Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Мәжілістегі маңғыстаулық мінез: Жаңбыршинсіз Құрылтай кімге жайлы болмақ?

Құрылтайда сырт қалған тағы бір танымал есім - Еділ Жаңбыршин. Жүйенің өз ішіндегі «ревизияға» ілігіп кеткен Жаңбыршин қазақтілді қауымның үдесінен шыға білген депутат-тұғын. Соңғы айда Аружан Сайынмен салғыласып, елге қажет заңды қабылдауға мұрындық болған Едекең тек Маңғыстау емес, бүкіл Батыс өңірінің «амбассадорына» айналып үлгерген еді.

Батыс өңірдің психологиясын дөп басып танитын саясаткер ретінде Жаңбыршин Жаңаөзен мен Маңғыстаудағы кез келген ереуіл мен наразылықты «сыртқы күштердің арандатуы» деп сипаттайтын ресми риторикаға да қарсы шықты. Мәселенің әлеуметтік-экономикалы сипатын, биліктің халықпен диалог құра алмай отарғанын Мәжіліс төрінен ашық айтуы желідегі жұртқа жаққан-тын.


Батыс өңіріне сіңіп алған қытайлық инвесторларды да қара терге түсірген сәтін ұмыта қойған жоқпыз.

Елдегі жылу электр стансылары мен энергі инфрақұрылымның тозуына қатысты өткір сауалдары Үкіметтің бүйіріне қанжардай қадалған. Ол, ол ма Риддер, Екібастұздағы апатты мемдеңгейдегі қылмыс деп санап, стратегиялы нысандарды меншіктеп, халық есебінен байыған нақты олигархтардың атын атап, түсін түстеп берген.

Біздіңше, Құрылтай құрамының тізімін жасаушы ат төбеліндей топ «бұдан былай Парламент ішінде тек келісілген дебат жасайық» келіскен тәрізді. Мұндайда Жаңбыршин мен Базарбек сынды процесті кулуардан шығарып, тікелей ел талқысына салатын харизматтар өзінің ескі, консервативті қалыбына қайта оралып жатқан жүйеге сәйкеспейтіні түсінікті.

Қарапайым бұқара алдындағы сөзі шенділердің уәдесінен салмақтырақ естіле бастаған Едекеңе бюрократиялық аппарат іштей кек сақтауы да ғажап емес. Әкім-қаралар мен министрлер өзін Парламент алдында әлсіз, дәрменсіз сезінгенді ұнатпайды. Әлгілерді тікелей эфирде тықсырып, кәсіби деңгейіне күмән келтіретін Жаңбыршинді Құрылтайға жолатқысы келмегендердің шоғыры көп болуы мүмкін.


Соңғы жылдары әдепкі депутат емес, халық комиссарына айналып кеткен Жаңбыршиндердің Құрылтайдан аласталуы әзіргі саяси архитектураның «мазасыз элементтерден» арылу процесіне ұқсайды.

Мұнай-газ секторы мен энергі алпауыттардың көп жыл бойы көзден таса ұстап келген келісімдерінің пердесін түріп, нақты схемаларды ашық айтқан экс-депутат ұжымдық лоббидің қарсылығына да ұрынып қалғандай әсер қалдырады.

Едекеңнің, Базарбектің өткірлігі басқа депутаттардың фон болып, көлеңкеде қалып қоюына әкелгенін де мойындау керек. Құрылтайға іріктелген тұлғаларға қарап-ақ үлкен үйдегі қауымның саяси сахнаны тегістеп тастаған аңғарасыз. Солай. Енді ешкім орта деңгейден суырылып, жарқырап алға шықпайды. Құрылтайды «нотариаттық кеңсеге» айналдырғысы келгендер мақсатына жеткендей.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍44❤12🔥6🤔5😢3🤡2💯2😁1
⚡️Теңге тиыннан құралады: ForteBank депозиті 19,5 пайызға дейін табыс ұсынады...

Қазақ «теңіз тамшыдан құралады» дейді. Аз-аздан жиналған қаражатты үйде не картада ұстай бергеннен гөрі, табыс әкелетін іске жаратқан әлдеқайда ұтымды. ForteBank жинақ депозитінің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 19,5 пайызға дейін жетеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

ForteBank ұсынған депозитті 100 мың теңгеден бастап ашуға болады. Салым тек теңгемен қабылданады. Номиналды мөлшерлеме мерзіміне қарай 5,6 пайыздан 17,95 пайызға дейін, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,75 пайыздан 19,5 пайызға дейін белгіленген.

Клиент ақшасын 3, 6, 12 немесе 24 айға орналастыра алады. Мерзімді таңдауға еркіндік берілген. Бірі күзгі оқу маусымына қаржы жинаса, енді бірі көлікке, баспанаға немесе отбасылық сапарға деп қор құрады. Әркім өз жоспарына қарай қолайлы уақытты таңдайды.


Депозитті кез келген уақытта толықтыруға болады. Ай сайын табыстың белгілі бір бөлігін аударып отырған адам жинағын біртіндеп молайтады. Қаражат көбейген сайын есептелетін сыйақы көлемі де арта түседі. Яғни салымшының ақшасы бос жатпай, өзіне жұмыс істейді.

Депозиттің жоғары мөлшерлемесі жинаққа тәртіппен қараған адамға тиімді. Салымнан ақшаны ішінара алу қарастырылмағандықтан, қаржы белгіленген мерзімге дейін шотта сақталады. Мұндай талап көздеген мақсатына жеткенше жинағын шашпай ұстағысы келетін клиентке қолайлы.

Қажет болған жағдайда депозитті мерзімінен бұрын жабуға мүмкіндік бар. Ондай кезде сыйақы жылдық 0,1 пайыз мөлшерлемемен қайта есептеліп, қаражат өтініш берілгеннен кейін кемінде 32 күнтізбелік күн өткен соң қайтарылады.

Сондықтан салымға күнделікті шығыннан артылған, жақын арада қажет болмайтын ақшаны орналастырған жөн.

Жинақ депозитіне 20 млн теңгеге дейін кепілдік беріледі. Оны банк бөлімшесіне бармай-ақ Forte мобильді қосымшасы арқылы ашуға болады. Қосымшаға кіріп, мерзімді таңдап, шотты толықтыру жеткілікті.


Жинақтың үлкен-кішісі жоқ. Ең маңыздысы алғашқы қадамды жасау және бастаған істі жолда қалдырмау. ForteBank депозиті ақшасын сақтап қана қоймай, одан қосымша табыс тапқысы келетін адамға осындай мүмкіндік ұсынып отыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍60❤9👏7🔥4💯1
⚡️Дариға мен Тимурды тергеген депутат: Ермұрат Бапидің ескі Қазақстан миссиясы аяқталды ма?..

