Пайғамбар 🕋 былай дегені риуаят етіледі:
«Рамадан айында түнде иманмен және Алланың сый-сауабына үміт артып намаз оқыған адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі»
[әл-Бухари, 37; Муслим, 759].
✅ Рамадан айындағы түнгі нәпіл намаз түннің басында да, соңында да оқыла береді. Бұл намаздарға «тарауих» намазы да жатады. Мұсылман адам бұл намазды оқуға талпынуы, оған мән беруі және Аллаһтың сый-сауабын үміт етуі керек. Өйткені Рамадан айы санаулы ғана күндерден тұрады. Сондықтан ақылды, саналы мүмін бұл мүмкіндікті бар кезде пайдаланып қалуға тырысуы тиіс.
🕌 Алғашында Пайғамбар 🕋 Рамадан айында «тарауих» намазын мешітте жамағатпен бірге оқыған, кейін бұл намаз үмбетіне парыз болып қалмасынан қауіптеніп, оны жамағатпен оқуды тоқтатқан.
Әйша🕋 былай деп риуаят етеді:
*⃣ бірде (Рамадан айында) Алланың елшісі 🕋 түннің бір уағында үйінен шығып, мешітте намаз оқыды. Кейбір адамдар оған ілесіп, артында тұрып намаз оқыды. Таң атқанда олар бұл жайында өзгелерге айтып берді.
*⃣ Келесі түні мешітке жиналғандар көбейіп, олар Аллаһтың елшісі 🕋 -мен бірге намаз оқыды. Таңертең бұл хабар тағы да тарады. Үшінші түні мешітке одан да көп адам жиналды. Аллаһтың елшісі 🕋 үйінен шығып, намаз оқыды, ал адамдар оған ілесіп намаз қылды.
*⃣ Төртінші түні мешіт намаз оқығысы келгендердің бәрін сыйдыра алмады. Таңертең Пайғамбар 🕋 таң намазына шықты. Намазды аяқтаған соң адамдарға бұрылып, шәһадат сөзін айтты да былай деді:
«Содан кейін, шын мәнінде, сендердің (мұнда) болғандарың мен үшін жасырын болған жоқ. Алайда мен бұл намаз сендерге парыз болып қалады да, сендер оны орындай алмай қаласыңдар ма деп қорықтым».
[әл-Бухари, 2012; Муслим, 761].
🌟 #Рамазан_мубарак
#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын
✅ Telegram
📱 WhatsApp
🌐 Instagram
😄 Status
«Рамадан айында түнде иманмен және Алланың сый-сауабына үміт артып намаз оқыған адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі»
[әл-Бухари, 37; Муслим, 759].
«…иманмен…» — яғни Аллаһқа иман етіп және Ол бұл намазды оқығандарға уәде еткен сый-сауапқа иман етіп.
«…Аллаһтың сый-сауабына үміт артып…» — яғни бұл намазды рия (көзбояушылық) үшін емес, атақ-даңқ, дүние-мүлік немесе бедел үшін емес, тек Аллаһтың разылығы мен Оның сый-сауабын қалап оқу.
Әйша
«Содан кейін, шын мәнінде, сендердің (мұнда) болғандарың мен үшін жасырын болған жоқ. Алайда мен бұл намаз сендерге парыз болып қалады да, сендер оны орындай алмай қаласыңдар ма деп қорықтым».
[әл-Бухари, 2012; Муслим, 761].
📚 “Рамадан айындағы мәжілістер” кітабынан үзінді: Төртінші мәжіліс.
#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥7👍4 3 1
وَأَصْلِحْ لِي دُنْيَايَ الَّتِي فِيهَا مَعَاشِي،
وَأَصْلِحْ لِي آخِرَتِيَ الَّتِي فِيهَا مَعَادِي،
وَاجْعَلِ الْحَيَاةَ زِيَادَةً لِي فِي كُلِّ خَيْرٍ،
وَاجْعَلِ الْمَوْتَ رَاحَةً لِي مِنْ كُلِّ شَرٍّ.
(Муслим риуаят еткен хадис)
Рамазан айын күнделікті дұға жаттаумен көркемдеңіз !#Рамазан_мубарак
#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥9👍9 4⚡1🎉1💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥8👍4✍2💯1 1
Ораза ұстаған жанды ауыз аштырудың артықшылығы туралы Аллаһтың Елшісі ﷺ айтты:
«Кімде-кім ораза ұстаған адамды ауыз аштырса, оған сол ораза ұстағанның сауабындай сауап беріледі. Алайда бұл ораза ұстағанның сауабынан ешнәрсені кемітпейді».
