Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деп дұға жасап жүрген екен: "Бисмиллаһ, Уа, Алла Тағалам! Аяғымның сүрінуінен және сүріндірілуінен, адасудан және адастырылудан, әділетсіздік жасаудан және әділетсіздікке ұшыраудан, дөрекі қылық жасаудан және дөрекілікке ұшыраудан САҒАН сыйынамын" (Имам Әбу Дәуіт, Әдеп, 102).
Жұма қабыл болсын!
Жұма қабыл болсын!
❤42
ӨМІРІҢІЗДІҢ АВТОРЫ КІМ?
Көп адам өміріндегі қиындыққа жауапты іздейді.
Бірі тағдырды кінәлайды.
Бірі адамдарды кінәлайды.
Бірі уақытты.
Бірі «сәтсіздік», «жұлдызым келмеді» дейді.
Ал шын мәнінде ең ауыр сұрақ мынау:
«Мен өз өмірімнің авторымын ба, әлде тек көрерменімін бе?»
Алла Тағала адамға таңдау еркіндігін, ақыл мен ерік-жігерді берді.
Қиямет күні бізден:
«Басқалар не істеді?» деп сұралмайды.
Бізден:
«Саған берілген өмірді қалай өткіздің?» деп сұралады.
Автор деген кім?
Автор – өз шығармасының астына қорықпай қол қоятын адам.
Сол сияқты…
Өміріңіз – сіздің шығармаңыз.
Ертең Алланың алдында осы өмірдің әр бетіне өз атыңызды қоюға дайынсыз ба?
Бірінші авторлық – денсаулық.
Денеңіз – аманат.
Пайғамбарымыз ﷺ:
«Екі нығметтің қадірін адамдардың көбі білмейді: денсаулық пен бос уақыт», – деген.
Ауруды күтпеңіз.
Денеңізді күтіңіз.
Тексеріліп тұрыңыз.
Ұйқыңызды түзеңіз.
Дұрыс тамақтаныңыз.
Қозғалысты көбейтіңіз.
Өйткені аманатқа немқұрайлы қарау – жауапкершіліктен қашу.
Екінші авторлық – ризық пен қаржы.
Көп адам ақша аз болғандықтан емес…
Ақшаны басқармағандықтан қиналады.
Ислам ысырапты құптамайды.
Берекенің бір сыры – жоспар.
Әр табысыңыздан аз болса да бөліп отырыңыз.
Бүгінгі сабыр мен тәртіп – ертеңгі тыныштықтың кепілі.
Қаржылық қор – Аллаға тәуекел етпеу емес.
Керісінше, түйеңді байлап барып тәуекел ету.
Үшінші авторлық – айналаңыздағы адамдар.
Өзіңізден сұраңыз:
Егер бұл адаммен бүгін ғана таныссам…
Оған дәл қазір беріп жүрген уақытымды, энергиямды және жүрегімдегі орынды тағы да берер ме едім?
Әрбір қарым-қатынас сізді не Аллаға жақындатады…
Не Одан алыстатады.
Сондықтан ортаңызды таңдаңыз.
Төртінші авторлық – әдеттеріңіз.
Өмірдің көп бөлігі үлкен шешімдерден емес…
Күн сайын қайталанатын кішкентай әрекеттерден құралады.
Бәлкім сіз баяғыда мәні жоғалған нәрселерді әлі күнге дейін істеп жүрген шығарсыз.
Әдеттеріңізді тексеріңіз.
Олар сізді қайда апара жатыр?
Соңында өзіңізге мына сұрақты қойыңыз:
Егер бүгін өмірім туралы кітап жазылса…
Оған өз атымды автор ретінде жазуға ұялар ма едім?
Әлде мақтанышпен қол қояр ма едім?
Алла Тағала Құранда:
«Расында, Алла бір қауымның жағдайын, олар өздерін өзгертпейінше өзгертпейді.»
(«Рағд» сүресі, 11-аят.)
Демек…
Өмірдің өзгеруі – өзіңді өзгертуден басталады.
Тағдырға сену – әрекеттен қашу емес.
Тәуекел – әрекеттен кейін келеді.
Өз өміріңіздің көрермені болмаңыз.
Алланың разылығына жетелейтін өмірдің авторы болыңыз.
Гулмира Ілесбай / 31.08.2026 ж

