Erteńmedia
11K subscribers
3.4K photos
1.21K videos
1 file
3.08K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Қашағандағы күкірт компроматы...

Қазақстан билігі мен шетелдік инвесторлар арасындағы дау күтпеген сценариймен аяқталды.

Сот NCOC консорциумын айыппұлдан арашалап қалыпты...

Толығырақ: https://ertenmedia.kz/qashaghan-dawynyng-kwlminaciyasy-sot-ncoc-konsorciwmyn-ajyppuldan-arashalap-qaldy/
2😱32👍5❤4👎3😢2🤔1
⚡️ Қазақ шенділерінің ұртын майлаған Rolls-Royce: АҚШ билігі британдық компанияны қалай жазалады?..

Уашингтонға арнайы барған қазақстандық делегация АҚШ-тың жемқорлықпен күрестегі құпия тәсілдерімен танысып, таңдай қағып қайтты деп жазады Ertenmedia.

Біздің шенділерге әлемге әйгілі адвокат Стивен Кон дәріс оқып, коррупцияны әшкерелеуде информаторларды ынталандыру жүйесі өте-мөте маңызды екенін түсіндіріп берген екен.

Конның айтуынша, бұларсыз парақорларды анықтау мүмкін емес. 🗽 АҚШ-та 40 жыл бұрын іске қосылған "жасырын куәгерлер" жүйесі жемқорлықпен күресте аса тиімді механизмге айналған.

Әмірика заңы бойынша жемқорлық дерегін хабарлаған куәгерге өте ірі көлемде сыйақы беріледі екен. Құпия куәгердің аты-жөні де толық қорғалады. Ақша мемлекет емес, жемқорлықпен ұсталған компанияға салынған айыппұлдың есебінен өтеледі.

Қазақстан делегаттары осы детальға ерекше назар аударыпты. Кон осы тарапта АҚШ тәжірибесіндегі бірнеше қызықты оқиғаны мысалға келтірген.

Айталық, жемқорлық фактісі туралы хабарлаған жансыздарға сот процесінен кейін 40 миллион, тіпті кей жағдайда 90 миллион долларға дейін сыйақы төленген.


Уашингтон жемқорлықпен күресте жер таңдамайды. "Шетелдік жемқорлыққа қарсы күрес" (FCPA) дейтін қуатты заң әлемнің кез келген ірі компаниясына қарсы қолданылады.

Соған сәйкес әмірикалық инвестор шет елдегі кез-келген ірі компанияға қаржы құйған болса, ол автоматты түрде әмерикалық құқық қорғау органдарының орбитасына өтеді. Компанияның қай елде орналасқаны маңызды емес, жемқорлыққа барғаны расталса, Әмірикада сотталып, миллиардтаған доллар айыппұл арқалайды.

Бұған дәлел, 2009–2012 жылдары ірі келісімшартты жеңіп алу үшін "ескі Қазақстанға" 5,4 млн доллар пара берген әйгілі Rolls-Royce компаниясы әлгі әрекеті үшін миллиард долларға жуық айыппұл төлеген.


Әлемдік криптобиржа Binance та осыған ұқсас тәсілмен құрыққа ілініп, АҚШ тарапы компанияға 5 млрд доллар айыппұл салған. Екі істі де жасырын информатор әшкерелеген.

Конның пікірінше, АҚШ заңдары жемқор шенеуніктерді ғана емес, олардың ұртын майлайтын компанияларды жазалауға бағытталған. Жүйенің ұтымды тұсы да осы.

"Информаторға берілетін сыйақы парамен ұсталған компаниядан өндірілген айыппұлдан төленеді, мемлекеттік бюджетке бір тиын салмақ түспейді. Коррупциямен күресте ескі сүрлеумен жүре бермей, осы тәсілді де сынап көрген жөн", – дейді Стивен ақсақал.

Әміриканың жемқорлыққа қарсы методикасы енді Қазақстанда да сыналуы әбден мүмкін.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍92👏27❤25🔥3
⚡️ Құлыбаев иемденіп алған жер телімдері бірінен соң бірі мемлекет меншігіне қайтуда...

Ресейлік "СИБУР" мен Тимур Құлыбаевқа қарасты Almex Petrochemical бірлесіп иелік ететін "Атырау Мұнайхим" компаниясы құны 1,6 млрд теңге тұратын жер учаскесін мемлекетке қайтарып берді деп жазады Ertenmedia.

106 гектар аумақ "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркіне" тиесілі болғанымен, ұзақ уақыт бойы игерілмеген күйі иен жатқан.


Ақыры міндеттемесін орындамаған "Атырау Мұнайхим" арнайы экономикалық аймақтың қатарынан шығарылып, сенімгерлік келісім бұзылды.

Прокурорлардың айтуынша, тексеріс барысында жалпы аумағы 31,4 мың гектарды алып жатқан тағы 16 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған. Олардың нарықтағы бағасы 200 млн теңгеге жетіп жығылады.

Ал "Атырау Мұнайхимнің" екі қожайыны бар.

Бірі ілгерідегі "СИБУР", екіншісі Almex Petrochemical. Almex-тың иесі Joint Technologies компаниясы, оның тізгіні атышулы "Кипрос" ЖШС-ның қолында. Дәл осы "Кипросты" Құлыбаев бақылайды.

Тимурдың уысынан сусып шыққан жер телімі жалғыз бұл емес. "Кипрос" әлгінде ғана Атыраудағы тағы бір құйқалы учаскіден айырылды деп естідік.


Аймақ прокуратурасының дерегінше құны 250 млн теңге, аумағы 3,46 гектар учаскі кезінде пирс тұрғызуға берілген екен. Күйеубаланың компаниясы жерді игерместен босқа ұстап келген.

"Тимур мен оның командасының өрісі одан сайын тарыла түседі" дейді жағдайдан хабардар қауым.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍97👏29❤13🔥2
⚡️ Маңғыстау туризмі: АҚШ-тың ішкі саяхат феномені қазақ даласына келе жатыр...

Үкімет Маңғыстау туристік аймағын дамытудың кешенді жоспарын бекітті деп хабарлайды Ertenmedia.

Президент Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған бастама алдағы бес жылды қамтиды. Жоспарға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.

Құжат бойынша, 2025–2029 жылдары өңірде жүзден астам іс-шара атқарылады.

