⚡️ Шерзаттың шаңырағы: Азат ауылындағы өртенген үйдің орнына жаңа баспана бой көтереді
Былтыр Еңбекшіқазақ ауданында пышақ жарақатынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынады, деп хабарлайды Ertenmedia.
Құрылыс жұмыстары мен қажетті материалдың барлығы осы демеушінің есебінен төленуде. Ал аудан әкімдігі үйдің сапалы салынып, мерзімінде аяқталуын қадағалап отыр.
Жаңа баспананың құрылысы қазан айының ортасында толық аяқталады. Осыдан кейін отбасы жаңа, жайлы үйге кіріп, қоныс тойын тойлайды.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 4 қазанында 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан көз жұмған еді. Бұл іске қатысты 11 адам ұсталып, биыл 5 маусымда Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Басты айыпкер 23 жылға сотталған болатын.
Алайда осы жылдың тамызында өртке қатысты қозғалған іс дәлел жеткіліксіздігі себепті тоқтатылған болатын.
📱 Erteńmedia

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі бұл істі толық бақылауға алып, отбасыға баспана салып беру үшін демеуші тапқан.
Құрылыс жұмыстары мен қажетті материалдың барлығы осы демеушінің есебінен төленуде. Ал аудан әкімдігі үйдің сапалы салынып, мерзімінде аяқталуын қадағалап отыр.
Жаңа баспананың құрылысы қазан айының ортасында толық аяқталады. Осыдан кейін отбасы жаңа, жайлы үйге кіріп, қоныс тойын тойлайды.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 4 қазанында 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан көз жұмған еді. Бұл іске қатысты 11 адам ұсталып, биыл 5 маусымда Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Басты айыпкер 23 жылға сотталған болатын.
Қайғылы оқиғадан кейін көп ұзамай, марқұмның Азат ауылындағы үйі өртеніп кеткен. Бас прокуратура өрттің қасақана қойылғанын хабарлаған.
Алайда осы жылдың тамызында өртке қатысты қозғалған іс дәлел жеткіліксіздігі себепті тоқтатылған болатын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍115👏24❤10🙏3🔥2💯2
⚡️Берденовпен үнсіз қоштасқан Сыздықбеков: Шымкент енді айқай-шусыз өмір сүреді...
Руслан Берденовтің Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кетуі әкімдік дәлізінде әлдеқашан пісіп-жетілген шешім болатын, деп хабарлайды Ertenmedia.
Сыздықбеков әуел бастан Берденов пен Жиембай арасындағы жанжалды әкімдік дәлізінен алыстатып, саяси сипат алуына жол бермей, тұрмыстық аяда шешілуіне жағдай жасады.
Әкімнің Жиембай басқарған компанияға аудит жүргізу туралы шешімі де кездейсоқ емес, алдын ала ойластырылған жүріс болатын. Әкімдік осы арқылы компанияны дау-дамай ошағына айналдырмауға бекініп, түрлі алып-қашпа әңгімеге жол бермей, істің құқықтық шеңберде шешілуіне мүдделі екендігін байқатты.
Бізге жеткен мәлімет бойынша Ғабит мырза аудиттің таза шығарына сенімді. Жиембай ісіне қатысты кез-келген арандатуға тойтарыс беруге дайын отыр.
Берденов босатқан орынға әзірде ғана Арман Сәбитов жайғасты (биографиясы осы жерде).
Соған қарағанда Сыздықбеков әкімдікке өзіне саяси тұрғыда адал, дау-жанжалдан бойын аулақ ұстайтын, прагматик тұлғаны тартуды көздеген тәрізді.
Қала басшысы ішкі тепе-теңдік пен әкімдік абыройын сақтап қалуға ерекше мән беріп отырғандай. Мұның өзі Сыздықбековтің басқару стилін айқындай түседі: асығыстық жоқ, бірақ дер кезінде шешім қабылдауға дайын әрі батыл қадамнан тартынбайды.
Берденов? Бізге жеткен ақпарат бойынша оның енді мем.қызметке қайта оралуы неғайбыл. Оны ақтау мақсатында ұйымдастырылған PR компания да АП-ға аса ұнамаған.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

Бұл ретте Ғабит Сыздықбековтің дауға қатысты ұстанған салқынқанды саясаты түптеп келгенде өз жемісін берді.
Сыздықбеков әуел бастан Берденов пен Жиембай арасындағы жанжалды әкімдік дәлізінен алыстатып, саяси сипат алуына жол бермей, тұрмыстық аяда шешілуіне жағдай жасады.
Әкімнің Жиембай басқарған компанияға аудит жүргізу туралы шешімі де кездейсоқ емес, алдын ала ойластырылған жүріс болатын. Әкімдік осы арқылы компанияны дау-дамай ошағына айналдырмауға бекініп, түрлі алып-қашпа әңгімеге жол бермей, істің құқықтық шеңберде шешілуіне мүдделі екендігін байқатты.
Бізге жеткен мәлімет бойынша Ғабит мырза аудиттің таза шығарына сенімді. Жиембай ісіне қатысты кез-келген арандатуға тойтарыс беруге дайын отыр.
Ал Берденовтің орнын босатуы кездейсоқ емес. Оның Сыздықбековпен бұдан әрі бір командада қалуы екіталай еді. Екі тарап арасында көзге көрінбейтін текетірестің бар екені бұрын да жиі айтылатын.
Берденов босатқан орынға әзірде ғана Арман Сәбитов жайғасты (биографиясы осы жерде).
Соған қарағанда Сыздықбеков әкімдікке өзіне саяси тұрғыда адал, дау-жанжалдан бойын аулақ ұстайтын, прагматик тұлғаны тартуды көздеген тәрізді.
Қала басшысы ішкі тепе-теңдік пен әкімдік абыройын сақтап қалуға ерекше мән беріп отырғандай. Мұның өзі Сыздықбековтің басқару стилін айқындай түседі: асығыстық жоқ, бірақ дер кезінде шешім қабылдауға дайын әрі батыл қадамнан тартынбайды.
Берденов? Бізге жеткен ақпарат бойынша оның енді мем.қызметке қайта оралуы неғайбыл. Оны ақтау мақсатында ұйымдастырылған PR компания да АП-ға аса ұнамаған.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍77💯29❤16👏8😱8🔥3😁3🤔3🤡1
⚡️Нұрәлінің нәзік троллингі. Назарбаев әулетінің шетелдік шоуы Ақорданың сабырын сарқыды...
Соңғы кезде тым еркінсіп кеткен Назарбаевтың жиені Жаңа Қазақстанның жүйкесіне тиіп жүр. Билік алдағы күндері әулет мүшелеріне "тым қатты жарқырамаңдар" деген месседж жолдап, жақсылап тұрып ескерту жасамақ, деп жазады Ertenmedia.
Тоқаевқа дәл қазір Назарбаев әулетінің шетелдік сән-салтанаты емес, ел ішіндегі саяси тұрақтылық пен әлеуметтік көңіл-күй маңыздырақ.
Нұрәлі Әлиев, Дариға Назарбаева және басқа да әулет өкілдерінің Еуропадағы кештерде, Канн фестиваліндегі гала-концерттерде төбе көрсетуі билік пен халық арасындағы нәзік диалогты қайта шиеленістіріп жіберуі мүмкін. Дәл осы диалог қазіргі жүйенің ең маңызды тірегі екенін президент жақсы түсінеді.
Тоқаевтың Назарбаев әулетіне тұспалдап отырған негізгі ойы "дәурендерің де, дәуірлерің де өтті, ендігіде тасада жүріп үйреніңдер" дегенге келетін тәрізді.
Бұған қосымша тағы бір тосын аргумент бар...
Отбасының желідегі белсенділігі ел ішіндегі Тоқаевқа қарсы көңіл-күйді ұлғайтуға бағытталған, астыртын стратегия болуы да ғажап емес.
Әулетке ескерту жасауға оқталып отырған биліктің "жылтыңдай бермеңдер" деген ишарасы Тоқаевтың ел ішіндегі саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған, сырттай жұмсақ көрінгенімен, шын мәнінде салмағы ауыр, астары терең саяси жүріс.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Соңғы кезде тым еркінсіп кеткен Назарбаевтың жиені Жаңа Қазақстанның жүйкесіне тиіп жүр. Билік алдағы күндері әулет мүшелеріне "тым қатты жарқырамаңдар" деген месседж жолдап, жақсылап тұрып ескерту жасамақ, деп жазады Ertenmedia.
Назарбаев әулетінің халықаралық тусовкілерде емін-еркін тайраңдап жүруі ел ішіндегі "ескі Қазақстан жазасыз кетті" деген әңгімені қайта қоздатып, билік үшін артық мәселе туғызуда.
Тоқаевқа дәл қазір Назарбаев әулетінің шетелдік сән-салтанаты емес, ел ішіндегі саяси тұрақтылық пен әлеуметтік көңіл-күй маңыздырақ.
Нұрәлі Әлиев, Дариға Назарбаева және басқа да әулет өкілдерінің Еуропадағы кештерде, Канн фестиваліндегі гала-концерттерде төбе көрсетуі билік пен халық арасындағы нәзік диалогты қайта шиеленістіріп жіберуі мүмкін. Дәл осы диалог қазіргі жүйенің ең маңызды тірегі екенін президент жақсы түсінеді.
Әулет өкілдерінің желідегі әсіре белсенділігі, әсіресе Нұрәлі Әлиевтің кекесінді посттары қазіргі билікке қыр көрсету секілді әсер қалдырады.
Тоқаевтың Назарбаев әулетіне тұспалдап отырған негізгі ойы "дәурендерің де, дәуірлерің де өтті, ендігіде тасада жүріп үйреніңдер" дегенге келетін тәрізді.
Бұған қосымша тағы бір тосын аргумент бар...
Отбасының желідегі белсенділігі ел ішіндегі Тоқаевқа қарсы көңіл-күйді ұлғайтуға бағытталған, астыртын стратегия болуы да ғажап емес.
Президенттің түпкі мақсаты қоғам санасын Назарбаев дәуірінен біржолата алшақтату, бірақ бұл үшін әулет өкілдері де биліктің сызып қойған шекарасынан аспауы тиіс.
