ISLAMIC FINANCE - қазақша
995 subscribers
75 photos
9 videos
10 files
91 links
Анонимді сұрақтар үшін:
http://t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=znFLVR

🔹Процент
🔸Кредит
🔹Бизнес
🔸Қарыз
🔹Аренда
және т.б.
Download Telegram
НӘЗІР — серт


🌐 Нәзір — мұсылманның Алла тағалаға бір істі орындауына серт беруі. Бұл рұқсат етілген, ал орындалуы міндетті амал болып табылады. Нәзір туралы Алла Тағала Құранда бірнеше жерде келтірген (Хаж сүресі, 29-аят; Инсан сүресі, 7-аят; Тәубе сүресі, 75-77 аяттар).

Пайғамбарымыз ﷺ «Кім­де-кім Аллаһ­қа бойұсы­ну­ды біл­ді­ре­тін нәр­се­ні ата­са, орын­да­сын, егер де кім­де-кім Аллаһ­қа қар­сы ке­ле­тін нәр­се ата­са, Аллаһ­қа қар­сы кел­ме­сін» деген¹.

Нәзір туралы ғалымдар әртүрлі көзқарас білдірген. Біреулері оны ұнамды деп атап, нәзірді Аллаға жақындататын амалдар (мысалы: құлшылық, ораза, қажылық т.б.) арқылы орындауға болатынын алға тартқан. Ал қарсы шыққандардың пікірінше, бұл нәзір беретін адамдарға ауыртпашылық салады. Бұдан бөлек, адам Аллаға нәзір ету арқылы Оған жақындауды емес, Онымен айырбас жасағандай болады² дегенді алға тартады. Сол себепті Пайғамбарымыз ﷺ нәзірден тыйған³. Бұл жерде ғалымдардың пікірі екіге бөлінеді: бірі — бұл нақты тыйым десе, екіншілері — бұл тек амалдың ұнамсыздығын білдіреді деген. Егер нәзір ету құпталған амал болса, Пайғамбарымыз ﷺ өзі де нәзір берер еді (ал ол олай жасамаған).


¹ Бухари, №6696
² Яғни нәзірде «мен (пәленшені) алсам, саған (пәленше) нәрсені орындаймын деген келісім сияқты»
³
Бухари, №6608; Муслим, №1639
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👍5
НӘЗІР — серт

(2-бөлім)

🌐 Егер адам барлық мүлкін таратып жіберуге нәзір еткен жағдайда не істеуі қажет? Ғалымдардың пікірі келесідей:
1. ол адамға бұл нәзірді орындауы және орнын толтыруы міндетті емес
2. ол адамға бұл нәзірді орындауы міндетті емес, бірақ орнын толтыруы міндетті (басқа нәрсемен)
3. Пайғамбарымыздың ﷺ «...тек үштен бірі жеткілікті...»¹ деген хадисін алға тарта, мүлкінің тек үштен бірін таратса жеткілікті
4. барлық мүлкін таратып беру міндетті
5. зекет мөлшеріне тең, мүліктің 2.5% үлесін таратып беру жеткілікті
6. мүліктен зекет жүктелген мөлшерде үлесін таратып беру жеткілікті
.

Егер адам садақа беруді нәзір етіп, бірақ оны орындамай қайтыс болса, нәзір еткен адамның туыстары сол адамнан қалған мирастан нәзірді орындауы қажет.

⚠️ Админнен: бұл тек ақпараттық мақсатта жазылған пост. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, жергілікті мешіттегі мамандардан немесе ҚМДБ-ның пәтуә бөлімінен нақты үкімін ала аласыз.

¹ Ахмад, т.3, 453-б.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍2
КӘФӘРАТ — өтем


🌐 Кәфәрат сөзі "жабу, жасыру" мағынасын білдіреді, яғни күнәларды жасырып, жуып шаю. Бұл антты бұзу, адам өлтіру, Рамазан айындағы оразаны бұзу, қажылық рәсімдерінің бірін бұзу сияқты күнәлардың артын жуып шаю үшін қолданылады.

🙊
Антты бұзу кәфәраты туралы: Мәида сүресі, 89-аят
🔫 Байқаусызда адам өлтіріп қоюдың кәфәраты туралы: Ниса сүресі, 92-аят
❌ Ораза ұстай алмайтын адамның кәфәраты туралы: Бақара сүресі, 184-аят
🕋
Қажылық кезінде шашын алып қойғандардың кәфәраты туралы: Бақара сүресі, 196-аят


Осыдан байқайтынымыз, кәфәратты өтеудің садақа беру, ораза ұстау, мұқтаждарды тамақтандыру, құлдарды босату сияқты әртүрлі жолы бар.

⚠️ Админнен: бұл тек ақпараттық мақсатта жазылған пост. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, жергілікті мешіттегі мамандардан немесе ҚМДБ-ның пәтуә бөлімінен нақты үкімін ала аласыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍4
ЖАҢА ТАРАУ. ҚҰРБАН МАЛДАРЫ

УДХИЯ — мейрамда құрбанға шалынатын мал


🌐 Удхия (лексикалық мағынада) — Құрбан айтта шалынатын қой, ал терминдік мағынада — мейрамда шалынатын мал. Бұл туралы Құранда "Кәусар" сүресінде бұйырылған.

Құрбан шалудың хикметі — адамзат осылайша Аллаға ризашылығын білдіріп, Ибраһим және Исмаил пайғамбарлар бастаған Аллаға бағыну салтын жалғастыру. Одан бөлек, құрбан шалу арқылы өз отбасыңмен, жақын көршілермен және мұқтаждармен бөлісіп, сауапқа кенелуге керемет мүмкіндік. Бұның барлығы — Алла Тағала берген барлық рақымшылыққа көрсеткен ризашылық болып табылады.

Көпшілік ғалымдардың пікірінше, құрбан шалу — сүннет амалға жатады, ал Ханафи ғалымдарының пікірінше — уәжіп болып саналады. Себебі аятта "құрбан шал" деп бұйрық райда келген делінеді.

Құрбандықты өз қажеттіліктерінен 200 дирхам (күміс ақша) немесе 20 динары (алтын ақша) бар адамдар шалуы керек. Бір адамға 1 қой жеткілікті болса, 1 түйе немесе 1 сиырды 7 адам бөлісіп шалуға болады. Құрбан шалу уақыты айт күні күннің шығуымен және айт намазын оқумен басталып, 2 күннен кейін күннің батуымен аяқталады (яғни жалпы 3 күн).

Ет 3 бөлікке бөлінеді: ⅓ — өз отбасына, ⅓ — көршілер немесе туыстарға, ⅓ — мұқтаждарға. Кейбір ғалымдар "егер адамның отбасы үлкен, ал табысы онша көп болмаса — басқаларға таратпастан бұрын өз отбасынан бастауына рұқсат" деген.

Анығын Алла біледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍3
ҺӘДИ — қажылықта құрбан шалу


🌐 Һәди — Алла Та­ға­ла­ның ри­за­лы­ғы үшін не­ме­се қа­жы­лық ғи­ба­да­тын­да­ғы бір кем­ші­лік­ке байла­ныс­ты не­ме­се их­рам­ның тыйым­да­ры­ның біреуін бұ­зу сал­да­ры­нан жа­за (кәф­фа­рат) ре­тін­де Ха­рам аума­ғын­да ша­лы­ну шар­ты­мен алы­нып кел­ген не­ме­се ақ­ша­сы жі­бе­ріл­ген құр­бан­ малы.

Һә­ди құр­бан­да­ры екі­ге бө­лі­не­ді: уә­жіп жә­не нә­піл

Нәпіл құрбан — қа­жы­лық не­ме­се ум­ра ғи­ба­да­тын орын­даушы­лар­дың мойын­да­ры­на уә­жіп бол­ма­са да, сауап үшін ша­ла­тын құр­ба­ны­н. Тек қа­на Иф­рад қа­жы­лы­ғын не­ме­се ум­ра ғи­ба­да­тын орын­даушы­лар­дың нә­піл құр­бан ша­лу­ла­ры – мұс­та­хап.

Уәжіп құрбан:
1️⃣ Тә­мат­туғ жә­не қи­ран һә­диі – Тә­мат­туғ жә­не қи­ран қа­жы­лы­ғын орын­да­ған­дар­дың бір жыл­да қа­жы­лық айла­рын­да ум­ра жә­не қа­жы­лық­ты бір­ге орын­да­ған­да­ры үшін шү­кір ре­тін­де ша­ла­тын уә­жіп құр­бан.
2️⃣ Жа­за һә­диі – Қа­жы­лық жә­не ум­ра­ның уә­жіп­те­рі­нің біреуі­нің орын­дал­май қа­луы не­ме­се бел­гі­лен­ген уақы­тын­да орын­дал­мауы, их­рам жә­не Ха­рам аума­ғы­ның тыйым­да­рын бұ­зу сал­да­ры­нан кәф­фа­рат ре­тін­де ша­лы­на­тын уә­жіп құр­бан.
3️⃣ Их­сар һә­диі – Қа­жы­лық не­ме­се ум­ра­ға ниет етіп, их­рам­ға кір­ген­нен кейін әр түр­лі бө­гет­тер­ге байла­ныс­ты Қағ­ба­ны тауап жә­не Ара­фат­та уақ­фа жа­сай ал­май­тын адам­дар­дың их­рам­нан шы­ғу үшін ша­ла­тын уә­жіп құр­бан.
4️⃣ Нә­зір һә­диі – Ха­рам аума­ғын­да ша­лы­нуы үшін сөз бе­ріл­ген уә­жіп құр­бан.

