Андрей Влад - “Ақтөбе” ФК қақпашысы атанды
Румыния құрамасының қақпашысы, 25 жастағы Андрей Влад “Ақтөбе” ФК ойыншысы атанды. Румынияның “Стяуа” командасында 7 жыл ойнаған қақпашы, өз елінің жастар құрамасына тұрақты шақыртылды. Сонымен қатар, Румыния құрамасының сапында да өнер көрсетті.
Андрейге ақ-қызылдар сапында тас-қамал қақпашы атануына тілекшіміз.
Қош келдің!

👍37🔥13❤6🤨2👏1😍1🏆1🍓1
Уче Агбо бізбен бірге!
“Ақтөбе” ФК басшылығы нигериялық жартылай қорғаушы Уче Агбомен екеуара келісімшарт мерзімін ұзартты. Ойыншы 2025 жылдың соңына дейін “ақ-қызылдар” сапында ойнайды.
Айта кетейік, өткен маусымда Уче барлық турнирлерде “Ақтөбе” сапында 28 матчқа қатысып, 3 гол соққан еді!
Сәттілік, Уче!

👍37❤7🍓2
Жолдастық кездесудің уақыты өзгерді
Түркиядағы ОЖЖ барысында өтетін алғашқы жолдастық кездесу бір сағат ерте басталатын болды. Ақтөбе уақытымен 18:00. Жанкүйерлер бұл матчты Q-sport телеарнасынан немесе сайтынан көре алады. Көрсетілім үш түрлі ракурстан, кәсіби комментатордың баяндауымен өтеді.
Алға Ақтөбе!

❤19👏2🍓1
Сербиялық қорғаушы Неманья Анджелкович “Ақтөбе” сапын толықтырды
Неманья Сербия чемпионаттарында өнер көрсеткен. Соңғы жылдары Әзірбайжанның “Зиря” ФК, Ресейдің “Акрон”, “Химки” командалары сапында доп тепкен.
“Зиря” сапында барлығы 55 матчқа қатысып, Әзірбайжан чемпионатының қола жүлдесін алды. Сонымен қатар, Әзірбайжан кубогының финалисті атанды.
Толятилік “Акрон” сапында барлығы 30 ойынға қатысып, бір мәрте гол соққан.
Қош келдің Неманья!

👍29❤7👎1🔥1🍓1
Ресми: Оралхан Өміртаев Ақтөбе ФК ойыншысы
“Ақтөбе” ФК қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаевпен келісімшарт жасасқанын растайды. Шабуылшы бас бапкер Игорь Леоновтың ойын схемасында өзіндік орны бар ойыншы. Жылдамдық, физикалық даярлығының арқасында ол өзінің командаға пайдалы екенін дәлелдей алды.
Оралхан мансабында қазақстандық “Шахтер”, “Тобыл”, “Ақжайық”, “Атырау” командаларының құрамында ойнады. Сонымен қатар Беларусь чемпионатында “Слуцк” және “БАТЭ” командаларының сапында барлығы 27 ойын өткізіп, 10 гол соққан. Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында 5 ойында екі рет қақпаны дәл көздеді.
Айта кетейік, Оралхан ОЖЖ барысында “Ақтөбе” үшін дебюттік голын соғып үлгерді.

❤30👍13🔥2🍓2