Әулетке ескерту жасауға оқталып отырған биліктің "жылтыңдай бермеңдер" деген ишарасы Тоқаевтың ел ішіндегі саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған, сырттай жұмсақ көрінгенімен, шын мәнінде салмағы ауыр, астары терең саяси жүріс.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯20👏13❤12🤔4🔥3😁3
⚡️ Алматының «бетон дәуірі». Қала тұрғындары RAMS-пен ашық тайталасқа шықты...
Алматы тұрғындары қала ортасында бой көтеретін 40 қабатты зәулім ғимараттың құрылысына қарсы шығып, биліктен бұл жобаны тоқтатуды талап етуде, деп хабарлайды Ertenmedia.
Тұрғындардың айтуынша, Тимирязев пен Сейфуллин көшелері қиылысындағы бұл аумақ онсыз да көлік кептелісінен көз ашпай тұр. Тығыз салынған ғимараттардың ортасында демалатын орын да, көлік қоятын тұрақ та қалмаған.
«Осындай жағдайда биіктігі 40 қабат болатын тұрғын үй кешені мен оның айналасына тағы бес онқабатты ғимарат салу ауданға жасалған қиянат», – дейді бастамашыл топ өкілдері.
Жергілікті халық қоғамдық тыңдаудың ережесі бұзылғанын да ашық мәлімдеп отыр. Олардың айтуынша, тыңдауға көпшілік шақырылмаған, хаттамасы жарияланбаған.
Тұрғындардың талабы айқын: жер телімі жасыл аймақ болып қалсын, ал биік ғимарат салуды қаланың басқа бөлігіне мысалы, Абай даңғылынан төмен орналасқан инфрақұрылымы әлсіз аудандарға ауыстыру керек.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв осы жобаны қатты сынға алып, «қаланы өлтірумен тең» деп бағалаған болатын.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Фото: almaty.tv

Қала жұрты RAMS Beyond Almaty тұрғын үй кешенінің орнына саябақ ашу туралы бастама көтеріп, әкімдікке арнайы петиция жолдаған.
Тұрғындардың айтуынша, Тимирязев пен Сейфуллин көшелері қиылысындағы бұл аумақ онсыз да көлік кептелісінен көз ашпай тұр. Тығыз салынған ғимараттардың ортасында демалатын орын да, көлік қоятын тұрақ та қалмаған.
«Осындай жағдайда биіктігі 40 қабат болатын тұрғын үй кешені мен оның айналасына тағы бес онқабатты ғимарат салу ауданға жасалған қиянат», – дейді бастамашыл топ өкілдері.
Жергілікті халық қоғамдық тыңдаудың ережесі бұзылғанын да ашық мәлімдеп отыр. Олардың айтуынша, тыңдауға көпшілік шақырылмаған, хаттамасы жарияланбаған.
Сондай-ақ бұл кешен биліктің «тоғыз қабаттан жоғары ғимарат салынбасын» деген шектеуіне қайшы келеді.
Тұрғындардың талабы айқын: жер телімі жасыл аймақ болып қалсын, ал биік ғимарат салуды қаланың басқа бөлігіне мысалы, Абай даңғылынан төмен орналасқан инфрақұрылымы әлсіз аудандарға ауыстыру керек.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв осы жобаны қатты сынға алып, «қаланы өлтірумен тең» деп бағалаған болатын.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Фото: almaty.tv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍34❤9👏3
⚡️ Ақордаға қарай ашылған есік: Зеленский Тоқаевқа арқа сүйеуге болатынын түсінді...
Украина Орта Азия, соның ішінде Қазақстанмен қарым-қатынасты стратегиялық деңгейге көтеруге шешім қабылдады.
Exclusive-тегі әріптестерге сұхбат берген Киевтің еліміздегі елшісі Украинаның аймақпен жұмыс істейтін арнайы басқарма ашатынын мәлімдеді деп жазады Ertenmedia.
Украина президенті кіндік Азияны, соның ішінде Қазақстанды Кремльлің геосаяси ықпалынан тыс дербес ойыншы ретінде мойындап отыр.
Тоқаевтың соғыс жағдайында Украинаның аумақтық тұтастығын ашық мойындап, Ресейдің озбыр әрекетін дипломатиялық жолмен қолдамағаны Зеленскийдің көзінен тыс қалмаған деталь.
Украина басшысы Қазақстанның Мәскеу ықпалынан тыс, тәуелсіз саяси бағыт ұстанатынына, шешуші сәтте Кремльден өзге ұстанымға бара алатынына көзі жеткен сыңайлы.
Екі ел президенттерінің соңғы телефон әңгімесі де осы тұрғыдан маңызды. Әңгіменің қазақ халқы үшін рухани мәні бар Абай күніне сәйкестенуі🇺🇦 Киевтің Қазақстанмен байланысқа мән беретінін ғана емес, Тоқаевпен жеке диалогтың өзіндік маңызы бар екенін білдіреді.
Украина үшін дәл қазір😀 Ақорданың Кремльге жалтақтамай, тәуелсіз дипломатиялық бағыт ұстанғаны құнды. Киев Тоқаевқа саяси шешімдерді прагматикалық түрде қабылдай алатын, көпвекторлы саясатқа адал басшы ретінде қарайды.
Жаңа құрылған басқарманың негізгі миссиясы Қазақстанның осы саяси дербестігін тереңдетіп, екі ел арасындағы экономикалық, мәдени және ақпараттық көпірді нығайту.
Зеленский әкімшілігі үшін біздің ел Ресей ықпалынан тыс балама саяси коммуникация алаңы. Киев осылайша Қазақстанның көпвекторлы саясатына саяси инвестиция жасап отыр
✓"Біздің мақсат Қазақстанмен саяси диалогты толық қалпына келтіру, тіпті 2020-2021 жылдардағы деңгейден де асып түсу. Егер арадағы байланысымыз тұрақты, өзара сенімге негізделген жаңа деңгейге көтерілсе, біз көп нәрсеге қол жеткіземіз деп ойлаймын", – деді осы ретте Виктор Майко Exclusive-ке берген сұхбатында.
Украинаның Орта Азияны жеке басқармаға айналдырып, Қазақстанды осы құрылымның орталығына қоюы Тоқаевтың сыртқы саясатына берілген нақты баға.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Украина Орта Азия, соның ішінде Қазақстанмен қарым-қатынасты стратегиялық деңгейге көтеруге шешім қабылдады.
Exclusive-тегі әріптестерге сұхбат берген Киевтің еліміздегі елшісі Украинаның аймақпен жұмыс істейтін арнайы басқарма ашатынын мәлімдеді деп жазады Ertenmedia.
Жаңа ведомство ашып, Астананы аймақтағы басты әріптес ретінде белгілеуге Зеленскийдің өзі мұрындық болған.
Украина президенті кіндік Азияны, соның ішінде Қазақстанды Кремльлің геосаяси ықпалынан тыс дербес ойыншы ретінде мойындап отыр.
Тоқаевтың соғыс жағдайында Украинаның аумақтық тұтастығын ашық мойындап, Ресейдің озбыр әрекетін дипломатиялық жолмен қолдамағаны Зеленскийдің көзінен тыс қалмаған деталь.
Украина басшысы Қазақстанның Мәскеу ықпалынан тыс, тәуелсіз саяси бағыт ұстанатынына, шешуші сәтте Кремльден өзге ұстанымға бара алатынына көзі жеткен сыңайлы.
Бізге жеткен мәлімет бойынша Киев жаңа басқарманы Мәскеудің "саяси территориясын" дипломатиялық тұрғыдан тарылтудың ең тиімді тәсілі ретінде қарастырады.
Екі ел президенттерінің соңғы телефон әңгімесі де осы тұрғыдан маңызды. Әңгіменің қазақ халқы үшін рухани мәні бар Абай күніне сәйкестенуі
Украина үшін дәл қазір
Жаңа құрылған басқарманың негізгі миссиясы Қазақстанның осы саяси дербестігін тереңдетіп, екі ел арасындағы экономикалық, мәдени және ақпараттық көпірді нығайту.
Зеленский әкімшілігі үшін біздің ел Ресей ықпалынан тыс балама саяси коммуникация алаңы. Киев осылайша Қазақстанның көпвекторлы саясатына саяси инвестиция жасап отыр
✓"Біздің мақсат Қазақстанмен саяси диалогты толық қалпына келтіру, тіпті 2020-2021 жылдардағы деңгейден де асып түсу. Егер арадағы байланысымыз тұрақты, өзара сенімге негізделген жаңа деңгейге көтерілсе, біз көп нәрсеге қол жеткіземіз деп ойлаймын", – деді осы ретте Виктор Майко Exclusive-ке берген сұхбатында.
Украинаның Орта Азияны жеке басқармаға айналдырып, Қазақстанды осы құрылымның орталығына қоюы Тоқаевтың сыртқы саясатына берілген нақты баға.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤53👏27👍9🔥4🤮4🤔3
⚡️ Хирургтың қолы дірілдеген күн: Ақтаудағы операцияның соңы қылмыстық іске ұласты...
Маңғыстауда жүрегіне ем іздеп барған науқас хирургтың қолынан жарақат алып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.
Отбасының айтуынша, хирург пышағын әдейі басқа ағзаға (бауырға) бағыттаған. Операция үстінде екі литр қан жоғалтқан пациенттің жағдайы ауыр...
Толығырақ: https://ertenmedia.kz/hirwrgtyng-qoly-dirildegen-kuen-aqtawdaghy-operaciyanyng-songy-qylmystyq-iske-ulasty/

😱24😢8🤬3❤2
⚡️ Қамаудағы қамқоршы. Боранбаевтың «Қайратқа» құйған қаржысы қалай ақталды...
Назарбаевтың экс-құдасы "Қайратты" 2011 жылы қолына алды. Бизнесмен ақшасын жұлдыз-легионерлерге шашқан жоқ. Оның орнына клубтың іргетасын нығайту үшін инфрақұрылым салуға кірісті деп жазады Ertenmedia.
Қазір сол тәуекелдің жемісін көріп отырмыз.
Биыл Чемпиондар лигасында «Қайратты» негізгі кезеңге алып шыққан шетелден сатып алынған жұлдыздар емес, Боранбаевтың төл академиясында тәрбиеленген жас футболшылар.
Темірлан Анарбеков «Селтіктің» үш бірдей пенальтиін қайтарса, Дастан Сәтпаев Словакия мен Финляндия чемпиондарының қақпасын дәл көздеді. Олжас Байбек былтыр ел чемпиондығын алып берсе, Дамир Қасабұлат қорғаныста тас қамалға айналды. Осы жігіттердің бәрі Боранбаевтың 13 жыл бұрын таңдаған жолының нәтижесі.
