Challenge Yourself
2.28K subscribers
119 photos
18 videos
19 files
52 links
Дневник человека мечтающего стать разносторонним...
Download Telegram
IELTS 8.0 и выше алғым келіп жүр. Мына Гайдлайн темплэйт сізге де көмекші болуы мүмкін.

Ішінде дайындыққа керек барлық ақпарат сақталған болады.
- Нұсқаулық
- Тесттер жинағы
- Қатемен жұмыс
- ...

Главное, оқыңызшы)

https://gqr.notion.site/IELTS-Preparation-Guide-26b3789ab6d580319f4fdf627cc5ccb9?source=copy_link
❤30🔥7👍6
✔️ Сабақтарды мангаға айналдыру керек пе?
✔️ Бүгінгі ашық сабаққа жаңа технология қолданғыңыз келе ме?
✔️ Химияны виртуалды лабораториямен жасағыңыз келе ме?

💡Мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге арналған 500-ден астам Web2.0 платформалары мен сайттарын ұсынамыз.

https://www.notion.so/gqr/e53ecdb3194949718380ccd7d16a3125?v=b317d5b35f9f49fbb5601098dcdb2740&source=copy_link
❤19👍6🔥4
— Я не говорил, что речь идет о некой грандиозной миссии. Может, ее масштаб гораздо скромнее, но знаешь, на свете есть вещи вроде бы и незаметные, но они наделены истинной ценностью. Нам все кажется, что ход истории меняют выдающиеся личности. На самом деле это далеко не так. Каждый из нас влияет на свое окружение через дела, слова, настроение, чувства, и влияние это распространяeтся как круги по воде. Хотим мы этого или нет, но нейтральной позиции не бывает. В конечном итоге мы все влияем на мир. И когда мы находим свое предназначение, мы находим свою роль, которая будет полезна человечеству, всему живому на Земле, во Вселенной.
❤38👍8😨1
Мәрмәр үстел
Есік ақырын ашылып, ақсақал ішке кірді. Жасы жетпіске таяп қалған. Қолындағы дорбада жаңа піскен нанның иісі аңқып тұр.
– Біздің немерелер сол жаңғақ қосылған шоколадты жақсы көруші еді ғой, иә, кемпір? – деді ол дорбасын көрсетіп.
Кемпірі басын изеп, «иә» дегендей болды. Екеуі залға кіріп, шоколадтарды кәмпит салғышқа төкті. Үйдің іші раушан суы, шоколад және жаңа піскен нанның иісіне толды.
– Осы үстелді терезенің алдына қояйық па, шал? – деді кемпірі. – Немерелер айналасында жүгіргенде жүрегім аузыма тығылады. Қарашы, бұрыштары қаншалық өткір...
Екеуі екі жағынан ұстап, ауыр мәрмәр үстелді зорға терезенің алдына жылжытты.
– Ох, – деді шал демін алып. – Нағыз футбол алаңы сияқты болды ғой. Енді немерелерің қалағанынша жүгірсін, тентектер.
Үстелде немерелеріне арнап сатып алған кішкентай сыйлықтар тізіліп тұр. Қорапшалардың үстінде аттары жазылмағанымен, қайсысы кімге арналғанын ерлі-зайыптылар жақсы білетін. Екеуі құшақтасып, сансыз рет құттықтасқандай тағы да бір-біріне жымиып қарады. Екеуінің де көзінде жылылық, мейірім бар еді.
Үйдің іші нағыз мерекенің иісіне толып тұрды.
Кенет телефон шырылдады. Шал басқа бөлмеге кіріп, қысқа сөйлесіп, үнсіз күйде қайтып келді. Даусы сәл дірілдеп тұрды.
– Ержан хабарласты, – деді ол. – Балалар демалыс деп қоймай, арзан қонақүй тауып алыпты. Енді бәрі Бурабайға бара жатыр екен.
– Е, аман болсын, – деді кемпірі аз үнсіздіктен кейін. – Жақсы болсын да…
Нандар суып қалмай тұрғанда екеуі дастарханға отырды. Әйел сыйлықтардың бір бөлігін тоңазытқышқа салып жатқанда, есік қоңырауы қайта соғылды – екінші ұлдары келді.
– Келдің бе, балам? Келін мен балалар қайда? – деді анасы қуанып.
– Айтпаңыз, мама, – деді отыздар шамасындағы жігіт ұялып. – Намаздан келсем, балалар әлі ұйықтап жатыр. Әсел де сондықтан келе алмады. Кешіріңіздер.
– Е, жарайды, балам, – деді анасы. – Шай қояйын ба? Жаңа ғана демделген еді.
– Рақмет, мама, ішпеймін. Балаларды бүгін хайуанат бағына апарамыз. Демалысты пайдаланып қалайық дедік, басқа уақытта мүмкіндік болмайды ғой. Ертерек қайтсақ, соғармыз, бұйырса.
Біраз отырып, анасының қолын сүйіп, ол да кетіп қалды. Қарт жұп үнсіз күйде залда біраз отырды.
— Таңертең ерте тұрып, айт намазына барғанда күн қандай ұзақ болады, иә, жаным? — деді қария. — Қарашы, сағат әлі таңғы сегіз жарым.
Кемпірі тағы да басын изеді. Сосын орнынан тұрып, ас үйге беттеді.
— Кешке бұлар зообақтан аш келері анық. Мен барып, тамақ қояйын. Келіп-кететіндер болса, кейін уақыт таппай қаламын.
Тамақтар дайын болды. Түскі және кешкі асты да екеуі үнсіз, қатар отырып ішті.
Түнде ұйықтар алдында ауыр мәрмәр үстелді қайтадан терезенің алдынан алып, залдың ортасына қойды.
💔42❤12👍3
"Менің кітапханам" деген жақсы жоба басталыпты.
Кітап оқуды көпшілікке тарату бойынша үлкен қадамдар жасап жатыр. Менің алдымда Нұрлан ағам да сөйледі.

