Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Дариғаның кеңесшісі, Шәріпбаевтың серіктесі: Боқаев ісіндегі құпия құжаттар...

Алматыда наурыз айының ортасында ұсталған саясаткер Санжар Боқаевқа аса ірі көлемде қаржы жымқыру және тал-теректі заңсыз отауды ұйымдастыру баптары бойынша айып тағылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтің айтуынша, Боқаевтың іс-әрекеттері оның ұлттық компанияда қызмет істеген кезеңімен байланысты болып отыр.


«Оған алаяқтық жолмен аса ірі көлемде ақша жымқыру және орманды заңсыз кесуді ұйымдастыру бойынша айып тағылуда. Тергеу аяқталған соң, барлық мән-жайды толық ашып көрсетеміз», – деді Өтегенов.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Прокуратура өкілі тергеу барысында куәгерлер мен айғақтар, сараптама қорытындылары жан-жақты зерделенетінін айтты. Өтегенов істің сотта ашық қаралуына прокуратура тарапынан ешқандай кедергі жоғын да жеткізді.

«Қылмыстық іс сотқа түскеннен кейін тараптардың пікірі ескеріліп, шешім қабылданады. Бас прокуратура істі ашық түрде қарауға қарсы емес», – деді ол.

Еске сала кетейік, Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 наурызында ұсталған болатын. Ол бұған дейін 2015-2018 жылдары «ҚазТрансГаз» компаниясында кеңесші болып қызмет атқарған.

Бұған дейін танымал журналист Гүлжан Ерғалиева «Санжардың АҚШ-тан оралуы бекер емес» деген болжам жасаған.

Ерғалиева саясаткердің Дариға Назарбаеваның және оның бұрынғы күйеуі Қайрат Шәріпбаевтың қасында кеңесші қызметін атқарғанын еске салған-тұғын. Шәріпбаев басшылық еткен «ҚазТрансГазда» кейінірек ірі жемқорлық схемалары әшкереленген еді. Осыған байланысты Боқаев Назарбаева әулетінің былықтарына тікелей қатысы болуы немесе олардан хабардар болуы ықтимал деген пікір бар.


«Боқаев стратегиялық фигура емес, бірақ ол Назарбаеваның айналасындағылар туралы маңызды ақпарат көзі болуы мүмкін. Сондықтан АҚШ-тан Қазақстанға оралды, себебі оған келісімге келу ұсынысы түскен», – деген еді Ерғалиева.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱22👍8👎8❤7🤔3🔥2💩2
⚡️Соңғы тиынға дейін бұғаттау заңсыз: депутат Әбенов банк шоттарын ашуға кірісті...

Қазақстанда сот орындаушыларының қатаң әрекетінен жаппай бұғатталған банктік шоттарды қалпына келтіру басталды.

Депутат Мұрат Әбенов пен Әділет министрлігі бірлесіп, айлық жалақысы, жәрдемақысы немесе зейнетақысы толығымен ұсталып қалған азаматтардың есепшоттарын қайта ашуды қолға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Мәжілісменнің айтуынша, қазір бір жарым миллионға жуық қазақстандық өзінің банктік шоттарын пайдалана алмай отыр. Заң бойынша сот орындаушысы жалақының тек жартысын ғана бұғаттай алады, алайда іс жүзінде азаматтар соңғы тиынына дейін айырылып, қарапайым күнкөріс заттарына да қол жеткізе алмай қалды.


«Сәуір сөздің емес, нақты істің айы. Есепшоттары заңсыз бұғатталған миллион жарым азаматқа нақты көмек көрсетеміз. Қазір көптеген адам автобусқа міне алмай, нан алуға қаражаты болмай отыр. Бұл жағдай заңға қайшы», – деді Мұрат Әбенов.

Депутат бұғатталған есепшотты сотсыз-ақ жылдам ашудың нақты жолын көрсетті:

⚫️zhso.kz порталынан өзіңізге қатысты жеке сот орындаушысының байланысын табу;

⚫️adiletgov қосымшасы арқылы ресми өтініш жолдау;

⚫️Есепшотқа жалақы, жәрдемақы немесе зейнетақы түсетінін дәлелдейтін анықтамаларды тіркеу.

«Өтініште нақты талап қою керек: «Жалақының тек 50 пайызын ұстаңыздар, қалған бөлігін дереу ашыңыздар». Әлеуметтік төлемдерді толық бұғаттауға мүлде болмайды. Сот орындаушысы 5 күн ішінде жауап беріп, есепшотты ашуға міндетті», – деп түсіндірді депутат.

Мұрат Әбенов аталған шараны өз бақылауына алатынын айтты. Осы айдың аяғына дейін жүздеген мың отбасының өз қаржысына қол жеткізуіне нақты мүмкіндік тумақ.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍58👏6🔥4🤔1
⚡️Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кешіне қатысты қатаң талап қойды...

