ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚСТАНДА
958 subscribers
834 photos
54 videos
11 files
630 links
Ханафи мәзһәбы,
Матуриди ақидасы.

Біздің инстаграм:
instagram.com/islam_dini_kazakhstanda
Download Telegram
Audio
Жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтару жайлы.

Ұстаз Исрафил Бегей xафизаһуллаһ

Тыңдаймыз және бөлісеміз

t.me/israfil_begei
Audio
Пайғамбар ﷺ музыкаға рұқсат берген бе?

Ұстаз Исрафил Бегей xафизаһуллаһ

Тыңдаймыз және бөлісеміз

t.me/israfil_begei
Forwarded from ХАНАФИЛЕР АЙМАҒЫ
​​Отанды сүю - иманнан деген хадис барма?

حب الوطن من الإيمان

«Отанды сүю- иманнан» – бұны «әл-Әсрарул-Марфуа» кітабында Имам Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи (рахимаһуллаһ) келтіреді.

Шейх Әли әл-Қари, осы кітапта жалған хадистерді жинаған еді, осы хадис жайлы ол былай деді:
«Бұл хадистің негізі жоқ деп айтылады, немесе ол негізінде ойдан шығарылған».

Бұған қоса, отанды сүю тек мұсылмандарға ғана тән қасиет емес, бұл қасиет мұсылман еместерде де бар. Сондықтан мұсылмандарда отанды сүю ол иманан, ал мұсылман еместерде ол иманан емес деу қате болушы еді. Бұдан тыс Шейх Әли әл-Қари хадистегі отан сөзі Жәннәтті, Меккені және Аллаға қайтуды меңзеуі мүмкін дейді.
«әл-Әсрарул-Марфуа», 189-191, хадис № 164.

Және, әс-Сығани былай деп айтты:
«Бұл тоқыма хадис». (Маудуат әс-Сығани, 53)

Әс-Сахауи және әс-Суюти айтты:
«Мен бұны білмеймін». (әл-Мақасид әл-хасана, 218 әд-Дурар әл-Мунтасира, 65)

Әз-Зарқани айтты:
«Маған бұл хадис белгілі емес».
(Мухтасар әл-Мақасид, 361)

Бірақ егерде «Ислам жерлерін сүю бұл иманан», деп айтса бұл ақиқатқа жақын, алайда кейбір ғалымдар айтқандай мағына жағынан ғана, хадис жағынан емес.

Сондықтан, біз бұл хадис емес екенін білгеннен соң оны Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөздеріне жатқызуымызға болмайды, өйткені былай деп айтылған:
«Кім менің атымнан жалған сөз айтса өзіне тозақтан орын дайындай берсін».
(Имам Ахмад)

«Маған жала жаппаңдар, өйткені кім солай істесе міндетті түрде тозақтан өз орынын табады!».
(Бухари, 107)

«Кім менің атымнан мен айтпаған сөзді айтса сол тозақтан өзіне орын дайындасын!».
(Бухари, 109)


t.me/darulahnaf_com
Forwarded from ҰСТАЗ ИСРАФИЛ БЕГЕЙ
Рамазан айының кіруі.m4a
9 MB
Forwarded from ҰСТАЗ ИСРАФИЛ БЕГЕЙ
➖Ораза айының анықталуы..
➖Оны қалай білеміз?

🎙 Ұстаз Исрафил Бегей хафизахуллаһ
*СҮННЕТТІ ҰСТАНУШЫ АДАМ ҚАНДАЙ КЕРЕМЕТ. ОЛ ТҮЙМЕДАҚТАРДЫҢ АРАСЫНДА ӨСІП ТҰРҒАН ӘДЕМІ РАУШАН ГҮЛ ТӘРІЗДІ.*
t.me/islam_dini_kazakhstanda
СҰРАҚ:
Қадірлі бауырым, қазір сіз оқып жатқан елдің ғалымдары Рамазан айының басталуын қалай анықтап жатыр?

ЖАУАП:
Айды көрумен.
СҰРАҚ:
Мұндай хадис бар ма: «Біз есептеулер, болжамдар бойынша өмір сүрмейтін халықпыз. Біз жазбаймыз және есептемейміз. Бір ай мынадай (29 күннен тұратын) болуы мүмкін немесе мынадай (30 күннен тұратын) болуы мүмкін. Жаңа айды көргенде оразаны бастап, Шәууәл айында аяқтандар»?

ЖАУАП:
«Сахих» әл-Бухари, No 1913 және No 1909.
_____________

СҰРАҚ:
Бұл хадисті қалай дұрыс түсінуге болады?

