صرم افندي ✍️
4.21K subscribers
205 photos
75 videos
3 files
149 links
📝Пайдалы пост, өнегелі оқиға, сарказм мен мысқылға толы авторлық жазбалар.
Download Telegram
Имам тарауихта “үтір намазына ниет етеміз” дегенде:

- “Аңсап күткен арманым сеен” - деп әндеткің келеді екен…😂

#әпендішілік
😁55❤17👍3👎2
Сұрашы,
Оразаның сауабының есебін…

Ешкім жауап бермейді…

Себебі,
Шексіздік есептелмейді…🙃
😁44❤22👍5🔥3
Тунис президентінің ашуына тиген Ғұлама

60 жылдай бұрын Рамазан айында Тунис президенті халық алдында ішіп-жейтін боп шешеді. Осылайша Тунис халқын да өзіне еруге шақырмақ болады.

Президент сол кездегі муфти әрі танымал ұстаз Шейх Ибн Ашурға өзінің пайдасына пәтуа шығаруын өтінеді.

Жауап ретінде муфти теледидарға шығып, Құранның мына аятын оқиды:

"Әй, мүміндер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз қылынды. Бәлкім, (жаманшылықтардан арылып) тақуалыққа жетерсіңдер."
(Бақара, 183)

Содан соң Шейх Ибн Ашур президент Хабиб Бургибтің Құранға қарсы келіп, қателесіп жатқанын айтты. Шейх Ибн Ашур осылайша Рамазандағы оразаларын жалғастыра алулары үшін мұсылмандардың пайдасына пәтуа шығарды.

Осыдан кейін Ашур орнынан алынып тасталады.
❤61👍2🔥2
Бір әпенді тарауихта "ахиларға ұқсап қалмайын" деп 10 рәкәттан кейін ғана үйіне қайтып кетеді екен)
😁48❤8👎5
Тарауихты он рәкәт қана оқитын бір әпенді өзін “за то тарауихты 20 рәкәт отырып оқыған адамның сауабын аламын” деп жұбатады екен…🤭
😁17❤6👍5👎3
Пысы. Нәпіл намаздарды отырып оқуға болады. Отырып оқылған намаздың сауабы тұрып оқыған намаздың жартысына тең дейтін хадис бар. Так что күлмеңіздер)
❤24👍12😁2
🌸 ОРАЗАНЫҢ ҮШ ТҮРІ

📝 Ханбали мәзһабының ғұламасы Ибн Қудама әл-Мақдиси айтады:

Оразаның үш түрлі дәрежесі бар:

1. Әдеттегі ораза (саум әл-‘умум);
2. Ерекше ораза (саум әл-хусус);
3. Бірегей (яки өте сирек кездесетін) ораза (саум хусус әл-хусус).


Әдеттегі ораза – ас-су мен жыныстық қатынастан ғана тыйылуың.

Ерекше ораза - әлгінде аталған екеуімен қатар көз, тіл, аяқ, қол секілді барлық дене мүшелеріңді күнә жасаудан тыюың.

Ал (екінің бірінің еншісіне беріле бермейтін) бірегей ораза - бұл жоғарыда аталғандардың барлығын қамти отырып, сонымен бірге жүректі де (саум ал-қалб) күйбең тірлік үшін күйгелектенуден сақтау. Және де жүректі Алладан өзгеге арнамау.

✏"Мухтасар Минхадж әл-Қасыдин"
❤50👍2
Ютуб желісінде Мысыр елінің бір имамы тікелей эфирге шығады. Рамазан айы болғандықтан халықтың да сұрағы оразаға байланысты болды.

“Түкірік жұтсам оразам бұзыла ма?”
“Ауызашарда қандай тамақтар жеген дұрыс”
“Сәресіге тұрмасам не болады?” деген сияқты жыл сайын қойылатын дәстүрлі сұрақтар қатар-қатар қойылады. Бір уақытта тікелей эфирге кішкентай бала қоңырау шалып:
- Менің сұрағым әлсіздеу болса кешірім сұраймын. Білгім келгені адам шаң жұтса ораза бұзыла ма?-деді
- Енді шаң-тозаң ауаның құрамында болады ғой оған бола ораза бұзылмайды
- Біздің елде күн сайын жарылыс боп жатыр.
“Аузымызға шаң-топырақтың дәмі келеді, соны білгім келген еді” дегенде, Имам тікелей эфирде өксіп жылайды.

