Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Жабық есіктің ар жағындағы жанжал: Серік Сәпиев мәлімдеме жасады...

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев бүгінгі жанжалға қатысты екіұшты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Айтуынша, әлемжелі мен ақпарат құралдарында тараған дерек шындыққа сай келмейді.

«Мен бе, мен мемлекеттік қызметкермін, міндетімді атқару барысында қызметтік этиканы қатаң ұстанамын.

Бала күнімнен бапкерлерім шаршы алаңнан тыс жерде күш қолданбауға тәрбиеледі. Өз күшіме есеп бере аламын, әр әрекетім үшін жауапкершілік жүгін көтеремін.


Сондықтан қандай да бір арандатуға жол бермеймін, ермеймін де. Бұл мәселеге нүкте қойылды», – деді ол.

Желідегі жұрт өз кезегінде: «Олимпиада чемпионы этиканы алға тартты, бірақ кабинеттен неге кәстүмсіз шыққанын ашып айтпады», — деп отыр.

Бұған дейін біз Қарағанды облыстық спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, белгілі самбошы Дәурен Есімханов арасында дау шығып, арты төбелеске ұласқанын жазған едік.

Қаладағы спорт кешенінің камерасына түскен таспа әп-сәтте әлемжеліге тарап кеткен. Онда Серік Сәпиевтің кабинетке кәстүммен және құжат толы папкамен кіріп, сәлден соң кәстүмсіз, жейдемен атып шыққан сәті анық көрінеді.


Мемлекеттік қызмет істері істі жылу жабуға қарсы секілді. Мекеме жанжалдың түп-төркінін анықтап, тиісті шара қабылдамақ.

Кейбір дереккөз жанжалдың қағаз-құжатқа байланысты туындағанын жарыса жазуда. Есімханов кейбір құжатқа Сәпиевтің рұқсатын күтпей қол қойған көрінеді. Тағы бір тарап төбелеске тіл мәселесі түрткі болған деген болжам айтуда. Мәселенің ақ-қарасын анықтауға тырысамыз.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥12❤4👍3😱2👎1
⚡️Көптен күткен жаңалық! МӘМС-те ауқымды тазарту басталды...

Мәселеге Ақорда араласып, Президент әкімшілігінде әбден ысылған маманды жіберіпті.

Толығырақ осы тұста: https://ertenmedia.kz/mams-degen-monstrdyn-basshylyghy-tolyq-auysty/
👏42🔥5😁3🤔2❤1💯1
⚡️Ақордадағы жаңа ойыншы: вице-президенттің құзыреті мен міндеті айқындалды...

Қазақстанда вице-президенттің билік шекарасы айқындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Президенттің құқықтық мәселе бойынша уәзірі Ержан Жиенбаев Ата заңға енгізілетін тың өзгерістерді жариялады. Айтуынша, вице-президентті Президент тағайындайды, бірақ бір нюанс бар. Шешімді Құрылтай депутаттарының басым көпшілігі қолдауы тиіс.

Ал оны қызметтен босату Президенттің жеке құзырында болады.


Жиенбаев вице-президенттің негізгі міндеті туралы нақты ұсыныстарды да ортаға салды.

Вице-президент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық қатынаста елдің атынан сөйлей алады. Сонымен қатар, Президентті Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да меморгандармен байланыстыратын көзі мен құлағы болады.

Одан бөлек, вице-президент Президент атынан ел ішіндегі және шетелдегі қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Өзге де өкілеті Тоқаевтың жарлығымен толығып, реттелмек.

Қарин? Ата заңға вице-президент институтының енгізілуіне байланысты Мемлекеттік кеңесші лауазымы алынып тасталады.


Сондай-ақ Конституция деңгейінде вице-президентке қатысты талап та белгіленбек. Вице-президент депутат бола алмайды, басқа да ақысы төленетін қызметті атқаруына және бизнеспен айналысуына тыйым салынады. Қызмет еткен кезеңде саяси партия мүшесі болмауы тиіс.

Айта кетелік, Астанада Ерлан Қарин бастаған Конституциялық реформа комиссиясының алғашқы отырысы өтіп жатыр. Саясаттанушы Досым Сәтпаевтің пікірінше Тоқаевтың вице-президент лауазымын қайта тірілтуі тегін емес.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎13👍9❤7🤔5🔥3👏1
⚡️«Сен Ресейге керексің». Татарстанның құпия колледжі Қазақстаннан неге қыз іздейді...

Татарстандағы арнайы экономикалық аймақ Орта Азия мен Латын Америкасынан келген қыздарды жалдап, дрон құрастыруда деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Сurrenttime дерегінше «Алабұға» экономикалық аймағында соғысқа ауадай қажет дрон жиналып жатыр. Кәсіпорын жұмыс күшінен тапшылық тартқасын Африкадан қыз-келіншектерді шақырған, кейін Латын Әмерикасына ойысқан, енді Орта Азияға бет бұрыпты.

«Ресми деректе «сервис және тамақтану саласында жұмысқа жалдаймыз» делінгенімен, іс жүзінде «Алабұға старт» жобасының қатысушылары Иранның Shahed-136 кәмикадзе-дрондарын құрап жатыр. Қыздар өте-мөте ауыр жағдайда еңбек етеді. Қауіпті химиялық затпен ешбір қорғаныс құралынсыз жұмыс істейді. Кейбіреуінің төлқұжатын тәркілеп, ел қайтуға мүмкіндік бермеуде», — дейді осы тұста Демократияны қорғау қоры.

