Forwarded from B2B CHAT
Впервые в России выпущен уникальный Альманах «Партнерские финансы в России», объединивший актуальную информацию о ключевых участниках и продуктах рынка исламских финансов. Это издание стало первым путеводителем для специалистов и всех интересующихся исламскими финансовыми продуктами, представленными в рамках эксперимента по партнерскому финансированию, регулируемого Федеральным законом №417-ФЗ.
Основные особенности Альманаха:
Альманах «Партнерские финансы в России» предназначен как для профессионалов финансовой отрасли, так и для широкой аудитории, включая инвесторов, предпринимателей и клиентов, заинтересованных в услугах, соответствующих нормам шариата. Издание будет регулярно обновляться, отражая изменения на рынке и появление новых компаний и продуктов.
Альманах был создан с целью содействия развитию и продвижению исламских финансов в России. Издание направлено на популяризацию и повышение прозрачности партнерского финансирования, а также на установление взаимосвязей между российским и международным рынками исламских финансов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👍3
Әлхамдулилләһ! Осындай жаңалық көрсем кәдімгідей қуанып қаламын. Иә, әзірге тек Ресейге қатысты, бірақ бұдан да өзімізге пайда ала аламыз деп сенемін ✊😉
P.S. бұл Ресейде дәл қазір Ислами қаржы саласына қатысты қандай продукттер бар, соның барлығы жиналған анықтамалық
P.S. бұл Ресейде дәл қазір Ислами қаржы саласына қатысты қандай продукттер бар, соның барлығы жиналған анықтамалық
❤17
Ассалаумағалейкум, құрметті бауырлар!
Бүгіннен бастап посттар қайтадан жалғасады Ин ша Аллаһ ✊
Соңғы өтіп жатқан тарау қайырымдылық, сыйлық сияқты келісім түрлері
Жаңадан қосылғандар үшін мына нұсқаулық-видеоны (справочник) көруге кеңес беремін:
https://t.me/IF_KAZ/594
Өткен кітаптар мазмұны:
https://t.me/IF_KAZ/519
Бүгіннен бастап посттар қайтадан жалғасады Ин ша Аллаһ ✊
Соңғы өтіп жатқан тарау қайырымдылық, сыйлық сияқты келісім түрлері
Жаңадан қосылғандар үшін мына нұсқаулық-видеоны (справочник) көруге кеңес беремін:
https://t.me/IF_KAZ/594
Өткен кітаптар мазмұны:
https://t.me/IF_KAZ/519
❤13
Каналды қызықты етуге, білмейтіндерге барынша жеткізу үшін қандай идеялар қоса аласыз?
❤7
ХИБА — сыйлық
Сатуға болатын барлық затты сыйлауға да болады. Алайда кейбір ғалымдар сатуға болмайтын затты да сыйлауға болады деп санаған (мысалы: піспеген жемістерді).
Ал бұл мүлікке иелік құқығы екінші тарап сол мүлікті өзіне алғаннан кейін басталады. Малики мазхаб ғалымдары бұндай иелік келісім жасалған сәттен басталады деген. Сонымен қатар сыйлықтан бас тарту және қайтарып беру — рұқсат етілген, бірақ ұнамсыз амал.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10
УӘСЫЯ — өсиет
(½ бөлім)
Әбу Хурайрадан: Пайғамбарға ﷺ келіп «Уа, Алланың Елшісі! Қандай садақаның сауабы үлкен?» деп сұрағанда, Ол ﷺ «Өзің денің сау, мал-дүниені жақсы көріп, кедейліктен қорқып, баюды үміт етіп отырып садақа беруің. (Садақа беруді) кейінге қалдыма, жаның алқымға келгенде: «Пәленшеге мұнша, түгеншеге мұнша» деп айтасың, (ал ол кезде мал-мүлкің онсыз-ақ) пәленшенікі болады» – деді» – деген¹.
