Гео Әлем Тв | География
1.11K subscribers
842 photos
549 videos
25 files
382 links
ГеоӘлемТв — Жер ғаламшарының сырларын бірге ашайық!

Жарнама және донат үшін @Teacher_Ahmet
Download Telegram
Мурманск қарға толды, боран соқты және 14 қарашадағы тәуліктік жауын-шашынның жаңа рекорды орнатылды – 16 мм. Бұл 1968 жылы осы күні тіркелген бұрынғы рекордтан 3 мм артық.
15 қараша – Ұлттық валюта күні

Бүгін - Ұлттық валюта теңгенің айналымға енген күні. 1993 жылы 15 қараша күні төл теңгеміз алғаш рет айналымға енді.

1997 жылдан бері 15 қараша теңге күні әрі қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтеді.
Сібір өзендерін Арал теңізіне бұру жобасы ғылыми кеңесте тағы бір рет талқыланды.

Қазан айындағы «Жер ғылымдары» саласына кіретін гидрология бойынша өткен Ресей ғылыми кеңесінде ғалымдар бұл мәселені тағы да көтерген.

Об өзенінің мүмкіндіктерін Қазақстан мен Өзбекстанда пайдалану мәселелері талқыланған. Об өзенін 2100 км қашықтыққа жабық тәсілмен, яғни құбыр арқылы жеткізу кезінде алғашқы кезеңде аймаққа шамамен 5 текше километр су бұрылуы мүмкін екен. Қазақстанның қазіргі жылдық су тұтынуы 40 текше километрге жуық.

Жиында сөз алған тағы бір академик Роберт Нигматулин Орталық Азияда су мен электр энергиясының тапшылығы күшейіп бара жатқанына назар аударып, су ресурстарының жетіспеушілігі әлдеқашан шөлейттенуге, өнімділіктің төмендеуіне және әлеуметтік-экономикалық қауіптерге алып келгенін атап өткен.

Оның айтуынша, Об ағысының тек бір бөлігін — жылына 20-дан 70 текше километрге дейін (жалпы көлемі 3000 текше километр су) пайдалану өңір мәселесін ішінара шешуі және сонымен бірге «Арктикаға түсетін жылу жүктемесін азайтуы» мүмкін екен.
👍3
Вьетнам жағалауында қуатты су торнадосы тіркелді. Жергілікті уақыт бойынша шамамен 14:00-де жүздеген метр биіктіктегі дауыл бағанасы кенеттен су бетінен көтеріліп, шамамен 10 минут бойы сақталып, содан кейін тез тарқап кетті. Бұл құбылысты жағалаудан тұрғындар бақылаған. Ол пайда болған кезде жауын-шашын болмаған, бірақ аспан қара бұлттармен жабылған еді. Торнадо жағалаудан шамамен екі километр жерде пайда болғандықтан, ешқандай зақым келтірмеді және ешкім зардап шекпеді. Ғалымдар торнадоның пайда болуын ауа райы жағдайларымен байланыстырады, ол жақында болған Калмаэги тайфунының әсерінен конвекция мен найзағай белсенділігінің күшеюімен ушығып кеткен. Мұндай су торнадолары сирек болса да, Вьетнамның жағалау суларында мезгіл-мезгіл пайда болады. Куәгерлер су бағанасының пішінін алып тұрған алып саңырауқұлаққа ұқсас деп атап өтті.
АҚШ жеріндегі көптеген атаулардың түп-төркіні Еуропадан бастау алады. Бұл – елге алғаш қоныс аударған ағылшын, француз, испан, неміс және скандинавиялық иммигранттардың өз Отандарындағы жер-су аттарын жаңа қонысқа алып келу дәстүрімен байланысты. Сондықтан Америка картасына көз жүгіртсеңіз, Еуропаның рухын сездіретін сансыз топонимдер көзге түседі.

Мысалы, Англиядан келген қоныстанушылар өздері жақсы көретін қалалардың атын жаңғыртып, Нью-Йорк, Нью-Гэмпшир, Манчестер, Кембридж секілді атауларды қалыптастырды. Француз ықпалы да айқын: Луизиана француз королі Людовик XIV есімімен аталады, ал Рочестер, Версаль, Бельвиль сияқты атаулар француз мәдениетінің ізі ретінде бүгінге жетті.

Германиядан көшіп келгендер Берлин, Ганновер, Бремен, Дрезден секілді қалалардың атын қайта тірілтсе, испан зерттеушілері мен қоныстанушылары Флорида, Колорадо, Невада, Монтана тәрізді аймақтарға испан тілінен алынған атаулар берді. Солтүстік Еуропадан келген скандинавиялықтардың да өз қолтаңбасы бар: Висконсин штатындағы Стокгольм, Нью-Йорктегі Копенгаген осының дәлелі.