Туризмнің түйткілін тарқататын 9 бағыт айқындалған: инфрақұрылым, логистика, цифрландыру, қауіпсіздік мәселелері, кадр даярлау және инвестор тарту соның негізгілері.


Үкіметтің хабарлауынша, өңірдегі туризмнің тынысын ашатын негізгі нысан Кендірлі аймағы болмақ. Мұнда инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, туристік орындарға электр қуаты мен су жеткізіледі. Жол қатынасы реттеледі.

Бұған қоса, Кендірлі ауылында инвесторлар мен эко-белсенділердің ұсынысымен әуежай салынбақшы.

Ақтауда халықаралық деңгейдегі теңіз вокзалы мен заманауи стадионның құрылысы қолға алынады. Сонымен қатар, өңірде мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіледі. Мұның барлығы туристерді тартуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған қадамдар.

Шағын және орта кәсіпке серпін беру мақсатында «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының желісімен жеңілдетілген несие бағдарламасы іске қосылады.

Үкімет есебінше, 2029 жылға қарай өңірге келетін ішкі турист саны 430 мыңнан 520 мыңға, ал сырттан келетін саяхатшылар 89 мыңнан 143 мыңға жетеді.


Туризм саласында еңбек ететіндердің қатары мың адамға көбейіп, 2,7 мыңға жетпек. Өңір экономикасындағы туризмнің үлесі 3,6%-ға дейін өсіп, жеке инвестициялар көлемі 198,9 млрд теңгеге ұлғаяды деп күтілуде.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍58👏17❤9🔥3😁2
⚡️Астана Мәскеудің ықпалынан баяу әрі сенімді түрде алыстап барады...

Соңғы үш жылда Қазақстан теріскей көршіге тәуелділікті азайтуға бағытталған бірсыпыра маңызды жүріс жасады деп жазады Ertenmedia.

Астана Мәскеумен арадағы байланысты ушықтырмай-ақ, Кремльден іргесін аулақ салуда. Осы аралықта Бейжің, Анкара, Уашингтон және Еуроодақпен қарым-қатынас күшейіп, сыртқы саясатта альтернатива көбейе бастады.

Маңызды бір жайтты атап өту керек, біздің ел Мәскеумен арадағы байланысты өздігінен әлсіреткен жоқ. Еуразиялық одақ пен ОДКБ аясындағы міндетін адал орындап отыр. Көршінің қыршаңқы мінезі мен санкциялық қысым күшейген сайын Тоқаевтың төңірегі сақтық амалын ойластыруда.


Экономикадағы негізгі өзгерістің бірі мұнай тасымалы.

2022 жылдан Ақтау – Баку – Тбилиси – Жейхан бағыты (Транскаспий дәлізі) басты приоритетке айналды. Екі жыл бұрын осы бағытпен 1,3 млн тонна мұнай тасымалданса, биыл мұны 2 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Ақтау портына ақша құйылып, Бакумен арадағы интеграция жандануда үстінде. Бұрын басты маршрут болған КТК бірнеше рет "бітеліп" қалғандықтан, сенімді деп саналмай отыр.

Ақорда Ашқабадпен де балама бағыт ашуға талпынуда. Күні кеше Авазада өткен БҰҰ конференциясында 🇰🇿 Тоқаев Түркіменстанның экс-басшысы Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовпен жабық есік жағдайында кездесу өткізді.


Бізге жеткен мәлімет бойынша, кездесуде Түркімен аумағы арқылы Иран бағытын да қосып, оңтүстік балама жолдарды ашу мәселесі талқыланған.

Қазақстан Кремльдің бастамаларына бұрынғыдай бас шұлғи салмайды. 2023 жылы ОДКБ-ның Беларусте өткен жаттығуынан бас тарттық. Еуразиялық одақтың интеграциясын тереңдетуге қатысты ұсыныстар да Сауда министрлігінің тартпасында шаң басып жатыр. Бірлескен медиа алаң құруға үгіттеген Мәскеудің идеясын да кері итеріп тастадық.

🏛 Кадр саясатында да өзгеріс бар. Ресей ықпалы басым институттармен тығыз байланыстағы адамдардың орнына Батыс елдері, Түркия және Қытаймен жұмыс істеген мамандар келуде.

Соғысқа қатысты Қазақстанның позициясы әуелден анық. Ел аумағын санкцияны айналып өту үшін пайдалануға рұқсат жоқ екені ресми түрде айтылған. Есесіне Түркия, Израиль және Оңтүстік Корея секілді елдермен әскери ынтымақтастық кеңею үстінде.

Ішкі саясатта қазақыландыру үрдісі күшейіп келеді. Мем. мекемелердегі іс-қағаз, жарнама, сандық қызмет қазақ тіліне басымдық беріп жатыр. Орыс тіліне ресми шектеу қойылған жоқ, алайда мемлекеттік деңгейде біртіндеп қазақшаға ауысу үрдісі айқын байқалады.

Сыртқы саясатта Бейжіңмен логистикалық интеграция күшейіп, «Бір белдеу бір жол» жобасына жан біте бастады. 🇹🇷 Ердоғанмен «Орта дәлізді» дамытуға басымдық берілуде. Еуропамен сирек металдар бойынша контрәктілер бекітіліп жатыр. Елімізге елші болып келеді деген әккі дипломат Жули Стаффт Уашингтонның Қазақстанға балама тасымал жолдарын табуға көмектесетінін ашық айтты.

Әлбетте, Мәскеу мұның бәрін көріп-біліп отыр. Тоқаевтың екпінін тежеу үшін түнеукүні Новороссийск портындағы қазақ мұнайына тосқауыл қойып, жаңа талапты алға тартты. Кремльдің логистикалық блокадасы Ақордаға одан сайын ой салуда.

Былтырдан бері ресейшіл медиада бізге қарсы ақпараттық шабуыл жиілеп кетті. "Одақтастың опасыздығы", "Батыспен ауыз жаласу" секілді айыптау көбейіп, ішкі ахуалға ықпал ету әрекеті байқалады. Тоқаев бұған қандай да бір антиресейлік риторикасыз, құқықтық жолмен тойтарыс беруде.

Тоқ етерін айтқанда, Ақорда теріскейден төнетін қауіп пен қысымды бәсеңдету үшін жүйелі жұмыс жүргізуде.


