Erteńmedia
11K subscribers
3.4K photos
1.21K videos
1 file
3.08K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️ Үстелді тоқпақтаған Тоқаев, курьермен күрескен Сәденов: мемлекеттің көз алдында өскен есірткі империясы...

Есірткі бизнесі мемлекеттен тыс, өз алдына бөлек экономикаға айналып барады деп хабарлайды Ertenmedia.

Қаржы мониторинг агенттігі (ҚМА) әшкерелеген 50 наркодүкеннің жылдық айналымы 25 миллиард теңге.


Таңғаларлығы криминалды нарық кәдімгі банк жүйесімен біте қайнасып кеткен. Онлайн-сервистердің қалқасында тұрған есірткі саудасы мемлекеттің іш-құрылысына дендеп кіріп алғанын байқамай да қалыппыз.

❗️Ресми дерекке сенсек, Қазақстанда есірткі тұтынатын 40 мың адам бар. Бұл жәй ғана жалаң цифр емес, сіз бен біздің ортамызда жүрген адамдар. Олардың аты-жөні, IP-адрестері, транзакциялары анықталған. Арасында мектеп оқушылары да, шенеуніктер де жетіп артылады.

Президент Тоқаев күні кеше есірткі саудасы мен өндірісін қатаң бақылауға алу туралы өткір мәлімдеме жасады. Есірткі бизнесін қаржыландыратын күмәнді қаржы ағындарына тосқауыл қоюды тапсырды.

Мемлекет басшысы жастарды теріс жолға түсірген осы "бизнестің" интернет арқылы романтизацияланып жатқанына қынжылып отыр.


Қазірдің өзінде 20 мыңнан астам дроп-карта бұғатталған. Тоқаевтың сөзінен кейін банктер 8 мың клиентпен келісім-шартты едел-жедел бұзып жатыр екен.

Осыншама есепшот ашылып, есірткі ақшасы криптовалюта арқылы айналып жатқанда банк мамандары қайда болды? Әлемжелі мен курьер арқылы жүздеген картаны рәсімдеген кезде неге ойланбады дейсің.

3 мың криптоәмияндағы 11,5 миллион доллардың жолы кесілген. 130 жасырын криптоайырбастау пункті жұмыс істеп келген, бірақ қозғалған іс саны 64 қана.

Ішкі істер министрі Сәденовтің көз алдында нағыз цифрлық наркоимперия қалыптасқан.

ҚМА операциясы барысында 118 келі есірткі тәркіленіпті. Оның ішінде синтетика да бар. 217 мың доза психотропты зат алынған. Елімізде психотропты препараттар кәдімгі дүкен сөресіндегі тауардай саудаланатын жағдайға жеткен. Одан да сорақысы, халықаралық пошта қызметі арқылы есірткі жеткізіп тұрған төрт ірі арна анықталған.

Қазақстанда есірткі нарығы кәдімгі маркетплейс секілді құрылған дейді. Мұнда менеджер, курьер, логистика, банк, криптовалюта, тіпті жарнамаға дейін бар. Қазақтар жиі қолданатын әлемжелілерде "закладкаға" қатысты әзіл контенттер өріп жүр. Оларды ешкім бақылап жатқан жоқ...


Президенттің кешегі мәлімдемесін айтылды-ұмытылды деп қабылдайтындар бар секілді. Себебі нақты құрықтау жоқ, қылмыс әлемінің барондары тасада қалып, көшеде жүрген бейшара курьер мен нашақорлар ғана темір торға түседі.

Тұтқынға тек курьер емес, криптобиржаның артында тұрғандар, есірткі сайттары мен дүкен қожайындары, күмәнді транзакцияларды көрсе де, көзін жұмып отырған банк қызметкерлері, кабинетте отырып-ақ осы нарықтың кеңеюіне үнсіз рұқсат берген лауазымды тұлғалар түсуі тиіс еді.

Дәл қазір жаппай тазарту басталмаса, алдағы жылдары бұдан да ауыр, бұдан да үрейлі статистикаға куә боламыз.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍125😱28❤8💯4🤯1
⚡️ Әбдешовтің кабинетіндегі кісеннің сыңғыры Берденовтің болжамын растады...

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов жұмыс кабинетінде ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.

КНБ-ның дерегіне сүйенсек, оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу») бойынша айып тағылған. Шенді қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ақпаратты арнамыздың дереккөздері растап отыр.

Әбдешов бұл қызметке биылғы ақпанда, Руслан Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалған тұста келген.