Қаңтардан кейін билікке Ермұрат Бапи ауадай қажет болды. Тәуелсіз журналистиканың аңызы, жылдар бойы оппозициялық шепте шыңдалған Бапидің Мәжіліске келуі Жаңа Қазақстанның «біз өзгердік, ескі гвардия келмеске кетті» деген риторикасының тірі айғағы еді деп жазады Ertenmedia.kz.

Жаңа билік қалыптасып, ескі элитаның реваншистік амбициясы өте жоғары болған өтпелі кезеңде Ақордаға ескі жүйенің кез келген рефлексін бірден басып тастайтын, олардың заңсыз активтері мен кулуарлық қадамдарын қоғамға жария ететін «ақпараттық қару» керек болды. Бапи осы міндетті мінсіз атқарды.

Оның аузымен билік ескі кланның қалдықтарына, экс-елбасыға, оның тұңғыш қызына, күйеубаласына және басқа да ет жақындарына ұдайы соққы беріп отырды.


Біздіңше, Бапидің Құрылтай тізімінен табылмауы билік транзитінің екінші фазасы басталғанын білдіреді.

Ақорда үшін «Қаңтар оқиғасы» мен оның зардабы, ескі кланның қылмыстары туралы риторика өзінің саяси өтімділігін жоғалта бастағандай. Саяси элита өзара мәмілеге келіп, бейбітшілік келісіміне қол қойған сәтте, Бапи сияқты ымыраға көне бермейтін фигуралардың қажеттілігі азаяды. Ерекең әлгіндей келісімге қарамай, ескі кланды аяғына дейін төпелеуді тоқтатпас еді. Ол бар жерде элитааралық реваншизм тақырыбы күн тәртібінен түспес еді.

Ескі кланның негізгі қаржылық және саяси орталықтары бақылауға алынған бетте, Бапи сияқты «ауыр артиллерияны» алғы шепте ұстаудың қажеттілігі жойылғандай әсер қалдырады.


Ерекеңнің сөзі жүйе жазған сценарийден шығып кеткенін де мойындау керек. Оның бойындағы отыз жылдық шынайы оппозициялық табиғат пен журналистік инстинкт осы жасанды шеңбердің ішінде ұзақ тұра алмады. Ол тек Назарбаев кланын емес, қазіргі атқарушы биліктің де сол ескі жүйенің сарқыншағын әлі күнге дейін сақтап отырғанын, кадрлық саясаттағы дәрменсіздікті де сынай бастады.

Депутаттың кез келген резонансты мәселені, мейлі ол заңсыз актив, мейлі Қаңтардан кейінгі элиталық қақтығыстар болсын өзіндік экспрессиямен әрі инсайдерлік деңгейде елге жеткізіп отырғаны үлкен үйдегі қауымға ой салды ма ойлаймыз. Түптеп келгенде, қоғамда «шындықты тек Бапи айтады, ал мемаппарат тек соның соңынан салдарымен күресіп жүр» деген қауіпті стереотип орнықты.

Біз білсек, ескі Қазақстанның шетел асқан активтерін қайтару қазір мәжілістегі эмоция алаңынан заңгерлер мен банкирлердің үнсіз үстеліне ауысқан, ал бұл үстелде Ерекеңе орын табылмасы анық еді.


Бапидің Құрылтайға қатысты соңғы риторикасы оның жүйемен арадағы соңғы компромиссі болуы әбден мүмкін. Оған «алаңнан сыпайы түрде кету» мүмкіндігі берілді, бұл ресми биліктің де, оның да беделін сақтап қалудың жалғыз жолы еді.

Билік ескі кланды жеңді (немесе келісті), енді оған бұл соғыстың батырлары керек емес.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯18❤13👍11🔥4😱2😁1
⚡️Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін бір мезетте екі облыста кадрлық ауыс-түйіс болатыны айтылған еді. Атыраумен қатар 17 шілдеде Ұлытау облыстық мәслихатының да жиыны өтеді.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17😱7👏2🤮1
⚡️Ақшолақовтың Атырауға келуі: Ақорда мұнайлы аймақтарға қатысты ұстанымын өзгертуде...

Президент Тоқаевтың жарлығымен Серік Шәпкеновтің Атырау облысы әкімі қызметінен босауы әдепкі ауыc-түйіс емесін ішіміз сезген-ді. Қол астындағы екі бірдей орынбасардың (Тілек Махуов пен Мейіржан Мұқасов) жемқорлық күдігімен кісенделуі ақыр соңы Шәпкеновтың түбіне жеткені анық. Бірақ, бұл да басты уәж емес. Алып мұзтаудың бергі беті ғана деп пайымдайды Ertenmedia.kz.

Қазір еліміздің сыртқы саудасы небәрі бес-ақ тауар түріне байланып тұр. Соның ішіндегі қара алтыннан түсетін кіріс қана емес, сыртқа жөнелтілетін физикалық көлемі де күрт құлдырауда. Мұнай экспорты 14 пайызға азайып, газ экспорты тіпті 73 пайыздан астам құлдилаған.

Осындай алмағайып шақта ел бюджетін толтырып отырған өңірдегі шенділердің жемқорлық дауына шырмалуы Ақорданың шыдамын тауысса керек. Үлкен үйдегі қауым өмірлік маңызы бар облысты бақылаудан шығарып алғанын кеш те болса түсінген тәрізді.


Кәсіби мұнайшы, салалық ауыр салмақты тұлға саналатын Ақшолақов Ақорданың мұнайлы аймақтарға қатысты басқару философиясын түпкілікті өзгерткенін көрсететін басты факт.

Осы уақытқа дейін өңірді негізінен әлеуметтік балансты сақтайтын, гуманитарлы-әкімшілік реңі басым кадрлар басқарып келген-ді. Әзіргі ауыс-түйіс аймаққа шаруашылық сипаттағы саясаткер емес, өндірістің тетігін білетін инженер керек болғандай әсер қалдырады.

Ақшолақов? Ол трансұлттық алпауыттардың ішкі асханасын, ТШО, Қашаған мен Қарашығанақ сияқты алып жобалардың қалтарыстарын бес саусағындай білетін өндіріс генералы. Осы арқылы Астана халықаралық консорциумдарға да қатаң сигнал беріп отыр деуге әбден болады.


