صرم افندي ✍️
4.2K subscribers
205 photos
75 videos
3 files
149 links
📝Пайдалы пост, өнегелі оқиға, сарказм мен мысқылға толы авторлық жазбалар.
Download Telegram
Жұмыстастарым дәрет турасында бір-бірімен таласып жатыр. Олар жандарында фыһ білгірі отырғанын білмеді. Мен де үндемедім)

#әпендішілік
😁83❤19👎11
Имам-молдалармен отырмын. Өзара Махамбеттің өлеңін айтып, талдай бастады. Олар жанында Махамбеттің барлық өлеңін жатқа білген адам отырғанын білмеді. Мен де үндемедім…)

#әпендішілік
😁83👍12❤8👎4
Баяғыда жаназаға жайнамазбен келген әпенді досым естеріңде ме?😂

Со досым І топ мүгедектігі бар. Мүгедек деген жай әшейін. Жағдайы сау адамнан бетер. Астында салоннан машина, қолында Айфон Про. Күніне бір шыны көфе ішпесе, басы ауырады.

Мүгедектігін артығымен пайдаланады. Автобус тегін, парковка әрдайым бос, ИП-сына налог төлемейді. Жақында елден тығылып, жас қызды тоқалдыққа алвапты. Күйдіргі нағыз…😂

Енді қалай мүгедектігінен айырып тастасам болады деп ойланып отырмын…😂🤔
😁70❤9👎4👍3
Санжар көкем “Дербісәлі және діни майдан” деген кітап шығарса деп қиялдап отырмын көфеленген күйі…

#әпендішілік
😁62❤8👍7
Атақты адаммен суретке түсудің үш пайдасы бар екен:

1) Туған күнін әлжеліде құттықтау үшін;
2) Жаңа қызметке өскенде, марапат алғанда құттықтау үшін
3) Өлгенде қайғырып статус/сторис салу үшін;

#әпендішілік
😁75❤11👍6👎4
Мұсылманмын дегенің —
Тек намазбен өлшенбес,
Адал жүрек, таза ойың —
Нағыз Иман білсең кеш!

✍️Мәшһүр Жүсіп
❤67👍19🔥3
Имануэлла - иманды әрі пошлая ухтишка

#жаңасөз
😁98👎59❤4👏4
ахитация - сәләфилік үгіт-насихат

#жаңасөз
😁62👍3❤2
Молдат - әскерге барған имам

#жаңасөз
😁78👍7❤3👎3👏2
Әпендішілік…
😁72❤9
360 градусқа өзгергім кеп жүр…

#әпендішілік
😁48❤9👍3👎3
Ахиватор - әрдайым уағыз айтып, жамағатқа діни мотивация беріп жүретін намазхан

#жаңасөз
❤39😁19👍7
Құрбан айт келсе қойдың бағасын көтереміз.
Гай келсе, аптечка мен огнетушитель құнын айқайлатамыз.
Ковид келсе маска мен парацетомолды қымбаттатамыз.

“Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының… себебі - …. төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан…” деп Абай қалай дөп айтқан дерсің…
👍88❤51
Тағы бір блогер орамалын шешіпті…😢

Елде бір түсініксіз құбылыс жүріп жатыр. Бағамдай алар емеспін…
👎39❤25👏1
Абыздығым бекер емес қой…🤗
😁23🥰6❤1
Үш әйелімен желіні шулатқан ахижан ӘҚБТК 456-2 бабының 3.1 тармағы бойынша хаттама толтырылыпты. Бұл тармақта 20 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделген.
👎31❤7
“Орамалды қызбен танысу - акиматқа жұмысқа кіру сияқты. Тек таныс арқылы” - депті бір әпенді Тіредсте…😅

#әпендішілік
😁103❤6🔥3
Ескі жұмыстас келіншек бар. Жолдасымен ұзақ жылғы некеден соң белгілі бір себептерге байланысты ортада бала барына қарамастан ажырасып кетті. Сол келіншік кейін жалғыз өзі жүріп жақсы ЖК-дан пәтер алды. Жақында марафонда жүздесіп қалдық, жүгірумен тұрақты айналысып жүр екен. Диета ұстап, бір пұттай арықтапты, қаладағы мен деген фитнес залға барады екен. Оған қоса, тәніне тату салдыруды да ұмытпапты. Общым, апым бақытты да табысты өмірге бет бұрған екен.

Қоштасып бара жатып “көп табысты әйелдің артында ажырасқан еркек тұрады” деген тәмсілімді іштей еріксіз қайталадым…

#әпендішілік
😁49👍25❤13👏3👎1
Hanafi.kz сайтын жүргізіп жүрген кезімде танымал бір шейхтың “Мен қалай ханафит болдым?” деген ұзын көлемді мақаласын қазақ тіліне аудардық. Мақаланың постерін атыраулық бір танымал дизайнерге жасаттым.

Қызығы сол дизайнер ярий ахи болып кетті кейін…😬😬😬

Бүгін тредсте әлдебіреуді боқтап отырғанын көріп қалып, осы оқиға есіме түскені…🥲
❤23🔥6👍3🥰3