IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Alina's place
Бүгін Тасқынмен эфир 💫 Zoom: https://us06web.zoom.us/j/83379979431?pwd=T3d4ZG5ERGxPWnJYZWtUSVJRbXgyUT09 Post: https://www.instagram.com/p/Ck6Av2Jq8SU/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Data Science болашағы

"Рухани Туыс" ұжымының қолдауымен өткен вебинар-подкастты тыңдауға кеңес береміз.

Подкастта data science бойынша көптеген сұрақтарға жауап берілді. Одан бөлек тұлғалық даму бойынша да практикадан өткен тәжірибелер талқыланды.

https://www.youtube.com/watch?v=b91iCjQgpo4&ab_channel=ITbilim


Бұған дейін Тасқын "Машиналық оқыту" тақырыбында да вебинар өткізген болатын.
Вебинарға сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=OWK__SDH7ls&ab_channel=ITbilim
👍12
IT bilim pinned a photo
Live stream started
IT bilim
IT Bilim Webinar - Parallel & Distributed computing 🪄 Гуглда аға-инженер бағдарламашы боп қызмет атқаратын Жасан ағамыз Параллель және үлестіріп есептеу тақырыбында вебинар жүргізеді. Үлкен процесстерді қалай бөлшектеп басқару жайында әңгіме болады. Бұл…
IT Bilim Webinar - Parallel & Distributed computing 🪄

Гуглда аға-инженер бағдарламашы боп қызмет атқаратын Жасан ағамыз Параллель және үлестіріп есептеу тақырыбында вебинар жүргізеді. Үлкен процесстерді қалай бөлшектеп басқару жайында әңгіме болады. Бұл тақырыптың өзектілігі соншалық барлық бағдарламаның тез/баяу жұмыс істеуі осы заттарға тікелей байланысты.

Вебинарымыз басталуда, сілтеме төменде👇
https://t.me/it_bilimkz?livestream
👍10
Forwarded from Codeforces KZ
Бүгін кешкі сағат 20:35-те енді ғана бастағандарға арналған ресми рейтингтік контестінен қалып қоймаңыздар!!

Рейтинг көтеруге тамаша мүмкіндік!

https://codeforces.com/contests/1760
👌7❤2🐳1
Барлықтарыңызға сәлем!

Қазақша контентті көбейтетін каналдар ашылып жатса, оған қатты қуанып жатамыз.

Сондай каналдардың бірі https://t.me/+vAm7D1vaingxNzA6 енді ғана ашылып, онда Джава тілін 0-ден бастап үйретуді қолға алған Данияр Мырзаканов деген жігітті қолдап, сабақтарын қарауға кеңес береміз.

Мен (Ерғали ағай) оны сонау Алматы ҚазҰТУ-дан танимын (яғни группаласым), ол өзі бірнеше үлкен компаниялар мен менмін деген банктердің көпшілігінде істеп опыт жинаған жігіт.

@dmyrzakanov Дәке, сәттіліктер! Давай баса бер, артыңа қарама!!
🔥17👍6
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Барлықтарыңызға сәлем!

Өздеріңіз білетіндей қазіргі таңда, аптасына 3-рет, және әр сабақ соңында 8-10 тапсырмадан тұратын “Python көмегімен деректерді талдау” деген курсты Бөкетов Қарағанды Универститетімен бірге онлайн жүргізіп, кейін бүкіл сабақтарды тегін YouTube платформасында “Үздік Білім” арнасына жүктеудемін.

Жалпы бұл курс 2-бөлімнен тұрады, алғашқы бөлімі “Python негіздерін” толықтай 7-сабақта қамтып, қарасытырып өттік. Оның барлығы арнада.

Енді алда, яғни келесі сабақтан бастап, "Деректерді талдау бөлімін" бастаймыз. Міне нағыз курсқа кіреміз.

Ол жерде негізінен Jupyter Notebook ортасында жұмыс жасайтын болғандықтан, өздеріңізге соны орнатып алуды кеңес беремін.

Орнату үшін, жалпы танысу үшін мына сілтемелерді басып көре аласыһдар:
- Windows OS-қа Jupyter Notebook орнату: https://youtu.be/uB08wMTKs_8
- Mac OS-қа Jupyter Notebook орнату: https://youtu.be/adsjHBWy000
- Jupyter Notebook танысу: https://youtu.be/wduZoV5VoWc
- Google Colab Notebook танысу: https://youtu.be/QishY4BCJhk

2-ші бөлімі одан да қызық болып, жаңа білімді шыңдауға ат салысайық!

Әрине келесі бөлім көбіне студенттер мен жұмысшыларға маңыздырақ болуы мүмкін, сабақтарына, диссертацияларына, не анализ жасайтын жұмысшыларға өте қажет болуы мүмкін.

Дегенмен оқушыларға да пайдалы болады, егер де ғылыми жобаларда жақсы жүлделі орындар алам десе, кез келген ғылыми жобада артында керемет анализдік талдаулар болуы қажет.

Жалпы алғанда курс ешкімді шектемеді, бәріне ашық!

PS. Курсқа қатысу үшін математика не статистикадан күшті болу міндетті емес, бірақ олардың бары сіздерге одан да күшті features (ерекшеліктер-особенности) табуға әсер етеді.
👍14
1 желтоқсанда Алматыда TrueConf командасы бейнеконференцбайланыс және тиімді бірлескен жұмыс туралы оқыту семинарын өткізеді. Жүйелік администраторларды (сис админ), АТ-бөлім басшыларын, АТ - және AV-мамандардын, сондай-ақ мемлекеттік сектор, бизнес және медицина өкілдерін шақырамыз!

