Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Атырауды дүрліктірген іс: Индонезия полициясы «күйеубаланың» ұсталған сәтін көрсетті...

Атыраудағы атышулы іс Индонезияда да қызу талқыланып жатыр.

Жергілікті полиция "күйеубаланың" ұсталған сәтін көрсетіпті.


Полицейлер кіріп келгенде Сәрсемәлиев қашуға талпынған екен. Құдды бір кино секілді. Мән-жайын бізден оқыңыз.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏22😱9🔥6❤5
⚡️Пәтер сатудың жаңа ережесі: Қазақстанда мүлік салығы қалай өзгереді...

Қазақстанда мүлікті сатудан түскен табысқа салынатын жеке табыс салығының жаңа тәртібі енгізілді. Өзгерістерді Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Дина Құсайынова түсіндірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оның айтуынша, бұған дейін азамат пәтерді 20 миллион теңгеге сатып алып, кейін оны 25 миллион теңгеге сатса, айырмадағы 5 миллион теңге мүліктік кіріс болып саналатын. Бұл сомадан азамат 10 пайыз салық төлеуге міндеттелетін.

Егер азамат салық төлемеуді көздесе, сатып алған мүлікті бір жылдан соң ғана сатуы тиіс еді. Ал жаңа Салық кодексі бойынша осы мерзім екі жылға ұзартылды.

«Жаңа Салық кодексі нормалары 2026 жылдан бастап күшіне енгендіктен, екі жылдық мерзім тек 2026 жылы сатып алынған мүлікке қатысты. Мысалы, сіз 2025 жылдың желтоқсанында 25 миллион теңгеге пәтер алып, оны 2027 жылдың қаңтарында сатсаңыз, бұл бір жылдан астам уақыт өтсе де, бұрынғы заңның талаптары қолданылады. Яғни, мүліктік кірісті есептеу үшін бір жылдық мерзім сақталады. Ал егер сіз пәтерді 2026 жылдың қаңтарында алсаңыз, онда жаңа ережеге сай екі жылдық мерзім қолданылады», – деп түсіндірді Дина Құсайынова.

Сонымен қатар, сатудан түскен табыс 36 миллион теңгеге дейін болса, бұрынғыдай 10 пайыз салық алынады. Ал кіріс 36 миллион теңгеден асса, салық ставкасы 15 пайызға дейін көтеріледі.


Айта кетелік, бұған дейін біз 1 наурыздан бастап біраз нәрсе өзгеретінін жазған болатынбыз. Салық жүйесі, банк саласы, тіпті әлимент өндіруге дейін енді басқаша жұмыс істейтін болады.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎28❤6👍5😡5🔥2🤔2😱1
⚡️Атырауды дүрліктірген іс: Индонезиядан табылған күйеубаланың тағы бір суреті тарады...

Атырау облысында ата-енесін өлтірді деген күдікпен Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның тағы бір суреті жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Суретте қолы кісенделген Сұлтан Сәрсемәлиев пен қасында отырған әйелі Ақбаян Мұқанғалиева анық көрінеді. Мұқанғалиеваның қолында кісен жоқ. Ерлі-зайыптылардың артында тұрған адамдар Индонезия полициясының қызметкерлері болуы мүмкін.

Бұған дейін ерлі-зайыптылар Ломбок аралының Сенару ауылында тұтқындалған еді. Қазір оларды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.


Арнайы операция 24 ақпанда өткен екен. Қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы И.Команг Виландра күдіктінің Сенару ауылында жүргенін біліп қойып, жедел құрықтау шарасына кіріскен. Құқық қорғаушылар қонақүйге сау етіп кіріп келгенде, Сәрсемәлиев қашуға әрекет қылыпты, алайда алысқа бара алмаған.

Еске салсақ, Сәрсемәлиев пен Мұқанғалиева былтыр қарашада Атырау облысының Жангелдин ауылында Мұқанғалиеваның ата-анасын өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Қаза тапқан ерлі-зайыптының денелері өз үйлерінің қора-жайының астынан табылған. Тергеу күдіктілер қылмыс іздерін жасырып, мүліктер мен ақшаны өздеріне иемденгенін мәлімдеген.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥18😱6❤4😢1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Назарбаев неге Путинге бара береді: Қажыгелдин Кремльдің жымысқы жоспарын айтты...

Экс-премьер Әкежан Қажыгелдин Мәскеуге дүркін-дүркін баратын экс-елбасы туралы пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Айтуынша, Назарбаевты сән-салтанатпен қарсы алатын Кремль көсемі осы арқылы манипуляция жасап отыр. Мәскеудің көзқарасы тұрғысынан мұны түсінуге болады.

"Путиннің түпкі ойын білеміз дейік. Мәселе мұның Назарбаевқа қажеті қанша? Әбішұлы қазір терең дағдарыста. Күйзеліп жүр. Уайым-қайымы көп.

Оған қауіпсіздік кепілдігі керек. Ата заңды қанша өзгертсе де, жеке басын қорғай алмады. Әулеттің абыройы төгілді. Ықпалы сөгілді. Мәңгі жасайды деген жүйесі де бір-ақ күнде талқан болды.


Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып, Тоқаевтың төбесінен бақылап отырамын деген жоспары да орындалмады", - дейді Қажыгелдин.

Пікірінше, Ата заңның тың нұсқасындағы вице-президент лауазымы да қазіргі саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ете алмайды. Билік ың-шыңсыз, әдемі ауысуы үшін халықтың тұрмысы түзеліп, түтіні түзу болуы керек.