«Рамазан айында кедейлерді тамақтандыру – Исламның сүннеттерінен. Өйткені Пайғамбар ﷺ: “Кім ораза ұстағанды ауыз аштырса, оған оның сауабындай сауап бар” – деген».
«Хадистің сыртқы мағынасы: адам ораза ұстағанды бір түйір құрмамен болса да ауыз аштырса, оған сол ораза ұстағанның сауабындай сауап жазылады».
«Егер мұсылман ораза ұстағандарды ауыз аштыруға садақа берсе, ол сауапқа бөленеді. Бұл – садақаның бір түрі. Мұны өзі тікелей жасаса да, сенімді адамдар арқылы немесе сенімді қайырымдылық ұйымдары арқылы жасаса да – бәрібір (сауап алады)».
«Адам шамасы келгенше ораза ұстағандарды ауыз аштыруға тырысқаны жөн. Әсіресе, олар мұқтаж немесе кедей болса, не болмаса ауызашар дайындап беретін ешкімі болмаса – бұған ерекше көңіл бөлу қажет».
◻️ “Рамадан айындағы мәжілістер” кітабынан үзінді: Бесінші мәжіліс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥7👍6💯3 3 1
әрі оған жақындататын әрбір сөз бен амалдан сақтауыңды тілеймін.
Рамазан айын күнделікті дұға жаттаумен көркемдеңіз !#Рамазан_мубарак
#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥10 7💯5✍3⚡1👍1🎉1🏆1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥6👍6✍3 3
«Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Аллаһтан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥5 4 3👍2
Рамазан айын күнделікті дұға жаттаумен көркемдеңіз !#Рамазан_мубарак
#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥4 4 2✍1👍1 1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бұл ұлы маусымды пайдаланып қал...! 🎙️ Шейх Абдур-Раззақ ибн Абдул-Мухсин әл-Бадр▫️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥6 4✍2 2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥3 3✍2 1
КӨРКЕМ МІНЕЗДІ БОЛУҒА ТЫРЫСЫҢЫЗАйша
◻️ Ахмад риуаят еткен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ قَلْبٍ لَا يَخْشَعُ، وَمِنْ دُعَاءٍ لَا يُسْمَعُ، وَمِنْ نَفْسٍ لَا تَشْبَعُ، وَمِنْ عِلْمٍ لَا يَنْفَعُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ هَؤُلَاءِ الْأَرْبَعِ.
Аллаһуммә инни ә‘узу бикә мин қолбин лә йахша‘,
уә мин ду‘аин лә йусма‘,
уә мин нәфсин лә тәшба‘,
уә мин ‘илмин лә йәнфа‘.
Ә‘узу бикә мин һәула’ил-арба‘.
Уа, Аллаһ!
Мен Саған ықылассыз, жұмсармайтын жүректен сиынамын.
Қабыл болмайтын дұғадан сиынамын.
Тоқтамайтын ашкөз нәпсіден сиынамын.
Пайда бермейтін білімнен сиынамын.
Осы төрт нәрседен Сенен пана сұраймын!
(Әбу Дәуд және басқалар риуаят еткен, хадис — сахих иснадпен.)
⸻
🗓 Рамазан айын күнделікті дұға жаттаумен көркемдеңіз !
🌟 #Дұға_мұсылманның_қаруы
#Рамазан_мубарак
#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын
✅ Telegram
📱 WhatsApp
🌐 Instagram
😄 Status
Аллаһуммә инни ә‘узу бикә мин қолбин лә йахша‘,
уә мин ду‘аин лә йусма‘,
уә мин нәфсин лә тәшба‘,
уә мин ‘илмин лә йәнфа‘.
Ә‘узу бикә мин һәула’ил-арба‘.
Уа, Аллаһ!
Мен Саған ықылассыз, жұмсармайтын жүректен сиынамын.
Қабыл болмайтын дұғадан сиынамын.
Тоқтамайтын ашкөз нәпсіден сиынамын.
Пайда бермейтін білімнен сиынамын.
Осы төрт нәрседен Сенен пана сұраймын!
