Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️ Әлтхаустың әрекеті: Ақ үй қазақ вольфрамын Бейжіңнен бұрын қармап кетті...

Уашингтонның вольфрамға деген тәбеті ашылды. Cove Capital Қазақстанға $1 млрд құяды деп жазады Ertenmedia.

Трамп әкімшілігі Ақордамен экономикалық әріптестікті күшейту аясында Cove Capital инвестициялық компаниясы мен «Тау-Кен Самұрық» бірлесіп, еліміздің шығысындағы ірі вольфрам кен орындарын игеру туралы келісімге қол жеткізгенін жариялады.

Reuters-тің мәліметінше, жалпы құны 1,1 млрд долларлық жоба бойынша Cove Capital бірлескен кәсіпорынның 70 пайызын иеленіп, өндірілген металды сатумен айналысады.


«Тау-Кен Самұрыққа» қалған 30 пайыз тиесілі. Жобаны қаржыландыруға АҚШ-тың Экспорт-импорт банкі (EXIM) 900 млн доллар бөлуге әзір.

Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кенішінен алынатын вольфрам АҚШ үкіметі мен өнеркәсіп саласының аса маңызды қажеттілігін өтеуге бағытталады. Әмірика 2015 жылдан бері осы металды өндірмейді, ал әлемдік нарықтағы басым үлес Қытайдың қолында.

Cove Capital басшысы Пини Әлтхаустың айтуынша, келіссөзге Дөкең, Доналд Трамп пен сауда министрі Говард Латник тікелей араласып, аталған активті Бейжіңнің қолына түсірмеуге ықпал еткен.


«Осынау келісім Әмірика үшін сенсациялық жетістік», – дейді Әлтхаус.

АҚШ Мемхатшысының орынбасары Кристофер Ландау келісімнің маңызына тоқталып, 🇰🇿Астана мен 🇺🇸Әмірика арасындағы әріптестіктің бұрын-соңды болмаған белеске шыққанын атап өтті.

Жоспар бойынша, кен орындарында құрылыс жұмысы екі жыл ішінде басталып, алғашқы өнім 3,5 жылдан соң беріледі. Ең бастысы, шикізат Қазақстан аумағында өңделмек.

Айта кетелік, Тоқаевтың АҚШ сапары қарсаңында Washington Post Қазақстанға арналған көлемді сараптама әзірлеген. Басылымға пікір білдірген беделді сарапшылар:

«Қазақстанда әмірикалық компаниялардың экономикалық мүддесі болса, Мәскеудің қолы байланып, агрессиясы қиындайды. Уашингтон сирек метал мен энергетика саласындағы келісім арқылы Астананың аймақтағы ықпалын арттырып, солтүстіктегі тұрақтылықты күшейте алады», – деген болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1❤32👍17👏2🔥1😁1🤔1😡1
⚡️Бейжіңнің берекесін алған келісім: Қытай қолынан сусып кеткен сирек олжа...

Бейжіңнің ақпарат құралдары Қазақстанның вольфрам кеніштеріне "құда түскен" Ақ үйдің амбициясынан үрейленіп отыр, деп жазады Ertenmedia.

Қытайдағы танымал CTIA сайтының сараптауынша, Уашингтонның Қазақстандағы маңызды минералдарға көз салуы коммерциялық шеңберден шығып, Бейжіңнің осы нарықтағы монополиясын бұзуға бағытталған.

"Қазақстандағы Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кенішіне инвестиция құйған Әмірика Қытайдың стратегиялық үстемдігін шайқалтқысы келеді», – дейді басылым.


CTIA-ның дерегінше, Қытай бүгінде әлемдегі вольфрам өндірісінің 83 пайызына және жалпы қордың жартысынан астамына (52%) иелік етеді. Халықаралық хаос мен нарықтағы ахуал осы минералдың бағасын аспандатып, аммоний паравольфраматының құны тоннасына 435 мың юаньға (32 млн теңге) жеткен.

Аммоний паравольфраматы вольфрам кенінен өндірілетін негізгі аралық химиялық қосылыс. Ол болат өндірісі, әскери өнеркәсіп, электроника, мәшіне жасау секілді стратегиялық салада кеңінен пайдаланылады.

"Бейжінің осы саладағы ықпалын әлсірету үшін 🇺🇸 АҚШ Ақорданың көңілін аулады. Cove Kaz Capital компаниясының Қазақстандағы жобалары осы стратегияның айқын көрінісі. Әмірикалық компания "Самұрық-Қазынамен" бірлесіп, аталған кеніштерді игеруге дайындалып жатыр. Уашингтон осы жобаны федералды қаржы институттары арқылы қолдап, саяси деңгейде демеуге ниетті", - дейді қытай басылым.

Қытай сарапшылары үрдістің ұзақмерзімді салдарына алаңдап, Құрама Штаттардың минералдық ресурстар бойынша белсенділігі Бейжіңге соққы болып тиерін жасырмайды.


Айта кетелік, елімізде жалпы көлемі 2 млн тоннадан асатын вольфрам қоры бар. Соның ішінде Солтүстік Қатпар пен Жоғарғы Қайрақты секілді екі ірі кеніштің үлесі 1,3 миллион тонна шамасында. Кен орындары толық қуатына көшкенде Қазақстан жылына 12 500 тоннадан астам аммоний паравольфраматын өндіретін деңгейге жетіп, әлемдегі екінші ірі вольфрам өндірушісіне айналатын болады.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥34❤9👍5🤔2💯1
⚡️ Он миллионның ойраны: Ақорданың Шымкенттен бастаған «тазалығы»

Шымкенттік шенеунікті бопсалаған блогер ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Белгілі журналист әрі блогер Арай Есенбек әкімдік қызметкерінен 10 млн теңге талап етіп, айтқанына көнбеген жағдайда әлемжеліде компромат жариялаймын деп қорқытқан. Құқық қорғау органдары осындай айып тағып отыр.