Біздің арамызда да үйде кітапханам бар дегендер болса, маған "әу" десеңіздер, сіздердің те тәжірибелеріңізбен бөлісейік 🫶

https://youtu.be/vuQFGUis7Iw?si=1Qh5TXbuW2rDpDfH
👍21❤10
Forwarded from ЧГПУ
После торжественного открытия ведущие учителя года из России и стран СНГ представили серию коротких TED-выступлений на актуальную тему будущего образования в эпоху развития нейросетей.

🙂Педагоги поделились своим видением того, как искусственный интеллект может стать помощником в образовательном процессе, не заменяя при этом живого общения между учителем и учеником.

📌Особое внимание было уделено вопросам сохранения фундаментальных ценностей образования и развития критического мышления у учащихся в условиях цифровизации учебного процесса.

#ПрограммаРазвитияЧГПУ
#Педмастерская
#Форум
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥15❤11
Бүгін, мен үшін жаңа жыл басталып жатыр.
Әр жыл, осы күн, өзімнің өмірімді електен өткізіп, бір саралап, бір бағалап, өлшеуішімді туралайтын күн еді. "Нені жақсы істей алдым, Нені істей алмадым, тағы не істей аламын" - дегендей...

Өзімнің қорытынды жоспарыммен кейін бөлісе жатырмын...

«Отызда орда бұзбасаң, қырықта қамал алмайсың» демекші, үлкен елді өзгертпесек те бір адамның үлкен өмірін өзгертуге себепші болсам, одан асқан арман бар ма?!

Pro100 Challenge 2.0
2026 жылдың отборын бастаймыз ба?
Дайынсыздар ма?
❤54🔥14👍3👏1
🌟 PRO100 CHALLENGE басталады!
🗓 Тіркелу: 27 ЖЕЛТОҚСАН 2025 – 4 ҚАҢТАР 2026
🔥 Бұл жай ғана марафон емес — өзіңді табу жолы!
🎯 НЕ КҮТІЛЕДІ?
Тек белсенділер, табандылар және шын мәнінде дамуға дайын жандар ғана өтеді.
Бұл — өзіңмен жұмыс, мақсатпен өмір сүру және нақты нәтижеге жету жолы.
🔶 1-КЕЗЕҢ: 27 ЖЕЛТОҚСАН – 4 ҚАҢТАР
📝 ТІРКЕЛУ және Telegram-арнаға қосылу
✅ Тіркелу үшін:
1️⃣ Жеке әлеуметтік парақшаңызда
📌 3 айға арналған қысқаша жеке даму жоспарыңызбен бөлісіңіз
→ Бұл пост / сторис / рилс болуы мүмкін
📍 Instagram: @_g_q_r_ аккаунтын белгілеуді ұмытпаңыз
2️⃣ Содан кейін:
📸 Пост/сторис/видео скринін
📄 Толық IDP жоспарыңызды (Word форматта)
👉 @gqrme Telegram-на жіберіңіз
⏳ Тіркелу 4 қаңтар, 23:00-де аяқталады!
📩 Кім қабылданғанын — жабық Telegram тобына сілтеме келгенде біледі
❌ Ережені қате орындасаңыз — қабылданбайсыз
(иә, бар болғаны екі тапсырма 😁)
🔷 2-КЕЗЕҢ іріктеуі: 5 ҚАҢТАР – 11 ҚАҢТАР
🔒 Жабық Telegram арнада
🕛 Арнайы фильтр)
👉 Осы кезеңнен өткендер ғана марафонға толық қатысады
🚀 МАРАФОННЫҢ БАСТАЛУЫ
🗓 12 ҚАҢТАР 2026
💡 Өзгеріс — алғашқы қадамнан басталады!
Егер сіз:
✅ дамығыңыз келсе
✅ жауапкершілік ала білсеңіз
✅ өзіңізге адал болуға дайын болсаңыз —
онда бұл шақырту дәл сізге арналған.
🔥 Ал, кеттік пе? 😁
❤53❤‍🔥6⚡4🤩3
Даму үрдісінде түйгенім, тез үйренем деп жүріп, соңында ешқандай нәтижеге де жете алмайтындай болып қалатын кезеңдер көп болады екен, оның үстіне, мотивацияң түсіп, өзіңде fixed mindset-ті дамытумен айналысып кете бересің.
Сол себепті, "аз болса да, тұрақты" деген сөз маған басқа бояумен көріне бастағандай. Барлық жүйемді сол форматқа негіздей бастағалы бері, өзгерістер де көріне бастады.

