Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Күршегі жоқ есік: Кремль Қазақстанды тауар өткізетін базарға айналдырып алды...

Кәсіпкер Игорь Рыбин Еуразиялық одақтың ел экономикасына тигізген зардабы туралы өткір мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оның пікірінше, одақ Қазақстанды өрге сүйремей, керісінше кері тартып жатқан өте-мөте қауіпті жоба.

«Еуразиялық одақ туралы жалған оптимизм мен саяси жаттанды сөздерден шаршадым. Шынын айту керек, бұл Назарбаевтың жеке бастамасы еді.

Елмен ақылдасқан ешкім жоқ, ашық талқы болмады, нақты салдарын ешкім таразыламады. Ақыры не болды? Біз осы одақтың зардабын тартып отырмыз.


Зардап шегетін кім? Біз — бизнес, қарапайым азаматтар, бүтін бір елдің экономикасы», – дейді кәсіпкер.

Рыбин осы ұйымның Қазақстанға нақты қандай пайда әкелгенін биліктің өзі де білмейтінін алға тартып отыр.

«Цифрды сөйлетейікші. Одаққа кіргенімізге 10 жыл толды. Осы уақытта не ұттық өзі? Қазақстан ЕАЭО елдеріне өз тауарын сатқаннан 2–2,5 есе артық импорттайды. Одақпен арадағы алыс-беріс ел экономикасын құзға сүйреп жатыр. Негізгі серіктесіміз Кремль дайын тауарын үйіп-төгіп бізге жөнелтеді, есесіне біз оларға шикізат пен жартылай фабрикат береміз. Мұндай модель мүлде интеграция емес. Мәскеу Қазақстанды тауар өткізетін базарға айналдырып алды», – деп ашынады автор.

Айтуынша, Үкімет өз өндірушісін қорғаудың орнына, одақтас елдердің кәсіпкерлеріне есікті айқара ашып тастаған.

«Ресей, Беларүстен келген компаниялар мемлекеттен субсидия алады, арзан несиемен жұмыс істейді, өндірістік қуаты да бізден ауқымды. Ал біздің қазақстандық өндіруші ше? Олар пайызы жоғары несие алып, нарыққа басын тігіп шығады. Сосын бағадан жеңіліп, ішкі нарықтан ығысады. Осыдан кейін «бәріне тең жағдай жасадық» деу қып-қызыл өтірік», – дейді Рыбин.

Кәсіпкердің айтуынша, Қазақстан одаққа кіргелі экономикалық егемендігінің бір бөлшегінен айырылған.


«Осы елдің азамат ретінде мемлекеттің кеден саясаты, сауда ережесі, төл нарығы Астанада емес, теріскейде шешілетінін көріп, қынжыламын. Экономикаға иелік ететін иммунитеттен айырылып, өз тағдырымызды өзге біреуге беріп қойдық», – деп алаңдайды ол.

Қазақстандағы орыс кәсіпкерлердің өзі Еуразиялық одақтан қайыр жоқтығын түсіне бастапты. Рыбиннің манифесті мұнымен шектелмейді. Кәсіпкер біреудің үйіне басып кірген Ресейдің әрекетіне әділ баға берген екен. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥69💯24❤19👍18👏6
⚡️Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі: Қарин алаңдаған қауымға қандай кепілдік берді...

Мемкеңесшісі Ерлан Қарин конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында жаңа Конституция жобасында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі толық сақталғанын айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қариннің осы мәселеге арнайы тоқталуы бекер емес. Жоба жария болғалы қоғамда қызу талқыға түскен баптың бірі 9-шы бап, мемлекеттік тіл туралы тармақ.

Әлгі бапта «Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі» деп анық жазылған. Алайда екінші тармағында: «мем. мекемелерде және жергілікті өзін-өзі басқару органында орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» делінген. Қазақтілді қауым осы тұсқа шүйлігіп, аудиторияның басым бөлігі орыс тілін әлгі жерден алып тастау қажет деген еді.

9-шы баптың мемлекеттік тіл туралы тармағына арнайы тоқталған Қарин қазақ тіліне қатысты қара бұлтты төндірмеуге шақырды.


«Жаңа Ата заңымызда мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, жобада Конституция құрылымы деп аталатын бірінші бөлімінің 9-шы бабы 1-тармағында «Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі» деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Бізде мемлекеттік тіл біреу, ол қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ. Тіліміз биік тұғырда тұр, өзінің орнында. Мемлекетіміз барда ол ешқашан сол тұғырдан, мәртебесінен түспейді. Сол үшін ең бастысы мемлекеттік сақтап, қорғау керек, ең бірінші ел бірлігін ойлау қажет», — деді Мемкеңесші.

Сонымен қатар Қарин соңғы кезде ел ішін дүрліктірген «елдің әкімшілік-аумақтық құрылымында өзгеріс болуы мүмкін» деген қауесетке де жауап берді. Ол мұндай пікідің мүлде негізсіз екенін атап өтті.


«Жаңа Ата заңның преамбуласында мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен шекарасы мызғымас әрі бөлінбес екені тікелей жазылған. Сондай-ақ, 2-баптың 6-тармағында «Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы өзгермейді» деп нақты белгіленген. Яғни, бұл мәселе талқылауға жатпайды және тіпті референдумға да шығарылмайды», – деп түсіндірді Мемкеңесші.

Қарин осы нормалар қазіргі уақытта ғана емес, болашақта да Қазақстанның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін сенімді құқықтық кепілдік екенін қадап айтты.