Полиция журналистің үйі мен кеңсесін тінтіп, электронды құрылғылар мен өзге де заттай айғақты тәркілеген. Есенбекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Күдікке ілінген Арай Есенбек AMANAT партиясының экс-мүшесі екен. Kungei дейтін порталға иелік ететін көрінеді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы болып та қызмет атқарған. Оған дейін қаладағы Ақпараттық коммуникация орталығын басқарған.

Еңбек жолын «Хабар» агенттігінен бастап, кейіннен AMANAT-қа қарасты “Азаттық рухы” басылымының тілшісі болған. Жергілікті жұрт оны Шымкент әкімдігінің жұмысы мен спорт тақырыбын жазатын журналист ретінде біледі. Ұсталарынан бір күн бұрын ғана ол әкімдікте өткен брифингке қатысып, шенділерге сауал қойған.

Айта кету керек, бұл блогерлерге қатысты бопса айыбымен қозғалған алғашқы іс емес. Осының алдында тағы сол Шымкентте Рүстем Әшетаев есімді блогердің бір пәшкі доллармен ұсталғанын хабарлаған едік.


Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша, бетімен кеткен блогерлердің дәуірі келмеске кетейін деп тұр. Билік осы арқылы бопсаны табыс көзіне айналдырған қауымға ескерту жасауда. Ақорданың идеологиялық блогы бопсалағыш блогер, ақыл айтқыш коуч пен әсіредіншілдердің кислородын жабуға шешім қабылдаған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
🔥21❤10👏6😱2🤔1
⚡️Тоқаевтың тосын ишарасы: Путин бұдан әрі шегіне алмайды...

Президент Тоқаев Уашингтон сапары барысында Украинадағы ахуалға қатысты пікір білдірді деп жазады Ertenmedia.

New York Times-тың мәліметінше Тоқаев саммиттің вайбын жоғары бағалап, Ақ үйдегі кездесудің былтыр Байден өткізген жиыннан бөлек болғанын атап өткен. «Осы жолғы жиында Орта Азияның рөліне тереңірек мән берілді», – депті Қазақстан басшысы.

Жо ақсақал аймақ басшыларымен Нью-Йорктегі БҰҰ-ның кеңсесінде ғана кездесе салған еді.


Саммит барысында Ақ үй мен Ақорда «аса маңызды минералды бірлесіп игеру» бойынша меморандумға қол қойған. Жақын күндері 🇺🇸 Әмірикамен бірлескен кәсіпорын құру туралы ірі келісімнің егжей-тегжейі жариялануы тиіс.

«Байденнің тұсында аймақ елдеріндегі адам құқығы мәселесіне екпін берілсе, осы жолы прагматикалы әрі бизнеске бағытталған мәмілелер алға шықты. Бұрынғыдай демократияны талап ететін бірбеткей позиция артта қалып, табысты келісімшартқа қол жеткізу маңызды бола бастады», – дейді New York Times.

Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша Тоқаев командасы Әмірикаға қомақты инвестиция мен озық технологияға қол жеткізуді көздеп барған. Және сол мақсат толық орындалған. Ақорда идеологтары Трамп әкімшілігінің аймақтың стратегиялық маңызын жақсы түсінетінін аңғарған.


Бұдан бөлек Тоқаев 🇺🇸 Дөкеңнің Ресейге қатысты икемді саясатын оң бағалаған екен. Екі ел арасындағы ортақ шекараның ұзындығы 7.5 мың шақырым екенін еске салған ол, көршімен сыйластықты сақтай отырып, Украина мәселесінде бейтарап ұстанымда екенін де ескертіпті.

Қыркүйек айында Тоқаев Украина президенті Зеленскиймен кездескен болатын.

«Украинадағы қақтығысты тоқтату, атысты доғару әлі де мүмкін. Астана келіссөзге алаң ұсынуға әзір. Дегенмен, бір кілтипан бар. Путин қазірдің өзінде территориялық талапқа қатысты мүмкін болған ең үлкен шегіністі жасады. Тамызда оның Донбасстағы фронт сызығын қазіргі шекарада бекітіп, Киевке осы ұсынысты қабылдауға шақыруы айтарлықтай алға жылжу. Ол бұдан артық шегінуге «ішкі қоғамдық пікірді» ескере отырып бара алмайды», – депті Тоқаев.

Оның пікірінше, Кремль көсемі келіссөз мәселесінде айтарлықтай икемділік танытып отыр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20👍10😱5👎3🤔3
⚡️Затулиннің зары: Кремль Орта Азиядағы ықпалын жоғалтпау үшін жанталасуда...

Мәскеу Орта Азия елдері АҚШ-пен қанша жақындасса да, Кремльден іргесін аулақ сала алмасына сенімді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Ресей Мемлекеттік думасының ТМД істері жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулин Уашингтондағы «Орта Азия – АҚШ» саммитінің қорытындысына қатысты пікір білдірді.

Оның сөзінше, 🇺🇸 Әмірикамен қол қойылған келісімдер мен миллиардтаған долларлық инвестиция аймақ елдерінің Мәскеумен ынтымақтастығына түбегейлі әсер етпейді.

«Ресей Батыс пен АҚШ-тың қыспағында тұрған қазіргі жағдайда Орта Азия мен Қапқаздағы ықпалын сақтау үшін күресуге мәжбүр.

Арнайы әскери операция жалғасып жатқандықтан, біз осы өңірде аса мұқият, байқатпай әрекет етуге тырысамыз. Дегенмен, аймақтағы беделіміз үшін барымызды салып күресуіміз керек.


Арнайы операцияның сәтті аяқталуы біздің ықпалымызға жаңа серпін бермек. Ал оған дейін іштен, төзуге тура келеді», – деген екен Затулин.

Сарапшылардың айтуынша, Мәскеу мен Уашингтон арасындағы геосаяси текетірес күшейген сайын, Орта Азия елдерінің көпвекторлы саясаты да күрделене түседі. Аймақ үшін екі алыптың арасында теңгерімді сақтау стратегиялық маңызға ие болып отыр.