Оразаны тыныш, бейбіт елде ұстауды нәсіп еткен Аллаға шүкір. Сәресіге автоматтың даусымен емес, будильниктің даусымен оянған Қазақ елі, тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!
❤141👍15🔥8
📝 Рамазан айында Алла Елшісі (салла аллаһу ғалайһи уә сәлләм) ерекше ыждаһаттылық танытқан төрт құлшылық:

🌒 Түнгі намаздарды атқару;
📖 Құран оқу;
💵 Садақа беру;
🕌 Соңғы он күнде иғтикафқа отыру;
❤48👍8
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌙 RAMADAN QUIZ – бұл жай ғана ойын емес. Бұл білім, бәсеке және Рамазан рухын сезіну!🔥

Рамазан айында жамағат жиналады. Бірақ бұл жолы жай отырып тыңдамайсың 😉
Ойнайсың. Ойланасың. Жарысасың. 💥

Ramadan Quiz – оразаға қатысты діни, интеллектуалдық және логикалық сұрақтардан құралған ерекше форматтағы ойын 🧠✨

Бұл жерде:
– Тек жаттанды білім емес ❌
– Логика керек 🧩
– Ойлау жылдамдығы керек ⚡
– Командалық рух сыналады 🤝🔥

Ойын діни мамандарға да, қарапайым жамағатқа да лайық жасалған 🙌
Яғни “тек ұстаздар ғана жауап береді” деген жоқ. Әркім өз деңгейінде қатыса алады 👍

👥 Қатысушылар санына шектеу жоқ.
Топқа бөлініп ойнауға болады.
Атмосфера? Нағыз жарыс! 🎯🔥

Егер Рамазанда жамағатқа сапалы, пайдалы әрі есте қалатын формат ұйымдастырғыңыз келсе — бұл дайын шешім ✅

Рамазан тек ауыз бекіту емес 🤲
Рамазан — білім📚
Рамазан — ойлану 💭
Рамазан — бірлік 🤍

Ал бұл Quiz — соның бәрін бір форматқа жинаған күшті құрал 🚀

☪️ Толық ақпарат: 87755575992
❤6🔥4👍1
⚡ ҚАДІР ТҮНІНІҢ 8 БЕЛГІСІ
⠀
Қасиетті айдың соңғы он күндігіндеміз. Бұл он күндікте әжірі мың айға пара-пар Қадір түні жасырынған. Алла Елшісі (салла аллаһу ғалайһи уә саллам) Қадір түнін соңғы он күннің тақ түндерінен іздеуге нұсқаған.
⠀
Бүгін Қадір түні болуы мүмкін ең ықтимал түндеміз. Осы орайда, Қадір түні болуы мүмкін түннің белгілері жайлы құнды хадиспен бөлісуді жөн көрдік.
⠀
📍 Сахаба Ғубада ибн ас-Самит (радиаллаһу әнһ) Алла Елшісінен (салла Аллаһу ғалайһи уә саллам) Қадір түнінің мынадай белгілерін жеткізеді:
⠀
🔹️ Қадір түні Рамазан айының соңғы он күндігінің тақ түндерінің біріне (21,23,25,27,29) сәйкес келеді;
⠀
🔹️ Түн нұрлы әрі тынық болады;
⠀
🔹️ Салқын немесе жылы болмайды;

⠀
🔹️ Ай ашық болады;
⠀
🔹️ Жұлдыз ақпайды (шайтандар атқыланбайды)
⠀
🔹️ Аспан бұлтсыз болады;

⠀
🔹️ Күн таңертең ұясынан аппақ және сәулесі шағылыспаған хәлде толған ай секілді шығады;
⠀
ℹ Бұл хадисті имам Ахмад ибн Ханбал “Муснад” (5/324) кітабында келтіреді. Хафиз ибн Хажар әл-Хайсами “Мәжмәуз-зауаид”-та жеткізушілері сенімді десе, Ибн Касир “хасан”, яғни, жақсы хадис деп бағалаған.
⠀
Сондай-ақ хадистің кей бөлігін Ибн Хузайма Абдулла ибн Аббастан (радиаллаһу әнһумә) жеткізіп, “сахих” деп бағалаған (Сахих ибн Хузайма, 2192)
⠀
🔸️ Теңіз суы тәтті болады;
⠀
Кейбір сәләфтар мен әулие ғұламалар Қадір түні теңіз суының тәтті болатынын байқаған.
⠀
Алла Тағала берекелі түні қылған құлшылықтарымызды қабыл етсін!

