⚡️Құрылтайдың жеті құлпы: Танашеваны сырт қалдырған жүйе халықтың жанайқайын кімнен естиді...
Құрылтай сайлауына ұсынылған құжынаған кандидаттың арасынан Гаухар Танашеваға орын табылмады. Саяси партиялар өзіндік уәжі бар, дауыс әкелетін тұлғаға мұхтаж бола тұра, олардан өлердей қорқатын синдромнан арылмай тұр деп жазады Ertenmedia.kz.
Әсілі, сайлаушы көбіне партияның бағдарламасына емес, сол бағдарламаны арқалап тұрған адамның болмысына сенеді. Қырық тармақтан тұратын тұғырнаманы жұрттың бәрі оқымайды. Партияның атауынан бұрын әлгі ұйымның құрамындағы тұлғаның позициясы, пайымы, парасаты есте қалады.
Гаухар Танашеваның саяси капиталы да осында еді. Экс-мәжілісмен қоғамдағы шетін мәселелерді Мәжіліс мінберіне сүйреп шығарды және дәл осы мінезі оны жұртқа жақындатты.
«Бірақ мен ешкімнің келісімін күтпей, сауалымды оқып шықтым. Осыдан кейін бюро менің мәселемді май шаммен қарады. Артынша Орталық сайлау комиссиясы ешқандай ескертусіз, мандатымның тоқтатылғанын хабарлады», — деген болатын экс-депутат.
Осы бір көріністің өзінде тұтас жүйенің табиғаты тұрғандай.
Танашева осы сауалға өзінің тағдырымен жауап қатты. Бірақ қоғамдағы саяси салмағын жоғалтқан жоқ. Атышулы «Халық» партиясы «проблемалы» депутаттан құтылғанымен, сол сәтте Танашеваға сенген сайлаушының бір бөлігін есік сыртында қалдырды.
Оның саяси капиталын әзір сайлауға түсіп жатқан жеті партияның бірде біреуі пайдасына жаратқан жоқ.
Мәжілістен қуылған, Құрылтай тізімінен тыс қалған Танашева қазір Вадим Борейко ұйымдастырған қоғамдық жиындарда төбе көрсетіп жүр. Жүйе ішінен қуылған дауыс басқа лагерге ауысып кетті...
Мәйегі осы тұста: https://ertenmedia.kz/kuryltaydyn-zheti-kulpy-tanasheva

Үкімет пен халық арасындағы алшақтықты сынаған соңғы сауалынан кейін мандатынан айырылды. Сауал мәтіні вице-спикер Әлберт Раудың сүзігісінен өтіп, ол Танашеваға «айналайын, мына сауалды оқымайсың» деген шарт қойған деседі.
«Бірақ мен ешкімнің келісімін күтпей, сауалымды оқып шықтым. Осыдан кейін бюро менің мәселемді май шаммен қарады. Артынша Орталық сайлау комиссиясы ешқандай ескертусіз, мандатымның тоқтатылғанын хабарлады», — деген болатын экс-депутат.
Осы бір көріністің өзінде тұтас жүйенің табиғаты тұрғандай.
Депутат елдің атынан сөйлей ме, әлде партияның рұқсатымен ғана үн қата ма? Мандатты сайлаушы бере ме, әлде оны қалаған сәтте партия кеңсесі тартып ала ма? Мәжіліске өткір сұрақ қою үшін бара ма, жоқ әлде алдын-ала келісілген қойылымдағы рөлін ойнау үшін отыра ма?
Танашева осы сауалға өзінің тағдырымен жауап қатты. Бірақ қоғамдағы саяси салмағын жоғалтқан жоқ. Атышулы «Халық» партиясы «проблемалы» депутаттан құтылғанымен, сол сәтте Танашеваға сенген сайлаушының бір бөлігін есік сыртында қалдырды.
Оның саяси капиталын әзір сайлауға түсіп жатқан жеті партияның бірде біреуі пайдасына жаратқан жоқ.
Мәжілістен қуылған, Құрылтай тізімінен тыс қалған Танашева қазір Вадим Борейко ұйымдастырған қоғамдық жиындарда төбе көрсетіп жүр. Жүйе ішінен қуылған дауыс басқа лагерге ауысып кетті...
Мәйегі осы тұста: https://ertenmedia.kz/kuryltaydyn-zheti-kulpy-tanasheva
💯25😱7❤5🔥5👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Микрофондағы мина: Ақорда тойханаға көшкен жат идеологияны нысанаға алды...
Ерлан Қариннің кешелі бері талқыдан түспей тұрған атышулы видеоға назар аударуы тегін емес. Тойда тілек білдірудің орнына, уағыз оқып кеткен азамат Ақорданың тарапынан қолға алынатын тағы бір идеологиялық жұмысқа түрткі болуы мүмкін деп пайымдайды Ertenmedia.kz.
Алдымен Қариннің сөзін сығымдап жеткізейік. Елдің идеологиясына жауапты тұлға тойдағы ерсі көрініске қатысты:
Бүгінгі мәлімдеменің шалығы біраз жерге барады деп пайымдаймыз. Байқар болсаңыз, бас идеолог соңғы кезде қоғамдық кеңістіктегі шекараны нақты сызып беріп жатыр.
Бұған дейін (тағы сол Қариннің қолымен) тікелей эфирде аузына келгенін оттап-бұттап отыратын тиктокерлер жаппай штрап төлеп, тағы біразы түрмеге түнеген. Бетімен кеткен блогерлерді заң аясында бағындыру процесі қазірдің өзінде нәтиже беруде.
Тойға жиналған жүздеген адам психологиялық жағынан босаңсыған, дастархан басында, сыйластық ахуалында отырған дайын аудитория. Тілек айту сияқты камуфляжды жамылып, микрофонды иемденген "ораторлар" қоғамның санасына өздерінің догматикалық қағидасын біртіндеп сіңіре бастағанын Ақорда да сезгендей.
Байқатпай жасалатын идеологиялық экспансияға қазірден бастап бөгет қоймаса, бұлардың ұяшықтарды едел-жедел балалай бастайды. Тойда отырып музыканы «арам», ән айтуды «күнә», домбыраны «шайтанның құралы» деп жариялау ұлттың мыңжылдық мұрасына жасалған тікелей агрессия.
Қариннің бүгінгі сөзінен алдағы уақытта Ақорданың тойдағы уағызшылдықты ауыздықтауға шындап кірісетінін байқауға болады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia

«Қазақстан зайырлы мемлекет. Ата заң діңгегіміз. Бірінші орында елдің заңы тұр. Өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою шектен шығу. Көпшілік алдында өз пікірін қасақана таңу әдепсіздік. Ұлттық болмысқа қайшы келетін мұндай әрекетке ерте бастан тосқауыл қою қажет», – деп кесіп айтты.
Бүгінгі мәлімдеменің шалығы біраз жерге барады деп пайымдаймыз. Байқар болсаңыз, бас идеолог соңғы кезде қоғамдық кеңістіктегі шекараны нақты сызып беріп жатыр.
Бұған дейін (тағы сол Қариннің қолымен) тікелей эфирде аузына келгенін оттап-бұттап отыратын тиктокерлер жаппай штрап төлеп, тағы біразы түрмеге түнеген. Бетімен кеткен блогерлерді заң аясында бағындыру процесі қазірдің өзінде нәтиже беруде.
Ендігі кезек офлайн өмірге, соның ішінде еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жиналатын той мәдениетіне жеткен тәрізді. Кейбір теріс ағымдардың өкілдері қауіпті идеясын бүрку үшін тойханаларды "паналай" бастағанын аңғару қиын емес.
Тойға жиналған жүздеген адам психологиялық жағынан босаңсыған, дастархан басында, сыйластық ахуалында отырған дайын аудитория. Тілек айту сияқты камуфляжды жамылып, микрофонды иемденген "ораторлар" қоғамның санасына өздерінің догматикалық қағидасын біртіндеп сіңіре бастағанын Ақорда да сезгендей.
Байқатпай жасалатын идеологиялық экспансияға қазірден бастап бөгет қоймаса, бұлардың ұяшықтарды едел-жедел балалай бастайды. Тойда отырып музыканы «арам», ән айтуды «күнә», домбыраны «шайтанның құралы» деп жариялау ұлттың мыңжылдық мұрасына жасалған тікелей агрессия.
Түнеукүнгі тойда бұдан бөлек әйел затын төмендету, олардың қоғамдағы, орнын кемсіту (әлгі азаматтың ұрғашы деп ұрып тұрған сөзін тыңдаңыз) сарыны көрініс берді. Зайырлы мемлекетте әйелдің құқы мен кадір-қасиеті Ата заңмен қорғалатын құндылық. Дүниемен бірге дамығысы келетін Қазақстанда тәліптердің деңгейіндегі үгіт-насихат жүргізуге біздіңше толыққанды тыйым салынуы керек.
Қариннің бүгінгі сөзінен алдағы уақытта Ақорданың тойдағы уағызшылдықты ауыздықтауға шындап кірісетінін байқауға болады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍37🔥17❤8🤔4👎3💯3👏2😁1🤡1
2026_2027_ОҚУ_ЖЫЛЫНА_АРНАЛҒАН_БІЛІМ_БЕРУ_ГРАНТЫ_ИЕГЕРЛЕРІНІҢ_ТІЗІМІ.pdf
48.5 MB
⚡️75 мың бақытты талапкер: 2026 жылғы мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі шықты
2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек конкурстан өткен талапкерлердің толық тізімін ресми парақшасында орналастырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Биыл мемлекеттік грантқа 75 мыңнан астам талапкер ие болды. Конкурсқа шамамен 127 мың өтінім түскен. Былтырғымен салыстырғанда үміткерлер саны 14 мыңға көбейген. Жоғары білімді мемлекет есебінен алуға деген сұраныс жыл өткен сайын күшейіп бара жатқанын осы санның өзі аңғартады.