Дереккөз: сілтеме
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍2
УӘЛИМА — мерекелік дәм


🌐 Уәлима — үйлену және басқа да мерекеге қатысты жайылатын мерекелік дәм. Үйлену тойы кезінде мерекелік дәм татқызып, дастархан жаю — сүннет амал (сунна-муаккада). Басқа ғалымдардың көзқарасы бойынша, бұл амал уәжіп болып саналады, оған себеп ретінде Пайғамбарымыздың ﷺ «бір қой сойсаң да той жаса»¹ деген хадисі дәлел болады.

Бұл тақырыпқа қатысты, Пайғамбарымыздың келесі хадистері бар:

«Егер сендердің біреулерің үйлену тойына шақырылса, ол баруы керек (шақыруды қабыл алуы керек)»²

«Ең жаман тағам - тек байлар шақырылып, кедейлер шақырылмайтын үйлену тойының дастарқаны. Ал шақырудан бас тартқан адам Аллаһ пен Оның елшісіне қарсы шыққан болады»³


¹ Бухари, 2048; Муслим, 1427
² Бухари, 5173; Муслим, 1429
³ Бухари, 5177; Муслим, 1432
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍4
АҚИҚА — бала дүниеге келуіне байланысты құрбан шалу


🌐 Ақиқа — араб тілінде «туылған нәрестенің шашы» дегенді білдіреді. Ал шариғаттағы мағынасы — сәбидің дүниеге келуіне орай Алла Тағалаға шүкіршілік ретінде сойылатын құрбандық.

Ақиқа құрбандығына байланысты Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хасан мен Хүсейнге бір-бір қойдан сойғандығы туралы риуаят келген¹. Сондай-ақ туылған ұл балаға екі, қыз балаға бір қой сойылатыны жайында да хадистер жеткен². Осы деректерді алға тартып ақиқаның үкімін сүннет деген ғалымдар бар.

Ханафи мәзһабы бойынша ақиқаның үкімі мубах (яғни істеуі немесе істемеуі адамның өз еркінде). Алла Елшісінен ﷺ ақиқа туралы сұрағанда:
«Расында Алла Тағала ата-анаға қарсы шығуды немесе ақиқ болуды ұнатпайды. Кімде-кім қаласа ақиқа құрбандығына ұл балаға екі, қыз балаға бір қойды шалсын»³, – деп жауап берген.

Бұл хадис ақиқаның үкімі сүннет дегенді жоққа шығарады. Өйткені Пайғамбарымыз ﷺ ақиқаның орындалуын адамның өз еркіне салды. Демек бұл мубахты білдіреді⁴.

Қорыта айтқанда, ақиқа құрбандығын шалу мубах. Мүмкіндігі болса, қыз балаға бір қой, ұл балаға екі қой сойылады. Ақиқа құрбандығын жетінші күннен бастап, балиғат жасына жеткенге дейін шалуға болады. Ақиқа құрбандық етін шалған адамның өзі жейді немесе көпшілікке дастархан жайып, дәм таттырады.

¹ Абу Дауд, 3/261-262
² Тирмизи 1516; Насаи 4217
³ Ахмад, 2/182-194. Абу Дәуд, 3/262, №2842. Нәсәи, 7/162-163
⁴ Кәсәни, Бәдәи-с-санаиғ, 6/298


Дереккөз: сілтеме
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍2
1 КОФЕ = 2 КІТАП

Ислам және қаржы. Қаржылық сауаттылық

Ислам және экономика. Кіріспе


Алла қаласа, осы кітапшалардың жаңартылған нұсқасы дайындалуда. Ал оған дейін ескі нұсқаға арнайы жеңілдік!!!

