Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
Жанды жылытатын сыйлықтар тізімі

Біз сіздерге әртүрлі бюджетке арналған жиынтықты дайындадық. Ал қаражатты үнемдеп, Алисасы бар станцияны арнайы бағамен сатып алу үшін Алисаның ресми дүкенінде «Алиса2025» промокодын қолдансаңыз болады.

Алиса ИИ-көмекшісі — әжелер үшін нағыз көмекші болады: ол бірге әңгімелеседі, тамақ пісіруге таймер де қояды және сүйікті музыкасын қосып береді!
👍15❤12🔥4
⚡️«Әкенің» амбициясы: Жұманғарин салық реформасына саяси тағдырын тікті...

Премьердің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдегі салық реформасына жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Министрдің айтуынша, реформаның жалпы үйлестіру жұмыстары тікелей өз бақылауында, себебі үкіметте экономикалық әрі қаржылық саясатқа жауапты тұлға өзі.

Ол қоғамда айтылып жүрген «реформаның әкесі» деген бейресми атауға да қарсы емес.

«Реформа үшін кім жауап береді деген сұрақтың жауабын өткен жолғы брифингте айтқанмын. Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Әріптестерім де өз саласы бойынша жауап береді.

Жалпы үкіметтегі экономикалық саясатқа жауапты болғандықтан, менің міндетімде. Біреу мені «салық реформасының әкесі» деп атапты. Солай-ақ болсын.


Біз бұл реформаның табысты боларына сенеміз және оның нәтижесіне күмәніміз жоқ. Бұл ма, бұл қандай да бір сынақ немесе тәжірибе емес, нақты есеп-қисапқа, әлемдік тәжірибеге негізделген жұмыс», – деді Жұманғарин.

Ол салық реформасы кәсіби мамандар мен тиісті институттардың талдауларына және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып әзірленгенін атап өтті.

Жұманғарин мысал ретінде Ресейде келесі жылдан бастап ҚҚС мөлшері 20-дан 22%-ға дейін өсетінін, сондай-ақ бұған дейін корпоративтік табыс салығы 20-дан 25%-ға көтерілгенін айтты.


«Қазақстанның ерекшелігі біз салық реформасын алдын ала жариялап, қоғаммен ашық талқылап отырмыз. Бір жылдан астам уақыт бойы бизнеспен, сарапшылармен пікір алмасып, диалог жүргіздік. Басқа елдерде мұндай шешім ешқандай қоғамдық талқысыз, қысқа мерзімде қабылданады», – деп түйіндеді министр.

Айта кетелік, бұған дейін Жұманғарин 2030 жылға жоспарланған «жақсы» өмір туралы айтқан болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔10👏9🤡6❤5👎4👍2🔥1😱1
⚡️Киноны құртқан саясат: депутаттың сыны Tiger Films-тің жарығын өшірді...

Tiger Films киностудиясы бұдан былай фильм түсірмейді. Бұған «Руың кім?» фильмінен кейінгі дау-дамай мен қаржылық-репутациялық шығын түрткі болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Tiger Films студиясының продюсері Алмат Шадмат қазіргі жағдайда киномен айналысуды тиімсіз әрі қауіпті деп отыр.

«Кино өндірісі әрдайым үлкен қаржылық әрі репутациялық тәуекелмен жүреді. Ертеңгі күні алаңсыз жұмыс істеп, шығармашылық еркіндікті сақтарымыз ешқандай сенім жоқ», – деді ол.


Компания постпродакшн кезеңіндегі жобаларын аяқтаған соң жаңа фильмдер түсірмейтін болды. Алдағы уақытта Tiger Films кино жабдықтарын жалға берумен айнылыспақ.

Төрт жыл ішінде киностудия 56 фильм түсірген. Олардың ішінде танымал болған «Бишарашки», «Менің үлкен қазақша отбасым» және «90-жылдарға оралу» сияқты туындылар бар.

Желідегі қауым «Руың кім?» фильмі айналасындағы даудан тыс қалмаған. Кино сарапшыларының пікірінше, депутаттардың қатардағы комедияны «ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді» деуі қисынсыз. Оның үстіне Tiger Films жүздеген киногерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп келген.

Сайыров не деп еді?