Қазақстанда мектеп бітіру кешіне қойылатын талаптар нақтыланды. Енді аттестат табыстау рәсімі тек білім беру мекемесінің өз ғимаратында өтуі тиіс деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мектеп бітіру кешін ұйымдастыру тәртібіне нақты өзгеріс енгізді. Осынау өзгерістер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қабылданған.

Министрлік мектеп бітіру кештерін білім мекемесінен тыс жерде өткізуге қатаң тыйым салды. Сондай-ақ түлектерден, олардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен қаржы немесе басқа да материалдық құндылықтар жинауға үзілді-кесілді жол берілмейді.


Жергілікті атқарушы органдарға ешқандай қаржылық шығынды қажет етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру міндеті жүктелді. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстары күшейтілмек.

Ал ішкі істер органдары бітіру кештері кезінде қоғамдық тәртіп пен түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауы тиіс.

Айта кетелік, бұған дейін алматылық ата-ана президент Тоқаевқа үндеу жолдап, мектеп бітіру кешіне қатысты масқараны жайып салған еді.


Шағым авторының айтуынша, әр түлектен бітіру кешіне 200-300 мың теңге көлемінде ақша жинау қалыпты жағдайға айналған.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍39❤13👏3🔥2🤯1
⚡️Қазақ мұнайы Сеулге бет алды: Ормуздан кейінгі жаңа маршрут қалай іске асады...

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Қазақстаннан мұнай жеткізу мәселесінде айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оңтүстік Кореяның өнеркәсіп министрі Ким Чон Гванның айтуынша, келесі аптада нақты көлемдер мен тасымал туралы толық ақпарат жарияланады. Министрдің сөзінше, Астанамен келіссөздер табысты өтіп, маңызды нәтиже берген.

Сәуір айының басында президент әкімшілігінің басшысы Кан Хүн Сик пен өнеркәсіп министрі Ким Чон Гуан Ормуз бұғазы арқылы тасымалдау мәселесінің қиындауына байланысты мұнай және нафта жеткізу келісімдерін жасау үшін Қазақстанға арнайы келіп қайтқан еді.

«Астана географиялық жағынан алыста көрінгенімен, мұнай тасымалы АҚШ-тан жеткізілетін уақытпен шамалас 50-60 күн. Сапардың негізгі мақсаты энергия көздерін ұзақ мерзімде әртараптандыру», – деді министр Ким.


Қазіргі таңда Оңтүстік Корея энергия қажеттілігінің 70%-ын Таяу Шығыстан импортталатын мұнай есебінен өтеп отыр. Сонымен қатар ел өткен айда Біріккен Араб Әмірліктерінен 24 миллион баррель мұнай жеткізу туралы келісімге де қол жеткізген.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30🔥4❤3👎1😁1🤔1
⚡️Атырау полициясындағы тазарту: бірнеше басқарма бастығы бір күнде жұмыстан қуылды...

Атырау облыстық полиция департаментіндегі қызметтік тексерістен кейін бірнеше жоғары лауазымды басшы қызметінен шеттетілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ішкі істер министрлігі тұрақты түрде жүргізетін жоспарлы тексеріс барысында Атырау облысы полиция департаментінің жұмысында бірқатар өрескел кемшіліктер анықталды. Нақты айтқанда, қызметтік-әскери тәртіпті сақтау мен жұмысты ұйымдастыруда және бақылауда айтарлықтай заң бұзушылықтар болған.

Осыған байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметінен шеттетілгендер:

⚫️Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы;

⚫️Атырау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы;

⚫️Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік өз қатарындағы заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау жұмысын қатаң бақылауда ұстап келеді.

«Министр бұған дейін бірнеше мәрте атап өткендей, ішкі істер органдарында тәртіп орнату бойынша ұстанымымыз берік әрі өзгеріссіз қалады», – делінген министрліктің ресми хабарламасында.


Алдағы уақытта осы іске қатысты қосымша ақпарат жарияланады деп күтілуде. Айта кетелік, бұған дейін Ішкі істер басшысы Ержан Сәденов әл-Фарабидегі апатқа қатысты тың мәлімет берген-тұғын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏23❤8🤔6🔥5💯2😁1🤡1
⚡️Телефоны өшірулі, кабинеті жабық: Жамбыл облысының шенеунігі қайда жоғалып кетті...

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов ұсталды деген ақпарат тарады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Шенеунік өз кабинетінде шамамен 4 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталған болуы мүмкін.

Әзірге құқық қорғау органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми түрде бұл ақпаратты растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Жағдайға жақын дереккөздерден түскен мәлімет бойынша, лауазымды тұлғаны жұмыс орнынан арнайы қызмет өкілдері жетектеп алып кеткен. Қазір оның кабинеті жабық, ал телефоны жауап бермейді. Әкімдік те осы оқиғаға байланысты тіс жармай отыр.


Келесов туралы не белгілі?

Еркін Келесов Тараз қаласының тумасы, мамандығы бойынша бұғалтыр. Шымкенттегі кәсіптік училищені, кейін Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын салық органдарында бастаған, басшылық қызметтерде де болған.

