Erteńmedia
11K subscribers
3.4K photos
1.21K videos
1 file
3.08K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
Forwarded from Ruslan Zheldibay
«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.
👍76❤6👏3🙏2😁1🤔1
⚡️ Павлодарлық шенділер оңтүстіктен көшіп келген қазақтарға қиянат жасаған...

Павлодар облысында оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған қазақтарға бөлінген қаржыны қалтаға басқан шенеуніктердің ірі алаяқтық схемасы әшкере болды деп жазады Ertenmedia.

Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері» мемлекеттік бағдарламасы аясында оңтүстік өңірлерден көшіп келген тұрғындарға баспана сатып алу үшін әр отбасына 4 миллион теңгеге дейінгі өтемақы қарастырылған.

Алайда, Успен аудандық Карьералық орталығының қызметкерлері қоныс аударушыларға арзан бағадағы үй тауып беріп, құжат жүзінде баспана құнын екі еселеп көрсетуді міндеттеген.

Мәселен, нақты бағасы 4 миллион теңге болатын үйлер қағаз жүзінде 8 миллион теңгеге бағаланған. Шенеуніктер тұрғындарды "бағдарлама талабы осы" деп сендіріп, арадағы "разницаны" өздері иемденіп отырған.


Прокуратура өкілдері аталған алаяқтықтың кесірінен бюджетке 144 миллион теңге көлемінде шығын келгенін мәлім етті.

Сот ісі бойынша екі адамға үкім шықты: бір шенеунік бес жылға бас бостандығынан айырылса, екіншісінің үш жылға бостандығы шектелген.

«Оңтүстіктен солтүстікке көшіру» бағдарламасы тұрғындарды жұмыспен және баспанамен қамтамасыз етуді мақсат тұтады.

Сарапшылардың пікірінше, мәселе қаржының қолды болуымен шектелмейді. Бұл тұтас мемлекеттік бағдарламаның тиімділігіне нұқсан келтіріп, халықтың көші-қон бастамасына деген сенімін әлсіретіп отыр.


"Мемлекеттік қолдаудың қаражатын өз қалтасына басып, халықтың сенімін саудалаған шенеуніктердің әрекеті қылмыс қана емес, моральдық қиянат", - деп жазып жатыр желідегі жұрт.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱97🤬21❤7😢6💯6👎3🔥1🤔1
⚡️ Ақорданың джокері: Суаннан шыққан Нұртілеу қазақ дипломатиясын қалай өзгертті?

Саясаттанушы Ербол Еділов премьер-министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің мақтауын асырды деп жазады Ertenmedia.

Оның пікірінше, Нұртілеу тәжірибесі толысқан, саяси карьерасының шарықтау шегінде тұрған тұлға. Алматыда дүниеге келіп, Ұлы жүздің Суан руынан тарайтын Нұртілеудің жасы небәрі 49-да. Ол саясатқа ерте араласып, дипломатия саласында шыңдалған.

"Суандар ежелден Жетісу жерін мекендеген, жоңғар шапқыншылығын тежеген батыр рудың бірі", - дейді Еділов.

Жолын қарапайым референттіктен бастаған Нұртілеу кейіннен Малайзияда дип.қызметте болып, Азия және Африка департаментінде маңызды жұмыс атқарған.

Мұрат Әбуғалиұлының саяси өмірі президент Тоқаевпен тікелей байланысты. Тоқаев қайда барса, Нұртілеу сонда...


Бұл тандемнің тарихы Сыртқы істер министрлігі мен Сенаттан басталып, Швейцарияда, кейін Финляндияда жалғасып, Қазақстанның жоғары билігінде одан әрі тереңдей түскен.

"Қаңтар оқиғасы Нұртілеудің саяси салмағын арттырды. Дәл сол кезеңде оның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары болуы Тоқаевтың оған деген сенімінің белгісі еді. Кейін Президент Әкімшілігін басқарған тұста ел ішіндегі саяси тепе-теңдікті қалпына келтіруде маңызды рөл атқарды", - дейді Еділов.