Әзірде ғана осы мәселеге қатысты заңгер Айман Омарова пікір білдіріп, қазақтілді қауымды сабырға шақырған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎38❤10👏5😁5🔥3🤡3
⚡️Танымал белсендінің үйіне полицейлер сау етіп кіріп келді...

Тәртіп сақшылары қоғамда өткір мәселелерді көтеріп жүрген Дина Елгезектің есігін қағыпты деп жазады Ertenmedia.kz.

Конституциялық өзгерістің олқы тұстарын жіпке тізген белсендісінің әрекеті заңға томпақ болса керек.

"Үйге пәлцейлер келді. “Түсіндірме жұмысы” дейді-мыс. Қазақстан азаматы ретінде Конституцияны талқылауға толық қақым бар. Тілімді қорғау Отанымның алдындағы перзенттік парызым", - дейді осы тұста Дина Елгезек.


Соңғы күндері Ата заңдағы атышулы 9-шы баптың аптығы басылмай тұр.

Әлемжелідегі қауым түгелдей өзгеріп жатқан маңызды құжатта мемлекеттік тілге де лайықты мәртебе берілуі керек деп санайды. Facebook-тен басталған наразылықты соңғы күндері Threads-тегі қауым іліп әкетіп, аталған мәселеде биліктен батыл қимыл талап етуде.

Ақорда өз кезегінде қазақ тілінің тұғырдан түспесіне кепілдік беріп отыр.

Бүгін Ермұрат Бапи, Бақытжан Базарбек, Қазыбек Иса секілді "ауыр артиллерияны" алға салған билік тілдің төңірегіндегі тым көтеріліп кеткен градусты басуға тырысқан еді.


Депутат Бапи ұлттық мүддені желеу етіп, жұртты жікке бөлетін жалған ұранға ермеуге шақырып отыр. "Кремль? Конституцияға қадалған көз бар! Елді дүрліктіріп, әлемжеліні шулатып жүргендер шын мәнінде елдің болашағын ойламайды", – дейді депутат.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱34😡10❤8🤔4👍3👎1🔥1🙏1
⚡️Конституция ұран емес, заң: Сүлейменов үнсіздік мөрін не үшін бұзды...

Жаңа Конституцияның мәтіні баяғыда дайындалып қойған. Танымал заңгер, елдің қазіргі Ата заңын жазуға атсалысқан Майдан Сүлейменов осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

«Соңғы кезде маған «Конституция талқыланып жатыр, неге үндемей отырсыз?» деген сұрақ жиі қойылады. Ашық айтайын, мен мәнсіз жұмыстан әбден шаршадым. Иә, қазіргі Конституция авторларының бірі менмін.

Оны талқылау кезінде Конституциялық сотты сақтау және Парламент өкілеттігін шектемеу үшін жанымды салдым. Бірақ ешқайсысы қабылданбады. Соған қарамастан, мен сол Конституциядан ұялмаймын.


Франция Конституциясының озық үлгілерін алдық, француздар осы Конституциямен-ақ демократиясын сақтап отыр. Мен Назарбаевтың жеке билігі мен отбасының ықпалын күшейтуге бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын», – деді академик.

Экс-елбасының тұсындағы ұятты өзгерістер

Ғалымның айтуынша, Назарбаев билікте отырған кезде-ақ Конституциядағы ұятты өзгерістерге қарсы шығып, көлемді мақала жариялаған. Тіпті бір палаталы парламент құруды ұсынған. Тоқаев тұсындағы кейбір өзгерістерге де қарсы шыққанымен, бірде-бір ұсынысы ескерілмеген.

«Жаңа Конституцияның мәтіні баяғыда дайындалып қойылған, ешкім оны өзгертейін деп отырған жоқ. Конституциялық комиссия фарс. Жүзден астам адам жинап, жалпақ жұртқа көрсету үшін комиссия құрғанымен, шын мәнінде заң мәтіндерін шағын ғана топ әзірлейді. Конституцияның бұған дейінгі мәтінін 12 адамнан тұратын Шайкенов командасы жазып шыққан еді. Аз ғана маман әзірлеген жобаны комиссия мүшелері жаппай қолдай салды. Қазір де солай болады», – деп ашынды ол.

Сүлейменовтың пайымынша, жаңа Конституция жобасының негізгі кемшілігі еркін сайлау жүйесін жою.


«Конституция ұран емес, заң. Ол болашаққа шақырмайды, қол жеткізгенді бекітеді. Сондықтан преамбуладағы ұрандар мен насихаттың керегі жоқ. Жобаның ең үлкен қатесі демократиядан бас тартуы. Сайлауды тек партиялық тізім бойынша өткізіп, оппозициялық партияны тіркеуге мүмкіндік бермеу демократияның тамырына балта шабу.

Қазақстандағы ең мықты Конституция 1993 жылы қабылданды. Одан кейінгі қабылданғандардың барлығы нашарлап барады.


Біздің бірде-бір ұсынысымыз қабылданбайды, ал мен бос әурешілікпен айналысқым келмейді. Сондықтан үнсіз отырған едім, осы жазбамнан кейін де енді жақ ашпаймын», – деді Майдан Сүлейменов.

Ал Бақытжан Базарбек, Қазыбек Иса, Ермұрат Бапи бастаған «ауыр артиллерия» басқаша ойлайды. Депутат Бапидің пікірінше көпшілік өзгерістің ауқымын толық бағалай алмай отыр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏50❤17👍11🔥6
⚡️«Болып табылады»-ның соңғы күні: Мемлекеттік кеңесші Ата заңның тілін қалай түзеуде...

