صرم افندي ✍️
4.2K subscribers
205 photos
75 videos
3 files
149 links
📝Пайдалы пост, өнегелі оқиға, сарказм мен мысқылға толы авторлық жазбалар.
Download Telegram
Менің “бәдірлік” бауырым, Атырау қалалық “әт-Тақуа” мешітінің бас имамы Қанағат Мүслім шейх фықһ дәрістерін бастағалы жатыр.

Дәрістерді төмендегі каналда тыңдай аласыздар. Сілтеме арқылы тіркеліп, фықһи сауаттарыңызды шыңдай отырыңыздар🤗

https://t.me/attaquamedia
👍40
Қайбір өнімді “табиғи, халал” деп жарнамалай бастаса, қашатын болыппын…
👍56😢11🤔6❤1
⚡️ Шүкір, қазақтың маңдайына біткен ғұлама-қапыздар көбейіп келеді. Соның бірегейі һәм төбесі - Еркінбек Шоқай ұстаз. Қазақтан шыққан алғашқы жеті қырағат иесі.

Он жыл бұрын ұстаз Атырауда қызметте болғанда, алдынан Құран дәрісін алу нәсіп болғаны бар.

Мемқызметте жүріп, мешітке дәріс беру оңай шаруа емес. Соған қарамастан, ұстаз аптасына екі күн дәріс өткізетін. Сол кезде Фатиха сүресін сауатты тапсыра алмай, сүрінген едім…

Қазір ұстаз Алматыда Төле би мешітінде Тәжуидтен сабақ беруде. Видео дәрістерін Ютубқа жоғары сапада жүктеп жатыр екен. Бірақ өкінішке орай, көрілімі аздау екен.

Мойындау керек, ТОП ұстаздардың дені тәжуидтен сабақ беруге, тікелей айтқанда, арланады. Бергісі келмейді.

Ал, Еркінбек ұстаздың ондай жалған ұят пен сасық намысты жинап қойып, шәкірттер шыңдап жатқанына, ессіз сүйсіндім.

Бұл жай ғана Тәжуид емес, ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН ТӘЖУИД ДӘРІСТЕРІ.

Жоғарыдағы сілтеме арқылы өтіп, Тәжуид дәрістерін қарай жүріңіздер дегім келеді.
❤129👍35🔥4
Астана Бас имамына жала жапқан таксистке 700 мың теңге айыппұл салыпты сот…

Сауап па, сабақ па..?
❤65👍30🔥11
Қандай жақсы діни каналдар бар?

Жекелеген ұстаз, талиб парақшасы емес…
👍27❤4
Гардеробқа +1 (жауапкершілігі мен салмағы зор) қара футболка🤗
👍37❤5🔥4👌2
Әпенділіктен абыздыққа (бір қадам) ☺️

Ми мен жүректі шайқаған төрт күндік Кемеңгер тренингін абыроймен аяқтадым🤗

Гардеробқа тағы бір жейде🤭
👍49❤8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Рамазан мүбәрак, әпенділерім!

Қасиетті айдың берекелі уақыттарын бос нәрсе мен арзан дүниелерге тәрк етпей, құлшылық пен һәм үмітпен өткізулеріңе тілектеспін..🤗
🔥42❤12😁11👍9👎1
“Құранда Еркек деген сүре жоқ, бірақ Әйелдер деген сүре бар” деп уағыз айтатын молдекелер Құранда “Сиыр”, “Құмырсқа”, “Өрмекші” деп аталатын сүрелер барын ұмытпайық..🤭

#әпендішілік
😁83👎28❤9👍7🤔2
Мына жобаға тіркеліп, тарата жүріңіздер, әпенділерім 🤗

@orazabot
👍33❤5👏3😢1
- Уа, Әпендім, ауызды немен ашқан дұрыс:

- Құрмамен әлде сумен?

- Әйеліңмен…

#әпендішілік
😁84👍21❤9🤔7
Сұрашы, Оразаның сауабының өлшемін,

Ешкім жауап бермейді…

Себебі, шексіздік есептелмейді…😍
_________

Найнтиуандаулау ма?😂 #әпендішілік
😁102❤22👍11🤩3
Сіздерді де ауызашарда “бірінші тамақ ішіп алсам ба әлде ақшам оқып алайын ба?” деген ой мазалай ма..?🤗

#әпендішілік
👍60😁37❤10🤯2😢1
Имам Әбу Ханифа (Алла рақым етсін) қырық жыл құптанның дәретімен таң намазын оқығаны тарихта бар.

Бүгін жұманың дәретімен ақшам оқыдым.

Сіздің ұзақ дәретіңіз қандай?🤗

#әпендішілік
❤63😁30👍23👌1