❤15👍12
ӨЗІҢДІ СҮЮ ӨМІРІМІЗГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
1. Қарым-қатынаста
Өзін сүймейтін адам көбіне:
тастап кетуден қатты қорқады;
қызғанышқа бейім болады;
аз ғана көңіл бөлуді үлкен махаббат деп қабылдайды;
құрметсіздікке шыдайды;
басқа адамның көңіл күйіне жауапты сезінеді;
жалғыз қалмау үшін өзін жоғалтады.
Өзін сүйетін адам:
махаббат сұрай алады;
«жоқ» деген жауапты көтере алады;
жалғыздық пен қадірсіздікті шатастырмайды;
серіктесін құтқарушыға айналдырмайды;
махаббат үшін өзін сатпайды.
Сіз тағы не қосар едіңіз?
Гулмира Ілесбай / 04.08.2026 ж

❤13
📚📚📚Кейде адамды алғашқы әсеріне қарап бағалаймыз.
Біреу өте білімді болып көрінеді. Біреу шешен сөйлейді. Біреу өзіне сенімді, көреген, тәжірибелі әсер қалдырады. Бірақ уақыт өте келе, адаммен тереңірек араласқан сайын оның шынайы деңгейі көріне бастайды.
🌟 🌟 Өйткені адамның деңгейін сыртқы бейнесі емес, ойының тереңдігі анықтайды.
Ақпарат көп білу – даналық емес. Көп кітап оқу да жеткіліксіз. ЖНағыз даналық – білімнің өмірде сыналып, тәжірибеге айналуы. Адам басынан өткізген әр сынақтан сабақ алып, білімін амалмен бекіткен сайын кемелденеді.
Ал осының бәріне діни сауат қосылса, адамның дүниетанымы өзгереді. Себебі дін тек не істеу керегін үйретпейді. Ол не үшін өмір сүріп жатқанымызды, жүректі қалай тәрбиелеуді, нәпсіні қалай басқаруды, адамдармен қалай қарым-қатынас жасауды үйретеді.
🌟 Сол кезде білім – мінезге, тәжірибе – парасатқа, ал иман – даналыққа айналады.
🌹 Адамның шынайы құндылығы оның киімінде де, атағында да, байлығында да емес.
🌟🌟🌟Ол – ойының биіктігінде.
Көзқарасының кеңдігінде.
Шешімдерінің салмағында.
Жүрегінің тазалығында.
Сондықтан өмір бойы тек білім жинауға емес, сол білімді өміріңізге енгізуге ұмтылыңыз.
Өйткені оқыған адам білімді болуы мүмкін.
Ал өмір сүріп, амал етіп, тәубе жасап, ой түйген адам – дана болады.
Гулмира Ілесбай / тамыз 2026 ж
Біреу өте білімді болып көрінеді. Біреу шешен сөйлейді. Біреу өзіне сенімді, көреген, тәжірибелі әсер қалдырады. Бірақ уақыт өте келе, адаммен тереңірек араласқан сайын оның шынайы деңгейі көріне бастайды.
Ақпарат көп білу – даналық емес. Көп кітап оқу да жеткіліксіз. ЖНағыз даналық – білімнің өмірде сыналып, тәжірибеге айналуы. Адам басынан өткізген әр сынақтан сабақ алып, білімін амалмен бекіткен сайын кемелденеді.
Ал осының бәріне діни сауат қосылса, адамның дүниетанымы өзгереді. Себебі дін тек не істеу керегін үйретпейді. Ол не үшін өмір сүріп жатқанымызды, жүректі қалай тәрбиелеуді, нәпсіні қалай басқаруды, адамдармен қалай қарым-қатынас жасауды үйретеді.
🌟🌟🌟Ол – ойының биіктігінде.
Көзқарасының кеңдігінде.
Шешімдерінің салмағында.
Жүрегінің тазалығында.
Сондықтан өмір бойы тек білім жинауға емес, сол білімді өміріңізге енгізуге ұмтылыңыз.
Өйткені оқыған адам білімді болуы мүмкін.
Ал өмір сүріп, амал етіп, тәубе жасап, ой түйген адам – дана болады.
Гулмира Ілесбай / тамыз 2026 ж
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤15👍5🔥3
Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Кімде-кім үнемі (Әстағфируллаһ) деп айтып кешірім сұраса, Алла оған әрбір қиындықтан шығу жолын және әрбір мәселенің шешімін көрсетеді. Сондай-ақ, оған күтпеген жерден ризық береді» деген (Имам Әбу Дәуіт, Уитр 26/1518).