Боранбаевтың осы жобаны қолға алғанда көздеген мақсаты айқын еді: Алматыда өз дәстүрі мен ойын мәдениеті қалыптасқан клуб құру.
Кешегі жеңіс команданың тұтас ұжымы, жаттықтырушылар мен мамандардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Бірақ басты қаһарман Боранбаевтың өзі. Басына түскен қиындықтарға қарамастан, Қайрат өзінің таңдаған жолынан айныған жоқ.
2022 жылы қамауға алынып, кейін сот үкімімен ірі көлемдегі активтерінен айырылғанда да, ол «Қайратқа» деген адалдығын сақтап қалды.
Бұл команданың ғана емес, күллі Қазақстан футболының бағы болды деуге толық негіз бар.
«Қайраттың» жетістігі ел футболындағы бетбұрыс қана емес, әлемдік деңгейдегі модель. Жуырда Дастан Сәтпаевты әйгілі «Челси» 4,3 миллион еуроға сатып алса, Чемпиондар лигасындағы биылғы табыстың өзі кемінде 20 миллион еуроны құрайды.
Демек, Боранбаев таңдаған стратегия өзін ақтап қана қоймай, енді Қазақстанға әлемдік футболдан қаржы тартуға мүмкіндік бермек.
Боранбаевтың әлемжелідегі сөзі де осыны аңғартады: «Шетелден дайын жұлдыз іздеудің қажеті жоқ, біз өз футболымызды, өз мәдениетімізді қалыптастыра алдық. Қазақстанның да футбол амбициясы бар екенін дәлелдедік. Енді Алматыға еуропалық грандтар келетін күн туды».
Боранбаевтың жетістігі футболмен шектелмейді. Ол паралимпиада спортын дамытуға да дәл осындай модельмен араласты. Бүгінде Қазақстандағы паралимпиадашылар халықаралық жарыстарда бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізіп жүр.
Мұның артында бір адамның үлкен тәуекелі, төзімі мен табандылығы тұр. Қазақстан футболының жаңа дәуірі басталды. Бұл дәуір Боранбаев дәуірі деп аталады.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Назарбаевтың экс-құдасы "Қайратты" 2011 жылы қолына алды. Бизнесмен ақшасын жұлдыз-легионерлерге шашқан жоқ. Оның орнына клубтың іргетасын нығайту үшін инфрақұрылым салуға кірісті деп жазады Ertenmedia.
Алматының айналасында үш бірдей заманауи футбол базасы бой көтеріп, академия жұмысы түбегейлі өзгерді. Әлемдік деңгейдегі футболшыларды тәрбиелеуге басымдық берілді. Бұл қазақ футболы бұрын бастан кешпеген батыл шешім еді.
Қазір сол тәуекелдің жемісін көріп отырмыз.
Биыл Чемпиондар лигасында «Қайратты» негізгі кезеңге алып шыққан шетелден сатып алынған жұлдыздар емес, Боранбаевтың төл академиясында тәрбиеленген жас футболшылар.
Темірлан Анарбеков «Селтіктің» үш бірдей пенальтиін қайтарса, Дастан Сәтпаев Словакия мен Финляндия чемпиондарының қақпасын дәл көздеді. Олжас Байбек былтыр ел чемпиондығын алып берсе, Дамир Қасабұлат қорғаныста тас қамалға айналды. Осы жігіттердің бәрі Боранбаевтың 13 жыл бұрын таңдаған жолының нәтижесі.
Боранбаевтың осы жобаны қолға алғанда көздеген мақсаты айқын еді: Алматыда өз дәстүрі мен ойын мәдениеті қалыптасқан клуб құру.
Кешегі жеңіс команданың тұтас ұжымы, жаттықтырушылар мен мамандардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Бірақ басты қаһарман Боранбаевтың өзі. Басына түскен қиындықтарға қарамастан, Қайрат өзінің таңдаған жолынан айныған жоқ.
2022 жылы қамауға алынып, кейін сот үкімімен ірі көлемдегі активтерінен айырылғанда да, ол «Қайратқа» деген адалдығын сақтап қалды.
Бизнесменнің мемлекетке қайтарған мүлкінің жалпы құны 90 млрд теңгеден асып, тағы 30 млрд теңге білім инфрақұрылымына аударылды. Алайда, «Қайрат» клубы сол күйі Боранбаевтың қамқорлығында қалды.
Бұл команданың ғана емес, күллі Қазақстан футболының бағы болды деуге толық негіз бар.
«Қайраттың» жетістігі ел футболындағы бетбұрыс қана емес, әлемдік деңгейдегі модель. Жуырда Дастан Сәтпаевты әйгілі «Челси» 4,3 миллион еуроға сатып алса, Чемпиондар лигасындағы биылғы табыстың өзі кемінде 20 миллион еуроны құрайды.
Демек, Боранбаев таңдаған стратегия өзін ақтап қана қоймай, енді Қазақстанға әлемдік футболдан қаржы тартуға мүмкіндік бермек.
Боранбаевтың әлемжелідегі сөзі де осыны аңғартады: «Шетелден дайын жұлдыз іздеудің қажеті жоқ, біз өз футболымызды, өз мәдениетімізді қалыптастыра алдық. Қазақстанның да футбол амбициясы бар екенін дәлелдедік. Енді Алматыға еуропалық грандтар келетін күн туды».
Боранбаевтың жетістігі футболмен шектелмейді. Ол паралимпиада спортын дамытуға да дәл осындай модельмен араласты. Бүгінде Қазақстандағы паралимпиадашылар халықаралық жарыстарда бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізіп жүр.
Қорыта айтқанда, Боранбаевтың «Қайратқа» құйған қаржысы жай ғана демеушілік емес, ел спортына салынған стратегиялық инвестиция.
Мұның артында бір адамның үлкен тәуекелі, төзімі мен табандылығы тұр. Қазақстан футболының жаңа дәуірі басталды. Бұл дәуір Боранбаев дәуірі деп аталады.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍92❤22👏11🤔6😱2
⚡️ Ресей рублінің құпия сүрлеуі: Кремль долларды Қазақстан арқылы сорып жатыр...
Экономист Елдар Шамсүтдинов валюта нарығын зерттей келе, еліміз Ресей үшін доллар сатып алатын транзиттік хабқа айналған деген тосын тұжырымға келді, деп хабарлайды Ertenmedia.
Сарапшының айтуынша, KASE валюталық секциясындағы рубль айналымы күрт артып, рубльді доллармен айырбастау операциялары жиілеген.
Ресейден ағылған рубль Қазақстанның ішкі нарығындағы долларға сұранысты жасанды түрде арттырып, тұрақты валюталық ажиотаж қалыптастырып отыр.
Экономист сөзіне сенсек, ішкі нарықтағы доллар операциясының ауқымы соңғы екі жылда азайғанына қарамастан, жалпы валюта айналымының көлемі төмендеген жоқ. Керісінше, валюта биржасындағы күндік мәмілелердің жалпы сомасы кейбір күндері жарты миллиард долларға жетіп отыр.
Биылғы жылдың алғашқы жеті айында халықтың қолма-қол доллар сатып алуының таза көрсеткіші 228 млн долларды ғана құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе төмен (405 млн доллар).
Сонымен қатар рубльге сұраныс төмендеп, керісінше евроға қызығушылық артқан. Дегенмен нарықтағы негізгі ойыншы әлі де доллар болып тұр.
Сарапшы пікірінше, Қазақстандағы қолма-қол доллар айналымын елге транзиттік жолмен келетін ресейлік рубльайқындап отыр.
Шамсутдинов осы арқылы Қазақстан валюталық тәуекелдерді өзіне қабылдап отырғанын айтады. Мұндай транзиттік операциялар ішкі нарықтағы тұрақтылыққа әсер етіп, ұлттық валютаның бағамына қысым жасауда.
«Кремль санкцияның қыспағында қалып, доллардан қағылған тұста Қазақстан Ресей үшін валютаға жол ашатын жасырын сүрлеуге айналды», — дейді сарапшы.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Экономист Елдар Шамсүтдинов валюта нарығын зерттей келе, еліміз Ресей үшін доллар сатып алатын транзиттік хабқа айналған деген тосын тұжырымға келді, деп хабарлайды Ertenmedia.
Сарапшының айтуынша, KASE валюталық секциясындағы рубль айналымы күрт артып, рубльді доллармен айырбастау операциялары жиілеген.
Ресейден ағылған рубль Қазақстанның ішкі нарығындағы долларға сұранысты жасанды түрде арттырып, тұрақты валюталық ажиотаж қалыптастырып отыр.
«Қазақстан қазір транзиттік пункт қызметін атқаруда. Ресейден рубльмен кірген капитал бірден долларға айналып, кері ағылады. Бұл Қазақстанның ішкі экономикасында доллар сұранысының объективті себепсіз-ақ жоғары болуын түсіндіретін негізгі фактор», – дейді Шамсүтдинов.
Экономист сөзіне сенсек, ішкі нарықтағы доллар операциясының ауқымы соңғы екі жылда азайғанына қарамастан, жалпы валюта айналымының көлемі төмендеген жоқ. Керісінше, валюта биржасындағы күндік мәмілелердің жалпы сомасы кейбір күндері жарты миллиард долларға жетіп отыр.
Биылғы жылдың алғашқы жеті айында халықтың қолма-қол доллар сатып алуының таза көрсеткіші 228 млн долларды ғана құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе төмен (405 млн доллар).
Сонымен қатар рубльге сұраныс төмендеп, керісінше евроға қызығушылық артқан. Дегенмен нарықтағы негізгі ойыншы әлі де доллар болып тұр.
Сарапшы пікірінше, Қазақстандағы қолма-қол доллар айналымын елге транзиттік жолмен келетін ресейлік рубль
«Бұл дегеніңіз парадокс жағдай. Ішкі нарық әлсіз болса да, долларға сұраныс жоғары деңгейде. Мұндай көріністің негізгі себебі Қазақстанның Ресей үшін валюта операцияларын жүргізетін ыңғайлы дәлізге айналуы», – деп есептейді экономист.
