Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Тоқтатылған мандат, тоқтамаған мінез: Мәжілістен қуылған Танашева нені айтты...

Экс-депутат Гаухар Танашева Мәжілістен шеттетілуіне билікті ашық сынауы себеп болғанын мәлімдеп, Парламент ішіндегі цензураның жай-жапсарын жария етті, деп жазады Ertenmedia.

Azattyq арнасына берген сұхбатында Танашева Мәжілістегі соңғы күндерінің қысым мен қудалауға толы болғанын жайып салды. Оның сөзінше, мандатынан айырылуына Үкімет пен халық арасындағы байланыстың жоқтығын өткір сынаған сауалы түрткі болған.

Танашеваның айтуынша, қарапайым халықтың тұрмысын көтеріп, қоғамның шынайы мәселесін айтуға тырысқанымен партия басшылығы оның соңғы депутаттық сауалын мінберден оқуға мүлде рұқсат бермеген.

«Соңғы депутаттық сауалым Халық партиясының басшылығына ұнамады. Сауалдың мәтіні алдын ала вице-спикер Әлберт Рауға жолданыпты.

Ол маған төтесінен: «Айналайын, мына сауалды оқымайсың» деген шарт қойды. Бірақ мен ешкімнің келісімін күтпей, мінберге шығып, сауалымды оқып шықтым. Осыдан кейін бюро менің мәселемді май шаммен қарап, шешім қабылдаған.

Артынша Орталық сайлау комиссиясы маған ешқандай ескертусіз, мандатымның тоқтатылғанын хабарлады», – дейді экс-депутат.

Оның айтуынша, Мәжілісте шындықты айтуға тырысқан депутаттар шеттетіліп, Үкімет сағаты мен жиынның барлығы алдын-ала келісілген сценарий бойынша өтеді.

«Мәжілістегі талқылаулар спектакль. Кімнің қандай сұрақ қоятыны, министрлердің қандай жауап беретіні алдын ала келісіліп қояды. Министрлер дайын жауаппен, депутаттар алдын ала бекітілген сұрақпен ғана шектеледі. Сондықтан жиналыстар үнемі мінсіз өтеді», – дейді Танашева.

Пікірінше, депутаттар көтерген өткір мәселелер министрліктерге жетпейді немесе формалды жауаппен шектеледі. Министрлер мен ведомстволар депутаттарды менсінбей, өз бетінше әрекет етеді.


Айта кетейік, Гаухар Танашеваның өкілеттігі 2024 жылдың 23 желтоқсанында Халық партиясы бюросының шешімі негізінде тоқтатылған.

Танашева еліміздегі көптеген мәселенің түп-тамырында жоқшылық жатыр деп мәлімдеген.

«Бізде қаншама аналар бала-шағасын жетектеп не үй ала алмай, не бала еміне ақша таппай жүр. Жеріміз, еліміз бай деп мақтанғанда сондаймыз. Онда әлгі мәселелер қайдан шықты? Атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай, мардымсыз айлық пен жәрдемақыны жеткізе алмай, несиеге батқан халқымыз не істейді?

Қыс келсе, үйлер отқа оранады. Көктем басталса суға кетеміз. Үкімет неге осының алдын алмайды? Халықтың көп бөлігі шықпа жаным шықпамен күн кешіп жүр. Қазақтар өмір үшін күрестен қажыды.

Мұндай жағдайда патриоттық тәрбие туралы айтудың өзі ұят. Біз бе, біз жетімін жылатып далада қалдырған, халқын ойламайтын, аямайтын Үкіметтен тұратын мемлекетпіз», — деген болатын экс-мәжілісмен.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥73👍34❤10
⚡️Астанаға қол жайған Қарашөкеев: Жамбыл шенеуніктерінің шырт ұйқысы бұзылды...

Бас аудитор Әлихан Смайылов жүргізген тексеріс нәтижесінде Жамбыл облысындағы өткір мәселелердің беті ашылды деп жазады Ertenmedia.

Жоғары аудиторлық палата Жамбыл өңірін тексеріп, аймақтағы жағдайға шынайы баға беріпті.

Соңғы 4 жылда облыстың ел экономикасындағы үлесі 2,7 пайыздан 2,3 пайызға дейін төмендеген. Инвестиция көлемі биыл біраз өскенімен, жалпы көрсеткіш бойынша басқа өңірлерден үш есе артта қалып отыр.

Аудиторлардың айтуынша, Ербол Қарашөкеев басқаратын облыс бюджетінің 80 пайызы (!) әлі де орталықтың мойнында. Соңғы төрт жылда республикалық бюджеттен берілетін ақша 344 млрд теңгеден 521 млрд теңгеге жеткенімен, соның 38 млрд теңгесі жұмсалмай, босқа тұрған.


Өңірдің Астанаға тәуелдігі тым жоғары. Осы кезеңде бюджеттен берілген трансферттер көлемі 51 пайызға артқан.

Аудит әсіресе мем.тапсырысқа қатысты күмәнді жайттарды ашып көрсетті. Тараздағы құрылыс пен коммуналдық шаруашылық бөлімдері кейбір тапсырысты «құпия» форматта рәсімдеп, нарықта таза бәсекеге жол бермеген. Онымен қоймай, тендерді өздеріне жақын фирмаларға ұстата салған.

Айталық, қалалық жол жөндеуге 537 млн теңге алдын ала төленгенімен, жұмыс екі айдан аса басталмаған. Смайыловтың тамыздағы тексерісінен кейін ғана мердігерлер «есі кіріп», іске кіріскен.

Ең сорақысы Шу ауданындағы 18 ауылға газ тарту жобасы. Екі жылда бітуі тиіс жұмыс алты жылдан бері аяқталмай келеді. Сөйтіп 8,2 млрд теңге игерілмей, бюджетке кері қайтқан.


Өңірдің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы да цифрларды ойша қысқартып, қағаз жүзінде «табысты» көрінгісі келген. Бұрын 18 көрсеткіш болса, қазір соның бесеуі ғана қалған. Оның өзі нақты нәтижелерге қарай қолдан «түзетіліпті».

Жалпы алғанда, аудит 58,5 млрд теңгеге заң бұзушылықты әшкереледі. Оның ішінде бухгалтерлік есеп бойынша былықтар 47,1 млрд теңге. Ал бюджет ақшасын тиімсіз жұмсау мен жоспарлау 75,6 млрд теңгеге жеткен. Бас аудитор Әлихан Смайылов бұл іске өзі араласып, жауапты адамдарды жазалап, заңға өзгеріс енгізуді жеке бақылауға алатынын мәлімдеді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥28❤6💯6👏2👍1🤔1
⚡️Таластағы трагедия: үш баланы құлдықта ұстаған өгей әкеге үкім шықты...