Жоғары оқу орындарына грант негізінде қабылдау 25 тамызды қоса алғанда жүргізіледі. Осы мерзімнен кешігу грант иегері үшін артық әуре-сарсаң туғызуы мүмкін.
Биылғы науқанның бәсі биік болды. 127 мың талапкердің арасынан грантқа өткен 75 мыңнан астам жас үшін бүгінгі нәтиже бірнеше айлық дайындық пен ҰБТ-дағы еңбектің қорытындысы саналады.
Грантқа іліне алмаған талапкерлер де мүмкіндіксіз қалмайды. Тамыздың екінші жартысында өңір әкімдіктері, жоғары оқу орындары, жұмыс берушілер және жекеменшік қорлар ұсынатын қосымша гранттар конкурсы жалғасады. Бірақ негізгі мемлекеттік гранттың тағдыры бүгін шешілді.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек конкурстан өткен талапкерлердің толық тізімін ресми парақшасында орналастырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Биыл мемлекеттік грантқа 75 мыңнан астам талапкер ие болды. Конкурсқа шамамен 127 мың өтінім түскен. Былтырғымен салыстырғанда үміткерлер саны 14 мыңға көбейген. Жоғары білімді мемлекет есебінен алуға деген сұраныс жыл өткен сайын күшейіп бара жатқанын осы санның өзі аңғартады.
Грант иегерлеріне арналған куәлік үш жұмыс күні ішінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қолжетімді болады. Құжатты жүктеп алған соң талапкер грант тағайындалған жоғары оқу орнына барып, қабылдау рәсімін аяқтауы тиіс.
Жоғары оқу орындарына грант негізінде қабылдау 25 тамызды қоса алғанда жүргізіледі. Осы мерзімнен кешігу грант иегері үшін артық әуре-сарсаң туғызуы мүмкін.
Биылғы науқанның бәсі биік болды. 127 мың талапкердің арасынан грантқа өткен 75 мыңнан астам жас үшін бүгінгі нәтиже бірнеше айлық дайындық пен ҰБТ-дағы еңбектің қорытындысы саналады.
Грантқа іліне алмаған талапкерлер де мүмкіндіксіз қалмайды. Тамыздың екінші жартысында өңір әкімдіктері, жоғары оқу орындары, жұмыс берушілер және жекеменшік қорлар ұсынатын қосымша гранттар конкурсы жалғасады. Бірақ негізгі мемлекеттік гранттың тағдыры бүгін шешілді.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19💯4👏3❤2🔥1
⚡️Қара теңіздегі нәзік бітім: Киев Ақорданың мұнай жолына тимеуге уәде берді...
Украина Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына соққы жасамауға және Қара теңізде Ресейге қатысы жоқ танкерлерге тиіспеуге уәде берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Bloomberg-ке сілтеп.
Агенттік дерегінше, мұндай шешім Киевтің АҚШ-тың жоғары басшылығымен жүргізген келіссөзінен кейін қабылданған. Әңгіме Украинаның теңіздегі операцияларынан біржола бас тартуы туралы емес. Киев нысананы іріктеудің жаңа тәртібін ұсынып отыр.
Сөйтіп, Қара теңіздегі бейтарап тасымалдаушыларға өз кемесі мен жүгінің мәртебесін алдын ала түсіндіретін тетік ұсынылмақ. Ал Ресей мұнайын таситын, санкциядағы немесе Мәскеумен байланысы бар кемелер үшін қауіп сейілген жоқ.
КТК-ға қатысты шешім Ақорда үшін айрықша маңызды. Консорциум құбыры Теңіз бен Қашағанның мұнайын Новороссийск маңындағы терминалға жеткізеді. Ел экспортының негізгі бөлігі дәл осы бағытпен әлемдік нарыққа шығады.
Bloomberg хабарлаған уағдаластықтың салмағы да осында. АҚШ Киевке қазақ мұнайының басты күретамырын соғыс нысанасына айналдырмау керегін аңғартқан тәрізді. КТК жүйесінде Chevron мен Exxon Mobil сияқты америкалық алпауыттардың мүддесі бар.
Айта кетелік, бұған дейін ашуға булыққан экс-депутат Айдос Сарым "Зеленскиймен сөйлесіңдер..." деп АҚШ-қа арыз жолдаған.
«Украина Уашиңтонның қолдауына тікелей тәуелді. Демек, Әмірика мен өзге де серіктестер Киевке сөзін өткізіп, нысананы дұрыс таңдауды талап еткені маңызды», – деген еді Сарым.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Украина Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына соққы жасамауға және Қара теңізде Ресейге қатысы жоқ танкерлерге тиіспеуге уәде берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Bloomberg-ке сілтеп.
Агенттік дерегінше, мұндай шешім Киевтің АҚШ-тың жоғары басшылығымен жүргізген келіссөзінен кейін қабылданған. Әңгіме Украинаның теңіздегі операцияларынан біржола бас тартуы туралы емес. Киев нысананы іріктеудің жаңа тәртібін ұсынып отыр.
Ендігі жерде тәнкер Украина санкциясына ілінбесе, оның иесі Ресей азаматы не ресейлік компания болмаса, ал бортында ресейлік мұнай немесе Ресейден шыққан өзге жүк болмаса, кеме шабуылға ұшырамауы тиіс. Bloomberg мәліметінше, Украина коммерциялық тасымалдаушылар үшін арнайы байланыс арналарын ашып, нұсқаулық әзірлеген.
Сөйтіп, Қара теңіздегі бейтарап тасымалдаушыларға өз кемесі мен жүгінің мәртебесін алдын ала түсіндіретін тетік ұсынылмақ. Ал Ресей мұнайын таситын, санкциядағы немесе Мәскеумен байланысы бар кемелер үшін қауіп сейілген жоқ.
КТК-ға қатысты шешім Ақорда үшін айрықша маңызды. Консорциум құбыры Теңіз бен Қашағанның мұнайын Новороссийск маңындағы терминалға жеткізеді. Ел экспортының негізгі бөлігі дәл осы бағытпен әлемдік нарыққа шығады.
Соңғы дрон шабуылдары Новороссийск төңірегіндегі мұнай тиеу жұмысын іркіп, жағдайдың қаншалықты нәзік екенін көрсетті. КТК-дағы кез келген кідіріс Қазақстанның экспорттық кірісіне, халықаралық мұнай компанияларының жоспарына әсер етеді.
Bloomberg хабарлаған уағдаластықтың салмағы да осында. АҚШ Киевке қазақ мұнайының басты күретамырын соғыс нысанасына айналдырмау керегін аңғартқан тәрізді. КТК жүйесінде Chevron мен Exxon Mobil сияқты америкалық алпауыттардың мүддесі бар.
Айта кетелік, бұған дейін ашуға булыққан экс-депутат Айдос Сарым "Зеленскиймен сөйлесіңдер..." деп АҚШ-қа арыз жолдаған.
«Украина Уашиңтонның қолдауына тікелей тәуелді. Демек, Әмірика мен өзге де серіктестер Киевке сөзін өткізіп, нысананы дұрыс таңдауды талап еткені маңызды», – деген еді Сарым.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯13❤7👏6👍4🤔3🔥2😁1
⚡️Саинадан Саин көшесіне: Сатыбалды Алматыны қазақша сөйлете бастады...
Алматы билігіне Дархан Сатыбалды келгелі қала көшелерінің атауы тек мемлекеттік тілде жазыла бастады деп жазады Ertenmedia.kz.
Алып мегаполистің орыстілді тұрғындары қаланың "қазақтанып" жатқанын аңғарып үлгерген екен. Сатыбалдының қала басшылығына келуімен басталған әлгі реформа айғай шусыз, қызыл сөзсіз, құрғақ ұрансыз атқарылып жатыр.
Ақиқатында, тілдік орта күнделікті көзбен көретін, айналада тұнып тұрған вижуал арқылы қалыптасады.
Алматының ондаған жыл бойы орыстілді тұтынушылық инерцияның жетегінде жүргені өтірік емес. Сатыбалдының тұсында осы бір психологиялық бөгет, комфорт зоны бұзылғандай.
Бізге жеткен мәлімет бойынша, әкімдік осы арқылы коммерциялық секторға да сигнал беруде. Қаланың инфрақұрылымдық қаңқасы (көше, аялдама т.б) тек қазақшаға көшсе, оның айналасындағы бизнес, жарнама, қызмет көрсету саласы да автоматты түрде осы стандартқа бейімделуге мәжбүр болады.
Мұның тағы бір тосын, экономикалық аспектісі де бар. Қос тілде тақтайша жасау, екі есе көлемдегі темір мен материал шығындау талай уақыт бойы қала бюджетіне салмақ салып келді.
Алматыда басталған кез келген үдеріс автоматты түрде бүкіл республикаға тарайды. Егер Алматыдай күрделі мегаполисте көше атауын толықтай мемтілге көшіруге мүмкіндік табылса, бұл үрдісті басқа өңірлерде жүргізуге ешқандай бөгет жоқ деген сөз.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Алматы билігіне Дархан Сатыбалды келгелі қала көшелерінің атауы тек мемлекеттік тілде жазыла бастады деп жазады Ertenmedia.kz.