Сыртқы саясаттағы көпвекторлықтан бөлек, ішкі саясатты тәуелсіздендіру процесі жүрдек жүріп жатыр. Астана Кремльмен қабақ шытыспай-ақ, Мәскеудің орбитасынан баяу әрі сенімді түрде алыстап барады.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏98❤31🔥8👍7🤔3🙏1
⚡️ Берденовке мылтық кезенуге қызғаныш себеп болды. Ернар Жиембай сотта сөйлей бастады...

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша атышулы сот ісі басталды. Айыпталушы Ернар Жиембай шенеунікке мылтық кезеніп, оқ атуының себебін егжей-тегжейлі баяндап берді деп жазады Ertenmedia.

Жиембай оқиғаның жұмысқа түк қатысы жоғын, бәрі де жеке бастың мәселесінен, нақтырақ айтқанда қызғаныштан туындағанын мәлімдеп отыр.


"Қоғам мұның ақ-қарасын білгені дұрыс. Мұны ел естісе екен деймін. Оқиғаның астарында қызметке қатысты ешқандай дау жоқ, бәріне қызғаныш түрткі болды", – деп мәлімдеді ол сотта.

Жиембай осы оқиғаға қатысты әлемжеліде тарап жатқан әртүрлі алып-қашпа әңгімені толықтай жоққа шығарып, отбасылық жағдайын ашып айтты.

"Жұбайыммен алтыншы сыныптан бірге өстік. Ол өнегелі, тәрбиелі әулеттен шыққан адам, әлемжеліде жазылғандай жеңіл жүріске жақын емес. Өз басым ешқашан бөтен еркектермен сөйлескенін көрмеппін", – деді айыпталушы.

Айтуынша, үйдің тұңғышы аутизм диагнозымен дүниеге келген. Осы себептен әйелі дәл сондай диагнозы бар бала тәрбиелеп отырған көрші жанұямен тығыз араласқан екен. Әлгі отбасы Руслан Берденовтің туыстары болып шыққан.


"Әйелім осы отбасымен жақын араласып, балаларды дамыту орталығына бірге апаратын еді. Кейде дастарқан басында да кездесіп жүрді. Осындай басқосуларға Руслан Берденов те жиі келетін. Тіпті сол отырыстарда олар "қара касса" деген ойын ойнаған", – дейді ол.

Жиембайдың айтуынша, күндердің күні жұбайының телефонына Руслан Берденовтен "сен сұлусың" деген хабарлама келген.

"Бұдан бөлек суретіне де лүпіл басқан екен. Әуел баста бұған аса мән бермедім. Мұндай мақтауды қарындастарыма өзім де жиі айтатын едім. Бірақ кейін бір жағдай мені ойландырып тастады...", – деді ол сотта.


Айыпталушының сөзіне қарағанда, оқиғадан бір күн бұрын Берденовтің қабылдауына баратын болып, әйелінен кәстүм-шалбарын дайындап қоюды өтінген. Үйіне оралғанда жұбайы киімін дайындап үлгермегенін, оның үстіне көйлегінің жеңін үтікпен күйдіріп алғанын байқайды.

"Кездесуге кешігіп жатқан едім. Осы сәтте әйелім аяқ астынан Берденовтің қалай киінетінін, оның құны 5 миллион теңгеден асатын кәстүмдерді ұнататынын егжей-тегжейлі айта бастады. Келіншегімнің өзі сөзі менің ашуымды келтіріп, оған (Берденовке) мылтық кезенуге себеп болған шығар деп ойлаймын", – деді Жиембай.

Сот процесі мемтілде өтіп жатыр. Ertenmedia сот процесінен жедел хабар таратып отырады. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍74😱24❤14🤡7🔥3💯2😁1🤔1
⚡️ "Берденов сені о дүниеден алып шығады". Ернар Жиембай сотта тосын мәлімдеме жасады...

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасамақ болды деген айыппен сот алдында отырған Ернар Жиембай тағы бір тосын мәлімдеме жасады деп жазады Ertenmedia.

Жиембайдың айтуынша, оған әлдекімдер шығып, осы оқиғаға жоғары лауазымды шендінің қатысы бар деген жалған айғақ беруін өтінген.

"Ең қызығы, менен осы істі біреудің бұйрығымен жасадым деп көрсетуді сұрады. Әкім өзінің орынбасарын "тапсырыс" беріп өлтіртпек болды деген жалған нұсқаны айтқызғысы келді. Сөйтіп мені әлдебір киллер ретінде көрсетуге талпынды. Оның өтеуі ретінде түрмеде ұзақ аялдамасымды айтып, "Берденов сені о дүниеден де алып шығады" деді", – деген Жиембай ойын аяқтап үлгермеді.


Айыпталушының сөзін жол ортадан киліккен прокурор бөліп жіберді.

"Құрметті төраға, Жиембай іске қатысы жоқ қай-жайдағы нәрсені қаузап кетті. Егер басқа уәжі жоқ болса, сұрақ-жауап бөліміне көшуді сұраймын", – деп өтініш айтты прокурор сот төрағасына.

Ertenmedia сот процесінен жедел хабар таратып отырады. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱75👍36❤11🔥2😁1🤔1💯1
⚡️ Берденовтың контршабуылы: Шымкент әкімінің орынбасары Жиембайдың соттағы сөзіне жауап қатты...

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов атышулы Ернар Жиембайдың бүгінгі соттағы мәлімдесіне қатысты пікір білдірді деп жазады Ertenmedia.

Оның сөзінше, айыпталушының аузынан шыққан сөз тап-таза жала.

"Бұл ма, бұл шантаж. Соттағы мәлімдемесін үнсіз тыңдап отыра алмадым. Жиембай осы оқиға орын алған алғашқы сәттен бері істі барынша бұрмалауға тырысып келеді. Онымен ең соңғы рет шекеме мылтық төсеген күні кездескенмін. Одан бері ешқандай байланыс болған емес", – дейді Берденов.


Шенеунік сот басталғалы бері Жиембайдың төңірегі оның адвокаттарымен байланысып, ымыраға келуді ұсынғанын жеткізді.

"Егер кешірсеңіздер, шу шығармаймыз деп қорғаушыларыма төтесінен айтты. Келіспеген жағдайда шатақ шығарамыз, ақпарат алаңында лаң жасаймыз деп сес көрсетті. Жиембайдың әкесі өзін-өзі өртейді дегенге дейін барды", – дейді Берденов.