Қайтыс болған адамның өсиетін орындамас бұрын, ол адамның қарызын өтеу керек. Өсиеттегі мүлік мұрагерге берілмейді (тек басқа мұрагерлердің келісімі ғана болса болады), себебі бұл мирас үкіміне өзгеріс енгізеді. Бұдан бөлек, бұл мұрагерлер арасында түсініспеушілік, өшпенділік сияқты сезімдерді тудыруы мүмкін. Ал кейбір ғалымдар мұрагерге өсиет қалдыруға мүлдем болмайды, ал басқалар келіссе, олар тарапынан берген сыйлық болып саналады деген.
¹ Бухари, 1419
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2
УӘСЫЯ — өсиет
(2/2 бөлім)
Сонымен қатар, өсиет қалдырушы немесе алушы адам мұсылман болуы шарт емес. Мұсылман адам мұсылман емес адамды өсиетке жаза алады, және керісінше.
Өсиетте белгісіздік (неопределенность) жіберуге рұқсат, себебі бұл сауда келісімі емес, қайырымдылық келісімі болып табылады. Егер өсиет қалдырушының мұрагерлері болмаса, Ханафи мазхабы бойынша барлық мүлкін өсиет етіп қалдыруға болады. Алайда басқа мазхаб ғалымдары тек 1/3 бөлігін ғана өсиет етіп қалдыруға болады деген, ал қалған мүлікті мұсылмандар қазынасына жұмсайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍5
СҮЙІНШІ! АЛЛАҒА ШҮКІРЛЕР БОЛСЫН 🤲🏻
🇵🇸 Газадағы геноцид тоқтады. Екі тарап әскери әрекеттерді тоқтатуға келісім жасасты.
🇵🇸 Газадағы геноцид тоқтады. Екі тарап әскери әрекеттерді тоқтатуға келісім жасасты.
❤44🔥8👍6
УАҚФ
(1/2 бөлім)
Бір пікір бойынша уақф-қа өткен заттың иелік құқығы Аллаға, басқа пікір бойынша уақф берілген топқа өтсе, үшінші пікір бойынша уақф-ты өткізуші адамда қалады.
Уақф-тың 2 түрі бар: мұрагерлік және қайырымдылық. Адамның тегі тоқтауы мен мұрагерлік уақф автоматты түрде қайырымдылық уақф-қа айналады. Сонымен қатар жалпы халыққа арналған уақфтар да бар. Оның қатарына мешіт, мектеп, аурухана, жол және т.б. әлеуметтік маңызы бар нысандар жатады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤4
УАҚФ
(2/2 бөлім)
Уақф басқарушысы бекіткен шарттар міндеттілігі жағынан Шариғи үкім іспеттес. Яғни оның қалауы болмайды, бәлки оның айтқаны Шариғатқа қарсы болмаса ол орындалуы тиіс, ал егер Шариғатқа қарсы болса онда оның сөзі қабылданбайды (орындамауға болады).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍3
УАҚФТЫ АЛМАСТЫРУ (ЗАМЕНА)
Бір топ ғалым алмастыруға түбегейлі қарсы болса, басқа топ өте қатаң шарттарды сақтау арқылы рұқсат еткен. Екінші топтың пікірінше, егер уақф ешқандай пайда әкелмесе ғана ауыстыруға болады, бірақ пайда әкелетін мақсатта ғана.
Бұл мәселеде қатаңдық танытқан адамдар уақф мүлігін тоздырмайтындай немесе барынша әдеппен қолдануды көздеген болса керек. Одан бөлек алмастыру кезінде уақф мүлігі өзінің әуелгі қалпына жоғалтып, тіпті жеке меншікке кетіп қалуы мүмкін деген көзқарасты ұстанды. Ал жеңіл көзқараста болғандар, уақфтан барынша көп пайда алынғанын қаласа керек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍6
УАҚФ ШЫҒЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍2
УАҚФТЫ ЖАЛҒА БЕРУГЕ БОЛАДЫ МА?
Сонымен қатар ұзақ мерзімге жалға берудің келесідей негативті факторлар бар:
¹ ибн Абидин, Хашия, 4-т., 408-б.
² Ахмад ибн Ибраһим, Муамалят, 344-б.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8
УАҚФҚА ҚАРСЫ ПІКІРЛЕР
Иә, экономикалық тұрғыдан айналымға жіберу көбірек пайда береді. Алайда уақфты тек экономикалық обьект ретінде қабылдамауымыз керек. Жоғарыда айтылған тезис бәлкім уақытша уақф-қа айтылса жөн болады, алайда ұзақ мерзімді уақф та қоғам үшін үлкен пайда әкеледі.