Шендінің тұтқындалуы әкімдікке қарасты "Тұрғын үй Шымкент" компаниясының директоры Ернар Жиембайдың Берденовке қастандық ісі бойынша атышулы сот процесімен тұспа-тұс келіп отыр. Айтпақшы, компанияда дәл қазір аудит жүргізілуде.

Күні кеше қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың көмекшісі сотта куәлік беріп, тосын мәлімдеме жасаған еді.

Оның айтуынша, Руслан Берденов жиналыс сайын басқарма басшыларын үнемі тексеріспен қорқытқан.

"Берденов басқарма басшыларын жинағанда әр жиналысты тексеріспен, "антикор мен экономикалық тергеу қызметін барлық жерге жіберемін" деген ескертумен бастайтын", – деген еді куәгер.


Бұл оқиғалардың арасында қандай да бір байланыс бар-жоғы әзірге беймәлім.

Тағы бір назар аударатын жайт, Әбдешов ұсталған күні әкімдіктің ресми сайтындағы сәулет басқармасына арналған парақша кенеттен ашылмай қалған. Сыздықбеков әзірге үнсіз. Қаланың құрылыс саласындағы түйткілдердің түп-тамыры қайда жатқаны белгісіз күйінде қалып отыр.

Айта кетелік, бұған дейін біз Шымкент әкімдігінің Берденов-Жиембай жанжалынан іргені аулақ салып жатқанын жазған едік.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏34😱21❤8🔥2🤔1
⚡️Шымкенттегі тосын тұтқындауға Әбдешовтің Жамбылдағы былығы түрткі болған...

Шымкенттің бас сәулетшісі Арман Әбдешовтің ұсталуы әкім орынбасары Руслан Берденовтің атышулы мәлімдемесімен байланысты емес деп хабарлайды Ertenmedia дереккөзі.

Арнамызға жеткен инсайдқа сәйкес, Әбдешовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс оның бұған дейінгі қызметіне Жамбыл облысындағы жұмыс кезеңіне қатысты.


Арман Әбдешов 2020-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған. Дәл сол кезеңде жасалған ықтимал заңсыздықтар енді ғана анықталып, қазіргі тергеуге негіз болып отыр.

Бұған дейінгі хабарымызда Берденовтің жиналыстарда басқарма басшыларын Антикор және экономикалық тергеу қызметінің тексерісімен қорқытып келгенін жазған едік.

Күні кеше ғана қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің көмекшісі сотта куәлік етіп, Берденовтің әр басқосуды тексеріс туралы қатаң ескертуден бастайтынын айтқан болатын.

"Берденов әр жиналыста "антикор мен экономикалық тергеуді барлықтарыңызға жіберемін" деп үнемі қайталап, үрей туғызатын", – деген еді куәгер.

Осы мәлімдемеден кейін қоғамда Әбдешовтің ұсталуын Берденовтің тексеріс жайлы сөздерімен байланыстыратын болжам тараған.


Алайда, арнамыздың сенімді дереккөз мұны толықтай жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша екі оқиға тек уақыт жағынан ғана сәйкес келген, іс жүзінде ешқандай байланыс жоқ.

Айта кетейік, КНБ Арман Әбдешовті жұмыс орнында ұстаған болатын. Шенеунік Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу») бойынша айыпталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯67❤34😱20🔥5👏2🤔1
⚡️ Әкімдіктің ТОО-сы және жалдамалы пәтердегі өмір: Ернар Жиембайдың анасы жұртқа жауап қатты...

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деген Ернар Жиембайдың анасы көпшілікке үндеу жолдады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Соңғы күндері желіде ұлына қатысты түрлі қауесет мен қаралау сипатындағы ақпараттың көбейіп кеткеніне алаңдаған Светлана Сәриева елдің көкейіндегі сауалға өз жауабын берген екен.


Айтуынша, Ернар мектеп қабырғасынан бастап ерекше қабілетімен, елгезектігімен көзге түсіп, №50 мектепті ҰБТ-дан 114 балл жинап, мемлекеттік грант иегері атанған. Бұған дейінгі оқуында №38 мектепте оқушылар арасында президент болып, қатарластарының сеніміне ие болған.

Анасы ұлын намысшыл, әділ әрі елжанды азамат ретінде сипаттап, "ел іргесіне қауіп төнсе, ұлымның ең бірінші болып сапқа тұрарына сенімдімін" дейді.