Шамсутдинов осы арқылы Қазақстан валюталық тәуекелдерді өзіне қабылдап отырғанын айтады. Мұндай транзиттік операциялар ішкі нарықтағы тұрақтылыққа әсер етіп, ұлттық валютаның бағамына қысым жасауда.
«Кремль санкцияның қыспағында қалып, доллардан қағылған тұста Қазақстан Ресей үшін валютаға жол ашатын жасырын сүрлеуге айналды», — дейді сарапшы.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱30❤18😡13👎6💯5😢3🔥2
⚡️ Казиноның қақпанына түскен ел: Қайсар Қамза мен трансгендер Тұрғановтың бизнесі әшкере болды...
Қазақстанда онлайн-казиноны жарнамалап, халықты құмар ойынның тұзағына түсірген 34 блогер анықталды. Олардың арасында танымал рэперлер мен желі жұлдыздары бар, деп хабарлайды Ertenmedia.
Қаржы мониторингі агенттігі құмар ойын жарнамасын кәсіп еткен блогерлердің табыс көзін бітеп тастауды көздеп отыр.
Мәселен, рэпер Baller деген лақап атпен танымал Шыңғысхан Көпбаев биылдың өзінде онлайн-казиноны жарнамалағаны үшін бес мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Агенттік атышулы блогер Қайсар Қамзаның әрекетін «ашық арандату, қоғамды теріс жолға салу» деп бағалап отыр. Айтуларынша, Қамза халықты заңсыз казиноға тартудың түрлі тәсілін меңгеріп алған.
«Ол өзінің Telegram-арнасында онлайн-казиноға қатысу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық жариялап, көрерменді жалған видеолармен алдап келген. Миллиондап жүлде ұтқан алған фейк жеңімпаздарды көрсетіп, жұртты мақсатты түрде адастырған.
Бұл жұрттың сенімі мен отбасының нәпақасынан ұрланған қаржы», – деді агенттік өкілдері.
Трансгендер Наиль Тұрганов онлайн-казино жарнамасынан 8 млн теңгеден аса пайда тапқан. 600 мыңнан аса жазылушысы бар блогер-музыкант Ринат Шамшырақ та казино бизнесінің амбассадоры.
Ал Нұрғазы Тоқтаров («Nakonay Qarapaiym») әлемжеліде жұртты заңсыз ойынға ашық үгіттеп, жалпы 15,8 млн теңге табыс тапса, соның жартысын құмар ойындарда ұтылып қалған.
Бұған әйелдер қауымы да белсенді араласуда. Instagram-дағы сторисіне онлайн-казино жарнамасын салғаны үшін Мариям Құлжабаева («@oomariko») 350 мың теңге сыйақы алған. Агенттіктің хабарлауынша, мұндай жолмен ақша тауып жүрген Диана Халметова, Әсем Әубәкірова, Зухра Хәкиева, Арина Байкова және Күмісай Әйімбетова сияқты блогерлер де бар.
Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша, әкімшілік жазаның әлсіз екенін түсінген Қаржы мониторинг онлайн-казино жарнамасын пирамидамен теңестіріп, Қайсар Қамза секілді блогерлерді бірден қылмыстық жауапқа тартуды көздеп отыр.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Қазақстанда онлайн-казиноны жарнамалап, халықты құмар ойынның тұзағына түсірген 34 блогер анықталды. Олардың арасында танымал рэперлер мен желі жұлдыздары бар, деп хабарлайды Ertenmedia.
Қаржы мониторингі агенттігі құмар ойын жарнамасын кәсіп еткен блогерлердің табыс көзін бітеп тастауды көздеп отыр.
«Олар заң бұзуды әдетке айналдырып, елдің қалтасын қағып, қаншама отбасыны ойрандады», – дейді ведомство өкілдері.
Мәселен, рэпер Baller деген лақап атпен танымал Шыңғысхан Көпбаев биылдың өзінде онлайн-казиноны жарнамалағаны үшін бес мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Агенттік атышулы блогер Қайсар Қамзаның әрекетін «ашық арандату, қоғамды теріс жолға салу» деп бағалап отыр. Айтуларынша, Қамза халықты заңсыз казиноға тартудың түрлі тәсілін меңгеріп алған.
«Ол өзінің Telegram-арнасында онлайн-казиноға қатысу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық жариялап, көрерменді жалған видеолармен алдап келген. Миллиондап жүлде ұтқан алған фейк жеңімпаздарды көрсетіп, жұртты мақсатты түрде адастырған.
Осындай жарнамадан түскен қыруар ақшаны сән-салтанатты, жын-ойнақ өмірге төгіп-шашып жүр. Қымбат қонақүйлерде демалып, Оңтүстік-Шығыс Азия, БАӘ, Түркия сияқты елдерді күн құрғатпай аралайды.
Бұл жұрттың сенімі мен отбасының нәпақасынан ұрланған қаржы», – деді агенттік өкілдері.
Трансгендер Наиль Тұрганов онлайн-казино жарнамасынан 8 млн теңгеден аса пайда тапқан. 600 мыңнан аса жазылушысы бар блогер-музыкант Ринат Шамшырақ та казино бизнесінің амбассадоры.
Ал Нұрғазы Тоқтаров («Nakonay Qarapaiym») әлемжеліде жұртты заңсыз ойынға ашық үгіттеп, жалпы 15,8 млн теңге табыс тапса, соның жартысын құмар ойындарда ұтылып қалған.
Бұған әйелдер қауымы да белсенді араласуда. Instagram-дағы сторисіне онлайн-казино жарнамасын салғаны үшін Мариям Құлжабаева («@oomariko») 350 мың теңге сыйақы алған. Агенттіктің хабарлауынша, мұндай жолмен ақша тауып жүрген Диана Халметова, Әсем Әубәкірова, Зухра Хәкиева, Арина Байкова және Күмісай Әйімбетова сияқты блогерлер де бар.
Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша, әкімшілік жазаның әлсіз екенін түсінген Қаржы мониторинг онлайн-казино жарнамасын пирамидамен теңестіріп, Қайсар Қамза секілді блогерлерді бірден қылмыстық жауапқа тартуды көздеп отыр.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯50❤17👍9😱7👏4😡1
⚡️ Құжатсыз қазылған котлован: Алматыда 40 қабатты ғимараттың құрылысы тоқтатылды...
Депутат Базарбек Алматыдағы 40 қабатты құрылысты тоқтатып, RAMS компаниясының заңсыз әрекетін әшкереледі.
Ertenmedia-ға жеткен ақпарат бойынша ешкімнен қаймықмайтын Базарбектің соңғы кездері жаулары көбейе бастаған.
Дау-дамайдың мән-жайы осында: https://ertenmedia.kz/quzhatsyz-qazylghan-kotlovan-almatyda-40-qabatty-ghimarattyng-qurylysy-toqtatyldy/

👏47🔥15❤9👍5💯2
⚡️Элитаның мазасын қашырған мәжілісмен: Базарбекке қарсы үлкен ойын басталды...
Бірер жыл бұрын ғана қатардағы саясаткер саналған депутат Базарбек бүгінде еліміздегі ықпалды элита үшін үлкен қатерге айналды.
Бұған дейін өзара бәсекелес болып келген күштердің енді оған қарсы біріге бастағаны байқалады, деп хабарлайды Ertenmedia «Курилка Байтерека» телеграм-арнасына сілтеп.
Екінші бағыт Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің жағасындағы жер дауы. Депутаттың бастамасымен тексеріліп жатқан телімдер Динара мен Тимур Құлыбаевтардың иелігінде делінеді. Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы «қол сұғуға болмайтын активтер» саналып келген.
Базарбектің әрекеті әсіресе құрылыс саласындағы осы күнге дейін түкірігі жерге түспеген ықпалды лоббиге өте ауыр тиген. Күні кешегі RAMS компаниясына қатысты тексерістері тек қаржыға ғана емес, ірі бизнестің саяси ықпалына да, беделіне де нұқсан келтіруде.
Дегенмен, элитаны алаңдатып отырған мәселе бұл тергеудің өзі ғана емес.
Базарбек ұзақ жылдан бері үнсіз келісімге негізделген «тиіспеушілік» дәстүрін бұзып, саяси ортада қалыптасқан қасаң қағиданы қақыратып отыр.
Оның бульдозер мінезі осы күнге дейін Мәжілісте ауызға алуға тыйым салынған, жабық есік артында шешілетін тақырыптарды қоғам алдына ашық шығарып, талайлардың жасырын мүддесін әшкерелеп жатыр.
Мақсат Базарбекті саяси аренадан ғана емес, қоғамдық кеңістіктен де ығыстыру. Депутатқа қарсы арнайы дискредитациялық науқан ұйымдастырылып, ел ішіндегі беделіне дақ түсіру, абыройын төгу жоспары жасалуда.
Базарбектің өзі де қазіргі бағытының қауіптілігін жақсы түсінеді, бірақ соған қарамастан бастаған ісін жалғастыруға бел буып отыр. Мәжілісменнің табандылығы елдегі ықпалды топтарды ашықтан-ашық ашуландыруда.
Қазіргі таңда депутаттың артында оған саяси қалқан болар ықпалды топ жоқ. Базарбек ешкімге жалтақтамай, өз жолымен жүріп келеді. Қазақстанның саяси практикасында мұндай әрекет бір жағынан батылдық пен қайраткерлік болса, екінші жағынан адамды ашық нысанаға айналдырып, қорғансыз күйге түсіреді.
Базарбектің саяси тағдыры да осы екі фактордың қайсысы басым түсеріне тікелей тәуелді болып тұр.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Бірер жыл бұрын ғана қатардағы саясаткер саналған депутат Базарбек бүгінде еліміздегі ықпалды элита үшін үлкен қатерге айналды.
Бұған дейін өзара бәсекелес болып келген күштердің енді оған қарсы біріге бастағаны байқалады, деп хабарлайды Ertenmedia «Курилка Байтерека» телеграм-арнасына сілтеп.
Депутаттың рейдтері бірнеше ірі топтың мүддесіне қайшы келіп тұр. Соның бірі миллиардтаған теңгелік фармацевтикалық нарықтағы былық, әлгі схемаларды депутат Мұрат Әбеновпен бірге әшкерелеген болатын.
Екінші бағыт Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің жағасындағы жер дауы. Депутаттың бастамасымен тексеріліп жатқан телімдер Динара мен Тимур Құлыбаевтардың иелігінде делінеді. Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы «қол сұғуға болмайтын активтер» саналып келген.
