صرم افندي ✍️
4.2K subscribers
205 photos
75 videos
3 files
149 links
📝Пайдалы пост, өнегелі оқиға, сарказм мен мысқылға толы авторлық жазбалар.
Download Telegram
СӘЛӘФИЗМ 🟰 КОУЧИЗМ

Бізде талай сәләфилікті насихаттаған уағызшылар болды, әлі де бар. Олардың ешбірі ашық түрде Сирияға шақырмады, жиһадқа үндемеді. Бірақ елде теракт жасап, шетел асқан сектанттардың дені солардың уағыздармен сусындаған еді.

Себебі адамды белгілі бір әрекетке итермелеу үшін міндетті түрде «бар, жаса» деп ашық бұйрық берудің қажеті жоқ. Үнемі қайталанған уағыз, белгілі бір құндылықтарды дәріптеу, қоғамның бір бөлігін «адасқан», «діннен алыс», «бізден емес» деп көрсету адам санасына біртіндеп әсер етуі мүмкін. Ал сол дүниетаным радикалдануға бейім адамда кейін әлдеқайда радикалды шешімдерге жол ашуы ықтимал.

Бұл жерде маңызды бір нәрсе бар: сәләфилік уағыз тыңдағандардың бәрі жиһадқа кеткен жоқ. Бірақ сол уағыздарды тыңдаған адамдардың арасынан кейін радикал жолға түскендер болды. Демек, мәселе тек «ол ашық түрде жиһадқа шақырды ма, жоқ па?» деген сұрақпен шектелмейді. Оның тұрақты түрде қандай ой қалыптастырғанына да қарау керек.

Қазір әлеуметтік желіде қитұрқы пікірлерімен, әсіресе отбасы тақырыбында острый ұстанымдарымен танылған тұлғалар бар. Олардың ерермендеріне сүйенсек, ОЛ әрдайым әлсіздердің құқығын қорғаушы, ешкімді ашық түрде ажырасуға шақырмайды және т.б.

Рас, бір-екі рет тыңдаған адамға дәл солай көрінуі мүмкін.

Ал тұрақты тыңдарманға, әсіресе отбасылық өмірінде қиындықтары бар, жұбайымен қарым-қатынасы күрделі адамға бұл контент мүлде басқаша әсер етуі мүмкін. Бір мәселеге үнемі бір ғана қырынан қарау, жұбайының әр әрекетін белгілі бір негативті сүзгіге салу, өз басынан өтіп жатқан қиындықтарды сол адамның түсіндіру үлгісі арқылы бағалау - ақырында адамның көзқарасын біртіндеп өзгертуі ықтимал.

Яғни мұнда да «ажырас!» деген тікелей үндеу жоқ. Бірақ, ажырасу туралы ойға жетелейтін дүниетаным ұсынылуы мүмкін. Әсіресе осындай контентті күн сайын, ұзақ уақыт бойы тұтынатын және өмірінде дәл сол проблема бар адам үшін.

Бұл, әрине, «осы коучты тыңдағанның бәрі ажырасады» деген сөз емес. Сәләфилік уағыз тыңдағандардың бәрі жиһадқа кетпегені сияқты, ОНЫ көргендердің бәрі де ажыраспайды.

Бірақ «ол ешкімді ашық түрде ажырасуға шақырмайды ғой» деген уәждің өзі жеткіліксіз.

Өйткені адамның санасына әсер ету үшін міндетті түрде тікелей бұйрық беру қажет емес. Кейде адамның белгілі бір жағдайды қалай түсіндіретінін, қандай шешімді қалыпты деп қабылдайтынын өзгерту әлдеқайда маңызды.

Сондықтан мұндай тұлғаларды бағалағанда тек «не деді?» деген сұрақпен шектелмей, «үнемі не туралы айтады?», «қандай көзқарасты қалыптастырады?», «оның контентін ұзақ уақыт тұтынған адам мәселені қандай қырынан көре бастайды?» деген сұрақтарды да қойған жөн...

Адамға есікті ашып берудің қажеті жоқ, кейде тек сол есіктің бар екенін қайта-қайта көрсетсең болғаны...
🔥50👍24❤22👏5👎2
Өнім, тамақ жайлы “100% ХАЛАЛ” деп жазатындар “95% халал” дейтін жоқ екенін біле ме екен..?)))
😁56❤11👍4👏1
Мешіті жоқ ауыл көп. Ауылы жоқ мешіттер де бар…
❤46👍14👏3
Ауруханада жатқан танысың оқуға кітап сұрағанда “Ақырет өткелдерін” апарып берсең қате бола ма екен..?🤭

#әпендішілік
😁43❤6👍2