"Ернарға қатысты ешқашан қылмыстық іс қозғалмаған. Оны сотқар етіп көрсетуге тырысып жатқандар да бар. Негізсіз айыптау мен жалған ақпарат таратушылардың заң алдында жауап беретінін ескерткім келеді", – дейді Светлана Сәриева.

Ол сондай-ақ, ұлының миллиардтаған соманы жымқырғаны туралы ақпараттың да шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Әлі сөз рас болса, ол қазір келініммен бірге жалдамалы пәтерде тұрмас еді. Мұны оның көршілері де, туыстары мен әріптестері де жақсы біледі. Оның үстіне, Ернар жұмыс істеген "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС оның жеке кәсібі емес, ол толықтай әкімдікке қарасты мекеме", – деп атап өтті Сәриева.

Сонымен қатар ол Ернардың әкесі туралы да жалған ақпарат тарап жатқанын айтты.


"Жолдасым прокуратура органдарында қызмет еткені рас, алайда 2013 жылы зейнет жасына толуына байланысты қызметтен босатылған. Ол ешқашан қызметін асыра пайдаланып, біреудің ала жібін аттаған емес. Абыроймен еңбек етіп, таза күйінде зейнетке шықты", – дейді Ернардың анасы.

Светлана Сәриева қоғамды негізсіз қауесетке сенбей, шындықты анықтауға шақырып отыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯67👍24❤12😱4🤡1
💸 Бір пәшкі доллар: Шымкенттік блогер бопса үстінде ұсталды...

Түркістан облысында жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалаған шымкенттік блогер, қалалық қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі Рүстем Әшетаев ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.

Полиция ақпаратына сүйенсек, күдікті кәсіпкерге «абыройыңа нұқсан келтіретін ақпаратты әлеуметтік желіде жариялаймын» деп қорқытып, одан алғашында 2 мың доллар алған.


Кейін блогер жәбірленушіге қайта хабарласып, тағы 4 миллион теңге талап еткен.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Әшетаевты Сайрам ауданындағы кафелердің бірінде кезекті рет ақша алып жатқан сәтінде қолға түсірген. Ұстау кезінде одан тұтас бір бума доллар жалпы сомасы 6900 АҚШ доллары тәркіленген.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏58😱27❤5🔥2😢1
⚡️ Астанадан Анкараға жеткен шу: Боранбаевтың түрік досы ұсталды...

Атышулы Қайрат Боранбаевтың бизнес серіктесі, NEF Qazaqstan басшысы Тарық Волкан Оскай ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.

NEF Qazaqstan-ның басқарушы серіктесі Тарық Волкан Оскай көктемнен бері іздеуде жүрген болатын.

Ішкі істер министрлігі оның ұсталғанын растап, қазір тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін Алматы полиция департаменті кәсіпкерге сырттай қамауға алу шарасы белгіленгенін хабарлаған.

Тарық Волкан Оскай Қайрат Боранбаевпен бірге «Royal Comfort Astana» компаниясының иесі ретінде танымал. Компания Comfort Hotel Astana кешенін бақылауда ұстап, кейін активтерді қайтару науқаны аясында кешен мемлекет меншігіне өткен.


Сонымен қатар Оскай Қайрат Боранбаевтың меншігіндегі «Алмалы» (Almaly Assets Management) активтерді басқару компаниясында қызмет атқарған.

NEF Qazaqstan аты Қазақстанға 2023 жылы Green Center тұрғын үй кешені бойынша туындаған үлкен даудан кейін кең танылды. Түркиялық құрылыс холдингінің Қазақстандағы еншілес компаниясы Алматыда ірі тұрғын үй кешенін салуға уәде беріп, кейін оны орындамаған.

Соның салдарынан NEF Qazaqstan Астана халықаралық биржасында (AIX) алғаш рет облигациялар бойынша дефолт жариялаған компания ретінде тарихта қалды. Сол кезде инвесторлар алдындағы қарызы 4 миллиард теңгеден асып кеткен.


2024 жылы инвесторлар компанияны сотқа беріп, NEF Qazaqstan қарызын өтеуге міндеттелген. Бірақ компания міндеттін толық орындамай, берешектің негізгі бөлігін 1,5 миллиард теңгені қайтармай қалған. Оған қосымша тағы 360 миллион теңгеден астам айыппұл мен сот шығындары да бар.

Оскайдың ұсталуымен NEF Qazaqstan айналасындағы дау қайта жанданды. Компанияға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍58❤10👏8🔥2
⚡️ Сатыбалды Алматы билігін экс-әкімнің кадрларынан тазартуға кірісті...