Базарбектің әрекеті әсіресе құрылыс саласындағы осы күнге дейін түкірігі жерге түспеген ықпалды лоббиге өте ауыр тиген. Күні кешегі RAMS компаниясына қатысты тексерістері тек қаржыға ғана емес, ірі бизнестің саяси ықпалына да, беделіне де нұқсан келтіруде.
Бұған дейін Қазақстанда ешбір депутат мұндай деңгейге дейін барып, ірі топтардың астыртын әрекетін әшкерелеп, олардың атын ашық атаған емес.
Дегенмен, элитаны алаңдатып отырған мәселе бұл тергеудің өзі ғана емес.
Базарбек ұзақ жылдан бері үнсіз келісімге негізделген «тиіспеушілік» дәстүрін бұзып, саяси ортада қалыптасқан қасаң қағиданы қақыратып отыр.
Оның бульдозер мінезі осы күнге дейін Мәжілісте ауызға алуға тыйым салынған, жабық есік артында шешілетін тақырыптарды қоғам алдына ашық шығарып, талайлардың жасырын мүддесін әшкерелеп жатыр.
Инсайдерлердің айтуынша, депутатқа қарсы кең ауқымды ойын басталған.
Мақсат Базарбекті саяси аренадан ғана емес, қоғамдық кеңістіктен де ығыстыру. Депутатқа қарсы арнайы дискредитациялық науқан ұйымдастырылып, ел ішіндегі беделіне дақ түсіру, абыройын төгу жоспары жасалуда.
Базарбектің өзі де қазіргі бағытының қауіптілігін жақсы түсінеді, бірақ соған қарамастан бастаған ісін жалғастыруға бел буып отыр. Мәжілісменнің табандылығы елдегі ықпалды топтарды ашықтан-ашық ашуландыруда.
Қазіргі таңда депутаттың артында оған саяси қалқан болар ықпалды топ жоқ. Базарбек ешкімге жалтақтамай, өз жолымен жүріп келеді. Қазақстанның саяси практикасында мұндай әрекет бір жағынан батылдық пен қайраткерлік болса, екінші жағынан адамды ашық нысанаға айналдырып, қорғансыз күйге түсіреді.
Базарбектің саяси тағдыры да осы екі фактордың қайсысы басым түсеріне тікелей тәуелді болып тұр.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥70❤25👍25😱8💯5👏2
⚡️ Алматыны тұншықтырған түтін: ескі көлік иелері мен таза ауаны қалайтындардың тартысы...
Алматыда ауаның ластануын азайту үшін қала орталығына ескі көліктің кіруін шектейтін арнайы LEZ-аймақ енгізілуі мүмкін. Қалалық мәслихат заң жобасын әзірлеп жатыр.
Бастаманы қолдайсыз ба?
Толығырақ: https://ertenmedia.kz/almatyny-tunshyqtyrghan-tuetin-eski-koelik-ieleri-men-taza-awany-qalajtyndardyng-tartysy/

👍25👎6👏6🔥3😁3🤔2💯1
⚡️ Пенальтидің құны: Смағұловтың Palisade-ы мен қақпашыға қимай қалған құрметі...
Astana Motors басшысы Нұрлан Смағұловтың "Қайрат" клубына жасаған жомарттығы ақпарат алаңында біраз шу туғызды, бірақ бір деталь назардан тыс қалды деп жазады Ertenmedia.
Иә, бас бапкер Рафаэль Уразбахтинге Hyundai Palisade көлігі сыйланды, бұл құптарлық қадам.
Футбол тарихында пенальти сериясы ойыншының емес, қақпашының жеке майданы. Алаңда 120 минут бойы қақпаға доп дарытпай, соңында шешуші сәтте команданы Чемпиондар лигасына алып шыққан қақпашыға MacBook ұсыну студенттік деңгейдегі сыйлықтан аса алмай қалды.
Бұл жерде назар аудартарлық тосын деталь бар.
«Қайратты» Чемпиондар лигасына алып шыққан Уразбахтин бе, әлде Анарбеков пе деген сұрақ төтесінен қойылса, жауап анық Анарбеков. Өйткені, пенальтиге келгенде бас бапкердің тактикалық ойы емес, қақпашының шеберлігі ғана шешуші факторға айналады.
Нұрлан Смағұловтың PR-командасы алаңдағы ойынның ғана емес, алаң сыртындағы халықтың да "тамырын басып көруді" ұмытып кеткендей. Сыйлықтың дәрежесі екі түрлі болмауы тиіс еді.
Қақпашының ерлігі лайықты бағаланбаған соң, сыйлықтың да сәні кетіп, Смағұлов халықтың алдында ұсақталып қалды.
Қазақстанда әлі күнге дейін футболдағы басты жетістік бапкердің ғана еңбегімен өлшеніп, алаңдағы шынайы кейіпкерлердің рөлі екінші қатарға ысырылып қалуда.
Бұл ұлттық футболдағы терең тамырланған психологиялық тосқауыл. Біз әлі де бапкер культінен арылмағанбыз. Ойыншыларды, әсіресе қақпашыны, басты тұлға деп қабылдайтын сана қалыптаспаған.
MacBook қазақ футболының жылнамасындағы ең лайықсыз сыйлық ретінде таңбаланып қалмақ.
Смағұлов туралы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

Дегенмен, дәл осы тарихи жеңістің шынайы кейіпкері қақпашы Темірлан Анарбековтың ерлігін MacBook сыйлығымен ғана бағалау, әділетсіз әрі орынсыз болды.
Футбол тарихында пенальти сериясы ойыншының емес, қақпашының жеке майданы. Алаңда 120 минут бойы қақпаға доп дарытпай, соңында шешуші сәтте команданы Чемпиондар лигасына алып шыққан қақпашыға MacBook ұсыну студенттік деңгейдегі сыйлықтан аса алмай қалды.
Бұл жерде назар аудартарлық тосын деталь бар.
«Қайратты» Чемпиондар лигасына алып шыққан Уразбахтин бе, әлде Анарбеков пе деген сұрақ төтесінен қойылса, жауап анық Анарбеков. Өйткені, пенальтиге келгенде бас бапкердің тактикалық ойы емес, қақпашының шеберлігі ғана шешуші факторға айналады.
Егер Анарбеков сол сәтте сасқалақтап қалған болса, Уразбахтиннің Hyundai Palisade тізгіндеуіекіталай еді.
Нұрлан Смағұловтың PR-командасы алаңдағы ойынның ғана емес, алаң сыртындағы халықтың да "тамырын басып көруді" ұмытып кеткендей. Сыйлықтың дәрежесі екі түрлі болмауы тиіс еді.
Қақпашының ерлігі лайықты бағаланбаған соң, сыйлықтың да сәні кетіп, Смағұлов халықтың алдында ұсақталып қалды.
Қазақстанда әлі күнге дейін футболдағы басты жетістік бапкердің ғана еңбегімен өлшеніп, алаңдағы шынайы кейіпкерлердің рөлі екінші қатарға ысырылып қалуда.
Бұл ұлттық футболдағы терең тамырланған психологиялық тосқауыл. Біз әлі де бапкер культінен арылмағанбыз. Ойыншыларды, әсіресе қақпашыны, басты тұлға деп қабылдайтын сана қалыптаспаған.
Тоқ етерін айтқанда, Темірланның сыйлығын қайта қарау керек. Тіпті символдық түрде болса да, қақпашыға көлік кілтін табыстау, жеңістің шынайы иесін әділ бағалаудың белгісі болар еді. Бірақ, бұған Смағұловтың сараңдығы жол бере қоймас...
MacBook қазақ футболының жылнамасындағы ең лайықсыз сыйлық ретінде таңбаланып қалмақ.
Смағұлов туралы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍75❤16👎8🔥6😁6👏3💯3
⚡️ Қасым ханнан Қасым-Жомартқа дейін: Тоқаев ескі дәуірдің есігін еппен жапты...
Президент Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған жиында тарихи шегініс жасап, бұрынғы мен бүгінгінің арасында нәзік тепе-теңдік сақтап сөйледі, деп хабарлайды Ertenmedia.
Президенттің бұл жолғы сөзінен Назарбаев дәуірінен алыстап, жаңа саяси бағытты айқын сезіндіру мақсаты байқалды. Тоқаев «Қасым ханның қасқа жолы», «Жеті жарғыдан» бастау алған қазақ заң дәстүрін бүгінгі Конституция жалғастырып отырғанын айтып, тарихи сабақтастыққа меңзеді.
Президент сөзіндегі басты месседж соңғы үш жылдағы саяси трансформация. 2022 жылғы референдумды мысалға келтірген ол, «халық шешімі билік легитимдігінің басты кепілі» деді. Бір қызығы, осы тұста президент өз тұлғасын ерекше даралап, «референдум өткізу туралы шешімді жеке өзім қабылдадым» дегенді баса айтты.
Сондай-ақ ол Конституцияға 2022 жылы енгізілген өзгерістерді Қазақстан тарихындағы «ең мазмұнды әрі әділетті реформа» деп бағалады.
Айтуынша, суперпрезиденттік басқарудан бас тарту, президенттік мерзімді бір рет қана жеті жылмен шектеу, президент туыстарының жоғары лауазымдарға тағайындалуына тыйым салу Қазақстан ғана емес, әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ бастама.
Мемлекет басшысы соңғы жылдары қоғам талабы ескерілгенін, Конституциялық соттың құрылып, 11 мыңнан астам шағым қаралғанын да тілге тиек етті. Тоқаевтың айтуынша, бұл билік пен қоғам арасындағы сенімнің нығайғанының белгісі.
Құқықтық тәртіп туралы айтқанда, президент «тәртіп пен заңға бағынушылық қоғамның басты қағидасы болуға тиіс» деді. Сондай-ақ, ол құқықтық сауаттылықты мектептен бастап, отбасы мен медиа арқылы насихаттауды тапсырды.
Жер мен табиғи байлықтың халыққа тиесілі екенін де атап өткен президент, «Ұлттық қор балаларға» жобасы арқылы әр баланың болашағы үшін арнайы есепшот ашылып, оған 1,5 млрд доллар аударылғанын айтты.