❤38
Шүкір — проблеманың жоқтығы емес
«Бәрі түзелгенде шүкір етемін» деп күтпе.
Өйткені өмірде бәрі бір мезетте мінсіз болып кететін күн сирек.
Бір мәселе шешіледі — екіншісі келеді.
Сондықтан шүкірді жағдайға байланыстырма.
Шүкір — қиындық жоқ деген сөз емес.
Шүкір — қиындықтың ортасында да қолыңда қалған нығметті көре білу.
Бүгін сенде жоқ нәрсеге ғана қарама.
Тыныстап отырғаныңды көр.
Жаныңдағы адамдарыңды көр.
Таңның қайта атқанын көр.
Тәубе етуге мүмкіндік барын көр.
Дұға жасай алатыныңды көр.
Кейде біз күткен үлкен бақыт келмей жүр деп, күн сайын есігімізден кіріп жатқан кішкентай нығметтерді байқамай қаламыз.
Бақыттың бір бөлігі — көбірек иеленуде емес, барды көре алатын жүректе.
Сіз не қосар едіңіз ?
@gulmiraustaz

❤16🔥15
Сынған жеріңнен жарық кіруі мүмкін
Сенің өміріңде ешкім білмейтін жаралар болуы мүмкін.
Күлгеніңмен — ішкі жаныңның ауырғаны,
«Жақсымын» дегеніңмен — түнде жылаған кездерің болған шығар.
Бірақ басыңнан өткен ауырлықты тек қасірет деп қарама.
Мүмкін сол сынақ сені тәкаппарлықтан тазартты.
Мүмкін адамдарды түсінуді үйретті.
Мүмкін дұғаны үйретті.
Мүмкін өзіңді қайта танытты.
Мүмкін Аллаға бұрынғыдан жақындатты.
Жараның болғаны маңызды емес.
Сол жарадан қандай адам болып шыққаның маңызды.
Сынақ сені қатайтып, жүрегіңді тас қылмасын.
Керісінше, тереңдетсін.
Бір күні сен бүгінгі көз жасыңа қарап:
«Осы күндер мені басқа адам етіп қалыптастырған екен» дейтін боласың.

❤28🥰1😁1🎉1
Пайдалы білім тілеу дұғалары. 📚📚📚📚
🌟Білім күні құтты болсын !!!!
🤲🏻«Рабби зидни илмән»Мағынасы: «Иә, Раббым, менің көкірек көзімді ашып, ғылым-білімімді арттыра гөр!» («Таһа» сүресі, 114-аят).
🤲🏻«Аллаһуммә-нфаъни бимә ъалләмтә уә ъәллимни мә йанфәъуни уә зидни ъилмә»Мағынасы: «Уа, Алла! Маған үйреткен іліміңнен пайда бер, маған пайда әкелетін нәрсені үйрет, білімімді арттыра гөр!»
🤲🏻«Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі қабыл болатын амал сұраймын!»
🤲🏻«Раббишрах ли сәдри, уә йәссир ли әмри, уәхлул уқдәтам мил лисәни, яфқаһу қаули»
Алла білім іздеушілердің білім жолын жеңіл етіп, ынта жігерін арттырып, талабына нұр жаудырсын 🤲🏻🤲🏻