Айта кетейік, «Руың кім?» фильмі «ұлттық бірлікке сына қағады» деген депутат Сайыровтың сынынан кейін кинотеатрлардан алынған. Компания фильмді жанжалды ұшықтырмау үшін өз еркімен прокаттан шығарғанын хабарлаған.

«Қазақты руға, жүзге бөлетін үрдісті тоқтату керек. Мұндай фильмдерді алдын-ала сүзгіден өткізу үшін министрлік жанынан арнайы комиссия құру қажет», - деген-тұғын Сайыров.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26❤5🤬4👏3😱2
⚡️Өкініш пен мойындау: Қилыбай қиын сұрақтан қашпай, өзіне жауапкершілік алды...

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте жеке өміріне қатысты жанжалға ашық жауап берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әкім бірнеше жыл бойы әлемжелі мен ақпарат құралдарында айтылып жүрген мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызовамен ортақ баласы бар екені туралы мәселені түсіндірді.


Журналист әкімге осы оқиға неге бірнеше жылдан кейін ғана жария болғанын және оның репутациясына қалай әсер еткенін сұрады.

«Бұл өте-мөте жеке мәселе, дегенмен жауап берейін. Әлемжеліде кейбір әріптестеріңіз сот мені ДНҚ сараптамасы арқылы баланы мойындауға міндеттеді деп жазды.

Шын мәнінде жағдай мүлдем басқаша. Мен баланы мойындау үшін сотқа өз еркіммен өтініш бердім.


Сот менің өтінішімді қанағаттандырды. Қазір заң бойынша алимент төленіп отыр», – деді әкім.

Әлимент көлемін нақты атамаған әкім, шамамен жалақысының 20-25 пайызы екенін айтты.

«Бұғалтырдан нақты анықтау керек. Жалпы жалақым 1,9 миллион теңге. Қолға алатыным осы сомадан алимент ұсталғандағы қалған қаражат», – деді Қилыбай. Өңір басшысы осы жағдай үшін өкінетінін де жасырмады.

«Иә, бұл кезінде жіберген қателігім. Өкінішке қарай, өткенді өзгерту мүмкін емес. Дәл қазір есіл-дертім өңірді дамыту. Әрине, бұл оқиға мен үшін жағымды емес», – деді әкім.

Сонымен қатар әкім қазір бұрынғы мәслихат депутаты Ынташ Наурызовадан туған баламен араласпайтынын жеткізді. Айта кетейік, Нұрдәулет Қилыбай үйленген, бес баласы бар.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥16👍12❤8👏4😁3🤔1
⚡️Армандауға болатын Қазақстан: қазақтардың өмір салтын өзгертетін 300 мың теңге...

Қазақтардың басым бөлігі орта тапқа тән қарапайым игілікке қол жеткізе алмай отыр. Көпшілік үшін саяхаттау, театрға бару немесе сапалы тамақтану күнделікті өмірдің бөлшегі емес, қол жетпейтін арман.

Экономист Қуат Әкіжанов әлеуметтік теңсіздікті жоюдың және ел экономикасын қайта индустрияландырудың тиімді жолы әрбір қазаққа 200–300 мың теңге көлемінде кепілденген базалық табыс (КБТ) тағайындау деп есептейді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Digitalbusiness-пен сауалдасқан сарапшының айтуынша, қазір халыққа берілетін мемлекеттік қолдаудың көбі жартыкеш, нәтижесіз жобаларға айналған.


Бұған мысал ретінде «Келешек» бағдарламасын алға тартты. Бағдарлама бойынша баланың есепшотына жиналатын ақша, есейгенде сапалы білім алуға жетпейді. Осылайша жақсы идеяның түбі шикі болып шығады.

«Базалық табыстың шынайы пайда әкелуі үшін төлем дәл қазір басталуы керек және оның мөлшері ай сайын 200–300 мың теңге аралығында болғаны жөн. Тек осындай жағдайда ғана КБТ символикалық қайыр-садақа емес, қоғамның экономикалық тірегіне айналады», – дейді Әкіжанов.


Оның пікірінше, базалық табыс халықты екі ауыр әлеуметтік жағдайдан шығарады. Біріншісі жұмыссыздық қорқынышы, екіншісі күштеп еңбек ету қажеттілігі. Кепілді төлем азаматтарға тұрақты табыс көзі болып, жұмыс берушілерді қызметкерлердің еңбегін лайықты бағалауға итермелейді.

