⚡️ "Питерлік достар" да араша түсе алмайды: Қожамжаровтың жақын серіктері жаппай құрықталуда...
Соңғы айларда Қайрат Қожамжаровтың жақын айналасындағы тұлғалар бірінен соң бірі қылмыстық тергеу шеңберіне түсіп жатыр.
Бұған дейін қаржы полициясында, әнтикор мен прокуратурада лауазымды қызмет атқарған Мақсат Дүйсенов әзір халықаралық іздеуде жүр. Бұрынғы Бас көлік прокуроры тергеу назарына ілінерін алдын ала сезіп, елден ізін суытқан деп жазады Ertenmedia.
Қайрат Қожамжаров қаржы полициясын басқарған тұста Дүйсенов маңызды креслода болып, «Қорғас ісі» секілді шулы тергеуде мәлімдеме жасап, назарға іліккен болатын.
Дүйсеновтан бұрын Қожамжаровтың басқа да әріптестері мен серіктестері тергеудің астында қалды. Талғат Татубаев пен Олеся Кексель қазір азаптау ісі бойынша жауапқа тартылып жатыр.
БАҚ беттерінде Қожамжаровтың тағы бір сенімді серігі Талғат Махатовтың аты аталуда. «Қаржы полициясының әмияны» саналатын ол бір жылдың ішінде бірнеше рет сотталған.
DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, Мақсат Дүйсеновке іздеу жариялануы Қожамжаровқа тікелей бағытталған нақты сигнал. Оның тағдыры қыркүйек айында өтетін жоғары деңгейдегі жабық келіссөздерде шешіледі.
Соңғы рет ол Қазақстанда өткен жылдың қараша айында Болат Назарбаевтың асында көрінген-ді. Қазіргі уақытта (екі дереккөздің мәліметінше) экс-бас прокурор Мәскеуде тұрып жатыр.
"Жаңа Қазақстан» Қожамжаровтың ең әлсіз тұсын жақсы біледі. Бұл оның отбасының бизнес-активтері. Ресейдегі капиталын бақылау мүмкіндігі болмағанымен, Қазақстан ішінде Қожамжаровтың отбасы мүшелеріне тиесілі бизнес қысымға ұшырай бастады.
Мәселен, Қожамжаровтың бауыры Дулат Қожамжаров иелік ететін «Hill Corporation» зауытына қатысты биыл сәуірде бәсекелестікті қорғау агенттігі тергеу бастады. Компанияның 624 млн теңгеге «Қазақстан темір жолымен» заңсыз келісім жасағаны анықталып, активтері бұғатталды.
Қожамжаровтың балаларына тиесілі «Astana Real Estate Management» компаниясы да «Жаңа Қазақстанның» назарында тұр. Компания Елордадағы ірі бизнес-орталықтарды жалға берумен айналысады.
Сарапшылардың айтуынша, Дүйсеновтің побегі және айналасындағылардың тергеуге алынуы Қожамжаровтың тағдырын шешуі әбден мүмкін.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia

Дүйсеновтың карьерасы Қожамжаровпен тікелей байланысты. 1996 жылдан бері әскери прокуратурада қызмет етіп, кейін қаржы полициясына ауысқан ол осы салада ұзақ жылдар бойы түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.
Қайрат Қожамжаров қаржы полициясын басқарған тұста Дүйсенов маңызды креслода болып, «Қорғас ісі» секілді шулы тергеуде мәлімдеме жасап, назарға іліккен болатын.
Дүйсеновтан бұрын Қожамжаровтың басқа да әріптестері мен серіктестері тергеудің астында қалды. Талғат Татубаев пен Олеся Кексель қазір азаптау ісі бойынша жауапқа тартылып жатыр.
БАҚ беттерінде Қожамжаровтың тағы бір сенімді серігі Талғат Махатовтың аты аталуда. «Қаржы полициясының әмияны» саналатын ол бір жылдың ішінде бірнеше рет сотталған.
DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, Мақсат Дүйсеновке іздеу жариялануы Қожамжаровқа тікелей бағытталған нақты сигнал. Оның тағдыры қыркүйек айында өтетін жоғары деңгейдегі жабық келіссөздерде шешіледі.
«Қазақстан тарапы нақты шешімге келсе, Мәскеуде жүрген Қожамжаровқа "питерлік достары" да, Дмитрий Медведев те көмектесе алмайды. Қазақстанның қолында Ресейге қысым жасай алатын маңызды тетіктер бар. Қазақстан арқылы өтетін Ресейдің Қытайға бағытталған мұнай транзиті, Қытайдан Ресейге ағылып жатқан санкциядан тыс контрабанда тауарлары осының барлығы ресми Астана үшін мықты көзір. Олардың біреуін ғана іске қосса, Мәскеудің өзі Қожамжаровты ұстап беруге мәжбүр болады", – дейді дереккөз.
Соңғы рет ол Қазақстанда өткен жылдың қараша айында Болат Назарбаевтың асында көрінген-ді. Қазіргі уақытта (екі дереккөздің мәліметінше) экс-бас прокурор Мәскеуде тұрып жатыр.
"Жаңа Қазақстан» Қожамжаровтың ең әлсіз тұсын жақсы біледі. Бұл оның отбасының бизнес-активтері. Ресейдегі капиталын бақылау мүмкіндігі болмағанымен, Қазақстан ішінде Қожамжаровтың отбасы мүшелеріне тиесілі бизнес қысымға ұшырай бастады.
Мәселен, Қожамжаровтың бауыры Дулат Қожамжаров иелік ететін «Hill Corporation» зауытына қатысты биыл сәуірде бәсекелестікті қорғау агенттігі тергеу бастады. Компанияның 624 млн теңгеге «Қазақстан темір жолымен» заңсыз келісім жасағаны анықталып, активтері бұғатталды.
Одан бір ай бұрын Шымкент маңындағы 54,7 гектар жер «Hill Invest» компаниясынан мемлекет меншігіне қайтарылды. Компания бұл жерге заңсыз мұнай өңдеу зауытын салмақ болған. Оның басшысы Қайрат Қожамжаровтың тағы бір бауыры Қуат Қожамжаров еді.
Қожамжаровтың балаларына тиесілі «Astana Real Estate Management» компаниясы да «Жаңа Қазақстанның» назарында тұр. Компания Елордадағы ірі бизнес-орталықтарды жалға берумен айналысады.
Сарапшылардың айтуынша, Дүйсеновтің побегі және айналасындағылардың тергеуге алынуы Қожамжаровтың тағдырын шешуі әбден мүмкін.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍75💯42🔥34🙏23❤18👏3
⚡️ Amanat-тың дәстүрлі акциясы: 50 мыңға жуық бала мектепке қажетті құралдармен қамтылды...
Ешбір бала мұқтаждық көрмеуі керек.
Биыл осы бастаманың арқасында 26 мыңнан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасының 49 500 баласы оқу құралы, сөмке, мектеп формасы және басқа да қажетті заттармен қамтылған екен.