Алып мегаполистің орыстілді тұрғындары қаланың "қазақтанып" жатқанын аңғарып үлгерген екен. Сатыбалдының қала басшылығына келуімен басталған әлгі реформа айғай шусыз, қызыл сөзсіз, құрғақ ұрансыз атқарылып жатыр.
Ақиқатында, тілдік орта күнделікті көзбен көретін, айналада тұнып тұрған вижуал арқылы қалыптасады.
«Сәтбаев» немесе «Тілендиев көшесі» деген жазуды оқып, бағытты бағдарлау үшін арнайы филологиялық білімнің де, аударманың да керегі жоқ. Ең бастысы, кеше «Саина» деп келген буын, ертең оның табиғи ырғақпен «Саин көшесі» деп жазылғанын көріп, сөйлеу мәнерін де соған икемдейді.
Алматының ондаған жыл бойы орыстілді тұтынушылық инерцияның жетегінде жүргені өтірік емес. Сатыбалдының тұсында осы бір психологиялық бөгет, комфорт зоны бұзылғандай.
Бізге жеткен мәлімет бойынша, әкімдік осы арқылы коммерциялық секторға да сигнал беруде. Қаланың инфрақұрылымдық қаңқасы (көше, аялдама т.б) тек қазақшаға көшсе, оның айналасындағы бизнес, жарнама, қызмет көрсету саласы да автоматты түрде осы стандартқа бейімделуге мәжбүр болады.
Мұның тағы бір тосын, экономикалық аспектісі де бар. Қос тілде тақтайша жасау, екі есе көлемдегі темір мен материал шығындау талай уақыт бойы қала бюджетіне салмақ салып келді.
Қаланың дизайн кодын қазақ тіліне көшірген әкімдік осы арқылы әрі ақша үнемдеді, әрі идеологиялық жеңіске жетті.
Алматыда басталған кез келген үдеріс автоматты түрде бүкіл республикаға тарайды. Егер Алматыдай күрделі мегаполисте көше атауын толықтай мемтілге көшіруге мүмкіндік табылса, бұл үрдісті басқа өңірлерде жүргізуге ешқандай бөгет жоқ деген сөз.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏78👍37❤21🔥10💯5
⚡️«Бірнеше тәулік көз ілмедік». Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін мәлімдеме жасады...
Жамбыл облысында болған ауыр жол апатына қатысы бар екені айтылған Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек алғаш рет үн қатты. Ол оқиға кезінде көлікте әйелімен бірге болғанын жанама түрде растап, зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге оның сауығып кетуін тілеп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Базарбектің сөзінше, жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Өзі мен жұбайы тергеу деректерін жарияламау жөнінде қолхат бергендіктен, оқиғаның егжей-тегжейін әзірге ашып айта алмайды.
Экс-депутат қазіргі басты міндеті зардап шеккен азамат пен оның отбасына қолдау көрсету екенін атап өтті.
Ол шұғыл медициналық көмек көрсеткен аудандық аурухана дәрігерлеріне, Денсаулық сақтау министрлігі мен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғыс білдірді. Сондай-ақ желіде тараған түрлі болжамға ермей, тергеудің ресми қорытындысын күтуге шақырды.
Жол апаты 15 тамызда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota көлігін басқарған Б. есімді азамат жолдың жүріс бөлігінде тұрған ер адамды қағып кеткен.
Бейресми деректе жолда бұған дейін басқа көлік сиырды қағып кеткені, бірнеше адам малдың өлексесін жол жиегіне шығаруға кіріскен кезде олардың бірін Toyota RAV4 басып кеткені айтылған. Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бұған дейін біз Базарбектің Құрылтайдан не себептен тыс қалғанын талдаған болатынбыз.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Жамбыл облысында болған ауыр жол апатына қатысы бар екені айтылған Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек алғаш рет үн қатты. Ол оқиға кезінде көлікте әйелімен бірге болғанын жанама түрде растап, зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге оның сауығып кетуін тілеп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Базарбектің сөзінше, жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Өзі мен жұбайы тергеу деректерін жарияламау жөнінде қолхат бергендіктен, оқиғаның егжей-тегжейін әзірге ашып айта алмайды.
«Тергеу жалғасып жатыр. Қазір қажетті сараптамалардың жүргізілуін күтіп отырмыз. Тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайына заң аясында әділ әрі объективті баға береді деп сенемін», – деді ол.
Экс-депутат қазіргі басты міндеті зардап шеккен азамат пен оның отбасына қолдау көрсету екенін атап өтті.
«Мен үшін қазір ең маңыздысы зардап шеккен адамның туған-туысының жанында болып, қажетті көмек көрсету. Бірнеше тәулік бойы іс жүзінде көз ілмедік. Оның жақындарымен бірге сауығып кетуін тілеп, дұға жасап жүрміз», – деп жазды Бақытжан Базарбек.
Ол шұғыл медициналық көмек көрсеткен аудандық аурухана дәрігерлеріне, Денсаулық сақтау министрлігі мен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғыс білдірді. Сондай-ақ желіде тараған түрлі болжамға ермей, тергеудің ресми қорытындысын күтуге шақырды.
Жол апаты 15 тамызда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota көлігін басқарған Б. есімді азамат жолдың жүріс бөлігінде тұрған ер адамды қағып кеткен.
Зардап шеккен 36 жастағы азамат аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, жағдайы ауыр деп бағаланған.
Бейресми деректе жолда бұған дейін басқа көлік сиырды қағып кеткені, бірнеше адам малдың өлексесін жол жиегіне шығаруға кіріскен кезде олардың бірін Toyota RAV4 басып кеткені айтылған. Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бұған дейін біз Базарбектің Құрылтайдан не себептен тыс қалғанын талдаған болатынбыз.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙏14❤10👍5🤔4😢4
⚡️Қашағанның қара жәшігі ашылды: Танымал саясаткер Назарбаевтан жауап алуды талап етті...
Қазақстанның Қашаған кен орнына қатысты халықаралық арбитражда көтерген 10,7 млрд долларлық талабы Назарбаев дәуіріндегі мұнай келісімдерін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Саясаткер Қазыбек Бейсебаев мемлекет байлығын бөліске салған құжаттардың қалай бекітілгенін қоғамнан жасырмай тексеріп, экс-елбасыдан жауап алатын уақыт жетті деп мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Айта кетелік, әзір Астана Қашаған жобасының шетелдік қатысушыларымен халықаралық арбитражда дауласып жатыр. Шатақ шарттардың жалпы құны 10 миллиард доллардан асып жығылады.
«Егер келісімдер ұлттық мүддені ескеріліп жасалғанда, Ұлттық қорда қазір әлдеқайда көп қаражат жатар еді. Бюджет те бүгінгідей қысымға түспес еді», – дейді саясаткер.
Ол қазіргі дауды 2003 жылы АҚШ-та басталған атышулы «Қазақгейт» ісімен байланыстыруда.
Сол кезде америкалық кәсіпкер, Назарбаевтың уәзірі Жейміс Гиффенге Батыс компанияларына мұнай-газ келісімдерін алып беру үшін Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларына ондаған млн доллар пара берді деген айып тағылған. Ұсталған сәтінде оның қолында Қазақстанның дип.паспорты болған.
Істе Нұрсұлтан Назарбаев пен экс-премьер Нұрлан Балғымбаевтың аты аталған.
Іс насырға шапқанда, Гиффеннің қорғаушылары оның АҚШ барлау құрылымдарымен (ЦРУ) байланыста жұмыс істегенін мәлімдеген. Құпия құжаттар араласқан 7 жылдық соттан кейін негізгі жемқорлық айыптары алынып тасталған. Судья Гиффенді толық ақтап, «америкалық патриот» деп атаған-тұғын.
Ескі Қазақстан? Бейсебаев Назарбаевтың кезінде жасалған ірі келісімдерді қайта қарайтын қоғамдық комиссия құруды ұсынып отыр. Сондай-ақ экс-елбасының Дубайға жиі сапарлау себебін, соның ішінде биліктен кетерінен бір апта бұрынғы сапарын анықтауды талап етті.
«Қазақстан оның жеке меншігі болды ма? Кеше ғана “Елбасы” атанған, аты астанаға, көше мен саябаққа берілген адам халықтың байлығын қандай құқықпен үлестірді? Осы сауалға жауап берілмей, елдің алға жылжуы да мүмкін емес», – деп түйіндеді саясаткер.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қазақстанның Қашаған кен орнына қатысты халықаралық арбитражда көтерген 10,7 млрд долларлық талабы Назарбаев дәуіріндегі мұнай келісімдерін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Саясаткер Қазыбек Бейсебаев мемлекет байлығын бөліске салған құжаттардың қалай бекітілгенін қоғамнан жасырмай тексеріп, экс-елбасыдан жауап алатын уақыт жетті деп мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Айта кетелік, әзір Астана Қашаған жобасының шетелдік қатысушыларымен халықаралық арбитражда дауласып жатыр. Шатақ шарттардың жалпы құны 10 миллиард доллардан асып жығылады.