Токаев сөзінің соңын жаһандық сын-қатерлерге арнады. Оның пікірінше, геосаяси тұрақсыздық, цифрландыру, жасанды интеллект адамзат үшін жаңа құқықтық әрі моральдық мәселелерді туындатады. Сондықтан Қазақстан заңнамасы да заман ағымына сай дамып, өзгеріске бейімделуі керек екенін ескертті.
Тоқаевтың кешегі жиындағы мәлімдемесі ескі жүйеден жаңа дәуірге өтіп бара жатқан Қазақстанның саяси портреті іспетті. 8 қыркүйекте өтетін Жолдауда осы бағыттың жаңа экономикалық-саяси бағдарлары белгіленбек.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Президент Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған жиында тарихи шегініс жасап, бұрынғы мен бүгінгінің арасында нәзік тепе-теңдік сақтап сөйледі, деп хабарлайды Ertenmedia.
Президенттің бұл жолғы сөзінен Назарбаев дәуірінен алыстап, жаңа саяси бағытты айқын сезіндіру мақсаты байқалды. Тоқаев «Қасым ханның қасқа жолы», «Жеті жарғыдан» бастау алған қазақ заң дәстүрін бүгінгі Конституция жалғастырып отырғанын айтып, тарихи сабақтастыққа меңзеді.
1993 жылғы Конституцияның уақытша сипатта болғанын еске салған ол, 1995 жылғы құжаттың қабылдануына Назарбаевтың үлесін атап өтуді де ұмытпады. Десе де, негізгі екпінді бір адамның емес, бүкіл қоғамның үлесіне аударды.
Президент сөзіндегі басты месседж соңғы үш жылдағы саяси трансформация. 2022 жылғы референдумды мысалға келтірген ол, «халық шешімі билік легитимдігінің басты кепілі» деді. Бір қызығы, осы тұста президент өз тұлғасын ерекше даралап, «референдум өткізу туралы шешімді жеке өзім қабылдадым» дегенді баса айтты.
Сондай-ақ ол Конституцияға 2022 жылы енгізілген өзгерістерді Қазақстан тарихындағы «ең мазмұнды әрі әділетті реформа» деп бағалады.
Айтуынша, суперпрезиденттік басқарудан бас тарту, президенттік мерзімді бір рет қана жеті жылмен шектеу, президент туыстарының жоғары лауазымдарға тағайындалуына тыйым салу Қазақстан ғана емес, әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ бастама.
Мемлекет басшысы соңғы жылдары қоғам талабы ескерілгенін, Конституциялық соттың құрылып, 11 мыңнан астам шағым қаралғанын да тілге тиек етті. Тоқаевтың айтуынша, бұл билік пен қоғам арасындағы сенімнің нығайғанының белгісі.
Жастарға арнайы тоқталған президент: «Өткенге оралудың мүмкін еместігін, оған ең алдымен жастар жол бермейтінін» мәлімдеді. Жаңа буын Қазақстанның жаңа дәуірге қарай қадам басуына кепіл болмақ.
Құқықтық тәртіп туралы айтқанда, президент «тәртіп пен заңға бағынушылық қоғамның басты қағидасы болуға тиіс» деді. Сондай-ақ, ол құқықтық сауаттылықты мектептен бастап, отбасы мен медиа арқылы насихаттауды тапсырды.
Жер мен табиғи байлықтың халыққа тиесілі екенін де атап өткен президент, «Ұлттық қор балаларға» жобасы арқылы әр баланың болашағы үшін арнайы есепшот ашылып, оған 1,5 млрд доллар аударылғанын айтты.
Токаев сөзінің соңын жаһандық сын-қатерлерге арнады. Оның пікірінше, геосаяси тұрақсыздық, цифрландыру, жасанды интеллект адамзат үшін жаңа құқықтық әрі моральдық мәселелерді туындатады. Сондықтан Қазақстан заңнамасы да заман ағымына сай дамып, өзгеріске бейімделуі керек екенін ескертті.
Қорытындысында президент қазіргі буынның миссиясын қазақ халқының қайта өрлеуімен байланыстырды. Оның пайымынша, жаңа дәуірдегі ұлттық идея «Әділетті, таза, қауіпсіз әрі қуатты Қазақстан» құру.
Тоқаевтың кешегі жиындағы мәлімдемесі ескі жүйеден жаңа дәуірге өтіп бара жатқан Қазақстанның саяси портреті іспетті. 8 қыркүйекте өтетін Жолдауда осы бағыттың жаңа экономикалық-саяси бағдарлары белгіленбек.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍37❤14👎5😁5🤮3🔥2👏2🤡1
⚡️ Әуедегі экспансия: Кремль капиталы Қазақстан әуежайларын үнсіз жаулап жатыр...
Соңғы жылдары жекешелендірілген Қазақстан әуежайларының басым бөлігіне тікелей не жанама түрде ресейлік инвесторлар иелік етуде жазады Ertenmedia Азаттық радиосына сілтеп.
Мемлекет стратегиялық маңызды нысандарды модернизациялауға миллиардтап қаржы жұмсайды, алайда жаңартылған соң әуежайлар тез арадакөрші елдің капиталына өтіп кетуде.
Осы үрдіс авиация сарапшылары мен қоғам белсенділерінің алаңдауын туғызып отыр.
Мысал үшін, мемлекет Орал әуежайын жаңғыртуға екі жылда 6,6 млрд теңге жұмсаған. Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын игеріп жатқан Karachaganak Petroleum Operating консорциумы осы жұмысты қаржыландырған.
Оралдан бөлек, еліміздің ең ірі әуежайы Алматы әуежайының да төрттен бір бөлігі ресейлік Verno Capital компаниясына тиесілі. Компанияның иесі Дмитрий Крюков есімді ресейлік кәсіпкер.
Былтыр Қарағандының «Сарыарқа» әуежайын экс-ресейлік, кейін Қазақстан төлқұжатын алған миллиардер Тимур Турлов сатып алды. Қарағанды әуежайы Қазақстанның орталығында орналасқан, жүк тасымалдауға аса тиімді стратегиялық нысан.
Әуежайдың жерүсті қызметін атқаратын «АТМА Аэропорт Атырау и перевозки» компаниясы формалды түрде Катарда тіркелген QazAir Investments LLC меншігіне өтті. Компанияның негізгі акционері Франция азаматы Авраам Даниэль Данино. Бірақ оның Ресеймен тығыз байланысы байқалып қалды. Даниноның аты Ресей олигархы Олег Дерипаскамен байланысты «Multipolar World Institute» орталығымен қатар аталады.
Дерипасканың өзі Батыстың санкциясына іліккен, Кремльге жақын миллиардерлердің бірі екені мәлім.
Авиация сарапшысы Абыл Кекілбаевтың айтуынша, шекараға жақын әуежайларды ресейлік инвесторлардың сатып алуы тегін емес. Путин Украинаға басып кіргелі Қазақстаннан көрші елге жөнелтілетін экспорт көлемі күрт артқан.
Сарапшы стратегиялық маңызы зор нысандарды кім көрінгеннің қолына бере салуға болмайтынын ескертуде. Оның пікірінше, ірі әуежайлар туризм мен экономика ғана емес, ұлттық қауіпсіздік үшін де аса маңызды активтер.
«Әуежайды сату келісімі ашық жүргізіліп, инвестордың міндеті, мүддесі мен жауапкершілігі анық көрсетілуі тиіс», – дейді сарапшы Абыл Кекілбаев.
Елімізде республикалық және облыстық маңызы бар 20 әуежай жұмыс істейді. Оның жартысы жекенің қолында.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Соңғы жылдары жекешелендірілген Қазақстан әуежайларының басым бөлігіне тікелей не жанама түрде ресейлік инвесторлар иелік етуде жазады Ertenmedia Азаттық радиосына сілтеп.
Мемлекет стратегиялық маңызды нысандарды модернизациялауға миллиардтап қаржы жұмсайды, алайда жаңартылған соң әуежайлар тез арада
Осы үрдіс авиация сарапшылары мен қоғам белсенділерінің алаңдауын туғызып отыр.
Мысал үшін, мемлекет Орал әуежайын жаңғыртуға екі жылда 6,6 млрд теңге жұмсаған. Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын игеріп жатқан Karachaganak Petroleum Operating консорциумы осы жұмысты қаржыландырған.
Бірақ бір жыл өтпей-ақ стратегиялық маңызды әуе айлағы ресейлік «Аэропорты регионов» холдингінің еншісіне өтті. Холдингтің артында санкцияға іліккен ресейлік олигарх Виктор Вексельберг тұрғаны белгілі.
Оралдан бөлек, еліміздің ең ірі әуежайы Алматы әуежайының да төрттен бір бөлігі ресейлік Verno Capital компаниясына тиесілі. Компанияның иесі Дмитрий Крюков есімді ресейлік кәсіпкер.
Былтыр Қарағандының «Сарыарқа» әуежайын экс-ресейлік, кейін Қазақстан төлқұжатын алған миллиардер Тимур Турлов сатып алды. Қарағанды әуежайы Қазақстанның орталығында орналасқан, жүк тасымалдауға аса тиімді стратегиялық нысан.
Жақында ғана Атырау әуежайына катарлық инвестор келді деген ақпарат тараған еді. Алайда іс жүзінде компанияның қожайындары бұрынғы посткеңестік кеңістіктен шыққан азаматтар болып отыр.
Әуежайдың жерүсті қызметін атқаратын «АТМА Аэропорт Атырау и перевозки» компаниясы формалды түрде Катарда тіркелген QazAir Investments LLC меншігіне өтті. Компанияның негізгі акционері Франция азаматы Авраам Даниэль Данино. Бірақ оның Ресеймен тығыз байланысы байқалып қалды. Даниноның аты Ресей олигархы Олег Дерипаскамен байланысты «Multipolar World Institute» орталығымен қатар аталады.
Дерипасканың өзі Батыстың санкциясына іліккен, Кремльге жақын миллиардерлердің бірі екені мәлім.
Авиация сарапшысы Абыл Кекілбаевтың айтуынша, шекараға жақын әуежайларды ресейлік инвесторлардың сатып алуы тегін емес. Путин Украинаға басып кіргелі Қазақстаннан көрші елге жөнелтілетін экспорт көлемі күрт артқан.
«Ресей үшін шекараға жақын әуежайларды сатып алу стратегиялық ұтымды шешім. Олар әуе арқылы келген жүкті ары қарай көлікпен Ресей аумағына еш кедергісіз жеткізе алады. Біз Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесіміз, шекарада кедендік бақылау жоқ», – дейді Кекілбаев.