Толығырақ: https://ertenmedia.kz/amanat-tyng-daestuerli-akciyasy-50-mynggha-zhwyq-bala-mektepke-qazhetti-quraldarmen-qamtyldy/
#әріптестікнегізде
Ешбір бала мұқтаждық көрмеуі керек.
Сөй деген Amanat партиясы жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Баланы мектепке дайындайық!» акциясын өткізді.
Биыл осы бастаманың арқасында 26 мыңнан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасының 49 500 баласы оқу құралы, сөмке, мектеп формасы және басқа да қажетті заттармен қамтылған екен.
Толығырақ: https://ertenmedia.kz/amanat-tyng-daestuerli-akciyasy-50-mynggha-zhwyq-bala-mektepke-qazhetti-quraldarmen-qamtyldy/
#әріптестікнегізде
👍41👏16❤11🤔4🔥1
⚡️Құлыбаевтың соңғы баррелі: «Каспий мұнайдың» саудасы және сараң кеніштердің сыры...
Тимур Құлыбаевтың Қазақстан мұнайындағы ұзақ жылғы үстемдігі аяқталар күн таяған сыңайлы, деп хабарлайды Ertenmedia.
KASE алаңында жарияланған соңғы мәліметке сенсек, Құлыбаевқа тиесілі «Каспий мұнай» компаниясын сату туралы келісім дайындалуда. Әзірге сатып алушының есімі құпия. Бірақ саланың ең ықпалды тұлғаларының бірі өз активтерін саудалай бастауы нарықта үлкен өзгерістің басталғанын аңғартады.
Активтердің жаңа иесі ретінде халықаралық ірі инвестордың келуі әбден ықтимал. Себебі, Қазақстан билігінің жаңа экономикалық ұстанымы сырттан келетін капиталға жол ашып берген.
Екінші жағынан активтер Ақорда мақұлдаған жергілікті, бірақ көпшілікке беймәлім құрылымдарға да өтуі мүмкін деген болжам бар.
Сарапшы Абзал Нарымбетовтың мәліметінше, аталған компания жылына шамамен миллион тонна мұнай өндіріп, таза табысы 40 млрд теңгені құрап отыр.
Ал қалған екеуінің ахуалы аса жақсы емес. «Алмэкс Плюс» Атыраудағы Аңсаған кенішіне жүздеген миллион доллар салғанымен, мұнай мен газ қоры тым аз болып шықты. Бұрғыланған әр ұңғыманың шығыны шамамен 50 млн долларды құраған. Қаржының жуық арада қайтарылуы күмәнді.
Қызылордадағы Сұлұтабан кенішін игеріп жатқан «Кристалл менеджменттің» де жағдайы осыған ұқсас. Компания өндіріс көлемін ұлғайта алмай отыр. Бір жылдағы өндіріс көлемі небәрі 10 мың тонна мұнаймен шектелген. Сондықтан екі компания да тиімді актив қатарына жатпайды.
Соған қарағанда «күйеубала» болашақта өзіне балласт болатын активтен ертерек құтылуды дұрыс деп тапқан сыңайлы.
Бізге жеткен тағы бір инсайд бойынша Құлыбаевтың қазіргі хәлі расымен мүшкіл. Назарбаевтың күйеубаласы Қазақстаннан ұзап шыға алмайды, оның бейресми “невыездной” деген статусы бар.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Тимур Құлыбаевтың Қазақстан мұнайындағы ұзақ жылғы үстемдігі аяқталар күн таяған сыңайлы, деп хабарлайды Ertenmedia.
KASE алаңында жарияланған соңғы мәліметке сенсек, Құлыбаевқа тиесілі «Каспий мұнай» компаниясын сату туралы келісім дайындалуда. Әзірге сатып алушының есімі құпия. Бірақ саланың ең ықпалды тұлғаларының бірі өз активтерін саудалай бастауы нарықта үлкен өзгерістің басталғанын аңғартады.
Сарапшылар мұны Құлыбаевтың мұнай саласынан біржолата кетуінің бастамасы деп бағалап отыр.
Активтердің жаңа иесі ретінде халықаралық ірі инвестордың келуі әбден ықтимал. Себебі, Қазақстан билігінің жаңа экономикалық ұстанымы сырттан келетін капиталға жол ашып берген.
Екінші жағынан активтер Ақорда мақұлдаған жергілікті, бірақ көпшілікке беймәлім құрылымдарға да өтуі мүмкін деген болжам бар.
Құлыбаевтың негізгі үш компаниясы «Каспий мұнай», «Алмэкс Плюс» және «Кристалл менеджмент». Бұлардың арасында табыстысы тек «Каспий мұнай».
Сарапшы Абзал Нарымбетовтың мәліметінше, аталған компания жылына шамамен миллион тонна мұнай өндіріп, таза табысы 40 млрд теңгені құрап отыр.
Ал қалған екеуінің ахуалы аса жақсы емес. «Алмэкс Плюс» Атыраудағы Аңсаған кенішіне жүздеген миллион доллар салғанымен, мұнай мен газ қоры тым аз болып шықты. Бұрғыланған әр ұңғыманың шығыны шамамен 50 млн долларды құраған. Қаржының жуық арада қайтарылуы күмәнді.
Қызылордадағы Сұлұтабан кенішін игеріп жатқан «Кристалл менеджменттің» де жағдайы осыған ұқсас. Компания өндіріс көлемін ұлғайта алмай отыр. Бір жылдағы өндіріс көлемі небәрі 10 мың тонна мұнаймен шектелген. Сондықтан екі компания да тиімді актив қатарына жатпайды.
Сарапшылардың пікіріне сенсек, Құлыбаевтың сатуға шығара алатын жалғыз тартымды активі «Каспий мұнай». Бірақ соңғы кездері кен орнының қоры сарқылып, мұнай өндіру көлемі төмендей бастаған. Бұл дерек рас болса, компанияны тиімді бағаға сату қиынға соғады.
Соған қарағанда «күйеубала» болашақта өзіне балласт болатын активтен ертерек құтылуды дұрыс деп тапқан сыңайлы.
Бізге жеткен тағы бір инсайд бойынша Құлыбаевтың қазіргі хәлі расымен мүшкіл. Назарбаевтың күйеубаласы Қазақстаннан ұзап шыға алмайды, оның бейресми “невыездной” деген статусы бар.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥20👏10❤4🤔4🙏3😢1
⚡️Қымбат металл қайда кетіп жатыр: Перуашевтің зертханасы шикізат контрабандасын әшкерелей ме...
Депутат Перуашев елден жасырын жолмен шығуы мүмкін бағалы металдардың жолын кесу үшін арнайы мемлекеттік зертхана құруды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.
«Ақ жол» партиясының жетекшісі Үкімет басшысы Олжас Бектеновке осындай талап қойып отыр.
Нәтижесінде мемлекеттің қолына тек дайын құжаттар келеді, ал оның дұрыстығын тексеру мүмкіндігі шектеулі. Мұндай тәсіл бағалы металдардың жасырын түрде елден шығарылуына жол ашады.
Партия жетекшісі бұған дейін «Қазақмысқа» қатысты мәселе көтерген.