Бірақ бір кілтипан бар…

Алайда, бұл жүйені жүзеге асыру үшін мемлекет жылына шамамен 31 триллион теңге жұмсауы қажет. Мұндай соманы қайдан табуға болады деген сауалға Әкіжанов Ұлттық қорды тиімді пайдалануды ұсынды.

«Қазір Ұлттық қор шетелдік бағалы қағаздарға салынып, өзіміздің экономикаға қызмет етпей жатыр. Ол халыққа емес, шағын ғана олигархиялық топтың мүддесіне жұмсалуда. Базалық табыс болса, Ұлттық қордың ақшасын халыққа тікелей жеткізудің әдісі әрі экономиканы түбегейлі өзгертетін факторға айналады», – деп түсіндірді экономист.

Сондай-ақ, Әкіжанов прогрессивті салық жүйесін енгізу, сән-салтанатқа арнайы салық салу, жерді мемлекет меншігіне қайтарып, жалға беру арқылы Ұлттық қорға қаржы түсіру секілді кешенді реформаларды ұсынды.

Ол базалық табысты енгізу инфляцияны өршітеді деген пікірмен келіспейді. Сарапшының айтуынша, бұл халықты ұзақ уақыт бойы алдап келген неолибералды миф. «Керісінше, базалық табыс ел ішіндегі сұранысты арттырып, отандық өндірісті дамытуға мүмкіндік береді», – дейді ол.

Бұған дейін қарапайым халықтың тұрмысын көтеріп, қоғамның шынайы мәселесін айтуға тырысқан Гаухар Танашева Мәжілістен қуылған болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍45❤10👏7🔥6
⚡️ КСРО-да туған Елена, кешірім сұраған Gusto: Шымбұлақтағы жанжал қалай аяқталды...

Шымбұлақтағы Gusto мейрамханасында тілге байланысты тұтанған жанжал бойынша тараптардың әрқайсысы 20 АЕК көлемінде айыппұл арқалады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әлемжеліде тараған видеода Елена дейтін мейрамхана қызметкері қазақша қызмет көрсетуден үзілді-кесілді бас тартқан. Әлгі жерге түстенуге келген клиенттің мемлекеттік тілде қызмет көрсетілуі керек талабына құлақ аспай, мен «КСРО-дан туғанмын» деген түсініксіз уәжді алға тартқан болатын.

Қазақша сөйлеуге ешкім міндеттей алмайтынын айтқан Елена ақыр соңы клиенттің кеудесінен кері итеріп, мейрамханадан қуып шыққан еді.


«Пашел вон отсюда…» деген дөрекі сөз бергі жағы, басқа да балағат айтқан мейрамхана қызметкерінің әрекеті күллі қазақтілді аудиторияның шамына тиген. Оқиға әп-сәтт күллі елге тарап Шымбұлаққа шығып алған Gusto ресторанына жаппай бойкот басталған.

Мейрамхана маманы «клиент маған қол жұмсады» деп істің арнасын басқа бағытқа бұруға тырысқан. Кейін керісінше, әлгі Еленаның қазақша сөйлеуді өтінген клинетті төмпештеп жатқан видеосы тараған.

Оқиғаға адвокат Мейірман Шекеев араласып, қазақ тілін қорғау үшін заңдық көмек көрсететінін мәлімдеген еді.


Істің насырға шапқанын сезген Gusto-ның мемтілді менсінбейтін маманды жұмыстан шығарғаны белгілі болды. Бойкоттан қорыққан мейрамханаға басшылығы күні кеше қазақтілді қауымнан кешірім сұрап, жұмыс процесін қазақшалауға уәде беріпті.

Елена? Мемтілді менсінбейтін маман тәубесіне түскен екен. Әбден күйзелгені көрініп тұр. Егжей-тегжейі сайтымызда.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥43👍34❤15
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Экс-елбасының үйренген маршруты: Назарбаев Мәскеуге барып алды...

Кремль көсемі Владимир Путин экс-елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Кремльдің баспасөз қызметі таратқан видеода Путин мен Назарбаев даңғарадай дөңгелек үстел басында әңгімелесіп отыр.

