«ЕЛІМАЙ» ФК | FC «ELIMAI»
2.91K subscribers
4.96K photos
1.14K videos
1 file
472 links
«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

——————————

Официальная страница футбольного клуба «Елімай»
Download Telegram
Маусымды бірге түйіндейік!

@fc_elimai
❤19👎3
💪🏻Кеттік!
👍16👎4❤3
Кезекті жорық аяқталды…

@fc_elimai
👎64❤15😁6👍5👏1
🎉 Туған күніңізбен, Насима Қорғанбекова!

«Елімай» футбол клубы менеджері Насима Қорғанбекованы туған күнімен шын жүректен құттықтайды!

Қайта құрылған «Елімайдың» қалыптасуы мен қайта түлеп, биік белестерге көтерілуіне өзіндік үлес қосып келе жатқан білікті маманға зор денсаулық, отбасылық амандық және толағай табыс тілейміз!

Кәсіби жолыңызда жаңа жетістіктерге жетіп, әрдайым абырой биігінен көріне беріңіз! Алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!


🎉 С днём рождения, Насима Корганбекова!

Футбольный клуб «Елімай» от всей души поздравляет менеджера клуба Насиму Корганбекову с днём рождения!

Желаем крепкого здоровья, семейного благополучия и больших успехов во всех начинаниях!

Вы внесли значительный вклад в становление возрождённого «Елимая», его развитие и возвращение на высокие позиции. Ваш труд и преданность клубу являются важной частью нашей общей истории.

Пусть профессиональный путь будет наполнен новыми достижениями, а все поставленные цели непременно воплощаются в жизнь!
❤26👏7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
90-жылдардағы «Елімайдың» аңызға айналған чемпиондық құрамының өкілі Сергей Борисович Вишняков пен қазіргі команданың ойыншысы Әділбек Жұмаханов сіздерді «Сладкая жизнь» кофеханалар желісіне шақырады!
______________________

Представитель легендарного чемпионского состава «Елимая» 90-х годов Сергей Борисович Вишняков и игрок нынешней команды Адильбек Жумаханов приглашают вас в сеть кофеен «Сладкая жизнь»!

@fc_elimai
👍21❤6👎2
ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн «Елімай» басшылығымен кездесті

Астанада Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн мен «Елімай» футбол клубы басқарма төрағасы Сергей Жданкиннің жұмыс кездесуі өтті. Тараптар клубты дамытудың стратегиялық бағыттарын, қазақстандық футболдың өзекті мәселелерін, жас ойыншыларды даярлау және клуб пен ҚФФ арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында ҚФФ мен «Елімай» басшылары отандық футболшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, соның ішінде легионерлер санына қатысты реттеу тәсілдерін өзгерту және клубтарды өз тәрбиеленушілеріне инвестиция салуға ынталандыру жөніндегі ықтимал бастамалар туралы пікір алмасты.

Жиында бірыңғай спорттық даярлық жүйесін қалыптастыруға, «Елімай» футбол орталығы мен «Елімай-М» жастар командасын клубтың бірыңғай спорттық жүйесіне біріктіруге, сондай-ақ жас қазақстандық футболшылардың кәсіби тұрғыда өсуіне қажетті жағдай жасауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Семей қаласындағы клуб инфрақұрылымы базасында ҚФФ-ның оқу-білім беру бағдарламаларын кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды. Қазіргі уақытта клуб базасында UEFA B және C санаттары бойынша жаттықтырушыларды даярлау бағдарламалары жүзеге асырылып келеді.

Кездесу аясында қазақстандық футболдың коммерциялық әлеуетін дамыту мәселелері де қозғалды. Атап айтқанда, ҚФФ тарапынан Қазақстан Премьер-лигасы матчтарының телевизиялық құқықтарын сату жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар талқыланды. «Елімай» футбол клубы инвестициялық тартымдылықты арттыруға, коммерцияландыру деңгейін көтеруге және Қазақстандағы кәсіби футболдың тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.

«Елімай» футбол клубы Қазақстан футбол федерациясымен ынтымақтастықты клубтың ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асырудың маңызды бөлігі ретінде қарастырады. Бұл стратегия жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге, клубтың өз тәрбиеленушілерін даярлауға және Абай облысындағы футбол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
__________

Рабочая встреча Генерального секретаря КФФ СкоттаМанна с руководством «Елимая»

В Астане в офисе КФФ состоялась рабочая встречаГенерального секретаря Казахстанской федерации футбола Скотта Манна с Председателем правления ФК «Елимай» Сергеем Жданкиным. Стороны обсудили стратегические направления развития клуба, актуальные вопросы казахстанского футбола, подготовки молодых игроков и расширения сотрудничества клуба с КФФ.

Руководители КФФ и «Елимая» обменялись мнениями о совершенствовании системы подготовки отечественных игроков, в том числе о возможном изменении подходов к регулированию количества легионеров и стимулированию клубов к инвестициям в собственных воспитанников.
Особое внимание было уделено формированию единой системы спортивной подготовки, интеграции Футбольного центра «Елимай» и молодежной команды «Елимай-М» в спортивную вертикаль клуба и созданию условий для профессионального роста молодых казахстанских футболистов.