2023 жылдың сәуірінде Сыртқы істер министрі әрі премьер-министрдің орынбасары қызметіне келген Нұртілеудің жұмыc ауқымы кеңейген. Бір жылдың ішінде 23 шетелдік сапар жасап, 24 мемлекеттен келген жоғары лауазымды қонақтарды қабылдаған. АҚШ, Қытай, Ресей, Еуропа және Таяу Шығыс елдерімен күрделі дипломатиялық келіссөз жүргізген.

«Мұрат Әбуғалиұлы Лавровпен де, Рубиомен де бірдей деңгейде сөйлесіп, Қазақстанның мүддесін қай платформада болсын сенімді түрде қорғай алатынын дәлелдеді», – дейді сарапшы.


Айтуынша, кей жағдайда Тоқаев уақыт тапшылығына байланысты шетелдік тұлғалармен кездесе алмай қалғанда, ел атынан маңызды келіссөз жүргізу міндетін Нұртілеуге жүктейді екен.

Солай бола тұра Еділовтың қазақ медиасы оның саяси салмағын лайықты бағаламай отырғанын айтады.

"Отандық медиа Мұрат Әбуғалиұлының қызметіне аса мән бермейді. Тек қандай да бір себеп болғанда ғана еске түсіріп қояды. Шындығында, әр кездесу мен келіссөз министр мен оның командасының көзге көріне бермейтін, бірақ күн сайын тынымсыз атқарып отырған ауқымды жұмысының нәтижесі", – дейді ол.

Еділовтің пайымдауынша, Мұрат Нұртілеудің саяси жолы енді басталып келеді.


"Әлі елуге де толмаған саясаткердің болашағы әлі алда. Оның мемлекет қайраткері ретінде әлеуеті мол, әрі саяси мүмкіндігі де зор", – деп түйіндепті саясаттанушы.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎65👍28🔥22❤18👏8🤡4🤔2💯2😁1
⚡️ Путин кек қайтарады. Кремльге қарсы түркі альянсын күшейту керек...

Баку мен Мәскеу біржолата кетісті! Әзербайжан сарапшылары Кремльден төнген қауіпке қарсы тұрар жалғыз жол ұсынып отыр.

Ол - Түркі елдерінің әскери альянсын күшейту...

Толығырақ: https://ertenmedia.kz/pwtin-kek-qajtarady-kremlge-qarsy-tuerki-alyansyn-kueshejtw-kerek-aezirbajzhan-sarapshysy/
👍123🔥10❤6👏2😁2🤔2
⚡️ 2015-тің девальвациясы. Назарбаевқа жақын топтар алдын-ала доллар сатып алған...

Ұлттық банктің бұрынғы қызметкері аноним түрде теңгенің құлдырауы қалай қолдан ұйымдастырылғанын ашық жазды деп хабарлайды Ertenmedia. Сұмдық инсайд...

🔻 Оның айтуынша, 2015 жылғы девальвация қарсаңында Ақордаға жақын ірі ойыншылар алдын ала доллар сатып алып, артынан еселеп пайда көрген.

🔻 "Әр кеш сайын теңгені ұстап тұру үшін 100-500 млн доллар аралығында жұмсап отырдық. 1,5 жылда 28 млрд доллар босқа кетті", – дейді ол.

🔻 Девальвация қарсаңында негізгі қаржылық топтар алдын ала долларды жинап үлгерген. Әсіресе, Самұрық, БЖЗҚ, ҚазМұнайГаз сияқты ірі құрылымдар «жабайы секілді» әрекет етіп, долларды сатып алуға кіріскен.

🔻 "Девальвацияға екі апта қалғанда барлық ықпалды адамдар жиналды. Мені аналитик ретінде шақырды.

Бір сағат есеп бердім, талдадым, ешкім тыңдамады. Барлығының әңгімесі өздерінің контракттары, кім ұтып, кім ұтылатыны. Халықтың жайы бір адамның да ойында болған жоқ.


Кейін білдім, сол жиыннан кейін жоғары жақтың (Назарбаевтың) қауіпсіздігін күшейту туралы бұйрық түсіпті", - дейді автор.

🔻 Путин де қысымды күшейтіп, теңгені еркін айналымға жібермесе, шекараны жабатынын айтып қорқытқан.

