Калифорнияда толассыз жауған жауын салдарынан бір адам қаза тапты
Оңтүстік Калифорнияда демалыс күндері қатты жауын-шашын болып, қолайсыз ауа райының салдарынан бір адам қаза тапты. Ал Саттер округінде 71 жастағы ер адамның көлігі нөсерден көтерілген суға түсіп, көпірден ағып кеткен.
Қауіпсіздік қызметтерінің мәліметінше, дауыл мен нөсер 22 миллионнан астам тұрғынға әсер еткен.

🔥1
Қазақстандық альпинист әлемдегі ең биік 7 жанартауды бағындырып, соңғы шыңға Қазақстанның туын тікті
Альпинист және саяхатшы Ғалымжан Құспанов барлық континенттеріндегі ең биік жанартауларға шығуды көздейтін “7 Вулкан” халықаралық жобасын аяқтаған алғашқы этникалық қазақ және әлемдегі 67-адам атанды.
Құспанов жер шарындағы ең биік жеті жанартау: Сидлей (4285 м, Антарктида), Охос-дель-Саладо (6893 м, Оңтүстік Америка), Гелуве (4368 м, Австралия), Килиманджаро (5895 м, Африка), Эльбрус (5642 м, Еуропа), Демавенд (5609 м, Азия) және Орисабаны (5636 м, Солтүстік Америка) бағындырған.

👍2
Иран құрғақшылыққа байланысты “бұлт егу” технологиясын қолдана бастады
Иран ресми өкілдері елде соңғы он жылдағы ең ауыр құрғақшылық байқалып жатқан кезде жасанды жаңбыр тудыру жұмыстары басталғанын хабарлады. Бейресми ортада “бұлт егу” деп аталатын бұл әдіс туралы мемлекеттік IRNA ақпарат агенттігі мәлім етті.
Агенттіктің хабарлауынша, 15 қараша күні осы мақсатта алғаш рет Урмия көлі үстінен ұшақпен рейс жасалған. Мамандар ұшақ бортынан бұлттарға арнайы қоспа бүркіген. Жасанды жаңбыр шақыру үшін Урмияның таңдалуы бекер емес – ол елдің ең үлкен көлі, бірақ қазір дерлік толықтай қурап қалған.
IRNA агенттігі қосымша мәлімдегендей, алдағы күндері Шығыс және Батыс Әзербайжан провинцияларында да жасанды жауын шақыру жұмыстары жүргізіледі.
“Қурап бара жатқан Иран”
Метеорология ұйымының дерегінше, биыл елдегі жауын-шашын мөлшері ұзақ жылдық орташа көрсеткішпен салыстырғанда 89 пайызға азайған.
“Бұл – соңғы 50 жылдағы ең құрғақ күз”, – делінген хабарламада.
Құрғақшылық әсіресе Тегеран үшін өте ауыр салдарға әкелді. Соның нәтижесінде астананы сумен қамтамасыз ететін су қоймаларындағы су деңгейі “тарихи минимумға” дейін төмендеген. Тіпті президент Пезешкиян мәселе шешілмесе, жаңбыр жаумайтын болса, астананы көшіруге тура келуі мүмкін екенін айтқан еді.