Жамбыл облысы Талас ауданында үш бірдей жеткіншекті ұзақ жыл бойы азаптап, құлдықта ұстаған азамат сотталды, деп жазады Ertenmedia.

Іс материалына сәйкес, айыпкер өгей ұлдарын 6 жыл бойы ұрып-соғып, таңнан қара кешке дейін малдың соңына салып, қара жұмысқа жеккен.

Балаларды қоғамнан оқшаулап, аш қалдырып, телефонын тартып алып, коллежде оқитын үлкен ұлдың шәкіртақысына ортақтасып отырған.


«Сот отырысында балалардың берген куәлігі және іс бойынша жиналған өзге де айғақ арқылы айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Айыпкердің жауапкершілігін жеңілдететін фактырлар анықталмады. Сот оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды», – деп хабарлады Талас аудандық соты.

Контексті айта кетейік…

Оқиға тамыз айында Көктал ауылы тұрғындарының үш баланың жоғалып кеткені туралы хабарынан кейін дүйім елге тараған. Малды өріске шығарған үш ағайынды сол күйі үйге оралмаған еді. Анасы полицияға арызданғасын, іздеу салынған балалар Алматыдан табылған. Олар туған әкесі мен анасының әпкесін паналауға мәжбүр болған. Кейіннен ағайындылар Тараздағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендердің орталығына жеткізілген.

Белгілі болғандай, олар өгей әкеден 6 жыл бойы зәбір көріп келген.

Үш ұлдың үлкені, 16 жастағы егіздің сыңары колледжге түскенімен, өгей әке оның стипендиясын түгелдей қалтасына басып, баланы оқуға жібермей қойған. 10 жасар Ұзақбай төртінші сыныпта оқуы тиіс болғанымен, қара танымайды, жазу-сызуға қабілетсіз күйде қалған.


Балалардың ет жақындары ауыл әкімі мен имамның әлгі жағдайдан хабардар болғанын, бірақ еш шара қолданбағанын мәлімдеген еді. Бастапқыда пәлцейлер «ұрып-соғу, ауыр жұмысқа шегу құлдық емес, құлдық тек кісен мен бұғауға түскен жағдайда ғана болады» деп бет бақтырмаған. Өңір басшылығы жағдай әбден ушығып, ел ішіне тараған соң ғана қозғалған болатын.

Осының алдында Erteńmedia «Қарашөкеевтің тұсындағы Тараз 90-шы жылдарға қайта оралып жатқанын» жазған еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱28❤12👍6🙏1
⚡️Ағылшын даласындағы алты ай: Қазақ қызы британ бейнеті туралы ашық айтты...

Ұлыбританияда ауыл шаруашылығының уақытша жұмысшысы болып қайтқан қазақ қызы шетелдегі еңбектің бейнеті мен зейнеті туралы ашық әңгімелеп берді, деп жазады Ertenmedia.

Сымбат есімді отандасымыз (кейіпкердің өтініші бойынша аты өзгертілген) алғаш рет британ даласына 2024 жылы барған. Алғашқы сапарында ашық аспан астында жұмыс істесе, биыл таныс арқылы жылыжайда өнім қаптайтын жұмыс бұйырыпты.

Сымбат жұмысқа арнайы агенттік арқылы орналасқан. Виза мерзімі алты ай. Жол шығыны, виза рәсімдеу мен жатын орын ақысы кейін жалақыдан ұсталады екен. Тамақ пен тұрмыстық заттарды жұмысшы өзі сатып алады.


«Даладағы жұмыс өте ауыр. Британ аралдарының ылғалды, желді, суық ауа райы денсаулықты құртады. Қайтып еңбекке жарауың қиын. Жаңбыр мен батпақтың астында, бел жазбай, күні бойы ауыр еңбекпен айналысу оңай емес», – дейді Сымбат.

Еңбек ақысы сағаттық есеппен төленеді. 2025 жылғы заңмен бекітілген ауыл шаруашылығындағы ең төменгі жалақы 11,45 фунт (салық ұсталмағандағы мөлшер).

Жұмыс күні кемінде 8 сағаттан басталады. Одан артық жұмыс істеуге ешкім шектеу қоймайды. Сымбатпен бірге Орта Азия, Украина, Бұлғария және Румыния азаматтары жұмыс істеген. Оның сөзінше, британдар орыстар мен африкалықтарды жалдамайды.

«Бұрын Ұлыбританияға жұмысқа барған қазақтың ер-азаматтары Лондонға қашып, заңсыз мигрантқа айналатын. Сондықтан қазір агенттіктер бала-шағасы мен бағып-қағатын жақыны бар әйелдерге басымдық береді», – дейді ол.


Сымбат Ұлыбританиядағы алты айлық ауыр еңбектен соң, Қазақстанға 6 миллион теңге табыс әкелген. Енді ақшаны декларациялап, салығын төлеуі қажет.

Кейіпкеріміз енді ағылшын жеріне аттап баспайтынын, әлгіндей жағдайда жұмыс істемейтінін айтып отыр. «Балаларыма ана керек. Отбасыма табанынан сыз өткен, өкпек желден денсаулығын құртқан емес, сау-саламат ана керек екенін түсіндім», – дейді ол.

Жалпы Ұлыбританиядағы маусымдық ауыл шаруашылығы жұмысына жас әрі денсаулығы мықты, көпбалалы отбасынан шыққан қыз-келіншектер жиі алынады екен.

Алма Жандәулетова есімді кәсіби рекрутердің пікірінше, тарихи тұрғыда британдар байлығы мен мәртебесін өзге ұлттарды ауыр еңбекке жегу арқылы қалыптастырған. Сондықтан маусымдық жұмысшыларға жергілікті халықпен бірдей жағдай жасалады деу қисынсыз.

«Егер дәл сондай құлшыныспен, күніне 8-12 сағаттан тырбанып, тынымсыз жұмыс істесеңіз, Қазақстанның кез келген жерінде, бала-шаға мен ата-анаңның жанында жүріп те айына млн теңгеге дейін табыс табуға болады. Тек ішімдік пен есірткіден аулақ, еңбекқор болсаңыз жеткілікті», – дейді 26 жылдық тәжірибесі бар рекрутинг маманы Алма Жандәулетова.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤32👍17😱5💯3🤔1
⚡️ Әбішұлының әрктикалық амбициясы: Назарбаев, Ким және Чукоткадағы «алтын мыс»

Ресейдің Әрктикадағы алып жобасының артында Назарбаевпен байланысты қалталы тұлғаның тұрғаны анықталды, деп жазады Ertenmedia.

Осыдан жеті жыл бұрын Кремль көсемі Чукоткідегі Байым мыс кенішінде тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастауға пәрмен берген. Құны 14 млрд доллар тұратын кешенде теңіз үстіндегі АЭС, порт және 400 км жол салынуда. Жоба іске қосылғанда Мәскеудің мыс өндірісі 25 пайызға, ал алтын өндірісі 4 пайызға артуы тиіс дейді.