Ресей басшысы Әбішұлымен биыл мамыр айында ғана жүздескен болатын. Сол жолғы кездесу туралы сенат спикері Мәулен Әшімбаев пікір білдіріп, Назарбаевтың әлдеқашан пенсияға шыққан, елдің ішкі-сыртқы саясатына Тоқаевтың жауап беретінін айтқан.

Қазақстан президенті өткен айда ғана Ресейге екі күндік сапармен барып қайтқан еді. Путин Тоқаевқа риза болып, кейіннен кешкі шәйға шақырған. Путиннің пәтеріндегі протоколсыз кешке біз жеке тоқталғанбыз.


Жалпы әр желтоқсан сайын Мәскеуге ұшып кету Назарбаевтың сүйікті әдеті. Саясаткер Әміржан Қосановтың айтуынша экс-елбасы мен Кремль басшысының арасында жабық мәміле бар. Тоқаев осы мәміленің тұтқыны болып отыр. Сапар расымен жеке болса, кездесуді жария қылмай, құпия түрде өткізуге болатын еді.

"Алдағы сайлауда Тоқаевтың төңірегіне оңай болмайды. Жаңа Қазақстан жүрісінен жаңылып қалды, ал бұрынғы элита қолындағы қаржы мен саяси ресурсын пайдаланып, президент таңдаған кандидаттың аяғынан шалуы мүмкін", - дейді Қосанов.

Сәлден кейін Назарбаевтың баспасөз хатшысы байланысқа шығып, Мәскеу сапарын «көп жылғы достықтың белгісі» деп бағалауын күтіп отырмыз.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎50❤11🤡7👍5😁3🤮3😡2👏1
⚡️Экс-президенттің жұмбағы: Депутат Бапи кімнің жүріс-тұрысын бақылағысы келеді...

Депутат Ермұрат Бапи мемлекеттік құпияны білетін бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заң жүзінде шектеуді ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Депутаттың пікірінше, биліктен кеткеннен кейін кейбір тұлғалардың сырт елге жиі баруы ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алаңдататын мәселе.

«Мына жанталасқан жүріс-тұрыстың астарында не бар? Бұрын биліктің тұтқасын жалғыз өзі ұстаған, халыққа әмір жүргізген адамның қазір шетелді паналап, қамқоршы іздеуі оның абыройын асырмайды.

Мұның елге немесе ұлтқа деген жанашырлық емес, жеке бас қамы екені анық байқалады. Сондықтан, бәлкім, мемлекеттік құпияны білетін бұрынғы президент, министр не басқа да жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заңмен реттейтін кез келген шығар?


Әріптестер, заңгер-депутаттар, осы заңды ұсынуға қауқарымыз жете ме?», – деп жазды Бапи желідегі парақшасында.

Депутат мұндай шектеудің халықаралық міндеттемелер мен мемлекетаралық келісімдерге қайшы келетін-келмейтінін саралау қажеттігін де атап өтті.

«Мәселен, Қытай осы тәрізді заң арқылы шетелге шығуды қатаң бақылауда ұстайды. Әрине, халықаралық шартты сақтауымыз керек. Дегенмен мемлекеттік құпияны білетіндерге алдын-ала белгілі бір шектеу қойып, «қызыл сызық» белгілейтін уақыт келді. Кремль мұны қалай қабылдайды? Білмеймін. Білетінім экс-президенттің мұндай әрекетін Қазақстан билігі мен халқына қыр көрсету деп қабылдау қажет», – дейді депутат.

Еске сала кетейік, бүгін Ресей президенті Кремльде экс-елбасы Назарбаевты қабылдаған болатын.

Жалпы әр желтоқсан сайын Мәскеуге ұшып кету Назарбаевтың сүйікті әдеті. Саясаткер Әміржан Қосановтың айтуынша экс-елбасы мен Кремль басшысының арасында жабық мәміле бар.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1👏31👍17❤9🔥4
⚡️«Росатом» қазақ даласын үнсіз үңгіп, сары қазынаны сарқып барады...

Қазақстандағы уран қорының төрттен бір бөлігі қалайша орыстардың бақылауына өтіп кетті?