Сарапшы стратегиялық маңызы зор нысандарды кім көрінгеннің қолына бере салуға болмайтынын ескертуде. Оның пікірінше, ірі әуежайлар туризм мен экономика ғана емес, ұлттық қауіпсіздік үшін де аса маңызды активтер.
«Әуежайды сату келісімі ашық жүргізіліп, инвестордың міндеті, мүддесі мен жауапкершілігі анық көрсетілуі тиіс», – дейді сарапшы Абыл Кекілбаев.
Елімізде республикалық және облыстық маңызы бар 20 әуежай жұмыс істейді. Оның жартысы жекенің қолында.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯120😱40😡32❤12🔥1🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ұрланған тағдыр: АҚШ-та өскен қазақ қызының Оралдағы көз жасы...
Әлемжеліде Орал әуежайында түсірілген ерекше бейнежазба тарап жатыр деп жазады Ertenmedia.
Бейнероликтен осыдан 25 жыл бұрын қайтыс болды деп хабарланған қыздың туған ата-анасымен қайта қауышқан сәтін көруге болады.
«Мой город» басылымының дерегінше, 2000 жылы Батыс Қазақстан облысының тұрғынына перзентханада жаңа туған нәрестесі шетінеді деп хабарланған.
Алайда араға ширек ғасыр салып, баланың тірі екені анықталған.
АҚШ-та өсіп-жетілген бойжеткен туған жеріне асырап алған әкесімен бірге келіп, туған ата-анасымен көз жасына толы қуанышты жағдайда табысты.
Эмоционалды көріністі қыздың туған әпкесі Айымгүл бейнежазбаға түсіріп, желіде жариялаған
Қазіргі таңда нәрестенің жоғалып кетуіне байланысты үш дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оларға баланы заңсыз жолмен шетелге жіберді деген айып тағылып отыр.
Желі қолданушылары ерекше оқиғаны жылы қабылдап, көпшілік тағдырлы қыздың ата-анасымен қауышқан сәтіне ізгі тілектерін арнауда.

Ол осы жылдар бойы АҚШ-та асырап алған отбасында тәрбиеленген.
АҚШ-та өсіп-жетілген бойжеткен туған жеріне асырап алған әкесімен бірге келіп, туған ата-анасымен көз жасына толы қуанышты жағдайда табысты.
Эмоционалды көріністі қыздың туған әпкесі Айымгүл бейнежазбаға түсіріп, желіде жариялаған
Қазіргі таңда нәрестенің жоғалып кетуіне байланысты үш дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оларға баланы заңсыз жолмен шетелге жіберді деген айып тағылып отыр.
Желі қолданушылары ерекше оқиғаны жылы қабылдап, көпшілік тағдырлы қыздың ата-анасымен қауышқан сәтіне ізгі тілектерін арнауда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢137👏67😱11👍8❤6🔥2🤔2🤬1
⚡️ Дубай мен Токио арасындағы қу тіршілік: Бауыржан Байбек не істеп жүр...
Алматының экс-әкімі әрі бұрынғы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек саясаттан кеткеннен кейін шетелде белсенді жұмыс істеп жүр.
Соңғы бір жарым жылдан бері Байбек🇯🇵 Жапонияда еңбек етіп жатыр. Оның қазіргі міндеті жапондық инвестиция мен озық технологияны елімізге тарту арқылы инновациялық жобаларды іске асыру.
Сонымен қатар, 2022 жылдың наурызынан бері Байбек онлайн форматта Ақмола облысында жұмыс істейтін «Qazaq Kaolin» компаниясының кеңесшісі қызметін атқарады.
Аталған компания Германияның заманауи технологиясымен каолин өңдеу өндірісін жолға қоймақ.
Бұл мәліметтерді Nege.Aqsha порталына Бауыржан Байбектің әпкесі Айгүл Байбек эксклюзивті сұхбатында айтты. Ол сондай-ақ ағасының саясаттан мүлде шеттетілгенін, сондықтан өзі басқаратын «Aray Media Group» ЖШС бухгалтерінің қудалануына қатысы жоқ екенін жеткізді.
Байбек әулетіндегі дау: бухгалтерді абақтыға түсірген 281 млн теңгенің хикаясын осы жерден оқи аласыз.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Алматының экс-әкімі әрі бұрынғы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек саясаттан кеткеннен кейін шетелде белсенді жұмыс істеп жүр.
Саясат пен мемлекеттік қызметтен қол үзген соң, екі жылдан астам уақыт Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып, Қазақстанға инвестиция тартумен айналысқан.
Соңғы бір жарым жылдан бері Байбек
Сонымен қатар, 2022 жылдың наурызынан бері Байбек онлайн форматта Ақмола облысында жұмыс істейтін «Qazaq Kaolin» компаниясының кеңесшісі қызметін атқарады.
Аталған компания Германияның заманауи технологиясымен каолин өңдеу өндірісін жолға қоймақ.
Бұл мәліметтерді Nege.Aqsha порталына Бауыржан Байбектің әпкесі Айгүл Байбек эксклюзивті сұхбатында айтты. Ол сондай-ақ ағасының саясаттан мүлде шеттетілгенін, сондықтан өзі басқаратын «Aray Media Group» ЖШС бухгалтерінің қудалануына қатысы жоқ екенін жеткізді.
Байбек әулетіндегі дау: бухгалтерді абақтыға түсірген 281 млн теңгенің хикаясын осы жерден оқи аласыз.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩44🤔21❤7🔥3👏1😁1
⚡️Қапшағайдың құлыптаулы құпиясы: шлагбаумның арғы жағындағы әкімдер мен әулеттер...
Депутат Базарбек Қапшағай жағасындағы заңсыз жер иелерінің аты-жөнін ашық жариялайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.
Оның бастамасымен ерекше қорғалатын аймаққа кіретін 82 жер телімі тексерілген болатын. Бұған дейін төрт телімнің иесі ретінде Тимур Құлыбаевтың «Кипрос» ЖШС тіркелгенін хабарлаған едік. Алайда бұл заңсыз жер иеленушілердің толық тізімі емес екен.
Оның айтуынша, заңсыз жер иеленушілердің арасында экс-президент Назарбаевтың ағайын-туғаны да жетерлік.
"Олардың саны өте көп. Алматының барлық тау бөктерінде "ескі Қазақстанның" есімдері алдымыздан шыға берді", – дейді депутат.
Дегенмен депутат әзірге басқа есімдерді жариялауға дайын емес. Ол кез келген ақпаратты мем.органдардың ресми растамасымен нақтылауы керек екенін алға тартып отыр. Әйтпесе, дәлелсіз айтылған сөз үшін сот алдында жауап беру қаупі бар.
"Сот залында уақыт өткізіп, заң шығару жұмысымнан алыстағым келмейді. Бірақ мәселені соңына дейін жеткізу керек. Бұл жерлер мемлекеттің меншігіне қайтарылуы тиіс. Әрине жер иелері бұған жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Маған қысым көрсетуі де ықтимал. Еркі білсін. Біздің міндет заңдылық пен әділеттің салтанат құруына ықпал ету", – деді депутат.
Базарбектің пікірінше, жер телімін заңсыз үлестірген әкімдік қызметкерлері жауапқа тартылуы керек.
Ең қызығы, бұл мәселеге қатысты соттар да нақты шешім қабылдаудан жасқанады екен. Сот қаулысында әкімдік шешімі заңсыз деп танылғанымен, қылмыстық іс қозғалуы тиіс жеке ұйғарым шығарылмай отыр.
«Соттар көбіне батыл қадамға бара алмайды. Біз бұл мәселені парламент деңгейінде көтереміз. Өзім де кінәлілердің жазасыз қалмауын жеке бақылауыма аламын», – деп түйіндеді депутат.
Бұған дейін біз еліміздегі түрлі кландардың Базарбекке қарсы біріге бастағанын жазған едік.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Депутат Базарбек Қапшағай жағасындағы заңсыз жер иелерінің аты-жөнін ашық жариялайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.
Оның бастамасымен ерекше қорғалатын аймаққа кіретін 82 жер телімі тексерілген болатын. Бұған дейін төрт телімнің иесі ретінде Тимур Құлыбаевтың «Кипрос» ЖШС тіркелгенін хабарлаған едік. Алайда бұл заңсыз жер иеленушілердің толық тізімі емес екен.
"Жер телімдерінің артында жергілікті әкімдіктердің, Алматы облысы әкімдігінің және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары тұр. Бізде олардың аты-жөндері бар, дәл қазір шын мәніндегі бенефициарларды анықтап жатырмыз. Кейбір жер телімі заңды тұлғалардың атына рәсімделген. Бұл жерлердің жалғыз иесі Құлыбаев немесе Қайрат Боранбаев емес. Әлгі 82 жер телімінің артында ондаған ықпалды тұлға тұр», – деді депутат Мәжіліс кулуарында.
Оның айтуынша, заңсыз жер иеленушілердің арасында экс-президент Назарбаевтың ағайын-туғаны да жетерлік.
"Олардың саны өте көп. Алматының барлық тау бөктерінде "ескі Қазақстанның" есімдері алдымыздан шыға берді", – дейді депутат.
Дегенмен депутат әзірге басқа есімдерді жариялауға дайын емес. Ол кез келген ақпаратты мем.органдардың ресми растамасымен нақтылауы керек екенін алға тартып отыр. Әйтпесе, дәлелсіз айтылған сөз үшін сот алдында жауап беру қаупі бар.
"Сот залында уақыт өткізіп, заң шығару жұмысымнан алыстағым келмейді. Бірақ мәселені соңына дейін жеткізу керек. Бұл жерлер мемлекеттің меншігіне қайтарылуы тиіс. Әрине жер иелері бұған жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Маған қысым көрсетуі де ықтимал. Еркі білсін. Біздің міндет заңдылық пен әділеттің салтанат құруына ықпал ету", – деді депутат.
Базарбектің пікірінше, жер телімін заңсыз үлестірген әкімдік қызметкерлері жауапқа тартылуы керек.
"Бұлар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады, сондықтан жекеменшікте болуы мүмкін емес. Қапшағай әкімдігі жағалаудағы жерді оңды-солды таратып жіберген. Иелері жерді қоршап, халықтың жолын шлагбауммен жауып отыр", – деп атап өтті ол.