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин қызметінен босатылды деп хабарлайды Ertenmedia.

Қалалық әкімдік оның басқа жұмысқа ауысқанын хабарлады.

Әмрин 2022 жылдың ақпанынан бері мегаполистегі сәулет, қала құрылысы, энергетика, қаржы және сумен қамту мәселелеріне жауап берген болатын.


Әмрин мемлекеттік қызмет жолын Ақмола облысынан бастаған. Әділет министрлігінде, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жетекші лауазымдарда істеді. Қаржы вице-министрі болды, Индустрия министрлігінде және Бас прокуратурада қызмет атқарды.

Кейіннен Астана әкімінің кеңесшісі болып, 2016-2022 жылдары Астана әкімінің орынбасары лауазымында отырды. Ал Алматыға келген соң Ерболат Досаевтың оң қолы ретінде танылды.

Сонымен қатар, Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин де қызметінен кетті. Бұған дейін әкімнің тағы бір орынбасары Әсем Нүсіпова да лауазымымен қоштасқан еді.


Еске салсақ, биыл көктемде Ерболат Досаев Алматы әкімінің креслосымен қош айтысып, оның орнына Дархан Сатыбалды келген. Содан бері жаңа басшы әкімдік аппаратын Досаевтың командасынан тазартуға үстінде.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍104👏39❤12👎8🔥2
⚡️ Қашағанды құтқарған курс: NCOC қалайша миллиард доллар үнемдеп қалды

Мұнай-газ сарапшысы Олжас Байділдинов теңгенің күрт әлсіреуі салдарынан Қашаған кенішінің операторы NCOC консорциумына салынған экологиялық айыппұл долларға шаққанда шамамен 1 миллиардқа қысқарғанын айтты деп жазады Ertenmedia.

Оның атап өткеніндей, былтыр наурызда NCOC-қа экологиялық заңсыздықтар үшін 2,3 трлн теңге айыппұл салынған. Ол кезде доллардың ресми бағамы 451,71 теңге еді. Осылайша, айыппұлдың жалпы сомасы доллармен есептегенде 💰5,9 миллиардтан асып кеткен.

Алайда түнеукүні сот осы шешімнің күшін жойды. Оған айыппұлды рәсімдеу кезінде жіберілген процессуалдық кемшіліктер себеп болған. Іс алдағы уақытта қайта қаралуы тиіс.

"Егер сот айыппұлды қайта бекітсе, қазіргі валюта бағамымен (шамамен 560 теңге) есептегенде, консорциумның төлейтін сомасы шамамен 985 миллион долларға азаяды. Демек, олар екі жыл ішінде еш қиындықсыз шамамен 1 миллиард доллар үнемдеп отыр", – дейді Байділдинов.


Сарапшы шетелдік мұнай компаниялары үшін экологиялық айыппұлдың теңгемен емес, доллармен есептелмейтініне қынжылып отыр. Ол мәжіліс депутаттарын осы жағдайға назар аударып, Қазақстан заңнамасына тиісті түзетулер енгізуге шақыруда.

"Қашаған операторы ішкі нарыққа мұнай жеткізбейді. Олар елдегі жанармай бағасын ұстап тұруға да үлес қоспайды. Мұнай экспортынан түсетін барлық табысы доллармен. Сонда оларға салынатын айыппұлды неге теңгемен есептейміз?» – дейді Байділдинов.


Сарапшы сөз еткен мәселе Қазақстанның экологиялық заңнамасын қайта қарауға негіз болуы мүмкін. Әзірше теңгенің құнсыздануы шетелдік инвесторлардың қалтасына тиімді болып тұр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯73👍41😱22❤6🤬5🤡2🤔1
⚡️ Қытай көлігінің қасіреті: Jetour маркасын алған семейліктер зар илеп жүр...

Атышулы Jetour X70 моделінен небәрі 9 мың шақырымнан кейін кінәрат шыққан. Бір жылға толмаған тағы бір Jetour тас жолдың үстінде келе жатып, шынжыры үзіліп, қозғалтқышы талқандалған.

"Бір-ақ сәтте далада қалдық. Несиені төлеуді ешкім тоқтатпайды. Автосалон көлікті жөндеп те бермейді, ақшаны да қайтармайды. Сотқа жүгінсек, істі Қостанайда қарайды екен. Бір ғана судья істі жүргізеді, сотта жеңіліп жатқан да біздер. Сонда біз не үшін жаңа көлікке сонша қаражат төледік?" – дейді ашынған тұрғындар.