"Әбішұлы? Ол Кремль көсеміне ештеңе ұсына алмайды. Путин оның қауқары кеткенін әлдеқашан түсінген. Әлсіз тұсын да жақсы біледі. Иә, Назарбаевты ел көзінен тасада, ешкімге ештеңе демей қабылдаса да болар еді. Алайда Мәскеудің өз білгені бар. Экс-президентті алаулатып-жалаулатып қабылдау арқылы Қазақстанның қазіргі билігіне қыр көрсеткісі келеді. Ақорданың әлгіндей сапарды ұната бермейтінін өте жақсы біледі", - дейді Әкежан мырза.

Экс-премьер жаңа Конституцияға да жеке тоқталыпты. Пайымдауынша, Тоқаев еліміздегі билік транзитін вице-президент арқылы жүзеге асырмақ. Бұл әулеттің билікке барар жолын толықтай жабады.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍43❤10💯9🤮5🔥3🤡3
⚡️Аятолланың ажалы: Кремльдің Иранға құйған 8 млрд доллары желге ұшты...

АҚШ-та тұратын қазақ кәсіпкері, Республикалық партия мүшесі Тимур Сейтмұратов Ирандағы жағдайға байланысты Ресейдің Таяу Шығыстағы ықпалы күрт төмендеуі мүмкін деп санайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Кәсіпкердің пікірінше, Иранның рухани көсемі аятолла Хаменейдің көзін жою және Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) басшылығының талқандалуы Мәскеудің Таяу Шығыстағы соңғы тірегін жойды.

Бұған дейін Ресей Венесуэладан, Сириядан айырылып, Оңтүстік Кавказ Түркияның ықпалына өтіп кеткен еді. Енді Иран да Кремльдің қолынан сусып барады.


Бұл жағдай Кремльдің Иранға салған миллиардтаған инвестициясының тағдырын да күмәнді етуде. 2024 жылы ғана Мәскеу Иранның экономикасына, әсіресе газ саласына 8 млрд доллар инвестиция салып, осы елдің ең ірі шетелдік инвесторы атанған-тұғын. Сонымен бірге ресейлік капитал көлік инфрақұрылымына, металлургия мен ауыл шаруашылығына да бағытталған еді.

«Әзірге нақты болжам жасау қиын. Бірақ Таяу Шығыстағы осы бір тектоникалық өзгерістер Украинадағы соғыстың аяқталуына елеулі серпін беруі мүмкін. Әрине, Ресейдің әлі де Қытайдан қолдауы бар. Бірақ Қытай үшін де Венесуэла, Панама және Ираннан айырылу өте ауыр геосаяси соққы. Сондықтан Бейжің енді жаңа жағдайға байланысты терең ойлануы тиіс», – дейді Тимур Сейтмұратов.

Кәсіпкердің пікірінше, Тегеран мен Мәскеудің аймақтағы ықпалының төмендеуі Анкараның Каспий өңірінде күшеюіне мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Орталық Азия елдерімен бірлесіп, түркі одағын құру идеясын шынайы жүзеге асатын жобаға айналдырып отыр.


«Бес жыл бұрын мұндай сценарий мүмкін емес болып көрінетін еді. Бірақ уақыт өзгерді, жағдай өзгерді», – деп қорытындылады кәсіпкер.

Трамптың Тегеранға неліктен тап бергенін бұған дейін талдап жазған болатынбыз.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥33👍19👏2🙏2❤1👎1
⚡️Хаменейдің фаталды қатесі: таңғы сегіздегі жиналыстың трагедиялық финалы...

Белгілі экономист Алмас Шөкин Ирандағы жағдай cоғыстың сипатын түбегейлі өзгерткеніне назар аударды деп жазады Ertenmedia.kz.

Оның айтуынша, АҚШ пен Израильдің Тегерандағы арнайы операциясы соғыстың бұған дейін салты мен ережесін толық бұзған.

«Бұрын екі ел жауласқанда билеушілер бір-біріне тікелей тиіспейтін. Тіпті Сталин мен Гитлер де бір-біріне бомба лақтырған жоқ. Қазір ме, қазір соғыстың логикасы толық өзгерді.

Уашиңтон аятолла Хаменей мен КСИР басшыларын жойып, режімнің орталық басқару тетігін бір демде істен шығарды. Бұрын бұл мүмкін емес еді. Дәл осы тактика Венесуелада да қолданылды.


Мадуроны жай ғана тікұшаққа отырғызып, шетелге алып кетті. Әзір оны ешкім еске алмайды. АҚШ? Ақ үй Қаракаспен қарым-қатынасты қалпына келтірді. Уашиңтонның ықпалды шенділері Венесуеладағы мұнай кеніштерін емін-еркін аралап жүр. Санкция ақырындап алынуда», – деп түсіндірді экономист.

Шөкиннің атап өткеніндей, әскери сарапшылардың көбі шабуылдың таңғы сағат сегізде жасалғанына таңданыс білдірген екен. Әдетте шабуылдаушы тарап түн қараңғысын пайдаланып, жау әскері шырт ұйқыда жатқанда соққы жасауға тырысатын.

«Соққы шынымен де түнде жоспарланған. Алайда Израильдің барлау қызметі аятолла Хаменейдің таңғы сағат 8-де елдің жоғары басшылығын (бас-аяғы 40 адам) жинайтынын біліп қойған. Нетаньяху дереу Трампқа хабарласып, сирек кездесетін мүмкіндікті пайдалануды ұсынған. Шабуылдың нәтижесінде аятолла Хаменей, қорғаныс министрі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қаза тапты», – дейді сарапшы.

Шөкиннің айтуынша, бұрынғыдай жер жаулап алу, ресурстарды басып алу сияқты әрекет экономикалық жағынан тиімсіз. Жаңа әлемде соғыс идеология үшін емес, кедергілерді жою үшін жүреді. Тиімсіз лидерді тез арада алып тастап, жүйенің өз бетімен дамуына мүмкіндік берген әлдеқайда тиімді.