🔻 «Ұлттық мүддені ойлаған ешкім жоқ, тек жоғарыдағы адамдардың байлығы мен тыныштығы маңызды болды», – дейді экс-қызметкер.

Автордың сөзінше, девальвация биліктің жоспарлы әрекеті, ал оның зардабын қарапайым халық тартқан.

Айта кетелік 2015 жыл теңге 187-ден 377-ге бір-ақ құлап, қазақтардың жинаған қаржысы көз алдында күйіп кеткен еді.

Масқара мәлімдеменің толық нұсқасын Ertenmedia-ның сайтына салдық.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡66😱22❤20🔥2💯2🤔1
⚡️Садақа саған ойыншық па? Прокурор Перизат Қайраттың маскасын сыпырды...

Атышулы Перизат Қайраттың ісіне нүкте қояр сот отырысында прокурор Мәдина Оразалина маңызды мәлімдеме жасады деп жазады Ertenmedia.

Айыптаушы тараптың айтуынша, бұл сот қатардағы қарапайым алаяқтық емес, халықтың сенімін саудалаған адамның арсыздығын әшкерелейтін оқиға.

Перизат аманат, адалдық, қайырымдылық дейтін қастерлі ұғымды табанға таптаған.


Прокурор айыптау актісін "Ізгілік бетпердесі" деп атаған екен.

"Бүгін біз Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты істі қорытындылаймыз. Сот алдындағы осы бір сөзімді дайындағанда, санама "Ізгіліктің бетпердесі" деген ой келді. Әуелі жомарт жүректі, ары таза халқымызға алғыс білдіргім келеді. Себебі, біздің ұлт қайырымдылықты қастерлеген, жақсылық жасаудан шаршамаған халық", – деді Мәдина Оразалина.

Оның айтуынша, Перизат ел алдындағы имиджін жеке басының мүддесіне өте-мөте шебер пайдаланған.

Сырт көзге жақсылық жасап жүрген болып көрінгенімен, үнемі бір бармағын бүгіп жүрген. Әрбір әрекетінің артында әккі есеп жатқан.


"Қайырымдылықтың атын жамылып, халықтың сенімін саудаға салғандар мынаны білуі тиіс. Ел енді үнсіз қалмайды, мұндайға мемлекет те көз жұма қарамайды, халықтың сенімі шексіз емес", - деді осы тұста прокурор Перизатқа қарап.

Сөзінің соңында Оразалина садақа мәселесін сөз етті.

"Садақа мансапқа, байлыққа жетудің құралы емес. Халықтың сенімі әмиян да емес, атақ та емес. Ол аманат. Ал аманатқа қиянат жасаған адамның бетпердесі түбі шешіледі", - деді ол.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍91❤15🔥7👏5💯3🤔2😱2
⚡️ Перизат Қайрат алдағы 10 жылын түрмеде өткеруі тиіс - прокурор

Прокурор Мәдина Оразалина атышулы іс бойынша негізгі фигурант Перизат Қайратқа жаза мерзімін жария етті деп жазады Ertenmedia.

Мемлекеттік айыптаушы соттан 10 жыл сұрап отыр. Перизаттың барлық дүние-мүлкін тәркілеу, қайырымдылық қызметімен айналысуға толық тыйым салу керек дейді.

Перизаттың анасы Ғайни Алашбаеваға 8 жыл жаза кесуді сұрауда.

Прокурор Арман Кезекеннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде пир жасаған анасы мен қызының жазасын жеңілдететін ешбір негіз жоқ.


Айыптаушылар Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваны 3 бірдей алаяқтық эпизодқа қатысы бар деп есептейді.

Атап айтқанда: балаларға арналған оңалту орталығын салу, Пәлестина тұрғындарына және Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету деген желеумен халықтан жиналған қаражатты иемденіп кеткен.

Айыптаушы тараптың мәлім еткеніндей, Перизат-Ғайни тандемі халық жинап берген 3.5 млрд теңге садақаны төгіп шашқан.


Перизат Қайрат өзіне тағылған айыпты мойындамай, мұны "тергеушілердің фантазиясы" деп деп отыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏90👍50❤11🔥5🤔3💯2
⚡️ Бағанашылдағы детдом дауы: Сұлтанғазиев стресске түсіп, көрпеге бүркеніп жатып алған жоқ...