Ең қызығы, бұл мәселеге қатысты соттар да нақты шешім қабылдаудан жасқанады екен. Сот қаулысында әкімдік шешімі заңсыз деп танылғанымен, қылмыстық іс қозғалуы тиіс жеке ұйғарым шығарылмай отыр.
«Соттар көбіне батыл қадамға бара алмайды. Біз бұл мәселені парламент деңгейінде көтереміз. Өзім де кінәлілердің жазасыз қалмауын жеке бақылауыма аламын», – деп түйіндеді депутат.
Бұған дейін біз еліміздегі түрлі кландардың Базарбекке қарсы біріге бастағанын жазған едік.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍119🙏82❤24👏10🔥7
⚡️ Маңғыстаудың «миналы алаңы»: Оралов мұнайлы өңірдің мінезіне төтеп бере ала ма...
Асхат Ораловтың Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалуын кейбіреу біртүрлі шешім деп қабылдады. Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің пікірінше, өңірдің қазіргі жағдайында дәл осындай басқарушы кадр қажет деп жазады Ertenmedia.
Әбішевтің айтуынша Павлодар өңірінен шыққан, кезінде Мәдениет министрлігін басқарып, Президент Әкімшілігінде де қызмет еткен Асхат Оралов «кабинет шенеунігі» емес, керісінше, халықпен тікелей диалог құра білетін, тәжірибелі менеджер.
Саясаттанушының пікірінше, Асхат Ораловтың Маңғыстауға баруы өңірдегі дағдарыстың алдын алуға бағытталған шешім болуы мүмкін. Себебі, облыста мұнай қоры азайып, өндіріс шығыны өсіп барады. Өңірдегі халық санының күрт өсуі және әлеуметтік шиеленістің артуы да өз алдына бөлек мәселе.
«Маңғыстаудың әлеуметтік және саяси жағдайы қашанда күрделі болған. Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік наразылығы жоғары, саяси тұрғыда оңай мобилизацияланады, оның үстіне аймақ елордадан шалғайда жатыр. Бұл факторларды ескерсек, өңірді басқару оңай емес», – дейді Әбішев.
Саясаттанушының айтуынша, Ораловтың тағайындалуын сынақ ретінде қарастырған жөн.
Еске сала кетсек, Оралов Қаңтар оқиғасына дейінгі кезеңде Алтай Көлгіновтің орынбасары ретінде Астана әкімдігінде қызмет еткен. 2022 жылдың ақпанында Nur Otan партиясының (қазіргі AMANAT) жауапты хатшысы болып тағайындалған. Бұл партияның Назарбаевтан Тоқаевқа ауысуы кезеңіндегі маңызды өзгерістің бірі еді.
AMANAT-та қызмет еткен кезінде Оралов Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлермен жүздесіп, олардың шығынын өтеу мен бизнесін қалпына келтіру жұмысымен айналысты.
Айта кетейік, былтыр Маңғыстау өңіріндегі әлеуметтік шиеленістің кесірінен «ҚазМұнайГаздың» басшысы Мағзұм Мырзағалиев қызметінен кеткен еді. Оның ізінше облыстағы бүкіл күштік құрылым басшылары да ауыстырылды. Билік кадрлық ауыс-түйіс арқылы өңірдегі ереуіл мен еңбек дауларын реттеуге тырысқан болатын.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Асхат Ораловтың Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалуын кейбіреу біртүрлі шешім деп қабылдады. Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің пікірінше, өңірдің қазіргі жағдайында дәл осындай басқарушы кадр қажет деп жазады Ertenmedia.
Әбішевтің айтуынша Павлодар өңірінен шыққан, кезінде Мәдениет министрлігін басқарып, Президент Әкімшілігінде де қызмет еткен Асхат Оралов «кабинет шенеунігі» емес, керісінше, халықпен тікелей диалог құра білетін, тәжірибелі менеджер.
«Оралов қазақ тілінде шешен әрі халықтық стильде еркін сөйлей алатын тұлға. Қажет жерде елмен етене тіл табысып, жұрттың көңілін аулап, батыл түрде ашық пікірталасқа да түсе алады. Ашулы халықтың ортасына кіріп, мәселені бетпе-бет талқылауға екінің бірі тәуекел етпейді. Оралов бұған дейін талай рет осындай батылдық танытқан», – деп жазды Ғазиз Әбішев.
Саясаттанушының пікірінше, Асхат Ораловтың Маңғыстауға баруы өңірдегі дағдарыстың алдын алуға бағытталған шешім болуы мүмкін. Себебі, облыста мұнай қоры азайып, өндіріс шығыны өсіп барады. Өңірдегі халық санының күрт өсуі және әлеуметтік шиеленістің артуы да өз алдына бөлек мәселе.
«Маңғыстаудың әлеуметтік және саяси жағдайы қашанда күрделі болған. Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік наразылығы жоғары, саяси тұрғыда оңай мобилизацияланады, оның үстіне аймақ елордадан шалғайда жатыр. Бұл факторларды ескерсек, өңірді басқару оңай емес», – дейді Әбішев.
Саясаттанушының айтуынша, Ораловтың тағайындалуын сынақ ретінде қарастырған жөн.
"Маңғыстауға лента қиятын әкімдер емес, шынайы мәселемен бетпе-бет келіп, қиындықты еңсере алатын іскер басқарушылар керек. Мұндай өңірде шыңдалған кадрлардың мемлекеттік қызметте жолы ашылады. Паркетте жүретін шенеуніктерге қарағанда, тәжірибелі, нақты нәтижеге қол жеткізген менеджерлерге сұраныс қашан да жоғары болады", – дейді ол.
Еске сала кетсек, Оралов Қаңтар оқиғасына дейінгі кезеңде Алтай Көлгіновтің орынбасары ретінде Астана әкімдігінде қызмет еткен. 2022 жылдың ақпанында Nur Otan партиясының (қазіргі AMANAT) жауапты хатшысы болып тағайындалған. Бұл партияның Назарбаевтан Тоқаевқа ауысуы кезеңіндегі маңызды өзгерістің бірі еді.
AMANAT-та қызмет еткен кезінде Оралов Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлермен жүздесіп, олардың шығынын өтеу мен бизнесін қалпына келтіру жұмысымен айналысты.
Айта кетейік, былтыр Маңғыстау өңіріндегі әлеуметтік шиеленістің кесірінен «ҚазМұнайГаздың» басшысы Мағзұм Мырзағалиев қызметінен кеткен еді. Оның ізінше облыстағы бүкіл күштік құрылым басшылары да ауыстырылды. Билік кадрлық ауыс-түйіс арқылы өңірдегі ереуіл мен еңбек дауларын реттеуге тырысқан болатын.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯56👍52👎24❤15👏2🤔2🤮2😱1
⚡️ Глобустағы гибридті соғыс: Abdi желісі Ресейдің пропагандасын таратып жүр...
Abdi дүкеніндегі глобустардан Қазақстанның ұстанымына қайшы келетін өрескел қате анықталды деп хабарлайды Ertenmedia.
Журналист Халима Тәжіқұлдың айтуынша, дүкенде сатылып жатқан глобустарда Ресей басып алған Донецкі, Луганскі және Қырым (Севастополь) аумақтары Украина емес, Кремль территориясы ретінде көрсетілген.
Бұл Қазақстанның ресми позициясына мүлдем сәйкес келмейді.
«Дүкенге оқу құралдарын алуға барған едік, бірақ глобус алар кезде жоспарымыздан бас тарттық.
Сонда мұндай тауардың біздің дүкендерде емін-еркін сатылуы қаншалықты заңды?», – дейді журналист.
Әріптесіміз осындай олқылық еліміздегі басқа дүкендерде де болуы мүмкін екенін айтып, құзырлы органдарды дереу тексеріс жүргізуге шақырды.
Ertenmedia анықтамасы:
Қазақстандағы кеңсе және оқу құралдары нарығында аты жиі аталатын Abdi дүкендер желісінің иесі белгілі кәсіпкер Әбдібек Бимендиев.
Компания ресми түрде ABDI Company JSC деген атаумен Алматы қаласында тіркелген. Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сүйенсек, компанияның негізін қалаған да, қазір тізгінін ұстап отырған тұлға да Бимендиевтің өзі.
Жиырма жылдан астам тарихы бар Abdi компаниясы оқу құралдары, кеңсе тауарлары мен кітап нарығында Қазақстандағы ең ірі ойыншы саналады. Ел ішінде 25-тен астам дүкені бар.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Abdi дүкеніндегі глобустардан Қазақстанның ұстанымына қайшы келетін өрескел қате анықталды деп хабарлайды Ertenmedia.
Журналист Халима Тәжіқұлдың айтуынша, дүкенде сатылып жатқан глобустарда Ресей басып алған Донецкі, Луганскі және Қырым (Севастополь) аумақтары Украина емес, Кремль территориясы ретінде көрсетілген.
Бұл Қазақстанның ресми позициясына мүлдем сәйкес келмейді.
«Дүкенге оқу құралдарын алуға барған едік, бірақ глобус алар кезде жоспарымыздан бас тарттық.
Себебі мына глобустарда Қырым мен Украинаның шығысындағы басып алынған аумақтар Ресей құрамында тұр. Қазақстан аталған өңірлерді Украина мемлекетінің аумағы деп таниды.
Сонда мұндай тауардың біздің дүкендерде емін-еркін сатылуы қаншалықты заңды?», – дейді журналист.
Әріптесіміз осындай олқылық еліміздегі басқа дүкендерде де болуы мүмкін екенін айтып, құзырлы органдарды дереу тексеріс жүргізуге шақырды.
Ertenmedia анықтамасы:
Қазақстандағы кеңсе және оқу құралдары нарығында аты жиі аталатын Abdi дүкендер желісінің иесі белгілі кәсіпкер Әбдібек Бимендиев.
Компания ресми түрде ABDI Company JSC деген атаумен Алматы қаласында тіркелген. Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сүйенсек, компанияның негізін қалаған да, қазір тізгінін ұстап отырған тұлға да Бимендиевтің өзі.
Жиырма жылдан астам тарихы бар Abdi компаниясы оқу құралдары, кеңсе тауарлары мен кітап нарығында Қазақстандағы ең ірі ойыншы саналады. Ел ішінде 25-тен астам дүкені бар.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬103😱81🤯12❤6👍6💩1