Корпорацияның бұрынғы қызметкері мыс концентратының құрамындағы қымбат металдардың құпия, астыртын түрде экспортталып жатқанын мәлімдеген еді. «Қазақмыс» мұны жоққа шығарып, экс-қызметкер жалған ақпарат үшін айыпталған болатын.
Дегенмен Перуашевтың пікірінше, мәселе бір компаниямен ғана шектелмейді.
Негізгі түйткіл шикізатты сараптайтын зертханалардың сол кенді өндіретін компаниялардың ықпалында болуында. Мұндай жағдайда шикізаттағы бағалы әрі сирек металдардың нақты үлесін жасыру оңай.
Осыған орай депутат экспортқа шығарылатын шикізатқа міндетті түрде мемлекеттік бақылау енгізуді ұсынып отыр.
Оның айтуынша, кен мен концентраттағы бағалы металдардың құрамын тексеретін Үкіметке бағынышты арнайы зертханалар құрылуы қажет. Мемлекеттік деңгейдегі бақылау ғана бағалы шикізаттың бейберекет сыртқа кетуіне тосқауыл болмақ.
P.S. Бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде жоғары технология нарығына ауадай қажеттантал мен ниобийдің мол қоры табылған еді. Бұл жайлы осы жерден оқи аласыз.
📱 Erteńmedia
Депутат Перуашев елден жасырын жолмен шығуы мүмкін бағалы металдардың жолын кесу үшін арнайы мемлекеттік зертхана құруды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.
«Ақ жол» партиясының жетекшісі Үкімет басшысы Олжас Бектеновке осындай талап қойып отыр.
Перуашевтың айтуынша, Қазақстаннан экспортталатын кен мен концентрат құрамына тәуелсіз сараптама жүргізілмейді. Зертханалар шикізатты өндірушілердің тапсырысымен ғана жұмыс істейді.
Нәтижесінде мемлекеттің қолына тек дайын құжаттар келеді, ал оның дұрыстығын тексеру мүмкіндігі шектеулі. Мұндай тәсіл бағалы металдардың жасырын түрде елден шығарылуына жол ашады.
Партия жетекшісі бұған дейін «Қазақмысқа» қатысты мәселе көтерген.
Корпорацияның бұрынғы қызметкері мыс концентратының құрамындағы қымбат металдардың құпия, астыртын түрде экспортталып жатқанын мәлімдеген еді. «Қазақмыс» мұны жоққа шығарып, экс-қызметкер жалған ақпарат үшін айыпталған болатын.
Дегенмен Перуашевтың пікірінше, мәселе бір компаниямен ғана шектелмейді.
Қазақстанға жаңа инвесторлар ағылып жатыр, тек алдағы айда тағы 40 шақты кен орны жаңа компанияларға өтеді. Ал олардың заңды бұлжытпай орындайтынына ешкім кепілдік бере алмайды.
Негізгі түйткіл шикізатты сараптайтын зертханалардың сол кенді өндіретін компаниялардың ықпалында болуында. Мұндай жағдайда шикізаттағы бағалы әрі сирек металдардың нақты үлесін жасыру оңай.
Осыған орай депутат экспортқа шығарылатын шикізатқа міндетті түрде мемлекеттік бақылау енгізуді ұсынып отыр.
Оның айтуынша, кен мен концентраттағы бағалы металдардың құрамын тексеретін Үкіметке бағынышты арнайы зертханалар құрылуы қажет. Мемлекеттік деңгейдегі бақылау ғана бағалы шикізаттың бейберекет сыртқа кетуіне тосқауыл болмақ.
P.S. Бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде жоғары технология нарығына ауадай қажет
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍41❤13💯3😱2💩2
⚡️ Қожамжаровтың сенімді серігі сөйлей бастады: Макс Дүйсенов кімдердің атын атады?..
Атышулы Қайрат Қожамжаров кланының мүшелері түгелге жуық шатылып, арты-артынан істі болуда. Бұл тізімге күні кеше Қазақстанның көлік прокуратурасын басқарған Мақсат Дүйсенов те қосылғанын жазған едік.
Дүйсеновке қызмет бабын асыра пайдалану, пара алу, контрабандаға қамқорлық жасау және қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыру сияқты бірнеше бап бойынша айып тағылған. Қазір оның ісімен Бас прокуратура жанынан құрылған арнайы тергеу тобы айналысуда.
Ең қызығы, іздеу жарияланған Дүйсенов әлемжелі арқылы қарсы шабуылға шығып, өзінің бұрынғы әріптестері мен бүкіл құқық қорғау жүйесін сынға алыпты деп жазады Ertenmedia.
"Алматыға келген бойда заңсыз ойын бизнесімен, контрабандамен күресті бастап кеттім. Мұным күштік құрылымдағы ықпалды топтардың мүддесіне кереғар еді. Сөйтіп, олардың қырына іліктім. Қытайдан контрабанда жасайтын топтарға ҰҚК басшыларының өзі қамқорлық жасап, бұл бизнестен күреп ақша тауып отырды. Олардан түскен миллиардтар салықты айналып өтіп, жеке қалтаға кетті", – дейді ол видеоүндеуінде.
Дүйсенов ҰҚК-ның жоғары лауазымды тұлғалары Талғат Жақаев пен Ирлан Абдрахмановты осы бизнестің басты қамқоршылары ретінде атады.
Сонымен қатар, ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Амангелді Шабдарбаевтың осы бизнеске тікелей қатысы болғанын ашық мәлімдеді.
"Шабдарбаев ҰҚК басқарған кезеңді күштік құрылымдардағы жемқорлықтың алтын дәуірі деуге болады.
Қаржы полициясының кейбір департаменті ай сайын ҰҚК-ге барып, "есеп" беріп отырды", – дейді Дүйсенов.
Экс-президентті де түйреп өткен экс-прокурор өзінің бүкіл карьерасы Әбішұлының дәуірімен тығыз байланысты екенін, Нұрекеңнің қолынан екі бірдей орден алғанын ұмытып кетсе керек.
Қожамжаровтың сенімді серігінің мұндай мәлімдеме жасауы тегін емес. Жеке басына шындап қауіп төнгенін сезген Дүйсенов әлі де сөйлей түседі деп тұспалдаймыз.
БАҚ бетінде Асхат Дүйсенов марқұм Рахат Әлиевтің "банщигі" деген лақап атқа ие болған
Тоқ етерін айтқанда, генерал Қожамжаровтың командасы толық дерлік қылмыстық істерге ілігіп отыр. Олардың қатарында генерал Талғат Татубаев, полковниктер Бауыржан Мұжықов, Ұлан Мәди, Кенжебай Жұмабеков, подполковниктер Қасым Әбубәкіров пен Талғат Абдрахманов және атышулы Олеся Кексель сияқты есімдер бар.
Мақсат Дүйсенов әзірге іздеуде жүр. Оның інісі сатып алған дубайлық пәтерлерде жасырынып жатыуы ғажап емес.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Атышулы Қайрат Қожамжаров кланының мүшелері түгелге жуық шатылып, арты-артынан істі болуда. Бұл тізімге күні кеше Қазақстанның көлік прокуратурасын басқарған Мақсат Дүйсенов те қосылғанын жазған едік.