Толығырақ осы тұста: https://ertenmedia.kz/qytaj-koeligining-qasireti-jetour-markasyn-alghan-semejlikter-zar-ilep-zhuer/
😱43💯10😡5😁4❤3😢3
⚡️ Тамыздағы тосын тезис: отбасылық-кландық жүйені күйреткен Тоқаев...

Қазақстанда отбасылық-кландық жүйе келмеске кетті. Президент Тоқаев мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде осылай деп мәлімдеді хабарлайды Ertenmedia.

Президент «Жаңа Қазақстанның» іргесін қалайтын мұғалімдердің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, оларсыз әділетті мемлекет құру мүмкін емес екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.

«Елімізде отбасылық-кландық жүйенің дәуірі аяқталды.

Мемлекеттік қызметте енді меритократия принципі лайықты әрі қабілетті азаматтарды көтермелеу жүйесі бекіп жатыр. Лауазымды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен маманның білімі мен кәсібилігі басты назарда болады.


Қазір еркін ойлы, бәсекеге қабілетті жаңа буын өсіп келеді. Біз сапалы әрі әділетті қоғамға өттік. Алайда өзгерістерді жай ғана жариялап қою жеткіліксіз. Оларды халықтың санасына сіңіріп, берік ұстанымға айналдыру керек. Ал бұл ең алдымен сіздердің жауапкершіліктеріңіздегі міндет», – деді президент.

Тоқаевтың айтуынша, педагогтар қоғам санасын жаңғыртып, әділетті, ашық және еркін ойлайтын азаматтарды тәрбиелеуі тиіс.


Президент сөзінде мұғалімдер мәртебесі мен әлеуметтік жағдайына ерекше мән берді. Соңғы төрт жылда Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы екі есеге өскенін және 500 мыңнан астам педагог қосымша үстемақы алып отырғанын атап өтті.

Тоқаев қазіргі қоғамдағы күрделі мәселелердің бірі мектептердегі буллинг екенін де тілге тиек етті.

«Буллинг мәселесін ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды. Биылдан бастап барлық мектепте балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы бағдарлама енгізіледі», – деді ол.

Мемлекет басшысы мұғалімдерді негізсіз айыптап, әр оқыс жағдай үшін жазалай беруге қарсы шықты. Әсіресе, оқиға мектеп аумағынан тыс жерде орын алса, мұғалімді бірден кінәлауға болмайтынын ескертті.


Бұл ретте ол ата-ананың да баласына жауапкершілігін күшейту керектігін айтып, «Педагог мәртебесі туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынды.

Сөзінің соңында әділетті мемлекет құру әрбір азаматтың парызы екенін тағы бір мәрте еске салды.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏59😁31🙏19❤5👍5🤮5🔥1💯1
⚡️ Жаңаөзенге Кендірлінің тұщытылған теңіз суы жетті...

Маңғыстау облысында бой көтерген теңіз суын тұщыту зауыты Жаңаөзен қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ете бастады деп жазады Ertenmedia.

Осылайша өңірде көптен бері өзекті болып келген ауыз су мәселесі оң шешімін тауып, Астрахан – Маңғышлақ магистральді су құбырының да жүктемесі біршама азаяды.

Президент Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған ауқымды әлеуметтік жобаны «ҚазМұнайГаз» компаниясы жүзеге асырып отыр.


Қазірдің өзінде зауытта тәулігіне 12 500 текше метр су өндіретін алғашқы өндірістік желі іске қосылды. Қазан айына дейін қуатты тәулігіне 50 мың текше метрге дейін арттыру көзделген.

Алғашқы зертханалық сынамалар судың санитарлық-гигиеналық нормаларға толық сәйкес келетінін растады.

Теңіз суы зауытта бірнеше кезеңнен тұратын тазарту мен тұщыту процесінен өтеді. Дайын ауыз су ұзындығы 100,7 шақырымдық су құбыры арқылы Жаңаөзендегі орталық сумен жабдықтау торабына жеткізіледі.

Жаңа нысанға сапарлап барған «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасенов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай және мұнай-газ саласының ардагерлері тұщытылған теңіз суының дәмін алғаш болып татты.

Кендірлідегі зауытта жалпы саны 91 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс барысында нысанда бір мезетте 650 адам жұмыс істеген.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍95👏25❤15
⚡️"Тоғыз миллионның сегізін бізге бер". Доссорда әкім мен депутат кәсіпкердің тендеріне таласқан...