Шенеуніктің айтуынша, ол әлгіндей арандатуға еріп кетпеген және әуелгі ұстанымынан айнымаған. Оның сөзінше жанжалдың жалғыз себебі Жиембайдың кәсіби міндетін адал атқарудан қашуы.

"Жұмысын ашық әрі таза жүргізуді талап еттім. Арамыздағы дау тек жұмысқа қатысты өрбіді. Барлығын "қызғаныш", "әйел" тақырыбына бұру таза манипуляция. Мен оның жұбайын танымаймын, отбасымен де араласқан емеспін. Ол мен үшін қатардағы мердігер болды", – деді әкім орынбасары.


Жиембайдің мәлімдемесінде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтың де аты аталған еді. Берденовтің пайымдауынша мұның астарында тағы сол бопса мен беделге нұқсан келтірудің белгісі бар.

Шенеунік қазіргі ұстанымынан айнымайтынын тағы бір мәрте шегелеп өткен екен.

"Депутаттық мерзімім аяқталған соң да, мемлекетке адал қызмет ету жолынан тайған жоқпын. Соңғы үш жылымды осы жолға арнадым. Қала әкімінің шақыруымен Шымкентке келіп, ашық, адал жұмыс істеуге, халыққа шынайы көмек көрсетуге күш салдым", – дейді.

Ол соттың әділ әрі ашық өтеріне сенімді. Алайда, бір нюанс бар. Желідегі жұрт "Берденов Жиембаймен бетпе-бет келуге қаймыға ма, неге сотқа қатыспайды?" деген сыңайдағы сауал қоюда.


"Қазір денемде аңшы мылтығынан атылған 60-тан астам бытыра бар. Бұл ресми түрде тіркелген дәлел. Кейбіреу менің үнсіздігім мен сотқа қатыспауымды әлсіздік деп бағалап жатыр екен. Қателесесіздер, үнсіздік келісім деген сөз емес. Мен әділетті сотты күтіп отырмын", – деп жауап қатыпты Сыздықбековтың орынбасары.

Айта кетелік, бұған дейін Ернар Жиембай Берденовке қатысты біраз даулы мәліметті жария еткен болатын. Оның айтуынша, сол күнгі оқиғаға жұмыс емес, қызғаныш мәселесі триггер болған.

Erteńmedia сот процесінен жедел хабар таратып отырады. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎40😱23❤21🔥4💯2🤔1
⚡️ Түлектердің талғамы өзгеріп жатыр. Ертең грант иегерлерінің есімі белгілі болады...

Жаңа оқу жылына 77 мың грант бөлінген.

Биыл техникалық мамандықтар алға шығып, гранттың 60 пайызы инженерлер мен IT мамандарын дайындауға бағытталған.


Грант иегерлерінің аты-жөні ертең белгілі болады.

Толығырақ: https://ertenmedia.kz/113-myng-uemitker-77-myng-grant-zhengimpazdar-esimi-erteng-zhariyalanady/
👏23❤7🔥2
⚡️КТК-ның соңғы күзі: Кремльден қашқан қазақ мұнайының "Баку бағдары"

Кремль Қара теңіздегі негізгі порттарына шетелдік танкерлердің кіруіне уақытша тыйым салды. Бұрын порттағы қозғалысты Көлік министрлігі бақылайтын, 21 шілдеден бастап бұл міндет ФСБ-ның құзырына өтті деп хабарлайды Ertenmedia.

Көршіміз мұндай шешімді әскери жағдаймен байланыстырып отыр.

Мәскеудің әрекеті қазақ мұнайының экспортына тұсау болуы ықтимал. Елдегі қара алтынның 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы (КТК) арқылы Еуропаға жөнелтіледі.


Консорциумның негізгі үлескерлері әмірикалық Chevron мен ExxonMobil компаниялары. Ресей порттарына қойылған шектеу осы бағыттағы мұнайдың экспортын түгелдей тоқтатуға дейін апаруы мүмкін. Әлемдік нарық осының әсерінен шамамен 2 пайыз мұнайынан айырылғалы тұр.

Мәскеу мұны Еуроодақтың 21 шілде күні енгізген жаңа санкциясына жауап ретінде жасаған. ЕО Ресейден теңіз арқылы келетін шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне толық эмбарго жариялады. Тек құбыр арқылы тасымалданатын мұнайға ғана уақытша рұқсат етілген. Батыстың мақсаты басқыншы елдің мұнайынан кезең-кезеңімен бас тарту.

Осындай аумалы-төкпелі шақта Астана мұнай экспортын әртараптандыруды едел-жедел қолға алды.

Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов биыл Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) құбырымен тасымалданатын мұнай көлемін 1,7 млн тоннаға жеткізу көзделгенін мәлімдеді. Былтыр бұл көрсеткіш 1,4 млн тонна болса, биыл жарты жыл ішінде 800 мың тонна қазақ мұнайы аталған құбыр арқылы Еуропа нарығына шыққан.


Қазақстанның КТК-дан өзге экспорт жолдарын іздеуіне түрткі болған жайттар аз емес.

Былтыр тамызда Новороссийск сотының шешімімен КТК жұмысы бір айға тоқтатылғанда, ел билігі балама бағыттардың маңызын анық ұқты. Сол кезде президент Тоқаев Транскаспий бағытын дереу қарастырып, жедел іске асыруға тапсырма берген еді.

Сөйтіп, 2023 жылдың басында қазақ мұнайы БТЖ арқылы тұрақты түрде тасымалдана бастады. Әзербайжанның SOCAR компаниясы бұл бағытта өз инфрақұрылымын модернизациялап, қазақ мұнайының транзитіне жол ашты.

Биыл қаңтарда Қашаган кен орнынан алғашқы мұнай танкермен Әзербайжанға жетіп, БТЖ-мен Еуропаға жөнелтілді.

Жуырда ғана президент Тоқаевтың Түркия басшысы Ердоғанмен кездесуінде де осы бағыттағы мұнай транзитінің көлемін арттыру мәселесі талқыланды. Биыл алғашқы алты айдың өзінде БТЖ арқылы экспортталған мұнай көлемі былтырғыдан 12 пайызға артқан.

❗️ Бірақ жаңа бағыттың да шешуді қажет ететін мәселесі жеткілікті. Мысалы, Ақтау портының өткізу қабілетін арттырып, ірі танкерлерді көбейту керек. Каспий теңізінің суы тартылуы себепті, порт түбін тереңдету жұмыстары да күн тәртібінде тұр.