Қашағандағы өнімді бөлу туралы негізгі келісім 1997 жылы жасалып, 2008 жылы оған елеулі өзгеріс енгізілген. Шарт бойынша инвесторлар өндіріске жұмсаған шығынын алдымен мұнай есебінен өтейді, содан кейін ғана табыс мемлекетпен кең көлемде бөлісіледі. Бейсебаевтың пайымынша, шығынның қолдан өсірілуі Қазақстанның өз мұнайынан түсетін үлесін ондаған жылға кейін сырғытып, Ұлттық қор мен бюджетке орасан залал келтірген.
«Егер келісімдер ұлттық мүддені ескеріліп жасалғанда, Ұлттық қорда қазір әлдеқайда көп қаражат жатар еді. Бюджет те бүгінгідей қысымға түспес еді», – дейді саясаткер.
Ол қазіргі дауды 2003 жылы АҚШ-та басталған атышулы «Қазақгейт» ісімен байланыстыруда.
Сол кезде америкалық кәсіпкер, Назарбаевтың уәзірі Жейміс Гиффенге Батыс компанияларына мұнай-газ келісімдерін алып беру үшін Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларына ондаған млн доллар пара берді деген айып тағылған. Ұсталған сәтінде оның қолында Қазақстанның дип.паспорты болған.
Істе Нұрсұлтан Назарбаев пен экс-премьер Нұрлан Балғымбаевтың аты аталған.
Іс насырға шапқанда, Гиффеннің қорғаушылары оның АҚШ барлау құрылымдарымен (ЦРУ) байланыста жұмыс істегенін мәлімдеген. Құпия құжаттар араласқан 7 жылдық соттан кейін негізгі жемқорлық айыптары алынып тасталған. Судья Гиффенді толық ақтап, «америкалық патриот» деп атаған-тұғын.
«Назарбаевтың жанында еліміздің дипломатиялық паспортымен жүрген АҚШ тыңшысы отырды. Соның тұсында мемлекетке тиімсіз, кіріптар келісімдер таңылды. Ал ел басшысы мұндай экономикалық диверсиядан бейхабар болды деу ақылға сыймайды. Мұны Отанға жасалған опасыздық демегенде не дейміз?» – деп жазды Бейсебаев.
Ескі Қазақстан? Бейсебаев Назарбаевтың кезінде жасалған ірі келісімдерді қайта қарайтын қоғамдық комиссия құруды ұсынып отыр. Сондай-ақ экс-елбасының Дубайға жиі сапарлау себебін, соның ішінде биліктен кетерінен бір апта бұрынғы сапарын анықтауды талап етті.
«Қазақстан оның жеке меншігі болды ма? Кеше ғана “Елбасы” атанған, аты астанаға, көше мен саябаққа берілген адам халықтың байлығын қандай құқықпен үлестірді? Осы сауалға жауап берілмей, елдің алға жылжуы да мүмкін емес», – деп түйіндеді саясаткер.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯52👍27❤15🔥7😱7😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️«Бір Барни үшін ұрды». Меркіде қаза тапқан Мәдинаның соңғы хатты елді есеңгіретті...
Жамбыл облысының Меркі ауданында көз жұмған 19 жастағы Мәдина Рашидқызы 17 тамызда жер қойнына тапсырылды. Күйеуінен кетуге қамданып, жолға 15 мың теңге іздеген жас ананың артында сегіз айлық сәбиі қалды. Полиция оның өліміне байланысты өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мәдина Өзбекстан азаматы болған, ал күйеуі Қазақстан азаматы. Екеуі екі жылға жуық отасқан. Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның құрбысы Зейнеп Мұсахожанова Threads желісінде олардың хат алмасуын жариялап, Мәдинаның отбасындағы жанжал мен күйеуінің қол көтеретіні жөнінде бұған дейін де бірнеше рет айтқанын жеткізді.
Соңғы кикілжің бір «Барни» бисквитінен басталған. Мәдинаның жазуынша, күйеуі тәттіні баласына әкелген, ал ол біреуін жеп қойған.
«Ол келіп, басымнан ұрды, мен құлап қалдым. Елестетші, бір “Барни” үшін», — делінген хатта.
Ертеңіне Мәдина жиналған чемоданының суретін жіберіп, күйеуінен кетуге және ажырасуға бел буғанын хабарлаған. Жол қаражатына құрбысынан 15 мың теңге қарыз сұрапты. Зейнептің қолында мұндай ақша болмағандықтан, таныстарынан көмек іздей бастаған. Алайда көп ұзамай оған Мәдинаның көз жұмғаны туралы хабар жеткен.
Құрбысы осыған қарап, Мәдинаны еденмен сүйреуі мүмкін деген болжам келтірген. Құқық қорғау органдары аталған мәліметтерге әзірге ресми баға берген жоқ. Зейнеп соңғы жанжалдың тікелей куәгері болмаған, ол оқиғаны марқұмның хаттары арқылы білген.
Оқиға орнына барған журналистің жазбасы осы жерде.

«Бүгін Мадиярмен қатты ұрыстым. Бір “Барни” шоколад үшін ұрыстық қой. Тіпті ұрып жіберді. Балаға алып келіпті, содан біреуін алып жегем. Соған “Неге жейсің, мен оны балаға алып келдім?” деді», — деп жазған ол құрбысына.Марқұм жанжалдан қашып, дәретханаға кіргенін, алайда күйеуі артынан барып, басынан ұрғанын айтқан.
«Ол келіп, басымнан ұрды, мен құлап қалдым. Елестетші, бір “Барни” үшін», — делінген хатта.
Ертеңіне Мәдина жиналған чемоданының суретін жіберіп, күйеуінен кетуге және ажырасуға бел буғанын хабарлаған. Жол қаражатына құрбысынан 15 мың теңге қарыз сұрапты. Зейнептің қолында мұндай ақша болмағандықтан, таныстарынан көмек іздей бастаған. Алайда көп ұзамай оған Мәдинаның көз жұмғаны туралы хабар жеткен.
Зейнеп марқұмның денесіндегі көгерген іздерді бұрын да өз көзімен көргенін, Мәдинадан жарақат суреттерін алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жерлеу алдында жас әйелдің денесінде сау жер қалмаған, ал шашынан нан қоқымы табылған.
Құрбысы осыған қарап, Мәдинаны еденмен сүйреуі мүмкін деген болжам келтірген. Құқық қорғау органдары аталған мәліметтерге әзірге ресми баға берген жоқ. Зейнеп соңғы жанжалдың тікелей куәгері болмаған, ол оқиғаны марқұмның хаттары арқылы білген.
Оқиға орнына барған журналистің жазбасы осы жерде.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱22😢12❤9😡6
⚡️Ақылы трассадағы ала сиыр: Мұрат Әбенов Базарбек түскен жол апатының көмескі тұстарын атады...
Экс-депутат Мұрат Әбенов Жамбыл облысындағы тасжолда Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол апатына қатысты пікір білдірді. Ол досының адамдық қасиетіне сенетінін, алайда тергеу мен сот кінәсін дәлелдесе, оны ақтап алуға тырыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Әбенов Базарбекті 12 жылдан бері білетінін, оның заңсыздық пен жемқорлыққа қарсы күресте лауазым мен атаққа қарамайтын табанды заңгер екенін жазды. Апат жайлы ести сала онымен телефон арқылы сөйлескен. Базарбек оқиғаның жай-жапсарын өзі ашық айтуға дайын болғанымен, жұбайы екеуі тергеу құпиясын жарияламау жөніндегі міндеттемеге қол қойғандықтан, егжей-тегжейін түсіндіре алмай отыр.
Әбеновтің мәліметінше, Базарбек алкоголь мен есірткіге тексерілген, сараптама ештеңе анықтамаған. Жылдамдықты асырғаны жөнінде де әзірге дерек жоқ. Оның пікірінше, тасжолдағы камералар арасындағы жүріп өткен уақыт арқылы көліктің орташа жылдамдығын нақты анықтауға болады. Базарбек сапарға әйелі және кішкентай екі баласымен шыққан.
Жол апатынан кейін ол зардап шеккен азаматтың жағдайын біліп, ауруханаға барып, анасы мен туыстарымен кездескен. Базарбектің өзі де бірнеше тәулік бойы жараланған адамның жақындарының жанында болып, сауығып кетуін тілеп жүргенін мәлімдеген еді.
Әбенов полицияның бастапқы дерегіне сүйеніп, апатқа қараусыз қалған сиырдың халықаралық магистральға шығуы түрткі болғанын жазды. БАҚ-тағы мәлімет бойынша, жол үстінде жатқан жануармен соқтығыспауға тырысқан Базарбек көлікті бұрып, артынша адам зардап шеккен оқиға болған.
«Егер сиыр халықаралық трассаға қоршаудағы жырықтан кірсе, оған “ҚазАвтоЖол” жауап беруге
тиіс», — деді ол.
Әбеновтің пайымынша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі жоғары техникалық санаттағы жылдам магистраль болғандықтан, жол жиегі үй және жабайы жануар кіре алмайтындай қоршалуы керек. Жүргізушіден ақы алынған соң оператор сапалы жабынмен қатар, жарықтандыруды, байланыс желісін, шұғыл ескерту мен жедел көмек жүйесін де қамтамасыз етуге міндетті. Жуырда рұқсат етілген жылдамдықтың 110-нан 120 шақырымға көтерілуі жол операторының қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатынын мойындағанын аңғартады.