Атырау облысы Доссор кентінің тұрғыны Нәсіпқали Дәулетбаев жергілікті әкім мен аудандық мәслихат депутатының қысымынан кейін жеңіп алған тендерінен бас тартуға мәжбүр болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Оқиға 2024 жылы басталған. Кәсіпкер кенттегі тал-теректі суару мен дезинфекция жұмысына арналған, құны 9 миллион теңгелік тендерді жеңіп алады. Бірақ көп ұзамай әкімдікке шақыртылып, әкім Асылан Қосмағамбетов пен депутат Әділбек Идиятовпен кездеседі.

"Әкім маған сен бұл жұмысты атқара алмайсың, ағаштар қурап қалуы мүмкін деді. Сосын 1 миллион теңгені өзіңе қалдыр, қалған 8 миллионын бізге бер. Жұмысты өзіміз істейміз, сонда халықпен де мәселе туындамайды" деп шарт қойды", – дейді кәсіпкер.


Кәсіпкер ресми түрде келісімшарт жасап, әкімдік пен депутатты қосалқы мердігер ретінде рәсімдеуді ұсынғанын айтады. Алайда оның ұсынысын қабылдамаған.

Дәулетбаевтың атап өткеніндей, тендер құжат жүзінде өзінің атында қалғанымен, жұмыстың басым бөлігін әкім мен депутат өз бақылауына алған.

"Екеуі ай сайын миллиондап ақша алып отырғанымен, жұрттың тарапынан жұмыстың сапасына қатысты шағым көбейе түсті. Олар мені қорқытып-үркітіп, үнімді шығармауға мәжбүрледі. Осылайша мені тендірден айырып тынды", — дейді ол.

Дәулетбаев амалсыздан өңірдегі белгілі блогер Рүстем Баязиевке жүгініп, әкіммен арадағы әңгіменің жазбасын жариялаған. Мәселе көпшілікке таралып, қоғамда қызу талқы тудырған еді.


Қазір Доссор кентінің әкімі Аслан Қосмағамбетовтың әрекетін Атырау облысы Мем.қызмет істері департаментінің мамандары тексеріп жатыр.

24 шілдеде бұл іске Атырау облысы бойынша ҰҚК де араласып, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Кәсіпкер полицияға жәбірленуші ретінде шақырылып, жауап бергенін мәлімдеді.

Ал аудандық мәслихат депутаты Әділбек Идиятовтың мәселесін AMANAT партиясының облыстық филиалы май шаммен қарап жатыр.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢60👍45❤9👏8😱4🔥2😁2
⚡️ Депутат Базарбек Алатаудың баурайын талқандап тастаған байларға шүйлікті...

Алматыдағы Медеу ауданына қарасты Көлсай ықшамауданында заңсыз салынған элиталық үй мен коттедж қалашықтарына қатысты ауқымды тексеру басталады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді. Оның айтуынша, ауданда заңсыз жолмен рәсімделген 25 жер учаскесіне қатысты материал Бас прокурорға, Алматы әкімдігі мен тағы бес мемлекеттік ведомствоға жіберілген.

"Көлсай Алматының інжу-маржаны. Бұл аумақта кез келген құрылысқа қатаң тыйым салынған. Бірақ рейд кезінде тау бөктерінің аяусыз талқандалғанын көзіммен көрдім! Тау жоталары кесіліп, ағаш мен алма бақтары оталған, бұлақтар мен сай-салалар көміліп, орнына элиталық коттедждер бой көтерген", – деді депутат.


Аталған жер телімдеріне қалталы кәсіпкерлер мен елдегі атышулы шенеуніктер иелік етеді екен.

Жақын күндері осы аудан бойынша бұрын-соңды болмаған, жеті ведомствоның қатысуымен ауқымды тексеріс өтеді. Оның құрамында жер инспекциясы, СЭС, ЭкоМин, ТөтенМин, су ресурсы инспекциясы және прокуратура өкілдері бар.

Тексеру қорытындысы бойынша барлық заңсыз құрылыс тоқтатылып, оларды салуға рұқсат берген актілердің күші жойылады. Жер телімдері туралы құжат сот арқылы жоққа шығарылып, заңсыз салынған ғимараттар бұзылады.

"Жер халықтың игілігі. Қазақтарға қоршаған ортаның тағдыры қымбат. Құрылыс иелерінің қанша қаражат жұмсағаны маңызды емес. Заңсыз салынса, ғимарат сүрілуі тиіс", – деді Базарбек.