Ол қандай өзгеріс дерсіз?
Оның формуласы оңай:
Мақсат қойғанда ұзақ уақытқа, аз мөлшерді қою керек екен.

Мысалы, Гитара үйренем деп мақсат қойғанмын.
10 finger style үйренем дедім, нәтижесінде 0 үйрендім 😱
Енді, биылға өзіме екеу ғана үйренем деп шештім, қазір қарасам, уже біреуін бітірейін деп қалдым) (~70%)
(Бір сәті түскенде видеосында көрсете жатармын)

Әдеттегідей 4 бағыт бойынша дамимыз
PQ / IQ / EQ-SQ / Project and Finance Literacy (FL)

💆‍♂️PQ
Денсаулық бойынша барлығы жақсы, нені дамытқым келеді, иммун жүйесі және физикалық көрсеткіштерімді 20% дамыту

🚀 Толық check-up өту
- жетіспейтін витаминдер мен минералдарды толықтыру
🚀Мышечная выносливость дамыту
- push-ups marathon 500
- pull-ups  бір подходпен 25
- Burpee 10-нан бастап 100-ге дейін
- Planch workout 20 секундтан 100 секундқа дейін

👁Көз емдету (тым ұзақ прокрастинация жасап, тағы бір жыл орындай алмай қалдым)
🚀 Биыл форматты бұзбай, толық орындаймын деп шештім.

IQ
Менің алғашқы бағытым - Білім саласы (Education). Оны өзіме 2️⃣-ге бөліп қараймын:
1️⃣ Мұғалімдік - жақсы мұғалім болу үшін керек дағдылар мен машықтар
- 3 жаңа курс өту
- 30 Microteaching🎧
- 10 мастер-класс 👨🏻‍🏫
- 20 кітап📗
- 2 жаңа машық
- Жаңа кітап жазу

2️⃣ Тренерлік
- 1 Жаңа курс тәмамдау 🏫
- 3 курс дайындау ⛳️
- 5 кітап📕
- 1 жаңа машық

🚀Менторлық/Тәлімгерлік
2 жылда Pro100 Challenge төрт рет ұйымдастырылды, шамамен 600 адам қатысты.
Сол Pro100 Challenge 2.0 бастағалы жатырмын, әзірге 143 адам тіркелді.
(Үлгермей қалдым деген жандарға, Августте екінші рет болады, соны жіберіп алмаңыздар)

🚀Lingua
🇫🇷 Француз иілі
~ 1500 сөз
- 16 уроков с Петровым
- сүйікті Duolingo🦉
- француз тілін үйренетіндермен клуб ұйымдастыру (онлайн сабақтар, кездесулер и т.д.)

🧳🛫🛬Саяхат, өмірімнің бөлшегіне айналғандай 😄
Өткен жылы 🇪🇸🇩🇪🇳🇱🇵🇹🇧🇪🇫🇷🇨🇭🇮🇳🇨🇳🇹🇷🇮🇹🇷🇺🇦🇱 барып үлгеріппін)

Биыл да жаңа мекендер ашу керек)
🎡🎢🚂🚃🚄🚅🚆

EQ/SQ/P/FL бойынша арасында бөлісіп отыруға тырысам, күшім жетіп жатса😁

Ал, жаңа 2️⃣0️⃣2️⃣6️⃣ жыл барлығымызға берекелі әрі есте қалатын жыл болғай!
❤55🔥22👍4❤‍🔥1
Тут все бесплатные курсы хаба + партнерские

AI Movement

1) Основы промпт-инжиниринг
https://astanahub.com/en/l/prompt-engineering#

2) Qazcoders
https://astanahub.com/ru/l/qazcoders

3) Основы ИИ: chat gpt
https://astanahub.com/ru/l/aicoursechatGPT

4) Основы анализа данных и python
https://astanahub.com/en/l/data-analysis-basic

5) Создай бренд с нейросетями
https://astanahub.com/en/l/brand-neo

LMS

6) Solana для разработчиков
https://edu.astanahub.com/ru/course/859

7) Креативно-цифровые индустрии
https://edu.astanahub.com/ru/course/320

8) Startup english
https://edu.astanahub.com/ru/course/307

9) Карта профессий
https://edu.astanahub.com/ru/course/323

10) Flutter flow
https://edu.astanahub.com/ru/course/334
🔥18❤9👍7🥰3❤‍🔥1