👍1🔥1
🦠 COVID-19: шығу тарихы, салдары және әлемдік локдаун
2019 жылдың 17 қарашасы – COVID-19 коронавирусының алғаш рет тіркелген күні ретінде тарихта қалды. Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында белгісіз өкпе ауруына шалдыққан адам анықталып, кейіннен бұл инфекцияның жаңа типті коронавирус – SARS-CoV-2 екені белгілі болды. Бастапқыда бірнеше ғана науқаспен шектелген бұл дерт қысқа уақыттың ішінде әлемге тез таралып, адамзат күтпеген дағдарысқа тап болды.
2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ды жаһандық пандемия деп жариялады. Бұған дейін әлем мұндай ауқымды биологиялық қауіппен тек тарихи деректерден ғана таныс еді. Бірнеше айдың ішінде жүздеген мемлекет шекарасын жапты, әуе қатынасы тоқтады, мектептер мен университеттер онлайн оқуға көшті. Адамдар күнделікті өмір салтын өзгертуге мәжбүр болды.
Пандемияның ең күрделі салдарының бірі – локдаундар. Көптеген елдерде үйден шығуға тыйым салынып, қалалар бос қалды. Дүкендер, мешіттер, мектептер, демалыс орындары жабылды. Әлемдік экономика жаһандық дағдарысқа ұшырады: өндіріс тоқтап, жұмыссыздық артты. Миллиондаған адам аурумен күресіп, миллиондағаны жақындарын жоғалтты.
Сонымен қатар пандемия медицина мен ғылым саласын жаңа деңгейге көтерді. Вакциналар бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жасалды. Қоғам гигиенаның, қашықтан жұмыстың, онлайн технологиялардың маңызын терең түсінді. COVID-19 адамзатқа бір үлкен сабақ қалдырды: денсаулық – ең бағалы құндылық, ал сақтық – әрқашан міндет.

🔥2👍1
Forwarded from Гео Әлем Тв | География
Шоқан Уәлихановтың ең маңызды 5 естелігі:
1. "Қашқарияға саяхат" – 1858-1859 жылдары Уәлиханов Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Қашқарияға жасырын барып, сол жердің тарихы, мәдениеті, экономикасы және географиясы туралы маңызды мәліметтер жинады. Бұл еңбегі оны әлемдік деңгейдегі зерттеуші ретінде танытты.
2. "Ыстықкөл сапарының күнделігі" – 1856 жылы Шоқан Ыстықкөлге барып, қырғыз халқының тұрмысы, мәдениеті және тарихы туралы зерттеу жүргізді. Ол қырғыздардың "Манас" жырын алғаш жазып алып, ғылыми айналымға енгізді.
3. "Жоңғар очерктері" – Бұл еңбегінде ол Жоңғарияның табиғаты, халқы, мәдениеті, тарихи жағдайы туралы құнды мәліметтер келтірген.
4. "Қырғыздар туралы жазбалар" – Мұнда Шоқан қырғыз халқының әдет-ғұрыптары, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы мен мәдениеті туралы кеңінен баяндап, олардың тарихын зерттеген.
5. "Сот реформасы туралы жазбалар" – Бұл еңбегінде ол қазақ қоғамындағы сот жүйесін талдап, реформалар ұсынды. Оның пікірінше, дәстүрлі билер соты халыққа жақын әрі тиімді болуы керек еді.
Шоқан Уәлихановтың бұл еңбектері қазақ, қырғыз, Жоңғария және Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуде өте маңызды.

🔥2❤1🎉1
Iphone ұнаттындарға жақсы жаңалық!
Енді iPhone жылына екі рет шығатын болды.
— Pro модельдер күзде таныстырылады,
— Қарапайым және қолжетімді модельдер көктемде шығарылады.