Бізге жеткен мәлімет бойынша, Ақшолақовтың басты миссиясы Атырауды тек шикізат көзі емес, трансұлттық капиталмен тең дәрежеде сөйлесетін, ұлттық мүддені қатаң қорғайтын геоэкономикалық фронтқа айналдыру.

Назарбаевтың тұсында қалыптасып, санаға сіңген, әрі кетсе жол жөндеп, құбыр тартумен шектелетін «шаруақор әкім» (хозяйственник) деген ұғым да бірте-бірте келмеске кетеді деп тұспалдаймыз. Өңір басшысы тек асфальт төсеп, бюджеттің қаржысын игеретін қарапайым прораб деңгейінде қала алмайды.

Ақшолаков сияқты технократтың Атыруға келуі келуі аудан аралап, лента қиятын әкім форматын күл-талқан етеді үмітіміз бар. Уақыт көрсетеді.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏30💯8🔥6❤5👍2🤮1
⚡️Әділетханнан кейінгі вакуум: Абзал Құспанның ең үлкен саяси жобасы енді басталуы мүмкін...

Экс-депутат Абзал Құспанның бизнеске бет бұруы әсілінде заңгерлік нарықты қазақтандыруға жол ашатын таптырмас мүмкіндік деп пайымдайды Ertenmedia.kz.

Біздегі заң шығару жүйесі мен сот өндірісі әліге дейін орыстілді құқықтық парадигмаға бағынып келеді. Қазақ тіліндегі заңгерлік кеңес, талдау көбіне құрғақ аударма деңгейінен аса алмай жүр немесе тым үстірт сипатқа ие.

Салдарынан сіз бен біз секілді қарапайым қазақтарға өз құқығын қорғау тетіктерін түсінуі өте-мөте қиын. Қазақ тілі тым құрығанда тұрмыстық заңгерлік (алимент, несие, мұрагерлік) деңгейіне жете алмауда.

Қазақтілді сегментке заң тілін қарапайым тілмен тарқатып, өзі де байқамай осы бір вакуумды толтыруға тырысқан заңгер Әділетхан Молдахан сотталып, ақпараттық алаңнан аластатылды.


Әділетханның аудиториясы заңгерлік сауатқа сусап отырған, мемтілдегі өткір құқықтық контентті іздеген қалың бұқара еді. Оның шеттетілуімен босап қалған осы бір алып трибунаны белгілі бір деңгейде беделі бар, сөзі өтімді тұлға ғана иелене алады.

Ол ма, ол Абзал Құспан болуы әбден мүмкін.

Артық әсірелемей айтсақ, желідегі Әділетханның оқырманы іздеген өткірлік пен ақиқатты Абзал Құспан өзінің саяси салмағымен, заңдық біліктілігімен толықтырып, нағыз «халықтық адвокатқа» айналатын мүмкіндігі бар.

Оның деңгейіндегі кәсіби маманның заңгерлік медиа-бизнеске оралуы нарықты аударма деңгейіндегі құрғақ кеңестерден құтқарар ма еді. Анығында, уақыттың өзі соны талап етіп отыр.


Бұдан былай, қазақтілді ортада заң баптарын орыс тілінен қазақшаға көшіріп үйренген ережені қабылдамайтын протест күшейе береді.

Сот жүйесін де, прокуратура қызметін де, заң шығару процесін де іштен білетін Құспан осы іске шындап кіріссе, мемаппараттың өзін қазақ тілінде сапалы, заңды жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қоғамдық-құқықтық институт та құра алады.

Иә, экс-мәжілісменнің ішіне кіріп шыққан жоқпыз. Оның қандай ойда жүргені бір құдайға мәлім. Дегенмен бұл идеяны Абзал Құспанның құлағына алтын сырға ретінде жеткізуді жөн көрдік.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍36❤11🔥8👎2💯2
⚡️Аймағамбетов псевдопсихологтардың кассасын жапты: инстаграмдағы «емшілердің» ертегісі аяқталды...

Әлемжеліні жаулаған арзан мотивация, энергиә алмасу мен карма тазарту индустриясының дәурені ресми түрде аяқталды деуге негіз бар.

Тоқаев «Психологиялық қызмет туралы» жаңа заңға қол қойғалы желідегі псевдокоучтардың белсенділігі біртіндеп бәсеңдеп жатыр деп жазады Ertenmedia.kz.

Осыған дейін екі апталық курс бітіріп, мыңдаған адамның тағдырымен ойнаған, депрессия мен мазасыздықты аураны түзетумен емдемек болғандардың парақшасы жаппай тыныштала бастапты.

Пәзитивті ойлау мен миллионерлік сананы уағыздап, іс жүзінде кәсіби медицина мен шынайы психологияға қарсы үгіт жүргізгендер Ақордаға қарсы келе алмасы анық. Қоғамдық сананы инфоқоқыстан тазартуға себепші болған Асхат Аймағамбетовтің еңбегін де бөлек атап өту керек.


Адамдар нақты өмірлік қиындықпен күресіп, кәсіби маманның көмегіне жүгінудің орнына, желідегі желбуаз тренингтердің уақытша берілетін эйфориясына тәуелді болып қалған-тұғын. Экс-депутат әзірлеген заң осы бір қауіпті үрдісті уақытында тоқтатқандай.

Елдің миын улап, отбасылардың ажырасуына, тіпті қайғылы жағдайға себепкер болған пысықайлар адамның бойындағы қорқыныш пен депрессияны жасанды түрде қоздырып, артынан соны емдейтін жалған сиқырлы курстарды миллиондап сататын.

Тағы біразға кешіксек, лжепсихологтардың әрбір сәтсіздік үшін әке-шешені кінәлауға шақырған (детский травмы) уағыздары қоғамда ұрпақтар қақтығысын тудырар еді. Қазақ дүниетанымында тәрбие мен отбасылық құндылықтар «жарақат» іздеуге емес, кешірімге, құрметке және әулеттік тұтастыққа негізделген.

Аймағамбетов атындағы заңның түпкі мәнін тарқатып айтсақ, әзір бізге кез келген өкпесін «травмы» деп атайтын әлжуаз ұрпақ емес, қиындыққа төтеп беретін, жауапкершілікті өз мойнына алатын салауатты қоғам қалыптастыру қажет.


Ендігі жерде заң аясында құрылған мемлекеттік реестр мен әрбір кеңестің ғылыми негізделуі туралы талап әлгіндей схемалардың жұмыс істеуіне жол бермейді.