Фокусты белгілерге емес, құлшылықтарға қойғанымыз жөн😊
❤26👍6
Бүгін біраз тарауихта “караоке” болады-ау…😅

#әпендішілік
😁37❤7👎6
Тарауихта таныс параны оқыса, нешінші рәкәт, қашан бітеді деп уайымдайды екенсің…😅

#әпендішілік
❤33😁9
Байқайсыздар ма, Қадір түнгі тарауих жеңіл болады-ей…)
❤40😁14
Ғұламалардың айтуынша, қайсыбір жылдары Қадір түні 10 жыл қатарынан Рамазанның 29-ына қараған түнде сезілген екен. Сондықтан босаңсымаймыз…

✍️ ұстаз Асқар Әкімхан ФБ-дағы жазбасынан
❤47👍11
​​📣 Ораза айт намазына байланысты білу керек БЕС НӘРСЕ
 
1️⃣ Айт намазының алдында нәпіл намаз оқылмайды.
 
«Алла елшісі айт намазының алдында ешқандай намаз оқымаушы еді. Ал үйіне оралғанда екі рәкағат намаз оқитын» («Сунан Ибн Мажа»: 1/410)
 
2️⃣ Айт намазының қазасы оқылмайды. Оның орнына төрт рәкәт нәпіл намаз оқу ұнамды саналады.

«Кім айт намазын өткізіп алса, төрт рәкағат оқысын»  (әл-Һайсәми. «Мажмағ-аз- Зауааид»: 2/442)

3️⃣ Ораза айт күні таңда ауыз бекітілмейді. Ораза айт намазына үйден дәм ауыз тиіп шығу, құрма жеу сүннет саналады.

«Алланың елшісі ораза айтында бірнеше тал құрма жемейінше үйден шықпайтын» («Сахих әл-Бухари»: 2/17)

«Пайғамбар ораза айтында үйден дәм ауыз тимей шықпайтын. Ал құрбан айтында намаз оқымайынша тамақтанбайтын» («Сунан ат-Тирмизи»: 2/426)

4️⃣ Айт намазына дейін пітір садақасын беріп үлгеруі тиіс.

«Алла Елшісі пітір садақасын айт намазына дейінберілуін бұйырды» («Сахих әл-Бухари»: 3/570)

«Кім оны намаздан бұрын төлесе, онда ол – пітір садақасы. Ал кімнамаздан кейін төлесе, онда ол – жай садақалардың бірі» («Сунан Әби Дәуд»: 2/25)
 
5️⃣ Егер айт намазында дәрет бұзылса және дәрет алып келгенге дейін намаз аяқталып қою қаупі болса, таяммум алып жалғастыруға болады.
 
«Жаназа намазын өткізіп алудан қорықсаң және дәретсіз болсаң, таяммум алып оқы» («Нусб ар-Рооя ли Әхаадиис әл-Һидая»: 1/158.)
 
⁉️ Ескерту: Жаназа және айт намаздары үкім жағынан бір-бірімен ұқсас. Бұл намаздардың қазасы өтелмейді.
❤20👍4
Айт мүбәрак, еfendilerim…🥳🥳
🥰18❤9👏6
“Кімде-кім Рамазан айына құлшылық жасайтын болса Рамазан бітті, кетті. Ал, кімде-кім Аллаға құлшылық жасайтын болса Алла мәңгі тірі, ешқашан жоқ болмайды.

Құрметті бауырлар!

Раббысын тек қана ораза айында танитын Оразбай мен Оразгүлдерден немесе оразаның сауабынан да мақрұм болған, тек айт намазына ғана келетін Айтбайлар мен Айтгүлдерден болмайық. Аллаға құлшылық қылу сезонный (науқандық) іс емес..!”

✍🏼 ұстаз Ерсін Әміре
❤64👍8