Стороны рассмотрели возможности расширения спектра учебно-образовательных программ КФФ на базе инфраструктуры клуба в Семее, где уже проводятся тренерские программы UEFA B и C.
В рамках встречи были затронуты вопросы развития коммерческого потенциала казахстанского футбола, включая предложения КФФ по совершенствованию системы реализации телевизионных прав на матчи Казахстанской Премьер-лиги. ФК «Елимай» выразил готовность поддерживать инициативы, направленные на повышение инвестиционной привлекательности, рост коммерциализации и устойчивое развитие профессионального футбола Казахстана.

ФК «Елимай» рассматривает сотрудничество с Казахстанской федерацией футбола как важную составляющую реализации долгосрочной стратегии развития клуба, направленной на достижение высоких спортивных результатов, подготовку собственных воспитанников и развитие футбольной инфраструктуры области Абай.
❤19👍10🤔2
2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының маусымында «Елімай» 30 матч өткізіп, 45 ұпай жинады.

📊 Маусым статистикасы:

🟢 12 жеңіс

🤝 9 тең ойын

🔴 9 жеңіліс

✅ 45 ұпай

6-орын

Бір маусым. 30 матч. Мыңдаған эмоция!

Осы жолда бізбен бірге болған әрбір жанкүйерге алғысымызды білдіреміз!

Алдағы уақытта бұдан да мықты болып, жанкүйерлерімізді жаңа жетістіктермен қуанту үшін жұмыс істей береміз!
_________

В сезоне-2026 Казахстанской Премьер-лиги «Елимай» провёл 30 матчей и набрал 45 очков.

📊 Статистика сезона:

🟢 12 побед

🤝 9 ничьих

🔴 9 поражений

✅ 45 очков

6-е место

Один сезон. 30 матчей. Тысячи эмоций. Благодарим каждого болельщика, кто был с нами на этом пути.

Работаем над тем, чтобы стать сильнее и радовать наших болельщиков!
❤30👍15👎10❤‍🔥2
Асан Байғалиев Ұлттық құрама U21 тізімінде!

Қазақстан U-21 құрамасының аға бапкері Владимир Чебурин Шымкентте өтетін Беларуське қарсы екі жолдастық матчқа шақырылған футболшылар тізімін жариялады

Жаттықтырушылар штабы:
▶️ Владимир Чебурин – аға бапкер
▶️ Дмитрий Карпов – аға бапкердің көмекшісі
▶️ Сергей Лабодовский – аға бапкердің көмекшісі
▶️ Валерий Ситало – қақпашылар бапкері
▶️ Рустам Усманов – дене даярлығы бапкері
▶️ Біржан Хабит – сарапшы
▶️ Арыстанбек Баттаков – дәрігер

🤝 Жолдастық матчтар
🇰🇿 Қазақстан U21 🆚 Беларусь 🇧🇾
📆 12/14.11.2026
🏟 «Намыс» стадионы, Шымкент #U21
🔥13❤5😍1
«Елімай» футбол клубының ойыншылары Әділбек Жұмаханов, Рамазан Оразов, Алмас Төлібай және Арсен Әшірбек Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды.

🇰🇿 Ұлттық құрама 5–11 қараша аралығында Түркістан қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Ал қараша айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында Молдова (13 қараша) және Словакия (16 қараша) құрамаларына қарсы ойындар өтеді.

Жігіттерге сәттілік тілейміз! Ел намысын абыроймен қорғаңыздар! 💪

Алға, Қазақстан! Алға, «Елімай»! 💚

@fc_elimai
❤14👍9
2026 жылғы маусымда «Елімай» футбол орталығының тәрбиеленушілері Қазақстан Премьер-лигасында негізгі команданың сапында дебют жасады!

👏 Дебюттерімен құттықтаймыз

🟢 Алан Мейірхан
🟢 Нұрасыл Советқазы
🟢 Яков Гальва
🟢 Артем Жилин
🟢 Асан Байғалиев
🟢 Алижан Байғалиев

Бұл - ауқымды еңбектің, ұрпақтар сабақтастығының және Футбол орталығы жұмысының жемісі!

«Елімайдың» болашағы осы жерден басталады!

@fc_elimai
❤27👍10🤔2😍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы бойынша Рамазанның голы 2026 жылғы маусымның үздік голы деп танылды! 🔥
👍28❤11
🇰🇿 Айбар Жақсылықов - Қазақстан ұлттық құрамасында!

«Елімай» шабуылшысы Айбар Жақсылықов УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы алдағы матчтарға Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды!

Ұлттық құрама 13 қарашада Молдоваға қарсы сырт алаңда ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.

Айбарға сәттілік тілейміз! Ұлттық құрама сапында жарқын ойын көрсет! 💚🤍

Алға, Қазақстан! 🇰🇿


🇰🇿 Айбар Жаксыылыков - в сборной Казахстана!

Нападающий «Елімая» Айбар Жаксыылыков получил вызов в национальную сборную Казахстана на предстоящие матчи Лиги наций УЕФА!

13 ноября сборная сыграет на выезде против Молдовы, а 16 ноября в Астане примет Словакию.

Желаем Айбару удачи и яркой игры в составе национальной команды! 💚🤍

Вперёд, Казахстан! 🇰🇿
❤19🔥3🎉1