صرم افندي ✍️
4.19K subscribers
205 photos
75 videos
3 files
149 links
📝Пайдалы пост, өнегелі оқиға, сарказм мен мысқылға толы авторлық жазбалар.
Download Telegram
"Анам айтатын: еркектер болмаса, қай-қай дұшпанның күңі болып кетер едік, қай-қай елдің етегіне жабысып, етігін жалап кетер ек; ерлер болмаса, батқан күніңнен, атқан таңыңнан не пайда, ерлер болмаса, тар құрсағың кеңи ме, тас емшегің жіби ме..."


✍️ Оралхан Бөкей, Кербұғы, "Қайдасың, қасқа құлыным"

Қазіргі феминистеу әйелдерге жиі қазақ әдебиетін оқыту керек екен☺️
👍117❤25🔥9😢7👎3👌3
Мүфти хазіретті қолдап пост жазу, тарату мұқым жамағаттың қазіргі міндеті һәм Құдайға қараған иманжүзді блогер біткеннің ісі болмақ.

Закон қуаты қолымда болғанда, Мұхаммеджан ағама кофесін беріп болса да пост жаздырар едім. Астына Хазіретпен түскен селфиін жүктеп.

Әттең, тонның келтесі-ай…

#әпендішілік
👍101😁37❤14👌4🔥3
Ертеде жолбарыс орман ішінде келе жатып есі шығып жүгіріп келе жатқан пілді көреді. Пілді әзер тоқтатып:

- "Сен кімнен қашып келесің? Есің шығып кетіпті ғой. Не болды?" деп жөн сұрайды. Піл ентігіп:

- "Шамаң жетсе сен де қаш! Аң патшасы арыстан бүгін таңертең ормандағы бүкіл керікті (жирафты) құртуға қатысты жарлық шығарды" дейді.

Жолбарыс аң-таң болып:

- "Жарлық керіктерге қатысты екен ғой. Сен керік емессің ғой. Сен піл емессің бе?!"

- "Иә пілмін ғой. Бірақ сол керіктерге қатысты іске жауапты етіп арыстан есекті тағайындады" деген екен…

Ал, сен неге АЭС салуға қарсысың дейсің…?

#саясиәжуа
👍86😁36❤12🔥5🤩3
Қазақ сөзге дана халық қой.

“Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді” - деп қалай тура айтқан, ә?

Марқұм Бауыржан Әлиұлы ұстаздың дүниеден өткеніне екі жылдан асса да, әлі күнге дейін аты да, хаты да жамағат санасында еш ұмытылмады.

Ұстаз көзі тірісінде жазу-сызуға көп көңіл бөлді. Соның бір сыпырасын, көңілге түйген ойларын әлеуметтік желіде “Ойлаймын да” деген атаумен жиі жариялап отыратын. Жарық көрмегені қанша…

Абай Хәкім айтады ғой:

“Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артынс артына сөз қалдырған?!”

Жақында ұстаздың сол асыл сөздері мен маржан ойлары жинақталып, толықтырылып баспадан шығып, оқырманға жол тартты.

Әгәрәки, марқұм ұстаздың рухани дариясынан сусындап, білім қазынасынан бәһра алуды көздесеңіз, “Ойлаймын да” кітабына ойланбай тапсырыс беріңіздер.

Толық ақпарат: +7707 449 5497 (WhatsApp)
👍77❤21😢4
🇸🇦 Новые рейсы в Саудовскую Аравию.

💬 Scat начал летать из Шымкента и Алматы в Джидду и Медину.

Цены и расписание загадка, то что есть на сайте дорого и не совпадает с тем что заявлено.

💬 Flynas (лоукостер из Саудовской Аравии) начнет летать из Алматы в Джидду со 2 октября.

И вот тут ценник ниже чем у АА и Scat, примеры билетов:

Алматы - Джидда - Алматы

223 760тг.
02.10 - 09.10 | https://avs.io/4Z6aU
09.10 - 16.10 | https://avs.io/4Z6cJ
23.10 - 30.10 | https://avs.io/4Z6di

🛩️ Авиабилеты из Казахстана
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤14👍8🤩2
Маған мотивация беріңдерші☺️

Екі аптадан бері мына су жаңа жобамды @qazatrackerbot таныстыруға еш мотивация таппай жүрмін…

Әйтпесе, бұл әлемде еш баламасы жоқ эксклюзивті бот қой🙂

Соны сіздерге әне айтам міне айтам дегелі уже үш апта өтіпті…

Хотя осылай болса да сіздерге бөлісіп қояйыншы дедім☺️
👍71🔥20❤7
Қазірге дейін үлкен-кішілі бірнеше діни жоба жасаппын. Барлығы дерлік коммерциялық мүддеден тыс.

Осы жолы да керемет бір жоба дүниеге келді. Дұрысы жетілдірдік.

Бұ жобаның алдын iOS және Android арналған қосымшасын жасаған едік. Алайда кемшін тұстары бар еді.

Осы жолы сол олқылықтарды толықтырып, қосымшаны telegram-bot нұсқада жасап шығардық. Смартфоныңызға артық приложение жүктеудің енді еш қажеті жоқ.

Qaza tracker - қаза намаздарды есептеуге арналған қолданба. Балиғат жасқа толған сәттен намаз бастағанға дейінгі аралықтағы қаза намаз бен қаза ораза сандарын дәлдікпен есептеп береді. Есептеу кезінде хижри күнтізбеге сүйенеді.

Сонымен қатар мұсылман әйелдердің қаза намазын есептеуде хайз, нифас уақыттарын да ескеріп, сапар намаздарды да есептеу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, алтыншы намаз ретінде үтір намазы да енгізілген. Алла қаласа, жақын арада қаза намаз кітапшасы да жарық көреді.

Бот әзірге екі тілде жұмыс жасайды. Болашақта қосымша бірнеше тілді енгізу жоспарда бар. Ботты төмендегі сілтемеге өтіп тегін һәм еркін қолдансаңыздар болады:

t.me/qazatrackerbot

Репост жасап мен пақырды қолдап қойсаңыздар, мархабат!☺️
👍106❤16🔥7🤔1
🔴 ФИҚҺУС-СИРА КІТАБЫН САТЫП АЛ ДА, ЖАБЫҚ КАНАЛҒА ТЕГІН ТІРКЕЛ!

Қасиетті Мәуліт айында бірден бір оқылуы тиіс кітап - ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ МҮБӘРАК ҒҰМЫРНАМАСЫ болса, ал, сол сира еңбектерінің таңдаулысы - ФИҚҺУС-СИРА (Пайғамбар ﷺ өмірбаянының түсінігі) кітабы.

Жеті жүз беттен асатын еңбек “Мінбер шәһиді” марқұм шейх Рамазан әл-Бутидің есімін ислам әлеміне әуелеткен құнды туынды.

Сіздер дәл осы кітапты сатып ала отыра біздің жабық каналымызға ТЕГІН тіркеле аласыздар.

Бұл каналда эксклюзивті діни кітаптар, бұрын еш жерде жоқ су жаңа еңбектер және канал мүшелері үшін арнайы сатып алған кітаптар болады. Әрі олар ашық каналға шықпайды.

❗️ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА БҰЛ КАНАЛҒА ТІРКЕЛУ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ. ҚАЗІР 0 теңге!

🔺 Кітап + жабық канал бағасы: 3000 тг.

▪️Каспи Голд: +7705363-93-11

▪️Чек жіберу: @mustagan
👍20❤7👎2🥰2
🔥 Тіркелу үшін @mustagan жазыңыз
👍14
Жақында екі күн бойы салқын айран ішіп, одан мұздай лимонадтан сіміріп, соңында ангинам ісіп кетті.

Соны естіген бір танысым:

- Саған ангинаның психосамотикасын оқу керек - дейді.

Қазір осы тема хит болып жатыр екен ғой)
👍60😁40❤14
Alphard-ты неге көбіне сақалдылар айдайды десем, атауы (әл-Фард) арабшаға ұқсайды екен ғой))

Рөлі де оң жақта😅
😁154❤19👍12👎4
Фетхулла Гүлен қайтыс бопты. Иманды болсын🤲
😢110❤28👍6🤯6👌2
Әссәләмуалайкум әпенділерім, қалайсыңдар?🤗
👍61❤8🤩2
صرم افندي ✍️
Фетхулла Гүлен қайтыс бопты. Иманды болсын🤲
Әпенділерім жартысы гүленші ме, не боп кетті?😅
😁71👍8❤4🤔3😢3👎2
Мида алынбас қамалдай көрінетін биіктер болады.

Ал сол биікке өз күшіңмен, жігеріңмен жеткен сәттегі эмоция - өмірдің нақ ләззаты.✊

Пендеден әрекет - Тәңірден берекет🤲
❤101👍37🥰6👌5
“Құдайдың жоқтығына дәлел жоқ” деп қудырған әпендінің есімі білдей бір Пайғамбардың құрметіне қойылған.

Қазақ мұндайда “жаман иттің атын Бөрібасар” қояды деп бір ауыз сөзбен дөп қайырған.

Студент кезде де сондай атеист ағайым болған еді.

Толығырақ мына жерде
❤77👍23😁11
Құдайдың бар екеніне ақыли, нақыли, жанама факттер жеткілікті.

Әрі Құдайдың барлығына әлем мұқтаж, түпкі ой соған тоғысады. Құдай секілді бір иләһи күштің жоқтығы - рухани теңсіздікті, ой тұрақсыздығын тудырады.

Ал, Аяз Атаның бар болғаны не жоқ болғанынан қоғамға келіп кетер еш әсер жоқ, ешкім оған мұқтаж да емес.
👍115❤37👏4
Соңғы үш күнде небәрі 9 сағатқа жетер жетпес ұйықтаған екенмін.

Есесіне үш ай дайындалған үш күнді абыроймен өткізіп, сексенге жуық атыраулық азаматтың өмірінің сәл де болса өзгеруіне, ой-санасының жаңғыруына үлес қостым.

Бұл қара футболкаға қол жеткізу үшін қаншама тер төгіп, қанша энергиямды сарп еттім.
Нағыз қажылық - қажылықтан кейін басталады” демекші, енді осы футболкаға лайық болу аманаты тұр мойында.

Бұдан былай, Мен - “Сырым Әпенді әл-Ханафи әл-Атырауи әс-Сағызи әл-Нарадами әл-Қаһармани әл-Капитани”-мін 🫡
👍72😁21❤18🔥5🤩1
Өтпелі кезеңде (переходной возраст)жүрген жастар бала махаббаттың буына мас болып “онсыз өмір сүре алмайм”, “онсыз өмірдің еш мәні жоқ”, “сенен айырылсам өзіме қол жұмсайм” деп жатады.

Айналайындар-ау, көзі тірісінде ата-анасынан айырылып, бауыр еті баласын өз қолымен жерлеген жандар да нәп-нәрмәлні өмір сүріп жатыр ғой.

Сендердікі не әпендішілік?!

#гүлжанат
😁105👍41❤14🔥2🥰1
Атырауда кешкі 5-те екінті оқимыз ғой..🤯
👍52🤯30❤3🤔1