Ertenmedia-ған осыған дейін Мәскеу жақын уақытта іргедегі көршілерін түртпектей бастайтынын жазған еді.

Киевті үш күнде басып алмақ болған Кремльдің басқа елге соғыс ашуға дәрмені жоқ. Сол себепті арандатудың астыртын амалдарына көшеді. Орыстар дезинформация, іштен іріту, барлау қызметі арқылы тұрақсыздық туғызуды мақсат тұтып отыр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20👍16🔥3👏2🤔2🤮1
⚡️Табысыңды табамын: Қаржыминнің қазақтарға жасаған соңғы ескертуі...

Қазақстанда жаңа жылдан бастап азаматтардың жасырын табысы жанама әдіспен тексерілетін болады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Қаржымин Мәди Тәкиев қол қойған бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаңашылдық жаңа Салық кодексінің негізгі бағытының бірі.

Жанама тәсілдің түпкі мәні азаматтың ресми табысы мен оның шынайы шығындарын салыстырып, жасырын табысты әшкерелеу.


Қарапайым тілмен айтқанда, салық органдары адам көрсеткен ресми кірісі оның шығындарымен сәйкес келмесе, жылжымайтын мүлік, автокөлік және өзге де активтерінің құнына қарап, нақты табысын анықтайды.

🖱Әлгі әдіс мынадай жағдайда қолданылады:

Азамат декларацияда көрсеткен табысы өз иелігіндегі мүлікке жұмсалған шығыннан аз болса;

Есеп жүргізу тәртібін бұзса немесе қажетті құжаттарын жоғалтса;

Кәсіпкер ретінде тіркелмегенімен, іс жүзінде кәсіпкерлікпен айналысса.


Салық қызметкерлері азаматтың банктегі есепшотына түскен қаражат айналымын, жылжымайтын және жылжымалы мүлікке жұмсаған шығындарын, оқу ақысы, медицина, сақтандыру, бағалы қағаздар секілді қаржы операциясын мұқият тексереді. Бұған қоса шетелдегі табысы мен меншігі, өзге мемлекеттік органдар мен халықаралық құрылымдардың мәліметі де назарға алынады.

«Егер азаматтың салық есебінде көрсетілген табысы 🫠 жеке тұтыну шығыны мен мүлік сатып алуға кеткен қаржысымен сәйкес келмесе, мемкірістер органдары шығындар негізінде оның шынайы табысы мен тиісті салығын есептейді. Бұл ретте бұрынғы жылдағы табыс та есепке алынады», – делінген құжатта.

Егер азаматта иелігіндегі мүлікке қатысты ешбір құжат болмаса, нарықтағы орташа бағасы негізге алынады. Бұл бағаны тәуелсіз бағалаушылар бекітеді.

Айта кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі толыққанды күшіне енеді. Соңғы уақытта халық салық заңнамасына қатысты ақпаратты жиі іздей бастаған. Google жүйесінде ҚҚС төлеу тәртібі, есепке тұру ережесі секілді сұрақтар көбейген.


Ұлттық экономика министрлігі бекіткен 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында халықтың табысы өсетіні айтылған. Құжатқа сәйкес, 2028 жылы елдегі орташа жалақы 604 963 теңгеге жетуі тиіс. Салыстыру үшін айтсақ, биыл осы көрсеткіш 423 133 теңге деңгейінде.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎30👍14❤9😁5😱2🤡2
⚡️Кремльдегі қаралы қараша: "Лукойл" Бұрғас пен Басрадан айырылуда...

АҚШ санкциясы "Лукойлға" ес жиғызбай жатыр. Ирактағы ірі жоба тоқтап, Бұлғария Бұрғас мұнай өңдеу зауытын бақылауға алмақ, деп хабарлайды Ertenmedia.

Әміриканың Кремльге қарсы санкциясы "Лукойлдың" халықаралық жобаларын тығырыққа тіреп, компанияның Ирактағы ең құнды активі "Батыс Курна-2" кен орнындағы жұмысын тоқтатты.


Reuters агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада ресейлік компания Ирактың мұнай министрлігіне хат жолдап, форс-мажор жағдайында жобаны жалғастыру мүмкін еместігін мәлімдеген.

Басра портынан 65 шақырым жерде орналасқан "Батыс Курна-2" әлемдегі ең ірі мұнай кен орнының бірі, Ирак мұнай өндірісінің 9%-ын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта тәулігіне 480 мың баррель мұнай өндіріліп отырған осы кен орнындағы жұмыс алты ай ішінде қайта жанданбаса, "Лукойл" жобадан толық кетуі мүмкін.

Ирак санкцияға байланысты "Лукойлға" төлемдерді де тоқтатқан. Елдің мемлекеттік мұнай компаниясы (SOMO) қараша айында ресейлік тарапқа берілуі тиіс болған 4 млн баррель мұнай жеткізілімін де доғарған.


Ирактың мұнай министрлігі өкілінің айтуынша, санкцияға байланысты "Лукойлмен" жасалған келісімшарт қайта қаралуы қажет, оған дейін барлық төлем мен шикізат тасымалы тоқтап тұрады.

Компания қызметкерлеріне жолдаған хатында "Лукойл" кен орнындағы шетелдік жұмысшыларды босатып, жобада тек ресейлік және ирактық мамандарды қалдыратынын хабарлаған.

Ал Бұлғария үкіметі "Лукойлға" тиесілі Бұрғас мұнай өңдеу зауытын өз бақылауына алуға дайындалып жатыр.


Ел премьер-министрі Росен Желязков зауытта қауіпсіздік шарасы күшейтілгенін, үкіметтің кәсіпорынды мемлекеттік бақылауға алып, жаңа инвесторға сатуға құқылы екенін айтты. Өткен аптада бұлғар парламенті тиісті заңды бекіткен болатын.

Айта кетейік 🇺🇸 Дөкең, Доналд Трамптың Мәскеуге салған санкциясының басты мақсаты Украинадағы соғысты тоқтату. Шектеу нәтижесінде орыс компаниясының тынысы тарылып, халықаралық деңгейдегі операциясы толық тоқтаудың алдында тұр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍59❤10🔥3
⚡️Бір шәугім шайдың сыры: Путиннің пәтеріндегі протоколсыз кеш...

«Коммерсанттың» арнайы тілшісі Әндрей Кәлесников Қазақстан мен Ресей президентінің Кремльдегі кездесуінің вайбын егжей-тегжейлі суреттеп берді деп жазады Ertenmedia.

Оның айтуынша, осы жолғы жүздесу бұрынғыдан өзгерек болған. Күні кеше 🇺🇸 Ақ үйдегі Сопақ кабинетте Трамппен тілдескен Тоқаев Астанаға қоржыны да, көңілі де тоқ оралған еді.

«Оның Дөкеңе айрықша құрмет көрсеткеніне куә болдық. Трампты «әлемдік деңгейдегі көшбасшы, сегіз бірдей соғысты тоқтатқан сарабдал саясаткер» деп мадақтап, тіпті «Әмірика мен бүкіл әлемге ауадай қажет ұлы қайраткер» ретінде сипаттады», — дейді «Коммерсант» тілшісі

Кәлесниковтың пайымынша, Тоқаевтың бұлайша тебіреніп сөйлеуі тегін емес. Мақтауды жаны жүйетін Трамп әлгі лебізге тәнті болып, кәдімгідей масайрап қалған. Алайда Путиннің жөні бөлек көрінеді…


«Кремль көсемі өзіне қатысты көпірме мақтауды аса жақтыра бермейді. Мұны Қазақстан президенті да жақсы біледі. Путин? Ол Тоқаевты Ақ үйдегі қабылдаудан әлдеқайда әсерлі күтіп алды. Президент ұшағын Ресей шекарасынан бастап екі Су-35 жойғыш ұшағы арнайы күтіп алып, Мәскеудің осы кездесуге айрықша мән беретінін аңғартты. Әуежайда Қазақстан президентін Ресейдің бірінші вице-премьері Денис Мантұров қарсы алды. Бұл Кремльдің Тоқаевқа көрсеткен ерекше ықыласының көрінісі», — дейді Колесников.

Айтуынша, Кремльдің өкілдік залында Путинмен емін-еркін тілдескен Тоқаев мұндай құрметке ризашылық білдіріп, таңғалғанын жасырмаған екен.

Қазақстан басшысы екі ел арасында айтарлықтай мәселе жоқ екенін, қандай да бір түйткіл туындаса, екі президент тез арада шешім тауып жүргенін жеткізген. Сонымен қатар, ол Путинмен бейресми жағдайда пікірлесіп, Ақ үйден алған әсері және 🇺🇸 Трамппен кездесуден кейінгі ой-пайымымен бөліскісі келетінін жеткізіпті.

Кәлесниковтың айтуынша, Путинмен пікірлескен Тоқаев әңгіме арасында «аға жолдас» деген тіркесті қолданған.

Кремль көсемінің әлгі сөзге іші жылып қалса керек. Кездесудің екінші, бейресми бөлігінде Путин Тоқаевты жеке пәтеріне шақырып, әрі қарайғы әңгімені шай үстінде жалғастыруды ұсынған.


«Путиннің пәтеріндегі бір шәугім шәйдің дәмін татқан басшылар некен-саяқ. Бұған дейін мұндай құрметке Қытай көсемі Си Зинпин ғана ие болған еді. Басшылар жатар алдында кофе іше қоймас. Кремльде айранның да түр-түрі бар», — дейді «Коммерсант» тілшісі.

Ресейдің өзге де пропаганда құралдары осы нақыштағы контентке екпін беріп жатыр. Олардың айтуынша Тоқаевтың тұсындағы Қазақстан «дипломат мемлекетке» айналған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤32👍14👎9🔥4😁2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Теңсіздіктің телекомы: Мусинді тығырыққа тіреген ақтаулықтардың ашық хаты...

Ақтауда «Қазақтелекомның» Маңғыстау филиалының қызметкерлері компания басшысы Бағдат Мусинге үндеу жолдап, жалақының төмендігін айтып шағымданды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Қызметкерлер елдегі қымбатшылық пен коммуналдық төлемнің күрт өсуінен жалақы күнделікті күнкөріске жетпейтінін айтып отыр.

Олардың мәлім еткеніндей, қатардағы жұмысшылар мардымсыз айлықпен жан сақтап жүргенде, компанияның топ-менеджерлері үйіп-төгіп сыйақы алған.


«Басқарма мүшелері он айлық еңбекақы көлемінде сыйақы алыпты. Ал барлық ауыр жұмысты атқарып жүрген біз секілді қарапайым қызметкерлерге небәрі 20 мың теңге берген. Бұл барып тұрған әділетсіздік», - дейді қызметкерлер.

Сондай-ақ компания жұмысшылары елдегі экономикалық жағдайдың күрделі екенін, ал жалақы индексациясы инфляция қарқынына ілесе алмай жатқанын атап өтті.

Мәселе Мусинге жетсе керек. «Қазақтелеком» аталған мәселе бойынша ресми жауабын әзірлеп жатыр екен.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍57🔥13❤7💯7
⚡️Қазақстанды ауыр қыс күтіп тұр: Шөкин болжаған қытымыр қаңтар...

Қазақтарды алда ауыр сынақ күтіп тұр. Жаңарған салық саясаты, қымбат несие және сарқыла бастаған бюджет халықтың тұрмыс сапасын төмендетіп, онсыз да жұқарған жүйкеге салмақ салмақшы деп жазады Ertenmedia.