Конституциядағы «болып табылады»-ның дәуірі аяқталды. Ерлан Қарин Ата заңның тілін калькадан тазалап жатыр.

Орыс тілінен аударылған мағынасыз мәтіндер, кеңселік тіркестер өткеннің еншісінде қалады. Ата заң алғаш рет толық қазақ тілінде жазылып отыр.


Сөй деген Қарин "еліміздің басты құжатын халыққа түсінікті тілде сөйлету керекпіз" дейді.

Мемкеңесші ескі құжаттың кем-кетігін жіпке тізіп, қазақ тілінің тұғырдан түспейтінін шегелеп өтіпті. Осы жолғы баяндама эмоцияға толы болған екен...

Толығырақ осы тұста.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏34🤡11😁8❤7🔥2👍1
⚡️50 жылдан кейін орал: Ресей қазақ әзілкешін есіктен кері қайтарды...

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресей аумағына кіруге жарты ғасырлық тыйым салынды. Кремль билігі бұған әзілкештің соғысқа қатысты сыны мен қаржылық заңмананы бұзуын себеп қылып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әзілкеш Мәскеудегі «Внуково» әуежайына Дубайдан келген бойда шекарашылардың тосқауылына тап болған.

Федералдық қауіпсіздік қызметі Сабыровқа «ұлттық қауіпсіздік мүддесіне байланысты елге кіргізілмейтінін» ресми түрде мәлімдеп, дереу кері рейсті күтуге жіберген.


Ресейлік телеграм-арналар, Сабыровтың қара тізімге кіруін атышулы «арнайы операцияны» сынағанымен байланыстыруда. Әзілкештің астарлы пікірлері Кремль идеологтарына ұнамай, орыс жерінде жоспарланған концертінің басып бөлігіне тыйым салынған еді.

Қазірдің өзінде әлемжеліде оның елге кіруге тыйым салынғанын естіген сәті тарап жатыр. Шекарашылар Сабыровтың қолына «Ресейдің есігі жабық» деген мәндегі тілдей қағаз ұстатқан.

Оған сәйкес, 30 қаңтардан бастап Сабыровтың Ресей аумағына кіруіне 50 жыл мерзімге ресми түрде шектеу қойылған.


Пропаганда құралдары «әзілкеш орыс жерінде тапқан қаржысын делдалдар арқылы шетелге заңсыз шығарған» деп жарыса жазуда. Олардың ақпараты бойынша, Сабыровқа тиесілі ресейлік мүліктің жалпы құны 60 миллион рублден асады.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁35🔥12👏7❤5🤡4😱2
⚡️Тегеранның құпия кассирі: Хаменеиді құтқарып қалған бес тонна банкнот...

Кремль Иранға жасырын жолмен шамамен 2,5 миллиард доллар (!) қолма-қол ақша жөнелтіп, санкциядан қысылған әрі ел ішіндегі наразылықтан шатқаяқтаған аятолла Хаменеидің билігін қолдап келген.

Британиялық The Telegraph құпия құжаттарды қопарып, осындай сенсациялық инсайдты жариялады деп жазады Ertenmedia.kz.

The Telegraph ақпараты бойынша, Трамп әкімшілігі Иранға қарсы қатаң санкциялар енгізе бастағанда орыстардың «Промсвязьбанк» қаржы институты Тегеранға ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны жасырын түрде жөнелтуге кіріскен.

2018 жылы Ресейден Иранға салмағы бес тоннаға жуық доллар мен еуро банкноттары 34 бөлікке бөлініп, әрбір партия 57 миллионнан 115 миллион долларға дейінгі аралықта жіберіліп тұрған. Басылым қазіргі таңда да осы құпия тасымал жалғасып жатуы мүмкін деп топшылайды.

«Төлемдер екі елдің сіз бен біз ойлағаннан да жақын серіктес екенін көрсетіп отыр. Мәскеу мен Тегеран санкцияларды айналып өтіп, дәстүрлі қаржылық схемалардан қашып, қолма-қол ақша арқылы Иран билігін аман алып қалуға жанталасуда», – деп жазады The Telegraph.


Астыртын схема қалай жүзеге асқан?

Басылымның зерттеуінде ақша тасымалының алғаш рет 2018 жылдың тамызында жүзеге асқаны айтылады. Мәскеуден шыққан 110 келі банкнот алдымен пойызбен Астраханға жеткізіліп, одан ары Каспий теңізі арқылы Иранның Әмірабад портына жөнелтілген. Сол жерден ақша Тегерандағы Иран Орталық банкіне теміржол арқылы жеткізіліп отырған. Партиялардың (пәшкілердің) доллар немесе еуро болғаны нақтыланбаса да, құжаттарда барлық сомалар доллармен көрсетілген. Соңғы расталған тасымал 2018 жылдың қараша айында болған.

АҚШ Мемдепартаментінің парсы бағытындағы кеңесшісі Әриан Табатабайдың пікірінше, құпия ақша операциялары Иранның орыстарға жеткізген дроны, зымырандары мен өзге қару-жарағы үшін төленген болуы мүмкін.


Бұған дәлел «Промсвязьбанк» негізінен Кремль қорғаныс саласын қаржыландыруға маманданған. Сонымен қатар, осы ақша Ирандағы жаппай наразылық кезінде билігі әлсіреген Ислам революциясы сақшылары корпусының қолдауына да бағытталуы ықтимал.

«Екі ел де зіл батпан санкция астында қалғандықтан, Иран Swift жүйесінен толық ажырағандықтан, қолма-қол ақшаны қолданғаннан өзге амалы жоқ», – деп түсіндіреді Ариан Табатабай.

