Erteńmedia
11K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Манхэттенде мансабы үзілген министр: Ақордадағы кадрлық құйынның құпиясы...

Ел билігінің жоғарғы эшелонында орын алған ауыс-түйістің ішінде көзге түскені премьер-министрдің орынбасары әрі сыртқы істер министрі қызметін атқарған Мұрат Нұртілеудің орнынан кетуі.

Мұның астарында Ақорда айналасындағы саяси элитаның талас-тартысы мен жаңа саяси бағыттың белгілері жатуы мүмкін деп жазады Ertenmedia.

Ауыс-түйіс Нұртілеу Нью-Йоркте жүрген кезде орын алған. Ендігі жерде экс-министр БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында халықаралық деңгейдегі маңызды жүздесу өткізіп жатқанда, елге қайтпай жатып-ақ қызметінен алынған.


Тоқаевтың Нұртілеуді көмекші етіп тағайындауы, сырт көзге сенімді кадрын сыртқа теппеудің амалы сияқты көрінеді. Дегенмен саясаттанушы Ербол Еділовтің пайымдауынша, соңғы өзгеріс Мұрат Әбуғалиұлының саяси позициясын әлсіретіп, оны маңызды әрі ықпалды лауазымнан алыстатқан.

"Министр әрі вице-премьер кезінде Нұртілеудің Үкіметтегі күн тәртібіне ықпалы зор еді. Экономика мен сыртқы саясатқа қатысты шешім қабылдау процесіне белсенді араласты. Бұдан былай тек президенттің қабылдауына кіріп, ақыл-кеңес берумен ғана шектеледі. Бұрынғыдай үкіметке пәрмен берерлік тетіктерінен толық айырылды", – дейді саясаттанушы.

Еділов Нұртілеудің қызметінен кетуіне Гүлнәр Бәжкенова басқаратын "Орда" порталының атышулы мақалалар сериясы түрткі болуы мүмкін деп топшылайды. Мақаладағы ауыр айыптарға Нұртілеудің жарытымды жауап қатпауы және сотқа жүгінбеуі қоғамның көкейіндегі сауалды көбейте түскен.


"Үнсіздік көпшіліктің күдігін күшейтіп, бұрынғы министрдің саяси имиджіне үлкен нұқсан келтірді. Ел ішінде алыпқашпа әңгімені сол күйі сейілте алмады. Шын мәнінде үнсіздіктің өзі көп нәрсені аңғартады", – депті Еділов.

Cарапшы АҚШ-пен жасалған 4,2 млрд долларлық локомотивтер келісіміне де сын көзбен қарайды.

"АҚШ президенті Дональд Трамп Өзбекстан президентімен бетпе-бет кездесіп, ал біздің мемлекет басшысымен тек телефон арқылы ғана тілдескені де көп нәрседен хабар береді...", - дейді ол.

Толығырақ осы тұста.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍42😱21🔥15❤13🤔5💯2👎1😡1
⚡️ Ertenmedia аудиториясы жеңді: Кеосаянды жоқтаған пост жойылды...

Қарағандыдағы танымал парақшаның пропагандист Тигран Кеосаянға арнап жариялаған жоқтау постын әшкерелеген Ertenmedia-ның материалы нәтижесін берді.

Материал жарық көрген бойда арнамыздың оқырмандары белсенділік танытып, ұлттық ұстанымын ашық білдірген еді.

Арнамыздағы аудиторияның арқасында парақшаның иесі қателігін ұғып, аталған жазбаны өшіргенін хабарлаймыз. Novosti.Karaganda парақшасының иесі ағаттығын түсініп, алдағы уақытта мұндай арандатуға бармайтынын жеткізген екен.


Мәселе оң шешілгенін ескеріп, ілгеріде жарық көрген сыни материалды өшіруді жөн санадық. Ertenmedia бұдан былай да ақпараттық кеңістіктегі ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді назарда ұстайтын болады.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🔥69👏51👍30❤6🙏3🤔1
⚡️ Депутат Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Ғани Бейсембаев қызметінен босатылды.

https://t.me/ertenmedia
👍59🔥10🤔7❤3👏3
⚡️ Желдібай жариялаған фото: Тоқаев-Трамп диалогының жария болмаған детальдары...

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың Нью-Йорктегі кездесуінен фото жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Желдібай суретті өзінің Telegram-арнасына жүктеп, астына «Нью-Йорк, АҚШ, 2025 жыл» деп жазған. Бұған дейін Ақорда екі президенттің әңгімелескені туралы қысқа хабарлама таратқан еді, бірақ кездесудің форматы бетпе-бет пе, әлде телефон арқылы ма нақты айтылмаған болатын.