Сөй деген экономист Алмас Шөкин елдегі жағдайға баға беріп, Үкіметтің қазіргі аяқалысын «ірі қараның жартысын жемдемей, бірақ барлығын бірдей саууды жалғастырып жатқан шаруаның» әрекетіне ұқсатты.

Ол экономикалық саясаттағы сауатсыз шешімдер түбі үлкен дағдарысқа әкелуі мүмкін деп ескертуде.


«Сырт көзге көрсеткіш керемет өсіп жатқандай көрінеді. Бірақ түпкі нәтижесін бағалау қиын, өйткені нәр татпаған сиырлар тәжібире соңына дейін шыдамай өліп жатыр», – дейді сарапшы әзіл-шыны аралас.

Шөкиннің пікірінше, еліміз қазір күрделі өзгерістің табалдырығында тұр. Тәуелсіздіктен кейінгі ширек ғасыр бойы қалыптасқан даму моделі өміршеңдігін жоғалтып, әбден ескірген. Бұрын кейінге шегеріліп келген реформалар еріксіз алға шыққан. Экономикалық саясаттағы кемшіліктер мен шешілмеген түйткілдердің сазайын енді тартамыз.

«Алдағы желтоқсан, қаңтар мен ақпан айы өте-мөте күрделі болады. Қазақстан бірнеше үлкен қысымның астында қалады», – дейді ол.


2026 жылдың басында экономиканы бірнеше фактор алқымнан алмақшы. Толығырақ осы тұсқа жарияладық.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯23😱12🔥6👍4❤3🤡2
⚡️Балушкиннің ресейлік бекінісі: Қазақстанның талабы тағы да тартпада қалды...

Мәскеу Қазақстан іздеу салған «Азия Автоның» экс-басшыларын беруден бас тартты, деп хабарлайды Ertenmedia.

Еске салсақ, «Азия Авто» компаниясының бұрынғы топ-менеджерлері Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаев аса ірі көлемде алаяқтық жасап, салық төлеуден жалтарды деген айыппен сотталған еді. Биылғы сәуір айында Балушкин 9 жылға, ал Сағымбаев 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Үкім сырттай оқылды.

Бас прокурор Берік Асылов Мәскеуде бой тасалап жүрген тандемді елге қайтару туралы хат жіберген-тұғын. Алайда Ресейдің Әділет министрлігі әлгі өтінішті қараудан бас тартыпты.


Бас прокуратураның мәліметінше, Ресей тарапы шешімді 2002 жылғы Минск конвенциясын негізге ала отырып қабылдаған-мыс. Аталған конвенция бойынша орыстардың өз азаматтарына қатысты шетелдік соттың үкімін мойындамау құқығы бар екен.

«Балушкин мен Сағымбаев халықаралық іздеуден алынған жоқ. Ресейден өзге мемлекет аумағында ұсталған жағдайда, экстрадиция бойынша жұмыс жалғасады», – деп түсіндірді Бас прокуратура.

Сондай-ақ прокуратура әлгі екеудің ресейлік төлқұжат алуына байланысты Қазақстан азаматтығынан айырылғанын да мәлімдеді.


Бұған дейін ШҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі соты Балушкин мен Сағымбаевты кінәлі деп тану туралы үкімді күшінде қалдырған. Айыпталушылардан мемлекет пайдасына 115,98 млрд теңге материалдық шығын өндіріледі. Шешімде келтірілген залалдың орнына өндірілетін дүние-мүліктің тізімі 18 парақтан асып жығылыпты.

Астана ресейлік органдарға екі сотталушының Мәскеу, Петербор, Сочи, Новосібір және Краснодардағы жылжымайтын мүлкін бұғаттау туралы өтініш жіберген. Көршіміз бұл өтінішті де қарастырмай, тартпаға тастай салыпты.


«Бүйтер болсақ, елдің қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келуі мүмкін» деп түсіндірген екен Мәскеу.

Атышулы Балушкин 2021 жылдан бері іздеуде жүр. Оған 230 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылған. Әзір еліміздің Әділет министрлігі аталған залалды өндіру мәселесімен айналысуда.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡24👍13❤7🔥3😱2
⚡️ ОДКБ-ның отына күйген Тасмағамбетов: Иманғалидың имиджі мен Украинаның үкімі...

Иманғали Тасмағамбетов украиналық «Миротворец» сайтының «қара тізіміне» енді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Украинадағы қақтығыс басталғалы бері Ресейдің әскери әрекетін қолдағандарды әшкерелеп жүрген «Миротворец» сайты бұл жолы ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовке айып тақты.

Украиндар Тасмағамбетовті «соғысты насихаттап, Кремль агрессиясын қолдады» деп айыптап отыр.


Сайт авторларының жазуынша, Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы ретінде ұйымға мүше елдердің әскерін Мәскеуге көмек ретінде Киевке жіберуге дайын болған.

«Тасмағамбетов Ресейдің Украинаға жасаған зымыран шабуылдарын ақтап сөйлеген. Сондай-ақ ол Батыстың Киевке қару жеткізуіне қарсы шығып, ресейлік агрессияны толық қолдап келеді. Бұған қоса, Выборг кеме жасау зауытының акционері және КамАЗ-дың директорлар кеңесінің мүшесі», – делінген «Миротворец» жариялаған материалда.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың қаңтарынан бері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметін атқарып келеді. Оған дейін Қазақстанда премьер-министр, Қорғаныс министрі, Атырау облысының, Алматы мен Астананың әкімі, сондай-ақ Ресейдегі елші қызметін атқарған.

Қазақтілді ортада Тасмағамбетовті «ресейшіл саясаткер» деп айыптайтын қауымның шоғыры ұлғайып келеді. Бұған қатысты Имекең: «Әр мәселенің әділдігін адам көрмесе де, Алла көріп тұр», — деп жауап қатқан еді.


Тасмағамбетов сөй дей келе, әлгіндей пікірдегі аудиторияға өзінің өкпе-ренішін жасырмай жеткізген.

«Кейбір бақытсыз жандар мені «ресейшіл», «орысшыл» деп қаралап жүр. Келіссөздің күші емес, зымыранның мысы басып тұрған заманда, ОДКБ-ға туған елімнің атынан барып, мемлекеттің мүддесі үшін от пен суға түскенім үшін сатқын болғаным ба?.. Қадірімді білмегендердің арасында еңсемді түсіргім келмейді», — деген-тұғын саясаткер.

Айтуынша, Украина мен Ресейдің арасындағы қантөгісте жеңімпаз болмайды. Бәрі де жеңіледі. Мұндай жағдайда біреудің сойылын соғу нағыз соқырлық. Ал өз ұлтына соғыс тілеу нағыз қаніпезерлік…

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍43❤8👏4🤔4💩3😱2😢2💯1
⚡️Тарихи қолтаңба: Баку Орталық Азияға толыққанды енді

Әзербайжан Орталық Азияның алтыншы елі атанды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Әзербайжан президентінің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі, Президент әкімшілігінің бөлім басшысы Хикмет Гаджиев Бакудің Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесу форматына толыққанды мүше ретінде қабылданғанын хабарлады.

«Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары 🇦🇿 Әзербайжанды толыққанды мүше ретінде қабылдады.

Тарихымыз ортақ, бауырластығымыз терең еді, енді бұл қатынасымыз саяси, геосаяси және геоэкономикалық бірлікке ұласты.


Осы күннен бастап Орталық Азия алты мемлекеттен тұрады», – деп жазды ол.

Гаджиев жазбасына Орталық Азия елдері басшыларының қолдары қойылған ресми шешімнің фотосын қоса тіркеген.

Осы уақытқа дейін Орталық Азия форматына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан кіретін. Енді бұл аймақтық платформаға Әзербайжан да толыққанды қатысады.

Айта кетелік, осыған дейін президент Тоқаев Бакуді «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қосу керектігін мәлімдеген.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍76❤7👏7🔥3💯1
⚡️Ата-Бейіттен әуежайға дейін: Назарбаев пен Атамбаев арасына сына қаққан «Үркүн» қасіреті...

Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев арасындағы атышулы араздықтың астарында тарихи шындыққа деген көзқарас пен Кремль көсеміне қатысты тартыс жатыр, деп жазады Ertenmedia.

Қырғыз саясаткері әрі Атамбаевтың сенімді серігі болған Темірлан Сұлтанбековтың айтуынша, екі экс-президенттің қарым-қатынасы 2016 жылдың қыркүйегінде күрт бұзылған.

Оқиға Бішкекте өткен ТМД басшыларының саммиті мен Атамбаевтың 60 жасқа толған мерейтойымен тұспа-тұс келген екен.

Сол кездегі Қырғызстан президенті мерейтойында көрші елдердің басшыларын Ата-Бейіт мемориалына алып барып, қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етуді жоспарлаған. Әлгі бастамаға Ресей президенті Владимир Путин әу баста құлықсыз болған көрінеді.


1916 жылғы көтеріліске қатысты қанды қырғынға Мәскеу әлі күнге дейін ашық баға беруден тартынатын.

«1916 жылғы Үркүн қырғыны қазақ-қырғызға ортақ трагедия. 200 мың адам қырылып, жарты миллион халық Қытайға босып кетті. Атамбаев осы қанды оқиғаға әділ баға беру туралы жарлық шығарды. Кремльдің қабағына қараған жоқ...», – дейді Сұлтанбеков.

Әрі ойланып, бері ойланған Путин шараға баруға оқталған тұста, оған Назарбаев бөгет жасап, Кремль көсеміне бұл рәсімді «антиресейлік акция» деп жеткізген.


«Қазақстанда мұндай іс-шараны Ресейге деген сыйластықтан өткізген жоқпыз. Егер сен Ата-Бейітке барсаң, қазақтар мұны түсінбейді, себебі біз мұндай жарлық шығарған жоқпыз. Атамбаев нағыз ұлтшыл, ұлт араздығын қоздырып отыр», – деген екен экс-елбасы.

Сұлтанбековтың айтуынша Назарбаев мұның бәрін Атамбаевтың көзінше айтқан. Мұны естіген қырғыз басшысының ашуы терісіне сыймай, «арс..» ете қалған.

«Мұндай мемориал орнатқың келсе, кім қолыңды қақты? Сенің жасыңдағы адам Құдайдан қорқуы керек», – деп тойтарып тастапты Атамбаев.


Ақырында, екі президенттің салғыласқан сәтін сырттай бақылап тұрған Путин аз-кем ойланып, Атамбаевтың соңынан ілесіпті.

«Осы арқылы Путин өзінің парасатын көрсетті. Назарбаев әлгі жерден кілт бұрылып, әуежайға кетіп қалды. Путин болса, Ата-Бейітке барып гүл шоғын қойып, артынан Атамбаевтың мерейтойына қатысты. Ресей басшысы осы әрекеті арқылы талайдан бергі тарихи тақырыптың тігісін жатқызды. Сол тұстағы Қырғызстан ешкімнен кем болған жоқ. Бұл оқиғаны қайта айтуға Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы себеп болды», – дейді Сұлтанбеков.

Міне, содан бері Назарбаев пен Атамбаев ат құйрығын үзіскен. Айтқандай, қазір Испанияда ем алып жатқан Қырғызстанның экс-президенті Садыр Жапаровты да оңдырмапты. "Әй, Садыр! Халық бәрін көріп отыр. Сен уәде еткен ешбір дүние орындалмады" дейді ол. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤31👍20🤮2🔥1
⚡️Таллинге «жер аударған» Көлгінов: Эстониядағы елшінің Астанамен байланысы үзілді ме...

Алтай Көлгінов өзінің Эстонияға елші боп тағайындалуын «саяси жер аудару» деген қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Үш жыл бұрын Астана әкімінің орнын босатқан Көлгінов былтыр мамырда Қазақстанның Эстониядағы елшісі боп кеткен еді.