2 кітап бағасы = 1500тг


Байланыс:
@Turedin
WhatsApp
🔥7❤4👍2
ЖАҢА ТАРАУ. ЗАМАНАУИ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ


🌐 Акционерлік қоғам — бірнеше тараптың бір компанияны серіктестік негізінде басқаруы. Бірақ бұл серіктестік теңдік негізінде емес, капитал үлесіне сай басқарылады. Яғни, әр серіктес кәсіпке қанша үлес қосқанына байланысты. Акционерлер тіпті бір-бірін ешқашан көрмеуі мүмкін, қандай да бір акционер бизнестен шығуды қаласа, бизнес тоқтап қалмайды.

Акционерлердің үлесі — олардың қанша акция¹ иемденетініне байланысты бөлінеді. Бұл акцияларды нарықта еркін алып-сатуға болады. Әр акционер бизнестің шығынын өз үлесіне сай көтереді. Бұндай қаржылық ұйым үлкен жобаларды жүзеге асыру мақсатында қолданылады.

Акционерлік қоғам туралы мұсылман ғалымдары 2 түрлі көзқарас білдіреді:

1. Бұндай ұйымдар рұқсат етілмейді. Себебі: бизнестің жұмыс жасауы - ондағы капитал мөлшеріне байланысты болғандықтан. Яғни, акционерлердің келісімінсіз акцияны кез-келген адам сатып ала білуі рұқсат етілмейді деп санайды, ал компанияға қатысты шешім жалпы жиналыста талқыланып, әр акционер өз үлесіне сай дауыс бере алады.

2. Бұндай ұйымдарға рұқсат, егер бизнес бағыты Шариғат бойынша тыйым салынбаған болса (мысалы: арақ, құмар және т.б). Себебі: тыйым салынған бизнес түрінен басқа кез-келген кәсіппен айналысуға — рұқсат. Алайда бұндай ұйымдарда мұсылмандар өз принциптерін ұмытпауы тиіс.


¹ акция — компанияның бір бөлігі (толығырақ келесі тақырып)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍4
АКЦИЯ


🌐 Акция — бизнестегі әр қатысушының үлесі. Мысалы: компания құны $1.000 десек және Хамза осы компанияға $600 құйса, ол осы компанияның 60% акционері болып саналады.

Акция — қарапайым және артықшылық берілген (ор. привилегированные) деп бөлінеді.
Қарапайым акция — әр акционерге бірдей құқық беріледі.
Артықшылық берілген акция — қарапайым акцияға қарағанда жоғарырақ табыс беріп, компания банкроттыққа ұшырағанда акционердің капиталын қайтаруға мүмкіндік береді.

Акцияның номиналды құны болады¹. Одан бөлек акцияның нағыз құны² да бар, ол номиналды құннан жоғары не төмен болуы мүмкін. Акцияның құны — нарықтағы сұраныс және ұсыныс негізінде өзгереді.

Артықшылық берілген акция Шариғат бойынша тыйым салынған болып есептеледі. Себебі бір акционерге басқа акционерден гөрі көбірек құқық беріп, компания құлдыраған кезде оның капиталын қайтарып, басқа акционердің капиталын қайтармаған әділетсіз болады да, пайызға өсім берген секілді рибаға айналуы мүмкін.

¹ яғни нарықта саудаланып жатқан баға
² нағыз құн — компанияның шынайы құны, ол компанияның қаржылық көрсеткіші негізінде бағаланады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6❤3
АКЦИЯ АЙНАЛЫМЫ (алып-сату ережесі)


🌐 Кейбір ғалымдар акция айналымы үшін рұқсат етілген болуы үшін келесідей ережелер бекітіп қойды:

1️⃣ Егер акция шығарған компанияның мүлкі тек қаржылай болса, онда бұл компанияның акциясын алып-сатуға сарф (валюта айырбастау) операциясы қолданылады. Бұл жағдайда әртүрлі мөлшерде айырбастауға рұқсат етіледі, бірақ айырбас сол мәжілісте болуы керек

2️⃣ Егер акция шығарған компанияның мүлкі қарыз түрінде болса, онда бұл компанияның акциясын алып-сатуға қарыз беру ережесі қолданылады. Бұндай жағдайда акция басқа қарыз жабу ниетімен шығарылған болса, онда бұл акцияларды алып-сатуға болмайды.

3️⃣ Егер акция шығарған компанияның мүлкі тауар түрінде болса болса, онда бұл компанияның акциясын алып-сатуға ешқандай шектеу жоқ.