(Әбу Дәуд және басқалар риуаят еткен, хадис — сахих иснадпен.)
⸻
#Рамазан_мубарак
#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАСИЕТТІ АЙДА АНА-АНАҢЫЗҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАҢЫЗ
«Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық: «Уа адам баласы! Маған және ата-анаңа шүкір ет! Ақыр соңында Маған қайтасың»
Аллаһ Тағала адам баласына ата-анасына жақсы қарым-қатынаста болуды өсиет етіп, осы өсиетті орындаған-орындамағаны жайлы міндетті түрде сұрайтынын білдірді. Адам Аллаһқа шүкір етуге, Оған ғана құлшылық жасауға, Өзінің алдындағы міндеттерін орындауға және Аллаһтың берген нығметтерін күнә жасауға пайдаланбауға міндетті. Сонымен қатар оған ата-анасына құрметпен қарау, олармен жұмсақ әрі әдепті сөйлесу, жақсылық жасау, олардың алдында кішіпейіл болу, қадір-қасиетін сақтау, қолдау көрсету және оларды ренжітетін кез келген іс-әрекет пен сөзден барынша аулақ болу бұйырылған.
Аллаһ Тағала адам баласына осылай істеуді әмір етіп, ақыр соңында адамның осы өсиетті жүктеген әрі оны орындауды міндеттеген Аллаһқа қайта оралатынын хабарлады. Сол күні Аллаһ құлынан: «Бұл өсиетті орындадың ба?» — деп сұрайды. Егер оны орындаған болса, мол сауапқа кенеледі. Ал егер оны бұзған болса, ауыр азапқа ұшырайды.
Ата-анаға құрмет көрсетуді міндеттейтін себеп ретінде Ұлы Аллаһ ананың баласын құрсағында көтеріп, әлсіреген үстіне әлсіреп, үлкен қиындықтарға төзгенін еске салды. Жүктілік басталған сәттен-ақ әйел әлсізденіп, ауырсынып, түрлі күйге түседі. Одан кейін толғақ басталып, өте қатты ауырсынуларды бастан кешіреді. Ал бала дүниеге келген соң, оны бағып-қағып, тәрбиелеп, екі жыл бойы емізеді. Осыншама қиындықты баласы үшін көтеріп, сонымен қатар оған ең шынайы әрі терең махаббат танытқан адамға баланың жақсы қарым-қатынаста болуы қажет емес пе?
📕Тафсир ас-Саади: Лұқман сүресі, 14 аят.Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7 4❤🔥3💯1 1
بسم الله الرحمن الرحيم
📌 Әйелдің мешітте намаз оқуы
Әйелдің намазды үйінде оқуы – мешітте оқуынан абзалырақ. Бұл үкім парыз намаздарға да, нәпіл намаздарға да, соның ішінде тарауих намазына да қатысты.
🔖 Тұрақты комитет ғалымдары былай деген: «Әйелдің намазды үйінде оқуы – мешітте оқуынан жақсырақ. Парыз болсын, нәпіл болсын, тарауих немесе басқа намаз болсын». («Фатауа әл-Ләжнә әд-Дәима», 1-топ, 7/201)
📌 Әйелдердің үйде тарауих намазын оқу тәртібі
Әйел тарауих намазын үйінде өзіне жеңіл болған мөлшерде оқиды әрі шамасы келгенше сүннетті ұстанады. Егер Құранды жатқа білсе және намазды ұзақ оқуға шамасы жетсе, онда он бір немесе он үш рәкәғат етіп, екі-екіден сәлем беріп оқиды да, соңында бір рәкәғат уитрмен аяқтайды.
Ал егер ұзақ оқуға шамасы жетпесе, Аллаһ жазған мөлшерде екі-екіден оқи береді. Қашан өз шамасына жеткенін байқаса, бір рәкәғат уитр оқып, намазын тәмамдайды.
🔖 Тұрақты комитет ғалымдары айтқан: «Тарауих намазы он бір немесе он үш рәкәғат болып, әр екі рәкәғаттан кейін сәлем беріп, соңында бір рәкәғат уитр оқу – абзалырақ. Бұл – Пайғамбарға ▫️ еру. Ал кім оны жиырма немесе одан да көп рәкәғат етіп оқыса, еш айып жоқ. Өйткені Пайғамбар ▫️ : “Түнгі намаз – екі-екіден. Ал егер таң атады деп қорықсаңдар, бір рәкәғат оқып, бұрын оқығандарыңды уитр етіңдер” – деген (Бухари мен Муслим риуаят еткен). Ол ▫️ рәкәғат санын нақты шектемеген».