«Бұл халықаралық саясат пен экономикадағы түбегейлі жаңа дәуірдің басталуы. Бәріміз үшін өте қызықты әрі маңызды кезең басталып жатыр», – деп қорытты экономист.

Ал Трамптың Тегеранға неліктен тап бергенін біз бұған дейін талдап жазғанбыз.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥27❤12👍6👏3
⚡️Ирандағы трагедия: 185 қыздың тағдырын қиған 61 метрлік қателік...

Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясындағы қыз балаларға арналған бастауыш мектепке жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 185 адамға дейін өсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz CNN арнасына сілтеп.

Құтқарушылар үйінділерді ашып, қаза тапқандарды анықтаған сайын құрбандар саны үздіксіз өсуде. Бұған дейін қайтыс болғандар саны алғашында 5, кейін 95, одан кейін 118 адам болған еді.

Қайғылы оқиға Минаб қаласында орналасқан қыз балалардың бастауыш мектебінде тіркелген.

CNN телеарнасының дерегінше, зымыран соққысына ұшыраған мектеп Иран әскери базасынан небәрі 61 метр жерде орналасқан. Телеарна мектептің бұрын әскери базаға қарағанымен, 2016 жылдан бері жеке тұрғанын анықтады.


Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи шабуылдан кейін қираған мектептің суретін жариялап, «АҚШ пен Израиль бейкүнә балалардың қанын төкті, ирандықтарға жасалған бұл қылмыс жауапсыз қалмайды» деп мәлімдеді.

Иран СІМ өкілі Эсмаил Багаи де шабуылды «сорақы қылмыс» деп атап, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесін араласуға шақырды.

АҚШ орталық қолбасшылығының ресми өкілі Тим Хокинс шабуыл туралы хабардар екендерін және тексеру басталғанын жеткізді. Ол «Азаматтық нысандарды қорғау басты назарда, біз адамдарға кездейсоқ зиян келтіру қаупін барынша азайтуға тырысамыз» деді.

Тегеран көшелеріне мыңдаған адам шығып, АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапқан Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменеиді еске алды. Қара түсті киім киген тұрғындар Иран туын ұстап, Хаменеидің суретін көтеріп шықты.


Сонымен қатар Иран диаспорасының кей өкілдері, әсіресе Батыс елдерінде тұратын ирандықтар Хаменеидің қаза болуын қолдап, елде биліктің ауысуын талап етіп жатыр.

PREMIUM TIMES басылымының дерегінше, Хаменеидің қазасынан кейін елдегі билікті уақытша үш адамнан тұратын кеңес басқармақ. Бұл кеңеске Иран президенті Масуд Пезешкиан, сот жүйесінің басшысы Голамхоссейн Мохсени Эджеи және Конституциялық қадағалау кеңесінің бір мүшесі кіреді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱19❤11👍7😢7🤔1🙏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Дубайдағы қазақтардың жанайқайы: Әуе жолы жабылып, қонақүйлер қуып жатыр...

Дубайда демалып жүрген қазақстандық туристер елге қайта алмай, қиын жағдайда қалғанын айтып президент Тоқаевқа үндеу жолдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Отандастарымыз қонақүйлердің оларды бүгін сағат 12:00-ден бастап шығарғалы жатқанын, ал ұшақ рейстерінің тоқтатылуына байланысты Қазақстанға қалай оралатынын білмей абдырап отыр.

«Демалысымыз азапқа айналды. Әуежайда ешбір анық ақпарат жоқ. Туроператорлар жауап беруден бас тартып, жауапкершілікті өздерінен алып тастады. Балаларымызбен бірге далада қалғалы тұрмыз. Құрметті Президент, бізге көмектесіңіздер!», – делінген видео үндеуде.


Жиналған туристердің арасында кішкентай балалары бар отбасылар, егде жастағы адамдар мен жүкті әйелдер де жүр. Олар Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тез арада мәселені шешіп, азаматтардың елге аман-есен оралуын қамтамасыз етуді талап етуде.

Айта кетейік, жексенбі күні Иранның АҚШ пен Израильге қарсы жауап шабуылы барысында Дубай халықаралық әуежайы мен әлемге әйгілі «Бурдж-әл-Араб» қонақүйіне зақым келген. Reuters агенттігінің хабарлауынша, әуежай терминалдарының бірі бүлініп, төрт адам зардап шеккен.

Иран күштері Дубаймен қатар Абу-Даби және Доха әуежайларына да соққы беруде. Аталған әуежайлар Шығыс пен Батысты жалғайтын аса маңызды халықаралық әуе торабы саналады. Сондықтан қазақстандықтардың елге тез оралу мүмкіндігі айтарлықтай төмендеп отыр. Аймақтағы жағдай сағат сайын шиеленісіп барады.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱23👍12❤5🔥5🙏2
⚡️Сопақ кабинеттегі үш сағаттық әңгіме: Нетаняху Трампты Иран соғысына қалай көндірді...

Президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстап келген. Алайда оның шешіміне Израиль премьері Биниямин Нетаняхудың ықпалы зор болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz New York Times-тың деректеріне сүйеніп.

11 ақпан күні таңертең Трамп пен Нетаняху Ақ үйдің Сопақ кабинетінде Иран мәселесін үш сағат бойы талқылаған. Президент уәзірлері сол тұста Тегеранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуді бастағанымен, Израиль басшысы соғыс жоспарының өзгермеуін талап еткен.

Трамп көпшілік алдында қарама-қайшы мәлімдеме жасағанымен, шын мәнінде соғысқа дайындық қызу жүріп жатқан. Тіпті Ақ үй әкімшілігі мен Пентағон Конгресс мүшелерінен де операцияның шынайы мақсатын жасырып, аятолланы ауыстыру туралы жоспарды жария етпеген.