👍1👌1
Ауатазартқыштар нарығында "бум"
2021 жылдың қараша айында Ташкентте болған қатты шаңды дауылды еске түсіресіз бе? Сол кезде үйдің терезе-есігі жабық болса да, дұрыс дем алу қиын болған. Бір күннің ішінде ғана 700-ге жуық адам тынысы тарылып, «жедел жәрдемге» хабарласқан. Кейін шаң аралас лас қар да жауған еді.
Сол уақытта адамдар ауа ластануы үшін қатты уайымдап кеткен. Соңғы күндері дәл осындай алаңдаушылық қайтадан пайда бола бастады. Google деректеріне қарасақ, биыл адамдар «ауатазартқыш» деген сөзді 2021 жылғы шаңды дауыл кезіндегідей көп іздеп жатыр. Яғни қазір де сол күндегідей көп адам ауатазартқыш сатып алғысы келеді.
Нақты қанша адам іздеп жүргенін Google айта алмайды, бірақ Кеден комитетінің мәліметі бар. Соңғы 3 жылда Өзбекстанға әкелінетін ауатазартқыштар саны 9 есе артқан. 2022 жылы 2 мың дана әкелінсе, 2025 жылдың он айында 18,5 мыңнан астамы импортталған.
Қысқасы, экология нашарлағандықтан таза ауа енді «ақылы» болып барады. Себебі ауатазартқыштарға 20% кеден салығы салынған. Сондықтан үйінде таза ауада отыруды қалайтындар оған салық төлеуге мәжбүр.
Сыртқа шыққанда да, әсіресе күз-қыс айларында, маска тағу қажет болып қалды. Ауаның ластануы күшейген күндері далаға сирек шығу және міндетті түрде маска тағуды Өзгидромет соңғы үш апта бойы күнде ескертіп келеді. Бұл тек Ташкентке ғана емес, басқа қалаларға да қатысты. Мысалы, бір күні 14 үлкен қаланың 13-інде ауа ластанған. Сол күні Әндіжанда ауа сапасы Ташкенттен бірнеше есе нашар болған.
IQAir қосымшасында да Өзбекстан қалаларының ауа сапасын бақылап жүргендер көбейіп жатыр. Ташкент бойынша жазылушылар саны 600 мыңға жақындаған. Ташкенттегі Inkuzart атты көше суретшісі де осы жағдайға арналған жаңа сурет салып, онда адамдардың газға қарсы маска тағып жүргенін бейнелеген.

21-Климат және адам.docx
198.9 KB
8 сынып География пәні
“Климат және адам”
тақырыбына қосымша материалдар топтамасы

👍1💯1
Гео Әлем Тв | География
21-Климат және адам.docx
Дәл осы үлгідегі, сізге керекті тақырыпқа арналған материалды 1000 ₸ ге дайындап беремін. @Teacher_Ahmet ке жазыңыз.
👌1
Қазақстан мен Кавказ өңірлері қазіргі уақытта өте күшті аптап ыстық толқынының әсерінде тұр.
Мұндай күзден кейін оңтүстік емес, керісінше Солтүстік жарты шарда, әсіресе Ресейде алдағы айларда нақты суықтардың байқалуы мүмкін.
Ресейдің БАҚ өкілдері қазірдің өзінде бұл қыстың соңғы 250 жылда болмаған ең суық қыс болуы мүмкін деген ақпараттарды таратып үлгерді.
Айтпақшы, Скандинавияда қазірдің өзінде аномалиялық суық толқынына жақын полярлық суық ағысы қалыптасқан.

Дүниенің сырын ашқыңыз келе ме? 🌍
Онда ГеоӘлемТв арнасына қосылыңыз!
География, табиғат, тарих және әлем туралы ең қызық ақпараттарды бірге зерттейік.
🔗
https://youtube.com/@geoalemtv

🔥2
Марста торнадо қалай көрінеді 🌪
Марста жыл сайын 11 000-нан астам шаңды дауыл болады. Бұл дауылдар жер бетінің жылынуы және кейіннен жылы ауа көтерілген кезде, әсіресе күндізгі уақытта пайда болады. Торнадолардың көпшілігі Джезеро кратерінің маңында байқалған, онда Perseverance марсоходы жұмыс істейді, олардың диаметрі 50 метрге дейін жетуі мүмкін, ал желдің жылдамдығы 110 км/сағ дейін болады.
Мұндай дауылдар жердегі торнадоларға қарағанда азырақ зиян келтірсе де, олар шаңды тасымалдауда маңызды рөл атқарады және роботтардың күн панельдерін тазалауы мүмкін.