Алматы облысының әкімі Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты мәселені жедел бақылауға алыпты.

Аймақ басшысының пәрменімен облыс әкімдігі қызметтік тексеріс бастап кеткен.


Әкімдік жаңа мекенжайға тек өз еркімен барғысы келетін балаларды көшіруді ұсынып отыр, ал Бағанашылдағы үй өз жұмысын баяғыша жалғастыра береді.

Толығырақ: https://ertenmedia.kz/baghanashyldaghy-balalar-ueji-almaty-oblysynyng-aekimdigi-qyzmettik-tekseris-bastady/
👍65🤔13❤2🔥1👏1😁1
⚡️Атышулы Алика Мухамадиева Қазақстаннан қашып кеткісі келген...

Қарағанды тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасы үшін екі айға қамауға алынды деп жазады Ertenmedia.

Тергеу дерегінше, оның жазбасында ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері анықталған.

Сонымен қатар, әйел ел аумағынан кетуге әрекеттенген, сондықтан сот оны тергеу аяқталғанша қамауда ұстау туралы шешім шығарған.


Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетелік атышулы Алика Мухамадиева әлемжелідегі парақшасында қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді күлкі етіп, мемлекеттік тілді «полукәлб..тский диалог» деп келемеждеген.

Сонымен қатар, «Қазақстан немен танымал?» деген сауалға «м...мбетами» деп жауап қатып, елдегі титулды ұлтты көпшілік алдында көпе-көрнеу кемсіткен.

Кейін әлгі сөзі үшін жылап-сықтап кешірім сұраған.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯63👍45❤7🔥4👏3🤔1
⚡️ Министр Балаева: Айман ханым өкпелемесін, Қазақ ұлттық өнер университетінің тоз-тозы шыққан...

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын» газетіне берген сұхбатында сала басшыларының жауапкершілігі пен кадрлық саясаттағы олқылықтарға тоқталды деп жазады Ertenmedia.

Министрдің айтуынша, қай мекемеге кім тағайындалса да, ол ең алдымен кәсіби жағынан дайын, басқару қабілеті жоғары әрі мәдениетке шын жанашыр тұлға болуы тиіс.

Бірінші басшы тек мерекелік шара ұйымдастырып, есеп берумен шектелмейді ол мекеменің даму стратегиясын айқындайтын негізгі тұлға.


Министр мекеме басшысының міндеті шығармашылық жобалармен ғана шектелмей, ғимараттың техникалық жағдайынан бастап, кадр саясаты, бюджет, материалдық-техникалық база сынды барлық салаға жауапты екенін атап өтті.

Сұхбат барысында министр ведомстволық мекемелерде бірнеше келеңсіз жайт анықталғанын да жасырмады.

«Жуырда министрлікке қарасты 71 ве­домстволық ұйымның қызметкерлерін «Бірыңғай кадрлық ақпараттық жүйеге» қосу барысында саламыздағы мың жарымға жуық қызметкердің қата­ры­нан бірнеше мекемеде жұмыс істеп, тіп­ті бес айлық мөлшерде ақы алатыны бел­гілі болды.

Сонымен бірге ұйымдарда 1 200-ге жуық 90 жасқа дейінгі зейнеткердің түрлі лауа­зымдарды атқарып жүргені анықталды.


Бұдан басқа, өзге қалада немесе шетелде негізгі жұмыста істеп, біздің мекемелерге жұмысқа келмесе де, сырттай айлық алып отырған қызметкерлер де бар болып шықты. Біз мұны реттейміз», – деді министр.

Сонымен қатар, Аида Балаева кадрлық ротацияның маңыздылығына тоқталып, мәдениет мекемелерінің дамуы үшін тың көзқарас қажет екенін айтты. Бұл ретте ол Қазақ ұлттық өнер университетін мысалға келтірді.

«Біз мәдени мекемелерді 30-40 жыл басқарып, уақыт талабына сай дамытып отырған талай тұлғаны білеміз. Мәселен, Айман Мұсақожаева Қазақ ұлттық өнер университетінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Бірақ соңғы жылдары университет жұмысы тұралап қалды.