2016 жылдан бастап әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылық қызмет атқарған. 2023 жылы мемлекеттік сатып алу басқармасына аз уақытқа ауысып, кейін әлеуметтік салаға қайта оралған.

Жағдайдың қоғам назарын аударуы тегін емес

Себебі өңірдің әлеуметтік қорғау саласы бұған дейін де ірі жемқорлық дауына ілінген. 2021 жылы бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің ағасы Тимуржан Нұрымбетов сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сол істе облыс әкімдігі мемлекеттік құпиялар бөлімінің басшысы Нұрзипа Романова, ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс бөлімінің жетекшісі Аида Өтеулина және екі кәсіпкер де жазаға тартылған.

Келесовке қатысты күдік жалғыз эпизод ретінде емес, әлеуметтік сала төңірегіндегі ескі жараның қайта ашылған көрінісі ретінде қабылданып отыр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱14👍9❤4👏2🤔2
⚡️Салық органы кімді тексереді: мобильді аударымдардың құпиясы ашылды...

Қазақстандық банктер азаматтардың биылғы алғашқы тоқсандағы ақша аударымдары туралы деректі 15 сәуірге дейін Қаржы министрлігіне тапсырады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Алайда әрбір аударым емес, тек бизнес белгілері анық байқалғандары ғана бақылауға ілігеді. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов кәсіпкерлік сипаты бар аударымдардың нақты критерийлері белгіленгенін айтты. Осы талаптар негізінде банктер «қызыл жалаушалар» түзіп, тиісті мәліметті мемлекеттік органдарға ұсынады.

«Заңға нормалар енгізілді, ережелерді Ұлттық банк бекітті. Белгіленген шарттарға сәйкес, бірінші тоқсандағы мәліметті банктерден 15 сәуірге дейін аламыз. Банктер сол «қызыл жалаушалар» бойынша ақпараттарды жинақтап, бізге береді. Әрі қарай сол деректер негізінде камералдық бақылау жүргізіп, азаматтарға хабарлама жібереміз. Салық есебін тапсырған немесе тиісті түсініктеме берген жағдайда мәселе шешіледі. Сіз мысал етіп келтірген, біреуге кофе немесе түскі ас алып беріп, кейін ақшасын аудару жағдайлары кәсіпкерлік әрекетке жатпайды», – деді Біржанов.

Министрлік өкілі тексерудің басты мақсаты күнделікті төлемдер емес, жасырын кәсіпкерлікті анықтау екенін атап өтті.


«Кофе мен түскі ас секілді күнделікті шығындар бизнестің белгілеріне жатпайды. Критерий көп, олар бір мезетте іске асуы тиіс. Барлығымыз да достарымызбен тамақ ішеміз, сондай төлемдер есепке алынбайды. Тіпті бір адам бүкіл ұжымның атынан 150 адамның туған күніне ақша жинап жүрсе де, алдымен оған хабарлама жолдаймыз. Ол түсініктемесін берсе жеткілікті», – деп сендірді Біржанов.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🤔8❤3🔥3🤡3👏1
⚡️Мәсімов әулетіндегі жаңа шу: экс-күйеубала Қапеновтің миллиардтық былығы ашылды...

Қаржы мониторинг халықаралық іздеу жарияланған «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті Азамат Қапеновке қатысты тергеудің мән-жайын жария етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Тергеу дерегі бойынша, Азамат Қапенов қызмет бабын пайдаланып, жүк вагондарына операторлық қызмет көрсетуде жақын компанияларға заңсыз жеңілдіктер жасаған. Соның салдарынан мемлекеттік тасымалдаушыға 5,2 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

«Қазір Қапеновке халықаралық іздеу жарияланған. Сот сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті. Келтірілген залалды өтеу мақсатында Достық станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш берілген», – делінген ҚМА хабарламасында.

Астана қаласының соты өтінішті қанағаттандырып, аталған терминал мемлекет меншігіне өтті. Агенттіктің хабарлауынша, қайтарылған активтер Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін дамытуға жұмсалмақ.

1978 жылы туған Азамат Қапенов Ресей азаматы, бұрынғы ҰҚК басшысы, сотталған Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы ретінде белгілі. Ол Мәсімовтің қызы Тәмила Кәрімге үйленгенімен, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін ажырасып кеткен.


Бұған дейін Қапенов БАӘ-де ұсталып, кейін босатылған еді. Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі Қазақстанның оны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырмаған. Адвокаттарының айтуынша, қазір ол Дубайда тұрып жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеп, өзге ақпараттарды әзірге құпия ұстап отыр.

Бұған дейін Мәсімовтің бұғалтыры болған Айгүл Нүкенова туралы тың мәліметпен бөліскен едік.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20🔥6👏3
⚡️Face ID және Kaspi.kz арқылы төлем жасау қауіпсіздік талаптарына сай – ҚНРДА

Face ID және Kaspi.kz арқылы төлем жасау жүйесін журналистердің сұрауынан кейін ҚНРДА тексерді деп жазады Ertenmedia.kz. Агентттік төрағасы Мадина Әбілқасымова биометриялық төлем технологиялары қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін растады.