Осыған байланысты, кейбір сарапшылар толыққанды кездесу болмаған деп болжаған.

Кейбір дереккөздердің мәліметінше кездесу барысында Трамп Украина мәселесін көтерген. АҚШ-тан оралған соң Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізіп, оған қажетті ақпаратты жеткізген.


Айта кетсек, Нью-Йоркке сапары кезінде Трамп Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевпен де жүздесіп, бұл туралы Threads желісінде арнайы пікір білдірген еді. Америкалық саясаткер Тәшкент тарапы жасаған ұсыныстарды «аса маңызды әрі ірі мәміле» деп бағалаған.

Тоқаев АҚШ-қа БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысып, жалпы дебатта сөз сөйлеу үшін барған болатын. Президенттің Трамппен кездесуі сол сапар барысында өткені белгілі болды.

Желдібай жариялаған суреттерде Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Дональд және Мелания Трамп та бар.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏17❤5🔥4🤔3👍2
⚡️InterContinental-ды иемденген «Реал». Испан клубы бүтін бір қонақүйді жалға алған...

Чемпиондар лигасы аясындағы алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реалдың» ойынына шетелден 5 мыңнан аса турист келді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Алматы туризм басқармасының e-Qonaq жүйесіне сүйене таратқан мәліметіне сай, қалаға келген жанкүйердің басым бөлігі Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД елдері және өзге де Еуропа мемлекеттерінің азаматтары.

Сарапшылар бұл матчтың қала экономикасына тигізген ықпалы едәуір болғанын атап өтті.

Mastercard дерегі бойынша, Алматыға келген әр шетелдік турист орташа есеппен 1500 доллар жұмсаған. Қонақүйлер, мейрамханалар, көлік және ойын-сауық орындары осының арқасында табысқа кенеліп, шағын және орта бизнес серпін алды.


Жанкүйерлерге жағдай жасау мақсатында бүгін Алматы метросының жұмысы түнгі 01:00-ге дейін ұзартылды. Әсіресе стадионға жақын «Байқоңыр» және «Әуезов театры» станцияларында қосымша қызметкерлер тартылған. Бұдан бөлек, әкімдік 6 бағыт бойынша тегін автобус қатынасын ұйымдастырды.

Матч өтетін Орталық стадион маңындағы ірі көшелер Байтұрсынұлы, сондай-ақ Сәтбаев, Байзақов, Абай, Сейфуллин көшелерінің аумағы жабылды.

Ал испандық «Реал» футбол клубы Алматыдағы InterContinental қонақүйін түгелдей жалға алғаны белгілі болды.


SHOT басылымының хабарлауынша, мадридтік команда ойыншылардың тыныштығын сақтау үшін қонақүйдегі барлық 277 бөлмені 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығына брондап қойған. Осы күндері стандартты бөлмелердің бағасы тәулігіне 375 доллар болса, люкс бөлмелер 560 доллар тұрады. Алматыға келген делегация құрамында 40-тан астам адам бар. SHOT есебінше, испан клубы бұл мақсатқа шамамен 510 мың доллар жұмсаған.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
1👍29❤22👏7
⚡️Экс-премьердің эксклюзивті ақпараты: Бауыржан Мұхамеджановтың күйеубаласы қалай байыды...

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин ERG компаниясының бұрынғы топ-менеджері Әлдияр Қазтаевтың қомақты дәулеті туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Журналист Вадим Борейконың «Гиперборей» бағдарламасына сұхбат берген Қажыгелдин Қазтаевтың мүлкі мен есепшотында шамамен 1 миллиард доллардай қаражаты бар екенін айтты.

«Әлдияр Қазтаев бұрын ENRC, қазіргі ERG компаниясында басшылық қызмет атқарған. Қазір оның жылжымайтын мүліктері, банк есепшотында қомақты ақшасы және қоймаларда сақталған алтын құймалары бар екені анықталды. Бұл дерек ойдан шығарылған жоқ, керісінше, шетелдік құқық қорғау органдарының Қазақстанға жолдаған ресми сауалдары негізінде белгілі болды», – дейді Қажыгелдин.

Оның айтуынша, Әлдияр Қазтаев бұрынғы Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың күйеу баласы. Ел ішінде оны Машкевичтің "өкіл баласы" деп те атайды.


«Қазтаевтың қысқа уақытта ерекше байып кетуінің бір ғана сыры бар. Ол елдің бұрынғы бас полицейі Бауыржан Мұхамеджановтың күйеу баласы. Демек, бұл жерде ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық белгілері бар деуге толық негіз бар. Әңгіме елдегі ықпалды шенеуніктің туысына (күйеубаласына) жасаған қамқорлығы үшін төленген «сыйақы» туралы болып отыр», – деді экс-премьер.