Айман Қожабекқызы өкпелемесін, бірақ осы жылдар ішінде оқу орнының шатырынан су ағып, ғимаратының тоз-тозы шыққан. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен ғимарат жаңарып, жаңа оқу жылын жаңа орында бастағалы отырмыз.

Университетке қарасты басқа да ғимараттардың жағдайы өте күрделі. Президент тапсырмасымен енді біз колледжді де жаңарту мақсат етіп отырмыз.

Сондай-ақ Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне тиесілі өнер лагері 2011 жылдан бері жұмыс істемей келген. Оны қайта жандандыру қажет», – деді министр.

Оның айтуынша, университетке тиесілі басқа нысандардың да жағдайы күрделі. Осыған орай колледжді жаңарту және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың жаңа ғимаратын салу жобалары қолға алынуда.

Жаңа мектеп ғимараты мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынбақ. Қазіргі таңда жеке инвестормен меморандум пысықталып, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу мәселесі шешілуде.


Министр бұл ретте басты мақсат дарынды жастарға сапалы білім мен өрісті орта қалыптастыру екеніне назар аударды.

«Дарынды балалар үшін сапалы білім мен өмірге бейім орта жасауымыз керек. Өйткені ұлттық өнер өзінен-өзі тумайды, ол тәрбие мен жүйелі қолдаудың нәтижесінде ғана қалыптасады», – деп түйіндеді министр.

Бұған дейін Ertenmedia ректор қызметіне қайта оралуды көздеген атақты скрипкашы Айман Мұсақожаеваның 200 мың долларынан айырылып қалғанын жазған болатын.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍93❤10😁8🤔4🔥1👏1💯1
⚡️ Мәсімовтің «секонд-хенды». Билік «мұрттының» үйіндегі қымбат заттарды сатып жатыр

Отанға опасыздық жасаған ҰҚК-ның экс-басшысы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген құнды заттар сатуға шығарылды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Активтерді қайтару жөніндегі басқарушы компания электронды сауда алаңына ерекше лоттар қойды.

Тізімде моншақтары меруертпен безендірілген білезіктерден бастап, кавказдық қанжар мен естелік монеталарға дейін бар.

Саудадағы заттардың бағасы назар аудартады.

Мәселен, «Montegrappa Italia» жазуы бар қаламның құны 628 мың теңге. Тұтқасы бұғы мүйізінен жасалған қылыш 582 мың теңге болса, әшекейлі қаптамадағы кавказ қанжары 198 мың теңгеге бағаланған.

Тіпті қолтырауынның басына ұқсатып жасалған, жүзі дамаск болатынан құйылған пышақты 95 мың теңгеге иеленуге болады.

Лоттардың ішіндегі ең бағалысы номиналы 200 долларлық, ІІ Елизавета бейнеленген коллекциялық монета. Оның сатылымдағы бағасы 3,1 млн теңге.


Саудаға шығарылған заттардың барлығы да елордадағы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген зәулім үйден алынғаны айтылуда. Ертеректе бұл жер телімінің меншік иесі белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев болғаны туралы ақпарат тараған.

Бұған дейін Ertenmedia Мәсімовтың Наполеонның өз қолымен жазған тарихи хаттарын шамамен 100 мың фунт стерлингке сатып алғанын жазған еді.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏87👍56❤15🤔6🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Шәпкіңді ал да, кете бер! Amanat партиясы рэкетпен айналысып кеткен бе?..

Атыраудағы танымал блогер Рустем Баязиев өңірдегі AMANAT партиясының сорақы әрекетін әшкереледі.

Қошановтан жауап күтеміз...

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱90👍39❤5🤔4🔥2💯1
⚡️ Қилыбайдың тұсындағы Маңғыстау спорты: әкім әбден жұтаған автопаркті жаңартып берді...

Маңғыстау облысында президент Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірдегі спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелерге 25 микроавтобус берілді деп жазады Ertenmedia.

Көліктер жергілікті бюджет есебінен сатып алынды.

Атап айтқанда, спортшыларды тасымалдауға арналған 20 миниавтобус, 4 жеңіл автокөлік және ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсету мақсатында 1 жылқы тасымалдауға арналған техника алынған.