Алғашында Роман Абрамовичтің иелігінде болған кенішті кейіннен қазақстандық KAZ Minerals компаниясы сатып алған. Соңғы жылдары жоба АҚШ санкциясының құрсауында қалып, жабық инвестициялық қорға өткен.

«Система» барлаушыларының мәліметінше, Байым жобасы әлі күнге дейін KAZ Minerals-тың ірі акционері Владимир Киммен тығыз байланысты. Ким деген кім?

Қазақстандық миллиардер кезінде Әбішұлының «әмияны», сыр ашатын сенімді серігі болған еді. Әулетпен байланысты қорларды, Назарбаевтың сайлау науқанын түгелдей әлгі Ким қаржыландырған дейді-мыс. Бұған дейін оның үлкен кісіге самолет сыйлағаны туралы ақпарат тараған еді.


Байым кенішін басқаратын холдингтің басына былтыр қазақстандық Елена Рәскошная тағайындалған. Ол бұған дейін Кимге тиесілі «Алмател» компаниялар тобына басшылық еткен. Жобаның бас директоры Георгий Фотин бұған дейін KAZ Minerals-тың Мәскеу бөлімшесін басқарған.

Пенсиядағы Назарбаев Путинге жиі-жиі барып тұрады. Кремльмен тығыз байланысты үзгісі келмейтін экс-Нұрағаның төңірегі де түгелдей Ресеймен ауыз жаласқан. Айтпақшы, жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында «тұңғыштың» Мәскеуге ұшып кететін әдеті бар.

Әртикадағы күлшелі жобаның артында тұрған Владимир Ким KAZ Minerals-тің 63,5 пайыз акциясын, ал «Қазақмыстың» 70 пайыз үлесін иеленген. Екеуінен де күреп табыс тауып отыр. 2023 жылдың өзінде KAZ Minerals 2 млрд доллардан астам пайда тапқан.


Ақтоғай мен Бозшакөл кеніштерінің түбінде жүздеген миллиард теңге бөгіп жатыр. Соған қарамастан, компания өндіріс алаңындағы қауіпсіздікке селқос қарайды. Былтыр күзде ғана KAZ Minerals шахтасында бес жұмысшы қаза тапқан еді.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша Назарбаев әулетінің шашырап жатқан капиталы 50 млрд доллардан асып жығылады. Мұның сүбелі бөлігі Швейцарияның ең ірі деген қаржы конгломераты Credit Suisse-тің есеп-шотында сүрленіп жатыр.

Бірақ бұл айсбергтің беткі жағы ғана болуы мүмкін. Tax justice network-тың мәліметінше Назарбаев кланы өткен 30 жылда 140–160 млрд долларды офшырға шығарған.


Жемқорлардың жеп-ішкенін тінтумен айналысатын халықаралық орталықтың мәліметінше (OCCRP) Назарбаев шын мәнінде әлемдегі ең дәулетті адамдардың төбе басында тұр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18😱13❤8🔥4
⚡️Қожамжаровтар әулетінің бизнес-империясына алғаш рет ауыр соққы тиді...

Алматының Медеу аудандық соты Қайрат Қожамжаровтың туған бауыры Дулат Қожамжаров пен оған тиесілі фирмалардың мүлкін бұғаттады жазады Ertenmedia.

BesMedia басылымының мәліметінше, бұған «Халық банкінің» шағымына себеп болған. Банк 2,63 млрд теңге көлеміндегі берешекті қайтару үшін кәсіпкер мен оның компанияларына тиесілі мүлікті бұғаттауды талап еткен.

«Жауапкер тараптар «Ойл Снаб» компания тобы, «HILL Resources», «HILL Invest», «AvtoTechMas Ltd» ЖШС-ы, сондай-ақ Дулат Қожамжаров пен Гүлназ Қожамжарованың барлық жылжымалы-жылжымайтын мүлкіне 2,63 млрд теңге көлемінде шектеу қойылсын», – делінген сот шешімінде.

Дулат Қожамжаров байлығы 100 млн доллардан (!) асып жығылатын ауқатты қазақтың бірі. Оның меншігінде 7 компания тіркелген. Бас прокуратура Қожамжаровтың інісін «заңсыз активті қайтару» туралы заң аясында бақылауға алынатын тұлғаның санатына қосқан.


Қайрат Қожамжаров ұзақ жыл бойы коррупциямен күрес мекемелерін басқарды. Оның тұсында антикор Агенттік те, Бюро формасында да болды. Кейіннен Бас прокурор, сенатор лауазымында болды. 2023 жылдың басында Парламенттегі орнын босатып, мандатынан айрылды.

Қожамжаровтар Шымкенттегі «Hill Corporation» майлау материалын шығаратын зауыттың жалғыз иесі. Биыл көктемде Бәсекені қорғау және дамыту агенттігі ҚТЖ мен Hill Corporation арасында локомотивтерге арналған мотор майын жеткізуде 624 млн теңгеден астам сомаға бәсекеге қарсы келісім жасалғанын анықтаған. Оның алдында Жаңа Қазақстан Hill Corporation-ның «еншілес» компаниясынан Шымкент маңындағы 54,7 гектар жер учаскесін қайтарып алған. Қалалық жер ресурсын басқару департаментінің тексеруі кезінде жердің «Hill Invest» ЖШС-не аукционсыз, Жер кодексін өрескел бұза отырып берілгені анықталған.

Жер ауыл шаруашылығына арналғанымен, компания онда мұнай өңдеу зауытын салуды жоспарлаған. «Hill Invest» ЖШС-нің басшысы Қайрекеңнің тағы бір бауыры Қуат Қожамжаров.

Экс-прокурордың балалары Бексұлтан мен Елнар Пернеш, Жанайдар Қайрат пен Жәнел Қайраттар «Astana Real Estate Management» фирмасына иелік етеді. Компания жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысады. Қожамжаровтың ұл-қыздары елорданың Есіл ауданында орналасқан 9 қабатты «Астана» бизнес-орталығындағы кеңселерді жалға беріп жүр.


Финполдың экс-төрағасы әзір Мәскеуде тұрады. Соңғы кезде Ресей Қожамжаровқа жәйсыз болып жүр, ескі Қазақстанның белді өкілі басқа елге қоныс аударуды жоспарлап жүр дейді-мыс. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥25👏10❤8😡2😱1
Қазақша сөйлейтін ЖИ-көмекші Алиса тұрмысты жеңілдетуді жалғастыруда

Алисаның қазақ тілінде сөйлей бастағанына екі жыл болды, ал соңғы бір жылда ақылды колонкалардағы қазақша жауаптар саны 3,6 есе артты.
Ол көңіл-күйге сай музыка қоса алады, балаларды ертегі қосып беріп ұйықтатады, кездесулер мен дедлайндарды ұмыттырмайды, сабақ оқуға көмектесіп, күрделі терминдерді қарапайым тілмен түсіндіреді

Сонымен қатар, Алиса сіздің қандай музыка тыңдайтыныңызды және қалау-талғамыңыз қандай екенін есте сақтап, жауабы мен ұсынымдарын соған орай барынша лайықтап береді 🎙️
👍35❤18🔥5👏2🤔1
⚡️Әбеновтің айыппұлы: Қазақстанда сатушыларды «тәртіпке салатын» заң қабылданбақ...