❤20🤩1
Кәзіргі қоғамда тренд болып жүрген сөздердің бірнешеуін талдаймыз ! Қызық болса осы каналмен бөлісіп , және пікірлеріңізді білдіріп отырсаңыз 🤲🏻🤍🤍🤍
«Өзіңді жоғалтпа, қадіріңді қорлауға жол берме, зиянды қатынаста қалма».
Бұл — дұрыс ой.
Ал жасырын сіңірілуі мүмкін дүниетаным:
«Ең жоғары құндылық — менің сезімім мен жайлылығым. Мені тыңдамаса — түсіндірмеймін; менен алыстаса — артынан бармаймын; маған бермесе — мен де бермеймін; ішім ашыса — айқайлаймын».
1. «Өзіңді қорлама»
Бұл сөз негізінен Исламға сәйкес.
Ислам адамға зұлымдықты қабылдап, ар-намысын таптатуды бұйырмайды. Алла адам баласын құрметті етіп жаратқан. Әйел де, еркек те қорлауға, кемсітуге, зорлыққа міндетті емес.
Бірақ мұнда бір қауіп бар: қазіргі психологиялық контентте кейде «кішіпейілділік», «кешірім сұрау», «бірінші болып татуласу», «қызмет ету» сияқты ізгі амалдар да «өзіңді төмендету» деп қабылданады.
Шын мәнінде:
• Қорлыққа көну — ізгілік емес.
• Қателігіңді мойындау — қорлану емес.
• Кешірім сұрау — әлсіздік емес.
• Отбасы үшін кейбір қалауыңнан бас тарту — өзіңді жоғалту емес.
• Ал біреудің күнәсін, зорлығын көтере беру — сабыр емес.
Исламдағы қадір — нәпсіні үлкейту емес, Алланың алдында абыройыңды сақтау.
Жалғасы бар …. 🤲🏻

❤15
2. «Кетем деген адамның артынан жүгірме»
Мұнда жартылай шындық бар.
Егер бір адам қайта-қайта қорлап, манипуляция жасап, «кетемін» деп қорқытып, сізді жалындыру арқылы билегісі келсе — оның артынан жүгіріп, өзіңізді таптатпау дұрыс.
Бірақ бұл сөзді барлық қатынасқа қолдану Исламға сәйкес емес. Ерлі-зайыптылар ренжіссе, ата-ана алыстаса, бауырлар араздасса: «Кетті ме — кете берсін» деу дұрыс ұстаным болмайды. Құран ерлі-зайыптылардың арасы ажырауға жақындаса, екі жақтан бітімгер шығарып, татуластыруды ұсынады. Демек, Исламның алғашқы мақсаты — тәкаппарлықпен бұрылып кету емес, мүмкін болса, түзету. «Ниса» сүресі, 4:35
Кейде бір адамның артынан бару — қадірсіздік емес, туыстық байланысты сақтау және нәпсіні жеңу.
Дұрыс нұсқасы:
«Кетемін деп манипуляция жасаған адамның артынан жүгірме. Бірақ түзелуге мүмкіндік бар қатынастан тәкаппарлығың үшін бас тартпа».
Сіз қалай ойлайсыз ?
Жалғасы бар ….