Бұл көліктер өңірдегі қала және аудандық деңгейдегі спорт мекемелеріне үлестіріліп, сала жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталмақ.

Көліктерді табыстау рәсіміне облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, бұл бастама Мемлекет басшысының Жолдауларында айқындалған негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастарды спортқа баулу — болашаққа салынған инвестиция» деп атап өткен болатын.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде азаматтарға, оның ішінде жастарға бұқаралық спортпен айналысуға жан-жақты мүмкіндік жасау — біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы бағытта өңірде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында 36 спорт нысаны тұрақты жұмыс істейді.

Ауылдық елді мекендерде спорт секциялары ашылып, жаттықтырушылар саны артып келеді. Жақын күндері Жаңаөзен қаласында мұз айдыны пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Ақтау қаласында 10 мың орындық заманауи футбол стадионын салу жобасы пысықталуда. Бұдан бөлек, дарынды балаларға арналған спорт-интернат колледжінің құрылысы басталды. Талантты жастарымызды қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, — деді Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетейік, соңғы он жыл ішінде алғаш рет облыстық спорт басқармасына осындай көлемде автокөлік беріліп отыр.


Бұған дейін басқарманың автопаркі небәрі 3 бірліктен ғана тұрса, бүгінде бұл көрсеткіш 25-ке жетіп отыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍75❤16👏12🔥2🤔2
⚡️Билік Перизаттың сотынан соң қайырымдылық саласында "чисткі" жүргізеді...

Перизат Қайрат ісінен кейін Қазақстанда қорларға қойылатын талап күшейеді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтың айтуынша, елдегі үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметі заңдық тұрғыда толықтай қайта қаралмақ.

Бұған басты себеп Перизат Қайратқа қатысты атышулы оқиға.

Министрлік өкілі қазір қор қызметін реттейтін заңға жаңа өзгерістер әзірленіп жатқанын жеткізді. Оның ішінде ҮЕҰ-лардың нақты міндеттері, қызмет бағыты, ашықтық пен есептілік мәселелері толық қамтылады.

«Қазір жаңа заң жобасын дайындап жатырмыз. Бұл заңда ҮЕҰ-ның нақты анықтамасы, олардың немен айналысатыны, лицензиялау тәртібі, сондай-ақ, ұйым басшыларының жауапкершілігі мен қаражатты ашық әрі есепті жұмсау мәселесі толық қамтылады», – деді Ысқақов.


Оның сөзінше, өзгерістердің тағы бір мақсаты халықтың қайырымдылыққа деген сенімін арттыру.

Жаңа заң жобасында қайырымдылықты қолдаған азаматтарды ынталандыру, ҮЕҰ-лардың қаржылық есептерін тұрақты түрде БАҚ-та жариялау міндеттелмек.

Ал осы уақытта Перизат Қайрат ісі бойынша сот жалғасуда. Бүгінгі отырыста жәбірленуші тараптың өкілдері сөз алды. Түстен кейін сот жабық форматта өтіп, айыпталушылардың жауаптары тыңдалмақ.

Еске салайық, президент Тоқаев халықты алдап, қайырымдылықты қалта қамына пайдаланған алаяқтарға қарсы шараларды күшейтуді тапсырған болатын.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Әшкере
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍79🔥10🤔6❤5👏3😁1
⚡️ Назарбаев әлемдегі ең бай пенсионер атанды...

Экс-президент Назарбаев әлемдегі ең дәулетті саяси тұлғалардың арасында 8-ші орынды иеленді. Brand Vision дейтін агенттік Әбішұлының байлығын 1-2 млрд доллардың төңірегінде бағалап отыр деп жазады Ertenmedia.

"Назарбаевтың дәулеті биліктегі 30 жылға жуық қызметімен тығыз байланысты", - деген екен Brand Vision.


Агенттіктің айтуынша әулет өкілдері энергетика, банк секторы мен жылжымайтын мүлік нарығында ірі-ірі активтерге иелік етеді.

"Назарбаевтың отбасылық империясы мемлекеттің стратегиялық ресурстарын сарқа пайдаланудың арқасында құрылды", - делінген зерттеуде.