«Сіздер (журналистер – ред. ескертпесі) өткен жолы осы сұрақты қойғаннан кейін біз толық тексеру жүргіздік.

Осы технологияға қатысты барлық деректерді, соның ішінде техникалық мәліметтерді сұраттық. Тексеруді біздің ақпараттық және киберқауіпсіздік бөлімшесі жүргізді.


Қаржылық қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттесу кезінде ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарына сәйкестігі расталды», – деді брифингте ҚНРДА төрағасы Мадина Әбілқасымова.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤3🔥3👏2
⚡️Қазақ руханиятының қара нары: Мұхтар Шаханов өмірден өтті...

Қазақстанның еңбек ері, халық жазушысы, белгілі ақын, драматург және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өмірден өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қайғылы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізіп, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, күллі қазақ жұртына көңіл айтты.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ барша қазақ халқына қайғырып көңіл айтады», – делінген министрлік хабарламасында.


Белгілі болғандай…

Мұхтар Шаханов 8 сәуірден бері жансақтау бөлімінде жатқан. Бұған дейін оның жағдайы ауыр екені хабарланған болатын.

Министрлік марқұмның жарқын бейнесі, әділдік пен шындық үшін күрескен қайсар рухы ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.

«Мұхтар Шахановтың батылдығы, әділеттілік жолындағы күрескерлігі мен халыққа деген адалдығы әрқашан есте қалады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жаратушының мейірімі мен рақымы нәсіп етсін», – деп жазылған министрліктің көңіл айту хабарламасында.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢60🕊13🙏9❤7😱1
⚡️Ақынның соңғы аманаты: Мұхтар Шахановты Арыстанбаб маңына жерлеу жөнінде үндеу жарияланды...

Мұхтар Шаханов дүниеден өткен соң ақынның соңғы аманатына қатысты үндеу жария болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Үндеуде келтірілген мәліметке қарағанда, Шаханов өзін ата-бабасының мекені саналатын Арыстанбаб кесенесі маңына жерлеуді аманат еткен. Жақындарының пайымынша, әңгіме жай ғана жер таңдау туралы емес, ғұмырын ұлт рухына арнаған ақынның соңғы тілегі жайында болып отыр.

Мәтінде «өлгеннің артындағы тірінің парызы оны арулап жер қойнына тапсыру» екені айтылып, Шахановтың қалауы елге, билікке және зиялы қауымға жеткізілуі тиіс жауапкершілік ретінде өрілген.

Президентке жолданған хатта не айтылды

Ақын хәл үстінде жатқанда марқұмның жары Ханшайым Шаханова президент Тоқаевтың атына хат жолдаған екен. Сол хатта Мұхтар Шахановтың соңғы тілегі анық көрсетілген. Демек, мәселе қазір ғана көтерілген жоқ, ақынның беті бері қамасы белгілі болған сәттен бастап ресми деңгейге жеткізу талпынысы жасалған.

Неге Арыстанбаб аталады

Үндеуде Арыстанбаб кесенесі маңындағы қорымның рухани салмағына да арнайы тоқталған. Ол жерде Өзбекәлі Жәнібеков жатқанын еске салған авторлар Шахановтың соның қасына жерленуінде тарихи да, рухани да қисын бар деген ой айтады.

Мәтінде екі тұлғаның ұлт руханиятына қатар қызмет еткені, жолы бір арнада тоғысқаны бөле-жара көрсетілген. Соған дәлел ретінде Мұхтар Шаханов сөзіне жазылған «Арқалықтың ақ таңы» әні де аталады. Авторлар әннің тарихы «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабында егжей-тегжейлі баяндалатынын алға тартады.


Үндеу мәтініндегі ойға сүйенсек, Торғай өңірінде жүрген кезде сол өлкенің әнұранын жазу ісін Өзбекәлі Жәнібеков дәл Мұхтар Шаханов пен Шәмші Қалдаяқовқа сеніп тапсырған. Сол сенімнің өзі олардың арақатынасын қызметтік шеңберден әлдеқайда биікке шығаратын мысал ретінде берілген.

Үндеудегі ең ауыр сұрақ

Мәтіннің ең салмақты тұсы "ақын аманатын жоғары жаққа кім жеткізеді?" деген сауал. Авторлар кезінде Өзбекәлі Жәнібеков дүниеден өткенде жарының сөзін елеусіз қалдырмай, оны ел басшылығына жеткізуге ықпал еткен адам ретінде Қырымбек Көшербаевтың есімін атайды.

Осы орайда қазір де сондай жауапкершілікті мойнына алатын, Шахановтың соңғы өтінішін Тоқаевқа жеткізетін тұлға табыла ма деп сұрайды. Мұндағы реңк анық: әңгіме бір отбасының ғана қасіреті емес, ұлттың өз тұлғасына қалай қарайтынын айқындайтын сын сағат туралы болып отыр.