Мұнай-газ сарапшысы Абзал Нарымбетов осыны егжей-тегжейлі талдаған екен, деп жазады Ertenmedia.kz.

Сарапшының айтуынша, «Росатом» корпорациясы Қазақстанның уран қорына көз салуын 2009 жылдан бастаған.


Бұған дейін канадалық Uranium One еліміздегі уранның шамамен 6–10 пайызын, шамамен 50–80 мың тонна көлеміндегі қорын бақылауда ұстаған. Канадалық компания активтерді «Бетпақ Дала» және «Қызылқұм JV» бірлескен кәсіпорыны арқылы UrAsia Energy компаниясынан сатып алған.

«2009 жылы «Росатом» құрамындағы ARMZ («Атомредметзолото») компаниясы Uranium One-ға біртіндеп кіре бастады. Алдымен актив алмасу және бірлескен кәсіпорынға қатысу арқылы Uranium One компаниясындағы үлесін 17 пайызға жеткізіп, Қазақстандағы уран қорына иелігін 12–18 пайыз аралығына дейін арттырды», – дейді Абзал Нарымбетов.

2010 жылы ARMZ Қазақстандағы «Ақбастау» және «Заречное» жобасындағы үлесін, сонымен қатар 610 млн доллар қаражатты Uranium One компаниясына құяды. Осылайша, жаңа акциялар шығарылғаннан кейін Uranium One толығымен Ресей жағына өткен. «Росатомның» үлесі 51 пайызға жетті, ал 2013 жылы корпорация компанияны толық сатып алып, биржадан шығарған.

2023-тегі «отарлау»

Сарапшы келесі маңызды кезең ретінде 2023 жылды атайды. Сол жылы «Росатом» қоры шамамен 114 мың тонна уранды құрайтын «СП Будёновское» ЖШС-нің 49 пайыздық үлесін сатып алады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Uranium One мен «Росатом» Қазақстанның жалпы уран қорының шамамен 24 пайызына, яғни 136 мың тоннаға бақылау орнатқан.


Нарымбетовтың пікірінше, Қазақстандағы уран қоры Путиннің ядролық саладағы позициясын күшейтуге тікелей септігін тигізіп отыр. Айта кетейік, Қазақстандағы ең ірі уран қоры әлі де "Қазатомға" тиесілі шамамен 300 мың тонна (54 пайыз). Ресейден кейінгі орында канадалық Cameco компаниясы (10 пайыз) тұр. Сондай-ақ еліміздің уран саласында Қытай, Франция және Жапония инвесторы да белсенді жұмыс істеуде.

Бұған дейін талай жыл бойы уран саласын басқарған Мұхтар Жәкішев шикізатты сыртқа шикі күйінде сатып, байлығын шашып жатқанына наразылық білдірген еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱32😡15👍7👎7❤5🔥3🤔2😢2
⚡️Сегіз секундқа сыйған саясат: Назарбаевтың Кремльдегі кадры нені аңғартты...

Назарбаевтың Кремль дастарханынан дәм татуы кездейсоқ емес. Белгілі саясаттанушы Аркадий Дубнов дәл осындай пікірде деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Путин мен Назарбаевтың кешегі отырысын 8 секундқа сыйдырған кадрдың шын мәні әлдеқайда тереңде болуы мүмкін. Дубновтың айтуынша, дәл қазір Кремль назарын Назарбаевқа ғана бұрып отыр. Мұның екі себебі бар...

«Нұрекең Кремль үшін әлі де ықпалын сақтап отырған «ескі Қазақстанның» символы. Оның физикалы және интеллектуалдық қуаты да әзірге сыр бермеген сияқты. Сондықтан да Путин бұрынғы әріптесімен кездесуді үзген жоқ, тіпті 2022 жылғы «Қаңтар қырғынынан» кейін де онымен контактіні сақтап отыр», – дейді Дубнов.

Автордың пікірінше, Назарбаевтың Кремльде арнайы дастархан басында қарсы алынуы Тоқаевқа берілген сигнал. Орыс пропагандасы мұндай құрметке бұған дейін Си Цзиньпин мен Александр Лукашенко ғана бөленгенін айтып улап-шулап жатыр.