Тіпті Италия топонимдері де АҚШ-та жиі ұшырасады. Джорджиядағы Рим, Калифорниядағы Венеция – ежелгі Еуропа өркениетінің алыстағы Жаңа Дүние жерінде қайта жаңғыруының белгісі.

Осының бәрі Америка топонимиясының Еуропамен тарихи байланысын ғана емес, көпұлтты елдің мәдени қылыбыры мен тарихи жадының көрінісін де айқын көрсетеді.
Менің атым – Қожаахмет. География пәнінің мұғалімімін. Барлығын толық білемін деп айта алмаймын, бірақ осыдан бес жыл бұрын YouTube пен Telegramда @geoalemtv каналымды аштым. Мақсатым – география, табиғат, әлем, ғарыш және тарих туралы қызықты деректерді көпшілікке жеткізу.

Сонымен бірге, өзімде бар электрондық материалдарды басқа мұғалімдермен де бөлісемін деп едім. Бірақ осының өзінде каналдың бағыты сәл өзгеріп, біртіндеп микс каналға айналды. Соған қарамастан, оқырмандар саны күн сайын көбейіп келеді. Маған сенім білдіріп, қолдап жүрген баршаңызға үлкен рахмет айтамын.

Ал егер донат арқылы қолдау білдіргіңіз келсе немесе сабаққа керек ашық-жабық тесттер, суретті тапсырмалар, мәтіндік тапсырмалар қажет болса, маған @Teacher_Ahmet ке хабарласа аласыз.

Құрметпен, Қожаахмет.
👍6
Айтпақшы, тегін материалдарды осы каналдан таба аласыздар. Ал басқа, сіздерге керекті тақырыптарды болса (қмж) арзан бағамен жасап беремін.
👌1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Байкал көлі" тынысы

Бұл фантастикалық дыбыстарды мұзға құлақ түрсеңіз, көлдің кез келген жерінде естуге болады. Олар температураның өзгеруіне жауап беріп, өз көлемін өзгертетін мұздың үнемі жарықтарынан пайда болады.
🔥3
Гео Әлем Тв | География
Каспи теңізі
Каспий теңізі туралы есте қалатын 10 қызықты дерек:

🌊 Каспий теңізі — теңіз бе, көл ме?

1. Каспий – әлемдегі ең үлкен тұйық су айдыны. Пішіні мен көлеміне қарап «теңіз» деп аталады, бірақ ғылыми тұрғыда – көл.

🌊 Әлемдегі ең ірі көл

2. Аумағы 371 000 км², бұл – Ұлы көлдерден де үлкен. Сондықтан Каспийді жиі «теңіз» деп атайды.

🌊 Тұзды және тұщы су қатар кездеседі

3. Солтүстігі майда әрі тұщы, ал оңтүстігі тұзды. Судың тұздылығы жергілікті желдер мен ағыстарға байланысты өзгереді.

🌊 Қазақстан Каспий жағалауындағы ең ұзын ел

4. Жағалауы ең ұзын мемлекет – Қазақстан (шамамен 2 320 км).

🌊 Каспий итбалығы – эндемик жануар

5. Каспий теңізінде тек осы аймақта ғана кездесетін Каспий итбалығы мекендейді. Бұл – әлемдегі ең кішкентай итбалық түрлерінің бірі.

🌊 Әлемдегі 90% бекіре қоры – Каспийде

6. Бекіре, сүйрік, шоқыр секілді бағалы балықтардың негізгі мекені – Каспий. Қара уылдырықтың басты көзі де осы жерде.

🌊 Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады

7. Каспий теңізінің деңгейі табиғи циклдерге байланысты көтеріледі және төмендейді. Соңғы жылдары айтарлықтай төмендеп жатыр.

🌊 Каспий мұнайы — стратегиялық ресурс

8. Теңіз түбінде орасан зор мұнай мен газ қоры бар. Қашаған, Қаламқас-теңіз, Ақтоты сияқты кен орындары – әлемдегі ірі жобалардың бірі.

🌊 Теңіз түбінде батпақты жанартаулар бар

9. Каспий маңында батпақты (лайлылық) жанартаулар көп. Олар газ қысымының әсерімен жарылып, лайлы материалдар атқылайды.

🌊 Каспий аты ежелгі Каспий тайпаларынан шыққан

10. «Каспий» атауы осы аумақта өмір сүрген кавказдық каспи тайпаларының атынан шыққан.
👍4
Калифорнияда толассыз жауған жауын салдарынан бір адам қаза тапты

Оңтүстік Калифорнияда демалыс күндері қатты жауын-шашын болып, қолайсыз ауа райының салдарынан бір адам қаза тапты. Ал Саттер округінде 71 жастағы ер адамның көлігі нөсерден көтерілген суға түсіп, көпірден ағып кеткен.