ЖАУАП:
Бұл хадистің мағынасы мынадай: Ислам дінінің бұйрықтары, намаз бен ораза сияқты, білімді де, білімсіз де мұсылмандарға (яғни, баршасына) арналған. Сондықтан олардың парыз болған ғибадаттар бәріне түсінікті нәрселер арқылы бекітілу керек, мысалы, намаз уақыттары, айдың басталуы мен аяқталуын айды көру арқылы деген сияқты.
_____________

СҰРАҚ:
Мұндай жағдайда Рамазан айын есептеу арқылы анықтау заңдыма? Және неге? Джазакуму Аллаху хайрон.

ЖАУАП:
Бұл фақиһ ғалымдар арасындағы ихтиләф мәселесі. Кейінгі ғасырдың шәфиғи фақиһтері бұл пікірдің дұрыстығын көрсетті. Менің білуімше, бұл шариғаттағы заңды пікір. Алла білуші.
Forwarded from ҰСТАЗ ИСРАФИЛ БЕГЕЙ
Рамазанның кіруі 2.m4a
4.4 MB
Forwarded from ҰСТАЗ ИСРАФИЛ БЕГЕЙ
➖ Айдың көрінуі (2-бөлім)

🎙 Ұстаз Исрафил Бегей хафизахуллаһ
СҰРАҚ:
Рамазан айы бүкіл әлемде бір күнде болама немесе әр елде, аймақтарда әр түрлі болуы мүмкінбе?

ЖАУАП:
Әр жерде Рамазан айын анықтау жүйесіне байланысты. Бір елде математикалық есептеу арқылы анықтайды, бір елде айды жердің кез-келген жерінде көрумен шектеледі, ал бір елдер айды өз аймағында бақылайды. Осы үш тәсіл де шариғат бойынша заңды.
Ақпарат сенімді бауырлар, Алла куә.
Имам аш-Шабрамаллуси жеңілтек әйелдің екі сипаты (7/105): «Жүзін ашып жүру және бөтен еркектермен араласу», деді.
Яхья ибн Кәсир (Алла оны рақымына алсын) былай дұға ететін айтатын:

اللَّهُمَّ سَلِّمْنِي لِرَمَضَانَ، وَسَلِّمْ رَمَضَانَ لِي، وَتَسَلَّمْهُ مِنِّي مُتَقَبَّلً

«Иә, Алла! Мені Рамазанға сақта және Рамазанды мен үшін сақта, сондай-ақ Рамазан айын меннен қабыл еткен күйде сақта!».

“Аллаһумма сәллимни ли-Рамадан уә сәллим Рамадана ли, уә тәсәлләмһу минни мутақаббәл”.

«Латайф әл-Мәәриф», Ибн Раджаб әл-Ханбали, 148 бет.

https://darulfikr.ru/articles/podgotovka-k-ramadanu/
Имам аз-Захаби айтты:

“Иман келтіргендерде мынадай тұжырым бар: кімде-кім ешқандай себепсіз Рамазан айының оразасын қаза қылса, онда ол зинақордан да, араққор және өсім жеушіден де жаман делінген. Сонымен қатар бұндай адамдардың иманына күмән бар”.

“әл-Кабаир” 78

Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) айтты:

“Кім Рамазан айының бір күнін себепсіз бұзса, ол өмірінің соңына дейін ораза тұтса да оның орнын толтыра алмайды Алламен кездескенге дейін. Егер Алла қаласа оны кешіреді. Ал егер қаламаса жазасын береді”.

Ибн Абу Шайба 9784
Audio
Рамазан айының ораза ұстау тәртібі жайлы.

🎙Ұстаз Исрафил Бегей xафизаһуллаһ

🔊Тыңдаймыз және бөлісеміз↩️

t.me/israfil_begei
Хафиз Ибн Раджаб, رحمه الله айтты:
«Ақымақтар Рамазан айын қиындықпен өткізеді, себебі бұл айдағы ораза, намаз сияқты құлшылықтар олар үшін машақат боп есептеледі. Және бұл надандардың көбі Рамазан айының ауыз ашар кезіндегі намаздан басқа намаз оқымайды. Және олардың көбі ауыр күнәлардан Рамазан айында тиылатындықтары себепті, бұл ай олар үшін ауыр ай болып есептеледі де, осы айдың бітуін қалап, күн мен түнді санап жүреді, өйткені олар жасап жүрген күнәларын тастағылары келмейді. Бұндай адамдар біле тұра күнәларында қасарысқан бақытсыздар. Және олардың араларында тіпті Рамазан айында да күнәдан тиылмайтындары да бар».

🖋️ Қр. “әл-Лятаиф” 158.
Audio
Екіжүзді мұсылмандардың заманы.

Ұстаз Исрафил Бегей xафизаһуллаһ

Тыңдаймыз және бөлісеміз

t.me/israfil_begei