Қордың айтуынша, «Алабұға» экономика аймағы «вербовкімен» айналысып отыр. Кәсіпорынға қарасты «Алабұға пәлитех» колледжі дрон құрайтын мамандарды асығыс-үсігіс әзірлеу үстінде. Өткен жылы 6 мыңға жуық Shahed дрондары жиналған екен.


Мұны Киев те сезген. Былтыр арнайы аймаққа басып кірген украин дрондары кәсіпорын жұмысын тежеуге тырысқан болатын.

Ең сорақысы, жобаға соңғы уақытта Қазақстаннан жастары тартыла бастаған. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап «Алабұға Старт ТМД» телеграм арнасы «вербовкілеуімен» ашық айналысуға кіріскен.

«Былтыр жазда Астана мектептерінде 14 жастан бастап «Алабұға Пәлитех» колледжіне шақыратын жарнамалық парақшалар таратылған», — дейді осы тұста Сurrenttime.


Ұран ретінде «Сен Ресейге керексің!», «Жауға қарсы ұшқышсыз аппарат құрастыру керемет!» деген сөздер жазылған. Жарнамада әскери дрондардың суреті де берілген.

«Алабұға» қалай арбайды?

Қазақстандық PR маман Дәрия Бублик осы тұста өзіне «Алабұға» өкілдерінің хабарласып, 16 мен 22 жас аралығындағы қазақстандық қыздарды жұмысқа тарту үшін қаржылай ұсыныс жасағанын жазған еді.

«Жұмысқа тұрған әрбір қазақстандық үшін ақша ұсынды. Үзілді-кесілді бас тарттым. Олар ас үй мен сервис саласында жақсы жалақы ұсынамыз деп алдайды. Жастарға мансаптық өсу жайлы әдемі уәде береді. Алайда іс жүзінде соғысқа қажетті дрон жинауға мәжбүрлейтіні айтылып жүр», – деп жазған-тұғын Бублик.

Айтуынша, Татарстандағы зауытта қазірдің өзінде Қазақстан мен Қырғызстаннан барған жастар аз емес. Халықаралық сарапшылар «Алабұғадан» төнген қауіпті сезіп, арнайы аймаққа АҚШ пен Батыстың назарын аударуға тырысуда.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱38😡12❤11👍6🤮3🔥1
⚡️Ақорданың баспасөз стратегиясын енді Смадияров жүргізеді...

Ақордада ауыс-түйіс: президент Тоқаевтың жаңа баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі болып Айбек Смадияров тағайындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Осыған дейін президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Руслан Желдібай қызметінен босатылды. Оның алдағы уақытта қай қызметке баратыны әзірге белгісіз.

Айбек Смадияров Ақорданың ішкі саясат бөлімін басқарған. Былтыр желтоқсанда осы қызметке келген еді.


Оған дейін Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы, ресми өкілі қызметін атқарды. Дипломатиялық тәжірибесі мол: Венгрия мен Вьетнамдағы елшіліктерде еңбек етті. Орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.

Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы ретінде 2022 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істеді. Былтыр қыркүйекте Президент көмекшісі болып тағайындалған еді. Ақордада төрт жылдай қызмет атқарған. Оған дейін Президент әкімшілігінде және Ақпарат комитетінде әлеуметтік желі мен интернет бағыттарына жетекшілік жасады.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥9👏6❤3👎2😱1
⚡️Санкциядан сытылған суперкарлар: орыс олигархы Қазақстанды қалай пайдаланды...

Қазақстан санкция құрсауындағы Кремльге элиталы көлік жеткізудің көлеңкелі дәлізіне айналғаны анықталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

«Ресей тікұшағы» холдингі басшысының орынбасары Вадим Лиғай санкцияны айналып өтіп, бағасы 300 мың доллар тұратын Bentley Bentayga люкс көлігін сатып алған.

TriTrace Investigations жобасының зерттеуінше, көлік Ресейге Беларус пен Түркия арқылы астыртын жеткен. Тасымалды формалды түрде Татарстандағы суасты қайығы мен дронға арналған желім шығаратын «Қазан зауыты» рәсімдеген екен. Құжат бойынша көлік көршіміздің нарығына бағытталмаған, алайда соңғы аялдама Ресей екені анық көрсетілген.

«Бұл, бұл ма санкциядан кейін люкс көліктерді параллельді импортпен тасудың кең таралған схемасы. 2022 жылдың наурызынан бері Мәскеуге Bentley, Rolls-Royce, Lamborghini, Ferrari және Maserati секілді 214 элиталы көлік әкелінген. Олардың жалпы құны 75 миллион доллардан асады», - дейді осы тұста TriTrace.


Көліктер көбіне Қазақстан, Беларүс, Түркия немесе Армениядағы компанияларға сатылып, кейін орыс агенттерінің қолына өтеді екен. Құжат жүзінде сауда санкцияға ілікпеген елдердің арасында жасалғандай көрінгенмен, көліктің барлығы дерлік Ресей жерінен табылып отыр.

Осы жолда Астана мен Минскі басты транзиттік торап ретінде пайдаланылған.

Айталық, 2023 жылдың шілдесінде бағасы 385 мың еуро тұратын Lamborghini Urus Қазақстан арқылы санкциялық тізімдегі орыс олигархы Евгений Зубицкийдің қолына тиіп, әйелінің атына тіркелген.


2024 жылдың мамырында тағы бір Bentley Беларусь арқылы Қырымға жетіп, санкцияға іліккен РНКБ банкі қаржыландыратын «Крым Наш» компаниясына рәсімделген.