Ақпан айының соңында Трамп Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменейге бағытталған шабуыл операциясын бекітіп, оған «Epic Fury» деген атау береді. «Операция Epic Fury мақұлданды. Кейінге қалдыруға жол жоқ», – деп бұйрық берген Трамп.

Сол сәттен бастап…

АҚШ пен Израиль Таяу Шығыста соңғы 20 жылдағы ең ірі әскери операцияны іске қосып, Иранның маңызды әскери нысандары мен ядролық орталықтарын қиратты. Әуе шабуылынан Иран басшысы Әли Хаменей қаза тауып, елдегі ахуал бақылаудан шықты.

Алғашында шектеулі әскери соққы жасау қарастырылғанымен, вице-президент Жей Ди Венс бастаған кеңесшілер «соққыны жойқын әрі жылдам жасау керек» деген пікірді алға тартқан. Ақырында Трамп та, Пентагон басшылығы да Иран билігін толық құлату операциясына тоқтаған.

ЦРУ жүргізген құпия зерттеу Хаменей қаза тапса, елді прагматик әскерилер басқаруы мүмкін деген қорытындыға келген. Осы болжам да Трамп әкімшілігінің ауқымды шабуыл жасау шешімін күшейткен.


Израиль тарапы да әскери дайындыққа уақыт сұрап, Дөкеңнен операцияны қаңтардың соңына дейін шегеруді өтінген. Осы аралықта Трамп әкімшілігі мен Тегеран арасында жасалған келіссөз нәтиже бермеді. Трамптың бас кеңесшісі Жаред Күшнер мен АҚШ-тың бас мәмілегері Стив Уиткофф Тегеранның ядролық бағдарламадан бас тартпайтынын түсінген соң, келіссөз үміті үзілген.

Хаменейдің соңғы сөзі…

Шабуылдың нақты күні ЦРУ-дың барлау операциясы арқасында анықталған. Олар Әли Хаменеидің сенбі күні таңертең Тегерандағы резиденциясында болатынын біліп, Иран билігін «басты нысанаға» алған.

Шабуыл ел күтпеген уақытта сенбі күні таңертең, жұмыс аптасы басталған кезде, балалар мектепте, ересектер жұмыста болған сәтте іске асырылған. Хаменейдің жақын ортасына «соғыс бола қалған жағдайда да жасырынбай, өз орнымда шейіт боламын» дегені белгілі болды.

Зымырандар Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысы бастала сала соққы жасаған. Сол сәттен бастап Ирандағы жағдай толықтай өзгеріп, ел тарихындағы жаңа кезең басталып кетті.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23❤11👎3🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Семей аспанын қара түтін басты: Қаладағы «BalaPark» орталығы отқа оранды...

Семейдің орталығында орналасқан «BalaPark» балалар ойын-сауық орталығында өрт шықты. Шугаев көшесіндегі алып ғимарат толықтай жалынға оранған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оқиға бүгін кешкі уақытта қаланың Қарағайлы ауданында орналасқан ойын-сауық орталығында болған.

Әлемжеліде ересектер мен бала-шағаның ойын-сауық орталығынан қашып жатқан сәті түсірілген бейнежазбалар тарады. Куәгерлердің түсірген видеоларынан ғимараттың төбесінен қара қою түтін көтеріліп, жалынның қатты өршіп тұрғаны байқалады.


Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметінің ақпаратына сәйкес, ғимараттың шатырының бір бөлігі құлаған. Төтенше жағдай кезінде келушілер мен қызметкерлер дереу эвакуацияланған. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түспеді.

Абай облысы ТЖД басшысы Манарбек Шапағатовтың айтуынша, өрт сөндірушілер жеткен кезде орталық ғимараты түгелдей ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт тез өршіп, ғимараттың шатыры опырылған.

«Оқиға орнына жеткенде ғимарат толықтай отқа оранған еді. Әкімшілік қызметкерлерінің айтуынша, өрт кезінде адамдар ғимарат ішінде болмаған. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимараттың құрылымы құлау қаупі бар, әсіресе екінші және үшінші қабаттар арасындағы конструкцияның тұрақсыздығынан толыққанды барлау жүргізу мүмкін болмай тұр», – деді ол.


Өртті сөндіруге орталықтың аумағы бойынша арнайы техникалар жұмылдырылып, су үздіксіз жеткізіліп жатыр. Қазіргі таңда өрт сөндірушілер өртті толық бақылауға алуға тырысуда. Төтенмин өрттің ғимарат ішіндегі жоғары температура мен қатты түтін салдарынан күрделене өршелене түскенін хабарлады. Қаланың төбесін қара қою түтін басқан.

Жағдайдан хабардар қылып отырамыз

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱18🙏6❤2🤔2👍1😢1
⚡️Иранның тағдырлы таңдауы: Можтаба Хаменей әкесінің тағына отырды...

Иранның рухани көсемі Әли Хаменей АҚШ пен Израильдің бірлескен соққысынан қаза тапқанын жазғанбыз. Бүгін Теғрандағы билік тізгіні марқұмның ұлы Можтаба Хаменейге көшті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Iran International-дың мәліметінше, әзірдегі тағайындау қалыпты мұрагерлік емес, соғыс жағдайындағы шешім. Елдің Жоғарғы көшбасшысын сайлауға жауапты Сарапшылар кеңесі шешімді Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) қысымымен қабылдаған. Шешім әзірге ресми жарияланбай, Әли Хаменей жерленгеннен кейін хабарланады.

КСИР Можтабаны не үшін таңдады?