Қазақстанда тұтынушыны алдайтын кәсіпкерлерге салынатын штрап көлемі көбейеді, деп хабарлайды Ertenmedia.

Депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, Парламентте қаралып жатқан заң жобасында сатушылардың жауапкершілігін арттыру көзделген.

«Тұтынушы құқығын бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшерін ұлғайтамыз. Енді сатушы тауар құнын толық қайтарумен бірге қосымша айыппұл төлейді. Мәселен, 1 млн теңгенің тауары үшін тұтынушыға ақшасын қайтарып, оның үстіне тағы 100 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Басты мақсат кәсіпкерлерге тұтынушы құқығын бұзу тиімсіз болу керек», – деді депутат.


Әбеновтің айтуынша, алданған тұтынушы алдымен сатушының өзіне шағым түсіре алады. Егер ол 10 күн ішінде жауап бермесе, тікелей сотқа жүгінуге құқылы.

«Мен азаматтарға бірден сотқа барыңдар деп кеңес беремін. Конституция бойынша әр азаматтың сотқа шағымдану құқы бар. Кейбір судья мұндай шағымдарды басқа мекемелерге бұрып, істі қарауға құлықсыз болады. Бұл дұрыс емес», – деді мәжілісмен.

Сондай-ақ, заң жобасында WhatsApp сияқты мессенджердегі хат-хабар алмасу ресми келісімшарт болып саналатыны көрсетілген.


«Қазір онлайн сауда кең тарады, азаматтардың көбінде қағаз түрінде келісім жоқ. Сондықтан біз видеожазба, WhatsApp-тағы жазбаша келісім мен хат алмасу ресми келісімшартқа тең деп көрсетіп отырмыз. Егер мен сатушыға ақша жіберсем, ол маған WhatsApp арқылы тауарға 3 жыл кепілдік берем деп уәде берсе, ендеше бұл ресми келісім. Ертең ол сөзінен тайып, «арада ешқандай келісім болмады» деп кете алмайды. Біз халықты осылай қорғағымыз келеді. Өйткені компаниялардың заңгері бар, ал қарапайым тұтынушы қорғансыз күйде қалады», – деп түсіндірді депутат.

Сонымен қатар, Әбенов Мәжілісте банктер туралы заң жобасы қаралғанда да тұтынушыны қорғайтын түзету енгізілгенін атап өтті.

«Артынша бізге банктердің тұтас бір қауымдастығы келіп, маған және депутат Базарбекке шағым түсірді. Біз оларға: «ал қарапайым азаматтың құқығын кім қорғайды?» деп жауап бердік. Айына онлайн-несие бойынша алаяқтарға алданып, құқығы бұзылған 500-ден астам адамнан арыз түседі», – деді Әбенов.

Әл-әзір Мәжілісте тұтынушы құқығын қорғау туралы заңға жаңа түзетулер қаралып жатыр. Бұған дейін қазақтардың сатушылардың ақшаны қайтарудан бас тартуына және сапасыз тауарды ауыстырмауына жиі шағымданатыны айтылған еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍40🔥6❤4😁2
⚡️18 тіске берілген төрт сағаттық наркоз: Әлназарова стоматологияларды неге тексеріп жатыр...

Қазақстанда стоматологиялық клиникаларға жаппай тексеріс басталды. Бұған балалардың бірнеше тісін бірден емдеп, жалпы наркоз қолдануға байланысты ата-аналардың арыз-шағымы себеп болған, деп жазады Ertenmedia.

ДенСаумин Ақмарал Әлназарованың айтуынша, елімізде Бас прокуратураның талабы бойынша 622 стоматологиялық мекемеге тексеру жүргізіліп жатыр.


Министрдің дерегіне сәйкес, бүгінге дейін 290 мекеме сүзгіден өткен. Оның ішінде 135-і аяқталған, 103-і әлі жалғасуда. 52 клиниканың жұмыс істемейтіні анықталып, тексеруден алынған. Тағы 26 мекеме тексеруге енді алынбақ.

Өңірлердегі прокуратура органдары жіберген 316 мекеменің 34-і мемлекеттік тапсырыс аясында (МӘМС, ТМККК), ал қалған 282-сі тек ақылы негізде жұмыс істейді.

Министрдің айтуынша, балаларға жалпы наркоз қолдану өте күрделі медициналық манипуляция. Ол міндетті түрде білікті анестезиолог маманның қатысуымен, арнайы жабдықталған орында және бекітілген анестезиологиялық-реанимациялық стандарттар сақтала отырып жүргізілуі тиіс.

«Балаларға жалпы наркозды қолдану қарапайым әрі ыңғайлы әдіс емес, керісінше, ерекше мұқият болуды талап ететін күрделі медициналық процедура.

Ұзаққа созылатын наркоз баланың жүрек-қан тамыры, тыныс алу және жүйке жүйесіне ауыр жүктеме түсіреді. Өкінішке қарай, кейбір стоматология ата-аналарға коммерциялық тұрғыда ыңғайлы «барлық тісті бір уақытта емдеу» қызметін ұсынып отыр.


Алайда мұндай ем-дом тек нақты медициналық көрсеткіштер негізінде ғана жүргізілуі керек. Сондықтан ата-аналарды аса мұқият болуға шақырамын», – деді Ақмарал Әлназарова.

Айта кетелік, осыған дейін Астанадағы Dental Park Ortho клиникасында трагедия болды. Дәрігерлер 18 тісін бірден емдеу үшін 2021 жылы туған кішкентай қызға ұзақтығы 4 сағаттан асатын наркоз берген. Алайда наркоздан ояту кезінде баланың жүрегі кенет тоқтап қалған. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯15❤5👍4🔥2
⚡️Көпір қирады, кресло босады: ШҚО әкімдігі миллиардтың есебін кімнен сұрайды...

ШҚО-да көпір құлағаннан кейін жолаушылар көлігі басқармасының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ertenmedia.

Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобил жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов лауазымынан кетті. Ол бұл қызметті небәрі жарты жыл атқарған болатын.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен жүргізілген тексеріс нәтижесінде Уахитовтың заңсыз әрекетке қатысы бары анықталған.


«ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұрынғы басшы Данияр Уахитов қызметінен босатылды», – деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Лаура Жақыпова.