Осы орайда еуропалық OLAF ұйымы санкциядан жалтару схемасына қатысты ауқымды тергеу бастапты. Ол бойынша 766 көліктің барар бағыты Түркия деп рәсімделіп, шын мәнінде Мәскеуге жеткізілгені анықталған. Варшава билігі заңсыз тасымалдың ЕО аумағынан Грузия, Армения, Қазақстан, Қырғызстан арқылы жүргенін мәлімдеп отыр.

Қазірдің өзінде Польша полициясы заңсыз схемаға қатысы бар деген күдікпен 20 адамды тұтқындапты. Олар санкцияны айналып өтіп, Ресей мен Беларусьқа 600-ге жуық көлік жеткізген.

Қазақстан тергеуде басты назарға ілінген елдің бірі ретінде аталып отыр. Бұған дейін біз ресейлік рубльдің ел нарығын басып алғанын егжей-тегжейлі жазған едік.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱25❤13🔥7😡4
⚡️Ата заңдағы елеусіз қалған елеулі деталь: Қайрат Жолдыбай неге алаңдайды...

Жаңа Конституция жобасы жалпыхалықтық талқыға ұсынылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Осы жөнінде белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбай пікірін білдіріп, ұсынылған жобада президенттік биліктің күшейгенін нақты баптармен көрсеткен.

Айтуынша, ең алдымен алаңдататын мәселе Құрылтайдың таралу механизмі болып отыр. Жаңа жоба бойынша, егер Құрылтай Президент ұсынған вице-президентті, премьер-министрді немесе Конституциялық сот судьясын екі мәрте бекітпей қайтарса, Президент оны таратуға құқылы.

«Мұндай жағдайда депутаттардың дербес шешім қабылдауы мүмкін емес. «Көнбесем мандат қолдан кетеді, үйге қайтамын» деген үреймен отырады. Нәтижесінде Құрылтай бақылаушы емес, жай ғана бекітуші органға айналады», — дейді автор.


Одан да қауіптісі, сот жүйесінің тұтас президент бақылауына көшуі. Жаңа Конституцияда Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Ұлттық банк, ҰҚК, Бас прокуратура және Орталық сайлау комиссиясының басшысын т.т президенттің тікелей өзі тағайындайтыны көрсетілген.

Автор мұны бүтін биліктің бір адамның қолына шоғырлану деп бағалап, демократия принципіне қайшы келетінін ескерткен.

«Президенттің әрекетіне шектеу қойып, қадағалайтын басты органдар президенттің өзі тағайындаған адамдар», — дейді Қайрат Жолдыбай.

Сонымен қатар, президент өкілеттігін атқару барысында тек мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Ал жемқорлық пен қызметтік құқықбұзу, өкілетті асыра пайдаланғаны үшін ешқандай жаза қаралмаған.


Автордың айтуынша, бұл «заң алдында бәрі тең» деген қағиданы бұзады. Жаңа Ата заңның ең басты парадоксы да осы жерде.

«Мажоритарлық жүйені кілт тоқтатып, партиялық тізім арқылы сайлауға қайта ауысудың мақсаты түсінікті дейік. Осы арқылы ыңғайсыз тұлғалардың жолын жауып, депутаттыққа өткізбеуді көздеп отыр. Ал қалған өзгеріс билікке не үшін қажет болды?», — дейді ол.

Қайрат Жолдыбай Конституцияның 84 пайызы өзгергенімен, мемлекеттік тілдің мәртебесі өзгеріссіз қалғанына қынжылып отыр. Пікірінше, Ата заңда қазақ тілінің мәртебесі дараланбаса, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен ұлттық идеология жайлы сөз қозғаудың өзі далбаса әңгіме. Орыс тіліне берілген ресми мәртебе қазақ тілінің көсегесін көгертпейді. Автор осыны ескеріп, мемлекеттік тіл мәселесін түбегейлі шешетін уақыт жетті деп санайды.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍131❤27🔥10👏3💯3😡2
⚡️Күршегі жоқ есік: Кремль Қазақстанды тауар өткізетін базарға айналдырып алды...

Кәсіпкер Игорь Рыбин Еуразиялық одақтың ел экономикасына тигізген зардабы туралы өткір мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оның пікірінше, одақ Қазақстанды өрге сүйремей, керісінше кері тартып жатқан өте-мөте қауіпті жоба.

«Еуразиялық одақ туралы жалған оптимизм мен саяси жаттанды сөздерден шаршадым. Шынын айту керек, бұл Назарбаевтың жеке бастамасы еді.

Елмен ақылдасқан ешкім жоқ, ашық талқы болмады, нақты салдарын ешкім таразыламады. Ақыры не болды? Біз осы одақтың зардабын тартып отырмыз.


Зардап шегетін кім? Біз — бизнес, қарапайым азаматтар, бүтін бір елдің экономикасы», – дейді кәсіпкер.

Рыбин осы ұйымның Қазақстанға нақты қандай пайда әкелгенін биліктің өзі де білмейтінін алға тартып отыр.

«Цифрды сөйлетейікші. Одаққа кіргенімізге 10 жыл толды. Осы уақытта не ұттық өзі? Қазақстан ЕАЭО елдеріне өз тауарын сатқаннан 2–2,5 есе артық импорттайды. Одақпен арадағы алыс-беріс ел экономикасын құзға сүйреп жатыр. Негізгі серіктесіміз Кремль дайын тауарын үйіп-төгіп бізге жөнелтеді, есесіне біз оларға шикізат пен жартылай фабрикат береміз. Мұндай модель мүлде интеграция емес. Мәскеу Қазақстанды тауар өткізетін базарға айналдырып алды», – деп ашынады автор.

