صرم افندي ✍️
4.2K subscribers
205 photos
75 videos
3 files
149 links
📝Пайдалы пост, өнегелі оқиға, сарказм мен мысқылға толы авторлық жазбалар.
Download Telegram
Санжар көкем “Дербісәлі және діни майдан” деген кітап шығарса деп қиялдап отырмын көфеленген күйі…

#әпендішілік
😁62❤8👍7
Атақты адаммен суретке түсудің үш пайдасы бар екен:

1) Туған күнін әлжеліде құттықтау үшін;
2) Жаңа қызметке өскенде, марапат алғанда құттықтау үшін
3) Өлгенде қайғырып статус/сторис салу үшін;

#әпендішілік
😁75❤11👍6👎4
Мұсылманмын дегенің —
Тек намазбен өлшенбес,
Адал жүрек, таза ойың —
Нағыз Иман білсең кеш!

✍️Мәшһүр Жүсіп
❤67👍19🔥3
Имануэлла - иманды әрі пошлая ухтишка

#жаңасөз
😁98👎59❤4👏4
ахитация - сәләфилік үгіт-насихат

#жаңасөз
😁62👍3❤2
Молдат - әскерге барған имам

#жаңасөз
😁78👍7❤3👎3👏2
Әпендішілік…
😁72❤9
360 градусқа өзгергім кеп жүр…

#әпендішілік
😁48❤9👍3👎3
Ахиватор - әрдайым уағыз айтып, жамағатқа діни мотивация беріп жүретін намазхан

#жаңасөз
❤39😁19👍7
Құрбан айт келсе қойдың бағасын көтереміз.
Гай келсе, аптечка мен огнетушитель құнын айқайлатамыз.
Ковид келсе маска мен парацетомолды қымбаттатамыз.

“Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының… себебі - …. төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан…” деп Абай қалай дөп айтқан дерсің…
👍88❤51
Тағы бір блогер орамалын шешіпті…😢

Елде бір түсініксіз құбылыс жүріп жатыр. Бағамдай алар емеспін…
👎39❤25👏1
Абыздығым бекер емес қой…🤗
😁23🥰6❤1
Үш әйелімен желіні шулатқан ахижан ӘҚБТК 456-2 бабының 3.1 тармағы бойынша хаттама толтырылыпты. Бұл тармақта 20 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделген.
👎31❤7
“Орамалды қызбен танысу - акиматқа жұмысқа кіру сияқты. Тек таныс арқылы” - депті бір әпенді Тіредсте…😅

#әпендішілік
😁103❤6🔥3
Ескі жұмыстас келіншек бар. Жолдасымен ұзақ жылғы некеден соң белгілі бір себептерге байланысты ортада бала барына қарамастан ажырасып кетті. Сол келіншік кейін жалғыз өзі жүріп жақсы ЖК-дан пәтер алды. Жақында марафонда жүздесіп қалдық, жүгірумен тұрақты айналысып жүр екен. Диета ұстап, бір пұттай арықтапты, қаладағы мен деген фитнес залға барады екен. Оған қоса, тәніне тату салдыруды да ұмытпапты. Общым, апым бақытты да табысты өмірге бет бұрған екен.

Қоштасып бара жатып “көп табысты әйелдің артында ажырасқан еркек тұрады” деген тәмсілімді іштей еріксіз қайталадым…

#әпендішілік
😁49👍25❤13👏3👎1
Hanafi.kz сайтын жүргізіп жүрген кезімде танымал бір шейхтың “Мен қалай ханафит болдым?” деген ұзын көлемді мақаласын қазақ тіліне аудардық. Мақаланың постерін атыраулық бір танымал дизайнерге жасаттым.

Қызығы сол дизайнер ярий ахи болып кетті кейін…😬😬😬

Бүгін тредсте әлдебіреуді боқтап отырғанын көріп қалып, осы оқиға есіме түскені…🥲
❤23🔥6👍3🥰3
Жәннатқа кірсем, иншалла Человек Паук сияқты фык-фык етіп ұшсам ба деп отырмын. Бір хор қызын құшағыма қысып алып…😅🤪

#әпендішілік
😁62👍5❤4
“Абайды Абай қылған Құнанбай” деген пікірге бес тиынымды қыстырғым кеп отыр☺️

Хәкім Абай 41 қара сөзінде былай дейді:

“Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек.

Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек…
Екінші - ол адам есепсіз бай боларға керек.”

Қажы Құнанбайда екеуі де болған еді. Ыбырайды Ыбырай қылған Балқожа би-тұғын. Шоқанның арғы атасы алты алашты билеген Абылай хан. Мағжанның әулеті ауқатты кісілер болған. Әлихан да қара тұяқ емес еді.…

Әлбетте қарадан шыққан да тұлғалар жетерлік. Бірақ байлық пен шенді дұрыс жұмсай білсе, Абай болмаса да Абай тектсес тұлғалар өсер еді…

Әй, бірақ қазір ол форумала жұмыс жасай ма екен?🤔

Оданша, Құнанбай болмаса да Бекболат ағамдыкі сияқты артыңды тірейтін бір дөкейің болса ғой, смело сөйлейтін…🤭
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁50❤15👍8