Ол тергеу жауап іздеуге тиіс сауалдарды да тізіп шықты. Толығырақ осында.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Экс-депутат Мұрат Әбенов Жамбыл облысындағы тасжолда Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол апатына қатысты пікір білдірді. Ол досының адамдық қасиетіне сенетінін, алайда тергеу мен сот кінәсін дәлелдесе, оны ақтап алуға тырыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Әбенов Базарбекті 12 жылдан бері білетінін, оның заңсыздық пен жемқорлыққа қарсы күресте лауазым мен атаққа қарамайтын табанды заңгер екенін жазды. Апат жайлы ести сала онымен телефон арқылы сөйлескен. Базарбек оқиғаның жай-жапсарын өзі ашық айтуға дайын болғанымен, жұбайы екеуі тергеу құпиясын жарияламау жөніндегі міндеттемеге қол қойғандықтан, егжей-тегжейін түсіндіре алмай отыр.
«Ол айналасына қаншалықты қатал болса, өзіне де соншалықты талапшыл. Заңдағы саңылауды пайдалануға, өзіне жеңілдік сұрауға бармайды. Тергеуге толық көмектесіп, барлық сараптамадан өтетініне сенемін», — деді Tengrinews-ке пікір білдірген экс-депутат.
Әбеновтің мәліметінше, Базарбек алкоголь мен есірткіге тексерілген, сараптама ештеңе анықтамаған. Жылдамдықты асырғаны жөнінде де әзірге дерек жоқ. Оның пікірінше, тасжолдағы камералар арасындағы жүріп өткен уақыт арқылы көліктің орташа жылдамдығын нақты анықтауға болады. Базарбек сапарға әйелі және кішкентай екі баласымен шыққан.
Жол апатынан кейін ол зардап шеккен азаматтың жағдайын біліп, ауруханаға барып, анасы мен туыстарымен кездескен. Базарбектің өзі де бірнеше тәулік бойы жараланған адамның жақындарының жанында болып, сауығып кетуін тілеп жүргенін мәлімдеген еді.
Әбенов полицияның бастапқы дерегіне сүйеніп, апатқа қараусыз қалған сиырдың халықаралық магистральға шығуы түрткі болғанын жазды. БАҚ-тағы мәлімет бойынша, жол үстінде жатқан жануармен соқтығыспауға тырысқан Базарбек көлікті бұрып, артынша адам зардап шеккен оқиға болған.
Экс-депутат тергеу көлік жүргізушісінің әрекетімен шектелмеуге тиіс деп санайды. Мал иесінің жауапкершілігімен бірге ақылы трассаны басқаратын жол операторының жұмысы да тексерілуі қажет.
«Егер сиыр халықаралық трассаға қоршаудағы жырықтан кірсе, оған “ҚазАвтоЖол” жауап беруге
тиіс», — деді ол.
Әбеновтің пайымынша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі жоғары техникалық санаттағы жылдам магистраль болғандықтан, жол жиегі үй және жабайы жануар кіре алмайтындай қоршалуы керек. Жүргізушіден ақы алынған соң оператор сапалы жабынмен қатар, жарықтандыруды, байланыс желісін, шұғыл ескерту мен жедел көмек жүйесін де қамтамасыз етуге міндетті. Жуырда рұқсат етілген жылдамдықтың 110-нан 120 шақырымға көтерілуі жол операторының қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатынын мойындағанын аңғартады.
Ол тергеу жауап іздеуге тиіс сауалдарды да тізіп шықты. Толығырақ осында.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯32❤9👏9🔥3🤮2🙏2😢1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Жансақтаудан жеткен жақсы хабар: Бақытжан Базарбек жәбірленуші жақпен бірге елге үн қатты...
Жамбыл облысындағы ақылы жолда адам қағып кеткен экс-депутат Бақытжан Базарбек зардап шеккен азаматтың ет жақындарымен бірге елге үндеу жасады деп жазады Ertenmedia.kz.
Әзір ауруханада ем қабылдап жатқан Нұржігіттің туыстары оның қазіргі жағдайына қатысты ақпар берді.
Өз кезегінде Бақытжан Базарбек көлік қаққан жігіттің өмірі үшін арпаласып жатқан дәрігерлерге алғысын білдірді.
Жол апаты 15 тамызда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota көлігін басқарған Базарбек жолдың жүріс бөлігінде тұрған ер адамды қағып кеткен.
Зардап шеккен 36 жастағы азамат аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, жағдайы ауыр деп бағаланған.
Бейресми деректе жолда бұған дейін басқа көлік сиырды қағып кеткені, бірнеше адам малдың өлексесін жол жиегіне шығаруға кіріскен кезде олардың бірін Toyota RAV4 басып кеткені айтылған. Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бұған дейін біз Базарбектің Құрылтайдан не себептен тыс қалғанын талдаған болатынбыз.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Жамбыл облысындағы ақылы жолда адам қағып кеткен экс-депутат Бақытжан Базарбек зардап шеккен азаматтың ет жақындарымен бірге елге үндеу жасады деп жазады Ertenmedia.kz.
Әзір ауруханада ем қабылдап жатқан Нұржігіттің туыстары оның қазіргі жағдайына қатысты ақпар берді.
"Бақытжан мырза, қолынан келгенше көмегін көрсетіп жатыр. Бауырымыздың аяқтан түріп кетуіне барынша атсалысуда. Нұржігіттің беті бері қарап келе жатқандай, жағдайы қанағаттанарлық. Ол үшін дұғада болыңыздар", - дейді жәбірленуші тарап.
Өз кезегінде Бақытжан Базарбек көлік қаққан жігіттің өмірі үшін арпаласып жатқан дәрігерлерге алғысын білдірді.
"Ем-домы жүріп жатыр. Дәрі-дәрмектер де жеткізілді. Денсаулық сақтау министрі де жағдайды бақылауда ұстауда. Кішкене болсын, оң өзгерістер бар. Нұржігіттің бауырымның ағалары, әпекелері, жолдасы бар, бәріміз де оның тезірек сауығып кетуін құдайдан тілеп отырмыз. Әртүрлі алып-қашпа әңгімеге сенбеңіздер. Қазір осы жерде түнеп жүрміз. Нұржігіт аяқтан тұрғасын оны Астана мен Алматыдағы ең үздік емханаларға апарып, сауықтыру жұмысын жүргіземін", - деді экс-депутат.
Жол апаты 15 тамызда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota көлігін басқарған Базарбек жолдың жүріс бөлігінде тұрған ер адамды қағып кеткен.
Зардап шеккен 36 жастағы азамат аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, жағдайы ауыр деп бағаланған.
Бейресми деректе жолда бұған дейін басқа көлік сиырды қағып кеткені, бірнеше адам малдың өлексесін жол жиегіне шығаруға кіріскен кезде олардың бірін Toyota RAV4 басып кеткені айтылған. Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бұған дейін біз Базарбектің Құрылтайдан не себептен тыс қалғанын талдаған болатынбыз.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙏21👍17❤5🔥3🤔1
⚡️ Жазды тиімді өткізудің Forte формуласы. Бонус та бар, саяхат та бар...
Күн сайын дүкенде есеп айырысамыз, банк картасын қолданамыз, депозит ашып, кредит ресімдейміз. Әдетке айналған осы әрекеттер биыл жазда қосымша бонус пен саяхатқа жолдама әкелуі мүмкін.
Forte 2026 жылғы 22 маусым мен 13 қыркүйек аралығында өтетін «Тиімді жаз» науқанын бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қатысу үшін төмендегі талаптардың бірін орындау қажет:
❤️ Forte-де кемінде 50 мың теңгеге кез келген кредит ресімдеп немесе бұрынғы кредитті қайта қаржыландыру;
❤️ Қолданыста депозиті бар клиент ретінде Forte картасымен кемінде 20 мың теңгеге сауда жасау;
❤️ Forte Black, Forte One немесе Janymda карталарының кредит лимитін пайдалану.
Жеңімпаздар @fortebankkz Instagram парақшасындағы тікелей эфирде анықталады.
Науқанның толық шарты forte.kz сайтында жарияланған.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026 жылғы 14 шілдедегі №1.1.965.133 лицензиясы «ForteBank» АҚ-ға берілген.
✈️ https://t.me/ertenmedia
Күн сайын дүкенде есеп айырысамыз, банк картасын қолданамыз, депозит ашып, кредит ресімдейміз. Әдетке айналған осы әрекеттер биыл жазда қосымша бонус пен саяхатқа жолдама әкелуі мүмкін.
Forte 2026 жылғы 22 маусым мен 13 қыркүйек аралығында өтетін «Тиімді жаз» науқанын бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Науқанға қатысқан банк клиенттері апта сайынғы ұтыста 100 мың Forte бонусын, ал ай сайынғы қорытындыда саяхатқа арналған1 миллион теңгені жеңіп ала алады.
Қатысу үшін төмендегі талаптардың бірін орындау қажет:
Жеңімпаздар @fortebankkz Instagram парақшасындағы тікелей эфирде анықталады.
Науқанның толық шарты forte.kz сайтында жарияланған.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026 жылғы 14 шілдедегі №1.1.965.133 лицензиясы «ForteBank» АҚ-ға берілген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23💯11❤9😁2👏1
⚡️Маңдайшаға сыймаған қазақ тілі: Алматыдағы түрік мейрамханасы бойкотпен бетпе-бет келуі мүмкін...
Қазақ тілінің қоғамдық кеңістіктегі ықпалы күшейіп келеді. Көшедегі жазуға көз тоқтатып, құрмет талап ете бастаған азаматтар тіл мәселесін күнделікті тұтыну мәдениетінің бір бөлігіне айналдыруда деп жазады Ertenmedia.kz.