Айта кетейік, бұған дейін италиялық БАҚ Әлдияр Қазтаевтың Сардиния аралынан элиталық жылжымайтын мүлік сатып алып жатқаны туралы жазған болатын.

Оның ішінде Ольбия қаласындағы Geovillage туристік-спорттық кешенін 14 млн еуроға, Темпио қаласындағы термалды кешенді, Канниджонедегі жер телімдері мен Коста-Смеральдадағы сәнді вилланы сатып алғаны айтылған.


Бұдан бөлек, Қазтаевтың активтері арасында құны 4 млрд теңгелік «Piccolino» яхтасы да бар. Ол оффшор арқылы сатып алынып, ата-анасына тиесілі компанияның атына рәсімделген.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
😱31❤11👏4🔥1🤔1
⚡️ Әулетке қойылған ультиматум: Депутат Бапи «Болаттың баласынан» жауап талап етті...

Депутат Ермұрат Бапи Бас прокурорға сауал жолдап, Нұрбол Назарбаевтың рейдерлік әрекетін тергеуді талап етті, деп хабарлайды Ertenmedia.

Оның сөзінше, түнеукүні Мәжілісте көтерілген мәселе ел ішінде көптен бері айтылып жүрген тақырыптың бір шеті ғана.

"Әріптесім Ринат Зайыт өткен аптада Болат Назарбаевтың ұлы Нұрболдың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеген еді. Оған қол қойғандардың қатарында мен де бармын. Мақсатымыз атышулы әулеттің ұзақ жыл бойы жазықсыз азаматтарға жасаған қиянатына тосқауыл қойып, әділеттілік орнату", – деді ол.


Депутат осыған дейін Нұрбол Назарбаевқа қатысты бірнеше рет сауал жолдағанын, алайда тиісті нәтиже болмағанын атап өтті. Оның пікірінше, әулет өкілдерінен зорлық көрген азаматтардың арыз-шағымын жылы жауып қоюға болмайды.

"Алматы облысы, Қарасай ауданы, бұрынғы Каменское мал асылдандыру зауыты жұмысшыларының үшбу хатын мен үш мәрте Мәжіліс мінберінде көтердім. Нұрбол Назарбаев бүкіл бір кеңшар жұмысшыларының 9 мың гектардан астам жер үлесін тартып алғаны туралы дәлел бар. Алайда прокуратура бұған бейқам қарап отыр. Нәтижесінде мыңнан аса азаматтың құқығы аяқасты болды", – деді Ермұрат Бапи.

Депутаттың осы жолғы сауалына Нұрбол Назарбаевтан күш көргенін айтып, бизнесінен және барлық мүлкінен айырылған қарағандылық кәсіпкер Қуат Ерментаевтың арызы себеп болған.


Оның айтуынша, 2022 жылы Алматы қаласының прокуратурасы мен Экономикалық тергеу департаменті Ерментаевтың «PORUS» ЖШС-дегі үлесін рейдерлік жолмен тартып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Алайда тергеу барысында Нұрбол Назарбаевтың есімі аталған соң, іс екі жылдан кейін «қылмыс құрамы жоқ» деген желеумен тоқтатылған.

"Істің не себепті тоқтатылғанын түсіну қиын емес. Алматы қаласының прокуратурасы Назарбаев әулетінің ығына жығылған. Құрметті Бас прокурор, сізге заң үйреткенім орынсыз болар. Алайда прокуратура мен Экономикалық тергеу департаменті қозғаған істі қайта көтеріп, әділ тергеу жүргізуге ықпал етуіңізді сұраймын", – деді депутат.

Бапи Бас прокурордан тергеу нәтижесін өзі ғана емес, елдегі әділетсіздіктен шаршаған қоғам да білгісі келетінін айтты.

«Берік мырза, Нұрбол Назарбаевтан зәбір көрген азаматтарға араша түсейік», – деп түйіндеді Ермұрат Бапи.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🔥25👏19❤8👍5😁1
⚡️Қытайда зәулім кешен, бізде жалғыз будка: «Ақ жолдың» ашуын тудырған «Бақты» бекеті...

«Ақ жол» партиясы премьер Бектеновке депутаттық сауал жолдап, елдегі кеден мен шекара бекеттерінің жағдайын сынға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Фракция депутаттары Абай облысындағы «Бақты» кеден бекетіндегі құрылыстың тым баяу жүріп жатқанын және Батыс Қазақстан облысындағы Кремльмен шекараның қоршаусыз қалғанын айтып дабыл қақты.


«Кеден мемлекеттің бет-бейнесі. Шекарасы қандай болса, елдің келбеті де сондай. Жуырда Тәуелсіздігіне 34 жыл толатын мемлекеттің шекарасы мен кеденін аралап, көңіліміз құлазып қайтты», – дейді депутаттар.

Олардың айтуынша, Президент Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға баса мән беріп отыр. Алайда, стратегиялық маңызы зор Қытаймен шекарадағы «Бақты» кеденінің қазіргі ахуалы ұлттық мүддеге қайшы келеді.

«Құны 16 млрд теңге болатын «Бақты» кеден бекетінің модернизациясы былтыр аяқталуы керек еді. Қаржы толық бөлінбегендіктен, мерзім тағы созылды. Құрылыс алаңына қарап, қалған үш айда аяқталады дегенге сену қиын. Себебі, жоба бюджетін нақтылау екі жылдан бері әлі аяқталмаған. Бұған тапсырыс беруші Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті», – дейді олар.

«Ақ жол» депутаттары стратегиялық нысанға қаржыны дер кезінде бөлмеу мемлекеттік мүддеге жасалған қастандықпен тең деген пікірде.

«Шекараның арғы бетінде Қытайдың қарапайым ауылында көк тіреген ғимараттар тұр. Ал бізде шаңы бұрқыраған жол, жалғыз будкасы бар аянышты кеден ғана. Қазақстан мен Қытай арасын екі шақырым емес, екі ғасыр бөліп тұрғандай әсер аласыз», – деп сипаттады олар жағдайды.


Сондай-ақ, депутаттар кеден құрылысын кешіктіру салдарынан Қазақстанның экономикалық шығынға ұшырап отырғанын есептеп шықты.

«Бақты» кеденінің қазіргі өткізу қабілеті жылына 21 900 көлік болса, жоба аяқталғанда 182 500-ге жетуі тиіс еді. Құрылыстың кешіккен бір жылында 160 мыңнан аса көлік шекарадан өте алмай қалды. Мұның салдарынан бюджетке миллиардтаған қаржы түспей отыр», – дейді депутаттар.

«Ақ жол» депутаттары елдің батысындағы жағдай бұдан да нашар екенін алға тартып отыр.


Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданында Ресеймен шекарадағы 81 шақырым аумақ тікенек сыммен қоршалмаған, иен жатыр екен. Шекарадан өтіп кеткен малын іздеген тұрғындар «шекараны өзіміз салып аламыз» деп әкімдікке шағым түсірген. Бір қыста 1,5 мыңдай мал Ресей асып кеткен...

Толығырақ осы тұста. Масқара енді.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏19😱13❤10💯6😢2🔥1
⚡️Толықбайдың тоқпағы: «Даму» қоры бизнестің бағын байлап отыр...

Депутат Мақсат Толықбай Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге депутаттық шағым айтып, шағын және орта бизнеске субсидия төлеудің кешіктіріліп жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Депутаттың сөзінше, соңғы уақытта кәсіпкерлерге мемлекеттен уәде етілген субсидияны кешіктіріп төлеу «үйреншікті әдетке» айналған.

«Жүз мыңдаған кәсіпкер банк несиесін өтеу үшін мемлекеттен берілетін өтемақыны айлап күтіп, қиналып отыр. Қазір Алматыдан басқа барлық өңірде бұл бағдарлама тоқырап тұр. Оңтүстік астанадағы кәсіпкерлердің де жағдайы мәз емес. Аймақтарда бөлінген қаражат жазда-ақ таусылып қалған. Жаңадан түскен өтініштердің бәрі жауапсыз күйде», – деді депутат.

Толықбайдың айтуынша, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтеруі салдарынан екінші деңгейлі банктердегі несие мөлшерлемесі тым қымбаттап кеткен.


«Қазір бизнестің несие пайызы 25 пайызға дейін жетеді. Мұндай қымбат несиемен ешқандай кәсіп дамымайды, қайта күйрейді», – деп атап өтті ол.

Депутат «Даму» қорының деректеріне де күмән келтірді.

Қордың мәліметінше, жыл басынан бері банктер 300 млрд теңгеге 2200 жобаны мақұлдаған. Ал шын мәнінде, тек 120 млрд теңге ғана игерілген, яғни өтініш бергендердің 40 пайызы ғана несие алған.

«Қалған кәсіпкерлер қолдаусыз, далада қалды. Сонда бұл мемлекеттік бағдарламалардың кімге керегі бар?» – деді Толықбай.

Оның айтуынша, бизнеске кепілдік беру мәселесі де ақсап тұр. Кепілдікке қоятын мүлкі жоқ кәсіпкерлердің несие алуына қолдау көрсетудің орнына, Ұлттық экономика министрлігі «Даму» қорын капиталдандыру бойынша түсініксіз ереже ұсынған.

«Жаңа ережеге сәйкес, банктер «Даму» қорының капиталына міндетті жарна аударуға тиіс. Банктер бұл төлемді тіпті «квазисалық» деп атап отыр.

Сонда банктер кәсіпкерге несие берудің орнына, мемлекеттік қорды қаржыландырумен айналыса ма?


Мемлекет бизнес есебінен тағы бір кедергіні қолдан жасап отыр. Бұдан кәсіпкерге келер қандай пайда бар?» – деп сынады депутат.

Толықбайдың талабын толығырақ осы тұсқа салдық. Депутат ашуға булығып отыр...

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👏36❤8🔥5
⚡️Нұрәлінің ностальгиясы: Рахаттың «Реалға» дейін жеткен арманы...

Нұрәлі Әлиев әкесі Рахат Әлиевтің қазақ футболының дамуына қосқан үлесін еске алды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Instagram парақшасында жазба қалдырған Назарбаевтың жиені Қазақстан футболының УЕФА құрамына өтуіндегі әкесінің тарихи рөлін атап өтті.


«Соңғы күндері әкем Рахат Әлиев туралы жылы сөздер көп айтылып жатыр. Бұл бекер емес. Оның Қазақстан футбол федерациясын басқарған тұсында, 2002 жылдың 25 сәуірінде еліміз Азия конфедерациясынан шығып, ресми түрде УЕФА-ға кірді. Стокгольмде Мишель Платинимен өткен келіссөз мен оның 2005 жылы алғаш Алматыға келген кезі әлі есімде. Бәрі сол кезде басталған еді...» – деп еске алды ол.

Әлиев осы қадамның стратегиялық маңызы зор болғанын, қазақстандық клубтардың халықаралық деңгейде ойнауына жол ашқанын айтты.


"Кеше Алматыдағы Орталық стадионда Чемпиондар лигасының ойынын тамашаладым. Біздің «Қайрат» Еуропаның ең атақты клубы мадридтік «Реалға» қарсы ойнады. Мұның бәрі өзіміздің Алматыда өтіп жатыр! Сол сәтте кезінде қабылданған шешімнің қаншалықты маңызды болғанын шын сезіндім. Бұл тарихи сәт. Барша алматылықтарды, барша қазақстандықтарды және сүйікті «Қайрат» клубын осы жетістігімен құттықтаймын!» – деп түйіндеді Нұрәлі Әлиев.

Айта кетелік, осыған дейін Ertenmedia "Назарбаевтар "Реалдың" ойынын көруге төрт көзі түгел жиналмақ..." деп хабарлаған болатын. Ойынды көруге Нұрәлі Әлиевтің әдейі келетінін елден бұрын ескерткен едік. Арнамыздың инсайды ақыры расталып жатыр.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍22❤9😁9🤡7💯4😱1
⚡️Ерте қуанған Ертаев: Құспанның қарсылығы банкирді қайта қаматты...

Мемлекет қаржысын жымқырып, сотталған банкир Жомарт Ертаев қайтадан қамауға алынады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Бұл туралы депутат, белгілі адвокат Абзал Құспан мәлім етті.

«Бүгін Ертаевтың ісіне қатысты әділетсіз сот қаулысының күші жойылды. Осы мәселеге қатысты өтінішімді қолдап, әділеттің салтанат құруына ықпал еткен Бас прокуратураға, Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ осы тақырыпты алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын!» – деп жазды адвокат.

Бірнеше ай бұрын 144 миллиард теңгені жымқырып, бас бостандығынан айырылған Ертаев күтпеген жерден бостандыққа шыққан еді. Абзал Құспан бұл шешімнің заңсыз екеніне назар аударып, Бас прокуратураға қарсылық білдіру жөнінде өтініш жолдаған болатын.


Прокуратура аталған талапты қолдап, істі қайта қарауды сұрады. Нәтижесінде, сот Жомарт Ертаевты қайта қамау туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев Bank RBK-тен 2011–2017 жылдары аралығында 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталған еді.


Тергеу материалдары бойынша, Ертаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, өзге тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы қомақты қаржыны иемденіп, қылмыстық жолмен алынған қаражат пен мүлікті заңдастырған. Кейін апелляциялық сот оның жаза мерзімін 9 жылға дейін қысқартқан болатын.