«Назарбаев биліктен әлдеқашан кеткен. Ел ішіндегі абырой-беделіне «Қаңтар қырғыны» ауыр соққы болды. Соған қарамай Назарбаев әлі күнге дейін Кремльге өте қажет тұлға болып отыр», – дейді сарапшы.

Дубновтың айтуынша, қазіргі прездиент Тоқаев Назарбаевтан билікті қабылдап алған соң, олардың арасында белгілі бір «жабық келісім» болған. «Осы келісім Назарбаевқа саяси иммунитет беріп отыр», – дейді саясаттанушы.

«Кремльдің Тоқаевқа қарағанда Әбішұлына ықыласы ерекше екенін байқау қиын емес. Путин мен Назарбаевтың арасындағы «химия» әлдеқайда күшті. Дегенмен Кремль Қазақстандағы биліктің қос орталығын мойындайтын ашық белгі беруден қашады», – деген ойда Дубнов.

Автордың пікірінше, Қазақстанның халықаралық аренадағы негізгі тұлғасы сөзсіз Тоқаев. Оның келер жылы АҚШ-та өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитіне арнайы шақырылуы да осыған дәлел.

«Мұндай құрмет Путиннің жанына батады. Оның халықаралық беделіне нұқсан келгені сонша, алдағы саммитке қатысуы екіталай», – деп түйіндепті саясаттанушы.

Бұған дейін депутат Бапи экс-елбасыны елден шығармайтын заң қабылдауды ұсынған еді. «Назарбаевтың жүріс-тұрысын бақылау керек», — дейді мәжілісмен.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯37👍12❤8🤔4🤬2🔥1😢1😡1
⚡️Назарбаев қол қойған келісімдер: Мәжілісте «ескі папкілердың» беті ашылмақ...

Депутат Бапи мәжілістің мұнай кен орындары, әсіресе Қашаған бойынша жасалған өнімді бөлу туралы келісімді қайта қарауға дайындалып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Депутаттың айтуынша, Қашаған кен орнына қатысты ең өзекті мәселе мұнайдан түскен табысты әділ бөлу. Бұл тақырып қоғамда көптен бері қызу талқыланып келеді.


«Біз 90-жылдары жасалған келісімдердің ашықтығын талап етеміз. Ол кезде бүкіл қоғамның пікірінсіз, тек бір адамның шешімімен ғана өте күрделі әрі маңызды келісімшарттар жасалған. Осы құжаттардың артында қандай құпия тұрғанын халықтың білуге толық құқығы бар», – деді Бапи Мәжіліс кулуарында.

Соңғы жылдары Тоқаев тарапынан Назарбаев дәуірінде қол қойылған бірқатар маңызды келісімдерді, соның ішінде 3 ірі мұнай кен орнын (Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған) игеру жөніндегі құжатты қайта қарауға деген талап күшейу үстінде.

Upstream -ның инсайдына сенсек, қазіргі саяси элитада бұған тікелей мүдделі шенеуніктер тобы пайда болған.


Үкімет маңындағы билігі де, құрығы да ұзын бір топ шенеунік мұнай саласындағы тиімсіз келісімдерді «Назарбаев билігінің мұрасы» деп есептейді.

Олар шетелдік инвесторларға берілген артықшылықтар мен қазіргі экономикалық талаптардың сәйкес еместігін, сол себепті Жаңа Қазақстанға тиімсіз талаптарды дереу «түзету қажет» деген көзқараста. Бұл топтың негізгі уәжі ел табысын барынша арттырып, мұнайдан түсетін түсімді әділ бөлісу.

Мемлекет басшысы шетелдік серіктестермен келісімдерді қайта қарау қажеттігін бірнеше рет айтқан. Келіссөздер барысында мемлекет мүддесін бірінші орынға қойып, қазіргі қолданыстағы шарттарды «ел үшін тиімді негізде» өзгерту керектігін ескерткен. Ілгерідегі үш ірі жобаның инвесторлары ауысып кетуі мүмкін екенін меңзеген.

Айта кетелік, экс-президент күні кеше Мәскеуге сапарлап Кремль көсемімен жүздесіп қайтқан болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏37❤18👍12🔥6💯2
Яндекс Go мереке күндері жол жүруді қалай арзандатуға болатынын айтып берді
 
Яндекс Go өткен жылы мереке алдындағы күндері және Жаңа жыл түні сапарға қай уақытта тапсырыс бергенде, тиімдірек болғаны туралы ақпаратты, сондай-ақ жол ақысын үнемдеуге көмектесетін ұсыныстарды бөлісті.
 