Қазақ мұнайының сапасы да Әзербайжан тарапы үшін маңызды мәселе. Kazakh Light мұнайы Azeri Light-тан құрамындағы күкірттің көптігімен ерекшеленеді, сапасы төмендеу. Сондықтан екі елдің мұнайын бір құбырмен араластыру Әзербайжан мұнайының нарықтағы бағасын төмендетуі ықтимал.


Сол үшін қазақ мұнайына бөлек құбыр қажет. Бұл ретте бұрыннан бос тұрған Баку–Супса құбыры қайта назарға ілікті.

Ұзындығы 836 шақырым, мұнай жүгірту мүмкіндігі жылына 6 млн тоннаны құрайтын Баку–Супса құбыры кезінде Әзербайжан мұнайын Ресей аумағын айналып өтіп, таза күйінде Батыс нарығына шығару мақсатында салынған. Қазақстан осы құбырды экономикалық тұрғыдан да, геосаяси тұрғыдан да тұрақты балама ретінде көріп отыр.

Тоқ етерін айтқанда, Баку–Тбилиси–Жейхан және Баку–Супса бағыты қазақ мұнайының Кремльге тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін БТЖ құбыры экономикалық дербестікті нығайтатын Әзербайжанның өзіндей сенімді әрі салмақты балама.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏89❤23👍12🔥4🙏2
⚡️ Ақордадан "моральдық қолдау" іздеген Путин Тоқаевқа қоңырау соқты...

Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарласып, АҚШ-пен жүргізген келіссөздерінің мән-жайын баяндады.

Кремль мұны екі ел арасындағы одақтастық пен стратегиялық әріптестік аясындағы әңгіме деп сипаттаған деп жазады Ertenmedia.

Ақорданың хабарламасы қысқа қайырылғанымен, оның тасасындағы маңызды жайттарды Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай егжей-тегжейлі жеткізді.

Желдібайдың сөзінше, телефон арқылы тілдесуге бастамашы болған Ресей тарапы. Әңгіме негізінен Украинадағы соғысты реттеу жолдарын қарастыруға бағытталған.


Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен болған кездесудің қорытындысын жеткізіп, диалогтың конструктивті түрде өткенін атап өткен.

Тоқаев тараптардың Украинадағы шиеленісті реттеуге ұмтылысын оң бағалап, Қазақстан әрқашан мәселені бейбіт шешудің жақтаушысы екенін атап өтті.

Бұған дейін Путиннің Уиткоффпен кездесуі екі ел арасындағы «өзара түсіністік сигналдарымен алмасу» ретінде сипатталған болатын. Осы кездесуден соң АҚШ президенті Дональд Трамп Путин және Зеленскиймен жеке жүздесуге ықыласты екенін мәлімдеді.

Кремль де Путиннің мұндай форматтағы кездесуден бас тартпайтынын хабарлады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков келіссөз алаңы ретінде БАӘ аумағы ұсынылғанын айтты.

Сондай-ақ, Желдібай Қазақстан президентінің қарашада Мәскеуге жоспарланған сапары маңызды екенін атап өтті.


Онда Тоқаев Ресеймен әріптестік және одақтастық байланыстарды тереңдету мәселелерін талқыламақ.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡92👍41😱32🤮17❤14🤔5🔥2
⚡️ Назарбаев әулетіне адал қызмет еткен генерал абақтыдан шықты...

ҰҚК-нің Шекара қызметінің бұрынғы басшысы, кезінде Назарбаевтар әулетімен байланысы бар компанияға артықшылық берген генерал Дархан Ділманов бостандыққа шықты. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді деп жазады Ertenmedia.

«Аталған азамат сот үкімімен белгіленген мерзімді толық өтеген соң босатылды», – деп нақтылады комитет өкілі.

Ділманов осыдан екі жарым жыл бұрын қызметін асыра пайдаланғаны үшін төрт жылға сотталған. Сот оны шенінен, марапаттарынан және бағалы мүлкінен айырған еді. Қамауда отырған мерзімі жаза мерзіміне есептелгендіктен, генерал мерзімінен бұрын еркіндікке шықты.

Ілгеріде атышулы болған бұл істің түбі Назарбаевтар отбасына тірелген. Генералдың үстінен қозғалған қылмыстық іс пандемия кезеңіндегі шекарадағы заңсыздыққа қатысты еді.


Сол уақытта Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы тұралап қалған тұста, генерал Ділманов «Eurotransit Cargo» компаниясы үшін арнайы «жасыл дәліз» ұйымдастырған.

Нәтижесінде компанияның жүк көліктері кеденнен еш кедергісіз өтіп, өзге тасымалдаушыларға қарағанда басымдыққа ие болған.

Кейін компанияның Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның отбасымен байланысы бар екені анықталған. Арнайы дәліздің арқасында олар 1750 жүк рейсін ұйымдастырып, 4 миллиард теңгеден астам табыс тапқан.


Мұндай әрекет нарықтағы өзге тасымалдаушыларды шетке ығыстырып, олардың наразылығын тудырған. Тергеу генералдың Назарбаевтармен байланысы бар фирма мүддесін заңсыз лоббилегенін анықтаған.

Осы іс бойынша Ділмановпен бірге тағы жеті адам сотталды. Барлығы өз кінәсін мойындады.

Солардың бірі логистикалық кешеннің иесі мемлекетке өз еркімен құны 5 миллиард теңгеден асатын мүлкін тапсырған.


Ділмановтан басқа сотталғандарға жеңілірек жаза кесілгенімен, оларға мемлекеттік қызметке жол түбегейлі жабылған.

Дархан Ділманов Шекара қызметінің басшылығына 2015 жылдың шілдесінде тағайындалып, 2022 жылдың сәуіріне дейін басқарды. Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен кетуге мәжбүр болған.

Жаңа Қазақстанға ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовпен және оның төңірегіндегі бұрынғы генералдармен байланысы жоқ жаңа буын әскери басшылар қажет болды. Ал Ділманов дәл сол «ескі гвардияның» өкілі еді.


Ол 2022 жылдың маусымында қамауға алынған. Кейін сот шешіміне апелляция бергенімен, нәтиже шықпаған.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱25❤14👎11🔥3🤔1
⚡️ Түрме табалдырығындағы трагедия: "Дикий Арманның" анасы ақтық сөзін айта алмай кетті...

