ISLAMIC FINANCE - қазақша
995 subscribers
75 photos
9 videos
10 files
91 links
Анонимді сұрақтар үшін:
http://t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=znFLVR

🔹Процент
🔸Кредит
🔹Бизнес
🔸Қарыз
🔹Аренда
және т.б.
Download Telegram
ISLAMIC FINANCE - қазақша
Сіздерге сұрақ: Хамза Омардан 2010-жылы 100.000тг қарыз алған болса, 2024-жылы қанша қайтару қажет болады? (ол кезде $1 = 148тг)
✅ Кешегі сұраққа ең нақты әрі дұрыс жауап берген Дидар бауырымыз болды

Негізі комментарийдегі барлық жауап дұрыс. Себебі мен тек қарыз мөлшері мен уақыты туралы ғана жаздым. Одан бөлек қарыз берушінің жағдайы, қарыз алушының жағдайы, олардың табыс деңгейі, келісімді қай валютада жасағаны және т.с.с. қосымша факторлар есептелмеді 😁

Дидар мырзаға сыйлық ретінде авторлық эл. кітапшалар беріледі 🙂
👍16❤8
ВЕКСЕЛЬ (ЧЕК)


🌐 "Вексель" қарапайым тілмен айтқанда — қарыздың қағаз жүзінде бекітілген формасы. Мысалы: "пәленше түгеншеге келесі айдың аяғына дейін 100.000тг қарыз" деген келісімнің жазбаша бекітілген түрі. Ислами терминде оны "суфтаджа" деп атайды. Бірақ суфтаджа міндетті түрде жазбаша болуы шарт емес. Жалпы бұндай келісім ғалымдардың көзқарасы бойынша рұқсат етілген, алайда кейбір арнайы өзгешеліктер бар:

1️⃣ Егер қарыз беруші шарт қойып, осы шарт негізінде қарыз алушы шығынға ұшыраса (мысалы: бір затты сатып, қарыз алушы соны тасымалдауға үлкен қаражат жұмсаса), бұл риба болып саналады. Себебі, қарыз беруші бұл келісім үстінен пайда көріп тұр. Бұл жағдай егер екі тарап арасында қарыз келісімі болса.

2️⃣ Егер қарыз алушы шарт қойып, қарыз беруші онымен келіспесе, онда оны (қарыз берушіні) мәжбүрлеуге болмайды. Яғни басымдылық қарыз беруші тарапта болады.

3️⃣ Ал егер 2-пункттегі шартқа қарыз беруші келіссе, ондай бұндай келісім рұқсат болып саналады. Бұл жағдайда қарыз беруші 2 сауапқа ие болады: (1) қарыз бергені үшін, (2) өзіне тиімсіз болса да шартты қабылдағаны (уступкаға барғаны) үшін

4️⃣ Егер екі тарап та, қарыз немесе сауда келісімінде қосымша шарттар үшін ешқандай шығын көтермейтін болса, онда ондай келісім жасауда әбестік жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍3💯2
Сіздерге сұрақ:

Риба деген не?

🎁 Ең нақты әрі толық жауап берген адамға кішігірім сыйлық бар. Жауаптар ертең түске дейін қабылданады)

Әйел адамдар үшін:
http://t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=znflvr
❤3
"Риба деген не" деген сұраққа 2 анықтама беруге болады:

1. Риба — бір түрден болған екі затты бірдей емес мөлшерде айырбастау.
2. Риба — қарыз үстінен көретін пайда.


Болды. Осы.
Жаттап, есте сақтап алыңыздар 🙂

Кредит, ипотека, шорт, кэшбек, еңбекақы, депозит және т.с.с. сұрақтарыңыз туындаса, осы екі анықтаманы еске түсіріп, сіздің сұрағыңыз осыған кіреді ме жоқ па соны қарастырсаңыз болады.
💯12❤6👍1
МУҚАССА — өзара қарыз


🌐 Кейде екі адам бір-біріне қарыз болатын жағдайлар кездеседі. Бұндай жағдайда екі тарап өзара келісім бойынша бір-бірінің қарызын кешіруге Ислам рұқсат береді. Ал егер бір тараптың қарызы екінші тараптікінен жоғары болса, онда аз мөлшердегі қарызды өзара кешіруге болады.

