صرم افندي ✍️
4.2K subscribers
205 photos
75 videos
3 files
149 links
📝Пайдалы пост, өнегелі оқиға, сарказм мен мысқылға толы авторлық жазбалар.
Download Telegram
‼️ Имам/ұстаздарға бір кеңес болсын:

Алдыңызда камера тұр ма уже әңгімеңізді жеті рет өлшеп айтыңыз. Универде дәріс беріп, мешіт ішінде жамағатқа уағыз айтып отырсаңыз да, бұл видео отыз рулы елге тарап, діннен бейхабар адамдар көруі мүмкін екенін біліңіз.

Сол секілді өтірік не тым әлсіз хадистер (мысалы, хор қыздары жайлы) немесе қуғынбай әңгіме айтудан (мысалы, мерседесті молдалар ойлап тапты) сақ болыңыз.

Оны тек мешітте жүз жамағат қана емес, сырттағы миллион аудитория естуі мүмкін...
❤64👍58🔥8👎5😁4🥰1
“Келіншегім инстадағы әдемі қыздардан отписка жаса дегесін, тек өзінен отписаться еттім.

Себебі мен үшін ең әдемі қыз - әйелім” дейді бір әпенді..😂
😁138❤18🔥5
Мына жазбасына “Еркек үстіне әйел жұмыртқалаған заман” деп жазып едім банға тастапты…🤭

Теңдік, еркіндік туралы айтатын адам ғой по идеи, парадокс))

#әпендішілік
😁109❤12👍12🔥5
Өте қатты ұмытып барамын!

Бүгін 19 қараша - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРКЕКТЕР КҮНІ!

Барша еркектер қауымын асыл да ғасыр мерекесімен ықыластана құттықтаймын!

Қарашы…

Біз байғұс еркектер не дұрыс мерекеміз жоқ, демалыс жоқ, не алватқан сыйлығымыз да жоқ..!

Ал, сендер әйел құқығы деп шулайсыңдар!

Кәңгрутелейшн, гайс!✊
❤55😁30👍17👏2
💡Ханафи мазхабы тамақтану және өзгеде істерді оң қолмен жасау керектігі туралы

Өз үмметіне пайдалы және жақсы әдепті үйреткен Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мешітке кірген кезде, тамақтанғанда, киім киерде оң қолмен және оң аяқтан бастауға; ал әжетхана кіретін кезде, сіңбіргенде , мешіткен шыққанда сол жақтан бастауға кеңес берген. Осыған байланысты Алла Елшісі айтқан:

«Сендердің біреулерің мешітке кіргенде оң аяғымен кірсін, ал шыққанда сол аяғымен шықсын»
(Хаким, әл-Мустадрак, I, 218);

«Сендердің біреулерің тамақтанса оң қолымен тамақтансын, ішер болса да оң қолымен ішсін!» (Муслим, Ашриба, 13).

Аишадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: Алла Елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барлық ісінде: дәрет алғанда, аяқ киім кигенде және шашын тараса шамасы келгенше оң жақтан жасауды ұнататын. (Бухари).

Осыдан кейбір ханафилік ғалымдар бұндай істерде оң қолды пайдалану керек және оң жақтан бастау сүннет деген үкім шығарған. (Касани, Бадаи’ус-Санаи’, I, 22).

Алайда, көпшілік ғалымдар мустахаб деген, өйткені Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оң жақтан бастағанды жақсы көрген, бірақ муаққада (бекітілген сүннет) емес. Сондықтан қажет болған жағдайда сол қолды пайдалануға болады. (Али әб-Қари, Миркатуль-Мафатих, XII, 419).
❤32👍7🔥1
Әрбір үшінші имамның “тоқалы” бар екенін білемін. Бірақ дәлелдей алмаймын…😂
😁66👎12❤3
Алла Елшісі ﷺ былай дейді:

"Кімде-кім маған жұма күні 80 рет салауат айтса, ол адамның 80 жылдық күнәсі кешіріледі".

Сонда сахабалар (радиаллаһу əнһум) қалай айту керектігін сұрағанда:

"Аллаһумма салли ғəлəə Мухəммəдин ғəбдикə уə нəбиикə уə расуликəн-нəбиил-уммии" - деп айтыңдар" -, деген.
________________________________________

(с) Дарақутни | "əл-Қаулил-бəдиғ", 400,
əл-Ирақи |"шархул-Ихия", 3/286


Хадис дәрежесі - хасан (жақсы)
❤62🔥2🥰1
арабша нұсқасы
❤36
Уатсапқа өз атымызды жазып қояйық🤭
😁96👍2❤1
Бір философ Әпендімен Құдай туралы таласпақшы болыпты. Дәруіш "өй, сен боқ та білмейсің" десе де, анау да тызақтап қоймапты.

Әпенді: "жақсы сен маған мынаны айтшы, неге жылқының боғы сопақ, сиырдыкі жапа, қойдыкі құмалақ болады? По идеи бәрі де шөп жеп, су ішеді ғой?!🤔

Әлгі пилосоп әрлі-берлі ойланып, басын қасып, түк жауап таппай қояды. Сонда Әпенді:

"Айттым ғой, БОҚ ТА БІЛМЕЙСІҢ! Еще менімен Құдай туралы таласқың келеді! - деген екен...
😁93❤12👍7
Әбу Ханифаға бір адам келіп:

– Мен әйеліме "ол бірінші сөйлемейінше оған тіл қатсам – талақ болсын" деп ант бердім. Әйелім де "мен бірінші сөйлемейінше сөйлемеймін" деп ант берді. Енді не болмақ? - деп сұрайды.