Қостанай түрмесінде жазасын өтеп жатқан атышулы Арман Жұмагелдиевтің анасы Роза Жұмагелдиева дүниеден озды. Бұл туралы алғаш болып Instagram желісінде Арманның жақын серіктесі саналатын Нұржан Иманалиев хабарлады деп жазады Ertenmedia.

Иманалиевтің айтуынша, марқұм соңғы күндерінде ұлымен кездесу үшін Қостанайға барған. Ұлымен жүздесуден соң жүрегі шыдамай ауруханаға түскен ол көп ұзамай өмірден өткен.

Алайда Арманның адвокаты Рена Керимова кездесудің мүлдем болмағанын айтады.

«Ұлымен жүздесу қиын болды, рұқсат алу мәселесі шешілмеді. Роза Жұмагелдиева Қостанайға барып, баласымен кездесе алмай, сол жерде қайтыс болды», – деді Керимова.


Адвокаттың сөзіне сенсек, өлімнің алдын ала себебі микроинсульт.

Еске салсақ, Арман Жұмагелдиев Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыппен 20 жылға сотталған болатын.

Танымал саясаткер Жақсыбек Құлекеев "Ақорда үшін күрес" атты еңбегінде Дикий Арман мен ілгерідегі Иманалиевке қатысты біраз тың инсайдпен бөліскен еді.

"Арман соңғы 5 жыл бойы Қазақстанның қылмыс әлеміндегі оқиғаларға жауапты болған, оған КНБ-де істейтін кураторлары көмектескен. Тергеу "Жұмагелдиев ұзақ уақыт комитеттің 5-ші департамент жетекшісі Руслан Ысқақовтың бақылауымен қызметін жалғастырып келді" деген қорытындыға келген. Алайда, кімді-кімді өз мақсатына пайдаланғаны толық түсінікті емес.

Бір абзацта Ысқақов Арманға Қазақстандағы трансұлттық қылмыстық топтардың елдегі қылмыстық жағдайға ықпалын жою үшін серіктес болуға ұсыныс жасаған десе, бір абзацта, Ысқақов "Әділ Қытай", "Айшуақ Жантүгел" қылмыстық топтарын ұстау бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, Шпек деген лақап атқа ие Рамазан Ғаббасовты қамауға атсалыса отырып, Дикийді оперативтік іс-шаралардан қорғап отырған делінеді.

Демек, ҰҚК алаңды түрлі ОПГ-дан тазартып, ал Арманның тобын айналып кетіп отырған.


Жұмагелдиев ҰҚК-ның қамқорлығына сүйеніп, аймақтарға өз қарақшыларын қойып, тұтас Қазақстанды Нойс деген лақап аты бар Нұржан Иманалиевке тапсырған. Иманалиев қазір түрік түрмесінде отыр...", – деп жазған еді Құлекеев.

Кітапта айтылғандай ҰҚК-дан нұсқау алған Арман Алматыға 17-ші желтоқсан күні келіп, ешкімге білдірмей, өзге ОПГ қатысушыларымен кездескен.

Ал 5-ші қаңтарда Ысқақов Жұмагелдиевке адам жинап, алаңға баруды тапсырады. Арман ол жақта Мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенмен кездесіп, жақтастарының әрекетін ұйымдастыра бастайды.


Жұмагелдиевтің тапаншамен қаруланған адамдары қаладан 30-дан астам адамды ұстап, "Рицт Карлтон" қонақүйінің паркингі мен "Қазақстан" қонақ үйінің банкет залында күштеп ұстаған.

"Тергеу дерегінше, ол адамдарды камераға түсіріп, есірткі тұтынғанын, мародерлік жасап, Әблязов құрған ҚДТ саяси қозғалысының мүшеміз деп айтуға мәжбүрлеген. Артынша кураторы Ысқақовтың нұсқауы бойынша ұсталғандары ҰҚК-ға тапсырған" дейді Құлекеев.

Жұмагелдиевке қатысты тарау мұнымен аяқталмайды.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍61😱28❤26🤮15😢7🙏3😁1🤔1
⚡️ Уашингтондағы "ғасыр декларациясы": Трамптың төрелігімен түйінделген тарихи текетірес

Армения мен Әзербайжан басшылары Уашингтонда тарихи келісімге қол қойды деп хабарлайды Ertenmedia.

АҚШ президенті Дональд Трамптың тікелей араағайындығымен жүзеге асқан декларация екі ел арасындағы көпжылдық қарулы қақтығысқа нүкте қойып, бейбіт қатынас пен дипломатиялық диалогқа жол ашты.


Құжат Армения премьері Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Илхәм Әлиевтің тікелей келіссөздері нәтижесінде қабылданған.

Тараптар қол жеткізілген бейбіт келісімді толық бекіту мен ратификациялауды мойнына алды. Сондай-ақ, өзара егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеу, әскери текетірестен бас тарту міндетін де өз жауапкершілігіне алып отыр.

Декларацияның басты тармағының бірі өңірдегі көлік қатынасын жақсарту және Әзербайжанның негізгі аумағы мен Нахишеван эксклавы арасын жалғайтын жаңа транспорттық дәліз ашу. Армения аумағы арқылы өтетін осы дәліз Иранмен шектесетін тұстан орын тебеді.

АҚШ басшысының атымен «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу маршруты» аталған осынау көлік бағыты Әзербайжан мен Нахишеван арасында тікелей байланыс орнатып, Бакудің Түркиямен экономикалық қарым-қатынасын нығайтады деп күтілуде.


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Анна Келлидің айтуынша, дәліз Арменияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып қызмет етпек. Ұзындығы 32 шақырымды құрайтын дәліз арқылы адамдар мен тауардың кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етіліп, аймақтың экономикалық дамуына тың серпін бермек. Келісімге сәйкес, дәлізді 99 жыл бойы АҚШ компаниялары жүзеге асыру құқығына ие болды.

Президент Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасындағы келісімді тарихи жетістік деп бағалады.


Оның пікірінше, АҚШ президентінің жеке араласуы және тараптардың саяси ерік-жігері арқасында ғана көпжылдық күрделі мәселе шешімін тапқан.

Сонымен қатар, Тоқаев бұға Ақорданың да атсалысқанын атап өтті. Біздің ел келіссөздердің маңызды параметрлерін талқылау үшін Алматы қаласын екі елдің сыртқы істер министрлері кездесетін алаң ретінде ұсынған еді.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍98❤21👏7🔥1
⚡️ Берденов ісіндегі фантастика мен факті: Ернар Жиембайдың жақындары мәлімдеме жасады...