Банкирдің бастан кешкені туралы толығырақ осы жерде.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍33❤13🔥6👏4
⚡️ Мунисаға жасалған «мәрттік»: Қазақстанның дип.паспорты қалай саудаға салынды...

Қазақстандағы элитаның қолында жүретін аса ықпалды құжат бар: бұл дипломатиялық паспорт. Әдетте мұндай төлқұжат мемлекеттік мүдде үшін қызмет ететін, шетелмен жиі қарым-қатынас жасайтын жоғарғы лауазымды тұлғаларға беріледі.

Құжаттың артықшылығы көп, иесіне шекарадан оңай өтіп, түрлі жеңілдікпен және артық тексерусіз жүріп-тұруға мүмкіндік береді.


Соңғы жылдары Қазақстанда осы паспортты мем.қызметке еш қатысы жоқ, елде мүлде тұрмаған тұлғалар да иемденіп алғаны анықталып жатыр деп жазады Ertenmedia.

Солардың бірі ERG тобының негізін қалаушы, «еуразиялық үштіктің» белді мүшесі Патох Шодиевтың қызы Муниса Шодиева. Оның Қазақстанның дипломатиялық паспортын алғанын мемлекеттік базадан тараған құжаттар растап отыр.

Шодиева ханым құжатты алғаш рет 2003 жылдың қаңтарында алған, арада он жыл өткен соң қайта жаңартқан.

Екі жағдайда да Сыртқы істер министрлігі оның Бельгия мен Ресей азаматтығын қатар ұстап отырғанына көз жұма қараған. Қазақстан заңы бойынша қос азаматтыққа қатаң тыйым салынғанына қарамастан, Шодиеваға ерекше жағдай жасалған.


❗️Өмірінің басым бөлігін Лондон мен Мәскеуде өткізіп жатқан адамға Қазақстанның дип. паспорты қалай бұйырды?

Себебі белгілі: әлгі төлқұжат Шодиевтер отбасы үшін страховкі болған. 2000 жылдардың басында Шодиев әулеті Бельгияда үлкен дауға ұрынады. Tractebel компаниясы Қазақстанның энергетика нарығына кіру үшін пара берді деген күдікпен басталған қылмыстық іс 15 жылға созылады.

Шодиевтар отбасы Бельгия азаматтығынан айырылып қалу қаупіне ұшырап, ақыры 23 миллион доллар штраф төлеп, жанжал әрең басылған еді (Патохтың айыппұлмен құтылуына Нұрекең атсалысқан, ред.). Қазақстанның дип.паспорты түрлі тәуекелден сақтанудың оңтайлы тәсілі болған тәрізді.

Бельгиядағы проблема шешілгенімен, Шодиевтердің Еуропадағы мәселесі біткен жоқ. Британ парламентінде олардың есімі «Қазақстан клептократтары» тізімінде жүр, Лондондағы активтерін тексеруге талап қойылған.

Британия астанасындағы Темзаға қараған Panoramic кешенінде Шодиевтерге тиесілі екі пәтердің құны 10 млн фунт стерлингке бағаланып отыр. Мәскеудегі атақты Рублевкі жолы Николино ауылындағы зәулім үй де Шодиевтер иелігінде. Ол үйде Мунисаның өзі тіркелген.

Қазақстанның өзінде Шодиевтердің жағдайы оңып тұрған жоқ. Әкелі-балалы Шодиевтер өзінің бұрынғы серіктесі, марқұм Әлішер Ибрагимовтың ұлы Шухратпен шайқасып жатыр. Тараптар «Еуразиялық қаржы компаниясына» кім иелік етеді деген дауды шеше алмай келеді.


Жергілікті БАҚ «осы жанжалдағы жалғыз қазақстандық Ибрагимов қана...» деп жиі атап өтеді. Соңғы отырыста соттың Шухраттың сөзін сөйлеуі де тегін емес. Майшеке, Машкевичтің дәуіріндегі берекесіздікті ретке келтіріп, ел бюджетіне қомақты салық төлей бастаған Шухрат Жаңа Қазақстанның ойын ережесін толық қабылдап отыр.

Бізге жеткен ақпарат бойынша Мунисаның дип.паспорты күні ертең үлкен скандалға ұласады. Азаматтықты саудаға салған біраз адамның аты аталайын деп тұр...

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
😱38👍12🔥10❤9😡4💯1
⚡️"Мен саған тәтей емеспін". Танымал журналист депутат Назаровты саяси нокаутқа жібермекші...