Мәселен, Айбол Болатбекұлы есімді Threads белсендісі Алматыдағы Момышұлы көшесінің бойында орналасқан Özyurt түрік асханасының маңдайшасына назар аударған. Сервис иесі асхананың атауын тек орыс тілінде көрсеткен екен.
Жазба желідегі жұрттың қызу қолдауына ие болуда. Бір тәулікке жетпей 4 мыңнан астам адам лүпіл басып, жүздеген пікір қалдырған. Мұндай үн қату титулды ұлттың тілге қатысты талабы бұрынғыдай тар ортадағы талқылау емес, ықпалды қоғамдық ұстанымға айналып келе жатқанын аңғартады.
Соңғы уақытта әлемжеліде қазақша мәзір, маңдайша, жарнама мен қызмет талап еткен жазбалар жиі ұшырасуда. Қазақша сөйлейтін тұтынушы өз ақшасын жұмсаған жерде ана тілінде ақпарат алуға, қызмет көрсету сапасын талап етуге толық құқылы екенін сезіне бастады.
Күн сайын дүкенге кіретін, дәмханаға баратын, қызмет ақысын төлейтін және өз тілінде құрмет күтетін талапшыл қауымның қарқыны үдей түспесе, бәсеңдемейді. Бойкотқа ұрынғысы келмесе Özyurt-тегі түрік ағайындар маңдайшадағы жазуды өзгертуге асығуы тиіс.
Фото: threads.com/@aibol.bolatbekuly
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қазақ тілінің қоғамдық кеңістіктегі ықпалы күшейіп келеді. Көшедегі жазуға көз тоқтатып, құрмет талап ете бастаған азаматтар тіл мәселесін күнделікті тұтыну мәдениетінің бір бөлігіне айналдыруда деп жазады Ertenmedia.kz.
Мәселен, Айбол Болатбекұлы есімді Threads белсендісі Алматыдағы Момышұлы көшесінің бойында орналасқан Özyurt түрік асханасының маңдайшасына назар аударған. Сервис иесі асхананың атауын тек орыс тілінде көрсеткен екен.
«Логотипке қазақ тілін қосуды сұраймыз. Қазақтың жерінде тұрып, нанын жеп, суын ішіп, ақша тауып, маңдайшаға тек орыс тілінде жазып қойғандарыңа жол болсын. Қазақтарға көрсеткен сый-құрмет осы ма?» — деп қынжылды ол.
Жазба желідегі жұрттың қызу қолдауына ие болуда. Бір тәулікке жетпей 4 мыңнан астам адам лүпіл басып, жүздеген пікір қалдырған. Мұндай үн қату титулды ұлттың тілге қатысты талабы бұрынғыдай тар ортадағы талқылау емес, ықпалды қоғамдық ұстанымға айналып келе жатқанын аңғартады.
Соңғы уақытта әлемжеліде қазақша мәзір, маңдайша, жарнама мен қызмет талап еткен жазбалар жиі ұшырасуда. Қазақша сөйлейтін тұтынушы өз ақшасын жұмсаған жерде ана тілінде ақпарат алуға, қызмет көрсету сапасын талап етуге толық құқылы екенін сезіне бастады.
"Özyurt? Бізді бауыр санайтын түріктердің түрі осы ма? Әлгі мейрамхананың иесі үшін маңдайшадағы қазақша бір ауыз сөз шығын емес. Ол жергілікті ортаға деген ықылас, клиентке жолданған ілтипат, осы елдің мәдени кеңістігін мойындаудың белгісі", - деп жазып жатыр осы тұста Threads-тегі қауым.
Күн сайын дүкенге кіретін, дәмханаға баратын, қызмет ақысын төлейтін және өз тілінде құрмет күтетін талапшыл қауымның қарқыны үдей түспесе, бәсеңдемейді. Бойкотқа ұрынғысы келмесе Özyurt-тегі түрік ағайындар маңдайшадағы жазуды өзгертуге асығуы тиіс.
Фото: threads.com/@aibol.bolatbekuly
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏37🔥16👍13💯8❤6😱2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Головкиннің Кремльге ашқан қақпасы: танымал саясаткер Ресейге қатысты шешімді аяусыз сынады...
Танымал саясаткер Арман Шораев ресейлік боксшыларға халықаралық жарысқа қатысуға рұқсат берген World Boxing федерациясының президенті Геннадий Головкинге үн қатты деп жазады Ertenmedia.kz.
World Boxing атқарушы комитеті 30 шілдеде орыс боксшыларына қойылған шектеулерді алып тастаған. Бұдан былай Ресей өкілдері халықаралық жарыстарға бейтарап мәртебемен емес, өз елінің туы мен әнұранын пайдаланып қатыса алады.
Головкиннің шешімі басқыншы елдің саясатын қолдамайтын көпшілік тарапынан қатты қарсылыққа ұшырауда.
Осы жайтты еске салған Шораев Головкинге қарата, "есің барда, еліңді тап" деп отыр.
Айта кетелік, World Boxing бүгінде Олимпиада боксын басқаратын негізгі ұйым саналады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Танымал саясаткер Арман Шораев ресейлік боксшыларға халықаралық жарысқа қатысуға рұқсат берген World Boxing федерациясының президенті Геннадий Головкинге үн қатты деп жазады Ertenmedia.kz.
World Boxing атқарушы комитеті 30 шілдеде орыс боксшыларына қойылған шектеулерді алып тастаған. Бұдан былай Ресей өкілдері халықаралық жарыстарға бейтарап мәртебемен емес, өз елінің туы мен әнұранын пайдаланып қатыса алады.
Головкиннің шешімі басқыншы елдің саясатын қолдамайтын көпшілік тарапынан қатты қарсылыққа ұшырауда.
Осы жайтты еске салған Шораев Головкинге қарата, "есің барда, еліңді тап" деп отыр.
"Бір ғана шешіміңмен, осыған дейінгі сый-құрметіңді шелектеп төгіп тастадың. Бүкіл ар-абыройыңды туалетке ағыза салдың. Сен үшін таңғы алтыда төсегінен түрегеліп, қолдау көрсеткен қаншама қазақтың көңілін қалдырдың. Қазақтардың 90 пайызы Украинаны қолдайды, басқыншылықты айыптайды. Кремльдің қолын қанға малғанын біле тұра, осындай әрекетке бардың. Сөйтіп зұлым күштің жағына шықтың, сөзін сөйледің. Тез арада шешіміңді өзгерт", - дейді Шораев.
Айта кетелік, World Boxing бүгінде Олимпиада боксын басқаратын негізгі ұйым саналады.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯70👍21❤9🔥5👏3🤔2
⚡️Экс-елбасының соңғы қолтаңбасы: Тоқаев Назарбаев дәуірінің тағы бір нормасын жойды...
Қазақстанның сыртқы саясатынан Назарбаевтың ерекше мәртебесін бекіткен тағы бір норма алынып тасталды. Экс-елбасының сыртқы саясаттағы маңызды мәселелер бойынша халыққа, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға өмір бойы бастама жолдау құқығы енді ресми тұжырымдамада жоқ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Президент Тоқаев әзірде Қазақстанның 2020–2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасына өзгеріс енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Бұрын тұжырымдаманың «Сыртқы саясатты іске асыру құралдары» бөлімінде мынадай нормы болған:
Жаңа жарлықпен аталған тармақ толықтай алынып тасталды
Осылайша, Әбішұлының сыртқы саясатқа ықпал етуіне құқықтық негіз болған арнайы артықшылықтың тұжырымдамадағы соңғы ізі өшірілді.
Сыртқы саясаттың негізгі қағидалары да жаңаша жазылған. Құжатта Қазақстанның ұлттық мүддені мызғымас негіз ретінде қорғайтыны атап көрсетілген.
2023 жылы тұңғыш президент Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев қоры Жоғары қамқоршылық кеңесінің басшылығынан шығарылды.
14 тамызда күшіне енген жаңа жарлық осы үдерістің сыртқы саясаттағы жалғасына айналды. Бір кездері «тарихи миссия» деген желеумен өмір бойына берілген өкілеттік енді Қазақстанның ресми сыртқы саясат құжатында да жоқ.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қазақстанның сыртқы саясатынан Назарбаевтың ерекше мәртебесін бекіткен тағы бір норма алынып тасталды. Экс-елбасының сыртқы саясаттағы маңызды мәселелер бойынша халыққа, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға өмір бойы бастама жолдау құқығы енді ресми тұжырымдамада жоқ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Президент Тоқаев әзірде Қазақстанның 2020–2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасына өзгеріс енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Бұрын тұжырымдаманың «Сыртқы саясатты іске асыру құралдары» бөлімінде мынадай нормы болған:
«Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы туралы» Конституциялық заңға сәйкес, Қазақстан тұңғыш президенті, елбасыға тарихи миссиясына байланысты сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелері жөнінде Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға бастама жасау құқығы өмір бойы тиесілі».
Жаңа жарлықпен аталған тармақ толықтай алынып тасталды
Осылайша, Әбішұлының сыртқы саясатқа ықпал етуіне құқықтық негіз болған арнайы артықшылықтың тұжырымдамадағы соңғы ізі өшірілді.
Сыртқы саясаттың негізгі қағидалары да жаңаша жазылған. Құжатта Қазақстанның ұлттық мүддені мызғымас негіз ретінде қорғайтыны атап көрсетілген.