4️⃣ Егер акция шығарған компанияның мүлкі тауар әрі қарыз түрінде болса, онда бұл компанияның акциясын алып-сатуға келесідей шектеулер қолданылады:
— егер тауар үлесі жоғарырақ болса, №3 пункттегі ереже қолданылады¹;
— егер қарыз үлесі жоғарырақ болса, №1-2 пункттегі ереже қолданылады².


¹ бұндай жағдай компания өз ісін жүргізіп, жақсы көрсеткіштерге жеткенде болады
² бұндай жағдай компания өз ісін енді бастап немесе құлдырап жатқан кезде болады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2
ЗАҢДЫ ТҰЛҒА рөлі (юр.лицо)


🌐 Қазіргі таңда бизнес жүргізу барысында жеке және заңды тұлға арасында үлкен айырмашылық бар. Компания директоры — өз алдында жеке тұлға, ал оның иеленетін компаниясы — заңды тұлға болып есептеледі. Осылайша, компания қарызы директордың жеке қарызына саналмайды. Бұндай жағдайда компания қарыз болып қалса, әр акционерге өз үлесіне сай қарыз бөлінеді.

Кейбір ғалымдар заңды тұлға ұғымы Исламда бұрыннан бар деп санайды. Заңды тұлға статусын уақфта, мешітте және қазынада кездестіруге болады. Мысалы: уақфта — уақф иесінің жауапкершілігі уақфтағы мүліктен өзгеше. Сол сияқты егер уақф басқарушысы уақф қажеттіліктеріне қарыз алса, бұл қарыз алған адамға емес, жалпы уақфқа артылады. Басқаша айтқанда, бұл жерде уақф басқарушысы жеке тұлға ретінде емес, уақф өкілі болып саналады (мысалы: егер басқарушы қайтыс болса, қарыз әлгі адамға емес, уақфқа артылады).
Мемлекет басшысы да қазына атынан қарыз алуға құқығы бар. Егер мемлекет басшысы ауысса, бұл қарызды оның орнына келген басшы өтеуі тиіс.

Ғалымдар адамдардың жауапкершілігі оның өлімімен тоқтамайды дейді. Пайғамбарымыз ﷺ «Борышы төленгенге дейін мүміннің жаны оның қарызына байланысты» деген¹.

«Жауапкершілік» (зимма) сөзіне ғалымдар келесідей сипаттама берген: бірі² — «адам бойындағы жауапкершілікпен байланған міндеттеме» десе, басқалары³ — «адам бойындағы жауапкершілікпен байланған, бірақ қолмен ұстап көре алмайтын міндеттеме» деген.

¹ Тирмизи, №1078
² әл-Карафи, «әл-Фурук», 3-т., 231-б.
³ ибн Абдуссәләм, «әл-Кәуәид әл-Кубра», 2-т., 207-б.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍3
МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС ҚҰҚЫҚ

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ


🌐 Бұл 2 бөліктен тұрады:
1. Материалдық емес еңбек: Автордың еңбегі тек оған тиесілі және ешкім оны өзіне жазып ала алмайды.
2. Материалдық еңбек: бұл жерде де 2 көзқарас бар:
2.1. Материалдық еңбекке құқықты иемденуді дұрыс емес, себебі оны Құдайдың берген білімі және онымен бөлісу керек.
2.2. Авторлық еңбек үшін ақы алғанда тұрған ештеңе жоқ, себебі бұл авторға қосымша стимул береді деп есептеген.

Халықаралық құқыққа сәйкес, авторлық еңбек автор қайтыс болғаннан кейін 50 жыл ішінде заңмен сақталады.

ПАТЕНТ


🌐 Авторлық құқық — ғылыми, әдеби және мәдени еңбектерге қолданылса, патент — өндіріске қатысты қолданылатын құқық. Бұл жерге де авторлық құқыққа қатысты ережелер қолданылады, себебі екеуі де автордың ақыл-ой еңбегіне жатады.

БРЕНД


🌐 Брендті — өндірушілерді ажырату үшін, тауарлық белгіні (товарная марка) — тауарларды ажырату үшін қолданады. Ғалымдар брендті де, тауарлық белгіні де сатуға рұқсат берген, алайда тауар сапасын түсіріп алмай, тұтынушыларға өндірушінің ауысқанын ескерту қажет болады.

ЖАЛҒА БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ӨТКІЗУ


🌐 Бұл жерде 3 жағдайды қарастырайық:
1. Жалға беруші жалдау ақысына қосымша ақы қосуы;
2. Жалға беру келісімін мерзімінен бұрын аяқтап, арендаторға¹ ақы беруі (досрочное завершение);
3. Жаңа арендатор бұрынғы арендаторға ақы беруі.