Қазіргі таңда Иранның қауіпсіздік күштері ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау үшін толық бақылауға ие болуы тиіс. Бұл ең алдымен әскерилер арасындағы алауыздықты тоқтатып, біртұтас басқару жүйесін сақтаудың қамы. Екіншіден, режимнің ішкі легитимдігін қамтамасыз ету. Әсіресе, режімнің негізгі тірегі саналатын қауіпсіздік күштері, радикал саясаткерлер мен діни құрылымдар арасындағы бірлікті сақтау маңызды. Можтаба Хаменей осы талаптардың бәріне жауап бере алады.

Можтаба ондаған жылдар бойы әкесі мен КСИР арасындағы байланыстың негізгі фигурасы болды. Ол Иранның нақты билік орталығы саналатын Жоғарғы көсем кеңсесін («Бейт») ұзақ уақыттан бері басқарып келген.


Елдегі саяси-экономикалық және әскери күштердің негізгі орталығы саналатын «Бейт» өзінің бақылауын сырт адамға бергісі келмейді.

Теғран екі жолдың айырығында тұр

Қазіргі Иран екі жолдың бірін таңдауы керек. Бірі қарсылықты жалғастырып, күресті тоқтатпай, сыртқы шабуылдарға төтеп беру. Бұл жағдайда Иран әскері мен қауіпсіздік күштері қарсылықты күшейтіп, жасырын соғыс әдістерін қолдана береді.

Екінші жол шегініс жасап, ауыр шарттармен келісімге келу.

Бұл жол Иранның зымыран бағдарламасын тоқтатып, аймақтағы проксилерінен бас тартуын, Израильге қарсы саясатын доғаруын талап етеді. Осы шарттарды орындаса, АҚШ пен Израиль соққыларын тоқтатуы мүмкін.


Можтаба екі жолды да таңдауға ыңғайлы кандидат. Себебі ол режимнің ішкі қолдауын сақтай отырып, екі бағыттың бірін таңдай алады. Егер қақтығыс тоқтаса, бұл шешімді ол жеңіліс емес, режимнің амандығы үшін қабылданған қажетті қадам ретінде көрсете алады.

Қан мен кектің ауыр жүгі

Әкесінің орнына келген жаңа көшбасшы үшін ең ауыр мәселе қан пен кек дауы. Бұрын Әли Хаменей үшін АҚШ президенті Доналд Трамппен келісу қиын болатын.

Енді оның мұрагері үшін бұл тіпті ауыр, өйткені Трамптың қолында қазір генерал Қасем Сүлейманимен қатар Әли Хаменейдің де қаны бар...

Талдауымыздың толық нұсқасын мына жерге сыйдыра алмадық, толығырақ осы тұста.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20👎11🔥5👏3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Араб жеріндегі «қазақ аралы»: Дубайда қыстайтын ескі гвардияға тықыр таянды...

1 наурызда Дубайдағы танымал Fairmont The Palm тұрғын үй кешеніне зымыран түсіп, артынан алапат өрт шыққан болатын.

Осы оқиғадан кейін әлемжеліде аталған кешенде пәтері бар қазақстандық бай-бағландар мен экс-шенеуніктердің мүлкі зардап шекті ме деген мәселе қызу талқыға түсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Журналистік зерттеулерге сенсек, әлгі тұрғын үй кешеніндегі 97 пәтердің иесі қазақтар. Олардың қатарында бұрынғы Сенат төрағасы Қайрат Мәмидің ұлы, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталовтың жұбайы Бағдат Баталова, Ахметжан Есімовтың күйеубаласы және тағы да басқа белгілі тұлғалардың есімі аталады.

Бізге жеткен мәлімет бойынша Иран зымыраны кешеннің дәл түбінен ұрған түні «ескі Қазақстанның» басым көпшілігі Дубайда болған. Ілгеріде аты аталған қалталы қауымның біразы желтоқсан мен наурыздың аралығын Араб жерінде өткеруді ұнататын көрінеді.


Депутат Сайыров осы ақпаратқа қатысты Бас прокуратураға сауал жолдайтынын мәлімдеп, ескі гвардияның шетелден жылжымайтын мүлік иеленуіне құқықтық баға беруді талап етті. Халық қалаулысы Дубайдағы 97-і пәтердің шығу тегі мен олардың қожайыны туралы толық ақпаратты жұртқа жариялау қажет деп санайды.

«Бұл ма, бұл моральдық тұрғыдан мүлдем дұрыс емес. Халыққа жасалған антигумандық әрекет», – деді мәжілісмен.

Ал Иранда не болып жатыр? Трамп неге Тегеранға тап берді? Толығырақ осы тұстан оқи аласыз.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍32❤10👏7🔥4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Су мафиясы: депутат Базарбек су жүйелерін мемлекетке қайтаруды талап етті

Қазақстанда таза ауыз судың стратегиялық жүйелері олигархтардың қалтасын толтыру көзіне айналып кеткен. Бұл туралы депутат Бақытжан Базарбек премьер Бектенов пен Бас прокурор Асыловқа жолдаған өткір сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Депутаттың сөзінше, елдің 10 аймағында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін стратегиялық маңызы бар су желілері жеке компаниялар мен тұлғалардың қолына өтіп кеткен.

Нәтижесінде олар су жеткізу ісінде абсолютті монополист болып, коммуналдық тарифтерді қымбаттатып, бәсекелестікті жойып, халықтың есебінен қалтасын қалыңдатуда.


Мысалы, Павлодардағы су желілерін «Павлодар-Водоканал» ЖШС иеленсе, Теміртауда «Аква Трейдинг», Алматы облысының Қаскелең қаласында «Каскелен Ж», Шығыс Қазақстанда «Восток Энерго», Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «Шахтинск Водоканал», «Водоканал Новодолинский», Солтүстік Қазақстанда «Булаев Су», Алматы қаласының Бостандық пен Наурызбай аудандарында «Орхан» компаниясы басқарып отыр.