Quran.com
Surah An-Nisa Ayah 35 - Read, Listen, Translation, Tafsir - Quran.com
Surah An-Nisa Ayah 35 - وان خفتم شقاق بينهما فابعثوا حكما من اهله وحكما من اهلها ان يريدا اصلاحا يوفق الله بينهما ان الله كان عليما خبيرا
👍6❤1🤔1
👇🏻Құрандағы бір-ақ дұға арқылы:
👩🏻❤️👨🏻Үйленуге болады
🏡Баспаналы болуға болады
🎯Жұмыс табуға болады
Бұл дұға:
*«Рабби Иннии лимә әнзәлтә иләййә мин хайрин фәқиир✅»*
Мағынасы: «Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да зәрумін!»
Жұмадағы дұға қабыл болсын 🤲🏻🤲🏻

❤28👍4
3. «Тыңдамаса, түсіндірме»
Бұл да абсолютті түрде дұрыс емес.
Адам ашулы кезде тыңдамаса, сол сәтте сөзді тоқтатып, сабасына түскенде сөйлесу — даналық. Бір ойды қайта-қайта дәлелдеп, өзіңді ақтай беру де адамды қажытады.
Бірақ Исламда насихат, түсіндіру, мәміле жасау, ізгі сөзбен еске салу бар. Әсіресе отбасыда «мені бірден тыңдамадың — енді ештеңе айтпаймын» деу эмоционалдық қабырғаға айналады.
Кейбір адам тыңдағысы келмегендіктен емес, сіздің сөзіңізді жеткізу тәсіліңізден жабылуы мүмкін. Сондықтан сұрақ тек:
«Ол мені тыңдады ма?» емес,
«Мен дұрыс уақытта, дұрыс үнмен, дұрыс сөзбен жеткіздім бе?» болуы керек.
Дұрыс нұсқасы:
«Тыңдай алмай тұрған адамға сол сәтте дәлеліңді тықпалама. Бірақ маңызды мәселені үнсіз көміп тастамай, қолайлы уақытта қайта сөйлес».

👍7❤4
Уа, Алла! Бізге сөздің дұрысын ғана емес, оны дұрыс уақытта, көркем мінезбен жеткізуді нәсіп ет. Ашумен айтылған сөзден, үнсіздікпен жазалаудан және түсінуге тырыспай тұрып үкім шығарудан сақта.
Жақындарымызды шын ықыласпен тыңдайтын жүрек, ауыртпай түсіндіретін тіл, сабырмен мәміле жасайтын даналық бере гөр. Артық кеткен жерлерімізді кешір.
Арамыздағы түсініспеушілікті мейіріммен шешіп, жүректерімізді бір-біріне жақындата гөр. Әмин! 🤲🏻
Әумииин 🤲🏻🤲🏻