Назарбаевтың саяси артықшылықтарын заңнамадан алып тастау бірнеше жылдан бері кезең-кезеңімен жүріп келеді. 2022 жылы ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығынан айырылды. Ішкі және сыртқы саясаттағы маңызды шешімдерді онымен келісу талабы да жойылды.
2023 жылы тұңғыш президент Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев қоры Жоғары қамқоршылық кеңесінің басшылығынан шығарылды.
14 тамызда күшіне енген жаңа жарлық осы үдерістің сыртқы саясаттағы жалғасына айналды. Бір кездері «тарихи миссия» деген желеумен өмір бойына берілген өкілеттік енді Қазақстанның ресми сыртқы саясат құжатында да жоқ.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍49❤7🤔5🔥2🤡2👏1
⚡️Үміт мен үрей арасындағы төрт тәулік: Нұржігіттің өмірі үшін тұтас ұжым арпалысып жатыр...
Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан ауыр жарақат алған Нұржігіттің төрт күннен бері комада жатқанын хабарлады. Ол зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге ауруханада жүргенін айтып, Нұржігіттің өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Базарбек желіде Нұржігіттің туған бауырлары, әпкелері және Тұрар Рысқұлов атындағы орталық аурухананың медицина қызметкерлерімен бірге түскен суретін жариялады.
Ол аурухананың бас дәрігері Айман Бекебаеваның кәсібилігіне айрықша тоқталды. Базарбектің сөзінше, бас дәрігер әр үш-төрт сағат сайын Нұржігітке жасалып жатқан ем-дом мен медициналық шаралар жөнінде жақындарына түсінік беріп отыр.
Оның айтуынша, бас дәрігер ауыр халде жатқан өзге науқастардың туыстарымен де ашық сөйлесіп, дәрігерлер қолданып жатқан шараларды түсінікті тілмен жеткізуге тырысады.
«Төрт күннің ішінде көп нәрсеге көзім жетті. Отандық медицинаны көтереміз десек, Айман Кенжебекқызы сияқты кәсіби, білікті, талапшыл әрі мықты мамандарды қолдау керек», – деді экс-депутат.
Бақытжан Базарбек Нұржігіттің аяққа тұрып кетуіне дәрігерлердің еңбегі тікелей ықпал ететініне сенетінін жеткізді.
Бұған дейін Базарбек өзі қатысқан жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлаған еді. Ол жұбайы екеуі тергеу деректерін жарияламау туралы қолхат бергенін айтып, әлеуметтік желідегі болжамдарға ермеуге шақырған.
Қазір оның басты тілегі төртінші тәулік бойы комада жатқан Нұржігіттің сауығып, отбасына аман оралуы.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан ауыр жарақат алған Нұржігіттің төрт күннен бері комада жатқанын хабарлады. Ол зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге ауруханада жүргенін айтып, Нұржігіттің өмірі үшін күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Базарбек желіде Нұржігіттің туған бауырлары, әпкелері және Тұрар Рысқұлов атындағы орталық аурухананың медицина қызметкерлерімен бірге түскен суретін жариялады.
Ол аурухананың бас дәрігері Айман Бекебаеваның кәсібилігіне айрықша тоқталды. Базарбектің сөзінше, бас дәрігер әр үш-төрт сағат сайын Нұржігітке жасалып жатқан ем-дом мен медициналық шаралар жөнінде жақындарына түсінік беріп отыр.
«Айман Кенжебекқызының басшылығымен аурухананың реаниматологтары, травматологтары мен анестезиологтары күндіз-түні, таңға дейін Нұржігіт сияқты өмір сынағына тап болған азаматтардың өмірін сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп келеді. Қазіргі заманның батырлары кім десек, Айман Кенжебекқызы сияқты адамдарды айтуға болады», – деп жазды Базарбек.
Оның айтуынша, бас дәрігер ауыр халде жатқан өзге науқастардың туыстарымен де ашық сөйлесіп, дәрігерлер қолданып жатқан шараларды түсінікті тілмен жеткізуге тырысады.
«Төрт күннің ішінде көп нәрсеге көзім жетті. Отандық медицинаны көтереміз десек, Айман Кенжебекқызы сияқты кәсіби, білікті, талапшыл әрі мықты мамандарды қолдау керек», – деді экс-депутат.
Бақытжан Базарбек Нұржігіттің аяққа тұрып кетуіне дәрігерлердің еңбегі тікелей ықпал ететініне сенетінін жеткізді.
«Нұржігіттің аяққа тұрып кетуіне бірден-бір себепші болатын жандардың бірі – осы ақ халатты абзал жандар. Қолдарыңызға дерт бермесін!» – деді экс-депутат.
Бұған дейін Базарбек өзі қатысқан жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлаған еді. Ол жұбайы екеуі тергеу деректерін жарияламау туралы қолхат бергенін айтып, әлеуметтік желідегі болжамдарға ермеуге шақырған.
Қазір оның басты тілегі төртінші тәулік бойы комада жатқан Нұржігіттің сауығып, отбасына аман оралуы.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙏28❤12👍4👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Сайлау жәшігі жанындағы тосын кездесу: Қошанов өзі туралы қауесетті күл-талқан етті...
Құрылтай сайлауында дауыс беруге келген Мәжілістің экс-төрағасы Ерлан Қошанов әлемжеліде өзін «ұсталды» деп тараған ақпаратқа жауап қатты. Ол әлгі жазбаларды қоғамды адастыруға бағытталған арандатушылық деп бағалады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Журналистер экс-спикерден алдағы жеке жоспары туралы да сұрады. Қошанов сайлау күні өзінің саяси болашағын талқылауды жөн көрмейтінін аңғартты.
Қошанов әлемжеліде тараған «экс-спикер ұсталды» деген мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Оның жалған ақпарат екені анық қой. Мұндай жазбаны кейбір деструктивті ресурстар жариялады. Мұндағы мақсат ел арасына іріткі салу, қоғамды адастыру. Сондықтан азаматтар жалған дереккөзге сенбей, ресми ақпаратқа сүйенуі керек», – деді ол.
Айта кетелік, әзірге экс-спикердің қайда жайғасары белгісіз. Бұған дейін Қошанов "Аманатты" ребрендинг жасауға атсалысып, Айбек Дәдебайға табыстаған.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Құрылтай сайлауында дауыс беруге келген Мәжілістің экс-төрағасы Ерлан Қошанов әлемжеліде өзін «ұсталды» деп тараған ақпаратқа жауап қатты. Ол әлгі жазбаларды қоғамды адастыруға бағытталған арандатушылық деп бағалады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Журналистер экс-спикерден алдағы жеке жоспары туралы да сұрады. Қошанов сайлау күні өзінің саяси болашағын талқылауды жөн көрмейтінін аңғартты.
«Бүгін бе, бүгін тарихи күн. Елдің ертеңін айқындап жатырмыз. Сондықтан дәл қазір менің жеке басымның болашағы емес, елдің болашағы туралы сөйлесейік», – деді ол.
Қошанов әлемжеліде тараған «экс-спикер ұсталды» деген мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Оның жалған ақпарат екені анық қой. Мұндай жазбаны кейбір деструктивті ресурстар жариялады. Мұндағы мақсат ел арасына іріткі салу, қоғамды адастыру. Сондықтан азаматтар жалған дереккөзге сенбей, ресми ақпаратқа сүйенуі керек», – деді ол.
Айта кетелік, әзірге экс-спикердің қайда жайғасары белгісіз. Бұған дейін Қошанов "Аманатты" ребрендинг жасауға атсалысып, Айбек Дәдебайға табыстаған.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16❤8🤔6😱2💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бектеновтің екінші айналымы: Балаева министрлер кабинетіне қатысты маңызды белгі берді...
Бектеновтің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Құрылтай сайлауынан кейін Үкімет құрамында түбегейлі өзгеріс бола қоймайды деп есептейді. Оның болжамынша, қазіргі министрлердің көбі қызметінде қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Вице-премьер жаңа Үкімет құрамына енген жағдайда, медиа мен онлайн-платформаларға қатысты заңнаманы жетілдіру жұмысын жалғастыратынын жеткізді. Ақпарат кеңістігіндегі басты түйткілдің бірі ретінде жалған мәліметтің таралуын атады. Оның пікірінше, фейкті толық жою мүмкін емес, сондықтан журналистер кәсіби қағидаларды берік ұстанып, әр деректі мұқият тексеруге тиіс.
Айтуынша, осыған дейін үкімет жетекшілері (Смайылов, Мәсімов, Сағынтаев, Мәмин) молшылық жылдары инфрақұрылымды жаңартудың орнына, ақшаны мүлде басқа бағытқа жұмсап жіберген.
Видео: Ұлысмедиа порталынан
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Бектеновтің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Құрылтай сайлауынан кейін Үкімет құрамында түбегейлі өзгеріс бола қоймайды деп есептейді. Оның болжамынша, қазіргі министрлердің көбі қызметінде қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Бектенов? Қазіргі министрлер кабинеті өте кәсіби. Мемлекет басшысының нақты міндеттері мен бастамалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан көптеген министр өз қызметінде қалады деп ойлаймын», – деді Балаева.