Дегенмен әкімдік әзірге Уахитовтың нақты қандай заң бұзушылық жасағанын және оның орнына кім тағайындалғанын жариялаған жоқ. Қызметтен босаған экс-шендінің әрекетіне құқық қорғау органдары өз бағасын бермек.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы Шнайдер көпірі 1 қыркүйекте құлап қалған еді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Бұған дейін көпірді жөндеуге бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Көпірдің құлауына байланысты Қылмыстық кодекстің «Сапасыз құрылыс» бабы бойынша іс қозғалды.

Мамандар көпір конструкциясын тексере келе, оны қайта қалпына келтіру мүмкін емес деген қорытынды шығарды. Оның орнына жақын маңнан жаңа көпір салынады. Қайда кетпей жатқан ақша...

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯15❤8👍8🔥2😁2😡1
💸Доллармен ойнамай, депозитпен ұту: Тимур Турлов теңгені таңдауға шақырды...

Freedom Holding иесі Тимур Турлов қазақтарға ақшаны қай валютада сақтау тиімді екенін айтты. Оның пікірінше, дәл қазір доллар сатып алғаннан гөрі теңгемен депозит ашқан немесе мемлекеттік құнды қағазды сатып алған тиімдірек деп жазады Ertenmedia.

Оның сөзінше, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтеруі жыл соңында теңгенің нығаюына тікелей әсер еткен.


«Ұзақ уақыт базалық ставканың тиімділігіне күмәнданып келдім. Бірақ жыл соңында шешімнің нақты әсерін көрдік. Қазір доллардың бағамы 500 теңге деңгейінде тұрақтап тұр. Бұған ҚаржыМиннің ішкі нарықтан теңгемен қарыз алу құны 14%-дан біртіндеп 18%-ға жетуі ықпал етті. Ақыр соңы, бұл тым қымбат деген ұйғарымға келіп, министрлік қаржыны сыртқы нарықтан доллар түрінде ала бастады. Дұрыс шешім осы болды. Доллармен алынған қарыз теңгемен қарыздан әлдеқайда арзан. Елге валюта түсіп, ішкі нарықтағы тепе-теңдік жақсарды», – деді ол.

Турлов Ұлттық қордан доллар сату мен сырттан валюта тартудың айырмашылығын түсіндірді.

«Бұрын Ұлттық қордан доллар сататынбыз, қалған қаржыны ішкі нарықтан теңгемен алып келдік. Бірақ доллар бәрібір жетпей, теңге әлсірейтін. Қазір сырттан тікелей доллар әкеліп, оның нарықтағы ұсынысын арттырдық. Бұл ма, бұл дұрыс қадам», – деді ол.

Кәсіпкер мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздық мөлшерлемелер де базалық ставкадан төмендей бастағанын атап өтті.

«Соңғы аукциондарда ұзақ мерзімді облигациялардың мөлшерлемесі 16%-ға дейін түсті. Ал базалық ставка 18%. Осылайша мемлекеттік құнды қағаздардың табыстылық қисығы дұрысталып келеді», – деді Турлов.

Теңгенің алдағы тағдыры туралы пікір білдірген кәсіпкер қазақтарға доллар сатып алуға асықпауды ұсынды.

«Меніңше, 2026 жылы теңге бағамы күшті болады, тіпті доллар 500-ден де төмен түсуі ғажап емес. Әрине, тым күшті теңге де экономикаға пайдалы емес. Бірақ Ұлттық банк осы кезеңді резервті ұлғайтуға пайдаланып жатыр. Еліміздің алтын-валюта резерві қазірдің өзінде рекордтық деңгейге жақындап қалды.

Сондықтан келесі жылы теңгенің тым қатты әлсіреп, доллардың 600 теңгеге жетуі мүмкін емес деп ойлаймын. Мұндай жағдайда доллар алғанша, қазақтарға теңгемен жоғары пайыздық депозит ашуға немесе мемлекеттік, корпоративтік облигацияларға ақша салуға кеңес беремін.


Тәсілдің табыстылығы әлдеқайда жоғары болады», – деді Тимур Турлов.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏15❤8💩8👍4🔥2
⚡️Шығыстағы ономастикалық әділет: Бөкей мен Бельгердің рухымен тыныстаған Өскемен көшелері...

Шығыс Қазақстан облысында бірден 13 көшеге қазақша атау берілді. Олардың арасында аты аңызға айналған спортшылар Жақсылық Үшкемпіров пен Борис Александровтың есімі де бар, деп жазады Ertenmedia.

Устинка LIVE жазғандай, шешімге жергілікті халықтың бірнеше жыл бойғы өтініші түрткі болған. Өскемен тұрғындары атақты балуан Жақсылық Үшкемпіров пен әйгілі хоккей жаттықтырушысы Борис Александровтың есімдерін ұлықтауды сұраған еді.

Ұсынысты республикалық ономастикалық комиссия қолдады. 9 желтоқсанда депутаттар өзгерістерді бірауыздан мақұлдап, соңғы шешім шығарды.

Осылайша, облыс орталығында мына көшелердің атауы өзгереді:

Стахановская – Жақсылық Үшкемпіров; Утепова – Оралхан Бөкей; Красногвардейская – Герольд Бельгер; Карл Либкнехт – Борис Керімбаев; Колхозная – Асқартау; Роза Люксембург – Арна; Совхозная – Өркен; Чапаева – Берел; Краснодонская – Арай; Краснофлотская – Мұзтау.


Сонымен қатар, Меновное ауылындағы Совхозный тұйық көшесі Талас тұйық көшесі болып, ал Максим Горький көшесі Талаптан Ахметжан деп аталды.

Ал Риддер қаласындағы «Үшінші тұрғын ауданы» кварталы бұдан былай «Тәуелсіздік» шағын ауданы деп аталмақ. Осыған дейін Қостанай облысы Рудный қаласында көше атауларын қазақшалауға қарсы шыққан тұрғынға дөрекі сөйлегені үшін айыппұл салынған болатын. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍48👏11❤4🔥2
⚡️2 мың долларға сатылған тағдырлар: «Хочу жить» тізімі мен Смадияровтың соңғы мәлімдемесі...

Путин үшін жан қиып жатқан қазақстандықтарға қатысты дипломатиялық тілден тыс мәлімдеме жасаған Айбек Смадияров Сыртқы істерден кетті, деп жазады Ertenmedia.

Еске сала кетсек, дипломат 2018 жылдан бері министрліктің ресми өкілі ретінде қоғам мен БАҚ алдындағы өзекті сұрақтарға жауап беріп келген-ді.

Жақында ғана украиналық «Хочу жить» сайты Ресей әскерінің қатарында соғысып жүрген, қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалған 500-ден аса қазақстандықтың тізімін жариялаған. Осыған орай журналистер Айбек Смадияровтан Сыртқы істер министрлігінің ұстанымын сұраған еді.