Осы аудандардың тұрғындары құзырлы органдарға су тарифінің негізсіз қымбаттығына, сапасыз қызметке, желілердің жөнделмей тозығы жетуіне қатысты сансыз шағымдар жолдаған.


«Ауыз судың стратегиялық инфрақұрылымын жекеменшікке өткізіп, халықты соған тәуелді еткен жағдай қалай қалыптасты? Бұл азаматтардың құқығын шектеп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп, әлеуметтік шиеленісті күшейтіп отыр», – деді Бақытжан Базарбек.

Мәжілісменнің айтуынша, су құбыры желілері халықтың өмір сүруіне тікелей әсер ететін стратегиялық маңызды инфрақұрылым. Сондықтан олардың жеке меншікте болуы қоғам мен мемлекет мүддесіне мүлдем қайшы.

«Жаңа Конституция жобасында нақты жазылған: меншік иесі өз меншігін қоғам мен мемлекет мүддесіне сай пайдалануы керек. Егер жеке адамдар заңды бұзып, қоғамдық мүддеге қайшы әрекет етсе, ол активтерді заңсыз деп танып, мемлекет меншігіне қайтаруға тиіспіз», – деп нақтылады депутат.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍54❤8🔥7👏7
⚡️Исмаил Қаани феномені: Ирандағы тыңшылық триллерінің бас кейіпкері анықталды....

Иранның ең жұмбақ қолбасшысы Исмаил Қаанидің есімі тағы да әлем назарында.

Ислам революциясы сақшылары корпусының (IRGC) «Құдс» күштерінің жетекшісі соңғы екі жылда талай рет өлім аузынан аман қалғанымен ғана емес, қазір «Израильдің тыңшысы» деген күдікпен ұсталғаны, тіпті өлім жазасына кесілгені туралы сыбыс таралуымен де ерекшеленіп тұр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әлемжеліде тараған ақпаратқа сенсек, Қаани IRGC тарапынан тұтқынға алынып, тіпті дарға асылған. «Қаани Моссадтың адамы болуы мүмкін» деген болжамды бірқатар аккаунттар қызу талқылауда.

67 жастағы Исмаил Қаани 2020 жылдың қаңтарында Бағдатта америкалықтар өлтірген генерал Қасем Сүлейманидің орнын басқан еді. Содан бері Қаанидің айналасында адам өлімі жиіледі.


Соңғы екі жылда Ливан «Хезболласының» көсемі Хасан Насралла, ХАМАС-тың саяси жетекшісі Исмаил Хания, сондай-ақ көптеген ирандық жоғары лауазымды тұлғалар Израиль мен АҚШ-тың арнайы операциясы нәтижесінде ажал құшты. Сенбі күні жоғарғы рухани көшбасшы Аятолла Хаменеидің өзі де құрбан болды.

Ал осы операцияларды басқаратын Қаанидің әр жолы аман қалуы күдікті күшейтті. Кейбір деректерде оның қаза тапқандармен бірге бір жерде болғаны, алайда, соңғы сәтте ғана ғайып болып, ажалдан аман шыққаны айтылады.

2025 жылғы Иран-Израиль қақтығысында да Қаанидің қаза болғаны хабарланып, бірақ көп ұзамай Тегерандағы шаралардың бірінде бейсбол қалпағын киіп, азаматтық киіммен жүрген жерінен көрінді. Осыған ұқсас жағдай 2024 жылдың қазанында да қайталанып, ол өлді деген ақпараттардан кейін көк жәшіктен қайта шықты.

Аймақтағы ақпарат көздерінің мәліметінше, Израиль «Хезболла» басшылығын жаппай жойғаннан кейін, Иран арнайы тергеу бастады. Сол кезде Қаани мен оның командасы қатаң бақылауға алынып, оқшауланғаны айтылған болатын.

Израиль барлау қызметі Таяу Шығыстағы Иранмен байланысты тұлғалардың арнайы «қара тізімін» жасап, «жою операциясын» жүргізген. Өткен аптада Израиль осы «қара тізімнің» толық орындалғанын жариялады. Бірақ, таң қаларлығы Қаанидің есімі аталған тізімде болмаған.


Осы жұмбақтың астарында не жатыр? Қаани шынымен Израильдің барлау қызметіне жұмыс істеген бе, әлде жай ғана аман қалудың шебері ме? Иран басшылығындағы қазіргі хаос оның тағдырын одан сайын күңгірттендіріп тұр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🔥10😱8❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мұндайды кім тыңдайды? Көкшетауда шаштараздың аузынан шыққан сөз сотқа жетті...

Көкшетаудағы сұлулық салонында қазақ музыкасына қатысты жанжал үлкен дауға ұласты Ertenmedia.kz.

Оқиға өткен жылдың желтоқсан айының соңында орын алған.

Салон қызметкері Алмагүлдің айтуынша, мекемеде орыс, түрік, грузин тіліндегі әндер күнделікті еркін қойылғанымен, қазақша әндерді қоюға қатаң түрде тыйым салынған көрінеді.


«29 желтоқсанда қазақша ән қойғым келгенде әріптесім «Жоқ, керек емес, ондай әндерді тыңдамаймыз», - деп үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Мен бәрібір музыканы қосып кеттім. Кейін клиенттерім кеткен соң әріптесімнен музыканы не үшін өшіргенін сұрадым. Ол болса «Мен саған айттым ғой, біз мұндайды тыңдамаймыз. Мұндай қоқысты кім тыңдайды?!» – деді. Осыдан кейін қатты сөзге келіп қалдық», - дейді Алмагүл.