Мереке күндері сервистегі тарифтер, яғни отырғызу құны, 1 шақырым мен 1 минут бағасы өзгермейді. Алайда сұраныстың артуына байланысты сапар құны өсуі мүмкін. Егер тапсырыс берушілер саны желідегі бос жүргізушілер санынан көп болса, сапар бағасы уақытша қымбаттайды.

 
Жаңа жыл алдындағы күндер әдетте қарбалас өтеді: көпшілік сыйлық алып, соңғы шаруаларын аяқтауға тырысады. Қазақстандағы 2024 жылғы сервисті пайдалану туралы деректерге сүйене отырып, Яндекс Go алдағы күндері сапарға қай уақытта ыңғайлырақ әрі тиімді тапсырыс беруге болатынын болжады.
 
31 желтоқсан және Жаңа жыл түні
 
Өткен жылы 31 желтоқсанда сапарға таңғы 9:00-ден 12:00-ге дейін тапсырыс беру тиімді болған. Кейінірек жүргізушілердің бір бөлігі отбасымен уақыт өткізуге үлгеру үшін желіден шыға бастаған, салдарынан қолжетімді көліктер саны азайып, сапар құны уақытша өскен.
Түнгі 12-ден 2:00-ге дейін сапарға сұраныс артқан, ал желідегі жүргізушілер саны әдеттегіден аз болған. Бұл уақытта сапар бағасы өседі. Ал 2:00-ден 3:30-ға дейін сұраныс та, баға да төмендейді.

1 қаңтар

1 қаңтарда таңғы 3:00-ден 8:30-ға дейін көпшілік мерекелік шаралар мен қонақтан үйге қайта бастағандықтан, сапар құны да өскен, көлік күту уақыты да ұзара түскен.
Ал таңертең, нақтысы 8:30-дан 11:00-ге дейін сапар бағасы тиімдірек болуы мүмкін, себебі жүргізушілер біртіндеп желіге орала бастайды, ал мерекелеп жүрген халықтың басым бөлігі үйіне қайтып үлгереді. Сонымен қатар бұл күні сұраныс 14:00-ден 16:00-ге дейін және 18:00 мен 21:30 аралығында да төмендейді.

Лайфхактар: сапар құнын қалай төмендетуге болады

1. Сұраныс индикаторына назар аударыңыз
Егер желіде бос көлік жеткілікті болса, индикатор жасыл түске боялады, ал сапар бағасы базалық деңгейде қалады. Сұраныс артқан жағдайда индикатор сарғыш немесе қызыл түске ауысады, сапар құны да өседі.
Сұраныс күйін түсіну жағдайды дұрыс бағалауға көмектеседі: дәл қазір көлік шақыру керек пе, сәл күте тұрған дұрыс па, әлде қоғамдық көлікті таңдаған жөн бе – міне, осыны шешуге мүмкіндік береді.

2. Қосымшадағы “Аздап жүру” және “Күте тұру” ұсыныстарын пайдаланыңыз
Яндекс Go қосымшасы кейде көлікті сәл күте тұрып, есесіне төменірек бағамен жетуді немесе жүргізушіге ыңғайлырақ отырғызу нүктесіне дейін бірнеше минут жаяу баруды ұсынуы мүмкін. Мұндай кеңес, мысалы, кептеліс кезінде немесе аулаға кіру қиындық тудыратын жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда жолаушыға сапар арзанырақ түседі, ал жүргізуші тапсырыссыз жүріп қалмайды.

3. Сапарға дәл белгілі бір сағатта тапсырыс бермеңіз
Сұраныс әдетте толық сағатқа жақын уақытта жоғары болады. Ал егер көлікті, мысалы, сағат басталуына 5-20 минут қалғанда шақырсаңыз, баға сәл төмен болуы мүмкін. Мәселен, 15:00 шамасында жолға шығуды жоспарласаңыз, 14:40-та тапсырыс беруді қарастыруға болады.