📌 Әйелдің үйде тарауих оқу үшін Құранды толық жатқа білуі шарт па?
Әйелдің тарауих намазын үйінде оқу үшін Құранды толық жатқа білуі шарт емес. Егер Құранды немесе оның жеткілікті бөлігін жатқа білсе, сол білгенімен оқиды.
Ал егер жатқа білетін мөлшері намазда оқуға жеткіліксіз болса, онда әйелге де, ер адамға да намазда Құраннан қарап оқуға рұқсат.
🔖 Шейх Ибн Баз ▫️ былай деген:
«Егер қажеттілік туындаса, имам болған адамға немесе түнде намаз оқып жатқан әйелге, не Құран жатқа білмейтін ер адамға Мусхафтан қарап оқуында еш айып жоқ».
Егер үйде бірнеше әйел болса, олардың жамағат болып намаз оқуларына да рұқсат. Ондай жағдайда имам болған әйел олардың ортасында тұрады және шамасы келгенше Құран оқиды. Мусхафтан оқыса да, еш айып жоқ.
🔖 Шейх Ибн Усәймин ▫️ айтқан:
«Әйелдің намазды үйінде оқуы абзалырақ, тіпті мешітте тарауих намазы оқылып жатса да. Егер үйінде оқыса, үйдегі әйелдермен жамағат болып оқуында еш айып жоқ. Ал егер Құраннан аз ғана жатқа білсе, мусхафтан оқуы да рұқсат».
📌 Әйелдің мешітте тарауих намазын оқуы
Әйелдің тарауих немесе басқа намаздарды мешітте ерлермен бірге жамағатта оқуына рұқсат етіледі. Әсіресе ұзақ намазға ынталы болуына және оны тұрақты орындауына көмектессе. Дегенмен, негізінде парыз да, нәпіл де намаздарын үйінде оқуы – мешітте оқуынан абзалырақ.
🔖 Шейх Ибн Баздан ▫️ әйелдің мешітте тарауих намазын оқу үкімі туралы сұралғанда, ол былай жауап берген: «Негізінде әйелдің намазды үйінде оқуы – ол үшін жақсырақ әрі абзалырақ. Алайда егер ол мешітте оқудың пайдасын көрсе, толық жабық, сақтанған күйде барса; өйткені бұл оған белсендірек болуына немесе ғылыми дәрістерден пайда алуына себеп болса – онда бұған рұқсат, еш айып жоқ. Керісінше, онда үлкен пайда мен игі амалға ынта бар». Сондай-ақ одан: «Әйелдің ерлермен бірге мешітте тарауих намазын оқуы рұқсат па?» – деп сұралғанда, ол: «Иә, егер үйінде жалқауланып қалудан қорықса, бұл оған мұстахаб. Әйтпесе, үйі абзалырақ. Бірақ қажеттілік туындаса, рұқсат. Әйелдер Пайғамбармен ▫️ бірге бес уақыт намаз оқитын. Бірақ Ол ▫️ : “Олардың үйлері өздері үшін жақсырақ” – деген.
Алайда кейбір әйелдер үйінде жалқауланып әлсірейді. Егер оның мешітке шығуы жабық, хижабты, әшекейленуден алыс болып, мақсаты намаз оқу және ғалымдардан пайдалы білім тыңдау болса, онда ол осы ниеті үшін сауап алады. Өйткені бұл – игі мақсат».
🔖 Шейх Ибн Усәймин ▫️ да былай деген: «Әйелдің тарауих намазын үйінде оқуы абзалырақ. Бірақ егер мешітте оқығаны оған белсендірек әрі ықыластырақ болса, ал үйінде оқыса намазын жоғалтып алам ба деп қорықса, онда бұл жағдайда мешітте оқуы жақсырақ болуы мүмкін».
📚 Дереккөзі: Сұрақ&Жауап
🌟 #Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын
📱 Instagram
🌐 Telegram
📞 Whatsup
💬 Status
Әйелдің намазды үйінде оқуы – мешітте оқуынан абзалырақ. Бұл үкім парыз намаздарға да, нәпіл намаздарға да, соның ішінде тарауих намазына да қатысты.