Айтуынша, Үкімет өз өндірушісін қорғаудың орнына, одақтас елдердің кәсіпкерлеріне есікті айқара ашып тастаған.

«Ресей, Беларүстен келген компаниялар мемлекеттен субсидия алады, арзан несиемен жұмыс істейді, өндірістік қуаты да бізден ауқымды. Ал біздің қазақстандық өндіруші ше? Олар пайызы жоғары несие алып, нарыққа басын тігіп шығады. Сосын бағадан жеңіліп, ішкі нарықтан ығысады. Осыдан кейін «бәріне тең жағдай жасадық» деу қып-қызыл өтірік», – дейді Рыбин.

Кәсіпкердің айтуынша, Қазақстан одаққа кіргелі экономикалық егемендігінің бір бөлшегінен айырылған.


«Осы елдің азамат ретінде мемлекеттің кеден саясаты, сауда ережесі, төл нарығы Астанада емес, теріскейде шешілетінін көріп, қынжыламын. Экономикаға иелік ететін иммунитеттен айырылып, өз тағдырымызды өзге біреуге беріп қойдық», – деп алаңдайды ол.

Қазақстандағы орыс кәсіпкерлердің өзі Еуразиялық одақтан қайыр жоқтығын түсіне бастапты. Рыбиннің манифесті мұнымен шектелмейді. Кәсіпкер біреудің үйіне басып кірген Ресейдің әрекетіне әділ баға берген екен. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥69💯24❤19👍18👏6
⚡️Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі: Қарин алаңдаған қауымға қандай кепілдік берді...

Мемкеңесшісі Ерлан Қарин конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында жаңа Конституция жобасында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі толық сақталғанын айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қариннің осы мәселеге арнайы тоқталуы бекер емес. Жоба жария болғалы қоғамда қызу талқыға түскен баптың бірі 9-шы бап, мемлекеттік тіл туралы тармақ.

Әлгі бапта «Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі» деп анық жазылған. Алайда екінші тармағында: «мем. мекемелерде және жергілікті өзін-өзі басқару органында орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» делінген. Қазақтілді қауым осы тұсқа шүйлігіп, аудиторияның басым бөлігі орыс тілін әлгі жерден алып тастау қажет деген еді.

9-шы баптың мемлекеттік тіл туралы тармағына арнайы тоқталған Қарин қазақ тіліне қатысты қара бұлтты төндірмеуге шақырды.


«Жаңа Ата заңымызда мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, жобада Конституция құрылымы деп аталатын бірінші бөлімінің 9-шы бабы 1-тармағында «Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі» деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Бізде мемлекеттік тіл біреу, ол қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ. Тіліміз биік тұғырда тұр, өзінің орнында. Мемлекетіміз барда ол ешқашан сол тұғырдан, мәртебесінен түспейді. Сол үшін ең бастысы мемлекеттік сақтап, қорғау керек, ең бірінші ел бірлігін ойлау қажет», — деді Мемкеңесші.

Сонымен қатар Қарин соңғы кезде ел ішін дүрліктірген «елдің әкімшілік-аумақтық құрылымында өзгеріс болуы мүмкін» деген қауесетке де жауап берді. Ол мұндай пікідің мүлде негізсіз екенін атап өтті.


«Жаңа Ата заңның преамбуласында мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен шекарасы мызғымас әрі бөлінбес екені тікелей жазылған. Сондай-ақ, 2-баптың 6-тармағында «Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы өзгермейді» деп нақты белгіленген. Яғни, бұл мәселе талқылауға жатпайды және тіпті референдумға да шығарылмайды», – деп түсіндірді Мемкеңесші.

Қарин осы нормалар қазіргі уақытта ғана емес, болашақта да Қазақстанның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін сенімді құқықтық кепілдік екенін қадап айтты.

Әзірде ғана осы мәселеге қатысты заңгер Айман Омарова пікір білдіріп, қазақтілді қауымды сабырға шақырған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎38❤10👏5😁5🔥3🤡3
⚡️Танымал белсендінің үйіне полицейлер сау етіп кіріп келді...

Тәртіп сақшылары қоғамда өткір мәселелерді көтеріп жүрген Дина Елгезектің есігін қағыпты деп жазады Ertenmedia.kz.

Конституциялық өзгерістің олқы тұстарын жіпке тізген белсендісінің әрекеті заңға томпақ болса керек.

"Үйге пәлцейлер келді. “Түсіндірме жұмысы” дейді-мыс. Қазақстан азаматы ретінде Конституцияны талқылауға толық қақым бар. Тілімді қорғау Отанымның алдындағы перзенттік парызым", - дейді осы тұста Дина Елгезек.


Соңғы күндері Ата заңдағы атышулы 9-шы баптың аптығы басылмай тұр.

Әлемжелідегі қауым түгелдей өзгеріп жатқан маңызды құжатта мемлекеттік тілге де лайықты мәртебе берілуі керек деп санайды. Facebook-тен басталған наразылықты соңғы күндері Threads-тегі қауым іліп әкетіп, аталған мәселеде биліктен батыл қимыл талап етуде.

Ақорда өз кезегінде қазақ тілінің тұғырдан түспесіне кепілдік беріп отыр.

Бүгін Ермұрат Бапи, Бақытжан Базарбек, Қазыбек Иса секілді "ауыр артиллерияны" алға салған билік тілдің төңірегіндегі тым көтеріліп кеткен градусты басуға тырысқан еді.