🕝 Қашан: 1 желтоқсан, 10:00 (Астана уақыты бойынша)
📍 Қайда: Тимирязев көшесі, 2Д, Holiday Inn қонақ үйі

Семинар аясында:

🔹 сізге қызметкерлердің қашықтан немесе бірлескен жұмысын қалай сауатты және тиімді ұйымдастыру керектігін айтады
🔹 Windows және Linux ОЖ үшін Ресейдегі ең танымал VKS серверін TrueConf Server 5 басқару негіздерін үйретеді
🔹 БКС және корпоративтік мессенджер функцияларын біріктіретін клиенттік қосымшалардың жаңа буыны таныстырылады
🔹 жұмыс орындары мен келіссөздер бөлмелерін жабдықтауға арналған озық ВКС шешімдерін көрсетеді
🔹 отандық бағдарламалық және аппараттық платформаларда табысты жұмыс тәжірибесін талдайды.

Айти мамандары үшін қатысу тегін. Тіркелу міндетті.

📌 Қосылыңыз!
👍6
1 декабря в Алматы команда TrueConf проведет обучающий семинар о видеоконференцсвязи и эффективной совместной работе. Приглашаем системных администраторов, руководителей ИТ-отделов, ИТ- и AV-специалистов, а также представителей госсектора, бизнеса и медицины — будет интересно!

🕝Когда: 1 декабря в 10:00 по местному времени
📍Где: ул. Тимирязева, 2Д, гостиница Holiday Inn

В рамках семинара:

🔹 расскажут как грамотно и эффективно организовать удаленную или совместную работу сотрудников
🔹 обучат основам администрирования самого популярного сервера ВКС в России TrueConf Server 5 для ОС Windows и Linux
🔹 представят новое поколение клиентских приложений, которые объединяют в себе функции ВКС и корпоративного мессенджера
🔹 продемонстрируют передовые ВКС решения для оборудования рабочих мест и переговорных комнат
🔹 разберут успешные практики работы на отечественных программных и аппаратных платформах.

Участие бесплатное для ИТ-специалистов. Регистрация обязательна.

📌 Присоединяйтесь!
👍3
Advent Of Code деген желтоқсан бойы күніге бір есеп шығарып отыратын челлендж. Кәдімгі алгоритмдік тапсырмадан айырмашылығы - код тапсырудың қажеті жоқ. Бірден жауабын жазуың керек. Сәйкесінше, қай тіл, қай IDE, қай алгоритм мүлде маңызды емес. Қағазда шығарам десең де өзің біл. Метафорамен айтар болсақ, клиентке дайын тамақ керек, қазан мен плита емес.

Екіншіден, бұл жердегі тапсырмалар шынайы өмірдегідей. Абстрактный қиын бір концепттер жоқ. Есеп екі бөліктен тұрады, алғашында тек бірінші бөлігін ғана көресің. Оның жауабын жіберген кезде ғана, екінші бөлігі ашылады. Өзіңше болып, екінші бөлігі осылай болады-ау деп болжап оптимал код жазбақ боласың. Хардкодтамай айнымалылар ашып, динамикалық есептеуге дайындап, кодыңды масштабтауға дайындап қойғандай боласың. Сосын екінші бөліктің сұрағын көргенде, айдалаға лағып кеткеніңді түсінесің. Қосымша жасаған оптимизацияң түкке керек емес болғанын, бизнес тапсырма кілт өзгеріп кеткенін байқайсың. Айтып отырм ғой, тура өмірдегідей. Сонысымен де қызық

Сосын мұнда уақыт маңызды, тапсырманы ерте орындағанның ұпайы да көбірек

Қатысам десеңіз, ертең басталады adventofcode.com
👍5
Forwarded from Codeforces KZ
Сонымен 30-күн қараша контесттін қорытындыласақ.

Ең үздік 16-қатысушы, яғни кемі 5-күнделікті контестке де, кодфорсес ресми контесттерге де қатысып, төменгі мынандай нәтижені көрсетті!

@Nurda_a құтты болсын!!!
Сізге де “Самғар күнделігі” табысталады! Жарайсыз!

PS. Алда енді жаңа ай - Желтоқсанның 31-күндік контесттері де бар!!! Қатысыңыздар!!!
https://t.me/codeforces_kz/125
👍4
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Жалпы ескерту!!!

Алдағы 6-7 желтоқсанда пәнаралық аудандық олимпиада басталады!!!

Маған жекеге шығап жатыр, бірақ бір нәрсені ескертейін, ол күндері мен олимпиада жюри болғандықтан, кім шығарып беруді сұраса әдейі код жіберіп, сол код бойынша бүкіл жұмыстарды аннулировать етеміз!!!

Құлақтарыңызға алтын сырға!!!
Кейін ренжіп жүрмеңіздер! Егер мәселен 3-есепті бала өзі шығарып, ал 4-ші есебі таныс код болса, онда бүкіл жұмыстары 0-ге айналып, сол оқушы мен мектеп арнайы тізімде көрсететін боламыз!!! Ал оны жариялаймыз!

PS. Плагиатқа тексеру системада 1-2 секунд қана алады.
👍11❤1