Депутаттың айтуынша, рейд басталғалы жер иелерінің арасында паника басталған. Бірі учаскені тезірек сатып жіберуге тырысса, енді бірі жоғарыдағы аға-көкесінен пана сұрауда.


Базарбек бұл істі аяғына дейін жеткізуге бел буып отыр. Тексеруге тосқауыл қойылса, "шіріген байларға ара түскен шенділердің атын Мәжіліс мінберінде әшкерелеймін" дейді.

Депутат алдағы уақытта Алматының басқа аудандары Бостандық, Наурызбай, сондай-ақ Медеудегі Горный Гигант пен Кеңсайда да осындай рейд жүргізетінін жеткізді.

"Бұл тек бастамасы ғана. Халық игілігі үшін әділдік орнатуға ешкім кедергі бола алмайды", – дейді депутат.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍109👏69❤11🔥8
⚡️ "Әйеліңді араластырма!". Берденов пен Жиембай сотта бетпе-бет келді...

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзіне жасалған қарулы шабуылдың жай-жапсарын алғаш рет толық баяндады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Онлайн режимде өткен сот отырысында Берденов айыпталушы Ернар Жиембаймен арада ешқандай жақын таныстығы болмағанын айтты. Әкім орынбасарының сөзінше, ол Жиембаймен бар-жоғы үш рет кездескен: екі рет жұмыс барысында, бір рет шабуыл жасалған күні.

"Жиембай маған бірнеше рет хабарласып, үйіме келемін деді. Бірақ мен оның сөзіне мән бермедім. Бір күні инспектор Асанбай хабарласып, Жиембай өзін өлтірем деп қорқытқанын айтты. Инспектор оны мас шығар деп топшылаған еді", – деді Берденов.


Берденовтың айтуынша, Жиембай басқарып тұрған кезде "Тұрғын үй Шымкент" компаниясына қатысты шағым көбейген. Компания конкурссыз тапсырыс алған, құрылыс материалдарын тым көп мөлшерде сатып алып жатыр деген ақпараттар түсіпті. Берденов осыған байланысты есеп сұратқан, алайда Жиембай құжат беруден бас тартып, инспектормен жанжалдасқан.

"Сол оқиғадан кейін онымен жұмыс істеу мүмкін емес екенін түсіндім", – деді ол.

Шабуыл болған күнді еске алған шенеунік:

"Жиембай маған бес рет оқ атты. Оқ тиген соң жерге құладым. Жақын маңда TikTok үшін видео түсіріп жүрген екі қыз көмекке келді. Біреуі фельдшер екен. Олар маған көзімді жұмбауды сұрады.

Оқ өкпемді тесіп өтіп, тыныс ала алмай жаттым. Кейін операция кезінде өкпемнің 20 пайызын алып тастады. Өлемін деп ойладым, кәлиманы қайталап жаттым.


Жиембай тағы бір мәрте жақындап, қаруын қайта оқтап жатқандай болды. Бәлкім, мылтығының шүріппесі сіресіп қалған болар. Әйтпесе қайтадан маған қарай жақындаудың не қажеті бар еді? Оның түпкі ойын түсініп отырған боларсыздар", – деді Берденов.

Сондай-ақ шенеунік сот барысында Жиембайдың әйелі Луиза Алдановамен таныс емес екенін айтты.

"Өзің жасаған іске әйеліңді, балаларыңның анасын араластыру қате. Қолыңмен жасағанды мойныңмен көтере білуің керек. Маған сендердің мақсаттарың белгілі. Әкең менің адвокатыма хабарласып, мансабыма балта шабам деп қоқан-лоққы жасаған", – деді Берденов.

Жиембай сот барысында Берденовтың атын қайта-қайта атап, жауап қайтаруға тырысты. Қазір іс жарыссөз кезеңіне өтті. Алдағы отырыста прокурорлар Жиембайға сұрайтын жазасын жариялауы тиіс.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁27👍22❤13🤡7👏3😱2🔥1
⚡️Есік көліне "есік ашқандар". Туристерден заңсыз ақша жинаған компанияның әрекеті әшкере болды...

Алматы облысындағы Есік көліне баратын жолда туристерден заңсыз төлем алынып келгені анықталды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, туристерден ақы жинаған «Хабель» ЖШС-нің әрекеті заңға қайшы.