Депутат Бапи ұлттық мүддені желеу етіп, жұртты жікке бөлетін жалған ұранға ермеуге шақырып отыр. "Кремль? Конституцияға қадалған көз бар! Елді дүрліктіріп, әлемжеліні шулатып жүргендер шын мәнінде елдің болашағын ойламайды", – дейді депутат.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱34😡10❤8🤔4👍3👎1🔥1🙏1
⚡️Конституция ұран емес, заң: Сүлейменов үнсіздік мөрін не үшін бұзды...

Жаңа Конституцияның мәтіні баяғыда дайындалып қойған. Танымал заңгер, елдің қазіргі Ата заңын жазуға атсалысқан Майдан Сүлейменов осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

«Соңғы кезде маған «Конституция талқыланып жатыр, неге үндемей отырсыз?» деген сұрақ жиі қойылады. Ашық айтайын, мен мәнсіз жұмыстан әбден шаршадым. Иә, қазіргі Конституция авторларының бірі менмін.

Оны талқылау кезінде Конституциялық сотты сақтау және Парламент өкілеттігін шектемеу үшін жанымды салдым. Бірақ ешқайсысы қабылданбады. Соған қарамастан, мен сол Конституциядан ұялмаймын.


Франция Конституциясының озық үлгілерін алдық, француздар осы Конституциямен-ақ демократиясын сақтап отыр. Мен Назарбаевтың жеке билігі мен отбасының ықпалын күшейтуге бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын», – деді академик.

Экс-елбасының тұсындағы ұятты өзгерістер

Ғалымның айтуынша, Назарбаев билікте отырған кезде-ақ Конституциядағы ұятты өзгерістерге қарсы шығып, көлемді мақала жариялаған. Тіпті бір палаталы парламент құруды ұсынған. Тоқаев тұсындағы кейбір өзгерістерге де қарсы шыққанымен, бірде-бір ұсынысы ескерілмеген.

«Жаңа Конституцияның мәтіні баяғыда дайындалып қойылған, ешкім оны өзгертейін деп отырған жоқ. Конституциялық комиссия фарс. Жүзден астам адам жинап, жалпақ жұртқа көрсету үшін комиссия құрғанымен, шын мәнінде заң мәтіндерін шағын ғана топ әзірлейді. Конституцияның бұған дейінгі мәтінін 12 адамнан тұратын Шайкенов командасы жазып шыққан еді. Аз ғана маман әзірлеген жобаны комиссия мүшелері жаппай қолдай салды. Қазір де солай болады», – деп ашынды ол.

Сүлейменовтың пайымынша, жаңа Конституция жобасының негізгі кемшілігі еркін сайлау жүйесін жою.


«Конституция ұран емес, заң. Ол болашаққа шақырмайды, қол жеткізгенді бекітеді. Сондықтан преамбуладағы ұрандар мен насихаттың керегі жоқ. Жобаның ең үлкен қатесі демократиядан бас тартуы. Сайлауды тек партиялық тізім бойынша өткізіп, оппозициялық партияны тіркеуге мүмкіндік бермеу демократияның тамырына балта шабу.

Қазақстандағы ең мықты Конституция 1993 жылы қабылданды. Одан кейінгі қабылданғандардың барлығы нашарлап барады.


Біздің бірде-бір ұсынысымыз қабылданбайды, ал мен бос әурешілікпен айналысқым келмейді. Сондықтан үнсіз отырған едім, осы жазбамнан кейін де енді жақ ашпаймын», – деді Майдан Сүлейменов.

Ал Бақытжан Базарбек, Қазыбек Иса, Ермұрат Бапи бастаған «ауыр артиллерия» басқаша ойлайды. Депутат Бапидің пікірінше көпшілік өзгерістің ауқымын толық бағалай алмай отыр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏50❤17👍11🔥6
⚡️«Болып табылады»-ның соңғы күні: Мемлекеттік кеңесші Ата заңның тілін қалай түзеуде...

Конституциядағы «болып табылады»-ның дәуірі аяқталды. Ерлан Қарин Ата заңның тілін калькадан тазалап жатыр.

Орыс тілінен аударылған мағынасыз мәтіндер, кеңселік тіркестер өткеннің еншісінде қалады. Ата заң алғаш рет толық қазақ тілінде жазылып отыр.


Сөй деген Қарин "еліміздің басты құжатын халыққа түсінікті тілде сөйлету керекпіз" дейді.

Мемкеңесші ескі құжаттың кем-кетігін жіпке тізіп, қазақ тілінің тұғырдан түспейтінін шегелеп өтіпті. Осы жолғы баяндама эмоцияға толы болған екен...

Толығырақ осы тұста.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏34🤡11😁8❤7🔥2👍1
⚡️50 жылдан кейін орал: Ресей қазақ әзілкешін есіктен кері қайтарды...

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресей аумағына кіруге жарты ғасырлық тыйым салынды. Кремль билігі бұған әзілкештің соғысқа қатысты сыны мен қаржылық заңмананы бұзуын себеп қылып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әзілкеш Мәскеудегі «Внуково» әуежайына Дубайдан келген бойда шекарашылардың тосқауылына тап болған.

Федералдық қауіпсіздік қызметі Сабыровқа «ұлттық қауіпсіздік мүддесіне байланысты елге кіргізілмейтінін» ресми түрде мәлімдеп, дереу кері рейсті күтуге жіберген.


Ресейлік телеграм-арналар, Сабыровтың қара тізімге кіруін атышулы «арнайы операцияны» сынағанымен байланыстыруда. Әзілкештің астарлы пікірлері Кремль идеологтарына ұнамай, орыс жерінде жоспарланған концертінің басып бөлігіне тыйым салынған еді.