Астрономиялық деңгейдегі капитал жинаған әулет өкілдерінің байлығына қатысты Ertenmedia-ның күмәні бар.

Біздегі дерек бойынша семьяның шартарапта шашырап жатқан капиталы 50 млрд доллардан асып жығылады. Мұның сүбелі бөлігі Швейцарияның ең ірі деген қаржы конгломераты Credit Suisse-тің есеп-шотында сүрленіп жатыр.

Жемқорлардың жеп-ішкенін тінтумен айналысатын халықаралық орталықтың мәліметінше (OCCRP) Назарбаев кланы осы Credit Suisse-тің кеңсесінен шықпайды.

OCCRP Нұрекеңмен байланысты қорлардың иелігінде St. Regis Astana, Түркиядағы Rixos Beldibi сияқты люкс қонақүйлер, гольф алаңы, балет театры, бірнеше медиа‑активтер және қойма‑зауыттар бар екенін анықтаған.

Бірақ бұл да шынайы ақпарат болмауы мүмкін. Tax justice network-тың мәліметінше Назарбаев кланы өткен 30 жылда 140–160 млрд долларды офшорға шығарған.


Назарбаев отбасы сары майдай сақтап отырған активке ауыз салу үшін лайықты аргумент қажет. Ол бізде бар.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱72😢50💩11❤10👍10😡7🔥2👏2🤔1
⚡️"СК-Фармацияның" былығын ашқан Базарбек істі Бас прокурорға жеткізді...

Депутат Бақытжан Базарбек елдегі дәрі-дәрмек нарығындағы былықтың бетін ашты. Оның мәлімдеуінше, Бас прокуратура фармацевтика саласындағы бірқатар мекемеге, оның ішінде атышулы «СК-Фармация» компаниясына қатысты тергеу амалдарын бастаған.

Бұған депутаттар Базарбек-Әбенов тандемінің бірлескен арызы негіз болған деп жазады Ertenmedia.

Бұған дейін бас аудитор Смайылов тексеру жүргізіп, дәрі-дәрмек сатып алуда бірталай былықты әшкерелеген еді.

Атап айтқанда, дәрілердің бағасы нарық құнынан 600%-ға дейін асыра көрсетілген, препараттарды тіркеу ісі ұзаққа созылған, көптеген договорлар жалғыз поставшикпен ғана жасалып, қаржыны жоспарлау да сын көтермеген.


❗️ Тексерудің алғашқы нәтижесі бойынша, «СК-Фармация» мемлекетке 35,8 млрд теңге зиян келтірген. Қазір тергеушілер компанияның офисінде қағаз-құжаттарды қопару үстінде.

Сонымен қатар, «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» да следактардың назарында.

Базарбектің айтуынша орталықта жалпы сомасы 166,4 млн теңгеге жалған клиникалық зерттеу жүргізілген, сондай-ақ 36,7 млн теңгеге алынған жабдықтар межелі жерге мүлде жеткізілмегені анықталған.

Синдикаттың тағы бір мүшесі «ҚазМедПром» ЖШС медициналық қолғаптарды бірнеше есе қымбатқа сатып, бюджет қаржысын негізсіз жұмсаған. Бұл іске қатысты шығын көлемі 5,3 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Айта кетелік, Базарбек бұған дейін Үкіметтің 2024 жылғы бюджетті орындау жөніндегі есебіне көңілі толмай, бірқатар министрліктің қызметін тексеруді талап еткен-тұғын. Осыған орай Бас прокуратура аталған мекемелерге қатысты тергеу ісін қолға алды. Ақырын күтейік.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍94❤7👏7🔥5😱4🤔1
⚡️ Жалғанды жалпағынан басқан Гүлмира Әбішева 50 жасын дүркіретіп өткізді...

Экс-судья, Болат Назарбаевтың үлкен қызы Гүлмира Әбішева 50 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өтті. 23 шілде күні өткен банкетке лауазымды тұлғалар мен шоу-биз өкілдері қатысқан екен.

Мерейтойда әнші Шамхан Далдаев, Алматы қаласы Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Әсет Көпешбаев пен оның әріптесі Самат Берістемов, Алматы қалалық сотының судьясы Саида Болат, Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасарының жұбайы және өзге де мәртебелі меймандар болған.