Әйел тарауих намазын үйінде өзіне жеңіл болған мөлшерде оқиды әрі шамасы келгенше сүннетті ұстанады. Егер Құранды жатқа білсе және намазды ұзақ оқуға шамасы жетсе, онда он бір немесе он үш рәкәғат етіп, екі-екіден сәлем беріп оқиды да, соңында бір рәкәғат уитрмен аяқтайды.
Ал егер ұзақ оқуға шамасы жетпесе, Аллаһ жазған мөлшерде екі-екіден оқи береді. Қашан өз шамасына жеткенін байқаса, бір рәкәғат уитр оқып, намазын тәмамдайды.
Әйелдің тарауих намазын үйінде оқу үшін Құранды толық жатқа білуі шарт емес. Егер Құранды немесе оның жеткілікті бөлігін жатқа білсе, сол білгенімен оқиды.
Ал егер жатқа білетін мөлшері намазда оқуға жеткіліксіз болса, онда әйелге де, ер адамға да намазда Құраннан қарап оқуға рұқсат.
«Егер қажеттілік туындаса, имам болған адамға немесе түнде намаз оқып жатқан әйелге, не Құран жатқа білмейтін ер адамға Мусхафтан қарап оқуында еш айып жоқ».
Егер үйде бірнеше әйел болса, олардың жамағат болып намаз оқуларына да рұқсат. Ондай жағдайда имам болған әйел олардың ортасында тұрады және шамасы келгенше Құран оқиды. Мусхафтан оқыса да, еш айып жоқ.
«Әйелдің намазды үйінде оқуы абзалырақ, тіпті мешітте тарауих намазы оқылып жатса да. Егер үйінде оқыса, үйдегі әйелдермен жамағат болып оқуында еш айып жоқ. Ал егер Құраннан аз ғана жатқа білсе, мусхафтан оқуы да рұқсат».
Әйелдің тарауих немесе басқа намаздарды мешітте ерлермен бірге жамағатта оқуына рұқсат етіледі. Әсіресе ұзақ намазға ынталы болуына және оны тұрақты орындауына көмектессе. Дегенмен, негізінде парыз да, нәпіл де намаздарын үйінде оқуы – мешітте оқуынан абзалырақ.
Алайда кейбір әйелдер үйінде жалқауланып әлсірейді. Егер оның мешітке шығуы жабық, хижабты, әшекейленуден алыс болып, мақсаты намаз оқу және ғалымдардан пайдалы білім тыңдау болса, онда ол осы ниеті үшін сауап алады. Өйткені бұл – игі мақсат».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9 8❤🔥5 3 2✍1 1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥3✍3 2 2👍1 1
🔖РАМАДАНДА ЛАҒУ МЕН БОС НӘРСЕДЕН АУЛАҚ БОЛУ!«Кімде-кім жалған сөзді және сонымен қатар амалды, сондай-ақ надандықты тастамаса, Аллаһ оның тамағы мен сусынын тастағанына мұқтаж емес»
📚 Бухари риуаят еткен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍5 4❤🔥1 1
وَعَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ، وَإِلَيْكَ أَنَبْتُ،
وَبِكَ خَاصَمْتُ.
اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِعِزَّتِكَ،
لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ، أَنْ تُضِلَّنِي،
أَنْتَ الْحَيُّ الَّذِي لَا يَمُوتُ،
وَالْجِنُّ وَالْإِنْسُ يَمُوتُونَ.
уә ъалайка тәуәккәлту, уә илайка әнабту,
уә бика хасамту.
Аллаһумма инни әъузу би-ъиззәтик,
лә иләһә иллә әнтә ән тудилләни.
Әнтәл-Хаййул-ләзии лә йәмут,
уәл-жинну уәл-инсу йәмутун.
Саған бойсұндым, Саған иман келтірдім.
Тек Саған тәуекел еттім, Саған ғана бет бұрдым.
Дауларымда да Саған сүйенемін.
Уа, Аллаһ!
Құдіретіңмен Саған сиынамын:
Мені адастыра көрме.
Сен — мәңгі тірісің, өлмейсің.
Ал жын мен адам баласы өледі.
📚 Муслим риуаят еткен хадис.
#Рамазан_мубарак
#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥6👍3 3 1