Қазірдің өзінде әлемжеліде оның елге кіруге тыйым салынғанын естіген сәті тарап жатыр. Шекарашылар Сабыровтың қолына «Ресейдің есігі жабық» деген мәндегі тілдей қағаз ұстатқан.

Оған сәйкес, 30 қаңтардан бастап Сабыровтың Ресей аумағына кіруіне 50 жыл мерзімге ресми түрде шектеу қойылған.


Пропаганда құралдары «әзілкеш орыс жерінде тапқан қаржысын делдалдар арқылы шетелге заңсыз шығарған» деп жарыса жазуда. Олардың ақпараты бойынша, Сабыровқа тиесілі ресейлік мүліктің жалпы құны 60 миллион рублден асады.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁35🔥12👏7❤5🤡4😱2
⚡️Тегеранның құпия кассирі: Хаменеиді құтқарып қалған бес тонна банкнот...

Кремль Иранға жасырын жолмен шамамен 2,5 миллиард доллар (!) қолма-қол ақша жөнелтіп, санкциядан қысылған әрі ел ішіндегі наразылықтан шатқаяқтаған аятолла Хаменеидің билігін қолдап келген.

Британиялық The Telegraph құпия құжаттарды қопарып, осындай сенсациялық инсайдты жариялады деп жазады Ertenmedia.kz.

The Telegraph ақпараты бойынша, Трамп әкімшілігі Иранға қарсы қатаң санкциялар енгізе бастағанда орыстардың «Промсвязьбанк» қаржы институты Тегеранға ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны жасырын түрде жөнелтуге кіріскен.

2018 жылы Ресейден Иранға салмағы бес тоннаға жуық доллар мен еуро банкноттары 34 бөлікке бөлініп, әрбір партия 57 миллионнан 115 миллион долларға дейінгі аралықта жіберіліп тұрған. Басылым қазіргі таңда да осы құпия тасымал жалғасып жатуы мүмкін деп топшылайды.

«Төлемдер екі елдің сіз бен біз ойлағаннан да жақын серіктес екенін көрсетіп отыр. Мәскеу мен Тегеран санкцияларды айналып өтіп, дәстүрлі қаржылық схемалардан қашып, қолма-қол ақша арқылы Иран билігін аман алып қалуға жанталасуда», – деп жазады The Telegraph.


Астыртын схема қалай жүзеге асқан?

Басылымның зерттеуінде ақша тасымалының алғаш рет 2018 жылдың тамызында жүзеге асқаны айтылады. Мәскеуден шыққан 110 келі банкнот алдымен пойызбен Астраханға жеткізіліп, одан ары Каспий теңізі арқылы Иранның Әмірабад портына жөнелтілген. Сол жерден ақша Тегерандағы Иран Орталық банкіне теміржол арқылы жеткізіліп отырған. Партиялардың (пәшкілердің) доллар немесе еуро болғаны нақтыланбаса да, құжаттарда барлық сомалар доллармен көрсетілген. Соңғы расталған тасымал 2018 жылдың қараша айында болған.

АҚШ Мемдепартаментінің парсы бағытындағы кеңесшісі Әриан Табатабайдың пікірінше, құпия ақша операциялары Иранның орыстарға жеткізген дроны, зымырандары мен өзге қару-жарағы үшін төленген болуы мүмкін.


Бұған дәлел «Промсвязьбанк» негізінен Кремль қорғаныс саласын қаржыландыруға маманданған. Сонымен қатар, осы ақша Ирандағы жаппай наразылық кезінде билігі әлсіреген Ислам революциясы сақшылары корпусының қолдауына да бағытталуы ықтимал.

«Екі ел де зіл батпан санкция астында қалғандықтан, Иран Swift жүйесінен толық ажырағандықтан, қолма-қол ақшаны қолданғаннан өзге амалы жоқ», – деп түсіндіреді Ариан Табатабай.

Құпия ақша тасымалы Иран Орталық банкін Әбдолнәсер Хеммати басқарып тұрған кезде болған. ҚХеммати осы креслоға қайта қонжиғасын, The Telegraph астыртын схема қайта іске қосылуы мүмкін деп пайымдайды. Бұған дейін президент Тоқаев 2025 жылы бір ғана қазақстандық банк арқылы көрші мемлекеттен үшінші елдерге 7 трлн теңге аударылғанын мәлімдеген еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱36❤10🔥4👏3👎1
⚡️Шахановтың шаңырағын шарпыған шу: әулеттің келіні елге үндеу жолдады...

Әйгілі ақын, ұлт қайраткері Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Мұратқызы әлемжеліде тараған видеоға қатысты ашық үндеу жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

«Мен, Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде, қоғамға ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі денсаулық жағдайы өте күрделі, айтқан сөзін бірнеше минуттан соң ұмытып қалатын ауыр халде.

Жақында ғана екінші ұлын жерлеген адамның көңіл-күйі, жан дүниесінің жағдайы қандай екенін бірі түсінсе, бірі түсіне бермейді.


Қазір Атамыз қоғамда болып жатқан оқиғалардан мүлдем хабарсыз екенін түсініңіздер! Сондықтан, өтінемін, тыныштық беріңіздер!» – деді Жаңагүл Өмірбекова.

Ол әлемжелідегі бір видео үшін ұлтқа адал қызмет еткен тұлғаның ар-намысына тиіп, қарғап-сілеудің еш негізсіз әрі әділетсіз әрекет екенін қадап айтты.