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық әрекетке қатысты істің мән-жайы күрделене түсті деп жазады Ertenmedia.

Айыпкер Ернар Жиембайдың жақындары ақпараттың бұрмаланып, істің шынайы бейнесі бүркемеленіп жатқанын мәлімдепті. Олар оқиғаға қатысты бірқатар күмәнді жайттарды алға тартып отыр.

"Жәбірленушінің 60 бытыра туралы ақпараты алғашқы бейнежазбасымен сәйкес келмейді, онда ол сыртқы киімсіз аурухана төсегінде және жамбасынан жоғары ешқандай жарақатсыз жатыр.

Берденовтің денесінен барлығы 3 дана бытыра қалдығы табылған. Сот отырысына дейін ол емін-еркін қозғалып жүрген. Бұған 1 тамызда өз аяғымен Шымкент қаласы әкімдігіне барғаны дәлел.


Бұдан оның жарақаты жеңіл болуы мүмкін және сотқа әдейі келмеуге әрекет жасаған деген күдік туындайды", – дейді айыпкердің әкесі.

Жиембай Пірәлиев бұған қоса сол күнгі оқиғаға қатысты кейбір детальдарды толықтырған екен.

"Жүргізуші менің ұлымды құлатып, жәбірленушіні құтқарғаны туралы ақпарат жалған. Бейнежазба мен жүргізушінің сотта берген жауабы ұлымның қолында сол уақытта ештеңе болмағанын растайды.

Аңшылық қарудан 5 оқ атылды, ал адам аяғында тұрды. Басты себебі, ұлым тікелей атпады, оқ жәбірленушіге рикошетпен тиген. Оқ таусылғасын Ернар мен Берденов әлі де аяғында тұрып, әңгімелесті. Бұл ақпарат іс материалындағы ресми бейнежазбамен расталады", - дейді ол .

Пірәлиевтің айтуынша, аңшылық қарудан 5 рет тікелей атқан оқтан тірі қалу тек фантастикалық фильмдерге үйлесімді. Ал Берденовтің алғашқы және кейінгі жауабында айырмашалық бар.


"Кейінгі жауабында, ол менің ұлым оған қансырап жатқан кезінде қаруды басына қойып атуға оқталғаны туралы мәлімдеді. Бұл факт сараптамалық баға бойынша теріске шығарылады. Мен ұлымның әрекеттін ақтауға тырыспаймын. Бірақ ел шындықты білуі керек", - дейді Ернар Жиембайдың әкесі.

Келесі сот отырысында куәгерлерден жауап алу жалғасады.

Ertenmedia істің барысын назарда ұстайды.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍70❤16👎14🔥11🤔10👏4💯2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Профессордың соңғы үміті: үйінен айырылған ұстаз президент Тоқаевқа үндеу жолдады...

Белгілі қаламгер, профессор Кәкен Қамзин алаяқтардың арбауына түсіп, пәтерінен айырылып қалғанын мәлімдеді.

Қартайған шағында үйсіз-күйсіз қалудың аз-ақ алдында тұрған ұстаз әзірде ғана президент Тоқаевқа үндеу жолдады деп жазады Ertenmedia.

Алаяқтардың күрделі схемасына сеніп қалған профессордың жағдайы тым ауыр.

Жетпістен асқан шағында жанарына үміттен гөрі үрей толып, көшеде қаламын ба деген уайыммен күн кешуде.


"Алаяқтыққа қарсы ешкімнің иммунитеті жоқ. Басыма түскен жағдайдан құтқарсаңыз екен. Егде тартқан шағымда үйсіз-күйсіз далада қалғалы тұрмын", - деді осы ретте Кәкен Қамзин президент Тоқаевқа жолдаған үндеуінде.

Ұлағатты ұстаздың басына түскен ауыр сынақтан сырт қалмайық.


Кәкен ағаға көмек қолын созамын деушілер мына реквизиттер арқылы қолдау білдіре алады:

📌 KASPI, HALYK: +7 775 650 5809 (Әсел Қ.)

Ұстаздың басынан өткен жағдайды күні кеше журналист Нұрсейіт Жылқышыбай егжей-тегжейлі баян еткен. Сұхбаттың толық нұсқасы осы жерде: https://youtu.be/kvJ9Hh_QQpU

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱36🙏26❤7😢4🔥1🕊1
⚡️ "Сайран" автовокзалындағы анархия: Сатыбалдының сабыры сарқылды...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Сайран» автобекеті маңындағы ретсіздік пен бейберекетсіздікті қатаң сынға алып, полициядан бұл аумақты тәулік бойы бақылауға алуды талап етті деп жазады Ertenmedia.

Қала басшысы Әуезов ауданына арнайы барып, жергілікті коммуналдық қызмет пен басқарма басшыларымен көшпелі жиын өткізді.

Әсіресе кешқұрым жеке такси жүргізушілерінің Car City сауда орталығы мен «Сайран» автовокзалы айналасына шоғырлануы аймақ тұрғындарының мазасын қашырып, тазалық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіруде.


«Мұндағы бейберекет қозғалыс пен лас орта, айғай-шу тұрғындарды әбден қажытты. Кешке таман емін-еркін жүріп-тұру қауіпті болып барады. Полиция осы аумақты бақылауды күшейтіп, тәртіп орнатуы қажет», – деді әкім.

Сондай-ақ, ауданның бет-бейнесін жақсарту үшін 2025 жылға қарай 37 ғимараттың сырт келбеті бірыңғай стильге сай жаңартылады. Жасыл желек пен саябақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінбек.

Қазірдің өзінде аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру және ағаш отырғызу жұмыстары қарқынды жүруде.


Сапар барысында әкім Әуезов ауданы тұрғындарымен жеке жүздесіп, олардың өтінішін тыңдады. Халық көбіне үй шатырын жөндеу, баспана және әлеуметтік көмекке қатысты сауалдарын қойды. Қала әкімі бұл мәселелердің барлығын жіті қарап, шешімін табуға уәде берді.

Айта кетейік, бұған дейін президент Тоқаев қала әкімдігіне Алматының жоғарғы бөлігінде әлеуметтік және туристік нысандардан басқа тұрғын үй кешендері мен нүктелі құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырған еді.

