100baksoff Telegram
17.5K subscribers
3.48K photos
6.62K videos
20 files
2.02K links
По поводу рекламы и сотрудничества писать в Instagram
Download Telegram
Forwarded from NoFake
‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️

«14 саны», Суккот және Қытай: Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін күмәнді теорияларды кімдер таратып жатыр?

Маңғыстауда әскери қызметшілер қаза тапқаннан кейін әлеуметтік желіде оқиғаның себебіне қатысты түрлі расталмаған нұсқалар тарай бастады. Кей қолданушылар 14 санын басқа қайғылы оқиғалармен байланыстырып, одан «заңдылық» іздесе, енді бірі сарбаздардың қазасын Суккот мерекесі, Хазар қағанаты немесе Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстармен қатар қойып отыр. Алайда бұл болжамдарды растайтын нақты дерек немесе себеп-салдарлық байланысты дәлелдейтін ақпарат ұсынылмаған.

NoFake.kz мұндай жазбаларды таратқан аккаунттарды да қарап шықты. Мәселен, Threads-тегі lesmemoriesdaru_ парақшасы 2025 жылғы шілдеде ашылған, онда жарияланған жазбалардың басым бөлігі Ақтаудағы әскери қызметшілердің қазасына арналған. Аккаунтта аты-жөні мен жеке фотосы көрсетілмеген, ал оған тіркелген Instagram парақшасы жабық және пайдаланушы аты бұған дейін алты рет өзгертілген. Мұның өзі аккаунттың жалған екенін білдірмейді. Дегенмен қайғылы оқиғаға қатысты ақпаратты таратпас бұрын автордың кім екенін, парақшаның тарихын, бастапқы дереккөзді және айтылған тұжырымды растайтын нақты дәлелдердің бар-жоғын тексерген жөн.

Толығырақ сайттан оқыңыз.

#NoFakeKZ #Қазақстан #Каспий #Маңғыстау #Фейк
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6