Құпия ақша тасымалы Иран Орталық банкін Әбдолнәсер Хеммати басқарып тұрған кезде болған. ҚХеммати осы креслоға қайта қонжиғасын, The Telegraph астыртын схема қайта іске қосылуы мүмкін деп пайымдайды. Бұған дейін президент Тоқаев 2025 жылы бір ғана қазақстандық банк арқылы көрші мемлекеттен үшінші елдерге 7 трлн теңге аударылғанын мәлімдеген еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱36❤10🔥4👏3👎1
⚡️Шахановтың шаңырағын шарпыған шу: әулеттің келіні елге үндеу жолдады...

Әйгілі ақын, ұлт қайраткері Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Мұратқызы әлемжеліде тараған видеоға қатысты ашық үндеу жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

«Мен, Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде, қоғамға ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі денсаулық жағдайы өте күрделі, айтқан сөзін бірнеше минуттан соң ұмытып қалатын ауыр халде.

Жақында ғана екінші ұлын жерлеген адамның көңіл-күйі, жан дүниесінің жағдайы қандай екенін бірі түсінсе, бірі түсіне бермейді.


Қазір Атамыз қоғамда болып жатқан оқиғалардан мүлдем хабарсыз екенін түсініңіздер! Сондықтан, өтінемін, тыныштық беріңіздер!» – деді Жаңагүл Өмірбекова.

Ол әлемжелідегі бір видео үшін ұлтқа адал қызмет еткен тұлғаның ар-намысына тиіп, қарғап-сілеудің еш негізсіз әрі әділетсіз әрекет екенін қадап айтты.

«Мұхтар Шаханов қазақ халқының тағдыры жолында күрескен, ана тілінің абыройы үшін өмірін сарп еткен тұлға. Ол ұлтының алдындағы адал парызын ақтаған, тарихта мәңгі сақталатын ардақты азамат!» — деп қорытты келіні.

Еске сала кетсек, соңғы күндері әлемжеліде ақынның атынан жалған парақша ашылып, фейк видео тараған еді. «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген жазбаға 4 мыңнан астам лайк басылып, 700-ге жуық пікір жазылған.


Кейін Ақпарат министрі Аида Балаева осыған қатысты түсініктеме беріп, арандатудың артында тұрған қауіпті күштер туралы айтқан еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙏28👍14💯10❤9😱5🤮3
⚡️Дариға Назарбаеваның Алматыға не үшін ұшып келгені белгілі болды...

Сара Назарбаева Президент іс басқармасы жанындағы Ұлттық госпиталден ем-домын аяқтап шықты. Бұрын «Совминка» деген атаумен танымал медмекеме елдің экс-бірінші ханымы ауруханадан үй жағдайына ауыстырылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

«Пәциент емдеу курсын толық аяқтап, биыл қаңтарда амбулаториялық бақылауға шығарылды. Денсаулығы, диагнозы және емдеу әдістері туралы басқа ақпарат дәрігерлік құпия саналып, жария етуге жатпайды», – делінген госпиталь хабарламасында.


Сара Назарбаеваның ауруханаға түскені туралы ақпарат алғаш рет 2025 жылдың 5 мамырында тарады. Әлемжеліде оның ауыр халде жатқаны, тіпті қайтыс болғаны туралы қауесет шыққан еді. Алайда көп ұзамай әулет өкілдері ақпаратты жалған деп жоққа шығарды.

2025 жылдың қазан айында экс-елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның сәуір айынан бері Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатқанын ресми түрде растады. Осылайша ол медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында 9 айдай жатқан.

Күні кеше Алматыға әулеттің үлкені Дариға Назарбаева ұшып келген болатын. Экс-президенттің қызын ұшақтан шығып бара жатқан сәтте Әлішер Елікбаев дейтін блогер байқап қалған.


Сара апа туралы не белгілі?

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен шаңырақ көтергеннен кейін отбасында үш қызы дүниеге келді. Алғашқыда қыздарының тәрбиесіне ден қойған ол, кейінірек қоғамдық қызметке белсенді араласты.

Айта кетелік…

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев «Менің өмірім» атты естелік кітап жазып, екінші әйел алғанын, одан екі ұлы бар екенін мойындаған.

«Бірақ осы жолғы жағдай қатты әсер қалдырды. Маған гүл ұсынған қыз ерекше сұлу еді. Жанары жанып тұрған құлынмүсін аққұба сұлуды біраз уақытқа дейін ойлап жүрдім», — деген болатын экс-президент.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2❤28🤮28👏3🤬3😱2🙏1🕊1
⚡️Жаңа Конституциядағы қызыл сызық: бойкот вирусы және Әбенов вакцинасы...

Депутат Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасындағы сөз бостандығына қатысты шектеулердің неліктен енгізілгенін түсіндірді. Оның айтуынша, шектеу ең алдымен азаматтардың құқығы мен ар-намысын қорғау үшін қажет деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Конституциялық комиссияның отырысында депутат батыстан келген «бойкот» (cancel culture) феноменін қатты сынап, оның ел ішіндегі қоғамдық диалогқа қауіп төндіретінін айтты.