Алғашқыда полиция Алмагүлдің шағымына мән бермеген. Қоғамдық белсенді Диас Құзайыровтың прокуратураға арызынан кейін ғана құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғауға мәжбүр болды. Қазіргі таңда Көкшетау полициясы осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша тергеу амалдарын бастады.

Қазақтілді қауым қазақ әндерін кемсіткен әйелді қатаң жауапқа тартуды талап етуде.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍108🤬49🔥10❤6😱4😁2😡1
⚡️Пластиктен жасалған муляж: АҚШ пен Израильді титықтатқан Бейжің сценариі...

Бейжің мен Теғранның тактикалық «тұзағы» АҚШ пен Израильдің стратегиялық әлеуетін сарқып жатыр. Осы туралы тың деректер мен инсайдтар су бетіне қалқып шыға бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Иранның әзіргі әрекеті Қытайдың жасанды интеллект технологиясы және спутниктік қолдауымен жүзеге асып отыр. Операцияның мәні пластик пен ағаштан жасалған арзан әрі жалған әскери нысандарды пайдалану арқылы АҚШ пен Израильді құны миллиондаған доллар тұратын зымырандарын текке рәсуәлауға мәжбүрлеу.

«Жалған нысандардың» ішінде зымыран қондырғылары, ұшақтар мен радиолокациялық станциялар бар. Әскери сарапшылардың пікірінше, осы әдіс қаржылық және әскери тұрғыда зор шығынға әкеп соғады.

Мәселен, құны бірнеше мың доллардан аспайтын муляждарға қарсы америкалық «Patriot» зымырандарының құны 3 миллион долларға дейін жетеді.


Бейжің осы «елес соғыс» әдісін Иранға ұсыну арқылы екі басты мақсатты көздейді.

Біріншіден, Уашиңтон мен Тел-Әвивтің зымыран қорын сарқып, оларды әскери-экономикалық тығырыққа тіреу. Екіншіден, олардың заманауи қорғаныс жүйелерінің техникалық сипаттамасын зерттеп, болашақта тиімді қарсы әрекет етудің жаңа технологиясын әзірлеу.

Тактика «зымырандық қанығу стратегиясына» негізделген. Арзан әрі қарапайым дрондар мен зымырандарды көптеп ұшыру арқылы әуе шабуылына қарсы жүйелерді үздіксіз жұмыс істеуге мәжбүрлеп, олардың зымырандық әлеуетін толығымен тауысуға бағытталған.

Нәтижесінде америкалық «Iron Dome», «David’s Sling» және «Patriot» сияқты қорғаныс жүйелерінің стратегиялық қоры азайып, әскери өнеркәсібінің өндірістік қуаты әлсірейді.

Қытай-Иран тактикалық тұзағы АҚШ-ты 2️⃣ бағытта қысып жатыр екен...

Талдауымыздың толық нұсқасын сайтымызға салдық. Ұнаса, еңбегімізді бағалап, лайк баса кетіңіз.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥36👍10❤8👏7😱5😁4🤡3🤔1
⚡️ Ресейден келген «улы» ұсыныс: Қазақстан нарығы коллапс алдында...

Туризм және спорт министрлігінің шешімімен елде спорттық бәс тігу бойынша барлық төлемдер тоқтатылып, букмекерлік нарық тығырыққа тірелді. Осыған байланысты букмекерлер қауымдастығы Үкіметке, Президент әкімшілігіне, ҰҚК-ға және Әділет министрлігіне ашық хат жолдады.

Exclusive.kz жариялаған ашық хатта қауымдастық шешімді «негізсіз және заңсыз» деп бағалап отыр. Букмекерлер өздерінің ел спортын белсенді түрде қаржыландырып, тұрақты түрде салық төлеп, әлеуметтік жобаларға үлес қосып отырғанын еске салды.

«Саладағы реттеу жүйесін ашық әрі әділ ету үшін біз бірнеше рет жаңа технологиялық шешімдер ұсындық.

Алайда министрлік соңғы екі жыл бойы қазақстандық емес, ресейлік жеке құрылымдардың ЦУПИС құралын енгізуді көздеп отыр.


Айта кетерлігі, Ресейдің өзінде бұл жүйе сәтсіздікке ұшырап, спорт федерацияларының қаржы көздері жабылып, ресейлік спортшылар халықаралық деңгейде оқшауланды», – делінген хатта.

Қауымдастық 2024 жылы күшіне енген өзгерістерді іске асыру үшін мемлекеттік органдардың ұсынған барлық шешімдерін Туризм және спорт министрлігі негізсіз түрде қабылдамағанын мәлімдейді. Нәтижесінде қазір заң бар, бірақ оны жүзеге асыратын нақты механизм жоқ жағдай қалыптасқан.

«2023 жылы отандық финтех-компаниялар министрліктің өз өтініші бойынша технологиялық шешімдерді әзірлеген еді. Оларды іске қосып, кейін мемлекеттің қарамағына өткізу көзделген. Ұсыныстар бірнеше ведомствоаралық жиында мақұлданды. Алайда, мәселе шешілетін тұста Туризм және спорт министрлігі еш түсініктемесіз жұмыс тобынан шығып кетті», – деп жазылған букмекерлердің хатында.

Осы жағдай бойынша букмекерлер қауымдастығы сотқа жүгініп, сот оларды қолдаған шешім шығарған. Бірақ министрлік сот шешімін елемей, әлі де Ресейдің ЦУПИС жүйесін енгізуге талпынып отыр.


Осының салдарынан Қазақстандағы букмекерлік сала толықтай төлем коллапсына тап болды. Қазір букмекерлер мәселенің тез арада әділ әрі заңды шешілуін талап етіп отыр. Бұған дейін дәл осы мәселе депутат Базарбек те көтерген болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30😱15❤7😡5🔥2
⚡️Президентке берілген теріс кеңес: Астанадағы эстон елшісі қызметінен айырылды...