Пайғамбарымыз ﷺ «егер мініс көлігі кепілге қойылса, оны (күтіміне жұмсаған) қаражаты үшін қолдануға болады. Сондай-ақ кепілге қойылған сауын малының сүтін (оның күтіміне жұмсалған) қаражат үшін ішуге болады, ал (жұмсалған) қаражат мінген (адам) мен ішкен (адамның) мойнында»¹ деген. Яғни, қарыз берген адам өз мүлкінен берсе, алған адам қандай да бір мүлікті кепілге қояды. Осылайша кепіл заттың шығының өтемі ретінде оның пайдасын көруге болатындығы меңзелген.

¹ Бухари, № 2512
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤14👍4
ХАУАЛА — кепіл (қарыз)


🌐 Хауала - бір адамның қарызын басқа біреуге өткізу. Пайғамбарымыз ﷺ «Бай адамның қарызды созуы - зұлымдық. Егер сендердің біріңнің қарызы бай адамға аударылса, келіссін»¹ деген. Яғни бай адамнан қарызды қайтару оңайырақ деген мағынада келген (Ибн Хажар түсіндірмесі).

Хауала - қарыз қайтаруды жеңілдететін жол. Себебі, егер қарыз алған адам қарызды қайтара алмайтын жағдайда, кепіл адамнан қарызды қайтару оңайырақ, бірақ ол үшін кепіл адам әділ болып, оның келісімі болу керек.

Қосымша ақпарат (@blog_professora дәрісінен):

Хауала шарттары:
1️⃣ Барлық тараптың келісімі
2️⃣ Келісім міндетті түрде орындалуы тиіс (қарызды міндетті түрде қайтару)
3️⃣ Қосымша ақы қосылмайды!

Хауала міндеттері:
1️⃣ Келісім күшіне енгеннен кейін қарызды бастапқы тараптан сұрауға болмайды
2️⃣ Үшінші тарап екінші тараптан қарызды талап ете алады(бастапқы қарыз алған адамнан)
3️⃣ Үшінші тарап қарыз мөлшерінен артық мөлшерге үмітті бола алмайды
4️⃣ Қарыз берушінің өлімі келісімді бұзбайды (яғни қарыз кез-келген жағдайда қайтарылуы қажет).


¹ Бухари, №2287
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👍3
КӘФӘЛӘ - кепіл, гарант


🌐 Кәфәлә - қарыз алған адамға кепіл болу келісімі. Яғни келісім жасаған кезде, бастапқыда қарыз алған адам төлей алмай қалса, кепіл болған адамнан қарызды сұрауға болады. Сонымен қатар, бір келісім аясында бірнеше адамды кепіл етіп жазуға болады.

Кәфәлә келісімі рұқсат етілген. Тіпті Юсуф сүресі, 72-аяттан бұндай келісімнің бұрыннан бар екенін білеміз.

Осылайша, кәфала келісімі аясында қарызды негізгі борышкерден әрі кепіл адамнан талап етуге құқылы. Ал кей ғалымдар, кепіл адамға тек борышкер жағдайы болмаса ғана жүгіне алады деген көзқарас білдіреді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2
Сұрақ:

Хауала және кәфәлә келісімі қосымша ақы алуға болады ма?
❤6👍3
Кэшбек туралы қызықты ақпарат
https://www.youtube.com/watch?v=qZKkGsBEMK0

Жауап беруші: Абдусамат Қасым
👍12
РАХН - кепіл зат (залог)


🌐 Рахн деп қарыз төлей алмай қалған жағдайда ұстап қалатын мүлікті атайды.

Құранда «Егер сапарда болып (біреуге қарыз беріп немесе қарыз алып) қолхат жазатын адам таппасаңдар, ондай жағдайда (қолхаттың орнына қарыз алған кісіден) заттай алынған кепіл жеткілікті» (Бақара 283-аят) деп, кепіл заттың рұқсат екендігі айтылған.

Кепіл затты тек тікелей борышкер ғана тағайындай алады (яғни кәфәлә немесе уәкәлә келімімен араластыруға болмайды). Кепіл зат ретінде кез-келген саудаға жарамды зат жүре алады, себебі кепіл заттың маңызы — қарызды төлей алмай қалған кезде сатып өзіне тиесілі үлесін алу.