Қауіпсіздік қызметтерінің мәліметінше, дауыл мен нөсер 22 миллионнан астам тұрғынға әсер еткен.
🔥1
Қазақстандық альпинист әлемдегі ең биік 7 жанартауды бағындырып, соңғы шыңға Қазақстанның туын тікті

Альпинист және саяхатшы Ғалымжан Құспанов барлық континенттеріндегі ең биік жанартауларға шығуды көздейтін “7 Вулкан” халықаралық жобасын аяқтаған алғашқы этникалық қазақ және әлемдегі 67-адам атанды.

Құспанов жер шарындағы ең биік жеті жанартау: Сидлей (4285 м, Антарктида), Охос-дель-Саладо (6893 м, Оңтүстік Америка), Гелуве (4368 м, Австралия), Килиманджаро (5895 м, Африка), Эльбрус (5642 м, Еуропа), Демавенд (5609 м, Азия) және Орисабаны (5636 м, Солтүстік Америка) бағындырған.
👍2
Иран құрғақшылыққа байланысты “бұлт егу” технологиясын қолдана бастады

Иран ресми өкілдері елде соңғы он жылдағы ең ауыр құрғақшылық байқалып жатқан кезде жасанды жаңбыр тудыру жұмыстары басталғанын хабарлады. Бейресми ортада “бұлт егу” деп аталатын бұл әдіс туралы мемлекеттік IRNA ақпарат агенттігі мәлім етті.

Агенттіктің хабарлауынша, 15 қараша күні осы мақсатта алғаш рет Урмия көлі үстінен ұшақпен рейс жасалған. Маман­дар ұшақ бортынан бұлттарға арнайы қоспа бүркіген. Жасанды жаңбыр шақыру үшін Урмияның таңдалуы бекер емес – ол елдің ең үлкен көлі, бірақ қазір дерлік толықтай қурап қалған.

IRNA агенттігі қосымша мәлімдегендей, алдағы күндері Шығыс және Батыс Әзербайжан провинцияларында да жасанды жауын шақыру жұмыстары жүргізіледі.

“Қурап бара жатқан Иран”

Метеорология ұйымының дерегінше, биыл елдегі жауын-шашын мөлшері ұзақ жылдық орташа көрсеткішпен салыстырғанда 89 пайызға азайған.

“Бұл – соңғы 50 жылдағы ең құрғақ күз”, – делінген хабарламада.

Құрғақшылық әсіресе Тегеран үшін өте ауыр салдарға әкелді. Соның нәтижесінде астананы сумен қамтамасыз ететін су қоймаларындағы су деңгейі “тарихи минимумға” дейін төмендеген. Тіпті президент Пезешкиян мәселе шешілмесе, жаңбыр жаумайтын болса, астананы көшіруге тура келуі мүмкін екенін айтқан еді.
👍1🔥1
🦠 COVID-19: шығу тарихы, салдары және әлемдік локдаун

2019 жылдың 17 қарашасы – COVID-19 коронавирусының алғаш рет тіркелген күні ретінде тарихта қалды. Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында белгісіз өкпе ауруына шалдыққан адам анықталып, кейіннен бұл инфекцияның жаңа типті коронавирус – SARS-CoV-2 екені белгілі болды. Бастапқыда бірнеше ғана науқаспен шектелген бұл дерт қысқа уақыттың ішінде әлемге тез таралып, адамзат күтпеген дағдарысқа тап болды.

2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ды жаһандық пандемия деп жариялады. Бұған дейін әлем мұндай ауқымды биологиялық қауіппен тек тарихи деректерден ғана таныс еді. Бірнеше айдың ішінде жүздеген мемлекет шекарасын жапты, әуе қатынасы тоқтады, мектептер мен университеттер онлайн оқуға көшті. Адамдар күнделікті өмір салтын өзгертуге мәжбүр болды.

Пандемияның ең күрделі салдарының бірі – локдаундар. Көптеген елдерде үйден шығуға тыйым салынып, қалалар бос қалды. Дүкендер, мешіттер, мектептер, демалыс орындары жабылды. Әлемдік экономика жаһандық дағдарысқа ұшырады: өндіріс тоқтап, жұмыссыздық артты. Миллиондаған адам аурумен күресіп, миллиондағаны жақындарын жоғалтты.