Қазақстанға ресми сапармен келген Эстон президенті Алар Кариске Ресей туралы мәлімдемесін жұмсартуды ұсынған елші Яап Ора айғай-шумен орнын босатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

ERR порталының дерегінше өткен жылдың қарашасында Астанаға ат басын бұрған Кәрис президент Тоқаевпен кездеспей тұра осындағы елшімен ақылдасып алған. Яап Ора президентке Ресей шапқыншылығына қатысты арнайы әзірлеп әкелген баяндамасын жұмсартуды ұсынған екен.

Бұған құлақ асқан Карис Ақордадағы кешкі ас кезінде Киевке қолдау білдіріп, Украина мәселесіне қатысты өткір мәлімдеме жасаудан тартынып қалған. Мәтін қайта қаралып, ондағы Кремльге қатысты қатаң сыни тезистерді сылып алып тастаған.


Эстон басшысының Мәскеуге қатысты позициясы әлсіреп, артынша әлгі оқиғаны елдің Сыртқы істер министрі естіген көрінеді. Сала басшысы елшінің кеңесін саботаж ретінде қабылдап, Яап Ораның отставкаға кетуін талап еткен.

«Яап? Елшінің кесірінен Каристың Астана сапары барысында Эстонияның позиция толық әрі анық жеткізілмеді. Ресейге қатысты ұстанымымыз әлсіреп, бағытымыз бұрмаланып кетті. Ора қателігін түсініп, жұмыстан өз еркімен кетті», — деп мәлімдеді Сыртқы істер.

Алайда елшінің өзі жұмыстан кетуге деген ыңғай танытпаған тәрізді. Ора қызметінен кетуін ерікті түрде емес, қысыммен болғанын айтып, әзірде ғана күтпеген мәлімдеме жасапты.

Эстония президенті Карис болса, Ораның орнын басар маман таппай отырған сынды. Президент әлі күнге дейін оның отставкасы туралы шешімге қол қоймаған.

Айтқандай, бұған дейін танымал кәсіпкер Ресей Қазақстанды тауар өткізетін базарға айналдырып алғанын мәлімдеген еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24❤15🔥5👎2👏2🤔1😱1
⚡️ Министрдің мәлімдемесі: қазақстандықтардың айыппұлы жаппай кешірілуі мүмкін...

Қазақстанда ел тарихындағы алғашқы әкімшілік амнистия өтуі мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында азаматтардың төленбей қалған айыппұлдарын кешіру тетігі ресми түрде қаралып жатқанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазір орындалмаған әкімшілік айыппұлдарды толық немесе ішінара есептен шығару жолдары пысықталып жатыр.

Қандай құқықбұзушылық түрлері амнистияға ілігетіні, кешірілетін берешек көлемі және қарызды есептен шығару тәртібі мамандар деңгейінде егжей-тегжей талданып жатыр.


17 наурыз күні мемлекет басшысы осындай бұрын-соңды болмаған бастама көтерген еді. Содан кейін Үкімет деңгейінде нақты механизм әзірлеу жұмысы басталған.

Премьер-министр Олжас Бектенов профильді мекемелерге процесті созбауды тапсырды. Үкімет басшысы екі апта ішінде әкімшілік амнистияны іске асыруға қатысты нақты әрі толық ұсыныстарды әзірлеп әкелуді міндеттеген.

Сөйтіп, Қазақстан енді айыппұл саясатын қайта қарауға бағытталған жаңа кезеңнің табалдырығына келіп тұр. Егер бастама іске асса, талай азамат үшін жиналып қалған әкімшілік берешекке байланысты ауыртпалық едәуір жеңілдеуі мүмкін.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24🔥6👏4❤2😁2👎1
⚡️Қолыңыздағы телефон енді камераға да ілігеді: Жүргізушілерге нені білу керек...

Қазақстанда көлік тізгіндеген жүргізушілердің жолда келе жатып телефон пайдаланатын әдеті тыйылмай тұр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бұл туралы Ішкі істерге қарасты Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова мәлімдеді. Оның айтуынша, жол қозғалысы ережесінде көлік жүргізу барысында телефонды қолға алып пайдалануға қатаң тыйым салынған. Тек арнайы құлаққап немесе дауыс зорайтқыш (громкая связь) арқылы сөйлесуге рұқсат етіледі.

«Телефонды магниттік ұстағышқа бекітіп қоюға тыйым салынады деген пікір қате. Егер телефон магнитті бекіткіште тұрса және жүргізуші оған қол тигізбей-ақ қарап отырса, заң бұзушылық болмайды. Ал рөлде отырып телефонды қолға алып, хабарлама жазу немесе қоңырау шалу тікелей заң бұзу болып есептеледі», – деді Боранова «Түскі формат» бағдарламасында.


Оның атап өткеніндей, рөлде телефон ұстаған жүргізуші көбіне-көп жол апатының себепкері болады. Назарын бір секундқа басқа жаққа аударғанның өзі қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін. Сол себепті жүргізушілерге тек арнайы hands-free жүйесі арқылы ғана байланысуға рұқсат етіледі.

Бұдан былай көлік тізгінінде отырып ұялы телефон пайдаланған жүргізушіге 5 АЕК көлемінде, яғни 21 625 теңге айыппұл салынады.

12 наурыздан бастап мұндай құқық бұзушылықты тек полиция қызметкерлері ғана емес, жол бойындағы автоматты камералар да тіркей бастады. Осылайша, рөлдегі телефон енді көзге түспей қалатын ұсақ тәртіп бұзушылық саналмайды.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13🔥5🤔4❤3😁1