол заңсыз актив, мейлі Қаңтардан кейінгі элиталық қақтығыстар болсын өзіндік экспрессиямен әрі инсайдерлік деңгейде елге жеткізіп отырғаны үлкен үйдегі қауымға ой салды ма ойлаймыз. Түптеп келгенде, қоғамда «шындықты тек Бапи айтады, ал мемаппарат тек соның соңынан салдарымен күресіп жүр» деген қауіпті стереотип орнықты.
Бапидің Құрылтайға қатысты соңғы риторикасы оның жүйемен арадағы соңғы компромиссі болуы әбден мүмкін. Оған «алаңнан сыпайы түрде кету» мүмкіндігі берілді, бұл ресми биліктің де, оның да беделін сақтап қалудың жалғыз жолы еді.
Билік ескі кланды жеңді (немесе келісті), енді оған бұл соғыстың батырлары керек емес.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қаңтардан кейін билікке Ермұрат Бапи ауадай қажет болды. Тәуелсіз журналистиканың аңызы, жылдар бойы оппозициялық шепте шыңдалған Бапидің Мәжіліске келуі Жаңа Қазақстанның «біз өзгердік, ескі гвардия келмеске кетті» деген риторикасының тірі айғағы еді деп жазады Ertenmedia.kz.
Жаңа билік қалыптасып, ескі элитаның реваншистік амбициясы өте жоғары болған өтпелі кезеңде Ақордаға ескі жүйенің кез келген рефлексін бірден басып тастайтын, олардың заңсыз активтері мен кулуарлық қадамдарын қоғамға жария ететін «ақпараттық қару» керек болды. Бапи осы міндетті мінсіз атқарды.
Оның аузымен билік ескі кланның қалдықтарына, экс-елбасыға, оның тұңғыш қызына, күйеубаласына және басқа да ет жақындарына ұдайы соққы беріп отырды.
Біздіңше, Бапидің Құрылтай тізімінен табылмауы билік транзитінің екінші фазасы басталғанын білдіреді.
Ақорда үшін «Қаңтар оқиғасы» мен оның зардабы, ескі кланның қылмыстары туралы риторика өзінің саяси өтімділігін жоғалта бастағандай. Саяси элита өзара мәмілеге келіп, бейбітшілік келісіміне қол қойған сәтте, Бапи сияқты ымыраға көне бермейтін фигуралардың қажеттілігі азаяды. Ерекең әлгіндей келісімге қарамай, ескі кланды аяғына дейін төпелеуді тоқтатпас еді. Ол бар жерде элитааралық реваншизм тақырыбы күн тәртібінен түспес еді.
Ескі кланның негізгі қаржылық және саяси орталықтары бақылауға алынған бетте, Бапи сияқты «ауыр артиллерияны» алғы шепте ұстаудың қажеттілігі жойылғандай әсер қалдырады.
Ерекеңнің сөзі жүйе жазған сценарийден шығып кеткенін де мойындау керек. Оның бойындағы отыз жылдық шынайы оппозициялық табиғат пен журналистік инстинкт осы жасанды шеңбердің ішінде ұзақ тұра алмады. Ол тек Назарбаев кланын емес, қазіргі атқарушы биліктің де сол ескі жүйенің сарқыншағын әлі күнге дейін сақтап отырғанын, кадрлық саясаттағы дәрменсіздікті де сынай бастады.
Депутаттың кез келген резонансты мәселені, мейлі ол заңсыз актив, мейлі Қаңтардан кейінгі элиталық қақтығыстар болсын өзіндік экспрессиямен әрі инсайдерлік деңгейде елге жеткізіп отырғаны үлкен үйдегі қауымға ой салды ма ойлаймыз. Түптеп келгенде, қоғамда «шындықты тек Бапи айтады, ал мемаппарат тек соның соңынан салдарымен күресіп жүр» деген қауіпті стереотип орнықты.
Біз білсек, ескі Қазақстанның шетел асқан активтерін қайтару қазір мәжілістегі эмоция алаңынан заңгерлер мен банкирлердің үнсіз үстеліне ауысқан, ал бұл үстелде Ерекеңе орын табылмасы анық еді.
Бапидің Құрылтайға қатысты соңғы риторикасы оның жүйемен арадағы соңғы компромиссі болуы әбден мүмкін. Оған «алаңнан сыпайы түрде кету» мүмкіндігі берілді, бұл ресми биліктің де, оның да беделін сақтап қалудың жалғыз жолы еді.
Билік ескі кланды жеңді (немесе келісті), енді оған бұл соғыстың батырлары керек емес.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯18❤13👍11🔥4😱2😁1