«Мұхтар Шаханов қазақ халқының тағдыры жолында күрескен, ана тілінің абыройы үшін өмірін сарп еткен тұлға. Ол ұлтының алдындағы адал парызын ақтаған, тарихта мәңгі сақталатын ардақты азамат!» — деп қорытты келіні.

Еске сала кетсек, соңғы күндері әлемжеліде ақынның атынан жалған парақша ашылып, фейк видео тараған еді. «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген жазбаға 4 мыңнан астам лайк басылып, 700-ге жуық пікір жазылған.


Кейін Ақпарат министрі Аида Балаева осыған қатысты түсініктеме беріп, арандатудың артында тұрған қауіпті күштер туралы айтқан еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙏28👍14💯10❤9😱5🤮3
⚡️Дариға Назарбаеваның Алматыға не үшін ұшып келгені белгілі болды...

Сара Назарбаева Президент іс басқармасы жанындағы Ұлттық госпиталден ем-домын аяқтап шықты. Бұрын «Совминка» деген атаумен танымал медмекеме елдің экс-бірінші ханымы ауруханадан үй жағдайына ауыстырылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

«Пәциент емдеу курсын толық аяқтап, биыл қаңтарда амбулаториялық бақылауға шығарылды. Денсаулығы, диагнозы және емдеу әдістері туралы басқа ақпарат дәрігерлік құпия саналып, жария етуге жатпайды», – делінген госпиталь хабарламасында.


Сара Назарбаеваның ауруханаға түскені туралы ақпарат алғаш рет 2025 жылдың 5 мамырында тарады. Әлемжеліде оның ауыр халде жатқаны, тіпті қайтыс болғаны туралы қауесет шыққан еді. Алайда көп ұзамай әулет өкілдері ақпаратты жалған деп жоққа шығарды.

2025 жылдың қазан айында экс-елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның сәуір айынан бері Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатқанын ресми түрде растады. Осылайша ол медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында 9 айдай жатқан.

Күні кеше Алматыға әулеттің үлкені Дариға Назарбаева ұшып келген болатын. Экс-президенттің қызын ұшақтан шығып бара жатқан сәтте Әлішер Елікбаев дейтін блогер байқап қалған.


Сара апа туралы не белгілі?

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен шаңырақ көтергеннен кейін отбасында үш қызы дүниеге келді. Алғашқыда қыздарының тәрбиесіне ден қойған ол, кейінірек қоғамдық қызметке белсенді араласты.

Айта кетелік…

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев «Менің өмірім» атты естелік кітап жазып, екінші әйел алғанын, одан екі ұлы бар екенін мойындаған.

«Бірақ осы жолғы жағдай қатты әсер қалдырды. Маған гүл ұсынған қыз ерекше сұлу еді. Жанары жанып тұрған құлынмүсін аққұба сұлуды біраз уақытқа дейін ойлап жүрдім», — деген болатын экс-президент.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2❤28🤮28👏3🤬3😱2🙏1🕊1
⚡️Жаңа Конституциядағы қызыл сызық: бойкот вирусы және Әбенов вакцинасы...

Депутат Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасындағы сөз бостандығына қатысты шектеулердің неліктен енгізілгенін түсіндірді. Оның айтуынша, шектеу ең алдымен азаматтардың құқығы мен ар-намысын қорғау үшін қажет деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Конституциялық комиссияның отырысында депутат батыстан келген «бойкот» (cancel culture) феноменін қатты сынап, оның ел ішіндегі қоғамдық диалогқа қауіп төндіретінін айтты.


«Қазір әлемде белең алған осы құбылыс кез келген пікірталасты жеке адамға қарсы шабуылға айналдырып, қарсылық білдірген адамның өзін тұқыртып, абыройын аяққа таптаумен шектеліп жатыр. Бұл даму емес, дағдарысқа апаратын жол. Осындай ойындар қоғамның радикалдануына, әлеуметтік шиеленіске, бөлінуге алып келеді. Сондықтан Қазақстанда сөз бостандығы басқа адамның ар-намысына тиісуге, оны қорлауға немесе қудалауға мүмкіндік бермеуі тиіс», – деді Мұрат Әбенов.

Осы себептен жаңа Конституция жобасына адамның қадір-қасиеті мен абыройының заң жүзінде қорғалатыны туралы бап енгізілген.

«Мұнда мәселе сынды шектеуде немесе БАҚ еркіндігін тұншықтыруда емес. Бұл нормалар жеке адамның абырой-беделін қорғау үшін қажет. Мемлекеттің шешімдерін сынауға, ұстаныммен келіспеуге әбден болады. Бірақ ешкімнің жеке басына тиісуге, оның қадір-қасиетін таптауға ешкімнің құқығы жоқ», – деп түсіндірді депутат.

Әбеновтың пікірінше, Қазақстан үшін ең дұрыс жол ашық әрі жауапты пікірталас мәдениетін қалыптастыру.


Бұған дейін алғашқы Ата заңды әзірлеуге атсалысқан танымал заңгер Майдан Сүлейменов жаңа Конституцияның кем-кетігін жіпке тізіп шыққан. "Конституция ұран емес, заң! Ол болашаққа шақырмайды, қол жеткізгенді бекітеді. Сондықтан преамбуладағы ұрандар мен насихаттың керегі жоқ", - деген еді ол.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎28🔥10❤7🤯3
⚡️Forbes-ты таңғалдырған сыйақы: Қазақстан Олимпиада чемпионына қанша береді...

Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада атлеттердің қалтасын қампайтар керемет мүмкіндік болғалы тұр. Олимпиада жүлдегеріне берілетін сыйақы бойынша Қазақстан әлемдегі ең жомарт елдердің сапына кіріпті.

Мемлекет алтынмен апталған медалді жүздеген мың долларға бағалап отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қазақ спортшыларына төленетін қаржылай марапат көлеміне Forbes та таңғалып жатыр екен. Басылым дерегінше, біздің ел алтын медаль иеленген атлетіне 250 мың доллар санап береді.

Бұл ма, бұл АҚШ чемпиондарына төленетін сыйақыдан шамамен 7 есе көп. Әмірикалық спортшыларға алтын үшін әрі кетсе 37 мың доллар беріледі.


«Қазақтардың қола жүлдегерге төлейтін сыйақысы да қомақты (75 мың доллар). Бір қызығы үшінші орын мен алтыншы орын алған спортшыға төленетін соманың айырмасы үлкен. Алтыншы орынға тұрақтаған атлет 5 мың долларды қанағат тұтады. Қазақстанның осы Олимпиададағы жалғыз үміті шорт-тректен сынға түсетін, елдің көк байрағын ұстап шыққан шыққан Денис Никиша», — дейді Forbes.

Сөй деген басылым біздің елді олимпиада чемпионына үйіп-төгіп сыйақы беретін 13 елдің қатарына қосыпты.

Ең қызығы...

Қысқы спорттың державасы саналатын Норвегия билігі олимпиада медаліне көк тиын да төлемейді екен. Олар спортшының жеңістен кейінгі беделі мен жаттығу үшін берілетін базалық қаржыландыруды жеткілікті деп санайды.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤6👎6👏4🔥3
⚡️Сайыровтың сөздігі: «қатар» сөзі қазақ тіліне қандай пайда әкеледі...

Конституциялық комиссия жаңа Конституция жобасындағы тілге қатысты талқылау барысында қоғам тарапынан қарсылық тудырған бірқатар ұсынысты қабылдады. Соның бірі 9-баптың 2-тармағындағы «тең» сөзі «қатар» сөзіне ауыстырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Депутат Ерлан Сайыровтың айтуынша, әлгі шешім халықтың ұсыныс-тілегіне құлақ түрген мемлекеттің нақты қадамы.


«Конституциялық комиссия отырысында Конституция жобасының 9-бабының 2-тармағындағы «тең» сөзі «қатар» сөзіне өзгертілді. Мұндай өзгеріс комиссияның қоғаммен ашық диалог орнатып, халықтың пікірін ескеріп отырғанын көрсетеді. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты жұмыс істеп жатқанының дәлелі», – деп пікір білдірді депутат.

Желіде журналист Тоқтар Жақаш осы өзгерістің құқықтық салдары туралы сауал қойды:

«Тең» және «қатар» сөздерінің құқықтық күшін айқындадыңыздар ма?», – деп сұрады ол.

Оған жауап ретінде Ерлан Сайыров:

«Қатар» деген сөз «қажет болғанда ғана қолданылады» дегенді білдіреді», – деп жауап берді.


Ал желідегі жұрттың пікірі қақ жарылып жатыр. «Конституциялық комиссия мемтілдің мәртебесіне қатысты қоғам көкейіндегі мәселеге нақты жауап қатты» деген бір тараптың пікірімен екінші жақ келіспеуде.

«Қазақ халқы білімді, озық ойлы. Көнбіс емес. Өз айтары, өзіндік ойы бар. «Қатар» мен «теңді» айыра алады. Кәмпит беріп алдай салатын бала емес. Еліміздің болашағына қатысты қандай да бір шешім қабылдаған кезде, соны біліп жүріңіздер», — дейді Сайыровтың сөзін құптай қоймаған желідегі қауым.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎39😁11🔥7👏6❤5
⚡️Тістер емес, істер сөйлесін: Зайытов Конституциядағы тілге қатысты өзгерістің сырын ашты...

Депутат Ринат Зайытов Ата заңның тың нұсқасындағы мемлекеттік тілге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Айтуынша, Конституцияның 9-шы бабының екінші тармағын асты-үстіне түсіріп талқылап тастаған қоғам Мәжіліс пен Ақорданың арасында арпалыс жүріп жатқанын біле бермейді.

«Тісін көрсеткеннен ісін көрсетуді жөн санайтын азаматтар комиссияға бірнеше нұсқада өз өтінішін беріп, әлгі 9-шы баптың екінші тармағының өзгеруіне қол жеткізді!

Енді жаңа нұсқадағы мәтінде орыс тілі тең емес, қатар қолданылады. Түсінген адамға аз жеңіс емес. Шүкір! Ең бастысы, осы жетістікті жеңіске айналдыру үшін бізге салқынқандылық өте қажет.


Жетістік желігуді жек көреді. Ал біз әлі көп жетістікке жетуге міндеттіміз!» – деп жазды ол.

Тақырыпқа тұздық ретінде депутат мынадай әңгімені мысалға келтірген екен:

Наполеон Бонапарттың бойы бір қарысқа жетпей тұрғанда, бір офицер келіп:

– Генерал, киіміңізді мен ілейін? Сізге қарағанда биіктеуімін ғой, – депті.

Сонда Наполеон:

– Сен биік емессің, ұзынсың, – деген екен.

«Ендеше мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана», – деп түйіндеді Зайытов тілге қатысты ойын.


Бұған дейін депутат Ерлан Сайыров дәл осы сарында сөйлеп, орыс тілінің мәртебесіне қатысты пікір білдірген еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡35🤮10👎8❤7👏7🔥3