Имам оған:
- Бар да онымен сөйлесе бер, анттарың бұзылмайды - дейді.

Бұл жауап тағы бір ғұлама Сүфиян әс-Сәуриге жетеді. Сүфиян ашуланып, имамға келеді.

Әбу Ханифа жауабын түсіндіреді:

- Бәрі қарапайым: әйел күйеуінен кейін ант бергендіктен, оның анты күйеуінің антына жауап ретінде есептеледі. Демек, әйел сол сәтте оған «жауап қатты». Осылайша күйеуінің анты күшін жояды. Сондықтан ол әйелімен сөйлессе, талақ болмайды.

Сонда әс-Сәури:
– Сенің алдыңда біз байқамаған талай білімнің есігі ашылған екен! - деп таңданысын білдіреді.
👍84❤36🔥7😁5
Кейде ойланам, имамдар жиналып тамақ ішкенде счетті кім төлейді екен деееп….🤣

#әпендішілік
😁112❤8👎8👍1
Бір бәдәуи таң намазын оқуға мешітке келеді. Имам намазда Бақара сүресін 286 аятқа дейін оқыпты. Бәдәуи сол күнгі шаруаларынан кешігіп қалады. Келесі күні таңғы намазда әлгі имам Фил сүресін оқи бастағанда, бәдәуи шыдамай намаздан шығып кетеді де:

"Сен кеше Бақара (Сиыр) сүресін түске дейін оқыдың. Енді бүгін Фил (Піл) сүресін оқиын деп жатсың. Оны (явно) түнде бітіресің!" - деп ашуланған екен...

(с) Ибн Жәузидің "Ақымақтардың әңгімесі" кітабынан
😁106❤8👍3👏3
Бірде адамдар "қиямул-ләйл" (тікелей ауд. - түнде тұру) туралы әңгімелеседі. Араларында бәдәуи де болатын. Одан "сен түнде тұрасың ба?" деп сұрағанда:

- "Уаллахи, әрине!" - деп жауап береді.
- "Сонда не істейсің?"
- "Дәрет сындырам да, кері ұйықтаймын" - деген екен...

(с) Ибн Жәузидің "Ақымақтардың әңгімесі" кітабынан
😁80❤18
🙈 - мына смайликті біреулер “әумин” деген деп ойлап жүр екен…🤣
😁78❤6
әлгі мештіте әлдебір ахи неке ұсынды деп елді шулатқан ухтишка да орамалды шешіпті. Кезінде "домбыра" харам деп шулаған қыз да хиджабын тастап еді...
😁63👎15❤5👏2
Ойлашы…

Сенің дінің 4 әйел алуға рұқсат береді. Бірақ сенде әлі біреуі де жоқ…


- депті бір қыз тридста…🤣
😁82❤13
Ницще ақсақал “неке бұл бір адаммен ұзақ әңгіме” деген екен.
Сол үшін үйленбес алдын сен сол адаммен қартайғанша әңгіме айтуға дайынсың ба, соны білмек керек.

Шаханов атамыз мұны:
“Жұбайлар бар әңгімесі таусылған,
Ал махаббат таусылмайтын әңгіме” - деп түйіндейді…
👍85❤25🔥11
"Уа, Ізгілердің ізі, көнелердің көзі болған, тау тұлғалы Әпендім! Кейде біз ұстаздарға бірдей сұрақ қойсақ, неге әртүрлі жауап естиміз?" - деді мүриді таңғы алқада.

Әпенді үндеместен шапанын желбегей жамылып, мүридін ертеп түзге шықты. Алдынан кездескен алғашқы кісіден "Қазір қай намаздың уақыты?" деп сұрады - "Таң намазы!"

Олар түске дейін базар аралап, тағы бір кісіден "Қазір қай намаздың уақыты?" - деп сұрады - "Бесін!"

Күн ауа базардан шыға бере тағы бір жолыққан адамнан "Қазір қай намаздың уақыты?" - "Екінті" - деп жауап берді.

Әпенді мүридіне бұрылып:

"Не істейміз мүридім, қажетті жауап алдың ба? Әлде құптанға дейін жүре тұрамыз ба?

- Ұлылығыңызға тәнтімін, Әпендім... Жеткілікті.

- Көрдің бе, мүриджан. Кейде жауаптар уақытқа, жағдайға, мекенге қарай түрліше болады. Бірақ, олардың бәрі дұрыс. Сондықтан "анау ұстаз былай деді, мынау ұстаз былай деді" деп даурығып, босқа шуламаңдар. Әр іске хикмет көзімен қарамақ керек." - деген екен...
❤77👍28
Кеше робин гудты 3 жыл 8 айға соттапты. Өте аз срок.

Бірақ ана жақта мошенниктерге оңай болмайды-ау…
❤42👏15