«Қазір әлемде белең алған осы құбылыс кез келген пікірталасты жеке адамға қарсы шабуылға айналдырып, қарсылық білдірген адамның өзін тұқыртып, абыройын аяққа таптаумен шектеліп жатыр. Бұл даму емес, дағдарысқа апаратын жол. Осындай ойындар қоғамның радикалдануына, әлеуметтік шиеленіске, бөлінуге алып келеді. Сондықтан Қазақстанда сөз бостандығы басқа адамның ар-намысына тиісуге, оны қорлауға немесе қудалауға мүмкіндік бермеуі тиіс», – деді Мұрат Әбенов.

Осы себептен жаңа Конституция жобасына адамның қадір-қасиеті мен абыройының заң жүзінде қорғалатыны туралы бап енгізілген.

«Мұнда мәселе сынды шектеуде немесе БАҚ еркіндігін тұншықтыруда емес. Бұл нормалар жеке адамның абырой-беделін қорғау үшін қажет. Мемлекеттің шешімдерін сынауға, ұстаныммен келіспеуге әбден болады. Бірақ ешкімнің жеке басына тиісуге, оның қадір-қасиетін таптауға ешкімнің құқығы жоқ», – деп түсіндірді депутат.

Әбеновтың пікірінше, Қазақстан үшін ең дұрыс жол ашық әрі жауапты пікірталас мәдениетін қалыптастыру.


Бұған дейін алғашқы Ата заңды әзірлеуге атсалысқан танымал заңгер Майдан Сүлейменов жаңа Конституцияның кем-кетігін жіпке тізіп шыққан. "Конституция ұран емес, заң! Ол болашаққа шақырмайды, қол жеткізгенді бекітеді. Сондықтан преамбуладағы ұрандар мен насихаттың керегі жоқ", - деген еді ол.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎28🔥10❤7🤯3
⚡️Forbes-ты таңғалдырған сыйақы: Қазақстан Олимпиада чемпионына қанша береді...

Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада атлеттердің қалтасын қампайтар керемет мүмкіндік болғалы тұр. Олимпиада жүлдегеріне берілетін сыйақы бойынша Қазақстан әлемдегі ең жомарт елдердің сапына кіріпті.

Мемлекет алтынмен апталған медалді жүздеген мың долларға бағалап отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қазақ спортшыларына төленетін қаржылай марапат көлеміне Forbes та таңғалып жатыр екен. Басылым дерегінше, біздің ел алтын медаль иеленген атлетіне 250 мың доллар санап береді.

Бұл ма, бұл АҚШ чемпиондарына төленетін сыйақыдан шамамен 7 есе көп. Әмірикалық спортшыларға алтын үшін әрі кетсе 37 мың доллар беріледі.


«Қазақтардың қола жүлдегерге төлейтін сыйақысы да қомақты (75 мың доллар). Бір қызығы үшінші орын мен алтыншы орын алған спортшыға төленетін соманың айырмасы үлкен. Алтыншы орынға тұрақтаған атлет 5 мың долларды қанағат тұтады. Қазақстанның осы Олимпиададағы жалғыз үміті шорт-тректен сынға түсетін, елдің көк байрағын ұстап шыққан шыққан Денис Никиша», — дейді Forbes.

Сөй деген басылым біздің елді олимпиада чемпионына үйіп-төгіп сыйақы беретін 13 елдің қатарына қосыпты.

Ең қызығы...

Қысқы спорттың державасы саналатын Норвегия билігі олимпиада медаліне көк тиын да төлемейді екен. Олар спортшының жеңістен кейінгі беделі мен жаттығу үшін берілетін базалық қаржыландыруды жеткілікті деп санайды.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤6👎6👏4🔥3
⚡️Сайыровтың сөздігі: «қатар» сөзі қазақ тіліне қандай пайда әкеледі...

Конституциялық комиссия жаңа Конституция жобасындағы тілге қатысты талқылау барысында қоғам тарапынан қарсылық тудырған бірқатар ұсынысты қабылдады. Соның бірі 9-баптың 2-тармағындағы «тең» сөзі «қатар» сөзіне ауыстырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Депутат Ерлан Сайыровтың айтуынша, әлгі шешім халықтың ұсыныс-тілегіне құлақ түрген мемлекеттің нақты қадамы.


«Конституциялық комиссия отырысында Конституция жобасының 9-бабының 2-тармағындағы «тең» сөзі «қатар» сөзіне өзгертілді. Мұндай өзгеріс комиссияның қоғаммен ашық диалог орнатып, халықтың пікірін ескеріп отырғанын көрсетеді. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты жұмыс істеп жатқанының дәлелі», – деп пікір білдірді депутат.

Желіде журналист Тоқтар Жақаш осы өзгерістің құқықтық салдары туралы сауал қойды:

«Тең» және «қатар» сөздерінің құқықтық күшін айқындадыңыздар ма?», – деп сұрады ол.

Оған жауап ретінде Ерлан Сайыров:

«Қатар» деген сөз «қажет болғанда ғана қолданылады» дегенді білдіреді», – деп жауап берді.


Ал желідегі жұрттың пікірі қақ жарылып жатыр. «Конституциялық комиссия мемтілдің мәртебесіне қатысты қоғам көкейіндегі мәселеге нақты жауап қатты» деген бір тараптың пікірімен екінші жақ келіспеуде.

«Қазақ халқы білімді, озық ойлы. Көнбіс емес. Өз айтары, өзіндік ойы бар. «Қатар» мен «теңді» айыра алады. Кәмпит беріп алдай салатын бала емес. Еліміздің болашағына қатысты қандай да бір шешім қабылдаған кезде, соны біліп жүріңіздер», — дейді Сайыровтың сөзін құптай қоймаған желідегі қауым.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎39😁11🔥7👏6❤5
⚡️Тістер емес, істер сөйлесін: Зайытов Конституциядағы тілге қатысты өзгерістің сырын ашты...