Үндеу авторларының пайымынша, Мұхтар Шаханов сынды тұлғаның соңғы аманатын орындау бүкіл қазақ қоғамының өз арына, өз рухына, өз сөзін сөйлеген қайраткеріне көрсететін құрметінің өлшемі.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯41❤16👍9🔥6👎1
⚡️АҚШ-тағы қазақ қауымы қозғала бастады: Серікжан Біләштің сөзіне жауап талап етілмек...

Мұхтар Шахановтың қазасына қабырғасы қайысып отырған қалың жұртқа Серікжан Біләштің сөзі қанжардай қадалды. Ұлт ақыны жер қойнына енді ғана тапсырылған сәтте айтылған ауыр, абыройсыз мәлімдеме Қазақстан ғана емес, шетелдегі қазақ қауымының да шамына тиген, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әлемжеліде тараған бейнежазбада АҚШ-та тұратын Серікжан Біләш марқұм Мұхтар Шахановты тілдеді. Ақынның шығармашылығын ішінәра мойындайтынын жеткізгенімен, жеке өкпесін алға тартып, қайтыс болған адамның артынан өте-мөте ауыз сөз айтты. Халықты ашындырған да осы тұс. Жеке дау мен ескі ренішті аза үстінде ақтару қазақы танымға да, қарапайым адамдық қалыпқа да сыймайды.

Америкадағы қазақ ортасы қозғала бастады

Редакциямызға жеткен мәліметке қарағанда, АҚШ-та тұратын қазақтар Біләштің мәлімдемесіне байланысты өзара ақылдаса бастаған. Әңгіме әлдекімді қорқыту-үркіту немесе тізе батыру туралы емес.

Мәселе қазақ қауымының атынан бетпе-бет сұрақ қою, оның сөзіне моральдық және қоғамдық баға талап ету.

«Мұндай сұрақты заң шеңберінде, ашық, мәдениетті түрде қоюуға тырысамыз. Анығы, үнсіз қалу дұрыс емес. Үнсіздік кейде бейәдеп сөзді қалыпты нәрсеге айналдырып жібереді.

Біләштің мәлімдемесі бір адамның эмоциясы ретінде өтіп кетсе, ертең кез келген тұлғаның қазасы жеке есеп айырысуға айналуы мүмкін.


Қоғам дәл осы тұста шекара сызуы қажет», — дейді осы тұста Америкадағы қазақ қауымы.

Толығырақ осы тұста: https://ertenmedia.kz/aqsh-qazaq-qauymy-bilash-sozine-zhauap-talap/
🔥30💯14❤9👎8👏7🤔2
⚡️Пьяные, тупорылые: Желтоқсаншыларды қорлаған алматылыққа қылмыстық іс қозғалды...

Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды әлеуметтік желіде балағаттаған қала тұрғынына қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Threads әлеуметтік желісінде жарияланған Желтоқсан оқиғасы қатысушыларының суретінің астына Виолетта Паршина есімді тұрғын «Пьяные, тупорылые, аульные, ублюдки-мамбеты» деп жазған.

Қалалық Полиция департаменті Паршинаны полиция бөліміне жеткізіп, тергеу амалдарын бастады. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі.

«Ұлт намысына тиетін мұндай әрекеттер мүлде қабылданбайды және оларға қатаң құқықтық баға беріледі. Әлеуметтік мәртебесіне, жағдайына қарамастан, ұлтаралық жанжал тудыруға бағытталған кез келген арандатушы іс-әрекет заңмен жазаланады», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Алматы полициясы сонымен қатар ұлтаралық татулыққа сына қағып, қоғамда арандатушылық тудыратын әрекеттерді қатаң түрде тоқтататынын ескертті. Толығырақ осы тұста.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏59❤12👍12🔥6🤬4💯1
⚡️Ұнамаса көшіп кет! Желтоқсан жарасын тырнаған Паршинаға орыстілділер де жауап қатты...

Желіде Желтоқсаншыларға ауыр сөз айтып, қазақ қоғамының шамына тиген Виолетта Паршинаны орыстілді қауым да қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әлемжеліде Паршинаның Желтоқсан көтерілісіне қатысушыларды ашық түрде «тупорылые», «мамбеты», «аулдан келген ішкіштер» деп атауы жаппай наразылық туғызды. Оның тек Желтоқсаншыларға емес, Қазақстан мен депутат Жаңбыршинге қатысты айтқан дөрекі сөздері де қоғамның қарсылығын үдетіп отыр.

Бұл жолы айыптау тек қазақтілді ортадан шыққан жоқ. Орыс тілінде жазатын танымал блогер Алексей Алексеев Паршинаның әрекетіне өткір баға берді. Ол мұндай азаматтардың елден кеткені дұрыс екенін айтып, азаматтықтан айыру туралы заң жобасын қайта көтеру керек деп санайды.