Дереккөздің мәліметіне қарағанда, Гүлмира Болатқызы атышулы «GB Invest» ЖШС-нің құрылтайшысы.

Компания мемлекетке 26 миллиард теңге берешек екені бұған дейін бірқатар БАҚ бетінде жарияланған болатын.


Бұған қоса, Бас прокуратураның тексеруі кезінде кедендік құны әдейі төмендетілген тауарларды елге заңсыз кіргізумен байланысты істе осы мекеменің аты шыққан.

Гүлмира Әбішева Бөкеңнің бәйбішесі Гүлжан Назарбаевадан туған. Еңбек жолын Бас прокуратурада бастап, кейін әділет органдарында жалғастырған. Әрі қарай Алматы қаласындағы жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасында қызмет етті.

2006 жылдан бастап бертінге дейін Алматы облысындағы Жетісу, Қарасай аудандық соты мен Қарасай аудандық әкімшілік сотын басқарған.


Әбішева сот жүйесінен кетуін әкесінің сырқатымен түсіндірген. Бөкең өмірден өтер алдында "әкем 2021 жылдан бері көмей обырымен ауырады" деген Гүлмира тілшілерді үйіне шақырып, сұхбат берген еді.

Атышулы сантехник Болат Назарбаевтың артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды. Оның ішінде бәйбішенің ұлдары Нұрбол мен Ербол Назарбаевтардың қолдары ұзын және барынша көп дүниеге таласы бар.

Біздің білуімізше Болаттың мұрасының ең қомақты бөлігіне Нұрбол Назарбаев ие болып отыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👎71❤25💩23😱11😡5🤔4🔥1
⚡️ "Мұнайдың маңайында ғана малтығып қалмаңыздар...". Маңғыстау әкімі жастарға үн қатты

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір жастарын ашық әңгімеге тартып, еңбек нарығының шынайы бет-бейнесін боямасыз баяндады деп хабарлайды Ertenmedia.

Президент Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандық жылы» деп жариялауы бекер емес екенін баса айтқан аймақ басшысы мұнайдан басқа да бағыттардың мол екенін тұспалдап жеткізді.

Үш сағатқа созылған ашық диалогта әкім жастардың мұнай саласына ғана үміт артып, басқа кәсіпке қырын қарауы келешегіне тұсау боларын сөз арасына сыналап қосты.


"Жастардың көпшілігі мұнай саласында табыс тауып, жұмыс істеуді қалайды. Бірақ бұл салада бәсеке көп, орын тапшы. Ақиқаты табысқа жеткен талай азаматтар мансап жолын мұнай мұнарасынан емес, қарапайым кәсіптен бастаған.

Табанды бола білсең, төзімділік пен адал еңбектің арқасында қай саладан болса да өз орныңды табуға болады.

Қазір біздегі кәсіпорын мен құрылыстарда көрші елдерден келген мыңдаған жұмысшы еңбек етіп жүр. Олардың саны облыстағы жұмыссыздар санынан әлдеқайда көп. Бұл дегеніміз еңбектен қашпасаң, жұмыс бар, екпіндеп өсуге жол ашық. Сондықтан мұнайдың маңайында ғана малтығып қалмаңыздар", – деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Жиынға қатысқан 500-ге жуық жас ұсынысын ортаға салып, түрлі әлеуметтік бастамалар мен идеяларын жеткізді. Нұрдәулет Қилыбай ұтымды жобаларды назарға алып, кейбірін нақты қолдайтынын білдірді.

Қазіргі таңда облыста 14 пен 35 жас аралығындағы 240 мыңнан аса жас бар.


Олардың кәсіби дамуы мен тұлғалық қалыптасуы үшін 7 жастар ресурстық орталығы қызмет етеді. Сондай-ақ, аймақтағы 26 ірі кәсіпорында жас мамандардың кеңесі құрылған.

Әкімдік мұнайдан өзге салаларды игеріп, еңбек етіп жатқан жастарды қолдау ісін жандандыратынын мәлімдеп отыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

@ertenmedia
👍95👏21🔥4❤3💯3🤔2
Channel name was changed to «Ertenmedia»