• Коллаж: Erteńmedia.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍87👏64❤10😱4😁2💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Бағанашылдан Қонаевқа қоныс аударған 39 баланың өмірі қалай өзгерді?

Бағанашылдағы бейімдеу орталығынан Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратқа көшкен балалардың осында орналасқанына 20 күн толып үлгерді.

Бүгінде орталыққа орналастырылған 39 жасөспірім жаңа мекенге біржолата үйренісіп, жайлы ортаның игілігін көруде.

Жаңа орталықтың іші кең әрі жарық, спорттық алаң, шығармашылық студия, оқу және ойын бөлмелері мен заманауи жатын бөлмелерден тұрады.


Мұнда әр маманның жеке кабинеті бар, әрбір бөлме бүгінгі заман талабына сай жасақталған. Балалар бұл жердің көңіл-күйге жайлы әсер ететінін айтады.

Облыстық білім басқармасының айтуынша, жаңа орталыққа Бағанашылдағы балалар үйінен емес, тек бейімдеу орталығындағы жасөспірімдер ғана көшкен. Барлығы балалардың өзімен келісіліп, заң талаптары сақталған.

Енді санаулы күннен кейін бұл жасөспірімдер үшін алғашқы қоңырау соғылып, Қонаев қаласындағы мектептер мен гимназияларда білім алмақ. Жаңа орта, жаңа мектеп балалардың болашаққа деген сенімін нығайтқандай.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍34👏11❤9👎2🔥2
⚡️ Зеленскиймен тілдескен Тоқаев: Украинаның тұтастығы талқыланбайтын талап...

Президент Тоқаев Украина басшысы Владимир Зеленскиймен әңгімеде Қазақстан халқының Украина тарихына, мәдениеті мен тіліне құрметпен қарайтынын жеткізді деп жазады Ertenmedia.

Ол қақтығыс басталғалы бері Қазақстанның ұстанымы өзгермегенін еске салды:

Астана әділеттілікке негізделген тұрақты бейбітшілікті қолдайды.

Қазақстан БҰҰ Жарғысының орындалуын, мемлекеттердің шекарасы мен аумақтық тұтастығының бұзылмауын басты қағида санайды.


Тоқаев қазіргі күрделі жағдайда салмақты әрі ақылмен әрекет етудің маңызы зор екенін айтты.

Оның пікірінше, ең басты міндет Украинаның мемлекет ретінде сақталып қалуына кепілдік беру.


Ол қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аудару керектігін ескертіп, аумақтық дау-дамайдың тіпті уақытша келісімдердің де жүзеге асуына қиындық туғызатынын атап өтті.

Екі ел басшысы өзара тиімді бағыттар бойынша Қазақстан мен Украина қарым-қатынасының алдағы перспективасын да талқылады.

Бұдан бір күн бұрын, яғни 8 тамызда Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен де телефон арқылы сөйлескен еді. Әңгіме барысында Путиннің Трамптың арнайы өкілімен кездесуі және Украина мәселесін шешудің жолы сөз болған.

Сарапшылар Тоқаевтың бірер күннің ішінде екі жақпен де тілдесуін ақылды дипломатиялық қадамның көрінісі деп бағалауда.


Қазақстан қос тараппен де ортақ тіл табыса білетінін аңғартты, бірақ халықаралық құқық пен елдердің аумақтық тұтастығын қорғау ұстанымынан еш айнымайтынын да нақты көрсетіп отыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍105🔥36❤19👏3👎2🤔2😁1💯1
⚡️ "Міржақыптан" кейінгі жаңа меже: "Оян, қазақ" фильмінің авторлары ауқымды жобаға кірісті...

"Ахмет. Ұлт ұстазы", "Міржақып. Оян, қазақ!" секілді тарихи фильмдермен танылған шығармашыл топ тағы бір тың жобаны қолға алды деп жазады Ertenmedia.

Режиссер Мұрат Есжан мен продюсер Айсәуле Әбілда бұл жолы мотивациялық бағыттағы толықметражды фильм түсірмек.


Продюсердің айтуынша, туындыға шынайы өмірден алынған оқиға арқау болған. Фильм тәуелсіздіктің елең-алаңындағы мұнай-газ саласындағы күрделі оқиғалар мен талас-тартысты бейнелейді.

Сол тұстағы қым-қиғаш, қайшыласқан оқиғаларды көрсету арқылы авторлар қазақ киносында бұрын қамтылмаған тың тақырыпты қозғағалы отыр.

"Фильмнің басты идеясы ауылда туған қарапайым қазақ баласының қажырлы еңбегімен биікке көтеріліп, жетістікке жетуі. Жобаны жүзеге асыруға нақты өмірде болған оқиға арқау болды. Сол оқиғаның кейіпкерлері мен куәгерлері ұсыныс білдірген соң, сценарий жазуға кірістік. Идеяның біздің құндылықтармен үйлескені де маңызды болды", – дейді Айсәуле Әбілда.

Жаңа фильмнің сценарийі режиссер Мұрат Есжанның авторлығымен тоғыз ай бойы шетелде жазылған. Үш бірдей тарихи жобадан кейін шығармашылық пауза алған авторлар жаңа идеяға тыңғылықты дайындықпен келген.


"Жаңа жоба "Міржақып. Оян, қазақ!" секілді жобалармен рухы жағынан үндес. Фильм көрерменге "бәрі мүмкін" деген сенім сыйлауды мақсат етеді. Сценарий сапасы мен әктерлік құрамды іріктеуге де ерекше екпін берілді. Көрермен бұрынғы фильмдерде көрген әктерлер қайталанбайды", - дейді Айсәуле Әбілда.

Көрерменге қазақы колориттегі шабыт пен сенім сыйлайтын сапалы кино түсіруді мақсат тұтып отырған шығармашыл топ 10 тамызда түсірімге кірісіп кетті.

"Бұл біздің үлкен экранға дайындап жатқан алғашқы туындымыз. Бұған дейінгі жобаларды көрермен жылы қабылдады, сыншылар да оң бағасын берді. Үш бірдей ауқымды тарихи фильмнен кейін бізге аз-кем үзіліс керек болды. Сол үзілістің жемісі осы жоба", – дейді өз кезегінде режиссер Мұрат Есжан.

Шытырман оқиғаға толы фильмді алдағы уақытта кинотеатрлардан көре аласыздар.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏85🔥43❤11👍9😢1