Orda-ның жазғанындай Ақорданың дәлізінде журналистермен жүздескен дипломатқа тағайындаудың артында саяси астар бар ма деген сұрақ қойылған.

«Мұндай сұрақпен барлық елшілерді ренжітіп алдыңыздар. Елші мемлекетаралық деңгейдегі маңызды саяси қызмет. Мемлекет маған осындай жауапты істі сеніп тапсырғанын мақтан тұтамын», – деп қысқа қайырған Көлгінов.

Журналистер елшіге Астана тұрғындарының әкімдікке жиі наразылық танытқанын да еске салды. Көлгінов бұған әкімдік жұмысына шағым айтылуы заңды құбылыс деп жауап берді.

«Наразылық бұрын да болды, алдағы уақытта да болады. Елорданың дамуын Мемлекет басшысы өзі жіті бақылайды. Сын бар жерде даму бар. Бұл ма, бұл қалыпты жұмыс процесі», – деді экс-әкім.


Айта кетелік, бүгін Тоқаев Астанаға арнайы келген Эстония басшысы Алар Кариспен кездесіп, Балтық жағалауындағы елмен әріптестікті арттыру бағыттарын белгіледі.

Екі күндік сапармен келген Кариспен кездесуде Қазақстан президенті Эстонияның теңіз порттарына жол ашып, екіжақты сауда-саттық көлемін арттыруға мүдделі екенін білдірді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22❤5🔥3👎1
⚡️ Бір үйдегі он екі тағдыр: Түркістанды тітіреткен таңғы трагедия...

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында алапат өрт шығып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ertenmedia.

Қайғылы жағдай бүгін таңсәріде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде екі қабатты тұрғын үй толығымен отқа оранып үлгерген. Құтқарушылар қызыл жалынның ішінен ес-түссіз жатқан үш адамды алып шығып, жедел жәрдемге тапсырды.

Үйдің ішінен 12 адамның мәйіті табылды, олардың тоғызы бала. Көршілердің айтуынша, қайғылы оқиға болардың алдында үйде қонақтар болған, тұрғындар кешкісін жиын өткізген екен.


Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Қазір оқиға орнында төтенше қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері анықталуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкімет пен Түркістан облысының әкімдігіне зардап шеккен отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіп, оқиғаның себебін мұқият зерттеуді тапсырды.

«Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Балалар құқығы жөніндегі омбудсмен Динара Закиеваның айтуынша, үйде екі отбасы ата-аналар балаларымен бірге болған. Өрт кезінде үйдің шатыры опырылып түскен.

Апаттан аман қалған екі ересек пен бір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты деп бағалануда.


Президент тапсырмасымен Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамында Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек министрліктері мен жергілікті әкімдік өкілдері бар.

Комиссия оқиғаның мән-жайын толық анықтап, зардап шеккен отбасыларға медициналық, психологиялық және әлеуметтік жәрдем көрсетеді. Облыс әкімдігіне марқұмдарды жерлеуді ұйымдастыру тапсырылды. Аймақ басшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢44🕊7❤5🙏1
⚡️Өрттен кейінгі өре түрегелу: Бозымбаев жаппай тексеріске пәрмен берді...

Жетісайдағы қайғылы өрттен кейін Қазақстанда жаппай тексеріс басталады, деп жазады Ertenmedia.

Үкіметтік комиссияны басқарып отырған вице-премьер Қанат Бозымбаев тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін жан-жақты тексеруді тапсырды.

Бұған дейін Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам қаза тапқан еді. Марқұмдардың тоғызы бала, үшеуі ересек. Өрт болған түні үйде екі отбасы болған. Қайтыс болған балалардың әкелері ағалы-інілі азаматтар.

Үкіметте өткен жедел жиында Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Энергетика, Еңбек, Оқу-ағарту министрліктерінің басшылары мен Түркістан облысының әкімі оқиғадан кейінгі ахуал жайлы баяндама жасады.

«Өрттен аман қалған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. 1986 жылы туған ер азамат оттан өз күшімен шығып үлгерген. Оның денесінің 12 пайызы күйген, жағдайы ауыр. Ал 1991 жылы туған ер адам мен 2018 жылы туған бала өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Олардың денесінің 30 және 11 пайызы күйген. Шымкенттен санитарлық авиацияның арнайы бригадасы келіп жетті», – делінген Үкімет хабарламасында.


Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлескен тергеу жұмысын жүргізуде. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт қауіпсіздігі талабының сақталмауы салдарынан екі немесе одан көп адамның қаза болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалды.

Комиссия төрағасы Қанат Бозымбаев мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді:

⚫️Еңбек министрлігі мен облыс әкімдігіне қаза болғандардың отбасына толық материалдық көмек көрсетуді;

⚫️Денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккендердің денсаулығын жіті бақылап, қажет болған жағдайда оларды санитарлық авиациямен Астанаға жеткізуді;

⚫️Ішкі істер министрлігіне өрт себебін анықтау және кінәлілерді жауапкершілікке тарту барысын жеке бақылауға алуды;

Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстардың әкімдіктеріне әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жатақханалар мен хостелдердегі үйлерге жаппай рейд жүргізіп, пештердің жағдайын тексеруді және анықталған заң бұзушылықтарды тез арада жоюды тапсырды.


Президент Тоқаев қайғыға ортақтасып, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себебін анықтап, зардап шеккендерге жәрдем беру үшін Үкіметтік комиссия құрылған болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢23❤7👍6👎1🙏1
⚡️«Северный казахтың» соңғы эфирі: Кремльге бүйрегі бұрған блогер жазасын алды...

«Северный казах» деген атпен танымал блогер Асылан Төлегенов ұлтаралық араздық тудырғаны және жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Күні кеше Көкшетау қалалық соты атышулы істің соңғы нүктесін қойды. Жабық есік жағдайында өткен процесте провокатор кінәсін толық мойындап, ұсынылған айғаққа қарсылық білдірмеген.