Депутат Ринат Зайытов Ата заңның тың нұсқасындағы мемлекеттік тілге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Айтуынша, Конституцияның 9-шы бабының екінші тармағын асты-үстіне түсіріп талқылап тастаған қоғам Мәжіліс пен Ақорданың арасында арпалыс жүріп жатқанын біле бермейді.

«Тісін көрсеткеннен ісін көрсетуді жөн санайтын азаматтар комиссияға бірнеше нұсқада өз өтінішін беріп, әлгі 9-шы баптың екінші тармағының өзгеруіне қол жеткізді!

Енді жаңа нұсқадағы мәтінде орыс тілі тең емес, қатар қолданылады. Түсінген адамға аз жеңіс емес. Шүкір! Ең бастысы, осы жетістікті жеңіске айналдыру үшін бізге салқынқандылық өте қажет.


Жетістік желігуді жек көреді. Ал біз әлі көп жетістікке жетуге міндеттіміз!» – деп жазды ол.

Тақырыпқа тұздық ретінде депутат мынадай әңгімені мысалға келтірген екен:

Наполеон Бонапарттың бойы бір қарысқа жетпей тұрғанда, бір офицер келіп:

– Генерал, киіміңізді мен ілейін? Сізге қарағанда биіктеуімін ғой, – депті.

Сонда Наполеон:

– Сен биік емессің, ұзынсың, – деген екен.

«Ендеше мемлекеттік тілмен еш тіл тең емес, қатар ғана», – деп түйіндеді Зайытов тілге қатысты ойын.


Бұған дейін депутат Ерлан Сайыров дәл осы сарында сөйлеп, орыс тілінің мәртебесіне қатысты пікір білдірген еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡35🤮10👎8❤7👏7🔥3
⚡️Ұлттық компаниядағы кофе мен интрига: Тоқаевтың сабырын сарқыған «Самұрық-Қазына»

Президент Тоқаев ұлттық компаниялардағы кейбір қызметкерлердің жұмысын қатаң сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы экономикаға сапалы инвестиция тарту және жоғары технологиялы өндіріс құру мәселесіне ерекше тоқталды. Осы тұста Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің инвест компанияға айналуы белгілі бір себеппен жүзеге асқанын атап өтті. Дегенмен холдингтің нарықтағы ықпалы артса да, жеке бастамаларды тежеп, кәсіпкерлердің жолын бөгеуге жол берілмеуі керек.

Дәл осы ескерту «Самұрық-Қазына» қорының жұмысына да қатысты айтылды.

Тоқаев не дейді?

«Мен ұлттық компаниялар мен «Самұрық-Қазына» қорының басшыларымен ашық әңгіме өткіздім. Бұлардың құрылымын қайта қарап, басқарушылық лауазымда отырған артық қызметкерлерден арылу қажет.

Әсіресе, сол жағалаудағы кеңселерде жұмыс істейтін, бірақ нақты міндеті жоқ адамдар көп. Түскі уақытта қонақүй мен мейрамханаларды кезіп, шай мен кофе ішіп, терлеп-тепшіп, пікір таластырып отыратын осы бір топты бәріңіз де көріп жүрсіздер.


Қолы бос болғандықтан, интернетте бос әңгімеге араласып, күмәнді пікірталасқа да қатысады. Олар дауыс беруге қалай араласады, қандай шешім қабылдайды ол бөлек мәселе. Бірақ маған бәрі белгілі, түсінікті. Ашық айтайын, мұның соңы жақсылыққа әкелмейді», – деді Тоқаев.

Бұдан бөлек…

Сонымен қатар президент инфляция деңгейі тұрақталып, төмендей бастаған сәттен бастап, нарықтық механизмді күшейтуге басымдық берілуі тиіс екеніне тоқталды. Даму институттары бизнес және қаржы секторымен бәсекеге түспей, өзара тиімді әріптестік орнатуға міндетті.

Айта кетелік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаевқа есеп берген Бектенов қыруар қаржыны үнемдеп қалғанын мәлімдеген еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11👏10❤4💩2
⚡️Жапаровтың жұмбақ мәлімдемесі: Бішкектегі «мығым тандем» неге бұзылды...

Қырғызстан президенті елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босатты деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қырғыз мемлекеті басшысының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Жапаровтың бұйрығы Конституцияның маңызды бабына негізделген. Комитет төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Жұмғалбек Шабданбеков тағайындалды. Енді оның кандидатурасын Жогорку Кенеш мақұлдауы тиіс.

Кейін президенттің баспасөз қызметі Жапаровтың шешіміне мотив болған түсініктемесін жариялады.

"Шешімнің негізгі мақсаты мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз ету, қоғамның және мемлекеттік құрылымдардың арасында алауыздықтың алдын алу. Бізге дәл қазір бірлікті нығайту қажет", – деп мәлімдеген екен Жапаров.


Қамшыбек Тәшиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып 2020 жылдың қазан айында тағайындалған. Оны әлгі орынға отырғызған да Жапаровтың өзі-тұғын.

Жапаров-Тәшиев тандемі қалай қалыптасты?


Екі саясаткердің байланысы сонау 2010-шы жылдан бастау алады. Саяси алаңда бір позицияны ұстанған Жапаров пен Тәшиев 2012 жылғы қылмыстық іс бойынша да қатар айыпталған.