«Егер қазақ халқына деген сыйластығың болмаса, есік ашық. Ұнамаса көшіп кет. Бірақ ол елді ешқашан «Отаным» деп атай алмайсың. Мұндай сөздерді жүрегің айнымай оқи алмайсың. Паршина енді осы ісі үшін 7 жылға дейін түрмеге түсуі мүмкін. Ендігі үкімді сот айтады», – деп шегеледі ол.


Орыстілді желі қолданушылары Паршинаның әрекетін ашық арандатушылық деп атауда. Олар оның сөздерін «кездейсоқ эмоция» деп қарауға болмайтынын, мұның артында тұтас ұлтты қорлау ниеті тұрғанын жазады.

«Қазақстанның нанын жеп, суын ішкен адамның дәл сол халықты балағаттауға ешбір моральдық құқы жоқ», – деп ашынды бір желі қолданушысы. Тағы бірі: «Әрбір айтылған сөз үшін жауап беретін уақыт келді. Ұлтты қорлаған адам заң алдында жауап беруі тиіс», – деп қосты.

Желіде Паршинаны азаматтықтан айыру туралы үндеу айтқандар да бар. Бірақ көпшілік Ата заңда ондай шараның жоқ екенін алға тартып, заң аясында қатаң жазалауды талап етіп отыр.

Жағдайдың ерекшелігі орыстілді қауымның ашық әрі қатаң реакциясында. Олар Желтоқсан оқиғасын «бөтен» емес, ортақ қайғы мен ортақ намыс ретінде қабылдауда.

Әзір Паршинаға қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу басталды. Оның соңғы нүктесін заң қояды. Бірақ қоғамдық жауап қазірдің өзінде анық: Желтоқсанның қасиетті рухына тас атқандардың әрекеті ескерусіз қалмайды.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯63👏22❤16🔥5
⚡️Фигурасы көбейген федерация: Бибісараның анасы даулы мәлімдеме жасады...

Белгілі шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова Қазақстан шахмат федерациясын сынға алып, спортшылардың тұрақты жалақыдан қағылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Таңжарықованың айтуынша, Тимур Турлов басшылыққа келгеннен кейін спортшылар бұрынғы ай сайынғы еңбекақысынан толық айырылып, тек грантқа қарап қалған.

«Турлов келгенге дейін федерация спортшыларға жалақы төлейтін. Ересектерге көбірек, балаларға азырақ. Бұған қосымша гранттар да қарастырылған еді. Қазір тек гранттар қалды, оның өзі бұрынғыдан аз. Доллардың қазіргі курсын ескерсек, тіпті төмендеп кетті деуге болады», – дейді Таңжарықова.

Оның айтуынша, қазір әлем чемпионы, ұлттық құраманың үздік спортшыларының гранты 70 миллион теңге. Бұл сомадан 30 пайыз салық ұсталса, спортшының қолына жылына небәрі 49 миллион теңге ғана тиеді.


«Шын мәнінде, бұл 100 мың долларға да жетпейді. Ал енді осыған қосымша ешқандай стипендия не жалақы берілмейді», – деді Таңжарықова.

Бұдан бөлек…

Спортшының анасы сыйақы мәселесінің де өте қиын екенін айтты. Ол Бибісараға тиесілі әрбір премияны өзі арнайы талап етіп, дау-дамай, наразылықпен ғана ала алатынын жеткізді.

«Біз ешқашан сыйақыны оңай алып көрмеппіз. Федерациядан ешкім келіп: «Сіздер керемет жетістікке жеттіңіздер, марапат сіздерге тиесілі» деп айтқан емес. Әр сыйақыны мен айқай-шумен, дау-дамаймен алып жүрмін», – дейді ол.

Үш жыл бұрын не болып еді?

Таңжарықова бұған дейін үш жыл бұрын Турловты федерация басшысы ретінде қолдағанын да еске алды. Сол кезде Бибісараның командасы шахматты дамытуға бағытталған төрт жылдық нақты жоспар ұсынған.

Алайда Лондонда өткен жеке кездесуде Турлов «Мен миллиардер емеспін, барлық ақша компаниянікі, сондықтан сенің ұсынысыңнан бас тартамын», – деп жауап беріпті.


Айта кетейік, Бибісара Асаубаева блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы. 2026 жылы ол Претенденттер турнирінде екінші орын алған еді. Федерацияны басқаратын Тимур Турлов Forbes дерегі бойынша 6,3 миллиард доллар дәулетімен танымал.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱26👍12❤5🔥2😁2
⚡️Дәдебайдың жаңа миссиясы: Тоқаев үлкен үйден кеткен шенеунікке не тапсырды?

Президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған Айбек Дәдебайге алдағы саяси науқанды абыроймен өткеру міндеті жүктелмек деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әзірде президент Тоқаев Айбек Дәдебайды Президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатып, орнына бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болған Роман Склярды тағайындады.

Ақорданың баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, Мемлекет басшысы Дәдебайдың ПӘ-дегі жұмысына жоғары баға беріп, алғысын білдірген. Енді Дәдебай арнайы тапсырма бойынша қоғамдық-саяси жұмыстарға жұмылдырылады.