Вице-премьер жаңа Үкімет құрамына енген жағдайда, медиа мен онлайн-платформаларға қатысты заңнаманы жетілдіру жұмысын жалғастыратынын жеткізді. Ақпарат кеңістігіндегі басты түйткілдің бірі ретінде жалған мәліметтің таралуын атады. Оның пікірінше, фейкті толық жою мүмкін емес, сондықтан журналистер кәсіби қағидаларды берік ұстанып, әр деректі мұқият тексеруге тиіс.
Бұған дейін танымал сарапшы қазіргі үкіметті қолдап, Бектеновтың дүлей дауыл кезінде билікке келгенін келгенін айтқан.
Айтуынша, осыған дейін үкімет жетекшілері (Смайылов, Мәсімов, Сағынтаев, Мәмин) молшылық жылдары инфрақұрылымды жаңартудың орнына, ақшаны мүлде басқа бағытқа жұмсап жіберген.
Видео: Ұлысмедиа порталынан
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16🤔8👎6❤5🔥2👏1😁1
⚡️«Баршаңыз жақсы білетін адам». Тоқаев вице-президентке қатысты интриганы қоюлатты...
Қазақстанның вице-президенті кім болатыны алдағы 10 күн ішінде айқындалады. Тоқаев жаңа қызметке елге жақсы таныс, белгілі тұлға тағайындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Құрылтай сайлауында дауыс берген Мемлекет басшысы кандидаттың есімін дәл қазір атауға әлі ерте деп отыр.
Айтуынша, алғашқы вице-президенттің есімі келесі аптада немесе 10 күн ішінде белгілі болады.
«Ол ма, ол баршаңыз жақсы білетін белгілі адам», – деді Мемлекет басшысы.
Вице-президенттің нақты өкілеті, мемлекеттік басқарудағы орны және Үкімет пен Президент әкімшілігімен жұмыс істеу тетігі кейінірек айқындалмақ.
Мемлекет басшысы мұнымен саяси реформалар аяқталмайтынын да айтты. Алда Халық кеңесінің жұмысын іске қосу міндеті тұр. Кей азаматтар су жаңа құрылымды атышулы Ассамблеясымен салыстырып жүргенін айтқан Тоқаев Халық кеңесінің аясы әлдеқайда кең болатынын меңзеді.
Президент алдағы кезеңге жоспарланған жобаларға да тоқталды.
Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауының өту барысына да оң баға берді. Пікірінше, саяси дода барысында қоғамдық алаңға жаңа тұлғалар шығып, мазмұнды әрі сындарлы ұсыныстар айтылған.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қазақстанның вице-президенті кім болатыны алдағы 10 күн ішінде айқындалады. Тоқаев жаңа қызметке елге жақсы таныс, белгілі тұлға тағайындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Құрылтай сайлауында дауыс берген Мемлекет басшысы кандидаттың есімін дәл қазір атауға әлі ерте деп отыр.
«Вице-президент қызметіне қатысты сауалды жан-жақтан қойып жатырсыздар. Расында, бұл елеулі өзгеріс. Біз Ата заңда жаңа лауазымды саналы түрде бекіттік. Қазіргі күрделі кезеңде мұндай қызмет елімізге айрықша қажет», – деді Тоқаев.
Айтуынша, алғашқы вице-президенттің есімі келесі аптада немесе 10 күн ішінде белгілі болады.
«Ол ма, ол баршаңыз жақсы білетін белгілі адам», – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев кандидаттың есімін құпия ұстағанымен, оның ел-жұртқа бейтаныс тұлға болмайтынын аңғартып отыр. Үлкен үй ойлап тапқан жаңа лауазым мемлекеттік басқару жүйесіне аса қажетті саяси институт ретінде бағалануда.
Вице-президенттің нақты өкілеті, мемлекеттік басқарудағы орны және Үкімет пен Президент әкімшілігімен жұмыс істеу тетігі кейінірек айқындалмақ.
Мемлекет басшысы мұнымен саяси реформалар аяқталмайтынын да айтты. Алда Халық кеңесінің жұмысын іске қосу міндеті тұр. Кей азаматтар су жаңа құрылымды атышулы Ассамблеясымен салыстырып жүргенін айтқан Тоқаев Халық кеңесінің аясы әлдеқайда кең болатынын меңзеді.
Президент алдағы кезеңге жоспарланған жобаларға да тоқталды.
«Бұған дейін айтқанымдай, Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуға тиіс. Әрбір облыс орталығында, аудан мен қалада ауқымды құрылыс жобалары жүзеге асырылады. Емханалар, балаларды оңалту орталықтары және өзге де әлеуметтік нысандар салынады», – деді ол.
Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауының өту барысына да оң баға берді. Пікірінше, саяси дода барысында қоғамдық алаңға жаңа тұлғалар шығып, мазмұнды әрі сындарлы ұсыныстар айтылған.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11🤔7❤4👎2😁2😱2👍1💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️«Құқығым бар». Тоқаев президенттік додаға қайта түсу мүмкіндігін сақтап отыр...
Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы президент сайлауына түсу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы қайта сайлануға заңды құқығы бар екенін растағанымен, нақты шешім туралы айтуға әлі ерте деп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Президент Конституциялық соттың жаңа Ата заң күшіне енгесін мемлекеттік лауазымдарға қайта сайлану немесе тағайындалу тәртібіне қатысты шешіміне сүйенді.
Мемлекет басшысы дәл қазір саяси науқаннан бұрын ел алдында тұрған міндеттерге назар аудару қажет деп отыр. Нақты жауап келесі жылы айтылуы мүмкін.
Анығы, Тоқаев 2029 жылғы сайлауға қатысу-қатыспауына байланысты есікті толық жапқан жоқ. Сонымен қатар қайтадан кандидат болатынын да растамады. Президент журналистерге осы мәселеге келесі жылы қайта оралуды ұсынуда.
Осылайша, Мемлекет басшысы қайта сайлануға конституциялық құқығы барын ашық растады. Ал сол құқықты пайдаланатыны немесе пайдаланбайтыны жөніндегі саяси шешім әзірге жарияланған жоқ. 2029 жылғы президент сайлауына қатысты интрига кемінде келесі жылға дейін сақталмақ.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы президент сайлауына түсу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы қайта сайлануға заңды құқығы бар екенін растағанымен, нақты шешім туралы айтуға әлі ерте деп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Президент Конституциялық соттың жаңа Ата заң күшіне енгесін мемлекеттік лауазымдарға қайта сайлану немесе тағайындалу тәртібіне қатысты шешіміне сүйенді.
«Конституциялық сот осындай шешім қабылдады. Ол, әрине, заңды. Менің қайта сайлануға заңды түрде құқығым бар. Алайда алдағы сайлауға барам ба, бармаймын ба, ол қай жылы өтеді деген мәселені әзір талқылау ерте», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы дәл қазір саяси науқаннан бұрын ел алдында тұрған міндеттерге назар аудару қажет деп отыр. Нақты жауап келесі жылы айтылуы мүмкін.
Анығы, Тоқаев 2029 жылғы сайлауға қатысу-қатыспауына байланысты есікті толық жапқан жоқ. Сонымен қатар қайтадан кандидат болатынын да растамады. Президент журналистерге осы мәселеге келесі жылы қайта оралуды ұсынуда.
«Тағы бір рет кездеселік. Мүмкін, келесі жылы сіздерге нақтырақ жауап берермін», – деді ол.
Осылайша, Мемлекет басшысы қайта сайлануға конституциялық құқығы барын ашық растады. Ал сол құқықты пайдаланатыны немесе пайдаланбайтыны жөніндегі саяси шешім әзірге жарияланған жоқ. 2029 жылғы президент сайлауына қатысты интрига кемінде келесі жылға дейін сақталмақ.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎23🤔11👍10❤4🔥1👏1😁1🤮1🙏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Генералдар да құшақтасып кетті: Тоқаев қоғамдағы ерсі әдетке тоқтау қоймақшы...
Президент Тоқаев жұрт алдында құшақтасып, сүйісіп амандасу үрдісін сынға алды. Мемлекет басшысы қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетін төл дәстүрге қайта бейімдеу қажет деп санайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Айтуынша, әлгіндей әдет жастармен ғана шектелмей, егде жастағы адамдар мен әскери қызметшілердің арасында да кең тарап барады.
Президенттің сөзінен кейін елдегі амандасу мәдениетіне қатысты жаңа ұстаным қалыптасуы мүмкін. Ақорда қоғамдық мінез-құлыққа заңмен шектеу қоюды емес, амандасу мен араласу әдебін ұлттық дәстүр тұрғысынан қайта қарауды ұсынуда.
Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇
✈️ https://t.me/ertenmedia
Президент Тоқаев жұрт алдында құшақтасып, сүйісіп амандасу үрдісін сынға алды. Мемлекет басшысы қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетін төл дәстүрге қайта бейімдеу қажет деп санайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Айтуынша, әлгіндей әдет жастармен ғана шектелмей, егде жастағы адамдар мен әскери қызметшілердің арасында да кең тарап барады.
«Жастардың да, егде жастағы адамдардың да жүріс-тұрысын бақылап, төл дәстүрімізді қайта еске түсіретін уақыт келді деген ойға тоқтадым. Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйгені, әйелдердің ер адамдарды, ер адамдардың әйелдерді сүйіп амандасқаны жараспайды. Мұндай әдет бұрын салтымызда болмаған. Тіпті әскери формадағы адамдар мен генералдар да бір-бірін құшақтай бастады. Мұны қалай түсінуге болады?» – деді Тоқаев.

👍36🔥5😁5💯4❤2🤡2