Сонымен қатар пандемия медицина мен ғылым саласын жаңа деңгейге көтерді. Вакциналар бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жасалды. Қоғам гигиенаның, қашықтан жұмыстың, онлайн технологиялардың маңызын терең түсінді. COVID-19 адамзатқа бір үлкен сабақ қалдырды: денсаулық – ең бағалы құндылық, ал сақтық – әрқашан міндет.
🔥2👍1
Шоқан Уәлихановтың ең маңызды 5 естелігі:

1. "Қашқарияға саяхат" –
1858-1859 жылдары Уәлиханов Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Қашқарияға жасырын барып, сол жердің тарихы, мәдениеті, экономикасы және географиясы туралы маңызды мәліметтер жинады. Бұл еңбегі оны әлемдік деңгейдегі зерттеуші ретінде танытты.

2. "Ыстықкөл сапарының күнделігі" – 1856 жылы Шоқан Ыстықкөлге барып, қырғыз халқының тұрмысы, мәдениеті және тарихы туралы зерттеу жүргізді. Ол қырғыздардың "Манас" жырын алғаш жазып алып, ғылыми айналымға енгізді.

3. "Жоңғар очерктері" – Бұл еңбегінде ол Жоңғарияның табиғаты, халқы, мәдениеті, тарихи жағдайы туралы құнды мәліметтер келтірген.

4. "Қырғыздар туралы жазбалар" – Мұнда Шоқан қырғыз халқының әдет-ғұрыптары, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы мен мәдениеті туралы кеңінен баяндап, олардың тарихын зерттеген.

5. "Сот реформасы туралы жазбалар" – Бұл еңбегінде ол қазақ қоғамындағы сот жүйесін талдап, реформалар ұсынды. Оның пікірінше, дәстүрлі билер соты халыққа жақын әрі тиімді болуы керек еді.

Шоқан Уәлихановтың бұл еңбектері қазақ, қырғыз, Жоңғария және Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуде өте маңызды.
🔥2❤1🎉1
Iphone ұнаттындарға жақсы жаңалық!

Енді iPhone жылына екі рет шығатын болды.
— Pro модельдер күзде таныстырылады,
— Қарапайым және қолжетімді модельдер көктемде шығарылады.
👍1👌1
Ауатазартқыштар нарығында "бум"

2021 жылдың қараша айында Ташкентте болған қатты шаңды дауылды еске түсіресіз бе? Сол кезде үйдің терезе-есігі жабық болса да, дұрыс дем алу қиын болған. Бір күннің ішінде ғана 700-ге жуық адам тынысы тарылып, «жедел жәрдемге» хабарласқан. Кейін шаң аралас лас қар да жауған еді.

Сол уақытта адамдар ауа ластануы үшін қатты уайымдап кеткен. Соңғы күндері дәл осындай алаңдаушылық қайтадан пайда бола бастады. Google деректеріне қарасақ, биыл адамдар «ауатазартқыш» деген сөзді 2021 жылғы шаңды дауыл кезіндегідей көп іздеп жатыр. Яғни қазір де сол күндегідей көп адам ауатазартқыш сатып алғысы келеді.

Нақты қанша адам іздеп жүргенін Google айта алмайды, бірақ Кеден комитетінің мәліметі бар. Соңғы 3 жылда Өзбекстанға әкелінетін ауатазартқыштар саны 9 есе артқан. 2022 жылы 2 мың дана әкелінсе, 2025 жылдың он айында 18,5 мыңнан астамы импортталған.

Қысқасы, экология нашарлағандықтан таза ауа енді «ақылы» болып барады. Себебі ауатазартқыштарға 20% кеден салығы салынған. Сондықтан үйінде таза ауада отыруды қалайтындар оған салық төлеуге мәжбүр.

Сыртқа шыққанда да, әсіресе күз-қыс айларында, маска тағу қажет болып қалды. Ауаның ластануы күшейген күндері далаға сирек шығу және міндетті түрде маска тағуды Өзгидромет соңғы үш апта бойы күнде ескертіп келеді. Бұл тек Ташкентке ғана емес, басқа қалаларға да қатысты. Мысалы, бір күні 14 үлкен қаланың 13-інде ауа ластанған. Сол күні Әндіжанда ауа сапасы Ташкенттен бірнеше есе нашар болған.

IQAir қосымшасында да Өзбекстан қалаларының ауа сапасын бақылап жүргендер көбейіп жатыр. Ташкент бойынша жазылушылар саны 600 мыңға жақындаған. Ташкенттегі Inkuzart атты көше суретшісі де осы жағдайға арналған жаңа сурет салып, онда адамдардың газға қарсы маска тағып жүргенін бейнелеген.
🔥1
21-Климат және адам.docx
198.9 KB
8 сынып География пәні
“Климат және адам”
тақырыбына қосымша материалдар топтамасы
👍1💯1
Гео Әлем Тв | География
21-Климат және адам.docx
Дәл осы үлгідегі, сізге керекті тақырыпқа арналған материалды 1000 ₸ ге дайындап беремін. @Teacher_Ahmet ке жазыңыз.
👌1