Біздіңше, алдағы уақытта экранның арғы жағынан отырып, «энергияңды көтер, миллиондарды таррт» деп ақыл айтқан, аура тазалағыш пысықайлар парақшасын жауып, жұмыс іздеу порталдарында түйіндеме толтыра бастайды.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏32👍22❤8🔥5💯3
⚡️Ақорданың ауыр чемоданы немесе Ұлытау неге аяққа тұра алмай жатыр...

Ұлытауды жеке облыс етіп құру әуелде әдемі естілгенімен, әсілі популистік сарыны басым шешім еді. Эмоция саябырсып, суық бұғалтерия басталғанда Үкімет экономикалық тұрғыдан мүгедек өңір құрып алғанын түсінді деп жазады Ertenmedia.kz.

Біздіңше Бектенов бастаған министрлер кабинеті Ұлытаудың тамырына қалай қан жүгіртерін білмей дал. Өңір талайдан бері дотациялық тұңғиықта жатыр. Қазақмыс сияқты корпорациядан өзге дербес экономикалық дрәйвері, өз-өзін ақтайтын инфрақұрылымы атымен, затымен жоқ.

Республикалық бюджеттен ұдайы субсидия сұрайтын, бірақ кері қайтарымы нөлге тең өңірді басқару стилі бір-бірінен аумайтын басшылармен кризистен алып шығу мүмкін емес.


Ақорда аймақты әдепкі әкімшілік схемамен басқаруды тоқтатпаса, облыс жақын жылдары Астананың мойнына мықтап тұрып мінеді. Әлбетте, үлкен үйдегі қауым осыдан төрт жыл бұрынғы шешімнің асығыстау болғанын мойындай қоймас, сондықтан Ұлытауды сүйреп жүруге мәжбүр.

Байқағанымыз, аймаққа саяси салмағы бар басшылардың мүлде аттап басқысы жоқ. Астанадағы ақ жағалылар Ұлытаудың кез келген мықты технократтың түбіне жететін депрессиялы өңір екенін әлдеқашан түсінген.

Алдыңғы екі әкімнің тағдыры осының айқын дәлелі ме дейміз. Билік бұған дейін аймаққа тарихи-рухани реңк бермек боп гуманитарды да жіберіп көрді, онысынан түк шықпады. Қазіргі әкімнен де Ұлытауды ұшпаққа шығарады деп күту аса үлкен аңғалдық. Есет Бәйкен Астананың әкімдігінен, орталық аппараттың сұр коридорынан өткен орта қол аппаратчик.


Астананың «майлы, жайлы» бюджетімен жұмыс істеу мен Ұлытаудың тоз-тозы шыққан реалиымен бетпе-бет келу екі бөлек әлем.

Елордадан келген бюрократ өзіне дейінгі әкімдердің тағдырын қайталап, әрі кетсе алты айдан кейін Бектеновтен сөз ести бастауы әбден мүмкін. Өлі органимзге жасанды демалу аппаратын қосып қойған Үкімет те Ұлытауға бөлінген әрбір тиынның босқа кетіп жатқанын біледі, бірақ мойындай алмайды.

Сонымен, Ұлытау эксперименті сәтті болды ма? Біздіңше бұл елдің әкімшілік-территориялық реформасының ең ауыр, тіпті биліктің іштей бармақ тістеп отырған трагедиясы іспетті.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍31❤7🔥7💯2
⚡️Тоқаевтың «Троя тұлпары»: Ақорда Турлов арқылы олигархтар дәуірін үнсіз жауып жатыр...

Тоқаевпен бірге Қытайға еріп барған Тимур Турлов осы арқылы өзін «Мәскеудің адамы» деп айыптайтын ақпараттық ызыңға соңғы нүктені қойды деп жазады Ertenmedia.kz.

Әдетте Мемлекет басшысының маңызды сапарында оның қапталында жүретін бизнес өкілдерін Ақорданың стратегиялық таңдауы деп қабылдау қажет.

Экс-елбасының тұсында онымен бірге кімдер жүруші еді? Бюджеттен субсидия суырып, жер-көкті монополиялап, ақшаны оффшырға тасыған ескі Қазақстанның олигархтары Назарбаевтың қасынан екі елі қалмайтын.


Ал Тоқаевтың Турловты қасынан қалдырмай ертіп жүруінің сыры неде? Біздіңше осы арқылы Ақорда «жаңа бизнес элитаның форматы осындай болуы керек» деген месседж жолдап отыр.

Былайша айтқанда, Президентке біреудің базарын тартып алып байығандар емес, цифрлық технология, финтех пен капитал әкелетін прагматиктер керек. Үлкен үйдің ықыласын сезген кәсіпкер де жақсылыққа жақсылықпен жауап қатып, әлеуметтік маңызы жоғары жобаларға капитал құюда.

Ақордаға неге Турлов сияқты технократтар ауадай қажет? Біздіңше, әзір Тоқаев жүргізіп жатқан саяси-экономикалық реформалар ішкі капиталға, инвестицияға өте-мөте мұхтаж. Ескі Қазақстанның өкілдері активін заңдастырудан қорқып, бұқпантайлап отыр, Батыстың ірі-ірі инвесторлары әзіргі жағдайға байланысты әр қадамын жеті рет өлшеп, бір рет кесуде.


Турлов? Біздіңше Тимекең Ақорданың геосаяси дағдарыс тұсында тапқан ең сауатты, ең тиімді прагматикалық серіктесі.

Президент кез келген сәтте реванш жасауға дайын тұрған «ескі Қазақстанның» олигархтарына сенім арта алмайды. Ақорда Құлыбаев пен Клебанов секілділерді репрессиясыз, Турлов сияқты жаңа, цифрлық капитал арқылы нарықтан ығыстырып шығаруда.

Осы тұрғыда Қазақстан азаматтығын алып, бүкіл бизнесін осы елдің заңдылығына байлаған, патриотизмді сөзбен емес, миллиардтаған салықпен және инвестициямен дәлелдеген Турловты Тоқаевтың «Троя тұлпары» деуге әбден болады. Ақорда сіз бен біздің көз алдымызда жаңа капитал институтын қалыптастырып жатыр.


Иә, Турловқа бағытталған шабуылдар бұдан кейін сап тыйылады дегенге сене алмаймыз. Тимекеңе тісін қайрап жүргендер «ақпараттық киллерлерге» тапсырыс беріп, «Ресей агенті» деген фобияны үдете түсуі ғажап емес.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29❤12🔥5💯4👎3😁3😱1🤮1
⚡️Назарбаевтар капиталына қойылған секундомер: Нұрболдың алдынан соттың суық қабырғасы шықты...

