2020ж-дан бергілер ренжімесін. 2012-2017жж намаз бастаған жандар - (көбі) нағыз діннің қаймақтары. Одан кейін “воздух”-тар көбейіп кетті…
😁73👍32❤20👎5
Шаханов атамыз айтады ғой:
Байқаймысың,
Байқаймысың ,мына ғажап тамашаны,
Бір адамға байланысты бір адамның болашағы,
Байыппенен,көз жібертсен асау жылдар өрісіне,
Бір адамға байланысты, бір адамның жеңісі де!
Әгәрәки, Глазгодағы ойында Заруцкий жарақат алмағанда, Темірланның тамаша өнерін көрмес те, бұлай тамсанбас па да едік, кім біледі...?
Қарымта ойында Сәтпаевтың сары қағазы, Заруцкийдің жарақаты барша жанкүйерлердің жанын жабырқатқаны рас. Осындай да, Құдай Тағаланың "Тегінде, сендерге ұнамайтын кей нәрседе өздерің үшін қайыр болуы мүмкін. Сендер білмейсіңдер. Алла біледі" - деген аяты еріксіз ойға түседі...

❤111👍30🥰5
Қаныш атам айтады:
Ғылым ұлтқа бөлінбейді. Оның жетістігі барша адамзатқа тиесілі.
Біздегі кейбір дауылбаевтарға “ғылымның дінге де бөлінбейтінін” қалай ұғындырсақ болады..?!

🔥64❤36😁8
Бір күні Платон шәкірттерінің бірін құмар ойнап отырған жерінен ұстап алады. Ашуланып оған ұрса бастайды.
Шәкірті өзін ақтап:
«Ұстазым, бірақ мен тек азғантай ақшаға ғана ойнап отыр едім», – дейді.
Сонда Платон:
«Мен саған жоғалтқан ақшаң үшін емес, жоғалтқан уақытың үшін ашуланып тұрмын.» - деген екен…

❤79👏18🔥7👍6
Бір Құдай - бір дін - бір пайғамбар - бір мәзһаб - бір мүфтият
Діни тұрғыда тура жолдан ауытқымаудың ең оптималды нұсқасы сияқты…🙂
Қалай ойлайсыздар?

👍74❤33👎1
“Ойлаш”-тан гөрі марқұм Бауыржан ұстаздың “Ойлаймын да”-сы көбірек өтеді екен маған…
❤143👍30🥰5
Балаларына ЛҰТ, ҺУД пайғамбардың есімдерін бергендер бар ма? Менің еститінім көбіне Мұхаммед, Ибраһим, Иса, Мұса, Юсуф т.б
❤72👏11😁5👎3
Біздер, намазхандарды айтам, екі бұттың арасынан миллиондап ақша жасаған жалғыз қауым шығармыз. Сақалды еркектері витаман, орамалды қыздары интим курс сатқан жұртқа айналдық. Енді хайз темасы қосылды. Қашан белден жоғары көтерілер екенбіз, ә..?
Бір кем дүние…
Бір кем дүние…
❤62👍51👎27🔥10
Біз тәңіршілер анадай, атеисттер мынадай деп сынаймыз ғой. Бірақ соларға дайын материалды кейде өзіміз тауып береміз.
Мысалы, бір ұстаз ютубта отырып “әлдебір сахаба пайғамбардың зәрін ішкен” деп айта салады. Бір ұстаз кеп “мерседесті молдалар ойлап тапқан” деп жерден жеті қоян тапқандай болады. Бір молда шығып “шеше - балаларын тастап кеткен әйел” дей салады. Енді бір еркек кеп “әйелдерге менструациядан діни дәріс берем” дейді.
Білмейм, егер мен діннен тыс адам болсам “бүйткен дінінен, мыналар адам болмайды,” дер едім. Себебі, мұндай дүниелерді мұсылман түгіл сау ақыл көтермейді.
Ал, біз дін дұшпандарына өзіміз клиент тауып беріп, дінннен алыс қауымға исламды құбыжық қып көрсетуге сеп боп жатқанымызды түсіне алар емеспіз…

❤81👍59👎25
Қалай ойлайсыздар? Мысалы бір намазхан ер адам әйелдердің іш киімін сатса, қалай қабылдайсыздар? Мен өзім қарсымын. Тіпті, әйеліме де ондай сатушыдан сауда жасауын да қаламаймын.
Егер әлгі сатушы "ойбай, ахи, менің он жылдық тәжірибем бар, мен іш киім қыр-сырын білем, мен сияқты әйел сатушы жоқ" десе де, мен қабылдамас едім.
Біз қазір де осыған ұқсас ситуациямен соқтығысып жатырмыз. Егер осы темпте кете берсек, "Исламдағы төсек әдебі"-ін үйрететін коуч-молдаларға да жолығуымыз бек мүмкін...
#ашынғаннаншығадыащыдаусым

👍68👎28❤8😁8🔥5
Түріктің танымал жазушысы Әзиз Несиннің "әлемдегі ең табысты сауда - дін саудасы" дегені бар. Қазір осы сөзді шындыққа айналып келеді, өзіміз де үлес қосудан кенде емеспіз.
Біреу Қағбадан дұға сатады, біреу азан үйретуді сатады, біреу дұға етуді сатады, тіпті біреуі супер дұға сатады. Тізбек осылай жалғасуда. Бара-бара дәрет алуды да курс қып сатамыз, бұйырса. Бірақ ол кезде оларға ренжудің еш мәні қалмайды.

🔥45👍30❤7👎4
Енді дұға сататын блогерлерге еш өкпелей алмаймыз. "Неқоя, тек дипломированныйлар ғана сату керек па не?" десе, біттік, облом боламыз...🫣
😁53❤14👎9
Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы
Деймін да! Дін бизнеске айналып бара жатыр. Өкінішке орай асыл дініміздегі "сауап үшін" деген ұғым ақырындап құнын жоғалтып бара жатыр. Оның орнын "ақша үшін", "табыс үшін", "нәпақа үшін", "атақ үшін", "даңқ үшін" деген ұғымдар басуда. Байқасаңыздар, дін…
Менің де шырылдайтыным осы ғой...
Құлшылық бизнеске айналып, аят-хадис жарнамалық текст болып кеткелі қашан...😐

❤33🔥8👎2👍1
ЖҰМАҚТАН ЖЕР САТАМЫН..!
Ертеде бір дәруіш қала аралап жүрсе, бір жерде қырғын кезек боп жатқанын көріпті. Жақындап кеп "уа, халайық, бұл ненің кезегі?" деп сұраса, біреу тұрып "жұмақтан жер сатып алып жатырмыз" дейтін көрінеді.
"Әәә, онда мен кезексіз кірейін, тозақ алғалы келіп ем" деп кимелеп, ішке кезексіз кіріп кетіпті.
Кірсе ортада сала құлаш сәлде ораған шаламолда надан тобырға жұмақтан "орынды" оңды-солды сатып жатыр екен.
Дәруіш ойланбастан Тозақты тұтастай сатып алатынын айтыпты. Таза топастың өз аяғымен келгеніне қуанып кеткен шала молда аузына түскен бағаны айтып, "Тозаақты жеті есігімен бірге он мың ділдаға сатамын!" дейді.
"Әңгімес жоқ, тек Тозақтың менікі екенін растайтын қолхат жазып, төрт куәмен растап беріңіз" дейді, дәруіш...
Шаламолда лезде мүридтерін жинап, Тозақты тұтасымен әлгі "ақымақ" дәруішке тиесілі екенін растайтын қолхат жазып береді.
Содан қызық...
Қолында "Тозақтың қожайыны" деген қағазы бар дәруіш далаға шығады да қырғын кезекте итше ырылдасып тұрған надан тобырға қарап:
"Уа, Жұмақ іздеген жамағат! Міне, мен жаңа ғана Тозақты тұтастай жеті есігімен жеті қабатымен бірге сатып алдым! Бұл Тозақ Менікі! Мен ешбіріңді Тозаққа қабылдамаймын! Так что, енді сендерді қаласа да, қаламаса да Жұмаққа кіргізеді" деп айғайлайды.
Сол-ақ екен, әлі Жұмақтан орын алып үлгермегендер қуанып, мәз болған күйде тарай бастайды.
Ал, қарайған ақшаға Жұмақтан орын сатып алғандар у-шу болып, арамза молданың жағасынан алып, "дереу ақшамызды қайтар" деп айғайға басады.
Мәселенің ушығып бара жатқанын сезе қойған шала молда "Тозақ иесінен" манағы "қолхатты" қайтарып беруін өтінеді.
Дәруіш: "Ойбай, аулақ, сатпаймын! Өзіме керек, төрт әйелім, туыс-туғаныммен өзіміз ғана тұрамыз деп сатып алғам" деп шалқаяды әлгі жерде..
Екі оттың ортасында қалған арамзаның дымы құриды. "Тозақ Иесін" қолтығынан оңашаға икемдеп, Тозақты қайта сатып алғысы келетінін айтады сыбырлап...
Дәл осы сәтті күткен дәруіш арамзаға Тозақты миллион динарға кері сатыпты деседі...
ТҮЙІН: Өзіңнен де ақылды адамдар барын ешқашан ұмытпа!

🔥63❤27😁12👍7
💡 "Адал деген қазаннан кейде доңыздың басы шығады"
Бір күні жұмыстан үйіне келген бір кісі, үйде әйелін жылап отырған жерінен көреді де, жылауының себебін сұрайды.
Әйелі:
– Үйіміздің алдындағы ағашқа қонған құстар мені орамалсыз көруі мүмкін. Бұл ісім Алла алдында күнә болар деп ойладым, соған жылап отырмын, – дейді.
Ер адам әйелінің Алладан қорқатын тақуалығына қатты сүйсініп, оны құшағына алып, маңдайынан сүйіп, құрал-сайманын алып, әйелін мазалаған құстар қонатын ағашты тамырымен қопарып тастайды.
Күндер өтіп жатады. Ер адам белгілі уақытта жұмысқа барып, белгілі уақытта қайтатын. Бір күні жұмыста күтпеген ақау болып, ол үйге ертерек оралады. Ешкімге сездірмей есікті ашып, әйеліне тосын сый жасағысы келіп, үйге кіргенде… үш ұйықтаса түсіне кірмеген масқара көрініске куә болады.
Құстардың өзін орамалсыз көруін арға дақ деп санаған әйелі мұның ақ төсегінде ойнасымен "ойнап" жатыр екен..
Бұл өз көзіне өзі сене алмай аңырып қалады да, аздан соң есін жиып, әйелі мен оның ойнасына білдірмей, өзіне қажетті затын жинап алып, үнсіз шығып басы ауған жағына кете барады.
Ұзақ жол жүріп, ақыры бір қалың халық жиналған жерге келеді. Жиналған жұрт абыр-сабыр, түсініксіз бір гуілдеп жатыр екен. Ол біреуден не болып жатқанын сұрайды.
Сөйтсе патшалықтың қазынасы ұрланыпты. Ұры табылмайынша, патша барлық халықты сарайдың алдына жинап ұстауға бұйрық беріпті.
Сол көпшіліктің арасынан оның назарын аяғының ұшымен ақырын басып келе жатқан бір кісі аударады. Мынаның қылығына таң қалған жігіт, "Бұл кім?" - деп, жұрттан сұрайды.
Олар:
– Бұл – осы патшалықтың ең тақуа, ең діндар адамы. Ол табанын толық басса, байқаусызда құмырсқа басып кетем бе деп қорқады. Сондықтан Алладан қорқып, осылай жүріп келеді, – дейді.
Сол сәтте әлгі ер адам:
– Уа, халық! Мен ұрыны таптым! Мені патшаға апарыңдар! - деп, айқайлап жібереді.
Оны патшаға алып барады. Ол патшаға:
– Қазынаны ұрлаған осы мынау діндар. Егер ол емес болса, менің басымды кесіңдер, – дейді.
Патшаның алдына әлгі діндарды адамды алып келеді. Қысқа ғана тергеуден кейін, шынында қазынаны өзі ұрлағанын мойындайды.
Бірақ патшаның көкейінде сұрақ қалады...
– Сен бұрын-соңды көрмеген бұл кісінің ұры екенін қайдан білдің? – дейді патша.
Біздің кейіпкер:
– Уа, тақсыр! Ізгілік істеп, сауап алғысы келген кейбіреулер, Алладан қорқу сезімін асыра көрсетеді. Бірақ ол – шын тақуалық емес. Сол «асыра қорқуымен» өзге бір күнәсін, айыбын тұмшалап жүреді! - деп жауап береді.
👉 ТҮЙІН: Шектен шыққан жасандылық – шынайылықты жасыратын перде ғана.
✍️ Ливия халқының тәмсілі

❤83👍37🔥9👎2
Қанша жерден мұқым әлжелі “Араб болма қазақ бол” деп ұрандатса да, қазақылыққа намазхандардан артық үлес қосып жатқан қоғам өкілдері жоқ шығар:
- Имамдар әрдайым қазақтың дәстүрлі шапаны мен тақиясын тастамайды;
- Мешіттегі уағыздар 99% қазақ тілінде айтылады;
- Мүфтияттан шығатын кітаптардың 99%-ы қазақ тілінде;
- Мүфтиятқа қарасты БАҚ, медиа барлығы 99% қазақ тілінде жұмыс жасайды.
- Барлық іс-қағаздар толықтай қазақ тілінде жүргізіледі.
Тәк што, бұ жағынан бізге тең келетіндер жоқ қо..☺️

❤105👍34😁13🔥9👎1