«Қырғызстандағы ең мығым әрі беделді одақтың бірі саналды. 2020 жылдың қазан оқиғасынан кейін екеуінің тандемі тіпті күшейіп, билік құрылымына айналды. Жапаров ел тізгінін ұстаса, Тәшиев күштік құрылымның ең ықпалды тұлғасына айналып шыға келді. Тандемді елдегі ең берік саяси дует ретінде бағалап келген едік. Соңғы кадрлық өзгеріс билік балансының бұзылғанын білдіретін белгі", — дейді осы тұста қырғыз медиасы.

Соңғы кезде саяси ортада комитет басшысының алдағы президенттік сайлауға дайындалып жатқаны туралы сыбыс тараған. Тәшиевтің өзі науқанға қатыспайтынын, Жапаровтың жолын бөгемейтінін мәлімдеген-тін.


ҰҚМК төрағасы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған Жұмғалбек Шабданбеков әлгі Тәшиевтің орынбасары және осы мекеменің 9-қызметінің басшысы қызметін атқарған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👍7🤔6🔥4😁2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️30 мың жалған анықтама: Тоқаев мал шаруашылығы саласында тәртіп орнатуды тапсырды...

Президент Тоқаев ауыл шаруашылығын қолдаудың қазіргі жүйесін сынға алып, саланы жаңаша ұйымдастыруды тапсырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы шаруаларды жаңа үлгідегі кооперативтерге біріктіруді қолға алу қажеттігін айтты. Ол үшін батыл әрі жүйелі шешімдер керек.

Осы бағытта 1 қыркүйекке дейін ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы жаңа заң жобасы әзірленуі тиіс. Президенттің пікірінше, мемлекеттік қолдаудың ашықтығы артып, көлеңкелі тұстары жойылғанда ғана субсидия тиімді игеріледі.


Сондықтан субсидиялау жүйесін толық цифрландырып, шаруалардың жауапкершілігін нақты бақылауға алу маңызды.

Мал шаруашылығын тұрақты дамытудың басты шарты ветеринария қызметінің сапасын арттыру. Тоқаев саланың тым артта қалғанын жасырмады. Елдегі 170 зертхананың тек 30-ы ғана халықаралық стандартқа сай жұмыс істеп отыр. Ет сапасы?

Ең сорақысы, соңғы үш жылда малға екпе салынды деген жалған құжат саны 30 мыңнан асқан.


Президент салада тәртіп орнатуды қатаң тапсырып, Бектеновке ветеринарияны дамытудың кешенді бағдарламасын 3 ай ішінде әзірлеуді міндеттеді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍44❤6🔥5👏3👎2😁2💩1
⚡️Ресейден қуылды, Қазақстанда сотталуы мүмкін: Сабыровқа қатысты тың мәлімет тарады...

Атышулы әзілкеш Нұрлан Сабыров тағы да дау ортасында. Күні кеше Мәскеуге кіре алмай, елге қайтып келген комик ресейлік баскесерлерге қолдау білдіргені үшін ұзақ жылға сотталуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Танымал заңгер Бауыржан Оңғаровтың мәлім еткеніндей, Сабыровқа қатысты Қылмыстық кодекстің «жалдамалы жендеттік» туралы 170-бап 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл бап бойынша айыпталушыға 7 жылдан 12 жылға дейінгі аралықта жаза тағайындалады.

Заңгердің айтуынша, ресейлік «Уағнер» жеке әскери жасағына қаржылай және материалды қолдау көрсеткен Сабыровтың әрекеті әлгі баптың талабына толық сәйкес келеді әрі қылмысы толық дәлелденген.

Жақында әлемжеліде Сабыровтың Украин жерінде небір зұлымдық жасаған «Уағнер Истра» жасақтарына 10 мотоцикл сыйлаған сәті тарап кеткен еді. Бұдан бөлек комик соғысқа арналған қорға 2 млн рүбл аударған. Тіпті әлгілерге «жеңіспен оралуды» тілеген сәті де анық көрінеді.


Алғаш рет видео ресейлік телеграм арналарда тараған. Сабыровтың айналасындағы шу күшейгесін ролик дереу өшірілген екен. Таспаны тексеріп шыққан Factcheck порталы оның шынайы екенін растап отыр.

Комиктің Қазақстанға қайтып келгеніне жергілікті қауым да аса бір қуанып отырған жоқ. Қазақтілді аудитория оның қазақ тілі туралы айтқан орынсыз әзілдерін бетіне басуда.

Айта кетейік, Сабыровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған. Ресейде оның тапқан табысы 50 миллион рүблден асып кеткен.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍49❤8🔥4👏2🤔2
⚡️Генерал жағына өтіңдер: Жапаровқа қарсы операцияның мән-жайы белгілі болды...

Қырғыз билігінің ең жоғары эшелонында «төңкеріске ұқсас» ауыс-түйіс болды. Президент Жапаров Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамшыбек Тәшиевті орнынан қозғады деп жазады Ertenmedia.kz.

Қамшеке қызметтен алынғанын немістің Мүнхен қаласында жүріп естіген екен. Сол жерде жүрегіне жасалған отаға байланысты медтексерістен өтіп жатыпты.

«Бішкектегі дереккөздің мәліметінше, Жапаровтың шалт жүрісіне Тәшиевпен арадағы ұрыс-керіс себеп болған. Телефон арқылы тілдескен тандем бір-біріне ауыр сөз айтса керек», - дейді осы тұста саясаттанушы Аркадий Дубнов.


Президенттің маңайы әуелде әлгі шешімді «елді, мем.құрылымдарды екіге жармау» мақсатымен түсіндірген. Арада екі сағат өткесін Жапаров командасы басқа аргументті ортаға салды.