Кейінгі күндері атышулы Нұрбол Назарбаевтың төңірегіндегі кейс қайта талқыға түсуде. Мемлекет әулетке дем алуға да, уақыт ұтуға да бұдан былай 1 секунд та мұрсат бермейтінін ұқтырды деп жазады Ertenmedia.kz.

Осы тұста экс-елбасының немере інісіне қатысты соңғы сот процесінің астарына үңіліп, мәселені барынша ұғынықты нақышта айтып беруге тырысайық. Сонымен...

Нұрбол ма, Нұрбол Активтерді қайтару комитетіне 63,7 млрд теңгеден астам берешегі бар екенін мойындай отырып, сотқа «төлем қабілеттілігін қалпына келтіру» (банкроттықтың баламасы, қарызды 5 жылға созып бөліп төлеу) процедурасын қолдануды өтініп арыз түсірген.

Алайда, Алматы облысы Қарасай аудандық соты да, кейін осы шешімнің үстінен қараған апелляциялық сот та өтінішті кері қайтарған. Неге?

Бас прокуратура Назарбаевтың бұған дейін де осындай арызбен бірнеше рет (2025 жылдың күзінде, 2026 жылдың ақпан-наурызында) сотқа жүгінгенін алға тартып отыр. Әлгі әрекетті «әлдеқашан күшіне енген сот шешімін айналып өтіп, мемлекетке қайтуы тиіс активтерді беруді барынша созу айласы» деп бағалауда.


Сотта Нұрбол өз атында емес, серіктестері мен «үшінші тұлғалардың» атына рәсімделген қымбат активі бар екенін, солар арқылы қарызды жабуға дайын екенін айтқан. Алайда сот Нұрболдың мұны растайтын нақты дәлел бермегенін, коммерциялық жылжымайтын мүліктен түсетін табысы, дивидендтері, депозиттері мен отбасылық шығындары туралы толық ақпаратты жасырып қалғанын анықтаған. Ал қарыздың құрамы қандай өзі?

Нұрбол Назарбаевтың үстінен қозғалған атқарушылық өндірістің жалпы сомасы 63,7 миллиард теңгені құрайды:

⚫️61,8 миллиард теңгеден астамы - Активтерді қайтару комитетінің пайдасына (мемлекет кірісіне) өндірілуі тиіс негізгі қарыз бен айыппұлдар.

⚫️1,6 миллиард теңгеден астам мемлекеттік баж салығы.

⚫️Қалғаны жекеменшік серіктестік алдындағы шағын берешектер.

«Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру» бабын қалқан еткен Назарбаев қарызды төлеуді кейінге қалдырмақ болған, сөйтіп бұйрықтың орындалуын жылдарға созып жібергісі келген. Қулық-сұмдықты сезіп қойған сот ескі кланның мұрагеріне кеңшілік жасаған жоқ.

Болат Назарбаевтың тұсында феодалдық жолмен жиналған байлық (63,7 миллиард теңге) бұйырса, соңғы тиынына дейін бюджетке құйылады деген үміт бар.


Айта кетелік, Болат Назарбаев өзінің өсиетхатын алғаш рет 2014 жылы жазып, онда барлық мүлкін үлкен ұлы Нұрболдың атына табыстаған. Бөкеңнің өзі өмірден өткенмен, отбасының активі ыдырай қоймаған еді. Бөкеңнің артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30🔥5❤4👏2😢1
⚡️Wildberries-тегі Ватерлоо. Кремльдің цифрлық апиыны күлге айналып жатыр...

Кремльдің басты сауда платформасы Wildberries кешендері шетінен өртке оранып, күлі көкке ұшуда. Ресей экономикасы соңғы жылдары дәл осы электронды коммерцияның арқасында жан бағып отырған деп жазады Ertenmedia.kz.

Wildberries елдегі жалпы ішкі өнімнің (ВВП) 10 пайызға жуығын қамтып, миллиондаған адамның жалғыз нәпақа көзіне айналған-тын.

Мәскеу жылдар бойы Wildberries-ты орта тапты тыныштандыратын «цифрлық апиын» ретінде пайдаланды. Майдан шебіне бармай-ақ, маркетплейсте тауар өткізіп, бейбіт өмір сүріп жатырмыз деп ойлаған орыстар қазір ащы шындықпен бетпе-бет келуде.


90 мыңға жуық кәсіпкер барлық тауар қорынан, қаржысынан айырылып, жыламсырап отыр.

Батыстың барлау көздері меңзегендей, соңғы екі жылда Wildberries майданға қажетті қос мақсатты микросхема, дрон деталі, қытайлық навигациялық жабдықтар мен әскери киім-кешекті молынан тасымалдаған. Сайып келгенде қазір әлгі қоймаларда орыс халқының төплиі мен тұрмыстық техникасы ғана емес, бүтін Ресей армиясының астыртын жабдықтау арналары жанып жатыр.

Айтқандай, әзірде ғана Wildberries договырдағы форс-мажор бабын едел-жедел өзгертіп, кәсіпкерлерге соқыр тиын да төлеуден бас тартты. Солай.

Соғыс майдан даласынан Ресейдің әрбір азаматының босағасына, банк аккаунтына, онлайн себетіне ауысуда. Қоймалардың күйреуі, санкцияның қысуы, логистиканың тоқтауы орыстардың орта табын дәл осы жайлылық аймағынан жұлып алды

Кремльдің ең осал да осы орта тап. Майданға кеткен, украин топырағын тыңайтып жатқан маргинал бұқараға ақша беріп, аузын жабу оңай. Ал өз күнін өзі көріп, маркетплейсте айына миллиондар айналдырып отырған орта тап режим үшін ең қауіпті потенциалды сепаратист.


90 мың кәсіпкердің бір күнде далада қалуы осы топтың бұғып жатқан, іштей іріп жатқан ашу-зарын сыртқа шығаратын күн жақын. Кремль соғыста емес, дәл осы өзі кедейлендіріп, бұрышқа қамаған, бірақ іштей өшпенділігі қайнап жатқан орта табының саботажынан күйреп тынуы ғажап емес.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏37🔥15💯7❤5👍2
⚡️Жолақтан туған жанжал: Сайындағы шешім Дархан Сатыбалдыға петиция болып барды...

Алматыда Сайын көшесінің қосалқы жолына салынған автобус жолағына қатысты қарсылық күшейді. Дархан Сатыбалдының атына петиция жолдаған қалалықтар жобаны мерзімінен бұрын тоқтатуды талап етуде.