Қарыз берушіге кепіл затты қолдануға рұқсат емес, себебі қарыздан туындайтын пайда риба болып саналады. Алайда, кепіл зат ретінде көлік болса (машина немесе жылқы) оларды қамтамасыз ету шығыны ретінде оларды қолдануға болады.

Қосымша ақпарат:
https://t.me/IF_KAZ/490
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤4
ИБРА — кешірім, жеңілдік


🌐 Тілдік мағынада ибра — тазару, құтылу, алыстау деген мағынаны білдірсе, ал терминдік мағынада "өзіңе тиесілі нәрседен бас тартуды" білдіреді. Яғни қарыз адам қарызын өтесе, ол адамды кешіру міндетті болып саналады, ал егер қиналып тұрса Бақара сүресі, 280-аятқа сәйкес ол кісіге жеңілдік беру керек (ал мүлдем кешіріп жіберсе, Алла Тағала оны ойламаған сыймен қуантады).

Егер бір адам екінші біреуге «пәлен затты берсең (қарыз мөлшерінен аз), сенің қарызыңды кешіремін» десе, бұл сульх келісімі болып саналып, рұқсат етілген келісімге жатады. Кейбір ғалымдар, бұндай келісім жасарда, борышкер адамның келісімін алу міндетті деп санаған. Себебі егер қарыз беруші оған айтпай қарызын кешірген болып, бірақ кейін оны міндетсінетін болса, борышкерді келеңсіз жағдайға қойып қояды.

Кешіріп беру (жеңілдік жасау) тек екі адам арасындағы қатынасқа байланысты. Яғни Алланың алдында орындалуы керек міндетті амалға бұндай келісім жарамсыз. Осылайша, борышкерге жеңілдік берілсе, кепіл адамнан қарыз алу ақысы да мойнынан түседі.

Қосымша ақпарат:
https://t.me/IF_KAZ/494
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍4
ИФЛӘС — банкрот

(1/2 бөлім)

🌐 Адамның қарызы мүлкінен көп болған жағдайда ифләс деп атайды. Яғни бар мүлкін есептесе де, қарызын төлей алмайтын жағдайды.

Егер адам осындай жағдайға түссе, жергілікті басшы ол адамның мүлкін тәркілеп, ол адамды ифләс (банкрот) деп жариялауы керек деп көпшілік ғалымдар санайды. Алайда Абу Ханифа егер ол адам физикалық қабілетін жоғалтпаса, оны көпшілік алдында банкрот етіп жариялау дұрыс емес, себебі бұл ол адамның абыройына нұқсан келтіреді деп санаған.

Ғалымдар келесі хадисті дәлел ретінде келтіреді:
Әбу Саид әл-Худри (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Алла Елшісінің ﷺ кезінде бір адам сатып алған жемістерінен айырылып, қарызы көбейіп кетті. Сонда Алла Елшісі ﷺ (адамдарға) оған садақа беруді бұйырды, олар оған садақа берді, бірақ бұл қарызды толық өтеуге жеткіліксіз болды, сонда Алла Елшісі ﷺ қарыз берушілеріне: "Тапқаныңды ал, ал одан артығына құқықтарың жоқ" деді.¹

¹ Муслим, №1556
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤6
ИФЛӘС — банкрот

(2/2 бөлім)

🌐 Егер борышкердың қарызы оның бар мүлкінен асып түссе, онда қарызы бар адамдарға зиян келтіретін кез-келген іспен айналысуға тыйым салынады. Басқа адамдар онымен зиян келтіретін келісімге бармас үшін, борышкердің мүлкі тәркіленгенін жариялау мұстахаб болып саналады. Алайда сыйлық қабылдау сияқты әрекеттерде ешқандай әбестік жоқ.

Егер борышкерге біреу ұзақ мерзімді қарыз болса, оны банкрот деп жариялауымен олардың қарызы дереу төлену керек келісімге жатпайды. Ал егер борышкер біреуге қарыз болса, онда ғалымдар (1) қарызды дереу төлеуі керек (2) қарызды дереу төлемесе болады деген көзқарас ұсынған. Яғни (1) егер ол бөліп төлеу шартымен біреуден қарыз алса, онда банкрот болуы себепті сол қарызды дереу төлеу керек десе, (2) бөліп төлеу ол банкрот болғанға дейін жасалған келісім болғандықтан, дереу төлеМЕу оның құқығы болып саналады деген.