Иә, жеке меншікті басқару қоғамдық меншікті басқаруға қарағанда оңайырақ. Алайда әрбір мүліктің өз функциясы және қолдану аясы болғандықтан, бұл тезисті жалпы ортаға ала алмаймыз. Сонымен қатар, қазіргі заманда мүліктің иесіне қарағанда мүлікті жалдаушы тарап жақсырақ қарым-қатынас жасайтындығын көреміз. Және соңында қосарымыз, уақфтың иесі - Алла. Ал Ол басқарушылардың ең жақсысы.
Бұны тек уақфтық садақаға емес, кез келген садақа түріне қолдануға болады. Себебі Пайғамбарымыз ﷺ "садақаны бай адамға және күш-қуаты бар сау адамға беруге болмайды" деген¹.
¹ Абу Дауд, 1634-хадис
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍3
УАҚФТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ
(1/2 бөлім)
Уақф түрлері:
— қайырымдылық: бұндай уақф аты аталып тұрғандай тек қайырымдылық мақсатқа жұмыс жасайды. Соған сәйкес, одан түскен пайданы да тек қайырымдылыққа жұмсау қажет болады.
— қоғамдық инфраструктура: жол, көпір, бөгет, су қоймасы, асхана, қонақ үй және т.с.с.
— денсаулық сақтау: аурухана, емхана, дәрі-дәрмек және т.с.с.
— білім (қабілет): мектеп, университет, ғылым ордасы, кітапхана және т.с.с. Алайда бұндай уақфқа қойылатын шарт — адамзатқа пайдалы діни әрі дүнияуи білім беруі қажет.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👍6🤔1
УАҚФТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ
(2/2 бөлім)
Уақф — кедейлік және ауру-сырқау сияқты қоғамдық мәселелердің шешімі болуы қажет. Зекетте шарттарды сақтау керектігі сияқты, уақфта да сондай мәселелерді ескеру керек. Мысалы: қайырымдылық уақф бай немесе (өз қолымен табыс таба алатын) күші жетіп тұрған адамға берілмеуі.
Егер уақфқа шамадан тыс қатынас жасалса, онда бұл тоқырауға (застой) алып келеді. Мысалы: бір кісі уақфқа деп жер телімін беріп, бірақ уақф басқарушылары ол жерді игере алатындай шамада болмаса, онда ол жер текке тұрып қалып, ақысы толық өтелмеген болып саналады. Сондықтан уақфқа берілетін мүліктің өзін оңды-солды шашуға болмайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤8🤓1
ХАБАРЛАНДЫРУ
Алла қаласа бұл группаны тек Ислами қаржы және экономикасына қатысты посттар жазуға арнаймын.
Ал жаңалықтар, кітаптар және басқа да қызықты мәліметтерді жаңадан ашылған суперчат-қа салатын боламын.
Ол жақта тек админ ғана емес, кез-келген адам пікір алмасып, пайдалы ақпаратпен бөлісе алады. Сізді де Ислами қаржы саласын дамыту үшін өз үлесіңізді қосуға шақырамын 🙂👇👇👇
https://t.me/IF_KAZ_superchat
❤11👍7
УӘДИЯ — сақтау
Сақтауға берілген адам сол затты тиісінше сақтап қоюы қажет. Бұл Аллаға ұнамды, сауапты іс болып саналады. Мүлікті сақтаушы тарап оның өкілі болып тағайындалады, алайда ол үшін ешқандай материалдық жауапкершілік көтермейді, тек өз салғырттығы себепті жасалған ақау болған жағдайдан басқа (мысалы өз қажеттілігі үшін қолданып, бұзып алса).
Ал егер сақтауға ақша берілген болса, және сақтаушы тарап оны өз қажетіне пайдаланса, онда бұл автоматты түрде қарызға айналып, сақтаушы тарап толықтай жауапкершілікті өз мойнына көтереді. Сол себепті банкте сақтауға берілген ақшаны қарыз деп есептеген абзал, себебі банк салымшылардың ақшасын дәстүрлі түрде (яғни басқа өнімдерді қаржыландыруға) қолданады.