Петиция иелері Сайын көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігіндегі арнайы жолақ кептелісті азайтудың орнына, қозғалысты одан әрі қиындатқанын алға тартып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Сайын көшесінің су жаңа бөлігі маусым айының басында ғана ашылған-тын. Арада екі апта өтпей жатып, қосалқы жолдың бір жолағы қоғамдық көлікке берілген.

Өтініш иелері арнайы жолақ іске қосылғаннан кейін жол бойында кептеліс, қауіпті маневр және жүргізушілер арасындағы ұрыс-жанжал күрт көбейгенін жазуда. Әсіресе, жолақтың кейбір жолайрық алдында үзіліп қалуы көліктердің автобус жолағын кесіп өтуіне мәжбүрлеуде.


Дархан Сатыбалдыға дат айтқан петиция авторлары, стандарт бойынша қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ бір бағытта кемінде үш жолағы бар көшеде ұйымдастырылуы керек дейді. Ал Сайын көшесінің қосалқы жолында небәрі екі жолақ бар.

Тұрғындар әкімдік автобус жолағын енгізер алдында жасалған есеп-қисапты да жарияламады деп отыр. Құжатта автобус саны, жолаушы ағыны, қоғамдық көліктің жылдамдығы, өзге көліктің кідірісі және жедел жәрдем мен құтқару қызметінің қозғалысына әсері туралы дерек ашық айтылмаған екен.

«Күн сайын жүз мыңдаған адамның жүріп-тұруына әсер ететін шешім біреудің пайымына емес, ашық жарияланған есеп-қисапқа сүйенуі тиіс еді. Әкімдік Сайын көшесіндегі жобаны тоқтатып, бұрынғы қозғалыс сызбасын қалпына келтіріп, мәселені тұрғындармен талқылауы қажет», – дейді петиция авторлары.


Сонымен қатар петицияда жаңа автобус жолақтарын өзге көшелерге енгізуді уақытша тоқтату ұсынылған. Әкімдік әл-Фараби, Төле би, Сәтбаев, Шевченко, Құрманғазы, Рысқұлов секілді бірнеше ірі көшеде де осындай өзгеріс енгізуді қарастырып отыр.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍25❤5👏4🤔3💯3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Омбыдағы салқын душ: Тоқаев Путинге соғыстан шығатын есікті көрсетті...

Омбыда Кремль көсемімен кездескен президент Тоқаев ресей-украин соғысының тығырыққа тірелген айтып, батыл ұсыныс жасады деп жазады Ertenmedia.kz. 

Тоқаев Қазақстанның украин халқына, оның тілі мен мәдениетіне әрдайым үлкен құрметпен қарағанын ашық айтты. Артынша көпшілік дауыстап айтуға батпай жүрген ауыр сауалды алға шығарды.

«Қақтығыстың табиғаты көпшілікке, соның ішінде бізге де толық түсінікті емес. Соғыста уақытша тоқтату керек», – деді ол.


Тоқаев осы тұста екі тарапқа да Стамбұлда үзілген келіссөз үстеліне қайта оралуды ұсынды. 

Стамбул формуласын қайта тірілту Кремльдің агрессиясын тежеп, текетіресті уақытша болса тоңазытудың, ең бастысы, бейбіт халықтың қанын төгуді тоқтатудың әзіргі жалғыз жолы. 

Біздіңше, Тоқаев Омбыда Мәскеудің жанына жағатын сөз айтқан жоқ. Керісінше, Кремльдің соғысты ақтайтын аргументі әлі күнге түсініксіз екенін Путиннің өзіне естіртіп кетті. 

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥42👍22👏5💯3❤2😁1🤔1🤮1
⚡️Мәскеудің төбесіне төңкерілген шелек: Тоқаев Кремльдің соғыс уәжін күмәнге көмді...

Омбы төрiнде отырып, «мына соғыстың табиғаты бізге де, өзгеге де түсініксіз» деп қойып қалған Тоқаев Мәскеудің төбесіне мұздай суды төңкере салды.

Кремль көсемінің соғысты ақтауға тырысқан идеологиялық догмасы Астана тарапынан ашық түрде деконструкцияға ұшырады деп батыл айтуға болады. Путин үшін бұдан асқан шок терапия болуы мүмкін емес еді.

Қазақстан басшысы украин халқының тіліне, тарихы мен мәдениетіне деген құрметін ашық паш етіп, соғыстың түпкі табиғаты ақылға сыймайтын, ешкімге түсініксіз мағынасыз текетірес екенін бетке басты.


Осыған дейін аймақ лидерлерінің ешқайсысы Кремль иесінің көзінше дәл мұндай өткір де айқын позиция білдіруге батпаған еді.

Бұл ма, бұл Мәскеудің "артқы ауласы" саналатын елдердің ішінен балама ақпараттық фронт ашатын батыл стратегия.

Тоқаевтың Ыстамбұл келіссөзін қайта жандандыру ұсынысы Ресейді өзі бастаған соғыстан ар-ұятын сақтай отырып шығатын жалғыз саяси есікке нұсқау.


Мәскеудің медиамашинасы бұған қандай реакция беретінін ертеңгі күн көрсетеді.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥42👍26❤7💯5😁1
⚡️Омбыдағы «бір ет, бір май» тактикасы: Батыс басылымы Тоқаевтың тосын пікірін қалай бағалады?..

Тоқаевтың Омбыдағы сөзін Батыс баспасөзі іліп әкетті. Financial Times Қазақстан президентінің қантөгісті доғаруға шақыруын Мәскеудің ең жақын серіктері де Кремльдің соғыс уәжіне күмән келтіре бастағанының белгісі деп бағалады деп жазады Ertenmedia.kz.

Сібірдің Омбы қаласында Кремль көсемімен тілдескен Тоқаев қақтығыстың «түпкі мәнін түсінбейтінін» жеткізген. «Өрімдей жастардың қырылып жатқаны қасірет. Ресей мен Украинаның болашағына балта шабылуда», – деді ол.

Алайда Ақорданың аргументі Мәскеуге ой салмаған сынды. Кездесуден кейін Кремль атынан сөйлеген Дмитрий Песков қантөгістің үдей түсерін меңзеп, «мақсатқа жетпей тынбаймыз» деп мәлімдеді.


Омбыдағы тосын пікір Тоқаевтың осы күнге дейін Путинге жасаған ең қиғаш үндеуі-тін. Біздің ел бертінге дейін Ресей басқыншылығын ашық айыптаудан тартынып келген.

«Солай бола тұра, Тоқаев Кремль қолтығына су бүркіп отырған Киевтің шығысындағы сепаратистік ұйымдарды мойындаудан бас тартты. Украинаны егемен мемлекет деп танитынын да ұдайы айтып келеді. Қазақстан президентінің күні кешегі ашық ескертуі Киевтің дрондары Кремльдің кіндік аймағына жетіп, ірі мұнай зауыттары мен «Ресейдің Amazon-ы» аталып кеткен маркетплейстің қоймалары өртенген тұста айтылды», - дейді осы ретте Financial Times.

Кешегі кездесуде Тоқаев 2022 жылғы Ыстанбұл келіссөзінің шеңберіне оралуды ұсынды. Аталған жоспар бойынша Украина ірі державалардың қауіпсіздік кепілдігіне айырбас ретінде бейтарап мәртебені қабылдауы керек еді.

«Ол ма, ол Путиннің соғысты ақтау үшін алға тартқан басты уәжінің біріне күмән келтіріп, «көпшілік», соның ішінде Қазақстан да осы қақтығыстың табиғатын түсінбейтінін айтты. Осы тұста Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжалды әдемі мысал етіп, ол жақтағы текетірестің мәні «түсінікті» әрі «тарихи тамыры бар» екенін алға тартты. Сөзінше, белгілі бір тарап Қазақстан президентінен Путинге осы бұйымтайды жеткізуді сұраған. Алайда өтініштің кімнен түскенін ашып айтпады», - дейді Батыс басылымы.


Financial Times-тың пайымдауынша, Тоқаев сөй дей келе, Путинмен кездесуде бір ет, бір май тәсілін пайдаланған. Әлгі пікірден кейін іле-шала Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастыққа адал болып қала беретінін жеткізген.

«Соғыс Астанаға да оңай соқпай тұр. Қазақ мұнайының 80 пайызы Ресей арқылы өтеді. Атышулы КТК ұдайы шабуылға ұшырап, елді табыстан қағуда, Елді өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр етуде», - дейді осы ретте Financial Times.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍36❤7💯5👏2😁2😡1
⚡️Ақшаны жұтады, түлектері шетелге зытады: Аймағамбетов Назарбаев жобаларына тағылған айыпқа жауап берді...

Асхат Аймағамбетов Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерін «ақшаны тым көп жұтады», «түлектері шетелге зытады» деп жазғыратындарға жауап берді деп жазады Ertenmedia.kz.

Экс-депутат әлгіндей әңгімені ел ішінде кең таралған миф деп отыр.

Сөзінше, экс-елбасының тұсында іргесі қаланған оқу ордаларына бөлінетін ақша көбейіп жатқан жоқ. Керісінше, жылдан-жылға азайып келеді. Ал дарынды балалар мен қабілетті жастарға құйылатын қаражатты ысырапқа балау елдің ертеңінен үнемдеумен тең.


«Назарбаев университеті? Түлектердің басым бөлігі Қазақстанда оқып, тер төгіп жүр. Олар еліміздің ең қабілетті, еңбекқор әрі патриот жастары», – деді ол.

Экс-депутат табиғи байлықтың бір күні сарқыларын, ал білімге құйылған инвестиция ұлтқа ұзақ жыл қызмет ететінін еске салуда.

Осыған дейін Аймағамбетовтің экс-әріптесі Мұрат Әбенов Назарбаев университетіне шүйліккен. Экс-депутат бас аудитор Әлихан Смайыловты Назарбаев Университетіндегі 73 млрд теңгенің заңсыз жұмсалу дерегін жасырып отыр деп айыптаған.

Соңғы үш жылдың өзінде универді "асырауға" 17 млрд теңгеге жетеқабыл қаржы бөлінген деген ақпарат бар.


Бір қызығы, Аймағамбетовтің өзі де осыған дейін: "Назарбаев университеті шетелдіктердің қолында" деп мәлімдеген тұғын. Айтуынша, әзір Назарбаев университетінде декан қызметін атқарып отырған жалғыз қазақ бар. Өзге жоғары лауазымда ешбірі қазақ емес.

«Ол кезде өзіміздің кадрлар дайын болмаған шығар. Бірақ арада 15 жыл өтті ғой! Қазақстанда жоғары деңгейдегі мамандар жетерлік. Неге оларға әлі күнге дейін жол ашылмай отыр?» – деп қынжылған-тұғын Аймағамбетов.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍32❤9💯4🤔3👎2🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️«Көкірегін дәлелдегісі» келмейтін кандидат: Аша Матайдың сөз саптауы желіні неге күлдірді?

«Халық» партиясының атынан сайлауға түсіп, Құрылтайдан бір орын дәметіп отырған Аша Матай өзін дебатқа шақырған танымал заңгер Мейірман Шекеевқа жауап қатты деп жазады Ertenmedia.kz.

Ашаның айтуынша «ер ағасы жасындағы адаммен сөз таластыру қыз баласына жараспайды». Сөй деген ол бетпе-беттен бас тартуын өресінің таяздығы емес, сүйегіне сіңген көрегенділікпен түсіндіріп отыр.


Желідегі қауым әншіге Құрылтайдың ізет білдіріп, бас иіп отыратын жер емес, ел мүддесі үшін тартысқа түсіп, заңның әр бабын дәлелдейтін майдан екенін еске салуда.

Әншінің «көкірегімді дәлелдеу үшін дауласуға жоқпын» деген сөз саптауының өзі біртүрлі ерсі естіліп, желідегі жұрттың күлкісі мен сынына ұшырап жатыр.

Алайда Аша бет алған бағынан бас тартар емес.

«Өнер жолы маған ең басты нәрсені - халықтың мұң- мұхтажын көре білуді, қиындығын сезе білуді үйретті», - деп көсіліп отырған ол дәл осы қалпында Құрылтайға өтіп кетеді қауіп бар.


Айта кетелік, бұған дейін танымал заңгер Мейірман Шекеев Аша Матай бастаған "Халық" партиясын бетпе-бетке шақыраған болатын.

Соның алдында біз Құрылтайдан сырт қалған Еділ Жаңбыршин, Ермұрат Бапи, Бақытжан Базарбектің тұлғасына арнайы тоқталғанбыз.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡27😁13❤5🔥5👎4🤮4👏3
⚡️Дроннан қашқан Кремль: Wildberries Қазақстаннан 100 мың шаршы метр қойма іздеуде...

Украин дрондарының шабуылынан әбден мезі болған Wildberries Қазақстандағы қойма қорына көз тікті, деп жазады Ertenmedia.kz.

Маркетплейс жалпы аумағы шамамен 100 мың шаршы метр болатын қосымша қойма іздеуге кіріскен дейді. Компания ресейлік коммерсанттардың тауарын Қазақстан аумағында сақтауды қарастырып отыр екен.


Әсілі, ресейлік массмаркет елімізге әлдеқашан кіріп қалған.

Wildberries Алматыда 100 мың шаршы метрден асатын логистикалық кешен салуда. Ал Астанада көлемі 160 мың шаршы метр болатын тарату орталығы бой көтеруде. Осылайша Кремль Еуразиялық одақ аясындағы ортақ кедендік кеңістікті пайдаланып, елімізге ентелей енуде.

Ауқымды қоймалардың салынуы іс жүзінде кері эффект береді деп қауіптенеміз.

Астана мен Алматыда бой көтеретін жүз мыңдаған шаршы метрлік қоймалар еңбек нарығының құрылымын түбегейлі өзгертеді. Бұларға ма, бұларға жүздеген, мыңдаған адамның күші керек. Айналып келгенде, еліміздегі адам капиталы жоғары қосымша құн жасайтын секторға емес, сұрыптаушы, қаптаушы, курьер сияқты төмен біліктілік талап ететін қызметтерге ағылады.


Ақыр түбі, экономикамыз Ресейдің сауда платформаларының қара жұмысын атқарып күн кешетін күйге түседі.

Wildberries-тың қоймаларынан түсетін де маржа қомақты бола қоймас. Ресейлік арзан масс маркет энергетикалық қуатымызды, суымызды сарқып, экологияға зиян келтіріп, Тоқаевтың тұсында жөнделе бастаған тас жолдардың тоз-тозын шығарады.

Ең басты қауіп - Big Data. Қазақстанға мықтап қоныс тепкен Wildberries уақыт өте тұрғындардың тұтыну әдетін, қаржылық мүмкіндігін, мекенжайын, банк транзакциясын толық зерттеп, база жасақтайды. Осылайша миллиондаған қазақтың күнделікті талғамы мен таңдауы Мәскеудің уысына өтеді. Сөйтіп ұлттық нарығымыз өзінің цифрлық дербестігін басыбүтін жоғалтып тынуы мүмкін.


Еліміздегі қолжетімді қойма алаңдары небәрі 130 мың шаршы метрді құрайтынын ескерсек, осы алаңды Кремльдің отарлауы жергілікті логистикалық компаниялардың дамуын түбегейлі тежейді.

Бектенов үкіметі Қазақстанды ресейлік маркетплейстердің тылы мен транзит алаңы ретінде пайдалануға бой бермейді деген көмексі болсын үміт бар.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱32😡28👎9🔥5❤4💯3
⚡️Көк пілдің ауласына кірген қанден: «Ақ жол» мен Respublika-ның текетіресі асқынып барады...

«Ақ жол» мен Respublika-ның арасындағы айтыс-тартыс желінің шеңберінен шығып, көшеде де көрініс бере бастады. Күні кеше желіде тараған, «Ақ жолдың» көк пілі мен оған қарап шәуілдеп тұрған кәндек иттің бейнесі соған дәлел деп жазады Ertenmedia.kz.

«Өз орныңды біл, қанден» деп жазылған атышулы муралда Re деген белгісі бар, Respublika-ның логосы анық көрінеді.

Екі партия да оңшыл-либералды, екеуі де бизнестің, орта таптың сойылын соғады. Ондаған жыл бойы осы алаңда дара билік жүргізген ауыр салмақты «Ақ жол» өзінің институционалды салмағын жоғалтқысы жоқ, заң шығарудағы жылдар бойы жиналған ықпалын сақтап қалу үшін жанталасуда.


Төңірегіне кілең блогер мен инфлюенсерді, рилс түсіретін маркетологтарды топтастырған, PR-шоу, вирустық контентті жақсы меңгерген Respublika сайлаушыға том-том құжаттан гөрі қарапайым, ұғынықты, әлемжеліге сыйып кететін ықшам идеяларды ұсынуда.

Бұлардың электораты заң кодексін оқымайтын, табысты кейстерге, әлемжелідегі харизмаға және жедел нәтижеге сенетін жаңа буын кәсіпкерлер деуге болатын шығар.

Қабырғаға салынған мурал арқылы «Ақ жол»: «қазіргідей алмағайып кезеңде айғайлайтын қанден емес, сабырлы, салмақты, мемлекетпен сөйлесе алатын піл керек» дегенді меңзегісі келгендей. Біздіңше Respublika әлгі ишараны жауапсыз қалдырмайды.


Мұндағы басты интрига, піл қанденді та таптап өте ме, әлде қанден пілді үркітіп, сахнадан ысырып тастай ма? Оны тек уақыт пен сайлау жәшігі көрсетеді.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁31❤8🤡6🔥2
⚡️Ташкенттегі иілген силуэт: Тоғжанов ішкі аппараттың ескі әдетін сыртқа алып шықты...

Ташкенттегі сенім грамотасын тапсыру сәтінде асыра бүгілген осы елдегі елшіміздің әрекеті желідегі жұрттың талқысына түсуде деп жазады Ertenmedia.kz. 

Ералы Тоғжановтың біртүрлі қылығы Сыртқы істердің кадрлық селекциясындағы жүйелі кемшілікті де әшкерелеп отыр.

Министрліктің академиялық мектебінен емес, ішкі шенеуніктік аппараттан шыққан кадрлардың дипломатиялық этикеттен жұрдай болуы осындай өрескел қателіктерге алып келеді.


Жоғарыға жағыну, бастық көрсе бүгілу дағдысы халықаралық сахнаға көшкенде ұлттық мүддеге нұқсан келтіреді.

Сенім грамотасы екі егемен мемлекеттің тең дәрежелі диалогын айғақтайтын құжат. Тоғжанов осы бір рәсімді асыра сілтеп жібергендей әсер қалдырды.

Ералы мырза саясатта дене тілі сөзден де қатты сөйлейді деген ережені естен шығарса керек. 

Әрбірден соң бұл Астананың аймақтық амбициясын ақсататын фактор. Көршіге құрмет көрсету өз еліңнің еңсесін түсіру есебінен жүрмеуі тиіс.


"Тоғжановқа протоколдық дене тілін жаттау керек. Мемлекеттің беделі мен айбыны ең әуелі сол елдің өкілі ұстаған еңсесінен, берген сәлемінен оқылады", - деп жазуда осы саладан хабары бар қауым.

Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯28👍17🤔6💩6❤5😡4😱3🔥2😁2