❤18👍6
Шүкір — проблеманың жоқтығы емес
«Бәрі түзелгенде шүкір етемін» деп күтпе.
Өйткені өмірде бәрі бір мезетте мінсіз болып кететін күн сирек.
Бір мәселе шешіледі — екіншісі келеді.
Сондықтан шүкірді жағдайға байланыстырма.
Шүкір — қиындық жоқ деген сөз емес.
Шүкір — қиындықтың ортасында да қолыңда қалған нығметті көре білу.
Бүгін сенде жоқ нәрсеге ғана қарама.
Тыныстап отырғаныңды көр.
Жаныңдағы адамдарыңды көр.
Таңның қайта атқанын көр.
Тәубе етуге мүмкіндік барын көр.
Дұға жасай алатыныңды көр.
Кейде біз күткен үлкен бақыт келмей жүр деп, күн сайын есігімізден кіріп жатқан кішкентай нығметтерді байқамай қаламыз.
Бақыттың бір бөлігі — көбірек иеленуде емес, барды көре алатын жүректе.
«Бәрі түзелгенде шүкір етемін» деп күтпе.
Өйткені өмірде бәрі бір мезетте мінсіз болып кететін күн сирек.
Бір мәселе шешіледі — екіншісі келеді.
Сондықтан шүкірді жағдайға байланыстырма.
Шүкір — қиындық жоқ деген сөз емес.
Шүкір — қиындықтың ортасында да қолыңда қалған нығметті көре білу.
Бүгін сенде жоқ нәрсеге ғана қарама.
Тыныстап отырғаныңды көр.
Жаныңдағы адамдарыңды көр.
Таңның қайта атқанын көр.
Тәубе етуге мүмкіндік барын көр.
Дұға жасай алатыныңды көр.
Кейде біз күткен үлкен бақыт келмей жүр деп, күн сайын есігімізден кіріп жатқан кішкентай нығметтерді байқамай қаламыз.
Бақыттың бір бөлігі — көбірек иеленуде емес, барды көре алатын жүректе.
❤23
Мен үшін баланың анадан алатын ең үлкен мұраларының бірі — ақша немесе дүние емес.
Ішкі тірек.
«Қиындық келсе де сынбаймын. Қателессем — түзете аламын. Жеңілсем — қайта тұра аламын. Адамдардан көңілім қалса да, Алладан үмітімді үзбеймін» деген ішкі тірек.
Сондықтан кейде аналар менен:
«Баламды қалай тәрбиелеймін?» деп сұрайды.
Мен оларға:
«Балаңызды тәрбиелеумен қатар, балаңыз күн сайын көріп жүрген ананы да тәрбиелеңіз» дегім келеді.
Өйткені ертең бала біздің көптеген ақылымызды ұмытуы мүмкін.
Бірақ анасының қиындықта өзін қалай ұстағанын, әкесіне қалай сөйлегенін, адамдарға қалай қарағанын, Аллаға қалай сүйенгенін — жүрегінде алып қалады.
Сондықтан ананың ең үлкен тәрбиесі — өзінің мінезі, иманы және өмір сүру әдебі.

❤24
Ризығым көбейсін десеңіз:
Хафиз Әбу Мұса әл-Мәдини тізбегімен Сәһл ибн Сағдтан (Алла оған разы болсын) жеткен хабарда:
«Пайғамбарға ﷺ бір адам келіп, өзінің кедейлігі мен өмірінің қиын екенін айтып шағымданды. Сонда Алла Елшісі ﷺ оған былай деді:
“Үйіңе кірерде ішінде біреу болса да, болмаса да сәлем айтып кір. Сосын маған салауат айт. Кейін «Ықылас» сүресін бір рет оқы”.
Осылай істеген соң ол адамның ризық-несібесі молайып, тіпті туыстары мен көршілеріне де көмектесетін хәлге жеткен екен».

🌟🌟🌟 Бес қымбат
«Ең әуел керек нәрсе иман»-деген, «Ақырет iстерiне (ишларына) инан!»- деген! «Құдай кешiрер!»-дегенмен, iс бiтпейдi, «ИМан шартын бiлмесе, есен(ибан)»- деген. «Екiншi керек нәрсе- ғақыл» –деген. «Ғақылсызда таупық жағы (шағы) тақыр!»-деген. «Аз iске ашуланып , дiнiн бұзар, Иманын кәпiрлiкке сатар!ң-деген. «Үшiншi қымбат нәрсе- сабыр!»-деген, «Сабырлысы Мұратын табар!»-деген. «Әр iсте сабырсыздың тәубе-зорлық, Сабырсыздық басқа пәле салар!»-деген. «Төртiншi, қымбат нәрсе шүкiр»-деген, «Нығыметке шүкiрсiздiк-күпiр!»-деген. Жатқан жерден: «Құдай кешiр!»- деген-қорлық, «Себеп iздеп тура жолмен жүгiр!»-деген. «Бесiншi, қымбат нәрсе-әдеп»- деген, Әдепсiзде иман тұру ғажап!»-деген. «Кәпiрлiк- әдептiде тұрмағандай, Әдеп деген Махаббатқа себеп!»-деген.
/Мәшһүр Жүсіп /

❤22