«Қазақстанның бұған (соғысқа) еш қатысы жоқ екенін бірінші күннен айтып келеміз. Бұл біздің соғыс емес.

Әр азамат өзінің іс-әрекетіне жеке жауапты. Мемлекет шетелдегі әрбір азаматтың соңынан барып, қолынан жетектеп жүре алмайды.


Ал егер азамат шетелде қиын жағдайға тап болып, көмек сұраса, дип.қызмет барынша қолдау көрсетуге дайын», – деп қадап айтқан болатын Айбек Смадияров.

Дипломаттың сөзінше, өзге елдің қарулы қақтығысына араласу ел заңына сәйкес қылмыс. Биылдың өзінде Украинадағы соғысқа тарту мақсатында жарияланған ондаған жарнама бұғатталған.

Қызметтен кететінін хабарлаған Айбек Смадияров шешімнің кенеттен қабылданбағанын айтты. Дипломат Сыртқы істер министрлігі жүйесінде 2006 жылдан бері қызмет атқарып келді. 2018 жылдан бастап ведомствоның баспасөз қызметін басқарған болатын.

«Хочу жить жобасының мәліметінше 2025 жылдың алғашқы 6 айының өзінде Кремль Украинаның топырағын тыңайту үшін Қазақстанның кемінде 529 азаматымен контрактіге отырған.


"Жалданғандардың көпшілігі 2 мың доллардың айналасындағы ақшалай сыйақыға алданып, Ресейдің империялық амбициясы үшін жат жерде жан тапсыруда. Путин? Оған екі қойың, бір сом. Мәскеу қаза тапқан басқыншылардың орнын Орта Азияның тұрғындарымен толтырып, әбден дәнігіп алды", - деген еді жоба зерттеушілері.

Айтуынша, Ресей генералдары майдан даласындағы қазақстандықтарды "тірі қалқан" ретінде пайдаланып, санаулы күндердің ішінде құрбан етуде.

Ertenmedia Ресей әскерінің қатарында соғысып жүрген Қазақстан азаматтарының тізімін шолып шақты. Кремльмен контрактіге отырған Базарбай, Жансерік, Өркен дейтін азаматтарды көзіміз шалып қалды. Көпшілігі сол кеткеннен мол кеткен...

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱14🔥12❤9👍6👏2😡1
⚡️Мәскеудің экспорттық «еркелігі» аяқталды: Астана Кремльдің айналма жолын жауып жатыр...

Астана Мәскеуге санкциядан жалтаруға мүмкіндік беретін каналдарды біртіндеп тарылта бастады.

Атап айтқанда шектеуге ілінген тауарлардың Ресейге қайта экспортталуына тосқауыл қоятын бақылаудың жаңа ережесі енгізілген. Жүйе кемінде бір жыл бойы қолданыста болады, деп жазады Ertenmedia Украин сыртқы барлау қызметіне сілтеп.

Жаңа ережеге сәйкес санкция тізіміндегі және қос мақсатта қолданылатын тауарларды экспорттау үшін ендігі жерде міндетті лицензия алу талап етіледі.


Сондай-ақ Еуроодақ, АҚШ және Ұлыбританиядан әкелінген тауарға қатаң бақылау орнатылады. Бұдан былай мұндай өнімдердің ТМД аумағына, әсіресе Ресейге қайта экспортталуына тыйым салынған.

«Қазақстан санкцияға ресми қосылмаса да «қара тізімдегі» тауардың транзитіне қарсы күрес мәселесінде Батыстың сөзін сөйлейтінін аңғартты. Астана Мәскеудің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне ауадай қажет тауарларға қолжетімділікті біртіндеп шектеуге дайын екенін көрсетіп отыр», — дейді осы тұста Киев тарапы.

Украина сыртқы барлау қызметінің пайымдауынша, Қазақстан осылайша Батыс елдері мен Ресей арасында тепе-теңдік сақтай отырып, орыстардың санкцияны айналып өту тәсілдерін барынша тарылтуға кіріскен.


Айта кетелік Нью-Йорк сапары аясында президент Тоқаев Украина басшысы Владимир Зеленскиймен маңызды келіссөз жүргізген болатын. Мемлекет басшысы Астананың соғыстан кейінгі Украинаны қалпына келтіруге әзір екенін жеткізіп, әлсіреп қалған экономикалық байланыстарды қалпына келтіруді ұсынған. Ақорда Украинаны қалпына келтіру жұмысына қазақстандық бизнестің қатысқанын қалайды.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍36🔥6❤4😁2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Ана тілінен адасқан Алдыбергенов: ҚТЖ басшысына қойылған қос диагноз...

Астанада орткомда өткен брифингте «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Талғат Алдыбергенов журналистер сұрағына жауап берді деп жазады Ertenmedia.

Журналистер ең алдымен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы түрлі өнім тиеген 11 мың вагонның не себепті жиналып қалуын көтерді.

Бұл жағдайдың әлі де қолмен басқарылатынын, цифрландыру деңгейінің өте төмен екенін ашық айтты.


Алдыбергенов қойылған сауалға жауап беруге тырысқанымен, журналистер оның жауабына толық қанағаттанбағаны сезілді.

Көңілге қаяу түсірген жайт - білдей бір ұлттық компания басшысы қазақ тілінде еркін сөйлей алмай ұятқа қалды.

Ана тілінде нақты, нық жауап бере алмаған Алдыбергенов ҚТЖ-дағы басқару сапасымен қатар, тіл мәселесі де ақсап тұрғанын көрсетті.


Желідегі қазақтілді қауым қазақша білмейтін маманның мұндай қызметке қалай келгеніне қайран қалып отыр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍38💯15❤3👎1🤔1
⚡️ «Силлено» компаниясы жас мамандарды пилоттық тестілеуде

Болашақ жұмыскерлер үшін іріктеудің алғашқы кезеңі басталып кетті. "Силленно" полиэтилен зауытын салып жатқан ҚазМұнайГаз, СИБУР және SINOPEC бірлескен кәсіпорны С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 4-курс студенттерін іріктеуде.

Студенттердің білім деңгейі бағаланып, болашақта зауыттың операциялық блогында жұмыс істеуге дайындығы анықталатын болады. Тестілеу «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» мамандықтарының студенттері арасында өтті. Білімі жеткілікті қатысушылар Силлено конкурстық комиссиясымен сұхбатқа шақырылады. Іріктеуді сәтті өткен түлектерге оқу бітірген соң жұмыс ұсынылмақ.

Осыған ұқсас тестілеулер Силлено серіктес колледждерінде де өтеді. Олар: С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж, APEC PetroTechnic жоғары колледжі және Мақат мұнай-газ колледжі.