Белгілі журналист депутат Ардақ Назаровтан мәжіліске қалай келгені, жоғары білімі бар ма, жоқ па және елге берген уәдесінің неге орындамағаны туралы толық есеп талап етті деп жазады Ertenmedia.

Гүлбану Әбенова халық қалаусысын "октагонға" шақырып отыр. Тікелей эфирде өтетін кездесуде Ардақ Назаров өзіне қатысты барлық ақпаратты бүкпесіз айтуы тиіс.


"Ел сіздің бос сөзіңізден, орындалмайтын уәдеңізден шаршады. Өткенде жұдырығымда халық тұр мақтаныпсыз, ал менің қолымда қаламым мен соңымдағы аудиторияның сенімі тұр. Тікелей эфир сіз бен біздің октагонымыз болсын. Алған біліміңізді, дипломыңызды, еңбек жолыңызды, студенттік кездегі фотоларыңызды көрсетіңіз. Курстастарыңыз қайда, олармен түскен суретіңіз бар ма?", – дейді журналист.

Әбенованың айтуынша, Ардақтың сайлаушыларға үйіп-төгіп берген уәдесі сол күйінде қалған. Халық мәжілістегі бос сөзі көп депутаттардан әбден қажыған.

Депутаттың дипломын сұратып отырған журналистің әрекетінде логика бар. Әбенова Назаровтың білім-білігіне қатысты зерттеу жүргізіп, біраз күмәнді деректерді анықтаған еді.

"Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз. Мені "тәтәй" деп тақырыпты басқа арнаға бұрмаңыз. Тікелей эфирде менің сұрағыма жауап беріңіз: сіздің біліміңіз, еңбек жолыңыз, өмірбаяныңыз бәрі халық алдында ашық айтылсын. Еркек болсаң, шық...", - дейді Әбенова.


Ардақтың Мәжіліске қандай біліммен, қандай портфельмен, жалпы қандай жетістігі үшін келгені көптің көкейінде жүрген сауал. Желідегі жұрттың пікірінше, оның Парламентте сөз еткен мәселелері көбіне-көп ауыл арасындағы ғана айтылатын ұсақ әңгіме ұқсайды.

Бізге жеткен мәлімет бойынша депутат бұл мәселеден үндемей құтылмақшы. Журналистпен алыса жөнелуге жүрегі дауаламай отыр.


Әбенова оның барлық әлсіз тұсын ашып, фактімен сөйлеуге сақадай-сай отыр деседі. "Қолғап емес, дипломыңды көрсет" деген талаптың астарында Назаровтың депутаттыққа қандай қабілетімен келгенін тексеру миссиясы жатыр. Ардақ бұл даудан қалай құтылады? Қазір оның да, оны Мәжіліске әкелген күштердің де әрекеті сын тезінде...

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍85👏11❤10🔥4👎2🤔2🤡2
⚡️ 174-баптың ауыр жүгі: Әликаның әділетпен бетпе-бет келетін күні жақын...

Әлемжеліде қазақтарды әжуәлап, бүтін бір ұлтты келеке еткен Алика Мұхамадиеваның ісі сотқа жетті жазады Ertenmedia.

Қарағанды тұрғыны Threads-те титулды ұлтқа тіл тигізіп, аузына келгенді сарнағанын ұмыта қойған жоқпыз.

Билік бұған бірден реакция беріп, оның үстінен Қылмыстық кодекстің 174-бабы (ұлттық, әлеуметтік, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша іс қозғалған.


Іс Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық сотының қарауына берілген екен. Процесті судья Арғын Құтышев қарайтын болды. Негізгі отырыс 14 қазан күніне белгіленген.

Іс насырға шапқанын сезген күдікті елден қашып, ізін жасыруға талпынған.

Алика Мұхамадиева Қарағандыда киім дүкені мен доставкі бизнесіне иелік ететін кәсіпкер. Қазақтардың қаһарынан қорыққан Әлика кейіннен елден кешірім сұрап, көз жасын көл қылған еді. Алайда, бұл оның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға негіз болмады.

Енді ол 174-бабтың негізінде жауапқа тартылады. Осы бап бойынша екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Дау тұтанған сәтте қазақтілді қауым Аликаны елден қууды талап еткен еді.

Ertenmedia-ға жеткен мәліметке сәйкес, билік 174-бабты жұмсартуға мүлде мүдделі емес. Ақорда идеологтары мұндай жағдайда Әлика секілді провокаторлар күрт көбейеді деп қауіптенеді.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
😢122👏68❤12🔥10👍8🙏2
⚡️Орскідегі өрттен туған арандату: Мәскеу Астананы айыптаудың жаңа амалын ойлап тапты...