«Алдағы уақытта Қазақстанда үлкен саяси кампания өткелі тұр. Осындай маңызды әрі жауапты кезеңде Айбек Дәдебай Президенттің жеке тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси бағыттағы жұмыстарды қолға алады», – деді Смадияров. Осылайша, бұрынғы әкімшілік басшысы билік дәлізінен алыстамай, керісінше, саяси процестердің ортасына белсенді түрде кіріспек.


Айта кетейік, Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне келген Роман Скляр бұған дейін экономикалық блоктағы күрделі мәселелермен айналысып келді. Ол Үкіметте өнеркәсіп, құрылыс, транспорт, энергетика мен инфрақұрылымдық жобаларды үйлестірді.

Ertenmedia-ның тұрақты сарапшысы Нұрлан Жұмахан тағайындаудың саяси салмағы зор деп отыр.

«Тоқаев бұған дейін инвестициялық штабтың жұмысына оң баға беріп, соның ішінде Склярды ерекше атап өткен-ді. Ел аузында АП деп аталып еткен Президент әкімшілігінің басшысы қызметі Мемлекет басшысы, үкімет және аппарат арасындағы байланысты қамтамасыз ететін, стратегиялық маңызды орын. Склярдың Ақордаға ауысуы кездейсоқ емес», – деді сарапшы.

Ал Айбек Дәдебайға жүктелген жұмыстың нақты сипаты алдағы саяси науқан қарсаңында айқындалмақ.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎16👍10❤8🔥5👏1
⚡️Депутаттың тіліне тұсау: Құрылтайда балағат, жалған сөз және жеке мәселелерге жол берілмейді...

Құрылтай депутаттарына қатысты жаңа этика ережесі олардың дауыс беріп, заң қабылдауын ғана емес, қалай сөйлеп, қалай пікір таластыратынын да қатаң реттемек деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

«Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда депутаттық этикаға арнайы тарау арналған. Құжатта депутат мінез-құлқы ресми отырыста ғана емес, жұмыс бабындағы кез келген әрекетте саяси мәдениет пен заң талабына сай болуы керек екені көрсетілген.

Жоба бойынша, депутатқа Құрылтайда, комитетте, комиссияда және өзге де жұмыс форматында жеке мәселесін көтеруге тыйым салынады. Ол басқа әріптесінің сөзін бөлуге, орынсыз айып тағуға, дөрекі сөйлеуге, ар-намысқа тиетін сөз қолдануға, балағат пен қорлауға жол бермеуі тиіс.

Ең назар аударатын тұс — жалған немесе тексерілмеген ақпаратқа қатысты талап. Депутат өз сөзінде нақты дерекке сүйенуге міндеттеледі.

Дезинформация таратуға, қоғамдық пікірді адастыратын мәлімет айтуға, азаматтың абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін сөз қолдануға тыйым салынады.

Заң жобасында мемлекеттік құпия мен қызметтік ақпаратқа да бөлек тоқталған. Депутат өзіне қызмет бабында белгілі болған жабық мәліметті жариялай алмайды. Сондай-ақ депутаттық бланкіні, сұрау салу құқығын, қызметтік артықшылықты жеке мүдде үшін пайдалануға болмайды.


Құжаттағы тағы бір талап

Депутат ел мүддесін қорғауға, заңды құрметтеуге және өз әрекетімен Құрылтайдың беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Жоба авторлары депутаттың сөзі жеке пікір емес, мемлекеттік институттың салмағын арқалайтын саяси жауапкершілік екенін аңғартып отыр.

Этика талабын бұзғандарға ескерту, көпшілік алдында кешірім сұрату, сөзден айыру, отырыс залынан қуып шығу, тіпті үш айға дейін жалақы төлемеу секілді шара қолданылуы мүмкін. Қай шара қолданылатынын Құрылтай төрағасы, Бюро, комитет немесе арнайы этика кеңесі қарайды.


Заң жобасы қабылданса Құрылтайдағы пікірталас бұрынғыдай саяси текетірес алаңы емес, тәртіппен шектелген парламенттік мінберге айналмақ. Депутат өткір сөйлей алады. Бірақ дәлелсіз айып, балағат, жалған дерек пен айқай саяси ұпай жинаудың құралы болмауы тиіс. Айта кетелік, бұған депутат Назаров Мәжілісте шешесін туған күнімен құттықтап, картопты жарған болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍25❤7🔥6👏2🤔2🤡2
⚡️Антикорға ақпар бердім: Серік Сәпиев Қарағанды спортының былық-шылығын айтып салды....

Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасындағы қызметтен кетуіне өңір спортындағы бармақ басты, көз қысты әрекеттер әсер еткенін айтты. Олимпиада чемпионы «Почему не я» бағдарламасында осы оқиғаның астарын ашып берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Айтуынша, дау орынбасарының «кадр ротациясы» маңындағы заңсыз қылықтарынан басталған. Ол бұрынғы әріптесі адамдарды қызметке орналастыру арқылы пайда тапқанын меңзеп, әңгімені тым тереңдеткісі келмеді.