Үш жағдай да рұқсат етілген келісімге жатады. Алғашқысы — жалдау ақысын көтеру, ал қалғандары — ерікті түрде жалдау құқығынан бас тартқан үшін сыйақы болып есептеледі.

¹ арендатор — жалға алушы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍2
ТӘЪМИН (САҚТАНДЫРУ)


🌐 Тәъмин сөзі ағылшын тіліндегі "insurance" яғни сақтандыру (страховка) деген мағынаны білдіреді. Сақтандыру — бір тараптың басқа тарапқа сақтандыру жағдайлары (оқыс немесе келісімде көрсетілген оқиға) орын алған жағдайда төлем беруге міндеттейтін келісім. Оның есесіне, бірінші тарап белгілі мерзім сайын төлем жасап отырады (ал қарымта жағдайда берілетін төлем одан едәуір көп болады). Басқаша айтқанда, сақтандыру — сенімсіздікті сенімділікпен ауыстыру.

Сақтандырудың бірнеше түрі бар:
1. Қайырымдылық сақтандыру

Бұл — зекет, садақа, қайырымсыз көмек, мирас, уақф, кәфәрат, нәзір және т.б. мүліктерден мұқтаж адамдарға берілетін көмек. Басқа сақтандыру түрлерінің мақсаты — адамға бұрынғы жағдайынан артық төлем жасау болса, қайырымдылық сақтандыруында — мұқтаж адамдарға қажеттіліктерін өтеуге жететіндей ғана қаражат беріледі.

Айта кетерлігі, бұл жоғарыда көрсетілген "классикалық сақтандыру" түріне жатпайды, себебі бұл жерде бірінші тараптан мерзім сайынғы төлем жүрмейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍1
ӨЗ-ӨЗІН САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ


🌐 Бұл өз-өзін белгісіз оқиғалардан сақтандыруын білдіреді. Яғни, "белгісіз күнге" (жаман мағынада «черный день») арнайы қор ашып, соған қаражат жинауы. Бұндай жағдай тек жеке адамдарға ғана емес, сонымен қатар кәсіпорындарға да қолданыла алады. Және бұндай қорды жаңадан ашылған кәсіпорынға қарағанда, көп уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорынға ашқан абзал. Себебі жаңадан ашылған кәсіпорынға бұндай қордан гөрі, айналымды (оборот) арттырған дұрыс.
Бұндай қор Исламда рұқсат етілген, себебі бұл жерде ешқандай риба және майсир (аз ақша салып, көп ақша алуды көздеу) жүрмейді.

ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ


🌐 Сақтандырудың бұл түрі — жұмысшыларды оқыс оқиға, ауруға шалдыққан, еңбекке жарамдылықтан айырылған жағдайларда оларды қамтамасыз етіп, сақтандыру үшін қолданылады. Бұл жерде төлемдерді 3 тарап жасайды: жұмысшы, жұмыс беруші, мемлекет.
Бұндай сақтандыру қарапайым сақтандыруға ұқсағандықтан, кейбір ғалымдар бұған рұқсат бермейді. Алайда, бұл жерде мемлекет араласатындықтан бұның нақты статусы әлі де белгісіз (яғни әр жағдай жеке қарастырылуы қажет).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍3
ӨЗАРА (ҰЖЫМДЫҚ) САҚТАНДЫРУ


🌐 Бұл сақтандыру алғашқы капиталы жоқ шағын топтарда кездеседі. Егер топтағы бір адам қиын жағдайға тап болса, басқалары ортақ қордан оған көмек береді. Бұндай сақтандырудың ерекшелігі — алаяқтық жағдайының төмен болуы, себебі барлық қатысушылар бір-бірін таниды. Ал кемшілігіне — алда келетін жағдайдың қандай болатынын және қанша қаражат қажет болатыны белгісіз, сондықтан қатысушылардың төлемі (взнос) аз болып қалуы мүмкін.

КОММЕРЦИЯЛЫҚ САҚТАНДЫРУ


🌐 Бұл сақтандыру (страховая) компаниясының пайда табу мақсатымен сақтандыру қызметін ұсынуы. Сол себепті, компания қатысушылардан белгілі бір тұрақты төлем алып, соның есебінен өз шығындарын және басқа қатысушылардың оқыс оқиғаларын қамтамасыз етеді.
Бұндай компания қызметі нақты харамға жатады, себебі салымшылар аз төлем (взнос) жасап, көп төлем (выплата) алуды мақсат етеді. Ал компания ол адаммен ешқандай оқыс оқиға орын алмауын мақсат етеді.

САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫ (ШЕШІМІ)


1️⃣ Кейбір ғалымдар барлық сақтандыру түрінен бас тартып, тек Ислами принциптер бойынша қаржыландыруды ұстану қажет деп санайды. Себебі, сақтандыру — риба (салған ақшадан көп алу), майсир (азарт, ставка), ғарар (белгісіздік), әділетсіздік және т.б. кесапаттарды қамтиды.
2️⃣ Басқалары, тек ұжымдық сақтандыруға рұқсат берген, себебі бұны қайырымдылық қор ретінде қарастыруға болады деген.
3️⃣ Ал үшінші топ (заманауи) ғалымдар тіпті коммерциялық сақтандыруға да рұқсат берген. Себебі, бұны ұжымдық сақтандыру ретінде қарап, одан түскен пайданы саудадан түскен пайда секілді қарау қажет деп санайды.

Анығын Алла біледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍1
ЖАҢА ТАРАУ. ИСЛАМИ БАНК


🌐 Банк — салымшылардан ақша тарттырумен айналысып, үшінші тарапқа қарыз берумен айналысатын қаржылық ұйым. Қысқаша айтқанда, салымшылармен қарызгерлердің арасындағы делдал (посредник). Банктің қызметтеріне салымдарды қабылдау, пайыздық қарыз беру, валюта айырбастау, ақша аудару, кепіл болу, сақтау жәшіктерін жалға беру сияқты қызметтер жатады.

Ислами банк — Шариғи шектеулерді сақтай отыра банк қызметтерін ұсынатын қаржылық ұйым. Олардың қызметіне мудараба (инвестиция), мурабаха (алып-сату және бөліп төлеу), иджара (жалға беру) және т.б. қызметтер жатады.

Шариғи тұрғыдан бірауыздан рұқсат етілген қызмет түрлеріне мудараба және мушарака жатады. Ал келесі бөлімдерде арнайы Шариғи шектеулері бар қызметтерді жеке талдайтын боламыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍5
АРНАЙЫ ШЕКТЕУЛЕРІ БАР БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ

1️⃣ Банк комиссиясы

Банк өз клиенттерінен қарыз бергендігі үшін комиссия ұстап қалады. Бұл беріліп жатқан қарыздың мерзіміне байланысты комиссия болса (яғни мерзім көбірек болған сайын комиссия көлемі де көбейсе), онда бұл комиссия қызметі Шариғат бойынша рұқсат емес. Ал егер бұл комиссия қарыз беру кезінде банктің шынайы шығындарын жабу үшін алынатын болса, онда бұл комиссияға рұқсат¹.

Комиссия алуға қарсы экономикалық тұрғыдан бірнеше дәлел бар. Мысалы, комиссия әрдайым кішкентай ғана суммамен өлшенеді, ал банктерге бұл айтарлықтай стимул әкелмейді. Одан бөлек, комиссия ҰБ-ке (Ұлттық Банк) несиелендіруді қадағалауды қиындатады, себебі банктің қарыздан алатын пайда мен комиссияны қосқандағы пайда мөлшері екітүрлі болады.

2️⃣Мурабаха

Кейде клиенттер банкке нақты сипаттамасы бар бір товарды сатып алуға өтініш жасайды. Банк болса товарды сатып алуға уәде беріп, клиент сол товарды банктен сатып алуға уәде береді. Кейін банк товарды сатып алып, клиентке қымбатырақ бағаға бөліп төлеуге сатады.

Егер банк пен клиент арасындағы келісім екі тараптың бірін міндеттеМЕйтін болса, бұндай келісімге ғалымдар рұқсат береді.



¹ «Постановления и рекомендации совета исламской академии правоведения». Бірақ соның өзінде кейбір ғалымдар бұл жерде риба болуы мүмкін деп ескертеді
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
АРНАЙЫ ШЕКТЕУЛЕРІ БАР БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ

3️⃣ Орындауды міндеттейтін уәде

Бұл туралы 3 түрлі көзқарас бар:
1. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, бұндай уәдені орындау ұнамды (желательно);
2. Уәдені орындау міндетті, ал орындамау тек негізді себеппен (уважительная причина) болады;
3. Уәдені орындау міндетті, егер екінші тарап оған шығындалған болса (Малики мазхабы бойынша).