Аталған компания Есік көліне барар жолда қосымша шлагбаум қойып, әрбір туристен 2 мың теңге, жеңіл көліктен 1,5 мың, шағын автобустан 5 мың, орта автобустан 15 мың, ал үлкен автобустан 20 мың теңгеге дейін ақша жинаған.


🫣 Ешқандай чек берілмеген.

Оған қоса, Іле-Алатауы ұлттық паркінің ресми экопостында да әр көліктен 1 179 теңге, автобустардан 11 009 теңге алынған.

Алматы облысының әкімдігі «Хабель» ЖШС-не сенімгерлік басқару бойынша берілген аумақта туристерден қосымша ақы жинау туралы ешқандай келісім жоқ екенін ресми мәлімдеді.

Сондықтан компанияға шлагбаумдарды алып тастау және туристерден заңсыз ақша жинауды тоқтату туралы ескерту жолданды.


Қазіргі уақытта, 17 тамыздан бастап шлагбаумдар алынып, жол туристерге қайта ашылды. Халықтан жиналған ақшаға қатысты әкімдік ләм-лим демеген екен...

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱63👍18🤯11❤8😢1💯1
⚡️Қытайлар құрған монополия: «СНПС-Ақтөбемұнайгаздың» заңсыз әрекеті сотпен тоқтатылды

Ақтөбеде қытайлық "СНПС-Ақтөбемұнайгаздың" заңсыз әрекеті әшкере болды.

Компания нарықтағы үстемдігін пайдаланып, білгенін істеген. Бұған қоса, газды цистерналарға толық құймай, тасымалдаушылардың жұмысын қиындатқан.

Толығырақ: https://ertenmedia.kz/qytajlar-qurghan-monopoliya-snps-aqtoebemunajgazdyng-zangsyz-aereketi-sotpen-toqtatyldy/
👏31😱14🔥5❤3
⚡️ Отбасылық мәселе оқпен шешілмейді, жастарға осыны жеткізгім келеді - Ернар Жиембай

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасады деп айыпталған Ернар Жиембай сотта ішінара кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді деп жазады Ertenmedia.

Дегенмен ол адам өлтіруді мақсат етпегенін, тек қорқытқысы келгенін алға тартып отыр.

"Мен жасаған ісімді ақтамаймын. Жәбірленушінің операциядан кейінгі суретін көргенде, жаным қиналды. Одан тағы бір мәрте кешірім сұраймын және денсаулық тілеймін.

Сөйте тұра осыған дейінгі айтқанымда қаламын. Оны өлтіру туралы ойым болған емес. Ер адам ретінде Құран ұстап тұрып та, детектордан өтіп те осыны дәлелдеп бере аламын.

Жастарға айтарым: егер әйеліңізге байланысты мәселе туындаса, мұндай жағдайға жеткізбей, ажырасқан дұрыс. Адамның өмірін қию туралы ойым болған емес және ешқашан болмайды да", – деді Жиембай.

Оның айтуынша, сол күні ол Руслан Берденовті көргенде, әкім орынбасары қаша жөнелген. Жиембай қаруын қайта оқтау үшін көлігіне жақындағанымен, қайта оқ ату ниеті болмағанын айтты.

"Кісі өлтіретін ойым болса, ол жерде-ақ атып тастауға немесе көлікке отырып қашып кетуге болар еді. Бірақ олай істемедім. Берденов өз сөзінен шатасып отыр. Алдымен "арқама атты" дейді, кейін келіп "басымды көздеді, бірақ жалтарып үлгердім" деп мәлімдеді. Мұндайды тек 🦇 Бэтмен ғана істей алады", – деді айыпталушы.

Жиембай өз ісіне өкінетінін жеткізіп, соттан әділ шешім шығаруды өтініп отыр.

"Тағылған айыппен ішінара ғана келісемін. Ешкімді өлтіру немесе ауыр жарақат салу ниетім болған жоқ. Оқ қалай тиіп кеткенін өзім де түсінбеймін.

Егер 11 жыл отыру керек болса, амалсыз көнемін, бірақ соттан айыпты Қылмыстық кодекстің 106-бабына ауыстыруды сұраймын.


Себебі менің балаларым өсіп келеді. Олар әкесін қылмыскер деп танығанын қаламаймын. Қазақстанның барлық азаматтарынан кешірім сұраймын", – деп сөзін аяқтады ол.

Ертең сағат 15:00-де Ернар Жиембай сотта соңғы сөзін айтады.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍28❤11😱11🤡7👏6💯4🤔1