Егер мүлікті сақтаушы тарап саудамен айналысып, мүлікті саудаға пайдаланса, онда одан түскен пайда кімге тиесілі екендігі туралы 3 көзқарас бар:
1. Пайда мүлікті сақтаушы тарапқа тиесілі;
2. Түскен пайданы садақаға беру керек:
3. Пайда мүлік иесіне тиесілі¹.
Егер мүлік үлкен орын алмайтын болса, оны сақтағаны үшін ақы талап етуге болмайды. Ал оған кететін қосымша шығындарды мүлік иесі өз қалтасынан өтеуі қажет.
¹ Ибн Рушд, «Бидаятуль-муджтахид», Т.2., 234-б.; Ибн Джузай, «Кәуәнин әл-әхкәм», 406-б.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤7
ЛУҚАТА — тауып алынған зат
— Егер жоғалып қалу қаупі туындаса, затты көтеру міндетті;
— Егер дұрыс қатынас жасап, өзіне иемденіп алмайтын болса, затты көтерген абзал;
— Егер тауып алған адам онымен сәйкесінше қатынас жасамайтын болса, оны көтеруге болмайды;
— Егер тауып алған затты табылғаны туралы жарияламай, өз пайдасына қолдану қаупі болса, онда затты сол орында қалдырған абзал.
Табылған зат аманат болып саналады да, тапқан адам ол зат үшін материалдық жауапкершілік көтермейді (тек тапқан адамның салғырттығы себепті келген зақым болмаса). Бұл тапқан адамның затты сақтау ниетімен алған жағдайға байланысты қағида. Ал егер затты жеке пайдаға асыру үшін алса, жауапкершілік толықтай сол адамға артылады.
Затты тапқан жағдайда куәгерлердің көзінше хабарлаған абзал, себебі бұл тауып алған адамның затты өзінде иемденіп қалуынан сақтайды. Табылған заттың ірі немесе кіші екеніне қарамастан, оның табылғандығын 1 жыл ішінде хабарландыру міндетті болып саналады¹. Ал кейбір ғалымдар табылған зат ірі болса — 1 жыл ішінде, ал кіші зат болса — жақын күндер ішінде хабарлау керек деп санайды.
¹ Бухари №2426, Муслим №1723
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤7
ЛУҚАТА — тауып алынған зат
(2-бөлім)
Егер тауып алған адам жергілікті басшыға апарып, мүлікті сақтау шығыны сол мүліктің құнынан жоғары болса, онда сол мүлікті сатып, түскен ақшаны сақтап қойған абзал. Мүлікті тауып алғандығын хабарландырғанда қандай да бір шығын келтірілсе, бұл шығын мүліктің иесіне немесе ортақ қазынаға жүктеледі. Ал егер тауып алған адам оны өз қажетіне жұмсау ниетімен алатын болса, онда жауапкершілік толықтай тауып алған адамға жүктеледі. Бірақ тауып алған мүлік мал (мысалы: сиыр) сияқты шығын талап ететін болса, және тауып алған адам өз қалтасынан шығынын жапса, онда бұл садақа ретінде есептеледі.
Мүлікті тауып алған адам өзі де, басқа біреу арқылы да хабарлай алады. Мүліктің иесі тапқан адамға сыйақы бергенде тұрған ештеңе жоқ. Тапқан адам мүліктің сипаттамасы туралы да хабар беріп, бірақ оны толықтай жариялаМАғаны абзал, себебі бұл ақпарат мүліктің шынайы иесі ғана растай алатындай болуы тиіс.
Мүлікті (тапқанға дейін) жоғалтқан адам одан зекет төлемейді. Тапқан адам да зекет төлемейді, тек бір жыл ішінде иесі табылмай мүлік әлгі адамға өткеннен кейін ғана есептеліп бастайды. Ал өз қажетіне пайдалану мақсатымен иемденген адам бұл мүліктен зекет төлейді (егер зекет төлеу керек категорияға жататын мүлік болса).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍4