⚡️ Алатау-сити қаласына ерекше мәртебе беріліп, тікелей Үкіметке бағынатын болады. Болашақтың қаласы туралы толығырақ осы жерде.
❤13🔥10🤡5
⚡️ Президент Тоқаев инфляцияның ел экономикасын есеңгіретіп, қазақтардың табысын жұтып жатқанын айтты. Оның пікірінше, мәселенің дайын шешімі жоқ, бірақ Қазақстан үшін инфляция ерекше өткір сипат алған. Президент үкімет пен Ұлттық банкті бір команда болып, «арқан тартысты» доғаруға шақырды.
🔥23👍5🤡4❤2
⚡️Қазақстан екінші және үшінші атом электр станциясының құрылысын қолға алуы қажет деп мәлімдеді президент Тоқаев.
🔥17❤7🤡5🤔2
⚡️Президент Тоқаев алдағы үш жылда сирек металдар саласында бірқатар кәсіпорынды іске қосуды тапсырды.
🔥15❤8🤡2
⚡️ Президент Тоқаев кезекті рет үкіметке азық-түлік импортына тәуелділіктен арылуды тапсырды. Ол ішкі нарықтағы қазіргі ахуалды «масқара жағдай» деп бағалады.
👍23😁3🔥1
⚡️"Жер тек қадірін білетін азаматтарға берілуі тиіс" деп мәлімдеді президент Тоқаев. Оның айтуынша, қазірге дейін 13 млн гектар жер қайтарылғанымен, әкімдіктер соның тек 6 млн гектарын ғана жаңа иелеріне үлестірген. Әкімдерге аталған мәселені келесі жылдың ортасына дейін толық шешу тапсырылды.
🔥17👏11😁3
⚡️Президент Тоқаев сүт өндірушілердің нарықта қолдаусыз қалып, бәсекелестеріне жол беруге мәжбүр екенін айтты. Ол үкіметке Еуразиялық саудада әділ жағдай жасауды талап етуді, ал депутаттарға заң арқылы отандық өндірушілерді қорғауды бұйырды.
🔥19❤7😁5👍4
⚡️Президент Тоқаев Каспийдің тартылуы экологиялық апатқа ұласатынын айтып, теңізді сақтауға арналған мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Ол осы мәселені Шанхай сапары кезінде көтергенін атап өтіп, теңіз тағдыры тек Қазақстан емес, өзге елдерге де ортақ жауапкершілік екенін еске салды.
🔥23👏11😁3
⚡️Президент Тоқаев Қазақстандағы суды үнемдеу мәдениетін сынға алды. Оның айтуынша, елде су тапшылығы қазірдің өзінде сезіле бастаған, ал халықтың су тұтыну мәдениеті өте төмен деңгейде қалып отыр.
💯28🔥12👍3😁3
⚡️Мемлекеттік компаниялардың негізсіз көбеюі бизнестің дамуына тұсау болып отыр деп мәлімдеді президент Тоқаев.
🔥21👏10💯4😁3
⚡️Президент Тоқаев мем.органдар бизнесті тексергенде ескерту жасаудың орнына бірден қатаң шараға жүгінетінін сынға алды. Оның айтуынша, бизнесті қорғауда жазалау емес, ескерту мен түсіндіру шарасы басым болуы керек.
❤22🔥14👍4😁4💯1
⚡️ҚТЖ? Тоқаев теміржолдағы жолаушылар тасымалының сапасын сынға алды. Мемлекет басшысы вагондардың жай-күйі мен тазалығына қатысты елдің шағымы көп екенін атап өтті. Мәселені шешу үшін Астанада шетелдік инвестордың қатысуымен халықаралық стандартқа сай заманауи вагон шығаратын кәсіпорын іске қосылмақ.
👍33😁4🔥3❤2💯1
⚡️Қазақстанда оқушыларға жасанды интеллект негіздері оқытылады. Сонымен қатар жасанды интеллектіні сапалы енгізу үшін арнайы Kazakh digital платформасы құрылады.
🔥23👏8😁3
⚡️ Президент Тоқаев халықтың өңірлерден Астанаға жаппай көшу себебін атады. Айтуынша, кейбір облыс әкімдері кәсіпорындардан түскен салықтың ақшасын маңызды мәселені шешудің орнына брусчатка төсеу секілді тиімсіз жобаларға жұмсаған. Салдарынан жергілікті тұрғындар жайлы өмір іздеп, елордаға қашып жатыр.
👍46💯14🔥10😁4❤1
⚡️ Президент Тоқаев Қазақстанда газ-химия саласын дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Ол Атыраудағы ірі газ-химия кешенін және Павлодардағы сұйытылған газды терең өңдеу кәсіпорнын уақытылы іске қосуды міндеттеді. Сондай-ақ ілеспе және сұйытылған мұнай газын экономикалық ресурс ретінде тиімді пайдалану керегін айтып, инвесторларды тұрақты газбен қамтамасыз ететін нақты механизм әзірлеуді тапсырды.
👏13👍9❤5😁2🔥1
⚡️Президент Тоқаев Қазақстандағы мемлекетке масыл футбол клубтарын жекешелендіру жұмысын жеделдетуді тапсырды.
🔥36👍15💯4😁3
⚡️ Президент Тоқаев ұлттық мүддеге сай жүргізілген сыртқы саясат Қазақстанның тәуелсіздігін сақтауға кепіл болатынын айтты. Осы тұрғыда Қытай, Түркия, Қырғызстанға жасаған сапарын мысалға келтірді. Жыл соңына дейін Ресей мен Өзбекстанға сапар жоспарланған. Ақорда 🇺🇸 АҚШ -пен қарым-қатынасты да белсенді дамытып жатыр. Президент халықаралық қақтығыстарды реттеуде келісім мен компромиске шақырып, БҰҰ-ны реформалау қажеттігіне тоқталды. Бұл туралы ол алдағы уақытта Нью-Йорктегі Бас Ассамблеяда ұсыныс жасамақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥20❤5👏4😁2
⚡️ Президент Тоқаев Қазақстан парламентін бір палаталы етуді ұсынып, Сенатты тарату туралы бастама көтерді.
🔥49👏24❤7😁2
Erteńmedia
⚡️ Президент Тоқаев Қазақстан парламентін бір палаталы етуді ұсынып, Сенатты тарату туралы бастама көтерді.
⚡️Сенатты тарату бойынша референдум 2027 жылы өтуі мүмкін. Президент Тоқаев парламент реформасын неге ерте жариялағанын түсіндірді. Оның айтуынша, әдетте саяси технология тұрғысынан мұндай шешім күтпеген жерден қабылданады, алайда ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер ашық талқылануы тиіс. «Мұндай ауқымды реформаны халықтан жасырын ұстауға болмайды», – деді Президент.
❤27👍12😁3🔥1