Тергеу материалы бойынша «орыс әлемін» ұлықтаған блогер ұлтараздықты қоздыратын контентті ұдайы түрде таратқан. Сараптама оның видеолары ұлтты ұлтқа айдап салатын арандатуға тұнып тұрғанын растаған.


«Айыпталушы кінәсін толық мойындап, ұсынылған дәлелге дау айтпады. Кінәсі тек мойындауымен ғана емес, телефонын ақтару нәтижесімен, әлемжелідегі видеоматериалмен және сараптама қорытындысымен расталды», – дейді Көкшетау қалалық соты.

Соңғы кезде шектен шығып кеткен Төлегенов жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.

YouTube-та «Северный казах» деген қауіпті арнаны жүргізген блогерге аздаған уақыттың ішінде 173 мыңнан астам адам жазылып үлгерген еді. Көзқарасы толықтай «проресейлік» блогер қазақтандыру саясатына қарсылық білдіріп, «елде дерүсификация жүріп жатыр» деп Кремльден көмек сұраған.

«Қазақстанда орыс тілі қысым көруде». «Қазақтарды адам қылған орыстар». «Орыс кетсе, Қазақстанда берекесіздік басталады», «Ұлы Ресей, саған рақмет!» секілді үндеулері миллионға жуық қаралым жинаған.


«Орыс әлемі жаһанға жақсылықтың дәнін егеді, жер бетінде әділдік орнатуды мақсат тұтады», – деген еді ол.

Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша мұндай ұстанымдағы блогерлерді Мәскеуге арнайы шақырып, құрмет көрсетіп, сый-кәде үлестіріп отырады. Төлегенов тәрізді «орыс әлемін» ұлықтаған блогергерге iPhone секілді бағалы сыйлықтар да табысталған. Бұлар Ресейдегі әсіреұлтшыл топтармен ұдайы байланыста.

Бұған дейін Sputnik агенттігіне берген сұхбатында Төлегенов «Қазақстандағы орыстілді азаматтардың құқығы жиі тапталып, дискриминацияға ұшырайды», – деп шағымданған әрі өзі тұратын Көкшетау қаласын, Кокшетав деп атауға петицияға ұйымдастырған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍97👏11❤7🔥4
⚡️Балаеваға бағытталған үндеу: Тиматидің концерті қазақ блогерін полицияға сүйреді...

Белгілі блогер Аида Жексенова ресейлік рэпер Тиматидің концертіне бойкот жариялауға шақырған жазбасынан кейін экстремизммен күрес басқармасына шақырылды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Блогердің сөзінше, полиция оны әлемжелідегі «соғысты қаржыландырмаңыздар» деген сөзі үшін тексеруге алған. Бұған Тимати мен өзге де орыс әншілерінің Қазақстандағы концертін ұйымдастырушы Алексей Пучковтың домалақ арызы себеп болған.

Пучков қыркүйек айында Жексенованың Тимати концертіне бойкот жариялауға шақырған жазбасын көріп, полицияға шағым жолдаған екен.


«Тиматидің концертіне билет алмаңыздар. Соғысты қаржыландырмаңыздар!» деген жазбасын Пучков Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша бағалауды талап еткен.

Жексенованың айтуынша, пәлцейлер жазбаны алып тастауды тұспалдап жеткізген және басқа да осыған ұқсас ұқсас істерді (Әлика Мухамадиева, ред.) мысалға келтірген.

Өз кезегінде блогер әлгі постында ешқандай агрессия, ұлтқа немесе дінге қатысты арандату, жеккөрушілік болмағанын алға тартады. Ол тек саяси позициясын білдіріп, «z»-идеологияны насихаттайтын әртістің концертіне қатысты пікірін жазғанын жеткізді.


«Менің жазбам концерт туралы, орындаушы туралы және z-насихаты жайлы ғана», – деп жазды Жексенова парақшасында.

Ол полиция тексерісті жалғастыра берсе, жалған айып таққан Пучковқа қарсы арыз түсіретінін мәлімдеді. Сондай-ақ постын өшірмейтінін, бұл мәселе өзі үшін принципті екенін шегелеп айтты.

Жексенова Ақпарат министріне үндеу жасап, медианы қорғауға келгенде қарап қалмайтын Аида Балаевадан жағдайға араласуды сұрап отыр.

Оның пікірінше, саяси бойкотты экстремизм деп тану күні ертең журналистер мен белсенділерге қарсы қолданатын қаруға айналуы әбден мүмкін.


Айта кетейік, бұған дейін e-petition порталында Тиматидің Алматы мен Астанадағы концертін өткізбеу туралы петиция жарияланып, мыңдаған адам қол қойған еді. Петицияда әншінің Украинаға қарсы басқыншылықты ашық қолдағаны туралы жазылған.

Жексенованың үстінен арыз жазған Алексей Пучков таяуда Алматыда өтетін канадалық әнші The Weeknd-тің концертін басқа елге ауыстыруды қарастырып жатыр. Бұған ресейлік әншілердің гәстроліне қатысты қазақтілді қауымның қарсылығы себеп болған көрінеді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍61❤9🔥5😱4👎1
⚡️Көпір астындағы құпия: Қаңтар кезінде жоғалған қару табылды...

Алматы облысының полициясы Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қару жасырылған орынды тапты, деп хабарлайды Ertenmedia Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел іздестіру шаралары кезінде Үлкен Алматы каналының үстіндегі автокөпір астынан жасырын қойма анықталған. Тексеру барысында қоймадан 12-калибрлі тегіс ұңғылы мылтық шықты.

Қару 2022 жылдың қаңтарында Алматыдағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған заттардың тізімінде тіркелгені белгілі болды.


Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, прокуратура мен полиция жасырын қоймаға қаруды кім және қандай мақсатпен тыққанын анықтау үшін тергеу амалдарын бастап кетті.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16❤4🤡3😁1