2025 жылғы 15 қараша
Колвези, Конго ДР
Колвези маңындағы заңсыз Mulondo Lwalaba алтын шахтасында жер опырылып, 101 адам қаза тапты. Құтқару жұмыстары жалғасуда, нақты сан әлі өзгеруі мүмкін.
Қатты жаңбыр мен тыйымға қарамастан, алтын іздеушілер шахтаға кірген. Қаза болғандардың көбі – басқа аймақтан келген жұмысшылар. Аймақта мұндай апаттар жиі болады, себебі шахталар бақылаусыз әрі өте қауіпті.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Күн жүйесінің мұзды шекарасы
Оорт бұлты — Күн жүйесін алыстан қоршап тұратын, мұзды денелерден құралған алып сфералық аймақ. Бұлттың ішкі бөлігі Күннен шамамен 2 000–5 000 астрономиялық бірліктен басталып, сыртқы шекарасы 10 000–100 000 а.б. аралығына дейін созылады.
Салыстыру үшін, Плутонның орбитасы небәрі 30–50 а.б. қашықтықта орналасқан. Сондықтан Оорт бұлты – Күн жүйесіндегі ең алыс аймақтардың бірі, Плутоннан да мыңдаған есе алыс.
Ғалымдардың есебінше, тіпті ең алыс ұшқан ғарыш аппараты «Вояджер-1» бұл бұлттың шетіне 300 жылдан кейін ғана жетеді. Ал оны толық кесіп өту үшін 30 000 жылға жуық уақыт қажет.
Оорт бұлты — ұзақ мерзімді кометалардың басты көзі. Бұл кометалар Күнге өте сирек жақындайды. Оорт бұлтының болуы туралы идеяны 1950 жылы нидерланд астрономы Ян Оорт ұсынып, кометалардың шығу тегін түсіндіруге тырысқан.
Бұлттың ең сыртқы бөлігі Күн жүйесінің шартты шекарасы саналады. Осы аймақтан әрі қарай Күннің тартылыс күші әлсіреп, Галактиканың гравитациялық әсері басым бола бастайды.

Алматыдағы жылу-электр орталығы ауаны осылай ластап жатыр
Қаладағы ЖЭО-2ауаны ластайтын ең ірі көздердің бірі саналады. Халықаралық Climate TRACE коалициясының мәліметінше, станция әлемдегі ауаны ең көп ластайтын нысандардың 10%-ының қатарына кіреді.
Десе де қуантары, қазір қалада орталықты газға ауыстыру процесі жүріп жатыр екен.

Қазақстанда Massachusetts Institute of Technology университеті ашылуы мүмкін
Қазақстанда Massachusetts Institute of Technology (MIT) серіктестігімен Жасанды интеллект университетін ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады. Айтуынша, MIT-пен алдын ала келіссөздер басталған.
Қазақстан Президентінің жасанды интеллектке бағытталған жоғары оқу орнын құру туралы тапсырмасын ескере отырып, бұл жоба MIT-пен бірлесіп жүзеге асуы ықтимал.
1861 жылы құрылған MIT инженерия, ІТ, жасанды интеллект, экономика және менеджмент салаларында әлемдік көшбасшы болып саналады. Жоба іске асқан жағдайда, Қазақстан жасанды интеллект білімінің жаңа орталығына айналуы мүмкін.

#геодерек
Ибн Хордадбек ІХ ғасыр ортасында «Жолдар мен аймақтар» кiтабын
жазды. Бұл кітапта ол Әмудария өзенінің арғы және бергі бетін мекендеген
қыпшақ тайпалары мен оның 16 қаласы жайлы мәліметтер келтірген.
Ибн Батута: «Дешт ... түркi тiлiнде дала мағынасын бiлдiредi. Дала бұл
жасыл, гүлденген аймақ, онда ағаш та, тау да, төбе де, белес те жоқ... Бұл
далада арбамен ғана жүредi, ал ол алты айлық жолға созылады...» деген
дерек келтіредi.

🔥1👌1