Бағаны уақытша арттыратын коэффициент – шұғыл түрде жолға шығуы керек адамдар үшін тұрақты мүмкіндік қамтамасыз ететін шара. Сонымен қатар ол жүргізушілерді желіге көбірек тартуға көмектесіп, сұраныс пен ұсынысты теңестіреді. Желідегі жүргізушілер саны жеткілікті болған кезде сапар құны қайтадан қалыпты деңгейге түседі.

Бұл ақпарат ұсынымдық сипатта берілген. Сапар бағасы мен сұраныстың нақты динамикасы өзгеруі мүмкін.
 
👎23❤13👏2🔥1🤡1
⚡️Қоянбаев «өшірген» шындық: блокқа кеткен бір пікірдің тағдыры...

Танымал продюсер әрі шоумен Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіде өзіне сын айтқан қолданушыны бұғаттап тастаған деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қазақтың әлемжелісіне айналған threads-те Elya Bai атты қолданушы Қоянбаевтың халыққа пайдасы жоқ екенін, тек жазылушылар санын көбейтуді ғана ойлайтынын айтып, шоуменнің шамына тиіпті.

«Осы Қоянбаевтан не пайда? Тек «подписчик» жинайды өзіне. Бірде-бір маңызды проблеманы көтермейді», – дейді желі белсендісі.


Автордың пікірінше, әрбір азамат, әсіресе ел алдында жүрген танымал медиа тұлғалар әлеуметтік әрі саяси мәселеде белсенді болуы қажет.

«Олар халықтың арқасында табыс тауып отыр. Ал біздің медиа тұлғаларымыз тек өздерін ғана ойлайды. Оларға тыныш отырса, өздеріне зиян тимесе болды. Сендер осыны қолдап отырсыңдар. Бұлай ешқашан салауатты қоғам құра алмаймыз», – дейді Elya Bai өз жазбасында.

Қолданушының осы сын пікірінен кейін көп ұзамай оның аккаунтын Нұрлан Қоянбаев бұғаттап тастаған.


Автор осы жағдайды: «Қоянбаев көкеміз блокқа тықты, көтере алмады менің пікірімді», – деп әзіл-шыны араластырып жазған екен. Жазба әлемжеліде қызу талқыға түсіп, оқырмандар арасында түрлі пікір тудыруда.

Бұған дейін біз 2026 жылы қазақтарды күтіп тұрған тосын өзгерістерге шолу жасаған едік.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏33❤12👍2🔥1
⚡️Каракастағы хаос: Мадуроны түн жамылып әкеткен Трамптың торы...

Каракас ұйқыда жатқанда Әмірика Венесуеланың билігін төңкеріп тастады. Президент сарайы бос қалды. Дөкең бастаған АҚШ әскері Мадуроны төсегінен жұлып әкетіпті. Әйелін де сүйрей жөнелген екен...

Мән-жайы осы тұста: https://ertenmedia.kz/karakas-haos-maduro-tramp/
👏34😱8👍4🤯4❤1👎1
⚡️Ақордадан айтылған алғыс: 75 үздік пен руханиятқа салынған инвестиция...

Мәдениеттің мәртебесі елдің мәртебесі. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекет жыл үздіктерін елорда төрінде салтанатпен марапаттады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Биыл Президенттің арнайы стипендиясына мәдениет пен өнер әлемінің 75 таңдаулы өкілі ие болды.

Көпшіліктің көзайымына айналған аңыз актриса Меруерт Өтекешова, қазаққа тұңғыш «Канн» сыйлығын алып берген Самал Ісләмова мен Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтер марапатталғандардың алдыңғы сапында тұр.


Мемлекет басшысының ыстық ықыласын Үкімет басшысының орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жеткізді. Ол мәдениет қайраткерлеріне берілген құрмет елдің рухани кеңістігіне қосқан ерекше үлеске деген алғыс екенін атап өтті.

Салтанатты рәсім жас буын мен ардагер тұлғалардың басын қосты. Өнер жолын жаңадан бастаған таланттар осы арқылы шабыт алып, жаңа белестерді бағындыруға серпін алды.

Ұлттық мәдениетке жасалған қамқорлық елдің болашағына құйылған инвестиция. Мемлекеттік қолдау арқылы қазақ мәдениеті тек өркендеп қана қоймай, әлемдік биіктерге жол ашары сөзсіз.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤11👏3👎1🔥1