Борышкердің мүлкі сатылған кезде, ең алдымен кепілге қойылған заттар сатылуы тиіс. Содан кейін тез құртылатын (азық-түлік) товар сатылады. Содан кейін мал-жануар сатылса, ақырында қалған мүлікті сата беруге болады.

Ал борышкердің өзіне тамақ, киім, кітап және баспана қалдыру керек (кей көзқарас бойынша баспананы да сату керек).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤3
Керемет жаңалық 🔥

Бұйырса жақын арада қалай алуға болатынын, сукук деген не және т.б. жауаптар жазармын.

Осыған қатысты басқа да сұрақтарыңыз болса төменге жазсаңыз болады 👇🏻
🔥12❤6👍2
ISLAMIC FINANCE - қазақша
Photo
Қосымша ақпарат:
Бұл тек үлкен көлемде инвестиция жасай алатын адамдарға ғана арналған екен ($100.000 бастап). Алдағы уақытта одан да қолжетімді қағаздар шығады деп сенемін 🙂
👍5❤4
ЖАҢА ТАРАУ. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

ЪАРИЯ — қайтарымсыз қолдану


🌐 Араб тілінен "ъария" сөзі — қайтарымсыз қолдану (безвозмездное пользование) дегенді білдіреді. Ал терминдік мағынада "бір затты тегін қолдану құқығы".

Құранда "олар қайырымдылық істеріне теріс қарайды" деп Маъун сүресінде "қайырымдылық" деп адамдардың бір-біріне қолдана тұруға беретін заттарын меңзеген деп келеді (мысалы ыдыс-аяқ, шелек және т.б.). Пайғамбарымыз ﷺ «қолдануға алған затты қайтару керек, уақытша алған затты қайтару керек, қарызды төлеу керек, ал кепіл болушы ол үшін жауапкершілік арқалайды» деген.

Қандай да бір затты басқа біреуге беру — мұстахаб амал болып саналады. Ал егер біреу дәл сол затқа мұқтаж болып тұрса, әрі ол зат сізге қажет болмаса, ол затты беру міндетті болатын жағдайлар кездеседі, ал харам іске қолдану ниетімен беру харам болады (мысалы: қару-жарақ).

Бұл амалдың қарыздан айырмашылығы — ъария кезінде мүлік иесінің әлгі затқа құқығы сақталып, дәл сол затты қайтарып алады. Ал қарыз келісімінде заттың иелік құқығы қарыз алушыға өтеді де, келісім уақыты аяқталғанда, дәл сондай (немесе ұқсас затты) қарыз берушіге қайтарып беруі тиіс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤5
ЪАРИЯ — қайтарымсыз қолдану

(2/2 бөлім)


🌐 Ъария келісімінде алушы тарапқа ешқандай зиян келмеуі қажет. Мысалы: қайық жөндеу үшін тақтай сұраған адамнан, қайықты жөндеп болмайынша тақтайларды кері сұрауға болмайды. Сол сияқты жануарды қолдануға алса, келісілген мақсаттан бөлек қолдануға тыйым салынады.

Егер мүлікті алушы мақсатсыз қолданған болса, ол үшін жауапкершілік көтереді. Сонымен қатар, келісім мерзімі аяқталса немесе мүлік иесі (қолданып болғаннан кейін) қайтаруды талап етсе, жауапкершілік алған адамның мойнында болады. Бірақ мүлік беру сәтінде алушы ешқандай жауапкершілік көтермейді деген шарт қоюға да болады.

Мүлікті қамтамасыз ету мүлік иесінің мойнында қала береді. Ал егер қамтамасыз (содержать) етуді алушыға жүктесе, онда бұл иджара келісіміне ұқсап кетеді. Бірақ мүлікті қолдану үшін ақы төленбейтін болғандықтан, ол толыққанды иджара келісімі болып саналмайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍5
Forwarded from Партнерские финансы
Almanac-111224.pdf
3.4 MB
Партнерские финансы в России: Альманах-путеводитель по исламским финансовым продуктам.

Версия от 11 декабря 2024 года.
👍4