Бұған қоса, қазақстандық жас инженерлер Tecnicas Reunidas (TR) компаниясының Мадридтегі бас кеңсесінде оқу бағдарламасының тәжірибелік кезеңін бастап кетті. Бірінші ағымның жартысын Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен APEC PetroTechnic жоғары колледжі сынды Атыраудағы жоғары оқу орындардың түлектері құрайды


Сонымен қатар, қатысушылар қатарында Қазақ-Британ техникалық университеті (Алматы), Nazarbayev University (Астана), Satbayev University (Алматы) және Yessenov University (Ақтау) студенттері бар. Бағдарлама ірі өнеркәсіптік жобаларға қажетті инженерлік дағдыларды дамытуға бағытталған.

Үздік қатысушылар бағдарлама аяқталғаннан кейін Силлено жобасына немесе TR-дің халықаралық жобаларына қосыла алады. Студенттер үшін кәсіби алаңға жолдама алудың таптырмас мүмкіндігі ашылды.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21❤4🤮1
⚡️Зеленскийден жеткен зілдей сәлем: Қазақ мұнайын тұсаған Киевтің кегі...

Қара теңіздегі қақтығыс қазақ мұнайының күретамырын қысып тұр деп жазады Ertenmedia.

Ресей-Украин қақтығысының Каспий құбыр консорциумына (КТК) соққы болып тиюі алғаш рет емес. Украиндар үшін КТК Ресейдің мұнай инфрақұрылымының бір бөлігі, былайша айтқанда заңды әскери нысан. Киевтің есебі бойынша, Кремльдің экспорттық табысы азайса, майдан даласындағы екпіні де бәсеңдейді. Алайда іс жүзінде бұдан Қазақстан мен Батыс компаниялары зардап шегуде. Мәселе неде?..

КТК арқылы әлемдік нарыққа Ресей мұнайы да шығады. Дегенмен оның үлесі тым аз. 2024 жылы консорциум құбырымен тасымалданған мұнайдың небәрі 15 пайызы ғана орыс өнімі болған. Өзгесі Қазақстанның Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ секілді ірі кенішінен шығатын шикізат. Кен орындарын игеруге ExxonMobil, Chevron, Eni, Shell сынды алпауыттар жұмылған.


Әлгі үш кен орны қазақтардың барлық мұнай экспортының 80 пайызын құрайды. Оның басым бөлігі әлемдік нарыққа Теңіз кенішінен басталып, Новороссийскіге дейін созылған КТК құбыры арқылы шығады.

Киевтің шабуылына ашық наразылық білдірген Қазақстан Сыртқы істері Украинадан әлгіндей әрекетті дереу доғаруды талап еткен. Украин тарапы Астананы шабуылдың жанама салдарына дайын болуы керектігін ескерткен-ді.

Сарапшылар пікірінше, Қазақстан Мәскеуді айналып өтетін балама бағытты баяғыда қолға алуы керек еді. Ең тиімді балама Әзірбайжан арқылы Жерорта теңізіне жету. Бірақ бір нюанс бар. Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры Қазақстанның барлық экспорт көлемін қамти алмайды. Бұған қоса, мұнайды Каспий теңізі арқылы жеткізу қажет.

Қазақтарда бұған қажетті танкер саны шектеулі, Құрық порты күніне 200 мың баррелден артық жөнелте алмайды. Каспий теңізінің табанымен Әзірбайжанға құбыр тарту жобасы техникалық тұрғыдан күрделі әрі қымбат. КТК-дағы проблемалар Қазақстанға ғана емес, сол елде жұмыс істейтін Батыстың компанияларына да ауыр тиуде.

Бізге жеткен мәлімет бойынша, Украинаға бүйрегі бұратын елдердің үкіметі мен мұнай-газ компаниялары Киевті шабуылды тоқтатуға көндіріп көрмек.


Киев ұлттық мүддені қорғауда ештеңеден тайынбайтынын көрсеткісі келеді. Зеленский соғыс зардабын Украина ғана емес, басқа елдер де сезінуі тиіс деп санайтын тәрізді. Бірақ әлгі стратегия ақыр соңы Киевті қолдайтын елдердің соғысты апыл-ғұпыл аяқтау үшін Зеленскийге қысым көрсетуіне әкелуі ғажап емес. Материал ұнады ма? Толық нұсқасын сайтымыздан оқыңыз.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥14❤13👍4💯3👎2
⚡️Сенаттағы «құрылыс лоббиі»: Базарбектің түзетуін тоқтатуға кім мүдделі...

Депутат Бақытжан Базарбек Алматы маңындағы қауіпті аймақтарға құрылыс салуға тыйым салатын заң жобасына енгізілген маңызды түзетудің Сенат тарапынан бұғатталуы мүмкін екенін айтып, қоғамнан қолдау сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia.

Мәжілісменнің айтуынша өзі әзірлеп, Мәжілістегі жұмыс тобы қолдап, құрылыс кодексінің жобасына енгізген түзетуі қазір Сенатта үлкен қарсылыққа ұшырап отыр.

Түзету Алмытының таулы, көшкін жүру қаупі жоғары аймақтарында құрылыс жүргізуге тыйым салуды көздеген еді.


«Сенаторлар алматылықтар көптен күткен, халықтың мүддесінен туған осы ұсынысты алып тастауға әрекеттенуде. Егер Сенат әлгі түзетуді қабылдамаса, онда тұрғындардың тілегі мен арызы ескерілмей, құрылыс компанияларының мүддесі жеңіп шықты деген сөз», – дейді Базарбек.

Депутаттың пікірінше, Сенаттағы құрылыс компанияларының лоббиі тұрғындар қауіпсіздігіне қарағанда жеке мүддені жоғары қоюда.


«Бұл түзету әрбір алматылықтың арманы. Біз халық мүддесін қорғаймыз десек, қауіпті жерлердегі құрылысты тоқтатуымыз керек. Сенаторлар тұрғындар емес, құрылыс алпауыттарының сөзін сөйлеп отыр», – деп ашынды депутат. Базарбек осы мәселеде қоғамдық қолдаудың маңызы зор екенін айтып, азаматтық қоғам өкілдерін үн қосуға шақырды.

«30 жыл бойы құрылыс компанияларының ығына жығылып, олардың мүддесін бірінші орынға қойдық. Адам тағдырын, тұрғындардың қауіпсіздігін екінші кезекке ысырып, қалалардың келбетін құртып алдық. Енді осы үрдісті тоқтатып, заң үстемдігін орнататын кез келді», – деген еді осыған дейін депутат.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍65🔥9❤2🤡2💯2
⚡️Берденовтің бір айдағы «жетістігі»: Сыздықбеков асыра мақтауға тосқауыл қойды...

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарды, деп жазады Ertenmedia.

Брифинг барысында журналистер сұрағына жауап қатқан қала басшысы әлгі іске өзінің еш қатысы жоқ екенін, мұндай әңгімелердің негізсіз өсек-аяң екенін жеткізді.