Украин дрондары Ресейдің екі ірі стратегиялық нысанын атқылап, істен шығара жаздады. Бір қызығы, Кремль пропагандасы мұны Қазақстаннан көріп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.

Бүгін таңертең Пермь өлкесіндегі «Азот» химзауыты мен Орынбор облысындағы Орск мұнай өңдеу кешені дрон шабуылына ұшырады.

Екі зауыт та Киевтен 1400-1500 шақырым қашықта орналасқан. Осыған қарап-ақ Украина Ресейдің ішкері аумағындағы алыс нысандарды нысанаға алатын деңгейге жеткенін аңғаруға болады.


Кремль пропагандасы екі зауытқа бәлендей зақым келмегенін хабарлап отыр.

Орынбор облысындағы Орск мұнай өңдеу зауытының Мәскеу үшін маңызы зор. Зауыт орыстардың ішкі нарығын жанар-жағармаймен қамтамасыз етеді. Жылына 6,6 млн тонна мұнай өңдейді, авиациялық отын, бензин, дизель сияқты өнім шығарады. Шабуылдан кейін зауыт жұмысы тоқтап, қызметкерлер эвакуацияланған.

Украинаның қауіпсіздік қызметі (СБУ) таратқан мәлімет бойынша, бүгінгідей шабуыл салдарынан Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарының 40 пайызы қаңтарылып тұр.

"Мұнай долларынан түсетін түсімнің азаюы агрессорды әбден қалжыратып, соғысты жалғастыру мүмкіндігінен айырады. Бүгінгі жетістікті әлі де еселей түсеміз", – депті Киевтің қауіпсіздік қызметі.

Ресейдің медиа алаңында әлгі соққылардың ізін Украина емес, Қазақстаннан іздегендер табылып жатыр. Телеграмдағы кейбір пропагандистер "дрондар Қазақстан аумағынан ұшырылды" деген айып тағып, тіпті "Астанада рейд жасау керек" деген ашық арандатуға барған.


"Орск зауыты шабуылға ұшырады. Украина шекарасынан Орскіге дейін 1400 шақырым. Дрондар Қазақстан аумағынан ұшырылғаны айдан анық. Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіптің алдын алу үшін "тәуелсіз" Қазақстанда рейд өткізіп, алдымен Астананы "тазалау» керек", – деп шатып-бұтыпты осы тұста Сергей Мардан дейтін пропагандист.

Кремль Астананы қысымға алудың жаңа тәсілін іздестіріп жатқандай әсер қалдырады. Қазақстан билігі Марданның мәлімдемесіне әзірге жауап қатқан жоқ.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬53❤17🤡8👏3🤔1🤯1😡1
⚡️Жалған ақпараттан кибершабуылға дейін: Amanat негізгі цифрлық сын-қатерлер мен оларға қарсы тұру жолдарын айқындады...

«Digital Bridge 2025» халықаралық форумы аясында «Amanat» партиясы «Amanat and AI: Bolashaqqa Qadam» панельдік сессиясын өткізді деп жазады Ertenmedia партиясының баспасөз қызметіне сілтеп..

Онда саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік саладағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды. Заманауи ақпараттық технологиялардың сын-қатерлері мен мүмкіндіктері, жасанды интеллектті заңнамалық тұрғыда реттеу, сондай-ақ техноұлт қалыптастыру перспективалары басты назарда болды.

Сессияда сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек цифрлық күн тәртібі жекелеген салалар шеңберінен шығып, еліміздің тұрақты дамуына қажет жағдайға айналатынын атап өтті.


«Әлемде цифрлық жарыс жүріп жатыр. Мұның бізге де тікелей қатысы бар. Осы цифрлық бәсекеде табысты болуымыз керек. Бұл туралы кеше осы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев егжей-тегжейлі айтып берді.

Ол Қазақстан Еуразияның негізгі цифрлық хабына айналуға тиіс екенін атап өтті. Бұл бағытта мемлекет тарапынан айтарлықтай ауқымды жұмыс жүргізілді.

Бізде мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн-форматта көрсетіледі. ТМД бойынша 1-ші және электронды үкімет индексі бойынша әлемде 28-ші орындамыз.


Ал бүгінде еліміз eGov-тан AI-Gov-қа көшіп жатыр. Осылайша, Қазақстан енді әлемдік үрдістерге бейімделіп қана қоймай, өзінің дербес цифрлық мемлекет үлгісін қалыптастыруда», – деді ол.

Толығырақ осы тұста. ЖИ-ге қызығатын қауым үшін біраз құнды ақпарат айтылыпты.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/ertenmedia
👍43💯25❤6👏4🔥1