Қазіргі кезде ғалымдардың мүлдем басқа мәселе бойынша пікірталасы бар: қазіргі кезде уәде ауызша келісімнен гөрі, келісімшарттың бір бөлігі болып кеткендей (яғни уәде ерікті түрде емес, мәжбүрлі болып кеткен секілді). Ислам банктеріндегі қазіргі мурабаха түрі рұқсат емес деген пікір қалыптасқан, себебі (1) банк өз иелігінде жоқ затты сатады; (2) екіжақты уәде мәжбүрлі келісімшарт ретінде жүруі. Дегенмен, бұл пікірге қарсылық білдіретін ғалымдар да бар.

4️⃣ Лизинг (аренда)

Бұл жалға алу мерзімі біткеннен кейін мүліктің алу-сату келісімі бойынша жалға алған тарапқа өтуі. Әрине, бұл келісім тек жалға алуға болатын мүліктерге ғана қатысты қолданылады (үй, көлік және т.б.). Қаржылық ұйымдарға да мүлікті бөліп төлеуге сатқаннан гөрі лизинге берген тиімдірек. Себебі бұндай жағдайда мүлік сатушы тараптың иелігінде қалады, ал жалға алу ақысы табыстың тұрақты болуына кепілдік іспеттес.

Осылайша, бұл жерде 3 уәде орын алады: (1) жалға берілетін мүлікті сатып алу; (2) мүлікті жалға алу; (3) мүлікті сатып алу. Егер бұл уәделер орындалуы мәжбүрлі болмаса, бұндай келісімге рұқсат. Ал егер мәжбүрлі болса, алдыңғы пункттегі дәлел секілді ғалымдар рұқсат бермейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
АРНАЙЫ ШЕКТЕУЛЕРІ БАР БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ

5️⃣ Азаюшы (убывающая) мушарака

Банк пен клиент мушарака бойынша бір ғимарат сатып алды делік. Келісім бойынша клиент белгілі бір мерзім өткен сайын бекітілген сумма бойынша банктің үлесін сатып алуға уәде береді де, банктің үлесі толықтай жойылғаннан кейін ғимарат клиенттің иелігіне өтеді. Бұндай келісімге кейбір ғалымдар рұқсат береді, ал рұқсат бермейтін ғалымдар "банк клиентке сататын кезде бекітілген сумма бойынша емес, сол кездегі нарықтық баға бойынша сатуы қажет" деген көзқарас білдіреді.

6️⃣Кепіл хат (гарантийное письмо)¹

Шариғат бойынша кепіл (поручительство) — қарыз секілді: екеуі де ізгі амал және көмек көрсету ниетімен болуы керек. Қарыз беруші қарыз үшін сыйақы (процент немесе үстемеақы) талап ете алмайтындығы сияқты, кепіл болушы да өз ісі үшін ақы талап ете алмайды.
Мысалы: кепіл тарап бір адамның атынан қарыз жауып, кейін сол ісі үшін артығымен ақша алатын болса, осы үстінен тапқан ақша риба болып саналады. Кепіл адамға тек өзі көтерген шығындардың (мысалы: транспорт сияқты) ақысын алуға рұқсат беріледі.

Ислам фиқһ академиясының Джиддада өткен Кеңесінің бірінде кепіл хат және материалдық қамтамасыз ету арасындағы айырмашылық жіктелді. Егер материалдық қамтамасыз ету бар болса, екі тарап арасындағы келісім «даман» (кепілдік, жауапкершілік) болып саналады. Ал егер материалдық қамтамасыз ету бар болса, екі тарап арасындағы келісім «уәкәлә» (өкіл адам) болып саналады, ал бұл үшін ақы алуға болады. Бірақ кепіл болған үшін ақы алуға болмайды. Бұл жерде егер түбі ақы алуға болмайтын болса, онда екі түрге жіктеудің қандай қажеттілігі бар деген сұрақ туындауы мүмкін?

Банктерге қамтамасыз етілген кепіл хат берген тиімдірек болады, себебі бұл жағдайда банк қаражатты да пайдаланып, қосымша табыс табуына болар еді. Алайда кепіл болғаны үшін ақы алуға болмайтындықтан, банктерге «мудараба» келісімі бойынша қаржыландыру жасаған абзал. Ал кепілдікке келетін болсақ — кепілге ақы алудан мудараба бойынша қаржыландыруға өтуге болады ма?

Бұл жердегі ескеретін қарапайым ереже — қандай да бір іске капитал не еңбек араласса, ол жерден алынатын пайда адал болады, ал тек кепіл (даман) болғандығы үшін ақы алу рұқсат емес.


¹ Кепіл хат — қарапайым тілмен айтқанда, келісімді орындайтындығы туралы жазбаша уәде
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5