Дүйсеновке қызмет бабын асыра пайдалану, пара алу, контрабандаға қамқорлық жасау және қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыру сияқты бірнеше бап бойынша айып тағылған. Қазір оның ісімен Бас прокуратура жанынан құрылған арнайы тергеу тобы айналысуда.
Ең қызығы, іздеу жарияланған Дүйсенов әлемжелі арқылы қарсы шабуылға шығып, өзінің бұрынғы әріптестері мен бүкіл құқық қорғау жүйесін сынға алыпты деп жазады Ertenmedia.
Дүйсеновтің айтуынша, 2009 жылы Алматының қаржы полициясына басшы етіп тағайындағанда, төрағасы Қайрат Қожамжаров бірден: "Қытайдан келетін контрабанда мәселесіне аралассаң өзіңе ор қазғаның", – деп ескерткен екен.
"Алматыға келген бойда заңсыз ойын бизнесімен, контрабандамен күресті бастап кеттім. Мұным күштік құрылымдағы ықпалды топтардың мүддесіне кереғар еді. Сөйтіп, олардың қырына іліктім. Қытайдан контрабанда жасайтын топтарға ҰҚК басшыларының өзі қамқорлық жасап, бұл бизнестен күреп ақша тауып отырды. Олардан түскен миллиардтар салықты айналып өтіп, жеке қалтаға кетті", – дейді ол видеоүндеуінде.
Дүйсенов ҰҚК-ның жоғары лауазымды тұлғалары Талғат Жақаев пен Ирлан Абдрахмановты осы бизнестің басты қамқоршылары ретінде атады.
Сонымен қатар, ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Амангелді Шабдарбаевтың осы бизнеске тікелей қатысы болғанын ашық мәлімдеді.
"Шабдарбаев ҰҚК басқарған кезеңді күштік құрылымдардағы жемқорлықтың алтын дәуірі деуге болады.
Ол Назарбаевтың сенімді адамы болды. Осы кезде ҰҚК-нің ықпалы шексіз еді. Олар барлық салаға араласты: көлеңкелі бизнесті "қамқорлыққа" алды, қымбат көліктермен жүрді, полиция, прокуратура мен кеден қызметкерлерін қорқытып-үркітті.
Қаржы полициясының кейбір департаменті ай сайын ҰҚК-ге барып, "есеп" беріп отырды", – дейді Дүйсенов.
Экс-президентті де түйреп өткен экс-прокурор өзінің бүкіл карьерасы Әбішұлының дәуірімен тығыз байланысты екенін, Нұрекеңнің қолынан екі бірдей орден алғанын ұмытып кетсе керек.
Қожамжаровтың сенімді серігінің мұндай мәлімдеме жасауы тегін емес. Жеке басына шындап қауіп төнгенін сезген Дүйсенов әлі де сөйлей түседі деп тұспалдаймыз.
Күні кеше Мақсаттың інісі Асхат та тұтқындалған еді. Тергеушілер оның 🏝Дубайдан бірнеше пәтер сатып алып, шетелге шамамен 80 млн долларды заңсыз шығарғанын анықтаған.
БАҚ бетінде Асхат Дүйсенов марқұм Рахат Әлиевтің "банщигі" деген лақап атқа ие болған
Тоқ етерін айтқанда, генерал Қожамжаровтың командасы толық дерлік қылмыстық істерге ілігіп отыр. Олардың қатарында генерал Талғат Татубаев, полковниктер Бауыржан Мұжықов, Ұлан Мәди, Кенжебай Жұмабеков, подполковниктер Қасым Әбубәкіров пен Талғат Абдрахманов және атышулы Олеся Кексель сияқты есімдер бар.
Мақсат Дүйсенов әзірге іздеуде жүр. Оның інісі сатып алған дубайлық пәтерлерде жасырынып жатыуы ғажап емес.
Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21🔥18👏12😱7🤔3
⚡️ Нұртілеудің "ұсталуы": Orda жаққан отты Балаева өшірді...
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Ertenmedia.
Бүгін әлемжелі мен кейбір ақпарат құралдарында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің, сондай-ақ ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда бұл ақпарат расталмады.
«Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, бұл жалған хабар», – деп мәлімдеді жағдаймен жақсы таныс дереккөз Ertenmedia-ға.
Осыған дейін аталған азаматтардың ұсталғанын алғаш болып «Орда» порталы хабарлаған еді.
Осы ақпараттан кейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистер мен ақпарат құралдарын таралатын деректердің дұрыстығын мұқият тексеруге шақырып, журналистік этика мен кінәсіздік презумпциясы қағидаттарын сақтау керегін еске салды.
«Құрметті әріптестер! Кейбір ресми ақпарат құралдары мен анонимді телеграм-арналар мемлекеттік қызметшілердің ұсталғаны туралы расталмаған ақпарат таратуда. Ақпараттың рас-өтірігін тексеру, кінәсіздік презумпциясы және журналистік этика қағидаттары бар екенін еске салғым келеді.
Барша әріптестерді кәсіби журналистерге қойылатын талаптарды сақтауға шақырамын. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертемін», – деді министр Аида Балаева.
Ertenmedia аталған жағдайға байланысты түсініктеме алу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

Басылымның дерегінше, министр Мұрат Нұртілеу Қытайдан ШЫҰ саммитінен оралғаннан кейін үйінде ұсталған-мыс. Сонымен қатар кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің де үйінде тінту жүргізілгені айтылған болатын.
Осы ақпараттан кейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистер мен ақпарат құралдарын таралатын деректердің дұрыстығын мұқият тексеруге шақырып, журналистік этика мен кінәсіздік презумпциясы қағидаттарын сақтау керегін еске салды.
«Құрметті әріптестер! Кейбір ресми ақпарат құралдары мен анонимді телеграм-арналар мемлекеттік қызметшілердің ұсталғаны туралы расталмаған ақпарат таратуда. Ақпараттың рас-өтірігін тексеру, кінәсіздік презумпциясы және журналистік этика қағидаттары бар екенін еске салғым келеді.
Журналистер «хайп» қуып, тексерілмеген мәлімет таратса, мұның салдары ауыр болуы мүмкін. Мұндай ақпарат азаматтар мен олардың жақын туыстарына моральдық зиян келтіріп, олардың ар-намысын қорлауы ықтимал және бұл жалаға жатуы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек.
Барша әріптестерді кәсіби журналистерге қойылатын талаптарды сақтауға шақырамын. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертемін», – деді министр Аида Балаева.
Ertenmedia аталған жағдайға байланысты түсініктеме алу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤12👍9😁7🔥2🤔1😱1😢1
⚡️ Саяси маусымның алғашқы саботажы: Бажкенованың басына бұлт үйірген кім...
Жаңа саяси маусым қарсаңында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің "ұсталуы" туралы тосын ақпараттың таралуы елді селт еткізді деп жазады Ertenmedia.
Министрдің үйінде тінту жасалып, оның кәсіпкер Гәджи Гаджиев және КНБ-ның жоғары лауазымды тұлғаларымен бірге ұсталғаны туралы хабарлаған ORDA-ның ақпаратын көп өтпей-ақ ресми дереккөздер теріске шығарды.
Кейбір телеграм-арналардың мәліметінше, қазір құқық қорғау органдары осы мәселеге қатысты қылмыстық іс қозғау мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Бұл бап бойынша айып дәлелденсе, кінәлі тұлғаларға 10 миллион теңгеден асатын айыппұл, қоғамдық немесе түзеу жұмыстары, тіпті үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ал егер мемлекет мүддесіне зиян келтіріліп немесе жекелеген тұлғалардың абыройы мен беделіне нұқсан келгені дәлелденсе, жаза мерзімі бес жылға дейін жетуі мүмкін.
Сенімді инсайдерлер бас редакторға әлгі ақпаратты әлдебір ықпалды топ әдейі ұсынған деген болжам айтуда. Мақсат министр Нұртілеудің өзіне соққы беру емес, керісінше ORDA-ның қоғам алдындағы беделін құлдырату мақсаты тұрған болуы мүмкін.
Біздің деректеріміз бойынша, дәл қазір Бажкенованың өзі жұмыс орнында емес және оның қайда жүргені туралы нақты ақпарат жоқ. Жағдайдың қандай бағытта өрбитіні жақын күндері белгілі болады.
Бұл жайлы әлі де айтамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданса, бұл іс Алматының Медеу аудандық полициясына тапсырылуы ықтимал.
Бұл бап бойынша айып дәлелденсе, кінәлі тұлғаларға 10 миллион теңгеден асатын айыппұл, қоғамдық немесе түзеу жұмыстары, тіпті үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ал егер мемлекет мүддесіне зиян келтіріліп немесе жекелеген тұлғалардың абыройы мен беделіне нұқсан келгені дәлелденсе, жаза мерзімі бес жылға дейін жетуі мүмкін.
Сенімді инсайдерлер бас редакторға әлгі ақпаратты әлдебір ықпалды топ әдейі ұсынған деген болжам айтуда. Мақсат министр Нұртілеудің өзіне соққы беру емес, керісінше ORDA-ның қоғам алдындағы беделін құлдырату мақсаты тұрған болуы мүмкін.
Ақпараттық алаңдағы ықпалы зор, саяси ортада беделді болып саналатын ORDA-ны осылайша іштен күйретіп, сенімді аудиториясынан айырғысы келгендердің әрекеті болуы әбден ықтимал.
Біздің деректеріміз бойынша, дәл қазір Бажкенованың өзі жұмыс орнында емес және оның қайда жүргені туралы нақты ақпарат жоқ. Жағдайдың қандай бағытта өрбитіні жақын күндері белгілі болады.
Бұл жайлы әлі де айтамыз. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19❤12😱6🔥3🤡3
⚡️ Кексельден кейінгі кезек: атышулы Қожамжаровтың үстінен іс қозғалды...
Финполдың экс-төрағасы Қайрат Қожамжаров жемқорлық дауына ілікті. Экс-шенеунік қызмет бабын асыра пайдаланып, қылмыстық жолмен тапқан қаражатты заңдастырды деген күдікпен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.
Қайрат Пернешұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын Бас прокуратура ресми түрде растады.
Тергеу оның Агенттікті басқарған кезеңі мен басқа да жоғары лауазымды қызметтерде болған уақытын толық қамтиды.
"Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің экс-төрағасы
Қылмыстық іс бойынша басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", – деп хабарлады ведомстводағылар.
Қожамжаровтың есімі кейінгі кезде жиі аталып жүр. Бұған дейін оның жақын серіктері экс-прокурор Мақсат Дүйсенов пен атышулы Олеся Кексель де қылмыстық іске тартылған еді. Тергеушілер Қожамжаров құрған команданың миллиардтаған ақшаны шетел асырып, заңсыз мүлік иеленгенін анықтаған.
Бұған дейін біз Қожамжаровтың оң қолы саналған Мақсат Дүйсеновтің сөйлей бастағанын жазған едік. Толығырақ осы тұста.

Кожамжаров Қ.П.-ға қатысты қызмет бабын асыра пайдалану және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық іс бойынша басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", – деп хабарлады ведомстводағылар.
Қожамжаровтың есімі кейінгі кезде жиі аталып жүр. Бұған дейін оның жақын серіктері экс-прокурор Мақсат Дүйсенов пен атышулы Олеся Кексель де қылмыстық іске тартылған еді. Тергеушілер Қожамжаров құрған команданың миллиардтаған ақшаны шетел асырып, заңсыз мүлік иеленгенін анықтаған.
Бұған дейін біз Қожамжаровтың оң қолы саналған Мақсат Дүйсеновтің сөйлей бастағанын жазған едік. Толығырақ осы тұста.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏38❤12🔥7🤔3👍1
⚡️ Қаңтардан кейін жоғалған синофобия: Қытайды жек көру науқаны кімге қажет болды...
Елімізде "қытайға қарсы көңіл-күйдің" тамыры тереңде емес, сарапшы Марат Шибұтовтың пікірінше бұл біреулердің қолымен жасалған саяси жоба деп жазады Ertenmedia.
"Қазір алаңға шығып, ұрандап жатқан ешкім жоқ. Қытайға қарсы пикеттер де сап тыйылды, баспасөз де бұл тақырыптан аулақ. Тіпті ҚХР-мен визасыз режим енгізілгенде әлемжеліде бір-екі пост жазылғаны болмаса, бұрынғы дүрбелең байқалмайды", – дейді сарапшы.
Шибұтов мәселенің тамыры сонау совет кезеңінде қалыптасқанын еске салды.
"Кремль жылдар бойы «Қытай қаупі» тезисін таратты. Тек 2022 жылы Қытай Ресейдің басты одақтасына айналғаннан кейін осы ұстаным күрт өзгерді. Ал Әмерика Обаманың кезінен бастап Шыңжаң лагерлері тақырыбын көтеріп, Қытайдағы қазақтардың белсенділігін қолдаған болатын. Бірақ уақыт өте келе бұл бағыт та бәсеңсіді", – дейді саясаттанушы.
Шибұтов қытайға қарсы науқанды ішкі элиталық топтардың да өз мүддесіне пайдаланғанын жоққа шығармайды:
Саясаттанушы халық арасында тұрақты әрі шынайы синофобияның жоқтығын әлеуметтанушылардың дерегімен дәлелдейді:
"Қазақтар қытай көліктерін сатып алады, қытай компанияларымен әріптестік орнатуда, турист ретінде Қытайға жиі барады. Демек, жаппай жеріну жоқ. Бұрынғы наразылықтың барлығы қолдан жасалған науқандардың нәтижесі".
Сарапшының айтуынша, екі ел арасындағы сенімді күшейтудің жолы ақпарат алмасуды арттыру:
"Көршіні танып, біліп отыру керек. Бірақ біздің ақпарат құралдары Қытай туралы жаңалықтарды беруге құлықсыз. Ал негізінде ақпарат та, мүмкіндік те жеткілікті".
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Елімізде "қытайға қарсы көңіл-күйдің" тамыры тереңде емес, сарапшы Марат Шибұтовтың пікірінше бұл біреулердің қолымен жасалған саяси жоба деп жазады Ertenmedia.
Оның пайымынша, қоғамдағы "синофобияны" әр жылдары сыртқы нәсихат пен ішкі саяси топтар қолдан қоздырып келген.
"Қазір алаңға шығып, ұрандап жатқан ешкім жоқ. Қытайға қарсы пикеттер де сап тыйылды, баспасөз де бұл тақырыптан аулақ. Тіпті ҚХР-мен визасыз режим енгізілгенде әлемжеліде бір-екі пост жазылғаны болмаса, бұрынғы дүрбелең байқалмайды", – дейді сарапшы.
Шибұтов мәселенің тамыры сонау совет кезеңінде қалыптасқанын еске салды.
"Кремль жылдар бойы «Қытай қаупі» тезисін таратты. Тек 2022 жылы Қытай Ресейдің басты одақтасына айналғаннан кейін осы ұстаным күрт өзгерді. Ал Әмерика Обаманың кезінен бастап Шыңжаң лагерлері тақырыбын көтеріп, Қытайдағы қазақтардың белсенділігін қолдаған болатын. Бірақ уақыт өте келе бұл бағыт та бәсеңсіді", – дейді саясаттанушы.
Шибұтов қытайға қарсы науқанды ішкі элиталық топтардың да өз мүддесіне пайдаланғанын жоққа шығармайды:
"Ел ішіндегі белгілі бір топтар осы тақырыпты билікке қысым жасау құралы ретінде қолданды. Әсіресе, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы мен ҰҚК басшылығы ауысқан соң наразылықтың сап тыйылуы көп нәрсені аңғартады".
Саясаттанушы халық арасында тұрақты әрі шынайы синофобияның жоқтығын әлеуметтанушылардың дерегімен дәлелдейді:
"Қазақтар қытай көліктерін сатып алады, қытай компанияларымен әріптестік орнатуда, турист ретінде Қытайға жиі барады. Демек, жаппай жеріну жоқ. Бұрынғы наразылықтың барлығы қолдан жасалған науқандардың нәтижесі".
Сарапшының айтуынша, екі ел арасындағы сенімді күшейтудің жолы ақпарат алмасуды арттыру:
"Көршіні танып, біліп отыру керек. Бірақ біздің ақпарат құралдары Қытай туралы жаңалықтарды беруге құлықсыз. Ал негізінде ақпарат та, мүмкіндік те жеткілікті".
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯21❤18👎7🔥3🤔3👍2
⚡️ Жолдау алдындағы жұмбақ шабуыл: Сол жағалаудағы ауыс-түйістің ақиқаты мен аңызы...
Ертеңгі Президент Жолдауына байланысты ел ішінде түрлі әңгіме желдей есуде. Саясаттанушы Ербол Еділов осыған қатысты көзқарасын білдірген екен. Ertenmedia сарапшы пікірін қаз-қалпында ұсынады...
Саясат сахнасындағы соңғы күндердің дүрбелеңі алдағы Президент жолдауымен тұспа-тұс келді. Әдетте жаңа саяси маусымның беташары саналатын бұл шара биыл депутаттар сессиясынсыз, бөлек өтіп отыр. Мемлекет басшысы дәл сол кезде стратегиялық маңызы зор сапармен Қытайда болды.
Жолдаудың жыры бөлек, оны болжау мен долбарлау бөлек әңгіме. Алайда биылғы баяндама қарсаңында ақпарат алаңы аласапыранға айналып, жұрт назарын аудартқан тосын оқиғалар көбейді.
Бұл екеуі бір-бірімен тікелей байланысты ма, жоқ па беймәлім. Бірақ, бір мезетте жарыққа шыққан мұндай "саяси ақпараттық дүмпудың" артында әлдекімдердің мүддесі тұрғаны анық.
Әсіресе, "Орда" порталының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың таратқан ақпаратына жұртшылық жіті назар аударды. Оның ақ-қарасын анықтамай жатып, түрлі қауесеттің өршуі де кездейсоқ емес. Қалай десек те, мұның түпкі нысанасы Мұрат Нұртілеу екені байқалып тұр.
Нұртілеуге қарсы бағытталған шабуылдар әрқилы жорылып жатыр. Кейбіреулер «бұл болашақта Тоқаевтың орнын басуы ықтимал адамға жасалған шабуыл» десе, енді бірі «тікелей Президенттің өзіне жасалған қысым» деп есептейді.
Жыл сайын қыркүйек-қазан айында саяси ауыс-түйіс үйреншікті құбылыс. Бұл Жолдауды орындау үшін де, саяси жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін де жасалатын қадам. Бірақ биылғы жағдай ерекше. Себебі, алдын ала жоспарланған кез келген кадрлық өзгеріс соңғы оқиға аясында басқаша бағаланатыны сөзсіз.
Себебі Мұрат Әбуғалиұлы сыртқы саясаттағы тәжірибесімен және елдің экономикалық-саяси тәуелсіздігін батыл қолдауымен көзге түсіп жүрген тұлға. Осыдан-ақ «бұл кімге тиімді?» деген сауалдың сұлбасы анық көріне бастайды.
Мүмкін, Гүлнәр Бажкенованың өзі де білместен біреудің жоспарын жүзеге асыруға атсалысып отырған шығар. Қанша жерден ресми түрде жоққа шығарылса да, ақпарат кеңістігінде жағымсыз із қалғаны анық.
Қалай болғанда да, ертеңгі Президент жолдауы елдегі саяси ахуалдың жаңа кезеңіне айналмақ. Кемелұлының сөздеріндегі емеурін мен астарды әркім әрқалай талқылайтыны тағы рас. Яғни басты интрига Президенттің айтқан сөзінен гөрі, ол сөздердің қоғамда қалай жорылып, қабылданатынында болмақ.
Бір анығы қазір біреулер жағдайды ушықтырып, астыртын ойын арқылы ұпай жинап жүр. Олардың кім екені беймәлім. Бірақ осындай сәттерде сабыр мен парасаттан айырылмай, жеке топтар мен тұлғалардың мүддесін емес, ең алдымен елдің ұлттық мүддесін басшылыққа алған абзал.
Біреудің жеке амбициясы мен мансап үшін жүріп жатқан астыртын ойындарына жол бермеу қоғамның жауапкершілігі.

Оның ішінде Сыртқы істер министрі әрі вице-премьер Мұрат Нұртілеудің «қамауға алынғаны» туралы таңғаларлық хабар мен бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа қатысты қозғалған қылмыстық істің хикаясы ерекше көзге түседі.
Бұл екеуі бір-бірімен тікелей байланысты ма, жоқ па беймәлім. Бірақ, бір мезетте жарыққа шыққан мұндай "саяси ақпараттық дүмпудың" артында әлдекімдердің мүддесі тұрғаны анық.
Әсіресе, "Орда" порталының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың таратқан ақпаратына жұртшылық жіті назар аударды. Оның ақ-қарасын анықтамай жатып, түрлі қауесеттің өршуі де кездейсоқ емес. Қалай десек те, мұның түпкі нысанасы Мұрат Нұртілеу екені байқалып тұр.
Нұртілеуге қарсы бағытталған шабуылдар әрқилы жорылып жатыр. Кейбіреулер «бұл болашақта Тоқаевтың орнын басуы ықтимал адамға жасалған шабуыл» десе, енді бірі «тікелей Президенттің өзіне жасалған қысым» деп есептейді.
Сол жағалауда желдей есіп жүрген сыбысқа сенсек, Жолдаудың мәтіні қайта қаралып, үлкен кадрлық ауыс-түйістерге жол ашатын өзгерістер күтілуде-мыс.
Жыл сайын қыркүйек-қазан айында саяси ауыс-түйіс үйреншікті құбылыс. Бұл Жолдауды орындау үшін де, саяси жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін де жасалатын қадам. Бірақ биылғы жағдай ерекше. Себебі, алдын ала жоспарланған кез келген кадрлық өзгеріс соңғы оқиға аясында басқаша бағаланатыны сөзсіз.
«Орда» таратқан ақпараттың астарында «Нұртілеудің Премьер-министр болуына жол бермеу әрекеті тұр» дейтін сарапшылар баршылық. Неге Премьер?
Себебі Мұрат Әбуғалиұлы сыртқы саясаттағы тәжірибесімен және елдің экономикалық-саяси тәуелсіздігін батыл қолдауымен көзге түсіп жүрген тұлға. Осыдан-ақ «бұл кімге тиімді?» деген сауалдың сұлбасы анық көріне бастайды.
Мүмкін, Гүлнәр Бажкенованың өзі де білместен біреудің жоспарын жүзеге асыруға атсалысып отырған шығар. Қанша жерден ресми түрде жоққа шығарылса да, ақпарат кеңістігінде жағымсыз із қалғаны анық.
Қалай болғанда да, ертеңгі Президент жолдауы елдегі саяси ахуалдың жаңа кезеңіне айналмақ. Кемелұлының сөздеріндегі емеурін мен астарды әркім әрқалай талқылайтыны тағы рас. Яғни басты интрига Президенттің айтқан сөзінен гөрі, ол сөздердің қоғамда қалай жорылып, қабылданатынында болмақ.
Бір анығы қазір біреулер жағдайды ушықтырып, астыртын ойын арқылы ұпай жинап жүр. Олардың кім екені беймәлім. Бірақ осындай сәттерде сабыр мен парасаттан айырылмай, жеке топтар мен тұлғалардың мүддесін емес, ең алдымен елдің ұлттық мүддесін басшылыққа алған абзал.
Осы жолғы Жолдау бұған дейінгі баяндамалардан мазмұны мен мағынасы тұрғысынан ғана емес, ел ішінде тудырған талқысы тұрғысынан да ерекше болары анық. Сондықтан қаңқу сөзге құлақ түрмей, конспирологияның құрбаны болмай, нақты фактілерге ғана сүйенген жөн.
Біреудің жеке амбициясы мен мансап үшін жүріп жатқан астыртын ойындарына жол бермеу қоғамның жауапкершілігі.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤28🤔7👍5🔥4😱3💯3😁2👎1
⚡️ Құлыбаевтың қолынан кеткен «Каспий мұнай»: компанияны енді кім иемденеді...
Тимур Құлыбаев мұнай саласынан түбегейлі кетуге бел буған сыңайлы. «Күйеубаланың» қолындағы ең табысты актив «Каспий мұнай» компаниясы батыстық инвесторға өтетін болды деп хабарлайды Ertenmedia Energy Monitor басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хабарлама жіберген.
Бұдан бөлек, «Алмэкс Плюс» компаниясына тиесілі «Аңсаған» кенішінің игеру құқығын сату мәселесі де күн тәртібінде тұр.
Жылына 1 млн тонна мұнай өндіріп келген «Каспий мұнай» бюджетке төлеген салығы бойынша ең тиімді кәсіпорындардың бірі еді. Оның алдында тек Теңізшевройл (ТШО) мен Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (КПО) тұр. Бірақ аталған екі компания да мұнайдың басым бөлігін ішкі нарыққа жеткізбейді.
«Айранкөл» кенішінде қазір өндіру көлемі құлдырай бастаған, кеніш өзінің үшінші сатысына өтіп, ресурстары сарқылуға жақын тұр. Бұған дейін сарапшылар дәл қазір компанияны сату ең ұтымды шешім екенін ескерткен болатын.
Мәміле Құлыбаевтың мұнай-газ саласындағы дәуірін ресми түрде аяқтайтын символикалық қадам.
Тимурдың қолындағы өзге компаниялар («Алмэкс Плюс», «Кристалл менеджмент») үмітті ақтамай, керісінше шығын көзіне айналған еді.
Мәміленің түпкі сомасы әзірге белгісіз. Бұған дейін компания Қазақстан қор биржасына жіберген құжатында «Каспий нефть» үлесінің бір бөлігін немесе толық сатуға қатысты келісім жасалатынын хабарлаған болатын.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
Тимур Құлыбаев мұнай саласынан түбегейлі кетуге бел буған сыңайлы. «Күйеубаланың» қолындағы ең табысты актив «Каспий мұнай» компаниясы батыстық инвесторға өтетін болды деп хабарлайды Ertenmedia Energy Monitor басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хабарлама жіберген.
Ақпарат бойынша, мәміле жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Сатып алушы Қазақстанда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан батыстық инвестор.
Бұдан бөлек, «Алмэкс Плюс» компаниясына тиесілі «Аңсаған» кенішінің игеру құқығын сату мәселесі де күн тәртібінде тұр.
Жылына 1 млн тонна мұнай өндіріп келген «Каспий мұнай» бюджетке төлеген салығы бойынша ең тиімді кәсіпорындардың бірі еді. Оның алдында тек Теңізшевройл (ТШО) мен Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (КПО) тұр. Бірақ аталған екі компания да мұнайдың басым бөлігін ішкі нарыққа жеткізбейді.
«Айранкөл» кенішінде қазір өндіру көлемі құлдырай бастаған, кеніш өзінің үшінші сатысына өтіп, ресурстары сарқылуға жақын тұр. Бұған дейін сарапшылар дәл қазір компанияны сату ең ұтымды шешім екенін ескерткен болатын.
Мәміле Құлыбаевтың мұнай-газ саласындағы дәуірін ресми түрде аяқтайтын символикалық қадам.
Сарапшылардың пайымынша, Құлыбаевтың қадамы Ақорданың жаңа экономикалық ойын тәртібін үнсіз мойындауы һәм саяси сахнадағы өзгерген ахуалға бейімделу әрекеті.
Тимурдың қолындағы өзге компаниялар («Алмэкс Плюс», «Кристалл менеджмент») үмітті ақтамай, керісінше шығын көзіне айналған еді.
Мәміленің түпкі сомасы әзірге белгісіз. Бұған дейін компания Қазақстан қор биржасына жіберген құжатында «Каспий нефть» үлесінің бір бөлігін немесе толық сатуға қатысты келісім жасалатынын хабарлаған болатын.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥12❤9🤔5👏4
⚡️Ақ үй мен Ақорда арасындағы астарлы келіссөз: 25 пайыздың тағдыры шешілді ме
АҚШ президенті Дональд Трамп әзірде ғана Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен сауда мәселесіне қатысты жемісті әңгіме өрбіткенін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.