«Біз құқық қорғау органы емеспіз. Сот өз үкімін шығарды, кінәлі адам жазасын алды. Ал осы іске менің қатысым бар деген сөздің бәрі жала. Әлбетте адам өзін қорғау үшін түрлі нәрсені айта береді. Осы тұста әңгіме тәмам болуы керек еді. Сот шешімін шығарды, болары болып, бояуы сіңген мәселені қайта-қайта қозғаудың қажеті жоқ», – деді әкім.

Сыздықбековтің айтуынша, орынбасары Руслан Берденов қала әкімдігінде небәрі бір-ақ ай қызмет істеген. Сондықтан оның келуімен "Шымкент гүлденіп сала берді" деген пікірлер негізсіз екенін атап өтті.


«Жұрт арасында неше түрлі әңгіме жүр. Мысалы ол келе сала қала көркейе бастаған дейді. Бұл енді шындыққа жанаспайды. Ол енді ғана міндетіне кірісіп жатқан еді. Ар жағы не болғанын өздеріңіз білесіздер», – деді қала басшысы.

Еске салсақ, атышулы оқиға биыл сәуірде болған. Қалалық әкімдік ғимаратының алдында «Тұрғын үй Шымкент» мекемесінің басшысы Ернар Жиембай Берденовке оқ атқан. Сот процесі барысында Жиембай өзін әкім Сыздықбековке қарсы айғақ беруге мәжбүрлегенін айтқан.

«Менен осы істі біреудің бұйрығымен жасадым деп көрсетуді сұрады. Әкім өзінің орынбасарын «тапсырыс» беріп өлтіртпек болды деген жалған нұсқаны айтқызғысы келді. Сөйтіп мені әлдебір киллер ретінде көрсетуге талпынды. Оның өтеуі ретінде түрмеде ұзақ аялдамасымды айтып, «Берденов сені о дүниеден де суырып алып шығады» деді», – деген болатын Жиембай.


Оның сөзінше, Берденов егер ол «қастандықты әкім ұйымдастырды» деп куәлік берсе, кешіретінін айтқан көрінеді. Сот Жиембайды 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ажалдан аман қалған Берденов артынга Алматыға ауысып, әкімдікке қарасты Даму орталығын басқаруға кірісті.

Ertenmedia әкімнің атышулы оқиғаға саяси реңк беруден бас тартып, екі тарапты теңдей алыстатқаны туралы сараптама әзірлеген еді. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤13🔥3👎2🤡1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
Украина бейбітшілікке дайын. Бірақ, бұл жау алдында тізе бүгу емес!

Соңғы апталардағы келіссөздер фонында Киев бұрын-соңды болмаған ымыраларға баруға әзір екенін ашық көрсетті: Ұрысты тоқтату, іс жүзінде жау басып алған аумақтардың тағдырын белгісіз мерзімге қалдыру, ауыр-ауыр саяси шешімдер. Алайда Зеленский мен Украина үшін принципті бір мәселе бар. Ол — Донецк облысынан Украина әскерін толық шығару.

Bild басылымының мәліметінше, Украина үшін бұл «қызыл сызық». Украина соғысты майдан шебінде тоқтатуға келісуі мүмкін, бірақ өз әскерін Донбасстан толық әкету — бұл келіссөз емес, капитуляция. АҚШ ұсынған «демилитаризацияланған аймақ» идеясы да Киев үшін қауіпті тұзақ ретінде қабылданады. Себебі Кремль бұл аймаққа бейбіт күш емес, өз Ұлттық гвардиясын орналастыруды ұсынады. Яғни, «демилитаризация» деген атпен Ресейдің жаңа әскери бақылауы орнайды. Украина үшін бұл — армияны ерікті түрде шегіндірумен тең. Сол себепті де Киевтің жауабы: «Біз бұған келіспейміз!».

Бұл ұстаным Украина келіссөзден қашып отыр дегенді білдірмейді. Керісінше, Киев бұрынғыдан да ауыр компромистерге дайын екенін аңғартты. Алайда майданнан біржақты түрде әскерді шығару — бұл соғысты тоқтату емес, оны басқа формада жалғастыруға жол ашу. Сондықтан Зеленский әкімшілігі үшін Донбаста әскерін қалдыру — тек тактикалық емес, мемлекет тұтастығына қатысты стратегиялық мәселе!

Politico басылымы таратқан мәлімет те осы картинаны толықтыра түседі. Украина Донбаста демилитаризацияланған «еркін экономикалық аймақ» құру идеясынан бас тартты. Ал АҚШ бұл мәселеде Еуропаның қатаң қарсылығына қарамастан аумақтық жеңілдіктерді талап етіп отыр. Бұл Вашингтон мен еуропалық астаналар арасындағы терең қайшылықты айқын көрсетті. Еуропа үшін басты мәселе — қауіпсіздік кепілдіктері. Онсыз кез келген аумақтық келісім уақытша әрі қауіпті. Берлинде өткен келіссөздер осы алауыздықты ашық бетке шығарды.

Wall Street Journal жазғандай, Берлиндегі кездесулер өте ауыр өткен. АҚШ тарапы бейбітшілік келісімінің нақты жобасына келісуге асықпады. Себебі тараптар соғыс барысын мүлде әртүрлі бағалайды. Трамп әкімшілігіндегі көптеген шенеуніктер Украина соғыста жеңіліп жатыр, ал соғыс созылса, толық жеңіледі деп санайды. Ал Украина әскери қолбасшылығы мен бірқатар еуропалық саясаткерлер бұған мүлде қарсы пікірде: олардың ойынша, жеткілікті қолдау болған жағдайда Украина кемінде тағы бір жыл бойы, тіпті одан да ұзақ қорғана алады.

Міне, түйткіл дәл осы жерде. Бір тарап Украинаға «қазір келіс, әйтпесе бәрінен айырыласың» деп қысым көрсетсе, екінші тарап «қауіпсіздік кепілдігінсіз жасалған келісім — келесі соғыстың рецепті» деп дабыл қағуда. Сондықтан Берлиндегі келіссөздердің басты өзегі аумақ емес, қауіпсіздік кепілдіктері болып отыр.

Зеленскийдің «қызыл сызығы» осы тұрғыда тек Донецк облысына қатысты емес. Бұл — Украина соғысты қалай аяқтағысы келетінінің саяси манифесі. Ол бейбітшілікті қалайды, бірақ елін қарудан айырылған, қорғансыз, болашақта қайта шабуылға ашық күйде қалдырмайды. Донбастан әскерді шығару — соғысты тоқтату емес, оны кейінге қалдыру ғана. Киев дәл осы сценарийден бас тартып отыр.

Бірақ бір нәрсе анық: Украина енді бейбітшілік үшін бәріне көнетін ел емес. Ал Донбасс — сол табандылықтың символына айналды.
1❤52🔥13👍5