Айтуынша, Тәшиевке бағынышты топ оның атынан депутаттарға, басқа да ықпалды тұлғаларға қоңырау соғып, «генерал жағына өтіңдер» деген мазмұнда үгіт жүргізген.

Жапаровтың өзі осы туралы: «Олар біраз адамды қолқалап, «генерал жағына шығыңдар, мынаған қол қойыңдар» деп түрлі әрекетке итермелеген. Бұл ел ішінде, саяси қызметкерлер арасында алауыздық туындауына түрткі болды», – деп мәлімдеді.

Тәшиевтің уәжі қандай?

Генерал жағына өтіңдер? Әдетте әлгі риторика билікке қарсы бүліктің басы ретінде бағаланады. Алайда Тәшиевтің төңірегі әңгіме «жаңа президент сайлауын тағайындауды талап ету» туралы өтінішке қол қою жөнінде болғанын айтады.

«Құжатқа бұрынғы премьерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардан құралған 75 адам қол қойды. Олар 2021 жылы қабылданған жаңа конституциядағы президенттік мерзімнің екіұшты ережесіне алаң білдірген», – дейді осы тұста Тәшиевтің сенімді серігі Бекболат Талғарбеков.


Сөзінше, жаңа Ата заңда президенттік мерзім екі рет 5 жылдан аспайтыны көрсетілген. Жапаров 2021 жылы әлі ескі конституция бойынша 6 жылға сайланған.

"Осы мәселе қоғамда бүлік тудыруы мүмкін деген уайым бар. Жаңа құжатқа сәйкес, Жапаров келесі сайлауда тағы екі мерзімге (10 жыл), қазіргі мерзімін қосқанда жалпы 16 жыл билікте отыру мүмкін. Бұл ма, бұл Путиннің тәсілі", - дейді Дубнов.

Пікірінше, дәл осы мәселе тандемнің арасындағы конфликтіге триггер болған.

«Тәшиев ерте ме, кеш пе президенттікке ұмтылар еді. Жапаров 2020 жылы президенттікке соның арқасында келген. Осы күнге дейін берік саналған саяси одақ өзінің ғұмырын аяқтады, тұрақтылық кепілі болудан қалды», — дейді сарапшы.

Ендігі жағдай қалай өрбиді?

Елдегі күштік құрылымның экс-жетекшісі Жапаровқа қалай жауап қатады? Шетелден орала ма? 2027 жылғы президент сайлауына қатыса ма? Белгілі қырғыз саясаткері Феликс Құлов бұған былай жауап қатыпты: Қамшекеңнің ендігі тағдыры өзіне байланысты. Билікпен ашық текетіреске бармаса, қудалауға түспейді».

Айта кетелік, бұған дейін Испанияда тұрып жатқан елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаев Жапаров билігінің жасырын схемасын әшкерелеген еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18❤12🔥3👏3
⚡️Путиннен паспорт сұраған зейнеткер: Лүдмила апа Қазақстаннан кетіп қалды...

2025 жылдың соңында Кремль көсемімен тікелей эфирде тілдесіп, Ресей азаматтығын алуға көмек сұраған қазақстандық зейнеткер Лүдмила Кондратиеваға ресейлік төлқұжат тапсырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ресей Ішкі істерінің мәліметінше, зейнеткердің қуанышында шек болмаған. Қазақстан азаматы Лүдмила Кондратиева былтыр қыркүйек айында қызының шақыруымен Мұрмынскі облысындағы Кола қаласына келген. Әлгі жер ұнап қалып, зейнеткер Ресейде тұрақты тұруға шешім қабылдаған. Артынша қараша айында құжатын рәсімдеуге өтініш бергенімен, біраз қиындыққа тап болған.

Содан кейін Лүдмила апа «Итоги года с Владимиром Путиным» бағдарламасының тікелей желісінде Ресей президентінен құжат рәсімдеуде көмек сұраған болатын.


"Полиция қызметкерлері зейнеткердің өтінішін жедел қабылдап, қажетті құжатты жинауға және рәсімдеуге барынша көмектесті. Өтініш қысқа мерзімде қаралып, оң шешім шықты. Лүдмила Кондратиева Ресей Федерациясының азаматы ретінде ант қабылдап, оған ресейлік паспорт табысталды", – деді Ішкі істер өкілдері.

Өз кезегінде зейнеткер полиция қызметкерлеріне жеделдік пен жанашырлық танытқанына алғыс білдіріпті.

Қазақстаннан Ресей капиталы да кетіп жатыр. Соңғы уақытта Мәскеудің елімізге салған инвестициясы күрт азайған. Былтырғы жарты жылда Ресейден келген 300-ге жуық компания Қазақстан нарығынан кетіп тыныпты.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏46😁14👍11❤6🔥2
⚡️ «Иә» немесе «жоқ»: 15 наурызда Қазақстан қандай Конституцияны таңдайды

Президент Тоқаев жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдумды 2026 жылдың 15 наурызына белгіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған жарлықта: «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін. Жалпыхалықтық дауыс беруге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы шығарылсын.

Референдумға қойылатын сұрақ: «2026 жылдың 12 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»


делінген.

Жаңа Конституцияның жобасы осы жылдың 12 ақпанында БАҚ-та ресми түрде жарияланған болатын. Ата заңның тың нұсқасы қоғамда кеңінен талқыланып, қазақтілді қауым құжаттың кейбір тұсына көңіл толмастық білдірген еді.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬27👍10❤7🤔5👎3🤡3👏2