Екі ел арасындағы бүгінгі диалогтың маңызы зор. Себебі өткен айдан бастап АҚШ Қазақстаннан импортталатын тауарларға қосымша 25 пайыздық баж салығын енгізген болатын.
Осыған орай, Президент Тоқаев бұған дейін Трампқа жолдаған хатында екі тарап арасындағы сауда мәселелерін талқылауға дайын екенін айтқан еді.
Жалпы, АҚШ пен Қазақстанның өзара тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда аздап өскен. Қазақстан экспортының басым бөлігін мұнай шикізаты құрайды (56,2%).
Бұдан бөлек, Америка нарығына уран, ферроқорытпа және бағалы металдар жөнелтіледі.
24KZ арнасының Орта Азияға сапар жоспары туралы сұрағына жауап берген Дональд Трамп:
Айта кетерлігі, Қазақстан мен АҚШ арасында кеңейтілген стратегиялық әріптестік 2017 жылдан бері жалғасып келеді. Қос мемлекет арасындағы негізгі басымдық сауда-экономикалық байланыстар мен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық.
Бұған дейін Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің күтпеген жерден Уашингтоннан бір-ақ шыққанын жазған едік. Толығырақ осы тұста.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱 Erteńmedia
АҚШ президенті Дональд Трамп әзірде ғана Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен сауда мәселесіне қатысты жемісті әңгіме өрбіткенін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.
Ақ үйден шығып бара жатқан сәтте журналистерге қысқаша жауап берген Трамп әңгіменің жай-жапсарын толық ашпағанымен, пікір алмасудың «өте жақсы өткенін» жеткізді.
Екі ел арасындағы бүгінгі диалогтың маңызы зор. Себебі өткен айдан бастап АҚШ Қазақстаннан импортталатын тауарларға қосымша 25 пайыздық баж салығын енгізген болатын.
Осыған орай, Президент Тоқаев бұған дейін Трампқа жолдаған хатында екі тарап арасындағы сауда мәселелерін талқылауға дайын екенін айтқан еді.
Жалпы, АҚШ пен Қазақстанның өзара тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда аздап өскен. Қазақстан экспортының басым бөлігін мұнай шикізаты құрайды (56,2%).
Бұдан бөлек, Америка нарығына уран, ферроқорытпа және бағалы металдар жөнелтіледі.
24KZ арнасының Орта Азияға сапар жоспары туралы сұрағына жауап берген Дональд Трамп:
"Қазақстанға баруым әбден мүмкін. Тоқаевқа менен дұғай-дұғай сәлемімді жеткізіңіздер. Ол жақсы адам", – деп пікір білдірді.
Айта кетерлігі, Қазақстан мен АҚШ арасында кеңейтілген стратегиялық әріптестік 2017 жылдан бері жалғасып келеді. Қос мемлекет арасындағы негізгі басымдық сауда-экономикалық байланыстар мен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық.
Бұған дейін Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің күтпеген жерден Уашингтоннан бір-ақ шыққанын жазған едік. Толығырақ осы тұста.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21👏6🔥4🤔3
⚡️ Жұмыстамын, Жолдаудан кейін шетелге шығамын - министр Нұртілеу
Соңғы күндері әлемжеліні дүрліктірген Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің «қамауға алынғаны туралы» қауесетке шенеуніктің өзі жауап берді.
Министр бүгін Парламент ғимаратында көпшілік алдына шығып, журналистермен ашық тілдесті деп хабарлайды Ertenmedia.
Тілшілер Нұртілеуден не себепті қауесет тараған бойда видеоүндеу жазып, ақпаратты жоққа шығармағанын сұрады. Министр бұған қысқа әрі нақты жауап қатты:
«Маған (кеңсеме) кім келді? Менен мән-жайды кім сұрады? Күндегіше жұмыс орнымда болдым. Әдеттегідей қызметімді атқардым. Жұмыс бабымен кездесу өткіздім, шетелдік әріптестермен сөйлестім, инвесторлармен кездестім. Бәрі бұрынғыдай.
Өз басым бұл мәселені көңіліме алған жоқпын. Тіпті, Жолдаудан кейін шетелге іссапарға шығуды жоспарлап отырмын. Бұл да бір сынақ шығар", – деді ол түнеукүні таралған ақпаратты меңзеп.
Бұған дейін Orda.kz порталы министр Мұрат Нұртілеудің, кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің және ҰҚК-ның жоғары лауазымды қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат таратқан еді. Кейін бұл мәлімет ресми түрде жоққа шығарылды.

Біз құқықтық мемлекетпіз. Қазақстан зайырлы ел. Арнайы органдар бар, қажет болса солар айналыссын.
Өз басым бұл мәселені көңіліме алған жоқпын. Тіпті, Жолдаудан кейін шетелге іссапарға шығуды жоспарлап отырмын. Бұл да бір сынақ шығар", – деді ол түнеукүні таралған ақпаратты меңзеп.
Бұған дейін Orda.kz порталы министр Мұрат Нұртілеудің, кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің және ҰҚК-ның жоғары лауазымды қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат таратқан еді. Кейін бұл мәлімет ресми түрде жоққа шығарылды.
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11🔥6👏3👎1💯1
⚡️Президент Тоқаев Активтерді қайтару жөніндегі комитетті Инвесторларды қорғау комитеті деп өзгертуді ұсынды.
🤡23🔥8🤔3❤1
⚡️Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Президент Тоқаев жаңа ведомствоны жасақтауды тапсырып, оның басшысы премьер-министрдің орынбасары деңгейінде болуы керек екенін айтты.
🔥17❤5
⚡️ Алатау-сити қаласына ерекше мәртебе беріліп, тікелей Үкіметке бағынатын болады. Болашақтың қаласы туралы толығырақ осы жерде.
❤13🔥10🤡5
⚡️ Президент Тоқаев инфляцияның ел экономикасын есеңгіретіп, қазақтардың табысын жұтып жатқанын айтты. Оның пікірінше, мәселенің дайын шешімі жоқ, бірақ Қазақстан үшін инфляция ерекше өткір сипат алған. Президент үкімет пен Ұлттық банкті бір команда болып, «арқан тартысты» доғаруға шақырды.
🔥23👍5🤡4❤2
⚡️Қазақстан екінші және үшінші атом электр станциясының құрылысын қолға алуы қажет деп мәлімдеді президент Тоқаев.
🔥17❤7🤡5🤔2
⚡️Президент Тоқаев алдағы үш жылда сирек металдар саласында бірқатар кәсіпорынды іске қосуды тапсырды.
🔥15❤8🤡2
⚡️ Президент Тоқаев кезекті рет үкіметке азық-түлік импортына тәуелділіктен арылуды тапсырды. Ол ішкі нарықтағы қазіргі ахуалды «масқара жағдай» деп бағалады.
👍23😁3🔥1