«Ол заңсыз әрекеттер жасады. Мен соны тоқтатқым келді. Кадр ротациясы бойынша. Яғни адамдарды қызметке орналастырудан ақша тапты. Осымен шектелейік», — деді Сәпиев сұхбатта.

Олимпиада чемпионы әлгі әрекеттің артында өзінен жоғары тұрған адамдардың ықпалы болуы мүмкін екенін де жасырмады. Оның сөзінше, бұрынғы орынбасары басқарма басшысы емес, облыс әкімінің орынбасарының тапсырмасын орындаған.


«Менің орынбасарым облыс әкімінің орынбасарының тапсырмасын орындады. Менің тапсырмамды емес. Қай жақтан жел соғып тұрғанын түсінесіз ғой. Мен де түсінемін», — деді ол.

Антикорға жеткен ақпар

Сәпиев кейін Антикорға ақпарат бергенін айтты. Оның сөзінше, арыз емес, анықтамалық ақпарат жолданған. Кейін осы негізде іс қозғалған. Бұрынғы орынбасарымен қайта сөйлесуге ниеті болмағанын да ашық жеткізді.

«Мен оны жұмыстан шығардым. Антикорға анықтамалық ақпарат жаздым. Содан кейін іс қозғалды. Одан кейін сөйлескен жоқпын. Қаламадым. Жақсы нәрсе істемеді», — деді Сәпиев.

Сұхбатта ең көп талқыланған тұс қызметтік кабинеттегі жанжал. Сәпиев орынбасарына жұдырық жұмсады деген әңгімені жоққа шығарды. Бірақ, бір нюанс бар. Даңқты боксшы іштен тынып жүрген екен. Толық нұсқасы осы жерде.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥19❤12💯4😱2🤡1
⚡️Ақорданың асығыс шешімі: депутат Бапи ауыс-түйістің астарын ашты...

Соңғы күндері биліктің жоғарғы эшелонында орын алған ауыс-түйіс қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бүгін Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалса, Президент әкімшілігін басқаруға Роман Скляр келді. Бұрын осы қызметте болған Айбек Дәдебай қызметінен босатылды.

Депутат Ермұрат Бапи осы ауыс-түйістерге қатысты өз пайымын айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Оның пікірінше, мұндай кадрлық шешімдер биліктің ішкі ахуалында, әсіресе кадр саясаты саласында қордаланған мәселелердің көрінісі болуы мүмкін. Сөзінше, кадр мәселесіне қатысты меморгандарда белгілі бір деңгейде наразылық туындап, соның салдарынан осындай кенеттен ауыс-түйіс орын алып отыр.

«Соңғы кезде кадр саясаты саласында, әсіресе жоғары билік деңгейінде ішкі наразылықтар байқала бастады. Алдымызда мейрамдар тұр. Екі мейрам арасында не себепті Президент әкімшілігінің басшысын осыншама асығыс ауыстыру керек болды? Осынша асықтырған кім? Артымыздан қуған жау жоқ қой!» – деп таңғалды депутат.


Ермұрат Бәпидің айтуынша, билік дәлізінде соңғы уақытта «кадрлық бизнес» деген ұғым пайда болған. Бұл лауазымды қызметке тағайындау кезінде пайда табу мәселесін меңзейді.

«Шындықты жасырудың жөні жоқ. Соңғы уақытта кадр саясатына қатысты біраз сұрақ туындады. Ал мемлекеттік аппараттағы кадр саясатын бақылайтын жалғыз орган Президент әкімшілігі және оның басшысы. Өкінішке қарай, кадрлық мәселелер бизнеске айналып кеткен. Лауазымды қызметтерге тағайындау барысында түрлі келеңсіздіктер байқалып жүр», – деді ол.

Депутат мұнымен шектелген жоқ. Толығырақ осы тұста.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱18❤6🤔6👍3💯1
⚡️Айбек Дәдебай «Әділеттің» тізгінін ұстады...

Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай жаңадан құрылған «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Елордада өткен саяси ұйымның құрылтайына Қазақстанның барлық өңірінен 1 мыңға жуық делегат қатысып, партия жұмысын ресми түрде бастап берді. Жиын барысында партияның бағдарламасы мен жарғысы бекітіліп, басшылық құрамы сайланды.

Дәдебай жиында «партия қарапайым халықтың мәселесіне ерекше мән беріп, мемлекеттік саясатта азаматтық бақылауды күшейтуге ұмтылатынын» атап өтті.


Дәдебай күні кешеге дейін ел арасында АП деп аталып кеткен, Президент әкімшілігін басқарғанын білесіздер. Жақында осы қызметке бұрынғы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр тағайындалған.

Айтқандай, депутат Бапи Ақордадағы ауыс-түйіске қатысты тосын пікір білдірген еді. Айтуынша, билік дәлізінде соңғы уақытта «кадрлық бизнес» деген ұғым пайда болған. Толығырақ осы тұста.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁26👍8❤4🔥2👏1