Гео Әлем Тв | География
1.11K subscribers
842 photos
549 videos
25 files
382 links
ГеоӘлемТв — Жер ғаламшарының сырларын бірге ашайық!

Жарнама және донат үшін @Teacher_Ahmet
Download Telegram
Мексикадағы Попокатепетль жанартауы бүгін тағы да қозғалды.

Соңғы бір тәулікте жанартау бірнеше рет түтін мен газ шығарған, аздап күл де түскен. Тау ішінде діріл байқалып, кратерден бу үздіксіз шығып жатыр.

Қауіп деңгейі — Сары, 2-фаза. Бұл жанартаудың белсенді екенін және кез келген уақытта түтін, күл, газ шығара беруі мүмкін екенін көрсетеді.

Сол маңдағы ауылдар мен қалалардағы адамдарға сақ болу, жанартау жаққа бармау ескертіледі.ъ

Алдыңғы постта Эфиопияда 12 мың жылдан кейін алғаш рет жанартау атқылағаны туралы жазған едім.
🔥1
2025 жылғы 24–25 қарашада Польшада қатты қар жауды. Елдің оңтүстігінде қар қалың түсті: Малоөлкелік аймақта 5–15 см, кей жерлерде 25–30 см жетті, ал Подкарпатияда 30–35 см болды. Қатты жел мен боран салдарынан жолда көрініс нашарлап, жүру өте қиын әрі қауіпті болды. Көптеген жолдар жартылай жабылды. Полиция мен құтқарушылар қарда қалып қойған ондаған адамдарға көмектесті.
🔥1
Қазақстанда 250 мыңнан астам оқушы қашықтан оқып жатыр

Қазақстанның 13 өңірінде 11,8 мыңнан астам сынып қашықтан оқуға ауыстырылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенаттың кулуарында берген сұхбатында мәлімдеді.

Айтуынша, бұл өзгеріс 903 мектепке және шамамен 250 мың оқушыға әсер еткен.
Жалпы алғанда қашықтан оқыту форматына 11 812 сынып өтті. Бұл - елдің 13 өңіріндегі 903 мектеп. Барлығы шамамен 250 мың бала онлайн форматқа көшті. Кеше мен бүгіннің арасында аздап ілгерілеу бар, - деді вице-министр.
Таиландта рекордтық су тасқыны болды

Таиландтың Хатъяй қаласы мен тағы 9 провинцияны жаппай су басып, кемінде 33 адам қаза тапты.

Хатъяйдағы көпір, көшелер мен көліктер судың астында қалды. Барлығы 13 мың адам ғана эвакуацияланған.

Құтқарушыларға жету қиын болғандықтан, адамдар үйлерінің төбесінде көмек күтіп отыр. Билік өңірге әскери кемелер мен тікұшақтар жіберуде.

Бұл – соңғы ондаған жылдағы ең ірі су тасқыны деп бағаланып отыр.
🔥2
2025 жылғы 26–27 қарашада Еуропа мен Солтүстік Африкада суық фронттың әсері айқын байқалды. 26 қарашада Францияның шығыс және орталық аймақтарына солтүстік-батыстан келген суық фронт мол қар әкелді. Météo-France 14 департаментте «қар-мұз» бойынша сары ескерту жариялап, лавина, су тасқыны және жел қаупін ескерсек, ескертулер саны 35-ке жетті. Қар шекарасы 400–700 м биіктікте түсіп, Савойеде тәулігіне 80 см-ге дейін қар жиналды. Жолдарда қысқы шиналар мен тізбектер міндеттеліп, 2000 м-ден жоғары аймақтарда лавина қаупі 3–4 деңгейде бағаланды.

Осы суық фронттың жалғасы Солтүстік Африкаға да жетіп, 26–27 қарашада Алжирдің Буйра, Тизи-Узу, Беджая және Шығыс Алжирдің таулы аймақтарында 5–20 см қар жауды. Кейбір жолдар жабылып, бірнеше елді мекен уақытша оқшауланды. Құтқарушылар қарда қалып қойған көліктерді шығарды. Сонымен қатар, Джиджель–Аннаба арасындағы жағалауда қатты жаңбыр төменгі аумақтардың су басуына себеп болды. Екі елде де жағдай бақылауда, тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ.